Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе 3

1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ 8
Нарықтық инфрақұрылым түсінігі мен негізгі міндеттері 8
1.2 Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері 14

2 ұлттық Қазақстан экономикасын дамытудың механизмі
2.1 Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны 24
қалыптастыру
2.2 Нарықтық инфрақұрылымның жағымды экономикалық ортасының 24
құраушылары
30
3 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАҒЫ ОРНЫ МЕН РОЛІ

ҚОРЫТЫНДЫ 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
35
37

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік экономиканың
көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық
жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер
шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға
дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға
дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді
жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды
экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда.
Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми
сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып
келеді.
Әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және
оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы
басты мәселе индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып отыр.
Индустриалды-инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды,
технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік
және нарықтық инфрақұрылымның болуы.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда
көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің
инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты,
түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясы, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық
инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған
бағдарламасы, ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру
мақсатында 2006 жылы ҚР Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы
Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық
инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге
Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу
алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі
басталып кетті.
Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет
тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере
бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының
алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.), нәтижесінде даму институттары
және нарықтық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті жүзеге
асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.
Дегенмен, елімізде қазіргі қалыптасқан нарықтық инфрақұрылым оның
субъектілерінің өзара байланысқан түрде үйлесімді жұмыс жасауына және
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізушілерге кешенді қызмет көрсететін ұйым
ретінде қалыптасуына жеткілікті деңгейде ықпал ете алмай отыр. Оның негізгі
себептері ретінде мыналарды көрсетуге болады: нарықтық инфрақұрылым
элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің аздығы; инновациялық әлеуеті бар
аймақтардың географиялық алшақтығы мен еліміздегі өңірлер мен өнеркәсіп
салаларының біркелкі дамымауы; жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің
тым төмендігі және өнім өндіру салаларына қарағанда қызмет көрсету
салаларында табыстылықтың жоғары болуы; жеке кәсіпкерлердің ғылыми-
техникалық зерттеулермен байланысты жұмыстарды жүргізуден қашқақтауы;
инновацияға бейімді салалар туралы ақпараттың аздығы; отандық инновациялық
нарықтың қалыптаспауы және де ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражаттың мардымсыздығы. Ресми
деректер бойынша ҚР-да 2008 жылы ЖІӨ-нің 0,22% ғана ғылыми-техникалық
зерттеулер саласына жұмсалынып, жан басына шаққанда бар-жоғы 14 АҚШ
долларын құраған, сәйкесінше АҚШ-та бұл көрсеткіш 858, Жапонияда – 747,
Германияда – 536, Францияда – 480, Ресейде 64 АҚШ долларына тең.
Міне мұның барлығы да отандық Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді
тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған нарықтық
инфрақұрылымы қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның толыққанды
қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер
болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының,
оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы
жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның
мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына
қарап айқындайды.
Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету
еліміздің негізгі ұстанымдарының біріне жатады. Ашық нарықтың басты
талабының бірі әрбір тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру деп
білсек, онда осы талапқа сай экономика құрылымын жасақтау басты міндет
болып қала бермек. Нарықтың үдемелі және өзгермелі сұранысын тез
қанағаттандыру инновациялық әдістерді пайдаланумен ғана жүзеге асатыны
белгілі. Сондықтан да, ұлттық экономиканың жедел және тұрақты дамуы
еліміздегі инновациялық орта мен нарықтық инфрақұрылымның нәтижелі жұмыс
істеуіне тікелей тәуелді деуге толық негіз бар. Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан халқына
арнаған Жолдауында Біз экономиканың тұрақты өсіміне жедел индустриаландыру
және инфрақұрылымды жетілдіру арқылы қол жеткізуіміз қажет. Сондай-ақ,
болашақтың экономикасы нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық
инновациялық жүйеге негізделуі тиіс. Индустриалық-инновациялық даму –
еліміздің жаңа онжылдықтағы өркендеуінің өзегі бола бермек деген ой айтса,
Нұр Отан ХДП XII съезінде сөйлеген сөзінде Президент ел экономикасының
дағдарыстан өтуінің базалық қағидаларын атап көрсетті: Барлық мемлекеттер
өткен ғасырдың басында индустриялануды бастан өткерді, ал КСРО-да бұл 30-
жылдары болып өтті. Бірақ мұндай индустрияландыру біз үшін жарамсыз, біз
әлемдік экономика дамуының қазіргі құрылымымен сәйкес келетін инновациялық
индустрияландыру туралы айтып отырмыз. Осыған орай, 2010 жылы Қазақстан
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Қазақстан экономикасын дамыту бағытында инновациялық әлеуеті мен
өзіндік даму үлгісі қалыптасқан елдердің қолдануға тиімді тәжірибелері мен
озық үлгілерін, олардың ғылыми сыйымды әрі жоғары технологиялы инновациялық
өнімдерді шығарудағы жетістіктерін пайымдай отырып, еліміздің ұлттық
нарықтық инфрақұрылымын дамытудың экономикалық механизміндегі негізгі
тетіктер ретінде жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру, инфрақұрылым
шеңберіндегі элементтердің белсенділігін арттыру, оларды мемлекеттің
қоғамдық, өндірістік, әлеуметтік, ғылыми және басқа да істеріне тығыз
араластыру, бір-бірімен өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ
ғылыми-техникалық әлеуеттің мүмкіндіктерін пайдалану және оларды елдің
барлық салаларында сынауға және қолданысқа енгізуге мүмкіндік жасау
қажеттілігі туындайды.
Бұл тұрғыда, ұлттық Қазақстан экономикасын дамыту бойынша сараптаулар
мен талдауларды, әдіснамалық тәсілдері, озық тәжірибелерді, аталған
тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен тұжырымдарды ғылыми негіздеудің
маңызы да жетіле түспек. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін
айқындайды және оның ғылыми-тәжірибелік құндылығын арттырады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экономикадағы инновациялық жүйе мен
инновациялық қызметтің ерекшеліктері бойынша ғылыми көзқарастарды теориялық
және әдіснамалық тұрғыда көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қарастырып
өткен. Олардың қатарына батыстық Й.Шумпетер, П.Друкер, Б.Твисс, Б.Санто,
Ш.Тануцо, М.Портер, К.Фримен сынды ғалымдарды жатқызуға болады.
ТМД елдерінде Қазақстан экономикасын дамытумен, оның тиімділігін
арттырумен байланысты мәселелерді әртүрлі деңгейде талқылап, оның
экономикалық маңызын зерттеген ғалымдар да көптеп кездеседі. Мемлекеттің
инновациялық қызметті қолдау саясатынан бастап, инновациялық жүйе мен оның
маңызды құраушысы – Қазақстан экономикасын дамыту тетіктеріне дейінгі
пікірлер бір топ ғалымдар И.Т.Балабанов, Ф.Ф.Безрудный, Л.П.Веревкин,
Ю.П.Доценко, П.Н.Завлин, С.Д.Ильенкова, В.В.Иванов, Н.Иванова,
Н.Ю.Криворучко, В.Г.Медынский, Н.Н.Молчанов, О.Л.Соловьева, Э.А.Уткин,
В.Е.Шукшунов пен басқалардың еңбектерінде кездеседі.
Қазақстандағы инновациялық өзгерістер, ұлттық экономиканың инновациялық
бағыттылығын қалыптастыру, еліміздің индустриялық-инновациялық саясатын
барынша ұтымды жүзеге асыру, инновациялық орта мен оның белсенділігін
арттыру мәселелерін елімізге белгілі ғалым-экономистер С.А.Алпысбаев,
Р.А.Алшанов, Ф.Г.Альжанова, Б.Ахметжанов, Ә.Ә.Әбішев, Ш.Р.Әбділманова,
О.Б.Баймұратов, Н.А.Барлыбаева, Ф.М.Днишев, А.Н.Дәуренбекова, Г.Н.Доғалова,
Ө.Қ.Есқараев, Ж.О.Ихданов, М.Б.Кенжеғозин, А.Қ.Қошанов, Г.К.Қуатбаева,
С.В.Могильный, Қ.О.Оқаев, С.Ы.Өмірзақов, К.Ә.Сағадиев, О.Сәбден,
А.М.Сейтқазиева, А.Н.Cаханова, З.А.Сальжанова, А.Б.Темирбекова,
А.Н.Толыбаев, Ә.Д.Шелекбай және басқалар өз зерттеулерінде қарастырып,
олардың қолданыс табуына қомақты үлестерін қосты.
Қазақстан экономикасын зерттеу аясының кеңдігі әлі де болса көптеген
мәселелер бойынша, әсіресе, оның элементтерінің арасындағы өзара байланысты
нығайтуға, олардың дамуына жағымды экономикалық ортаны қалыптастыруға,
инфрақұрылымның мамандандырылған әрбір субъектісінің инновациялық
белсенділігін арттыруға қатысты мәселелерді терең зерттеуді, осы саланың
дамуына тікелей қатысы бар еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі
жағдайы мен оны дамыту мүмкіндіктерін сараптауды, ұлттық инновациялық
жүйенің басқа да құраушыларының тиімділігін арттыру бағыттарын жан-жақты
зерттеуді талап етеді. Сонымен қатар, нарықтық ортаның бүгінгі
ерекшеліктері бәсекеге қабілетті экономиканың инновациялар мен
интеллектуалдық ақыл-ой жетістіктеріне негізделетінін зерделей отырып,
ұлттық экономиканың ғылыми сыйымды және жоғары технологиялы өнімдер
шығаруына ықпал ететін отандық Қазақстан экономикасын дамытудың
экономикалық тетіктерін айқындауды да міндеттейді. Сондықтан да, аталған
мәселені теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерделеу қажеттілігі курстық
зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға түрткі болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - нарықтық
инфрақұрылым элементтерінің қызметі мен инновациялық белсенділіктерін
теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік тұрғыда жан-жақты сараптай отырып,
оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау
және жүзеге асыру аясы бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі міндеттерді шешу
көзделді:
- нарықтық инфрақұрылымның мазмұны және негізгі элементтерінің қызмет
ету ерекшеліктерін зерттеу;
- Қазақстан экономикасын дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;
- Қазақстан экономикасын қалыптастыру мен дамытудың теориялық
негіздерін ескере отырып, назарға аларлық озық тәжірибелерді іріктеу;
- ұлттық нарықтық инфрақұрылым элементтерінің қызмет ету
ерекшеліктеріне сай оларды дамытуды әдіснамалық зерделеу;
- нарықтық инфрақұрылым мен инновациялық ортада қызмет етуші
субъектілердің белсенділігін бағалау әдістемесін әзірлеу;
- нарықтық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектілері мен осы
инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің экономикалық жағдайын және
инновациялық белсенділіктерін бағалау;
- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және
оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;
- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды
жетілдірудегі ықпалын сараптау;
- ұлттық Қазақстан экономикасын дамытудың экономикалық механизмін
жүзеге асыру тетіктерін анықтау және оларды қолдану аясы бойынша ғылыми
негізделген ұсыныстар беру.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының нарықтық инфрақұрылымы
жатады.
Зерттеу пәніне нарықтық инфрақұрылым элементтерін дамытумен байланысты
экономикалық қатынастар жиынтығы кіреді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне отандық және шетелдік
ғалым-экономистердің инновациялық қызмет, инновациялық жүйе мен нарықтық
инфрақұрылым аясындағы ақыл-ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. ҚР
Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР ұлттық экономиканы
реттеу мен өркендетуге бағытталған заңдық және нормативтік-құқықтық
құжаттары зерттелді және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері, Самұрық-
Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ компаниялар тобының жасаған қызметтері
туралы жылдық есептері, нарықтық инфрақұрылым элементтерінің атқарған
қызметтері туралы деректері, халықаралық және республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференцияның мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеу әдістері ретінде курстық жұмыста жалпы ғылыми зерттеу
әдістерінің экономика-статистикалық және салыстыру, логикалық ойлау,
кешенді сипаттау, сараптамалық бағалау, топтау және басқа да түрлері
қолданылды.

1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Нарықтық инфрақұрылым түсінігі мен негізгі міндеттері

Дүние жүзінде жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге
қабілетті экономиканы қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық
инновациялық жүйесі мен нарықтық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп
отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің
тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне нарықтық
инфрақұрылымның оңды әсер еткенін байқаймыз. Олардың әлемдік нарықтағы
үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге талпыныс
білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен стратегиялық
мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту
өзекті мәселе болып отыр.
Әлемдік экономиканың қарқындап дамуы - адами және интеллектуалдық
ресурстардың нәтижелі еңбегінің жемісі екені белгілі. Қазіргі заман
талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет
сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық
экономикаға өту үрдісі байқалады. Сонымен бірге, табиғи ресурстардың
молдығын пайдалану маңызды болған дәуір өтіп барады, оның орнына
экономиканың технологиялық тұрғыдан дамуын тездету, үдету мақсатында тиімді
тетіктерді қолдану мүмкіншілігі үлкен мәнге ие болып отыр. Арзан, сапасы
төмен еңбекке негізделген өндіріс кезеңі аяқталуда. Дәл қазіргі қоғам –
адамның интеллектуалдық ресурстарына, оның инновацияларды қабылдауы мен
жүзеге асыру қабілетіне негізделген қоғам болып қалыптасуда.
Өнеркәсібі жан-жақты дамыған елдер индустриялдық әлеуеті қалыптасқан
топқа кіреді. Дәл осы топ құрамына кірудің арнайы ережемен белгілемеген
шарттары да бар. Солардың қатарына, өнеркәсіптік өнімнің жылдан-жылға
артуы, тек оның көлемінің ғана емес, сапалық және ассортименттік құрамының
да көбейуі, шикізаттық сектордың жалпы экономикадағы үлесінің қысқаруы
сияқты және басқа да көрсеткіштер бойынша нәтижелі болу жатады. Мұның
барлығы да Қазақстан экономикасын қалыптастыру мәселесіне жете мән беріп,
оны мемлекеттің арнайы стратегиялық мақсаттарының бірі етіп белгілеуді
міндеттейді.
Нарықтық инфрақұрылым - ғылыми идеяның өндірісте қолдау тауып, нақты
өнім, қызмет, жұмыс түрінде көрініс табуына дейінгі барлық кезеңдерді
қамтитын іс-шаралардың жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын, қажетті жұмыстар
мен қызметтерді орындайтын ұйымдар жиынтығынан тұрады.
Нарықтық инфрақұрылымның негізгі міндеті инновациялық өнім өндірумен
(қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен) айналысатын кәсіпорындарға қолдау
көрсету деп топшыласақ, онда Қазақстан экономикасын қалыптастыру
мемлекеттің техникалық, технологиялық, экономикалық, қаржы, әлеуметтік
жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге оның әлемдік экономикадағы
тұғырын көтеруге де, сыртқы нарықтарға шығып, ондағы өзінің

орнын табуға немесе иеленуге де мүмкіндік жасайды деген байламға келуге
болады.
Нарықтық инфрақұрылымның экономикалық маңызы елдің экономикалық даму
стратегиясын айқындаумен, қосылған құны жоғары өнімдер өндірумен, шағын
инновациялық кәсіпкерлікті жандандырумен және басқалармен анықталады (1-
сурет).
Қазақстанның ұлттық нарықтық инфрақұрылымының қазіргі жағдайы әрине
республиканың экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.
Олардың қатарына әлемдік нарықтағы көмірсутек шикізатына бағаның күрт өсуі,
қара және түсті металл өнімдеріне деген жоғары сұраныс, осыған байланысты
қаржылық және коммерциялық кәсіпкерліктің қанат жаюы, еліміздегі табиғи
ресурстарды игеруге қатысы бар халықаралық байланыстардың нығайуы сынды
факторларды жатқызуға болады. Әйтсе де, бұл ерекшеліктер әлі де болса
ұлттық экономиканың біржақты дамып отырғанын көрсетеді. Өйткені тек
шикізатқа ғана бағытталған экономиканың белгілі бір кезеңде құлдырау қаупі
жоғары болатыны белгілі. Бұның салдарын қазіргі кезде орын алған әлемдік
қаржы дағдарысынан да байқау қиын емес.
Зерттеу барысында біз елдегі нарықтық инфрақұрылым оның субъектілерінің
өзара байланысқан түрде тиімді жұмыс жасауына және ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізушілерге кешенді қызмет көрсететін ұйым ретінде
қалыптасуына жеткілікті деңгейде ықпал ете алмай отырғандығын анықтадық.
Атап айтқанда:
- нарықтық инфрақұрылым элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің аздығы.
Бәрімізге белгілі - тәжірибе тек іс барысында шыңдалады, ал инновациялық
орта мен инновациялық нарықтың қалыптаспауы инфрақұрылым элементтерінің
жетілуіне қол байлау болып отыр;
- инновациялық әлеуеті бар аймақтардың географиялық алшақтығы, осыған
сәйкес оларды түгел қамту мүмкіндігінің болмауы. Қазақстан Республикасы
территориясында орналасқан елді-мекендердің бір-бірінен қашық орналасуы
олардың арасындағы экономикалық, шаруашылық, ғылыми, өндірістік
байланыстарды қарқынды түрде жүруіне қолайлы жағдай туғыза бермейді. Сондай-
ақ, еліміздегі өңірлер мен өнеркәсіп салаларының біркелкі дамымауы да
нарықтық инфрақұрылым элементтерін кешенді дамытуға мүмкіндік бермеуде;
- жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің тым төмендігі және
өндірістік сипаты жоқ салалардағы (сауда-саттық, қызмет көрсету, қаржылық
сектор, т.б.) табыстылықтың жоғары болуы. Бұл құбылысты экономистер
экономиканың біржақты дамуы деп атап жүр. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек,
көптеген инновациялардың пайда болуы мемлекеттік емес ұйымдар мен
орталықтардың, өндірістердің ықпалынан және белсенділігінен туындайды.
Яғни, инновацияның пайда болуына мүдделі топтар белсенділік танытуы тиіс.
Ал ұлттық экономикада мұнай-газ, металлургия, отын-энергетика, құрылыс
сынды салалардың шектен тыс жоғары табыстылықты қамтамасыз етуі басқа
салалардың дамуына үлкен тосқауыл болып отырғаны жасырын емес;
- инновацияға бейімді салалар туралы ақпараттың аздығы. Әдетте,
көптеген дамыған елдерде инновацияға қызығушылығы бар тұлғалар үшін
мемлекет инновациялық сипаттағы ақпараттарды таратып, олар үшін жасалған
қолайлы жағдайларды туралы кеңестер беру орталықтарын құрады. Айта кету
керек, Қазақстан Республикасында да елдің инновациялық белсенділігін
арттыруға, инновациялық қызметтер көрсетуге жауапты ұйым бар – ол ҚР Ұлттық
инновациялық қоры. Әйтсе де, бұл қордың қазіргі кезде инновация саласының
шын жанашыры болып отырғаны шамалы. Көбіне инновациялық жобаларды
қаржыландырумен айналысып отырған бұл қор инновацияларға қатысты басқа да
ақпараттарды таратуға, олар туралы кеңестер беруге, ғалымдардың
қызығушылығын оятуға деген талпыныстары әлі күнге байқалмайды;
- елімізде инновациялық нарықтың қалыптаспауы. Басқаша айтқанда, ішкі
нарықта инновацияларды дайындайтын және оларды тұтынатын мүдделі топтардың
және осы бағытта қызмет көрсететін ұйымдар мен орталықтар жүйесінің
дамымауы. Қазіргі кезде еліміздегі нарықтық инфрақұрылым элементтері нақты
өндіріспен байланыс жасамай-ақ өздерінің қызметтерін жетілдіргісі келеді.
Ал өндіріске икемі жоқ инновациялардың сұранысқа ие болуы да екіталай.
Осы айтылғандарды ескеретін болсақ, онда нарықтық инфрақұрылымның
ұлттық экономика үшін тиімділігін қалыптастыратын және нәтижелі жұмыс
жасайтын тетігін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасының ұлттық нарықтық
инфрақұрылымын ел аумағында инновациялық қызметті жүзеге асыратын
мамандандырылған субъектілердің ғана емес, сонымен бірге инновациялық
қызметтің жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын ұйымдардың өзара байланысқан
жүйесі ретінде қарастырған жөн (2-сурет).
Соңғы кездері Қазақстан Республикасының инновациялық даму моделінің
өміршеңдігіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Солардың ішінде ұлттық
инновациялық даму моделінің басқа елдердің модельдерінен көшірілгені,
сондықтан да оның еліміздің экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық
ерекшеліктеріне дөп келмейтіні жиі алға тартылады. Автордың пікірінше,
Қазақстан Республикасында уақыт талабына сай, біздің экономикамыздың
ерекшеліктеріне жауап беретін, ұлттық әл-ауқатымызды өркендетуге мықты
серпін беретін өзіндік инновациялық даму моделі әлі де қалыптаспаған. Біз
көбіне Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Жапония сынды
мемлекеттердің инновациялық даму үлгілерін алып, сол мемлекеттерге тән
ерекшеліктерді еліміздің дамуына пайдалануға ұмтылудамыз. Ал мұндай
тәжірибенің жемісті және нәтижелі болуы екіталай. Ғылыми тұжырымымызды
нақтырақ сипаттау үшін біз әлемнің озық көптеген елдеріне тән инновациялық
даму моделі мен оның Қазақстандағы қалыптасу алғышарттарын 1-кестеде
келтірдік.

1.2 Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері

Нарықтық инфрақұрылымның ұлттық экономикадағы орны мен маңызын анықтау
үшін оның мамандандырылған субъектілерінің қазіргі жағдайы мен инновациялық
белсенділіктері ғылыми тұрғыда бағаланды.
Технологиялық парктер - өнертапқыштарға арнайы маманданған қызмет
түрлерін көрсету аясында инновацияларды ойлап табуға және оларды ендіруге
арналған сервистік және өндірістік база болып есептеледі. Технопарктерде
жаңа әзірлемелерді және қазіргі құрал-жабдықтар өндірісін құру мен игеру
бойынша тапсырыстарды орындайтын серпінді технологиялары бар кәсіпорындар
орналасуы тиіс.
Елімізде 2009 жылға дейінгі кезеңде ұлттық және өңірлік үлгідегі оннан
астам технопарктер құрылып, тіркеуден өткен. Соңғы жылдары өңірлік
технопарктерден Алматы аймақтық технопаркі, Орал қаласындағы Алгоритм
технопаркі, UniScienTech Қарағанды аймақтық технопаркі, Өскемен
қаласындағы Алтай аймақтық ғылыми-технологиялық паркі, Ақтөбе
қаласындағы Ақтөбе аймақтық индустриалды технологиялық паркі, Қызылорда
қаласындағы Қызылорда технологиялық паркі жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктері құрылды. Бұл қатарға жоғары оқу орындарының аумағында
ұйымдастырылған технопарктерді де (Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев
атындағы ҰТУ, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық
университеті) жатқызуға болады. Ал ұлттық технопарктердің қатарына
Алматыдағы Alatau IT City Management ақпараттық технологиялар паркі,
Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі (Атырау қаласы), Тоқамақ
ядролық технологиялар технопаркі (Курчатов қаласы), Ғарыштық мониторинг
технопаркі (Приозерск қаласы), Прогресс биотехнология технопаркі
(Степногорск қаласы) кіреді. Әйтсе де, еліміздегі инновациялық
белсенділіктің төмен болуы технопарктердің санының өспеуіне және
құрылғандарының жұмыс белсенділіктерінің қарқын алмауына себеп болып отыр.
Мәселен, көптеген аймақтық технопарктер инновациялық жобалардың
болмауынан осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырумен емес, қарапайым
дәстүрлі өндірістік жобаларды орындаумен шектеліп жүр. Оған ғылыммен
айналысуға талпынысы жоғары білікті маман кадрлардың тапшылығы,
технопарктерді дамытуға жеке сектор тарапынан жұмсалатын қаражаттың
жеткіліксіз деңгейі, венчурлық қорлардың белсенділігінің төмендігі, отандық
жоғары оқу орындарының жанында ғылыми-зерттеулермен айналысатын
технопарктер санының тым аз болуы, жаңа технологиялық әзірлемелер нарығының
конъюнктурасы жайлы ақпараттың болмауы, қызметі шикізатты өңдеуге
бағытталған технопарктердің қалыптаспауы сияқты мәселелер кері ықпал етуде.
Қазіргі уақытта бұл мәселелердің барлығы да өзінің ғылыми шешімдерін табуды
қажет етіп отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 50-ден астам бизнес-инкубатор қызмет етуде.
Алайда, олардың көбі инновациялық сипаты жоқ, тек кәсіпкерлік ортаға икемді
шағын кәсіпорындарды дайындаумен және оларға қызмет көрсетумен айналысуда,
яғни еліміздегі технологиялық бизнес-инкубаторлар өзінің мақсатты
жұмыстарымен шұғылдана алмай отыр. ҚР Инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдау туралы Заңына сәйкес, олар - инновацияны құру, қорғау құжаттарын
алуға өтінімдерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және
заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсыну
жөніндегі іс-шараны жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады.
Қазақстандық бизнес-инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі
олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті,
атап айтқанда:
1. Көптеген бизнес-инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар
қолдауымен құрылған;
2. Жеке бизнестің бизнес-инкубаторларды құруға деген ынтасының
жеткіліксіздігі;
3. Жоғары оқу орындары базасындағы инкубаторлардың аз болуы;
4. Технологиялық бизнес-инкубаторларды қалыптастыратын және дамытатын
бірден-бір орта – еліміздегі технопарктердің аздығы;
5. Бизнес-инкубаторлармен көрсетілетін қызметтердің шектеулі болуы;
6. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың тиімді дамуына жағдай жасайтын
инновациялық кәсіпкерлік ортасының болмауы;
7. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі және осы аталған мәселелерді шешудің
ғылыми негізделген тетіктерінің қалыптаспауы, т.б.
Ұлттық инновациялық қор АҚ қызметінің басты мақсаты елдегі жалпы
инновациялық белсенділікті арттыруға, соның ішінде жоғары технологиялық
1-кесте – Инновациялық дамудың әлемдік моделі және оның Қазақстандағы
қалыптасу алғышарттары

Инновациялық дамудың жалпыға тән әлемдік моделі Қазақстандағы инновациялық даму алғышарттары және олардың
(АҚШ, Жапония, Финляндия, Ұлыбритания, Германия, қалыптасу реті
Сингапур, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия)
Елдің инновациялық даму стратегиясын айқындау Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы мен
үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыны қабылданды.
Инновациялық дамуды ынталандыратын заңдық-құқықтық ҚР Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы, ҚР
құжаттарды қабылдау арнайы экономикалық аймақтар туралы Заңдары, ҚР 2015
жылға дейінгі технологиялық даму бағдарламасы, ҚР
ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды.
Инновациялық жүйені қалыптастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің
қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған
бағдарламасы қабылданды.
Нарықтық инфрақұрылым элементтерін құру (технополистер, Нарықтық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектілері
технопарктер, инновациялық бизнес-инкубаторлар, құрылды (ұлттық және өңірлік технопарктер, технологиялық
инновациялық қорлар, инжинирингтік орталықтар және т.б.)бизнес-инкубаторлар, Ұлттық инновациялық қор АҚ).
Инновациялық қызметті қаржыландыратын венчурлық қорлар Ұлттық инновациялық қор АҚ қатысуымен отандық алты
құру венчурлық қор құрылды (Сентрас, Әрекет, Адвант,
Almaty venture capital, Glotur Technology Fund, АИФРИ
Center Capital).
Нарықтық инфрақұрылым элементтерін дамытуға ықпал ететінСамұрық-Қазына, Зерде, Арна Медиа, Парасат,
және ынталандыратын арнайы құрылымдарды қалыптастыру ҚазАгро және басқа ұлттық холдингтік компаниялар мен
олардың құрамындағы ұлттық компаниялар және даму
институттары, экономиканың басым бағыттары бойынша
құрылған кластерлер, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациялар, корпоративтік көшбасшы компаниялар, арнайы
экономикалық аймақтар қалыптасты.
1-кестенің жалғасы
Инновациялық дамуға ірі, шағын және орта бизнесті, Алматы Бинес Групп АҚ, ТұранӘлем Секъюритис АҚ,
жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту, Lancaster Group Kazakhstsn АҚ, ЦентрКредит Банкі АҚ,
оларды жеке инновациялық, венчурлық қорларды құруға, Glotur АҚ, Centras Capital Group АҚ венчурлық қорларды
нарықтық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыруға құруға қатысты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев
ынталандыру атындағы ҚазҰТУ, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан МТУ
технопарктерді құрды, сондай-ақ Қазақстанда Ғарыш
индустриясы орталығы, Ұлттық биотехнологиялар орталығы,
ұжымдық пайдаланудың Ұлттық нанотехнологиялық зертханасы,
Ұлттық ғылыми портал пайда болды.
Инновациялар елдің экономикалық дамуының негізі болып Қазақстан Республикасының үдемелі
саналады; индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына сай экономиканы
әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру
арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету үшiн
жағдай жасау ғылыми-техникалық және инновациялық үрдістер
арқылы жүзеге асады, сондай-ақ, 2014 жылға дейінгі кезең
ішінде нарықтық инфрақұрылымдарды  құру және
қолданыстағыларын кеңейту, елдегі кәсіпорындардың
инновациялық белсенділігін 2015 жылға қарай – 10%-ға, 2020
жылға қарай – 20%-ға арттыру, енгізілген жаңа
технологиялар мен жүзеге асырылған
тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің санын  2014
жылға қарай тиісінше  200-ге және  160-қа дейін ұлғайту,
халықаралық танылған патенттер санын 2014 жылға қарай
30-ға дейін  ұлғайту межеленуде.
Елдің экспорттық әлеуеті негізінен инновациялық өнімдер Қазақстан Республикасының үдемелі
мен қызметтерден тұрады. индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында елдiң экспорттық
әлеуетiн қосылған құны жоғары инновациялық тауарлар мен
қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру көзделген.
Ескертпе – Дайындаған автор.

және ғылыми сыйымды өндірістерді дамытуға бағытталған. Әйтсе де, бұл қор
Қазақстанның инновациялық әлеуетінің дамуына қажетті деңгейде ықпалы болмай
отыр.
Оның себебі ретінде қордың елдегі венчурлық кәсіпкерлікті дамыту
тетіктерін ұсына алмауын, отандық ғылыми зерттеулерді дайын өнімге дейін
жеткізетін ғылыми-өндірістік тізбектің қалыптаспауын, қоғамда ғылымға деген
қызығушылықтың төмендігін, қордың қатысуымен құрылған инновациялық
жобалардың қажетті тиімділікті көрсетпеуін және жоғарыда автормен
анықталған, нарықтық инфрақұрылымның басқа субъектілеріне тән мәселелерді
көрсетуге болады.
Қазақстанның ұлттық нарықтық инфрақұрылымының бүгінгі жағдайына
жүргізілген сараптаулар нәтижелері жыл өткен сайын Қазақстанның ғылыми-
техникалық әлеуетінің қарқындап өсіп емес, төмендеп келе жатқанын көрсетуде
(2-кесте). Мәселен, ЖІӨ ғылыми сыйымдылығы 2006 жылғы небәрі 0,24% болса,
2008 жылы одан да төмендеп, 0,22%-ға теңесті. Әйтсе де, жеке сектордың
ғылыми-техникалық бағыттағы белсенділігінің біртіндеп артуы байқалады.
Яғни, жеке капиталдың ғылыми-техникалық қызметке бағытталған жалпы шығындар
сомасындағы үлесі 50%-дық деңгейден асып, 2008 жылы 56,4%-ға жетті. Сондай-
ақ, ЖІӨ-дегі инновациялық өнімнің үлес салмағы да төмендегені байқалады,
оның деңгейі 2006 жылғы 1,53%-дан, 2008 жылы 0,69%-ға дейін кеміді. Мұны
экономиканың шикізаттық секторының әлі де болса тартымды болуымен
түсіндіруге болады.

2-кесте – Қазақстанның ғылыми-техникалық саладағы бүгінгі әлеуеті

№ Көрсеткіштер Жылдар
2006 2007 2008
1 ЖІӨ ғылыми сыйымдылығы, % 0,24 0,21 0,22
2 Ғылыми-техникалық салада қызмет етуші 0,26 0,23 0,21
халық саны бойынша ЖІӨ ғылыми
сыйымдылығы, %
3 Мемлекеттік капиталдың ҒТҚ бағытталған 57,6 51,1 43,6
жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %
4 Жеке капиталдың ҒТҚ бағытталған жалпы 42,4 48,9 56,4
шығындар сомасындағы үлесі, %
5 Инновациялық өнімнің ЖІӨ үлес салмағы, %1,53 1,19 0,69
6 Ғылыми сыйымды сала өнімдерінің ЖІӨ үлес2,4 2,0 1,3
салмағы, %
7 100 мың адамға шаққандағы патенттелген 38 38 39
дайындамалар саны, дана
Ескертпе – ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген.

Нарықтық инфрақұрылым қызметінің тиімділігі елдегі ғылыми ортаның нақты
жағдайымен тікелей байланысты екендігін ескере отырып, оған арнайы зерттеу
жұмыстары жүргізілді (3-кесте). Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, ғылыми
зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар көлемі жыл санап
ұлғайғанымен, ЖІӨ шаққандағы үлестік көлемі соңғы екі жыл көлемінде
төмендеп отыр. Ол ЖІӨ қарқынды жоғарылауымен емес, ғылымға жұмсалатын
шығындардың баяу өсуімен байланысты.
Сондай-ақ, ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын
ұйымдарға тиесілі қаражат көлемінің 2008 жылы 2007 жылға қарағанда небәрі
2,1% артқанын аңғарамыз. Мұның өзі аталған ұйымдардың ғылыми
белсенділігінің әлі де төмен екендігін білдіреді.

3-кесте – Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы

№ Көрсеткіштер Жылдар
2006 2007 2008
1 Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге 10213,7 12849,8 16052,9
2 Ғылыми зерттеулер мен 24,8 26,8 34,8
әзірлемелерге жұмсалған
шығындар, млрд. теңге
- ЖІӨ шаққанда пайызбен, % 0,24 0,21 0,22
3 Ғылыми зерттеулер мен 437 438 421
әзірлемелерді орындаған ұйымдар
саны, бірлік
4 ҒЗӘ-мен айналысатын персонал 19563 17774 16304
саны, адам
- с.і.: ғылым докторлары 1157 1166 1191
- ғылым кандидаттары 3147 3058 2861
5 ҒЗӘ-мен айналысатын ұйымдарға 19247,7 18782 19177
тиесілі қаражат көлемі, млн.
теңге
6 ҒЗӘ-ді жүргізуші персоналдың 51400 64108 81810
орта айлық жалақысы, теңге
7 Жоғары білім жүйесіндегі 36007 45557 50877
қызметкер-лердің орта айлық
жалақысы, теңге

Қазақстандағы ғылыми-техникалық дамуға жүргізілген талдау елдің
инновация саласындағы белсенділігі біртіндеп кеміп, 2008 жылғы мәлімет
бойынша тек 4,0% құрағанын көрсетті (4-кесте).

4-кесте – Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметтерінің негізгі
көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер Жылдар
2006 2007 2008
1 Респонденттер саны, барлығы 10591 10889 11172
- с.і.: инновациясы бар 505 526 447
инновация саласындағы белсенділік 4,8 4,8 4,0
деңгейі, %
- инновациясы жоқ 10086 10363 10725
инновация саласындағы енжарлық деңгейі,95,2 95,2 96,0
%
2 Инновациялық өнімдердің ЖІӨ-гі үлесі, %1,53 1,19 0,69
3 Инновациялық өнімдердің өнеркәсіптік 2,4 2,0 1,3
өндіріс көлеміндегі үлесі, %
4 Ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық 724 763 745
бөлімшелердің саны
- осы бөлімшелердегі қызметкерлердің 11472 9375 10781
тізімдік саны, адам

Елімізде мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға қарамастан
инновациялық белсенділікті арттыру әлі де мүмкін болмай отыр. ЖІӨ-дегі жаңа
ғылыми өнім үлесінің соңғы жылдары күрт кеміп, 2008 жылы небәрі 0,69%-ға
тең болса, кәсіпорындардың ғылыми өнімдер өндіру жөніндегі белсенділігі де
2006 жылғы 2,4% деңгейден 2008 жылы 1,3% мөлшеріне дейін төмендеген. Бұл
ғылыми-техникалық қызметтің елдің экономикалық дамуына әлі де негіз бола
қоймағанын аңғартады. Әлемнің көптеген елдерінде елдерде бұл көрсеткіш өте
жоғары. Мәселен, АҚШ-та 50%, Түркияда – 33%, Венгрияда – 47%, Эстонияда –
36%. Сондай-ақ, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жаңа білімдері
мен ғылымның негізінде туындаған жетілдірілген технологиялар, өнімдер,
жабдықтардың үлесіне ЖІӨ өсімінің 70-тен 85%-іне дейін келеді.
Қазақстан өңірлерінің инновациялық белсенділігі де әр алуан болып отыр,
өйткені ол қолда бар ғылыми-техникалық, қаржылық, еңбек ресурстарға және
оларды пайдалау мүмкіндіктеріне байланысты. Сондықтан, өңірлердің
инновациялық белсенділігі олардың инновациялық әлеуетіне байланысты
қалыптасуда және де әртүрлі деңгейді көрсетіп отыр.
Төмендегі 3-суреттің мәліметтеріне сүйене отырып, еліміздегі өңірлерді
инновациялық белсенділіктері бойынша үш топқа бөліп қарауға болады:

3-сурет – Қазақстан Республикасының облыстары бойынша кәсіпорындардың
инновациялық белсенділік деңгейі, %

- төменгі деңгей, бұл топқа Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай,
Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы жатады;
- орта деңгей, бұл топқа Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс
Қазақстан облыстары кіреді;
- жоғары деңгей, бұл топқа Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары
мен Алматы қаласы енеді.
Қазақстанның жаһандық инновациялық-технологиялық саладағы бүгінгі
деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер еліміздің әлемдік деңгейден көп төмен
екенімізді көрсетіп отыр (5-кесте).

5-кесте - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ SMART CITY ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Инновациялық қызметті реттеу
Аймақтық саясат
Шағын бизнесті қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат
Экономиканы реттеу құралдары
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Аймақты дамытудағы жүргiзiлген инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгi
Пәндер