Несие берудің қазіргі жүйесінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Заңды тұлғаларға несие берудің экономикалық мәні ... ... ...5
1.1 Несие берудің негізгі түсініктері, қағидалары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Несие беру
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 8
1.3 Несие беру әдістері және ссудалық шоттар формалары
... ... ... ... ... ... ... ... .10

2 Коммерциялық банктердегі несие портфелін басқару (мысалда:
ЦеснабанкАҚ) ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 12
2.1 Банктің несиелік саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...12
2.2 Цеснабанк АҚ Қостанай филиалының несиелік портфелі құрылымын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Кепілмен қамтамасыз ету бойынша несие құрамын
талдау ... ... ... ... ... ... ... 2 7

3 Банктің несиелік портфелін басқаруды жетілдірудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Кіріспе

Кәсіпорын мен ұйымға, сондай-ақ халыққа несие беру банк қызметінің
дәстүрлі түрлеріне жатады. Қазақстан Республикасының әкімшілік-әміршіл
экономикада нарықтық экономикаға көшу процесінде банк операциясының бұл
түрі заңды тұлғалар арасында да, жеке тұлғалар арасында да кең таралуда.
Несиелік салымдардың қазіргі құрылымында қысқа мерзімді несиелер басым.
Қазіргі кезде несиелік салымдардың жалпы құрамында қысқа мерзімді
несиелердің басым болуы коммерциялық банктердің елдегі экономикалық
тұрақсыздық, инфяциялық процесс жоғары болғандағы қысқа мерзім ішінде пайда
табу және қаражатты жаратуға бағытталуына байланысты.
Бүгінгі таңда коммерциялық банктер негізінен шағын және орташа
бизнеске несие береді. Қаржылық қолдауды жеңілдік берілген проценттік
ставкаларды қолданып, қызметтің приоритетті түрлеріне қысқа және орташа
мерзімді несие беру үлесін ұлғайту, аймақтық деңгейде кепілдік қорлар мен
несиелік серіктестіктер құру саясатына негіздеу ұсынылады. Ондай саясаттың
негізгілері – тәуелді бөлісу және проценттік ставканы ішінара субсидиялауі
жолымен екінші деңгейдегі банктерді ынталандыру механизмін жасау, венчурлық
қызмет жүйесін дамыту, несиелік серіктестерді шағын бизнес субъектілерін
құрғаны үшін ынталандыру т.б. Демек, курстық жұмыс жазуға таңдалған бұл
жұмыс өзекті, өйткені шағын және орташа бизнеске несие беру жолмен
қаржыландыра отырып, коммерциялық банктер бір жағынан, экономиканың нақты
секторын дамытуға жанама түрде қатысады, екінші жағынан несиелік
операциялары банктің басқа қызметтеріне қарағанда, табысы көбірек болып
табылады, сондықтан үнемі несиелік қатынастарды дамытып, қарыз беру
механизмін жетілдіріп отыру қажет.
Кәсіпорындарға, ұйымдарға несие берудің қазіргі жүйесі бұрынғыдан көп
айырықшаланады. Ол клиент банкке байланбай, қызметін пайдаланғысы келетін
несиелік мекемені өзі таңдай алатын либеральды схема. Клиентке бір емес,
бірнеше банктерде ссудалық шот ашу құқығы берілген. Несие беру схемасының
либерализациясы клиент мүмкіндігін кеңейтеді, оның ішінде несие алу банк
аралық бәсекелестікті дамытуға жағдай жасайды [19].
Қазір біздің республиканың экономикасы әлі нарықтық қатынастарға көшу
барысында. Осы кезеңге дейін, әкімшілік-әміршілік экономикада банктік
саясат, оның ішінде несиелік саясат клиенттер мен банктер қажеттілігін
ескермеген директивалар мен қаулылар арқылы жүзеге асырылып келді.
Дамыған нарыққа көшу жағдайында анықтаушы фактор – экономика
субъектілерінің еркін әрекет етуі. Өтпелі кезеңдегі шаруашылықтың қызмет
ету негізінде орталықтандырылған және нарықтық экономикаға тән емес
заңдылықтар болып келді. Бұл өтпелі кезеңдегі несие саясатының қалыптастыру
мәселелерін, қарыз алушылармен өзара қатынастағы коммерциялық банктердің
несие саясатын қалыптастырудың жаңа әдістерімен механизмдерінің қалыптасу
мәселелерін зерттеу, сондай-ақ осы бағытта белсенді тәжірибелік қызмет
жүргізу қажеттілігін тудырады.
Жалпы алғанда, несие берудің қалыптасқан жүйесі ішінде несие берудің
ескі де, жаңа да, формалары бар жаңартылған жүйе болып табылады. Белгілі
мағынада алсақ, несие берудің қазіргі жүйесі ескі жүйе қалдықтары сақталып,
нарықтық қатынастарға сәйкес жаңа элементтер енгізіліп келе жатқан өтпелі
жүйе болып табылады [19].
Бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстандық коммерциялық банктердің несиелік
операциялары саласындағы негізгі ағымдарды, банктердің заңды және жеке
тұлғаларға несие беру ерекшеліктерін; несие беру қызметінен банкке түсетін
түсімді көрсету; Цеснабанк АҚ Қостанай филиалының несиелік портфелі
құрылымына жасалған талдауды мысалға ала отырып, несие берудің әртүрлі
формаларына сұранысқа талдау жасау; несие операцияларын өткізуден келетін
қауіпті төмендету бойынша шаралар ойластыру.
Аталмыш мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттер алға қойылып,
шешіледі:
- Қазақстандық коммерциялық банктердің несие беру механизмін толығымен
игеру;
- Қазақстандағы несие нарығының даму түрлерімен ерекшеліктерін, аймақтар
бойынша, оның ішінде Қостанай бойынша оның жағдайын қарастыру;
- шетелдік банктердің Қазақстандағы несие нарығына ықпалын бағалау;
- банктің несиелік саясатын анықтайтын ережелер жасау;
- несие процессін басқаруды ұйымдастыруды қарастыру;
- Қазақстан Республикасында несие нарығын дамытуды арттырудың негізгі
бағыттарын және Цеснабанк АҚ Қостанай филиалының несиелік қызметін
жетілдіру жолдарын анықтау және қалыптастыру.
Курстық жұмыс үш негізгі бөлімге жазылған.
Бірінші тарауда несие беру схемасы суреттелген, несие процесінде
қолданылатын негізгі түсініктер келтірілген, несие берудің бухгалтерлік
есебі, қазіргі несие беру ерешіліктері көрсетілген.
Екінші тарауда банктің несие саясатының негізгі элементтері; несиені
қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдері қарастырылған, сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының Цеснабанк АҚ несиелік портфелі сапасына талдау жасалып,
баға берілген, сонымен бірге банкттердің несиелік қызметін жетілдіру
бойынша ұсыныстар келтірілген.
Қазақстан Республикасының банк секторына шетелдік банктердің ықпалы
үшінші тарауда қарастырылған.

1 Заңды тұлғаларға несие берудің экономикалық мәні
1.1 Несие берудің негізгі түсініктері, қағидалары мен әдістері

Несиелік операция – несие берушінің қарыз алушыға төлемділік,
мерзімділік және қайтарымдық шартымен ақша-қаражаттарының белгілі сомасын
беруі жөніндегі олардың арасындағы қатынас. Банктің несиелік операциялары
активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банк қарыз
алушыға ссуда берген кезде; ал, пассивтік операциялар банк қарыз алушы,
клиент несие беруші ролін атқарған кезде туындайды. Сәйкесінше несиелік
операциялардың екі формасы бар:ссудалар мен депазиттер.
Бірінші қызметке банктің пассивтік несиелік операциялар , яғни дипазит
формасындағы операциялар жатады. Банктердің активті ссудалық операцияларын
қарастырып көрейік. Кәсіпорындар, фирмалар, концеріндер өздерінің тауарлық
қорларын толтыру, еңбек ақы төлеу, құрал-жабдық сатып алу және т.б. үшін;
ауыл шаруашылық кәсіпорындары, фермерлер тұқым, жанар-жағармай материалдары
мен тыңайтқыштар сатып алған шығындарын жабу үшін; ал бір рет тұтынушылар
(халық) – автомобиль, үй, ұзақ пайдаланатын тауар сатып алу үшін ссудалар
алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы ссудаларды негізінен жинақталған ақша
қаражаттарын (депозиттік және депозиттік емес) табыс түсіру үшін тарататын
коммерциялық банктерден алады.
Өз клиенттеріне ссуда бере отырып, банкттер ақша-қаражаттарын
салымшыларын алып, қарыз алушыға бере отырып, қаржылық делдал ролін
атқарады. Банктердің бұл қызметі несие қатынастарына қатысушылардың
(салымшылар, қарыз алушылар, банк) бәріне тиімді. Осы жағынан екі жақты
мүдде көрінеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Несиенің екі формасы бар: ақшалай және тауарлық. Сәйкесінше несие
берудің екі түрі бар:
1) тікелей банктік, онда шаруашылық субъектлердің несиелік қатынастары
басынан бастап, банкпен қатынас ретінде туындайды;
2) жанама несие беру, онда алдымен шаруашылық субъектілері арасында
несиелік қатынастар туындап, кейін банкпен қатынасқа ауысады.
Тікелей банктік несие беруде несие беруші ссуданы тікелей қарыз алушыға
береді. Несие беруші – банк, қарыз алушы – шаруашылық субъект болады. Банк
аралық несиеде несие беруші де, қарыз алушы да банк болады, яғни бір банк
екіншісіне несие береді.
Коммерциялық несие беруде несие беруші де, қарыз алушы да – шаруашылық
субъект болады, яғни бір кәсіпорын екінші кәсіпорынға тауар формасында
береді, бұл мәміле вексельмен ресімделеді, яғни қарыз алушы несие берушіге
вексель береді. Вексель – тауар формасында несие алғанын растайтын құжат.
Ары қарай несие беруші банкке сол вексальді кепілге алып ақша беруін
сұрайды. Сөйтіп, коммерциялық несие банктік несиеге айналады. Коммерциялық
банктердің несиелік операцияларын әртүрлі белгі бойынша топтастыруға
болады: мерзім бойынша қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орташа мерзімді (1
жылдар 5 жылға дейін) ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету
түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген (бланктік, яғни қамтамасыз етілмеген
және қарыз алушы сеніміне негізделген) және қамтамасыз етілген; банк роліне
байланысты (немие беруші, қарыз алушы) – активті және пассивтік ссудалық
операциялар (активтік – бұл клиенттер мен басқа банктерге несие беру;
пасиивтік – орталық банк немесе басқа коммерциялық банк банктерге банк
аралық несие алу); несие беру мақсатына қарай – негізгі капиталды ұлғайтуға
берілген ссудалар, жиынтақ капиталды қаржыландыруға берілген ссудалар,
тұтыну мақсатына берілген ссудалар.
Несиелік операциялар басқадай белгілері бойынша да топтастырылады:
қарыз алушылар типтері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, ссуда мөлшері
бойынша, ссудалық шотты ашу шарттары бойынша және басқалалары.Мысалы, қарыз
алушылар типтері бойынша ссуда мынадай түрлерге бөлінеді:ссуда-
өнеркәсіптік,, қозғалмайтын мүлік кепілдікке қойылған, жеке тұлғаларға
берілген, үкіметтік бағалы қағазға берілген, ауылшаруашылық қаржылық
ұйымдарға берілген, т.б.
Несиені пайдалану сипатына қарай өндіргіш деп (халықтың тұтыну
қажеттілігін қанағаттандыруға) бөлуге болады. Ондай топтастыру формальды
белгілерге негізделеді. Шетелдердің экономикалық әдебиетінде несие мен
несиелік операцияларды бірыңғай топтастырмайды.
Банктердің несиелік операциялары жасалған несиелік келісім негізінде
жүзеге асырылады, онда банктер мен клиенттердің өзара қатынасы, ссуда
беркдің барлық шарттары реттеледі. Несиелік келісім шарттары әр нақты
кезеңде коммерциялық банк жүргізетін несие саясатына тәуелді болады. Ол
несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің қайтарымдылығы және
несие берудің басқадай қағидаларын қадағалаумен қамтамасыз етуі тиіс болса,
банктер несие мөлшерін реттеу тәртібі, оларды бөлу және өтеумен қамтамасыз
етуге тиіс. Несиелік саястаттың құрамдас бөлігі проценттік саясат.
Коммерциялық банктер несиелік келісімде қарастырылған шарттарға сәйкес
несиені пайдалануға бақылау жүргізуге, инженерлік және басқадай тексеріс
өткізуге, несиелік келісім шартын бұзған ссуда алушыларға экономикалық
ықпал ету шараларын жүргізуге міндетті. Әрине, шешуші рольді бекітілген
уақытта қайтару және несие төлеу иеленеді. Бұл қағидалар болмаса, несие
өзінің мәні мен маңызынан айырылады. Сондай жағдайлардан болып, банк
ссудалары көпке дейін мемлекеттің кәсіпорындар мен ұйымдарға берілетін
қайтарымсыз және тегін дотацияға айналып келді. Бірақ, республикада
жүргізіліп келе жатқан банктік реформа ең әуелі экономикалық категория
ретіндегі несие позициясы мен несие берудің негізгі қағидаларын орнына
келтіруге бағытталған.
Қазір ссудаларды қамтамасыз ету түсінігі жаңаша көрінуде. Әр берілген
ссуда нақты материалдық жағынан қамтамасыз етілуге тиіс деп саналып келген.
Қарыз алушылардың несиені бекітілген уақытында қайтаруының нақты
мүмкіндіктері ескерілмеді. Қазір клиенттің өтімділігіне, оның өз
міндеттемлерімен есеп айырысу қабілетіне көбірек назар аударылады. Бұл
аналитикалық жұмысқа экономикалық аппараттың жаңаша қарауын, оның жұмыстың
формальды әдістерінен қызмет көрсетуші шаруашылық органдар ісін жақсы білу
негізінде несие қағидасын ойластырып жүзеге асыруға бет бұруды талап етеді.
Ссудаларды қамтамасыз ету банктер активтерін сақтау және пайда түсіруге
кепілдік беру үшін қажет. Несиемен қамтамасыз етудің маңызды түрлері:
Кепілдік – қажет болғанда кепілші банк алдында қарыз алушының қарызын
төлеу міндетін мойнына алатын біржақты міндеттемелері бар келісім.
Кепіл – кепілдік жағдайда тап болғанда кепілге алған тұлға үшін
кепілшінің белігілі соманы төлеу міндеттемесі.
Кепілдік құқық - бұл бөтен қозғалмалы мүлікке, жер учаскесіне,
құрылысқа заттық талап және егер қарыз алушы өз міндеттемелерін өтей
алмаса, кепілге қойылған мүлікті сатудан өтемақы алу құқығына талап қою;
несиемен қамтамасыз етуде ипотека мен жер учаскесі және құрылысқа ерекше
кепілге қою құқығы ретіндегі қозғалмайтын мүлік міндеттемесіне ерекше мән
беріледі. Оларды кепілге қоя отырып, иесі несие алады.
Несиені қамтамасыз етудің материалдық формасына жер, бағалы қағаз,
тауарлық-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және басқалар
жатады. Клиенттерге ссудалар беру үшін банкте ссудалық шоттар ашылып,
оларда несие берудің әрбір объектісі бойынша ссудалар есебі жүріледі.
Ссуда беру үшін банктер алдымен қарыз алушының беделін зеттеуге тиіс,
оған ссудаларды немесе бұрын өтелген ссудалардың мерзімінде өтелуі, басқа
міндеттемелерге қатынасы, қарыз алушы балансының өтемділігі мен несие
мақсатының дұрыстығы (тиімділігі) жатады.
Ссуданы пайдаланған үшін төлейтін төлем (процент) мөлшері оны пайдалану
мерзімі, қарыз алушының төлемқабілетсіздік қаупі, несие реурстары үшін
төлем, объект сипаты, бәсекелес банктер ставкалар және басқадай факторларға
сәйкес анықталады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарға несие берудің қазіргі моделі төмендегілерге
негізделетін жүйе түрінде көрсетілген:
- несие беру субъектілері;
- несиені қамтамасыз ету;
- несие беру объктілері.
Несие берудің қазіргі жүйесінің ерекшеліктері.
Банктік ссудаларды топтастыру несие беру қағидаларымен тығыз
байланысты. Несие берудің қазіргі жүйесінің басты талабы – несиенің
мақсаттық сипаты, ссуданың толықтығы мен қайтару мерзімі, олардың
қамтамасыз етілуі. Несие берудің жалпы экономикалық қағидаларына
дифференциалдық қағидасы жатады. Ол субъект, объект ретінде несие беруге,
сондай-ақ, ссудамен қамтамасыз етуге әртүрлі көзқарастарды білдіреді.
Қазіргі кезде объект, субъект және қамтамасыз ету сапасына ғана емес,
маржа деңгейіне, несиелік операциялдар түсімділігіне, қауіп-қатерді
төмендетуге сенімді баға беруді талап ететін тиімді несие беру қағидасының
маңызы зор. Несие беру технологиясын, ссудада беру және өтеу ережелерін,
несие операцияларына талдау жасау және ағымдағы қадағалау маңызды болып
отыр [15].
Коммерциялық кәсіпорын түрінде қызмет атқара отырып, банктер несие беру
бойынша олардың қызметінің барлық жүйесіне коммерциялық сипат береді.
Банктік шаруашылықтың пайдалылық қағидасына негіздей отырып, банктік
ссудалар төлемді болып табылады. Бірақ, мәселе мұнда емес. Банктер сауда
кәсіпорны ретінде ең әуелі өз ресурутарын несиелік операцияларға жұмсай
отырып, сатады. Сондықтан да, ең әуелі ірі несиелік институт ретіндегі
банктер үшін қалыпты шаруашылғында (дағдарыссыз) несиелік операциялардан
түсетін табыс негізгі болып саналады. Банктің несиелік өнімінің мөлшері тек
оның меншікті қаражаттары көлеміне ғана емес, тартылған ресурстарға да
тәуелді. Қазіргі нарықтық жүйеде банк өз клиенттерінің қаражатын қосымша
тартқан кезде ғана көбірек көлемдегі қаражатпен сауда жасай алады. Банктер
ресурстарды өздері үшін емес, басқалары үшін тарататын болғандықтан, ақша-
қаражаттарының қайтарымының бас кезінде жинақталған массасы неғұрлым көп
болса, несиелік өнім көлемі соғұрлым жоғары болады.
Несие берудің қазіргі жүйесінің ерекшелігі меншікті және тартылған
ресурстарға оның тәуелді болуына ғана емес, Орталық банктің клиенттерге
несие беруді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін бекіткен белгілі
нормаларға да байланысты. Несие берудің қазіргі жүйесінің айтарлықтай
белгісі – оның келісімдік негізі. Бұрынғы жүйемен салыстырғанда бұл туралы
декларация соншалықты қарапайым емес. Бөлуші ақшалай шаруашылықтар
тарихиның белгілі тармақтарының бірінде банктердің клиенттермен келісімі
дүниеге келді. Бірақ, өкінішке орай олар формальды сипатта болды, олардың
экономикалық маңызы нашар байқалды. Коммерциялық стимул пайда болған кезде
банкте оның клиенттері де келісімді бұзу салдарын сезінді, ал олардың
арасындағы несиелік келісім-шарт несие алушының да, қарыз берушінің де
жауапкершілігін нығайтатын күшке айналды (11,100-бет).
Экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы, кәсіпорынның банкротығы
жағдайында несиелік опрецияның түсімділігінің тәуелділігі жоғары болып
табылады. Соңғы жылдара несие берудің қазіргі жүйесі дамудың айтарлықтай
жолын жеңді. Жалпы алғанда тек банк ісі философиясы ғана емес, несиелік
операция технологясы да өзгерді.

2. Несие беру шарттары

Несие беру шарттары дегеніміз несие субъектісі, объектісі және
қамтамасыз ету сияқты несиенің базалық элементтеріне қойылатын талаптар.
Бұл банк кез-келген клиентке несие бере алмайды дегенді білдіреді.
Несие алғысы келетіндер көп, солардың ішінен кімге беруге, ссуда уақытында
қайтарылатынына және оны пайдаланғаны үшін ссудалық процентті төлейтініне
сенуге болатынын клиентті таңдап алу қажет. Сондықтан да банк қарыз
алушының несиелік қабілетіне, оның балансының өтімділігіне баға беріп,
тауар өндіруші өнімінің нарығын, менеджмент деңгейі мен шотты басқаруын,
өткен тәжірибесін игере отырып, онымен несиелік қатынасқа түседі.
Несие беру объектісімен де операция солай жүріледі. Қарыз алушының кез-
келген қажеттілігі несие беру объектісі бола бермейді, те оның өндірісін
дамыту және өнім айналысы қажеттілігінен туындаған уақытша төлем
қиындықтарымен байланыстылары ғана несие беру объектісі болады. Қамтамасыз
ету несие беру жүйесінің базалық элементі ретінде толық және сапалы болуға
тиіс.
Несие беру несие мәмілесінің екі жағының да мүддесін қарастыруға тиіс.
Шаруашылық қажеттіліктерінің мүдделерінен туындаған банктер несие
қажеттілктерін қанағаттандыруға бағытталады. Несие беру мақсаты – қарыз
алушы экономикасын дамытудың, оның бәсекелестік қабілеті мен
пайдалылығының, өндіріс пен айналымның үздіксіздігінің алғышартын жасау.
Сонымен қатар клиенттің мүддесі ғана несие операцияларын жасаудың шешуші,
басым факторы бола алмайды. Несие беру шарты – екінші жақ – несие беруші
банктің мүддесін қадағалау болуға тиіс. Банк меншікті және жинақталған
капиталын қайда салатынын қанша таңдай алады. Оның мүмкіндіктері көбіне
шектеулі. Банктер белгілі мерзімде бар ресурстар, орталық банктердің
экономикалық реттеу нормативтері жиынтығымен анықталатын нақты шекарада
жұмыс істейді. Клеинтке берілетін несиенің көлемі әрқашан меншікті және
тартылған қаражаттар көлемі, олардың арасындағы реттелетін пропорция,
өтімділіктің ағымдағы нормативі, мерзім бойынша активтер мен пассивтерді
теңестіру талаптары, Ұлттық банктің орталықтандырылған резервтеріне
аударылатын ақша ресурстары мөлшеріне тәуелді [7].
Қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі көбнесе қауіп-қатер дәрежесіне
тәуелді. Қарыз алушы ссуданы қанша алғысы келсе де, егер банк үшін қауіп-
қатер көп, толық кепілдік жоқ болса, ондай ссуда оған берілмеуі де мүмкін.
Клиент нақты мүмкіндігімен ссудалық процентті қосқанда, өз қарызы бойынша
төлеу ынтасын толық көрсетуге тиіс.
Несие беру шаттары несиенің мерзімдік және қамтамасыз ету мақсатты
сипаты сияқты несие беру қағидаларымен де байланысты. Егер клиент солардың
бірін потенциал түрде бұзуы мүмкін болса, несие мәмілесі жасалмайды. Несие
беру процесінде бұл қағидалар бұзылса, банк өз мүдделерін, өз
салымшыларының мүдделерін басшылыққа ала отырып, несиелік байланыстарды
үзеді, несиенің бірден қайтарылуын талап етеді. [16].
Несие беруді қазіргі жүйесі кепілдік құқықты жүзеге асыру мүмкіндігі
кепілдіктің әр түрлері мен үшінші жақтың кепілдерінің болуына негізделеді.
Осы және басқа формалар несиелік мәміленің сенімділігімен, несие беру
қағидаларын бұзған жағдайда несиенің қайтару мүмкіндігімен қамтамасыз
етеді. Кепілдік құқықты жүзеге асыру банктен клиент қабілетін жан-жақты
талдауды, қажет болған жағдайда банкке шығынсыз қызметпен қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін, оның мүлкіне баға баруді талап етеді. Банктің
коммерциялық мүддесіне қадағаланған жағдайда несие беру жүзеге асырылады.
Неисе беру төлемді негізді жүзеге асырылады. Төлемділік көбнесе несиелік
тәуелділікпен, Ұлттық Банктің есептік ставкасы деңгейімен, нарықтағы
несиенің сұраныс және ұсынысының жалпы жағдайымен анықталады.
Несие беру шартына банк пен қарыз алушы арасында несиелік келісім жасау
жатады. Несие беру несиелік мәміленің әр жағының меншікті міндеттемелері
менқұқығын анықтауды, жақтардың экономикалық жауапкершілігін қарастыратын
келісімдік негізделеді.
Банктік ссуда келісімі бойынша банк (қарыз беруші) ұйымға (қарыз
алушыға) ақша-қаражаттарын береді, ал қарыз алушы алынған соманы келсілген
мерзімде қайтарып, несиенгі пайдаланғаны үшін бекітілген процентті төлемді
міндетіне алады. Несиелік кеоісімнің негізгі ерекшелігі – оның субъективті
құрамы: ондай келісімнің бір жағы банк немесе сәйкес лицензиясы бар басқа
несиелік мекеме болады. Қарыз келісмі бойынша ақшаны ғана емес, тектік
белглері анықталған заттарды да беруге болады. Банктік несие келісімі
бойынша меншікке (шаруашылық жүргізк немесе оперативті басқару) белгілі
ақша сомасын ғана беруге болады. Банктік несие келісімінде қарыздық
қаражаттарды пайдалану мақсатына нұқсау болады.
Келісімді консенсуальда деп тану оны екі жақты деп тануды анықтайды.
Міндеттемелер тек қарыз алушыда ғана туындап қоймай келісім жасаған кезде
банкте дже ақша беру міндеттемесі туындайды. Көрсетілген міндеттемені бұзу
банкті залалды өтеу түріндегі жауапкершілікке тартады.
Несие беру шартына – жақтардың өзара қатынасын жоспарлау да жататынын
айта кету керек. Банктегі жоспалау объектісі – берілген несие соманы, оны
өтеу мөлшері, несиелік операциялар бойынша кіріс пен шығыс болады. Несиелік
процесс қарыз алушыға несиені уақытында және толық өтеуді толық қарастыру
және ссудалық процентті төлеу үшін өндірістік және қаржылық мүмкіндіктерді
реттеуді міндеттейді.

3. Несие беру әдістері мен ссудалық шоттар формалары

Несие беру әдісі дегеніміз банктер несиені беру және өтеуді жүзеге
асыруға көмек болатын амалдар жиынтығы. Ондай үш әдіс бар:
- айналым бойынша несие беру әдісі;
- қалдық бойынша несие беру әдісі;
- айналым-сальдолық әдіс.
Айналым бойынша несие бергенде несие беру объектінің қозғалысын,
айналымын қадағалайды. Несие қарыз алушы ресурстарын босатқанға дейін
шығынды аванстайды. Ссуда мөлшері осы қажеттілікті төмендеу мөлшері бойынша
өседі. Бұл әдіс қажеттіліктің өсуі немесе төмендеу мөлшеріне қарай несиенің
үздіксіз синхрондық қозғалысын қамтамасыз етеді, үздіксіз орын толтырушы
процесс болып табылады.
Қалдық бойынша несие бергенде несие ссудаға қажеттілік тудыратын
шығындар мен тауарлық-материалдық құндылықтар қалдығымен өзара байланысты
болады. Мысалы, кәсіпорын өзін қаржылық қайнар көздері есебімен оған қажет
құндылықтарды сатып алып, содан кейін ғана өндірілген шығындарды өтей
отырып, банктен солар қамтамасыз ететін ссуда ала алады. Көбнесе, қалдық
бойынша несие беру несие берудің аз объектілерін қамтиды, сонымен бірге
айналым бойынша несие беру несие берудің жеке емес жиынтық объектісі
қозғалысымен байланысты.
Тәжірибеде айналым бойынша және қалджық бойынша несие беру үйлесім
табады, несие бірінші сатыда қажеттіліктің туындау мөлшеріне қарай берілген-
де айналымдық сальдолық әдіс қалыптасады, ал екінші сатыда қатаң белгілен-
ген мерзімде өтеледі, ол босатылған ресурстар көлемімен үйлеспеуі де
мүмкін.
Несиенің ұйымдасқан қозғалысы клиентке банк ашатын ссудалық шотта
көрсетіледі.
Ссудалық шот – банкке клиенттің алға несие бойынша қарызы, ссуда беру
және өтеу көрсетілген шот. Барлық ссудалық шотқа жалпы конструкция тәне:
несие беру дебет бойынша, өтеу кредит бойынша, клиенттің банкке қарызы
әрқашан ссудалық шоттың сол, дебеттік жағында жүріледі.

2 Коммерциялық банктердегі несие портфелін басқару (мысалда:
ЦеснабанкАҚ)
2.1 Банктің несиелік саясаты

Жалпы алғанда, коммерциялық банктің .несиелік саясаты – бұл қарыздық
операцияларды жүзеге асырудың ішкі регламенті.
Цеснабанк АҚ негізінде коммерциялық банктің несиелік саясатын
қарастырып көрейік.
Ішкі несиелік саясат Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы (өзгеріс пен толықтыруды ескере отырып) Заңға, Қазақстан
Республикасының Үкіметі ме Ұлттық Банктінің нормативтік-құқықтық актілері,
сондай-ақ, Цеснабанк АҚ ішкі құжатттарына сәйкес жасалған.
Банктің ішкі несиелік саясаты – бұл қарыздық операцияларды жүзеге
асырған кезде сенімділік пен нақтылықты қадағалау және әрекеттік
кезектілігін қамтамасыз ету. Ол қарызды ресімдеу, басқару және беруге жауап
беретін банк жұмысшылары жетекшілкке алуға тиіс объективті стандарт пен
критерийді анықтайды [10].
Несиелік саясатта көрсетілуге тиіс негізгі ережелер:
- жалпы ережелер;
- заңды және жеке тұлғаларға қарыз беру шарттары;
- банкпен ерекше қатынастармен байланысқан және (немесе) банкке бақылау
жасау құқығы бар тұлғаларға қарыз берудің шарттары;
- банктің заңды тұлғалары мен жұмысшыларына қарыз беру шарттары;
- кепілге баға беру және тіркеу;
- Несиелік комитет;
- несие беру лимиттері;
- құжат беру, оларды талдау ( сараптау) тәртіібі;
- банктік қарыз келісімін бекіту процедурасы;
- берілген қарыз бойынша құжат жүргізу тәртібі;
- несие беру шарттарын өзгерту тәртібі;
- мәселе тудыратын қарыздармен жұмыс жүргізу;
- Банк пен филиалдардың несиелік қызметінің мониторингі;
- Ережені іске қосу тәртібі;
Осы ережелерді нақтырақ қарастырайық.
Қарыз беру шарттары
Банк несиенің мерзімдік, қайтарымдық, төлемдік және қамтамасыз ету
шарттары мен келісімдік негізінде несие беруді жүзеге асырады.
Қарызды банк халықшаруашылығының әртүрлі салалары мен меншік формалары
әртүрлі заңды тұлғаларға, Қазақсатан Республикасының резиденті болып
табылатын және резидент болып табылмайтын жеке кәсіпкелер мен заңды
тұлғаларға береді. Қарыздар төменгідей жолдармен беріледі:
- Қарыз алушы есеп айырысу ақшалай құжаттарға төлеу үшін ақшаны ссудалық
шоттан тікелей жеткізушінің ағымдағы шотқа аудару жолымен;
- Банктің ақшаны ссудалық шоттан тікелей жеткізушінің ағымдағы

шотына аударуы жолымен;
- Банктің ақшаны ссудалық шоттан тікелей Қарыз алушының шотына аудару
жолымен.
Банк қарызды банктік қарыз келісімі негізінде береді, онда төмендегілер
міндетті түрде қарастырылады:
- қарыз мақсаты;
- берілетін қарыздың жалпы сомасы;
- қарыз валютасы;
- қарызды өтеу мерзімі;
- қарызды беру және өтеу шарттары;
- сыйақы ставкасының мөлшері;
- қамтамасыз ету (түрі, сомасы)
Кепілге баға беру және тексеру.
Несие берумен байланысты операцияларды жүзеге асырған кездегі Банк
алдындағы Қарыз алушы міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету нормаларының
бірі – кепіл. Кепілмен қатар міндетттемені орындау кепілдік және Қазақстан
Республикасының заңында немесе келісімде қарастырылған басқа әдістер (банк
қарызы жәненемесе кепіл) қамтамасыз етеді.
Кепіл екі негізгі белгі бойынша топтасады: кепіл келісімі жағының
өкілеттілік көлемі бойынша және кепіл заты ретінде қолданылған мүлік
сипаты бойынша. Кепіл келісімі жақтарының өкілеттілік көлемі бойынша кепіл
заклад жйне ипотека деген түрлерге бөлінеді [10].
Кепіл мүлкінің сипаты бойынша қорзғалатын және қозғалмайтын мүлікке
бөлінеді және міндеттемені орындайтын кепіл затына төмендегілер жатады:
- мүліктік кешендер және т.б.;
- негізгі құралдар (машина, құрал-жабдық, инвентарь, мебель, транспорт
және басқалары);
- бағалы қағаздар;
- жинақ шотына салынған, сондай-ақ Банктің сейфтік депозитарында
сақталған ақшалар;
- тауарлар материалдық құндылықтар (тауарлар), оның ішінде айналымдағы
тауарлар;
- басқаға берілген мүліктік құқық.
Кепіл беруші Қарыз алушының өзі де, өз мүлкін Қарыз алушы міндеттемесін
қамтамасыз ету өз еркінде болатын үшінші тұлға да (заттық кепіл) болады.
Кепіл беруші салынатын мүліктің иесі де болуы мүмкін немесе оны өзіне
берілген мүліктің меншік иесінің өкілділігі негізінде кепілге қоя
алады.Кепіл затына Кепіл беруші құқығын анықтайтын құжаттрды сараптауды
Банктің заңдық бөлімінің мамандары Қарыз алушы берген құжаттар негізінде
(филиалдарда-филиалдың заңгері, ал ондай лауазым болмағанда, филиалдың
өкілетті жұмысшысы) жүзеге асырады, оның нәтижесі бойынша жазбаша заңдық
қорытынды дайындалады.
Кепілге берілген мүлікке оның затының құнын есептеу және құнын дәлелдеу
мақсатында баға беріледі.Кепіл затының кепілдік құнын анықтағанда, кепілдің
бағалық құнына кепілдің өтімділік коэффиценті қолданылады Кепіл
беруші, қарыз алушы және Банк жағынан қол қойылған кепіл келісімі банк
займасы туралы келісімге қосымша болып табылады.
Кепіл келісімін Несиелік Комитеттің оң шешімі негізінде Банктің заңдың
бөлімінің мамандары ресімдейді.
Кепіл келісімінде кепіл заты (жеке-тектік белгі көрсетіледі), оның
бағасы, мәні, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме мөлшерімен орындау
мерзімі, сондай-ақ жақтардың кепілге қойылатын мүлік қайсысында екені, оны
қолдану мүмкіндігі міндетті түрде көрсетіледі. Кепіл келісімі шарттарының
бірі – Банк құқығы болуға тиіс, Қарыз алушы өз міндеттемесін орындамаса,
соттан тыс тәртіппен кепіл затын өндіріп алуға тиіс.
Банкте кепіл құқығының туындау негізі:
- закладта – Қарыз берушінің Банкке алыс-беріс актісімен ресімделген
мүлікті беру сәті;
- кепіл ретінде тіркелетін мүлік қолданылғанда-тіркеуші органда осы
мүліктің тіркеглген сәтінен бастап;
- ақша закладында – оларды Банктегі жинақтық шотқа немесе Банктің
сейфтік депозиттарына аудару;
- ипотекада, айналымдағы тауарды кепілге қойғанда және кепілдің басқа
түрлеріне жазбаша формада жасалған кепіл келісімін жасаған сәттен
басталады.
Кепілге келешекте қарыз беруші меншігіне түсетін (шаруашылық жүргізуге)
мүлік берілгенде, Банкте кепіл құқығы сол мүлікке Кепіл берушіде меншік
(шаруашлық жүргізу) құқығы туындаған кезде пайда болады.
Міндетті мемлекеттік тіркеуден өтетін мүлік кепілі сол мүлікті тіркеуге
өкілетті органда заңдық негізде жүзеге асырылады.
Кепіл затын тіркеу анықталғанда Банктің өкілетті жұмысшысы баланстан
тыс шотқа салынған мүлік бойынша құжат енгізу бойынша бухгалтерлік
операциялар атқарады.
Кепілдік қамтамасыз ету бойынша барлық заң бекітетін құжаттардың
түпнұсқасы, сондай-ақ кепілді тіркеуде растайтын құжаттар алыс-беріс актісі
негізінде Банк қоймасына беріледі.
Соттан тыс тәртіппен салынған мүлікті алу және сатуды Банк өзі де,
Қазақсатан Республикасының қазіргі заңдарына сәйкес кепілге қойылған
мүлікті сатуға Банк жазған сенімхат негізінде заңды немесе жеке тұлға
түріндегі сенімді тұлға да жүргізе алады.
Қарыз және ол бойынша сыйақы толық қайтарылғанда, сәйкес өкілетті
мемлекеттік органда ауыртпалықты түсіру (мүлік кепілі туралы реестрдегі
жазуды жою) кепілге алынған мүліктен ауыртпалықты алу туралы тіркеуші
органға хат беру жолымен несиелік бөлім маманы бөлім бастығы қолы арқылы
жүзеге асырады, филиалдарда бұл операцияларды Несиелік бөлім бастығының
қолымен сол бөлім маманы жүргізеді. Сол кезде несиелік бөлімше маманы, ал
филиалдарда-филиалдың өкілетті маманы беру актісіне сәйкес Банк қоймасынан
құжаттар алады және Қарыз алушыға немесе Қарыз алушы өкіліне (көрсетілген
сенімхат негізінде) кепіл бойынша құқықты анықтайтын барлық құжаттардың
түбіртектерін, сонда-ақ, кепілді тіркеуді растайтын құжаттар береді.
Несиелік комитет.
Ішкі несие саясатын жүзеге асыратын орган - Несиелік комитет. Өз
жұмысында ол Банктің Директорлар Кеңесіне есеп береді.
Несиелік комитет өз отырысында төмендегілерді қарастырады:
- Қарыз беру туралы шешім қабылдауға арналған Бас Банк пен Банк
филиалдарының (оған Банктің Директорлар Кеңесі берген өкілдік (лимит)
шеңбеінде) несиелік өтініштері.
- Келісубекіту және қарастыру үшін Банк Директорлары Кеңесіне несиелік
өтініштерін беруге арналған (шешім оң болғанда) Бас Банк пен Банк
филиалдарының (оған Банк Директорла Кеңесі берген өкілдік (лимит)
шеңберіндегі) несиелік өтініштер.
- Банктің Директорлар Кеңесімен келіспестен, Даму және Реконструкцияның
Европалық Банкісі жолымен қарыз алу үшін берілген несиелік өтініштер.
Несиелік Комитет кеңесіп дауыс беру құқығы бар 5 мүшеден тұрады, оның
құрамына төраға мен хатшы кіреді.
Несиелік Комитет шешімі оның отырысына қатысқан барлық мүшелер
келіскен жағдайда ғана қабылданды деп саналады. Несиелік Комитет мүшелері
оларға жүктелген қызметті орындауға біркелкі жауап береді.
Несие беру лимиттері.
Несие беру лимитін анықтау – несие портфелінің қаупін азайтып, сапаны
жақсарту үшін қолданылатын несиелік портфелідің қалыптасуына бақылау
жасаудың негізгі әдісі. Ол Банкке төмендегідей мүмкіндіктер береді:
- тәуелділіктің кез-келген түрін ойластырмай шоғырландырудан келетін
шығындарынан сақтану;
- тұрақты пайданы шоғырландыруды қысқарту және қамтамасыз ету мақсатында
несиелік портфелді диверсификациялау.
Банктің Директорлар Кеңесімен келіспей қабылданған (банктің ерекше
қатынастарымен байланысқан жәненемесе оларға бақылау жасау құқығы бар
тұлғалардан басқасы) шешімі бойынша бір қарыз алушыға несие беру лимиті
төмендегідей түрде бекітіледі:
- Бас Банк бойынша 20000000 (жиырма миллион) теңгеден көп емес;
- жинақ шотындағы, сондай-ақ, Банктің сейфтік депазиторийде сақталған
ақша кепілге қойылса, 25000000 (жиырма бес миллион) теңгеден көп емес;
- Банк филиалдары бойынша (15000000 миллион теңгеден көп емес).
Бір Қарыз алушыға сәйкес қауіп-қатердің ең көп мөлшері Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің Пруденциалдық нормативтері туралы
Ережелермен анықталған несие беру лимиттерінен аспауға тиіс (қарыз түрі,
Қарыз алушы категориясы, қарыз берген несиелік сызыққа тәуелсіз).
Балнктің қарыздар мөлшері – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
Пруденциалдық нормативтері туралы Ережелермен анықтаған несие беру
лимиттерінен аспауға тиіс.
Банк филиалдары олар орындайтын қарыздық операциялар көлеміне
жұмысшылардың біліктілік деңгейімен тәжірибесіне несиелік портфель сапасына
байланысты Банктің Директорлар Кеңесі берген өкілдік (лимит) шеңберінде
қарыз беру туралы шешімді төмендегі тәртіппен қабылдайды [10]:
- Осы ереженің бекітілген талаптарына сәйкес филиал өз бетімен сараптама
өткізеді және филиалдың Несиелік Комиссиясында шешім қабылдайды. Шешім
оң болса, филиал қарыз беруді жүзеге асырады;
- Қарыз бергеннен кейін толық көлемде қалыптасқан құжат көшірмесі қарыз
бергеннен кейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей Бас Банктің несиелік
бөлімшесінің маманы беріледі. Комитет шешімі банктің несиелік комитеті
ортасының хаттамасы түрінде бөлінеді;
- Егер Банк филиалы клиентінің несиелік өтініші филиал бекіткен лимиттен
артық болса, филиал өз бетінше Ереженің талаптарына сәйкес жобаға
сараптама жүргізеді және филиалдың Несиелік Комиссиясында шешім
қабылдайды;
- Оң шешім қабылданған болса, толық көлемдегі құжат көшірмесі Несиелік
Комитет талқынысына салу үшін қарастыруға несиелік бөлімшеге беріледі;
- Өтінішті Несиелік комитет мақұлдаған жағдайда (қажет болса, оны Банк
Директорлар Кеңесі келіскен жағдайда ) филиал қарыз береді;
- Қарыз бергеннен кейін филиал жобаға ағымдағы мониторинг жүргізеді, ал
мониторинг нәтижесі бойынша жасалған құжат Бас Банктің несиелік
бөлімшесіне беріледі.
Бас Банктің несиелік бөлімшесінің маманы филиалдардың өздері
бекіткен лимитті қадағалауына бақылау жүргізеді. Филиал лимитті асырса,
маман несиелік бөлімше бастығына бірден хабар беруге тиіс.
Құжат беру тәртібі, банктің несиелік маманының сараптамасы.
Қарыз алу үшін потенциал қарыз алушы Банкке өтініш береді, өтініште
қарызды қолдану мақсаты, оның сомасы пайдалану, баланстық құн және басқадай
қажетті мәліметтерді көрсете отырып, қарызды қайтаруға кепілге берілген
мүлік төзімі көрсетіледі.
Потенциал қарыз алушы анкета (сауалнама) толтырады және банк қарызын
бөлу туралы сұрақтарды қарастыру үшін Банк клиенттеріне берген құжаттар
тізіміне сәйкес банкке құжаттар береді. Бұл тізім соңғысы емес және қажет
болған жағдайда потенциал Қарыз алушыдан банк қажет қосымша құжаттарды
жәненемесе ақпараттарды беруін сұрауға құқылы.
Потенциал Қарыз алушыға берген құжаттар оларға заң қойған талаптарға
сай болуға тиіс. Қарыз алушы статусын растайтын құжаттардың нотариустық
түрде бекіткен (қажет болған жағдайда) көшірмесі беріледі. Кепіл келісімін
ресімдеуге арналған құқықты анықтайтын құжаттардың түбіртегі берілуге тиіс.
Несиелік бөлімше маманы (филиалдарда-филиалдың Несиелік бөлімінің
маманы) клиент құжаттардың толық пакетін беріп, Қарыз алушы барлық
ескертудің орнын толтырғаннан кейін бес күн ішінде (қарыз мөлшеріне
тәуелсіз) потенциал Қарыз алушының несиелік қабілетін талдайды, несиелік
қауіп-қатерге баға береді, несиені өтемеуге ықпал ететін факторларды
игереді. Ондай факторларға төмендегілер жатады:
1) Заңды тұлғалар бойынша:
- компания туралы негізгі ақпарат: қызметінің негізгі түрі, қызмет ету
мерзімі, меншік формасы, орналасқан жері, компания мөлшері
(жұмысшылар саны, активтің жалпы саласы, т.б.) басқа компаниялармен
өзара қатынасы, заңдық статусы;
- компанияның банктермен өзара қатынасы: Банкпен қатынасы (тұрақты,
тиімді, аса қажетті, т.б.) басқа банктерде ашылған банк шоттары
туралы мәліметтер, компанияның несиелік тарихы, соның ішінде өтініш
берген күнгі банк қарыздары бойынша компанияның берешегі, жаман
пікірлері;
- менеджмент: компанияның басшылары мен иелері (меншік иелері туралы
мәліметтер, осы саладағы басшының жұмыс тәжірибесі, басшы ретіндегі
жұмыс тәжірибесі компания басшысыбасшылары) туралы қандай бір кері
ақпараттың болуы;
- компанияның қаржылық жағдайы: компанияның пайдасы, меншікті
капиталмен қамтамасыз ету деңгейі, ақша-қаражаттары ағымын, оның
ішінде қарызды қайтару бойынша төлем төлеуге қажеттерін талдау,
қаржылық көрсеткіштер (өтімділік коэффициенті, қарыздың қаражаттар
коэффициенті, жабу коэффициенті, несиелік қабілет индексі);
- қарыз жоба туралы мәліметтер: қарыздың мақсаттық бағыты (мақсатты
қарыз берген жағдайда), жасаған мәмілені талдау, қарыз сомасы, жоба
құны (жобаны қаржыландыру көздері, оның ішінде меншікті және қарыздық
қаражат сомасы), пайдалану мерзімі, оның ішінде жеңілдік мерзімі;
- қарызды қайтару және сыйақымен қамтамасыз ету: қамтамасыз етуді
суреттеу, қамтамасыз ету сапасы, қамтамасыз етудің жеткіліктілігі
(10,87-бет);
- компанияның күшті және нашар жақтарын қысқаша суреттеу;
- қарыз сапасын бағалау рейтингі.
2) Заңды тұлғалар бойынша:
- заңды тұлға туралы негізгі ақпарат: жұмыс орны, отбасы құрамы, тұрған
жері, салық төлеушіні тіркеу номері, жеке бас куәліктерінің
мәліметтері;
- жеке тұлғаның қаржылық жағдайы: орташа айлық жалақысы (табысы)
отбасының орташа табысы (қажет болған жағдайы);
- қарыз туралы мәліметтер: қарыздың мақсатты бағыты (мақсатты қарыз
берген жағдайда), берілетін қарыз сомасы, пайдалану мерзімі;
- қарызды қайтару және сыйақымен қамтамасыз ету: қамтамасыз етуді
суреттеу, қамтамасыз ету сапасы, қамтамасыз етудің жеткіліктігі;
- берілген құжаттардың Ережеге және Қазақстан Республикасы заңдарына
сәйкес келуі, оның ішінде заңды тұлғалар бойынша Қарыз алушының
құрылтайшы құжаттарының ол заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес келуі;
- Кепіл берушінің кепіл затына құқығы және ұсынылған құжаттардың
толықтығы, оның ішінде заңды тұлғалар бойынша Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес Қарыз алушының қарызға кепілдікке өз
активтерін (негізгі құралдар, тауарлар, т.б.) беру құқығын анықтау
тұрғысынан Қарыз алушының құрылтайшылық құжаттарын (Жарлық, Қаулы,
келісім шарт, хаттамалар, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, т.б.)
игеру.
Қарыз алушы берген құжаттар мен ақпараттарға жүргізілген талдау
негізінде несиелік бөлімше маманы (филиалдарда-филиалдың Несиелік
бөлімшесінің маманы) қарыз алушы резюмесін жасап, келісімін алу үшін
несиелік бөлімше (филиалдарда-филиалдың Несиелік бөлімінің бастығына)
басшысына береді. Резюме мазмұнына несиелік бөлім маманы мен басшысы
(филиалдарда-филиалдың Несиелік бөлімінің бастығы) жауап береді.
Банктен қарыз келісімін бекіту процедурасы.
Несиелік бөлімше бастығы (филиалдарда-филиалдың Несиелік бөлімінің бастығы)
қол қойған Қарыз алушы реюмесі, сондай-ақ, дайындалған несиелік қорытынды
жеке тәртіппен құжаттармен танысу және игеру үшін Несиелік Комитет
мүшелеріне (филиалдарда-филиалдың Несиелік Комитеті мүшелеріне) беріледі,
ал қажет болған жағдайда – бұл құжаттар Несиелік Комитеттің (филиалдарда-
филиалдың Несиелік Комитетінің) тікелей отырысында қарастырылды.
Банкке өтініш берген клиентке қарыз беруге қарсылық білдірілсе,
қарсылықтың нақты себебін көрсете отырып, Несиелік Комитет отырысының
хаттамасынан көшірме беріледі. Несиелік Комитет отырысының хаттамасын
Ережеде бекітілген тәртіпке сәйкес оған жауапты Несиелік Комитеттің хатшысы
тігеді және сақтайды [10].
Қарыз алу үшін Қарыз алушы немесе оның өкілетті өкілі банктік қарыздың
дайындалған келісіміне қол қояды және оның мөрін (бар болса) қояды.
Берілген қарыздар бойынша құжат жүргізу тәртібі, берілген несие
мониторингі.
Әр берілген қарыз бойынша Банкке несиелік досье жүріледі, ол қарыз
алуға Қарыз алушы құжаттарын берген кезден бастап ашылады және Қарыз беруші
міндетемесі әрекетін жойған кезде жабылады. Әрбір несиелік досьеде ондағы
құжаттардың жеке тізімі жазылады. Несиелік досьедегі құжаттар хронологиялық
тәртіпте номерленіп, несиелік досье жабылғаннан кейін тігілуге тиіс.
Несиелік досьеде кез-келген қарызды берген кезде талап етілетін
негізгқұжаттар бар болса, жеткілікті:
- қарыз алушы қол қойған өтініш, онда қарызды пайдалану мақсаты, оның
сомасы, пайдалану мерзімі және баланстық құны мен басқадай қажетті
мәліметтерді көрсете отырып, қарызды қайтаруды кепілмен қамтамасыз ету
үшін берілген мүлік тізімі болады;
- қарыз алушының нотариус бекіткен құрылтайшылық құжаттарының көшірмесі;
- заңды тұлғаның қолының үлгісі мен мөрінің көшірмесі бар нотариус
бекіткен карточка, қажет болған жағдайда банктікң қарыз келісіміне қол
қоюға өкілетті тұлғаға Қарыз алушы атынан берілген басқадай құжаттар;
- банктік қарыздың бекітілген келісімінің түбіртегі;
- қарыз алушының қарызды қайтару бойынша төлемдерін төлеуге қажет
ақшаның жеткілікті ағымымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар
Ипотекалық несие жайлы
Қарыз капиталының қорлануы
Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде
Ипотекалық несие түсінігі туралы
БТА ИПОТЕКА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ИПОТЕКАЛЫҚ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Ипотекалық несиелендірудің әртүрлі елдердегі түрлі моделдері негізінде жүзеге асырылған теориялық зерттеулер натижесіне сүйене отырып ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендірудің мүмкіндіктері
Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар
Пәндер