Банк пен филиалдардың несиелік қызметінің мониторингі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Экономика және құқық кафедрасы

Тақырыбы:

Коммерциялық банктердің заңды тұлғаларға несие беру жағдайы және жетілдіру жолдары

Орындаған: Құқық және экономика негіздері

мамандығының студенті Еденов С

Ғылыми жетекші: Экономика және құқық

кафедрасының оқытушысы Ещанова А. Қ

Арқалық, 2008 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Заңды тұлғаларға несие берудің экономикалық мәні . . . 6

1. 1 Несие берудің негізгі түсініктері, қағидалары мен әдістері . . . 6

1. 2 Несие беру шарттары . . . 16

1. 3 Несие беру әдістері және ссудалық шоттар формалары . . . 18

2 Коммерциялық банктің қарыз алушымен несиелік қатынасының жағдайы (мысалда: «Цеснабанк»АҚ) . . . 20

  1. Банктің несиелік саясаты . . . 20
  2. «Цеснабанк» АҚ несиелік портфелі құрылымын талдау . . . 33
  3. Кепілмен қамтамасыз ету бойынша несие құрамын талдау . . . 40

3 Банктің несиелік саясаты эффектілігін жетілдірудің негізгі бағыттары . . . 48

Қорытынды . . . 51

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . …… . . . ……… . . . . . . 54

Қосымшалар . . . 57


Кіріспе

Кәсіпорын мен ұйымға, сондай-ақ халыққа несие беру банк қызметінің дәстүрлі түрлеріне жатады. Қазақстан Республикасының әкімшілік-әміршіл экономикада нарықтық экономикаға көшу процесінде банк операциясының бұл түрі заңды тұлғалар арасында да, жеке тұлғалар арасында да кең таралуда.

Несиелік салымдардың қазіргі құрылымында қысқа мерзімді несиелер басым. Қазіргі кезде несиелік салымдардың жалпы құрамында қысқа мерзімді несиелердің басым болуы коммерциялық банктердің елдегі экономикалық тұрақсыздық, инфяциялық процесс жоғары болғандағы қысқа мерзім ішінде пайда табу және қаражатты жаратуға бағытталуына байланысты.

Бүгінгі таңда коммерциялық банктер негізінен шағын және орташа бизнеске несие береді. Қаржылық қолдауды жеңілдік берілген проценттік ставкаларды қолданып, қызметтің приоритетті түрлеріне қысқа және орташа мерзімді несие беру үлесін ұлғайту, аймақтық деңгейде кепілдік қорлар мен несиелік серіктестіктер құру саясатына негіздеу ұсынылады. Ондай саясаттың негізгілері - тәуелді бөлісу және проценттік ставканы ішінара субсидиялауі жолымен екінші деңгейдегі банктерді ынталандыру механизмін жасау, венчурлық қызмет жүйесін дамыту, несиелік серіктестерді шағын бизнес субъектілерін құрғаны үшін ынталандыру т. б. Демек, дипломдық жұмыс жазуға таңдалған бұл жұмыс өзекті, өйткені шағын және орташа бизнеске несие беру жолмен қаржыландыра отырып, коммерциялық банктер бір жағынан, экономиканың нақты секторын дамытуға жанама түрде қатысады, екінші жағынан несиелік операциялары банктің басқа қызметтеріне қарағанда, табысы көбірек болып табылады, сондықтан үнемі несиелік қатынастарды дамытып, қарыз беру механизмін жетілдіріп отыру қажет.

Кәсіпорындарға, ұйымдарға несие берудің қазіргі жүйесі бұрынғыдан көп айырықшаланады. Ол клиент банкке байланбай, қызметін пайдаланғысы келетін несиелік мекемені өзі таңдай алатын либеральды схема. Клиентке бір емес, бірнеше банктерде ссудалық шот ашу құқығы берілген. Несие беру схемасының либерализациясы клиент мүмкіндігін кеңейтеді, оның ішінде несие алу банк аралық бәсекелестікті дамытуға жағдай жасайды [19] .

Қазір біздің республиканың экономикасы әлі нарықтық қатынастарға көшу барысында. Осы кезеңге дейін, әкімшілік-әміршілік экономикада банктік саясат, оның ішінде несиелік саясат клиенттер мен банктер қажеттілігін ескермеген директивалар мен қаулылар арқылы жүзеге асырылып келді.

Дамыған нарыққа көшу жағдайында анықтаушы фактор - экономика субъектілерінің еркін әрекет етуі. Өтпелі кезеңдегі шаруашылықтың қызмет ету негізінде орталықтандырылған және нарықтық экономикаға тән емес заңдылықтар болып келді. Бұл өтпелі кезеңдегі несие саясатының қалыптастыру мәселелерін, қарыз алушылармен өзара қатынастағы коммерциялық банктердің несие саясатын қалыптастырудың жаңа әдістерімен механизмдерінің қалыптасу мәселелерін зерттеу, сондай-ақ осы бағытта белсенді тәжірибелік қызмет жүргізу қажеттілігін тудырады.

Жалпы алғанда, несие берудің қалыптасқан жүйесі ішінде несие берудің ескі де, жаңа да, формалары бар жаңартылған жүйе болып табылады. Белгілі мағынада алсақ, несие берудің қазіргі жүйесі ескі жүйе қалдықтары сақталып, нарықтық қатынастарға сәйкес жаңа элементтер енгізіліп келе жатқан өтпелі жүйе болып табылады [19] .

Бұл жұмыстың мақсаты - Қазақстандық коммерциялық банктердің несиелік операциялары саласындағы негізгі ағымдарды, банктердің заңды және жеке тұлғаларға несие беру ерекшеліктерін; несие беру қызметінен банкке түсетін түсімді көрсету; «Цеснабанк» АҚ Қостанай филиалының несиелік портфелі құрылымына жасалған талдауды мысалға ала отырып, несие берудің әртүрлі формаларына сұранысқа талдау жасау; несие операцияларын өткізуден келетін қауіпті төмендету бойынша шаралар ойластыру.

Аталмыш мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттер алға қойылып, шешіледі:

  • Қазақстандық коммерциялық банктердің несие беру механизмін толығымен игеру;
  • Қазақстандағы несие нарығының даму түрлерімен ерекшеліктерін, аймақтар бойынша, оның ішінде Қостанай бойынша оның жағдайын қарастыру;
  • шетелдік банктердің Қазақстандағы несие нарығына ықпалын бағалау;
  • банктің несиелік саясатын анықтайтын ережелер жасау;
  • несие процессін басқаруды ұйымдастыруды қарастыру;
  • Қазақстан Республикасында несие нарығын дамытуды арттырудың негізгі бағыттарын және «Цеснабанк» АҚ Қостанай филиалының несиелік қызметін жетілдіру жолдарын анықтау және қалыптастыру.

Дипломдық жұмыс үш негізгі бөлімге жазылған.

Бірінші тарауда несие беру схемасы суреттелген, несие процесінде қолданылатын негізгі түсініктер келтірілген, несие берудің бухгалтерлік есебі, қазіргі несие беру ерешіліктері көрсетілген.

Екінші тарауда банктің несие саясатының негізгі элементтері; несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдері қарастырылған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Цеснабанк» АҚ несиелік портфелі сапасына талдау жасалып, баға берілген, сонымен бірге банкттердің несиелік қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілген.

Қазақстан Республикасының банк секторына шетелдік банктердің ықпалы үшінші тарауда қарастырылған.

  1. Заңды тұлғаларға несие берудің экономикалық мәніНесие берудің негізгі түсініктері, қағидалары мен әдістері

Несиелік операция - несие берушінің қарыз алушыға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдық шартымен ақша-қаражаттарының белгілі сомасын беруі жөніндегі олардың арасындағы қатынас. Банктің несиелік операциялары активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде; ал, пассивтік операциялар банк қарыз алушы, клиент несие беруші ролін атқарған кезде туындайды. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі формасы бар:ссудалар мен депазиттер.

Бірінші қызметке банктің пассивтік несиелік операциялар, яғни дипазит формасындағы операциялар жатады. Банктердің активті ссудалық операцияларын қарастырып көрейік. Кәсіпорындар, фирмалар, концеріндер өздерінің тауарлық қорларын толтыру, еңбек ақы төлеу, құрал-жабдық сатып алу және т. б. үшін; ауыл шаруашылық кәсіпорындары, фермерлер тұқым, жанар-жағармай материалдары мен тыңайтқыштар сатып алған шығындарын жабу үшін; ал бір рет тұтынушылар (халық) - автомобиль, үй, ұзақ пайдаланатын тауар сатып алу үшін ссудалар алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы ссудаларды негізінен жинақталған ақша қаражаттарын (депозиттік және депозиттік емес) табыс түсіру үшін тарататын коммерциялық банктерден алады.

Өз клиенттеріне ссуда бере отырып, банкттер ақша-қаражаттарын салымшыларын алып, қарыз алушыға бере отырып, қаржылық делдал ролін атқарады. Банктердің бұл қызметі несие қатынастарына қатысушылардың (салымшылар, қарыз алушылар, банк) бәріне тиімді. Осы жағынан екі жақты мүдде көрінеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.

Несиенің екі формасы бар: ақшалай және тауарлық. Сәйкесінше несие берудің екі түрі бар:

1) тікелей банктік, онда шаруашылық субъектлердің несиелік қатынастары басынан бастап, банкпен қатынас ретінде туындайды;

2) жанама несие беру, онда алдымен шаруашылық субъектілері арасында несиелік қатынастар туындап, кейін банкпен қатынасқа ауысады.

Тікелей банктік несие беруде несие беруші ссуданы тікелей қарыз алушыға береді. Несие беруші - банк, қарыз алушы - шаруашылық субъект болады. Банк аралық несиеде несие беруші де, қарыз алушы да банк болады, яғни бір банк екіншісіне несие береді.

Коммерциялық несие беруде несие беруші де, қарыз алушы да - шаруашылық субъект болады, яғни бір кәсіпорын екінші кәсіпорынға тауар формасында береді, бұл мәміле вексельмен ресімделеді, яғни қарыз алушы несие берушіге вексель береді. Вексель - тауар формасында несие алғанын растайтын құжат.

Ары қарай несие беруші банкке сол вексальді кепілге алып ақша беруін сұрайды. Сөйтіп, коммерциялық несие банктік несиеге айналады. Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын әртүрлі белгі бойынша топтастыруға болады: мерзім бойынша қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орташа мерзімді (1 жылдар 5 жылға дейін) ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) ; қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілмеген (бланктік, яғни қамтамасыз етілмеген және қарыз алушы сеніміне негізделген) және қамтамасыз етілген; банк роліне байланысты (немие беруші, қарыз алушы) - активті және пассивтік ссудалық операциялар (активтік - бұл клиенттер мен басқа банктерге несие беру; пасиивтік - орталық банк немесе басқа коммерциялық банк банктерге банк аралық несие алу) ; несие беру мақсатына қарай - негізгі капиталды ұлғайтуға берілген ссудалар, жиынтақ капиталды қаржыландыруға берілген ссудалар, тұтыну мақсатына берілген ссудалар.

Несиелік операциялар басқадай белгілері бойынша да топтастырылады: қарыз алушылар типтері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, ссуда мөлшері бойынша, ссудалық шотты ашу шарттары бойынша және басқалалары. Мысалы, қарыз алушылар типтері бойынша ссуда мынадай түрлерге бөлінеді:ссуда-өнеркәсіптік,, қозғалмайтын мүлік кепілдікке қойылған, жеке тұлғаларға берілген, үкіметтік бағалы қағазға берілген, ауылшаруашылық қаржылық ұйымдарға берілген, т. б.

Несиені пайдалану сипатына қарай өндіргіш деп (халықтың тұтыну қажеттілігін қанағаттандыруға) бөлуге болады. Ондай топтастыру формальды белгілерге негізделеді. Шетелдердің экономикалық әдебиетінде несие мен несиелік операцияларды бірыңғай топтастырмайды.

Банктердің несиелік операциялары жасалған несиелік келісім негізінде жүзеге асырылады, онда банктер мен клиенттердің өзара қатынасы, ссуда беркдің барлық шарттары реттеледі. Несиелік келісім шарттары әр нақты кезеңде коммерциялық банк жүргізетін несие саясатына тәуелді болады. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің қайтарымдылығы және несие берудің басқадай қағидаларын қадағалаумен қамтамасыз етуі тиіс болса, банктер несие мөлшерін реттеу тәртібі, оларды бөлу және өтеумен қамтамасыз етуге тиіс. Несиелік саястаттың құрамдас бөлігі проценттік саясат.

Коммерциялық банктер несиелік келісімде қарастырылған шарттарға сәйкес несиені пайдалануға бақылау жүргізуге, инженерлік және басқадай тексеріс өткізуге, несиелік келісім шартын бұзған ссуда алушыларға экономикалық ықпал ету шараларын жүргізуге міндетті. Әрине, шешуші рольді бекітілген уақытта қайтару және несие төлеу иеленеді. Бұл қағидалар болмаса, несие өзінің мәні мен маңызынан айырылады. Сондай жағдайлардан болып, банк ссудалары көпке дейін мемлекеттің кәсіпорындар мен ұйымдарға берілетін қайтарымсыз және тегін дотацияға айналып келді. Бірақ, республикада жүргізіліп келе жатқан банктік реформа ең әуелі экономикалық категория ретіндегі несие позициясы мен несие берудің негізгі қағидаларын орнына келтіруге бағытталған.

Қазір ссудаларды қамтамасыз ету түсінігі жаңаша көрінуде. Әр берілген ссуда нақты материалдық жағынан қамтамасыз етілуге тиіс деп саналып келген. Қарыз алушылардың несиені бекітілген уақытында қайтаруының нақты мүмкіндіктері ескерілмеді. Қазір клиенттің өтімділігіне, оның өз міндеттемлерімен есеп айырысу қабілетіне көбірек назар аударылады. Бұл аналитикалық жұмысқа экономикалық аппараттың жаңаша қарауын, оның жұмыстың формальды әдістерінен қызмет көрсетуші шаруашылық органдар ісін жақсы білу негізінде несие қағидасын ойластырып жүзеге асыруға бет бұруды талап етеді.

Ссудаларды қамтамасыз ету банктер активтерін сақтау және пайда түсіруге кепілдік беру үшін қажет. Несиемен қамтамасыз етудің маңызды түрлері:

Кепілдік - қажет болғанда кепілші банк алдында қарыз алушының қарызын төлеу міндетін мойнына алатын біржақты міндеттемелері бар келісім.

Кепіл - кепілдік жағдайда тап болғанда кепілге алған тұлға үшін кепілшінің белігілі соманы төлеу міндеттемесі.

Кепілдік құқық - бұл бөтен қозғалмалы мүлікке, жер учаскесіне, құрылысқа заттық талап және егер қарыз алушы өз міндеттемелерін өтей алмаса, кепілге қойылған мүлікті сатудан өтемақы алу құқығына талап қою; несиемен қамтамасыз етуде ипотека мен жер учаскесі және құрылысқа ерекше кепілге қою құқығы ретіндегі қозғалмайтын мүлік міндеттемесіне ерекше мән беріледі. Оларды кепілге қоя отырып, иесі несие алады.

Несиені қамтамасыз етудің материалдық формасына жер, бағалы қағаз, тауарлық-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және басқалар жатады. Клиенттерге ссудалар беру үшін банкте ссудалық шоттар ашылып, оларда несие берудің әрбір объектісі бойынша ссудалар есебі жүріледі.

Ссуда беру үшін банктер алдымен қарыз алушының беделін зеттеуге тиіс, оған ссудаларды немесе бұрын өтелген ссудалардың мерзімінде өтелуі, басқа міндеттемелерге қатынасы, қарыз алушы балансының өтемділігі мен несие мақсатының дұрыстығы (тиімділігі) жатады.

Ссуданы пайдаланған үшін төлейтін төлем (процент) мөлшері оны пайдалану мерзімі, қарыз алушының төлемқабілетсіздік қаупі, несие реурстары үшін төлем, объект сипаты, бәсекелес банктер ставкалар және басқадай факторларға сәйкес анықталады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарға несие берудің қазіргі моделі төмендегілерге негізделетін жүйе түрінде көрсетілген:

  • несие беру субъектілері;
  • несиені қамтамасыз ету;
  • несие беру объктілері.

Несие берудің бұл базалық элементтерін бір-бірінен бөлуге келмейді. Егер осылардың әрқайсысы бір-бірін толықтырса, несие беру бойынша банк қызметінде табысқа жетеді, несие мәселесінің сенімділігі артады. Екінші жағынан бірлікті бұзуғадеген талпыныс жүйені бұзады, банк ссудаларының қайтарылымдылығына нұқсан келтіру мүмкін. Экономиканы орталықтандырып басқару қағидаларына негізделген бұрынғы жүйе несие беру объектісіне баса назар аударғаны белгілі. Егер несие беру объектісі бар болса, ол кәсіпорын немесе ұйымға банк ссудаларын алуға құқық береді [18] . Ондай объект әрқашан табылады: меншікті және қарыздық қаражаттарды үнемдеуге мүдделі емес кәсіпорындар тауарлық-материалдық құндылықтардың артық нормативтік қорын жинақтады, артық өндірістік шығын шығарды, сөйтіп жалпы қосымша қаржы тартуды қажет етті. Көбнесе бұл сапалы тауарлық-материалдық құндылықтар; қосымша көмекті шаруашылық ұйымдардың объективті қажет етуі болды; несие беру объектісіне басым назар аударатын банк үшін осы жеткілікті болды, бірақ, несиелік операциялар сенімділігін нығайту үшін бұл жеткіліксіз болды. Демек, несие беру субъектісін оның несиелік қабілетін есепке алмай-ақ, несие беру объектісіне несие автоматизмі несиені қайтаруды кешіктіруге, ақрында қарызды кешіріп, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қарыз алушының ссудалық қарызын жоюға әкеп соқты. Қазіргі кезде нарықтық экономикаға көшуге байланысты банктер үш іргелі элементті біртұтас жүйе ретіде қарастырады. Бұл қарыз алушыға несие беруге, несиені қайтармау қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қысқасы ссудаларды ресми статусы бар банктер жүзеге асырады. Ресми статус банк ашуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген рұқсатқа және банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияға сәйкес жүзеге асыралады.

Несие беру процесінде банктер нарықтық қатынастар қалыптастыруға, қоғамдық өндіріс эффективтілігін көтеруге, егеменді мемлекет экономикасы мен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өсуіне шектеу қоюға, құнсыздану процессінің бетін қайтаруға және ұлттық валюта-теңгені нығайтуға жан-жақты ықпал етуге міндетті.

Приоритеттік тәртіпте банктер ссудаларды өндіріс эффективтілігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, жаңа эффективтілігі жоғары өнім түрлерін шығаруды ынталандыруға, халыққа әртүрлі қызмет көрсетуге, халық үшін тауар өндіруге және экспортқа байланысты мақсаттар мен шараларға береді. Мұнда олар нарықтақ құрылымды қалыптастыруға, кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге, сауда сатып алу операцияларын ұлғайтуға белсенді түрде қолдау көрсетуге, осы мақсаттарға көбірек ссуда беруге тиіс.

Ссудаларды жоспарлау, беру және өтеумен, проценттік ставкаларды ұлғайтумен немесе азайтумен байланысты барлық мәселелерді қарыз алушылар өзара міндеттеме мен экономикалық жауапкершілікті анықтайтын несиелік келісім негізінде банктердің жергілікті мекемелерінде шешеді.

Қысқа мерзімді несие беруді банктер мақсаттық бағыты бойынша ссудалардың төлемдік, мерзімдік, қайтарымдылық және пайдалану шарттарымен коммерциялық негізде жүзеге асырады. Банк мекемелері өздерінде бар несиелік ресурстар көлемінде қысқа мерзімді несие беру үшін ссудалар береді. Егер ссуада беру мәселесін банктің құрылымдық бөлімшесі (филиал, өкілдік, еншілес банк) шешсе және оны беру күмән тудырса, онда бөлімше қорытынды жасап, ақырғы шешімді шығар үшін жоғарғы банкке береді.

Ссуда беру белгіленген мөлшер көлемінде жүзеге асыралады, оны материалдық қор жинақтауға қажеттілікті анықтау, өнім өндіру мен сатудың болжанған көлеміне сәйкес шығындарды тексеру негізінде қарыз алушымен бірге банк мекемесі анықтайды. Ссудалар тауарлық-материалдық құндылықтар қорының нақты жинақталу және олардың айналым мерзіміндегі, бірақ 12 айдан көп емес уақытта шығындардың өсу мөлшеріне қарай беріледі.

Банктік несие - бұл қайтару шартымен банктер қарыз алушыларға ақша қаражаттарын беру кезіндегі экономикалық қатынастар. Бұл қатынастар құнның (ссудалық капиталдық) банктен (несие берушіден) ссуданы қарызға алушыға (дебиторға) қарай және кері қозғалуын белдіреді.

Классикалық банк ісі тұрғысынан алғанда несие беру субъектісі экономикалық, оның ішінде несиелік мәміле жасауға материалдық және басқадай кепілдіктері бар, қабілетті жеке тұлғалар, не заңды тұлғалар. Мұнда банкке сенегтін, белгілі материалдық және құықтық кепілі бар, несие үшін процент төлегісі және оны несие мекемесіне қайтарғысы келетін, несиенің кез-келген субъектісі қарыз алушы бола алады.

Ссуда алу субъектісі жәке тұлға, кәсіпорын, фирмадан бастап, мемелекетке дейінгі әртүрлі деңгейде болу мүмкін. Біздің шаруашылық нарықтық экономикаға көшкенге дейінгі кәсіпорындар мен ұйымдар салалар бойынша бөлінеді: өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылысытық кәсіпорындар, сауда дайындау, сату-өткізу ұйымдары. Біртіндеп мұндай топтастырудан бас тартты және қазір несие беру субъектілері төмендегіше топтасады:

  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
  • кооперативтер;
  • жеке қызметпен айналысатын азаматтар, жалға алушылар;
  • басқадай банктер;
  • билік органдары, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қосқандағы басқадай шаруашылықтар.

Несиелерді алу субъектлері бойынша бөлу несие беру жүйесінде топтастырудың тағы бір түсінігін тудырады, ол - несие түрі. Несие түрі экономикалық және ұйымдастыру қатынасындағы әртүрлі мәмілеге тән қасиеттер жиынтығын көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық қасиеті - бұл несиенің өзінің қасиеттері, олар бірыңғай (қайтарымдылық, төлемділік) . Ұйымдастыру қасиеті әр жағдайда әртүрлі болып келеді - ссуданы беру және өтеу тәртібі басқаша болуы мүкін. Салалық бағытқа сәйкес өнеркәсіптік, сауда, банк аралық несиелерге бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та ссудаларды топтастыру жүйесінде ауылшаруашылық ссудалары ерекше бөлініп шығады (18, 186-бет) .

Әрбір жағдайда несие түрлерінің оларды беру және өтеу тәртібін реттейтін инструкциясы болады. Несие түрлері оларды алу субъектлері бойынша ғана емес, басқа белгілер бойынша да айырықшаланады. Оларға мыналар жатады:

  • несиенің капитал қозғалысымен байланысы;
  • несиені қолдану сферасы;
  • несие мерзімі - қысқа мерзімді несиелер (1 жылға дейін), орташа мерзімді (1 жылдар 3 жылға дейін), ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары)

Негізінен банктер қысқа мерзімді несиелер береді, өйткені оның қаупі аз, оның үстіне шетел валютасымен берілсе, несие төлемді, қамтамасыз етілген болады.

Соңғы кезде несиенің овердрафт деген түрі кең таралған. Ол 10 күнге дейінгі мерзімге берілетін сенімдік несие (кепілмен қамтамасыз етілмеген) .

Негізінен, банктер шағын және орташа бизнес субъектлеріне 1 жылға дейінгі қысқа мерзімге несие береді. Бұл қарыздық қаражатты мақсатты түрде қолданумен байланысты, өйткені шағын бизнес субъектлері несиені негізінен банктен айналымдық қаражатты толтыруға алады.

Тар мағынада алғанда, объект - бұл ссуда беруде және несиелік мәміле жасауға негіз болатын зат. Банктік несие беру объектісі жеке және жиынтық болуы мүмкін. Егер несие берілетін «нәрсе» басқа ссудалардан айрықшаланса, ол жеке болады. Мысалы, банк өз клиентінің ыдыс, шикізат немесе дайын өнімді жинақтаумен ғана байланысты қажеттіліктеріне несие беру мүмкін. Кей жағдайда несиелердің жалпы құрамында шикізат қорына берілген емес, оның қандай бір белгілі түрі, н жинақтаумен байланысты ссудалар бөлініп көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Темірбанк» АҚ
«ЦЕСНАБАНК» АҚ
Тәуекелділік туралы
Коммерциялық банктердегі несие саясатына талдау жүргізу (АҚ «БТА» банк тәжірибесінде)
Коммерциялық банктердің несие саясаты туралы
Несие тәуекелділігі жайлы
Банк қызметінің деңгейлері
Банктік несиенің түрлері
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ КАСПИЙ БАНК АҚ-ДА НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz