ОПТИКАЛЫ ТАЛШЫҚТЫ БАЙЛАНЫС ЖОЛДАРЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК
ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ
“Автоматика, телемеханика және байланыс “ кафедрасы
НИЕТАЛИНА Ж. Ж.
ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАУШЫ ЖҮЙЕЛЕРІ
«Радиотехника, электроника және телекоммуникация»
мамандығына арналған оқулық
Алматы 2006
Удк 621. 391. 5
Ниеталина Ж. Ж.
Электрбайланысының бағыттаушы жүйелері. - Алматы: ҚазККА, 2006. - 92 бет.
Байланыс жүйесіндегі электрбайланысының бағыттаушы жүйелері, олармен таратылатын сигналдар, олардың арасындағы өз- ара әсерлер, олардың бұзылып өзгеруі, әр түрлі бөгеуліктерден қоғану шаралары, техникалық пайдалану мәселелері қаралған. Кейінгі кезде кеңінен қолданылатын келешегі зор оптикалы- талшықты байланыс жолы жан-жақты қаралған. Сонымен қатар бағыттаушы жүйені тыңғылықты меңгеру мақсатында тәжірибелік тапсырмалар берілген.
Оқулық «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығында дайындайтын студенттерге, магистрлерге, аспиранттарға және сонымен қатар осы салада жұмыс істейтін инженер мен техниктерге арналған.
Рецензент:
Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУпрофессоры С. Т. Тынымбаев
ISBN
М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, 2006.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 7
1 тарау ҚАЗІРГІ ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ . . . 9
1. 1 Электрбайланысының халық шаруашылығындағы алатын орны……… . . . 9
1. 2 Электрбайланысының қысқаша даму тарихы . . . 12
1. 3 Байланыс жүйесі, байланыс желілері мен арналары . . . 14
1. 4 Өзара қатынастағы байланыс желісінің құрылымы . . . 15
1. 5 Байланыс желілерінің құрылу әдістері . . . 16
1. 6 Бағыттаушы жүйелер түрлері және оларды пайдалану мүмкіндіктері . . . 19
1. 7 Бағыттаушы жүйелерді классификациялау . . . 19
1. 8 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 20
2 тарау Электр байланысы бағыттаушы жүйелерінің құрылымы мен қасиеттері . . . 21
2. 1 Әуе байланыс жолы . . . 21
2. 2 Симметриялы және коаксалды байланыс кабельдері . . . 24
2. 2. 1 Кабель құрамын жасайтын материалдар . . . 24
2. 2. 2 Кабель сымдарын изоляциялау әдістері . . . 27
2. 2. 3 Байланыс кабельдерінің қорғағыш қабықтары . . . 28
2. 2. 4 Сыртқы қорғағыштар қабаты . . . 29
2. 2. 5 Кабельдегі сымдардың, тізбектердің орналасу тәртібі . . . 30
2. 3 Қалалық телефон байланыс кабельдері . . . 32
2. 4 Жергілікті, ауылдық байланыс кабельдері . . . 33
2. 5 Қалааралық байланыс кабельдері . . . 34
2. 6 Оптикалы талшықты байланыс кабельдері . . . 35
2. 7 Оптикалы талшықты кабельдер калссификациясы . . . 38
2. 8 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 40
3 тарау БАҒЫТТАУШЫ ЖҮЙЕЛЕР ЭЛЕКТРОДИНАМИКАСЫ . . . 41
3. 1 Бағыттаушы жүйелердегі электромагниттік өріс . . . 41
3. 2 Электромагнит өрісінің негізгі теңдеулері . . . 43
3. 3 Бағыттаушы жүйелердегі физикалық құбылыстар . . . 46
3. 4 Электромагнит өрісіндегі энергетикалық қатынастар . . . 48
3. 5 Ұзын байланыс жолдарының электродинамика негізіндегі теңдеулері . . . 49
3. 6 Ұзын байланыс жолының теңдеуін тізбектер теориясы негізінде қарау . . . 50
3. 7 Байланыс жолдарының параметрлері . . . 52
3. 8 Біртекті емес байланыс жолының қасиеттері . . . 53
3. 9 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 54
4 тарау БАҒЫТТАНУШЫ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СИГНАЛ
ТАРАТУ ПАРАМЕТРЛЕРІ . . . 55
4. 1 Симметриялы кабель тізбектерініњ біріншілік параметрлері . . . 55
4. 1. 1 Шығынсыз симметриялы тізбек параметрлері . . . 55
4. 1. 2 Шығынды симметриялы тізбектегі ерекшелік . . . 56
4. 1. 3 Шығынды симметриялы тізбектң параметрлері . . . 58
4. 2 Әуе байланыс жолының біріншілік параметрлері . . . 61
4. 3 Симметриялыќ тізбектердің екіншілік параметрлері . . . 62
4. 4 Байланыс тізбектерінің біріншілік параметрлерінің тиімді қатынасы . . . 64
4. 5 Коаксиал тізбектеріндегі электромагнит өріс . . . 65
4. 6 Коаксиал тізбектердің біріншілік параметрлері . . . 67
4. 6. 1 Шығынсыз коаксиал тізбектері . . . 67
4. 6. 2 Шығынды коаксиал тізбектерінің біріншілік параметрлері . . . 68
4. 7 Коаксиал тізбектердің екіншілік параметрлері . . . 71
4. 8 Коаксиал тізбек сымдарының диаметрлерінің тиімді қатынасы . . . 72
4. 9 Коаксиал тізбектерінің біртекті болмауының әсері . . . 73
4. 10 Жарықөткізгіш талшықпен электрсигналын тарату . . . 75
4. 11 Оптикалы талшықтағы толқындық теория . . . 78
- 4. 12 Оптикалы талшықтағы өшулік, толқындық ғ . . . 79
4. 13 Оптикалы талшықтың дисперсиясы және өткізу қабілеті . . . 81
4. 14 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 83
5 тарау Байланыс жолдары тізбектерінің арасындағы
өзара электромагниттік әсерлер . . . 85
5. 1 Электрлік және магниттік әсерлер . . . 85
5. 2 Байланыс тізбектері арасындағы өзара әсерлердің
біріншілік параметрлері . . . 86
5. 3 Электрлік қысқа бөлікті кабельдің жақын және қашық
шеттеріндегі әсерлер . . . 88
5. 4 Байланыс тізбектері арасындағы өзара әсерлердің екіншілік
параметрлері . . . 89
5. 5 Белгілі ұзындықтағы біртекті тізбектердің арасындағы әсерлер
және ауысу өшуліктері . . . 91
5. 6 Әуе байланыс жолы тізбектерінің арасындағы әсерлер . . . 93
5. 7 Симметриялы кабель байланыс жолдары тізбектерінің арасындағы
өзара әсерлер . . . 95
5. 8 Коаксиал тізбектердің арасындағы өзара әсерлер . . . 97
5. 9 Оптикалы байланыс талшықтарының арасындағы өзара әсерлер . . . 100
5. 10 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 101
6 тарау БАЙЛАНЫС ТІЗБЕКТЕРІНДЕГІ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕРДІ АЗАЙТУ . . . 102
6. 1 Байланыс тізбектеріндегі өзара әсерлерді азайту әдістері . . . 102
6. 2 Әуе байланыс жолы тізбектеріндегі өзара әсерді азайту . . . 103
6. 3 Орын ауыстыру схемасы қолданылған әуе жолы байланыс
тізбектерінің араларындағы әсерлер . . . 105
6. 4 Кабельді жасау кезінде өзара әсерді азайту . . . 108
6. 5 Өзара әсерді экрандау арқылы азайту . . . 108
6. 6 Төменгі жиіліктік кабельдегі өзара әсерді азайту . . . 109
6. 7 Қалалық телефон желісіндегі кабелдерде жоғары жиілікке
арналған тізбектерді таңдау әдісі . . . 112
6. 8 Жоғары жиілікті кабелдегі өзара әсерді азайту . . . 114
6. 9 Коаксиал тізбектерді өзара әсерден қорғау . . . 116
6. 10 Жарық өткізгіш талшық арналарының өзара әсерден қорғанулығы . . . 117
6. 11 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 117
7 тарау СЫРТҚЫ ЭЛЕКТРОМАГНИТ ӨРІСІНІҢ БАЙЛАНЫС ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ . . . 119
7. 1 Сыртқы электромагнит өрісі және байланыс жолдары . . . 119
7. 2 Электр энергиясын тарататын жолдар әсері . . . 120
7. 3 Тұрақты немесе айнымалы ток пен электрлендірілген темір жолдар әсері. 122
7. 4 Атмосфералық электр әсері . . . 122
7. 5 Радиостанциялар әсері . . . 123
7. 6 Қауіпті және бөгеулік әсерлердің нормалық шамалары . . . 124
7. 7 Қауіпті және бөгеулік әсерлерді есептеу . . . 126
7 . 8. Байланыс жолдарын сыртқы электромагниттік әсерден қорғау шаралары. 127
7. 8. 1 Жоғары кернеу жолдарында қолданылатын шаралар . . . 127
7. 8. 2 Тұрақты токпен электрленген темір жолдарда қолданылатын шаралар . . . 128
7. 8. 3 Айнымалы токпен электрлендірілген темір жолдарда
қолданылатын шаралар . . . 128
7. 8. 4 Байланыс жолдарындағы қолданылатын шаралар . . . 129
7. 9 Байланыс жолдарын радиостанция әсерінен қорғау . . . 132
7. 10 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 133
8 тарау КАБЕЛЬ ҚАБЫҚТАРЫНЫҢ ТОТЫҒУДАН БҰЗЫЛУЫ
ЖӘНЕ ОДАН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ . . . 135
8. 1 Кабель қабықтарының тотығу түрлері . . . 135
8. 2 Кабельдерді тотығудан қорғау . . . 137
8. 3 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 140
9 тарау ОПТИКАЛЫ ТАЛШЫҚТЫ БАЙЛАНЫС ЖОЛДАРЫ . . . 141
9. 1 Оптикалы -талшықты байланыс жолдары туралы жалпы мәліметтер . . . 141
9. 2 Оптикалы талшықтың пайдаланылуы және оның сипаттамалары . . . 142
9. 3 Оптикалы талшықпен сәуле тарату принципі . . . 146
9. 4 Көпмодты және бірмодты оптикалы талшықтар . . . 148
9. 5 Оптикалы күшейткіштер . . . 151
9. 5. 1 Жартылай өткізгішті оптикалы күшейткіштер . . . 152
9. 5. 2 Оптикалы талшықты күшейткіштер . . . 153
9. 6 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 155
10 тарау Байланыс жолдары құрылымдарын жобалау . . . 157
10. 1 Байланыс жолдары құрылымдарын жобалау жұмыстарын ұйымдастыру. 157
10. 1. 1 Жобалау жұмысының орындалу кезеңдерін
технико-экономикалық негіздеу . . . 157
10. 1. 2 Трассаны анықтау . . . 158
10. 1. 3 Жобалауға тапсырыс . . . 159
10. 1. 4 Техникалық-жұмыстық жоба . . . 159
10. 1. 5 Типтік жобалауды пайдалану . . . 159
10. 2 Байланыс жолдары мен желілерді жобалауды тиімділендіру . . . 161
10. 3 Байланыс құрылғыларын жобалаудың іс жүзінде
пайдаланылатын технологиясы . . . 161
10. 4 Абоненттік желілерді жобалау . . . 162
10. 4. 1 Шкафтық ауданның ұтымды көлемі . . . 162
10. 4. 2 Шкафтық аудандағы магистралдық кабель . . . 166
10. 5 Абоненттік желідегі микроэлектроника мен коммутациялық кіші станциялардың атқаратын маңызы . . . 168
10. 6 Жергілікті желілердегі жалғаушы кабелдерді жобалау . . . 170
10. 7 Магистралдық және аймақтық байланыс жолдарын жобалау . . . 171
10. 8 Оптикалы-талшықты байланыс жолын жобалау . . . 172
10. 9 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 174
11 тарау Байланыс жолдарымен құрылғыларын салу . . . 176
11. 1 Әуе байланыс жолдарын салу . . . 176
11. 2 Кабель байланыс жолын салу . . . 177
11. 2. 1 Қалалық телефон желісіндегі кабельді салу . . . 179
11. 2. 2 Кабель байланыс жолдарын өзен сулардан өткізіп салу . . . 179
11. 2. 3 Байланыс кабельдерін артық қысымда ұстау . . . 179
11. 4 Оптикалы талшықты кабельді саклудың ерекшеліктері . . . 181
11. 5 Оптикалы талшықты кабельді салу әдістері . . . 182
11. 5. 1 Оптикалы талшықты кабельді телефон канализациясына салу . . . 182
11. 5. 2 Оптикалы талшықты кабельді жер астына салу . . . 182
11. 5. 3 Оптикалы талшықты кабельді өзен, сулардан өткізу . . . 183
11. 5. 4 Оптикалы талшықты кабельдерді жалғау ерекшеліктері . . . 183
11. 6 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 184
12 тарау БАЙЛАНЫС ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР . . . 185
12. 1 Байланыс жолдары мен құрылғыларын пайдаланудағы техникалық жұмыстарды ұйымдастыру . . . 185
12. 2 Байланыс жолдарының біріншілік параметрлерін өлшеу . . . 186
12. 3 Байланыс жолындағы зақымданған жерге дейінгі қашықтықты анықтау. . 187
12. 4 Оптикалы талшықты байланыс жолдарын техникалық пайдалану жұмыстары . . . 189
12. 5 Оптикалы талшықты байланыс жолдарындағы өлшеулер . . . 191
12. 5. 1 Өлшеу түрлері . . . 191
12. 5. 2 Оптикалы талшықтың өшулігін тікелей әдіспен өлшеу . . . 191
12. 5. 3 Оптикалы талшықтың өшулігін кері шағылысын қайту сәулесі . . .
арқылы анықтау . . . 192
12. 6 Байланыс жолдарының өміршеңдігі мен сенімділігі туралы . . .
жалпы мәліметтер . . . 195
12. 7 Тексеруге арналған сұрақтар . . . 197
13 тарау Тәжірибе сабақтары . . . 198
13. 1 Байланыс кабелдерін классификациялау . . . 198
13. 2 Симметриялы байланыс кабелінің параметрлерін есептеу . . . 198
13. 3 Коаксиалды байланыс кабелінің параметрлерін есептеу . . . 200
13. 4 Оптикалы талшықты байланыс кабелінің параметрлерін есептеу . . . 201
13. 5 Тізбектердің өзара әсерлерінің параметрлерін есептеу . . . 203
13. 6 Сыртқы электромагниттік қауіпті және бөгеулік әсерлерді есептеу . . . 204
13. 7Байланыс жоларының өміршендігі мен сенімділік парметрлерін есептеу. 205
Әдебиттер тізімі . . . 207
КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық даму дәуірінде информация көлемінің күрт өсуіне байланысты информацияны жинап, өңдеп және бір жерден екінші қалаған жерге жеткізудің экономикадағы алатын орны зор. Информация бір жерден екінші жерге электр сигналы түрінде бағыттаушы жүйемен беріледі. Мұндай бағыттаушы жүйені байланыс жолы деп атайды. Жалпы информацияны жинақтап, сақтап, өңдеп және бір жерден екінші жерге жеткізетін техникалық құралды байланыс жүйесі дейді. Байланыс жүйесі жұмысының сапасын анықтайтын басты белгісінің бірі - байланыс жолдары. Қазірдегі қолданылып жүрген байланыс жолдары - әуе байланыс жолдары, кабельдік (симметриялық, коаксальдық, оптикалық-талшықтық) және радиорелейлік байланыс жолдары. Байланыс жолдарымен олардың тоғысатын байланыс тораптарының жиынтығын байланыс желісі деп атайды. Байланыс желілері біріншілік және екіншілік желілерге бөлінеді. Біріншілік желі жоғарыда айтылғандай байланыс тораптарымен байланыс жолдарының жинақтарынан тұрады. Екіншілік желіге байланыстың белгілі түрі - телефон және телеграф байланыстары, радиохабар тарату, теледидар, деректемелер беру, басқару жүйелерінің байланыс жолдары жатады. Әуе байланыс жолымен берілетін сигнал жиілігі 150 кГц-ке дейін болса, симметриялы кабельмен берілетін сигнал жиілігі 34 МГц (480 телефон арнасы), коаксиал кабельмен - 50 МГц (10800 телефон арнасы), оптикалық талшықпен берілетін сигналдың жиілік ауқымы 9⋅10 14 Гц болады.
Электрлік сигналды электромагниттік толқын түрінде бір жерден екінші жерге жеткізетін құрылғыны байланыс жолы деп оны кейінгі жылдары ғылым мен техникадағы алатын орнына байланысты электробайланыстық бағыттаушы жүйесі деп атайды.
Электробайланысының бағыттаушы жүйесінің ТМД елдеріндегі негізін салушылар Акульшин П. К., Кулешов В. Н., Коптев И. В., Кощеев И. А., Шварцман В. О., Верник С. М., Гроднев И. И., Ефимов И. Е. Ниеталин Ж. Н., Парфенов Ю. А. болып саналады.
Осыдан екі ғасырға жуық электр сигналын белгілі қашықтыққа беруге арналған бір сымнан басталған байланыс жолы қазірде бір тізбектік талшықпен жүзмыңдаған телефон, жүздеген теледидар хабарларын бірден жеткізетін құдіретті бағыттаушы жүйеге айналып отыр. Әрине мұндай жетістікке жету іргелі теориясыз, күрделі техникалық шешімсіз мүмкін емес. Орыс, ағылшын, неміс, жапон және басқа тілдерде байланыс жолдары туралы жазылған ондаған оқулықтар мен жүздеген әр түрлі басылымдар жарық көрді. Қазақ тілінде жарық көрген оқу құралдары мен әдістемеліктер саусақпен санарлықтай ғана.
Телекоммуникация саласында қазақ тілді мамандардың қажеттілігіне байланысты жоғары оқу орындарындағы қазақ бөліміндегі студенттер санының көбеюіне байланысты электрлік байланыстық бағыттаушы жүйесінің оқулығының алатын орны зор. Осы мақсатта жазылған оқулықта электрлік байланыстың халық шаруашылығында алатын орны, жер жүзі халықтарының жалпы қоғамның өсіп өзгеруіне байланысты ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты жлектрлік байланыстың қысқаша даму тарихынан бастап, байланыс желілерін құру принциптері мен олардың құрылымдары берілген. Байланыс желісі туралы жалпы түсініктен кейін онымен таралатын электромагниттік сигналды бір жерден екінші жерге жеткізіп берудегі оның параметрлерінің өзгеру заңдылығы жан жақты сарапталды. Сонымен қатар электромагниттік сигнал таратып беру барысында байланыс тізбектерінің арасындағы өзара әсер және оларды азайту шаралары қаралған. Байланыс жолдары мен оның құрылғыларына электромагниттік әсер ететін сыртқы құрылғылар, олардан болатын қауіпті әсерлер мен бөгеулік әсерлер және олардан қорғану шаралары және сонымен қатар байланыс жолдары мен құрылғыларының электрохимиялық әсерлерден тотығып бұзылу түрлері мен олардан сақтану әдістері қаралды. Оқулықта байланыс жолдары мен олардың құрылғыларын жобалау, оларды салу және техникалық пайдалану мәселелері берілді.
Оқулық жазу барысында кейінгі кездегі кеңінен қолданылатын келешегі зор оптикалы-талшықты байланыс жолына ерекше орын берілді.
Сонымен қатар оқулықта негізгі теориялық мәселелерді тәжірибелік тексеру әдістемеліктер арқылы түсіндіру есептері берілді.
Жалпы оқулықта қаралған мәселелер ”Радиотехника, электроника және телекоммуникация” мамандығын, оның ішінде ”Байланыс желілері мен коммутациялау жүйесі” және ”Көпарналы телекоммуникация жүйелері” мамндық бойынша мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының жұмыстық бағдарламасын түгел қамтиды.
Әрине, электрлік бағыттау жүйесіндегі электрлік байланыс жүйелері мен олардың құрылғыларының ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты дамуының арқасында оны тек қана осы кездегі жағдайымен тұйықтауға болмайды. Байланыс техникасы жедел және әзірге белгісіз бағыттары да дамуы мүмкін. Дегенмен келешектегі құрылатын байланыс жүйелері мен жолдары ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктеріне сүйеніп жасалған байланыс желілеріне негізделеді.
І тарау. ҚАЗІРГІ ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ
- Электрбайланысының халық шаруашылығындағы алатын орны
Cоңғы жылдары информациялық басқару жүйелерін жазу және ондағы күрделі мәселелер туралы көптеген еңбектер пайда болды. Оның себебі ғылыми-техникалық прогрестің информациялық тасқынын күрт өсуін талап етеді. Информациялық ағын тек қана ғылым саласында ғана емес, сонымен қатар шаруашылықты келелі түрде басқаруда да тасқынды түрде көбейіп отыр. Оны «информациялық жарылыс» деп атап жүр. Информациялық жарылыстың негізі тек қана информация көлемінің ғана өсуінде емес, ең алдымен оны сараптап өңдеудің күрделілігінде болып отыр.
Ең алдымен информация дегеніміз не және оны сараптап өңдеудің қажеті қандай?
К. Маркстың еңбектерінде көрсетілгендей қоғамдық біріккен еңбекті басқару адамның өміріндегі өзіне тән ерекше қасиеті - өз еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжау қабілетіне негізделген. Ол туралы К. Маркс былай деп жазған «Сәулетшінің ең төменінің ең жақсы деген арадан айырмашылығы сонда, ол (сәулетші) бір құрылысты салмастан бұрын ең алдымен оны өзінің ойында салып көреді. Сондықтан да оның еңбегінің нәтижесі өзінің ойындағы үлгісіне сәйкес болады. Яғни адамның өз ойында еңбек нәтижесінің үлгісін салу қабілеті ерекше бір қасиетіне жаратылысты өзінің ойымен қабылдап, оның үлгісін салу қасиетінде болып отыр. Сондықтан да информацияны былайша тұжырымдауға болады:
Қоршаған айналаны сезіммен қабылдаудың түрін және оның адамның ойындағы белгіленуін информация деп атауға болады.
Іс жүзінде информация материялдық ортаның жағдайы оның қасиеттерімен даму заңдылығы, қоғам мен оның мүшелерінің мақсаты және соған жету әдістері туралы хабарлар түрінде кездеседі.
Информацияны білу, оның сарапталып өңдеу әдістерін игеру еңбек өнімділігін арттырып, жұмыстың тиімділігін жоғарылатып өркениеттенуге пайдасын тигізеді. Өркениетті елдің бір ерекшелігі информацияны дұрыс пайдалануында. Өндірістің өсуінен информацияны сараптап өңдеп пайдалану қарқыны анағұрлым артық болмаса ол ғылыми-техникалық жетістіктің болуы мүмкін емес.
Юнесконың болжамы бойынша ХХІ ғасырдың басында ғылымның ең күшті, нәтижелісі информация туралы ғылым болуы керек.
Қазірдің өзінде өркениетті дамыған елдерде информация қатынасына жұмсайтын мемлекет (шығыны) қаржысы азық-түлікке жұмсайтын қаржыдан артық, келешекте одан да өсе түспек.
Мұндай «информациялық жарылыстың» қажеттігі қалай пайда болып отыр?
Мысалы, соңғы 50 мың жылдық мерзімді алсақ, сол уақытта 800 адам өмір ұзақтығы өтті делік. Соның соңғы 6 адам өмірінде баспахана, 2 адам өмірінде электроника, тек соңғы адам өмірінде ғана есептеуіш техника пайда болған. Оның себебі неде?
Мұның бәрі экономикалық қажеттіктен шығып отыр. Экономиканың негізін салатын өнімзаттар екені белгілі. Олар ауыл шаруашылық өнімдері - тамақ және өнеркәсіп өнімдері. Егер осы екеуі жеткілікті болса, басқа еш нәрсенің керегі жоқ.
Қазіргі уақытта өркендеген елдерде ауыл шаруашылығында істейтін адамдар 15%-дан кем, келешекте одан да азаймақ.
Сол үшін басқарудың тиімді түрін табу керек. Оны табу үшін барлық жағдайды біліп, талдау жасап, шешім қолдану керек. Оның бәрі информацияны жинап, оларды сараптап өңдеу жасап, тиімді шешімін шығару деген сөз.
Мысалы, қазіргі ірі зауыттағы айлық информация көлемі млн. документ-жолдан асады. Оларды сараптап өңдеу үшін мыңдаған млн. амал жасау керек.
Виктор Михайлович Глушков «адам баласы өзінің өсіп даму жолында белгілі информациялық тосқауыл кедергілерден өтіп отырады» деп дұрыс айтқан.
Бірінші адам қоғамында ондай нәрсе болмаған.
Бірінші информациялық кедергіні адамдар мынадай екі шара қолдануының арқасында өткен:
а) басқарудың сатылап бағыну әдісін кіргізген;
б) тауар мен ақша қатынасын енгізу арқылы.
Екінші информациялық тосқауыл - соншама көп көлемді информацияны сараптап өңдеу амалдарын қолдану қажеттігінен туып отыр. Оншама көп есептеу амалдарын адамдар бұрынғы әдіспен шығара алмайды.
Мысалы, қолайлы жоспар жасау үшін 1020 есеп амалын шығару керек болса бүкіл жер жүзі (үлкенді кішілі) адамдары жылына 64012 есеп амалын шығарады екен.
Сонымен екінші информациялық тосқауылдан өту үшін:
1) есепті шығарудың қолайлы (аз амалмен шығару) түрін табу керек;
2) электронды есептеу құралдарын қолдану;
3) есепті шығаруды ғана емес оған қоса барлық информацияны жинап бір жерден екінші жерге жеткізу және басқа жұмыстарды түгел автоматтандыру.
Сөйтіп, информация технологиясы, информацияны жинау, өңдеу, сақтау, бір жерден екінші жерге жеткізу және солардың барлығын басқару сияқты күрделі жиынтықтан тұрады. Осы күрделі информациялық өндіріс бөліктерін бірімен-бірін қосып, жалғастыратын байланыс жолдары болады. Сөйтіп халық шаруашылығын басқарудағы маңызды бір сала - ол есептеу техникасымен автоматты электрлік байланыс болып табылады. Яғни халық шаруашылығының дамуының белгілі бір тетігі біздің қоғамымызды информацияландыру болып табылады.
Бұрын әрбір мемлекеттің күштілігі оның әскер күшімен, олардың жаттығу деңгейімен, айла-амалымен, қолындағы қаруымен немесе ол елдің алтын қорымен, мал және жер байлығымен (мысалы, қанша дақыл алады, қанша металл, көмір, мұнай шығара алады), қандай машина жасап шығара алатынымен өлшенетін еді (өркендеген ел тиындық темірден байлық бұйым шығарады) . Ендігі жердегі мемлекеттердің экономикалық және қорғанысты күшінің басты біріне жататыны информацияның ғылыми негізде дамуының көрсеткіштері болып отыр.
Бұрын кімді кім бұрын атып кетсе жеңеді дейтін болса, енді кімді кім бұрын санап кетсе жеңеді деген дұрыс болып отыр.
Қазіргі дамыған елдерде (Батыс Еуропа, АҚШ, Япония) білім экономикасы пайда болып информация өндірісімен информация технологиясы ең бір пайдалы және өте күрт өсіп келе жатқан салаға айналып отыр.
Қорыта айтқанда, еліміздегі халық шаруашылығының, мәдениетінің, ғылымының дамуы байланыс құрылғыларымен берілетін информация көлемінің жедел өсуін қажет етеді. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында академик А. А. Харкеевич «Шаруашылықтағы жинақтап, сұрыптан, өңдеп бір жерден екінші жерге берілетін информация көлемі өндіріс көлемінің квадраттық қатынасына сәйкес өседі» деген болжамы орындалып отыр.
Барлық информация берілетін жерден қабылданатын жерге техникалық құрылғылар мен физикалық орта арқылы жеткізіледі. Осы ортаны байланыс жолы (электрлік байланыс жолы) деп атайды. Мұндай байланыс жолдарына әуе байланыс жолы, кабельді байланыс жолы, толқын жолдар, жарық өткізгіш жолдары және радиобайланыс жолдары жатады. Олардың ішінде қазіргі уақытта кеңінен қолданылып отырылғандары кабелді байланыс жолдары, оптикалы байланыс жолдары, радиорелелік және жерсеріктік байланыс жолдары. Аталған байланыс жолдарының бағаларының жоғары болатындықтарынан оларды тиімді пайдалану мәселелері ғылыммен техниканың даму деңгейіне сәйкес орынды шешіліп отырылуы керек. Сондықтан байланыс жолдарының өткізу қабілетін арттырудың яғни байланыс жолдарымен әр түрлі, көптеген информацияларды бірден жеделдетіп беру әдісінің алатын орны зор.
Электрлік байланыс теориясында қабылданған анықтама бойынша электрлік сигнал дегеніміз информацияны алып жүруші электртогы. Байланыс жүйесіндегі сигнал белгілі бір физикалық шаманың берілетін мәліметтердің сипаттамасына байланысты кеңістікте және уақыт бойынша өзгеруі. Мысалы адамдар сөйлескенде информацияны алып жүруші дыбыстық өріс. Берілетін информацияны сипаттайтын дыбыстың қысымы сигнал болады. Электрлік байланыс жүйесіндегі сигнал, электр тізбегімен жүретін токтың информацияға байланысты өзгеруі. Мысалы, микрофон тізбегіндегі ілездік токтың оған берілетін дыбыстық қысымға байланысты өзгеруі. Микрофон акустикалық сигналды электрлік сигналға айналдырып оны электрлік байланыс жүйесімен беру мүмкіндігін туғызады.
Электрлік байланыс жүйесімен берілетін сигналдарға, олардың берілу әдістеріне байланысты әр түрлі өзгерістер жасайды. Оларды кодалау, дискреттеу (үзілістеу), декадалау (кодадан шығару), модуляциялау (бір жиілік ауқымнан екінші жиілік ауқымға ауыстыру), демодуляциялау (модуляциядан шығару) деп атайды.
Берілетін хабарларға сәйкес сигналдарды аналогтық сигнал деп атап, оларды цифрлық сигналдарға айналдыру үшін, оларды алдымен дискреттік (үзілісті) сигналдарға айналдырып, одан кейін олардың цифрлық мәніне сәйкес токтар беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz