Банктің несиелік жүйесінің тиімділігін арттыру жолдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 НЕСИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 4
1. 1 Несие берудің негізгі түсініктері, қағидалары мен әдістері . . . 4
1. 2 Несие беру шарттары . . . 10
1. 3 Несие беру әдістері және ссудалық шоттар формалары . . . 12
2 ОТАНДЫҚ НЕСИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ . . . 13
- «Цеснабанк» АҚ қаржылық қызметіне сипаттама . . . 13
- «Цеснабанк» АҚ несиелік портфелі құрылымын талдау . . . 21
- Кепілмен қамтамасыз ету бойынша несие құрамын талдау . . . 27
3 Банктің несиелік жүйесінің тиімділігін
арттыру жолдары . . . 31
Қорытынды . . . 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . …… . . . ……… . . . . . . 34
Кіріспе
Кәсіпорын мен ұйымға, сондай-ақ халыққа несие беру банк қызметінің дәстүрлі түрлеріне жатады. Қазақстан Республикасының әкімшілік-әміршіл экономикада нарықтық экономикаға көшу процесінде банк операциясының бұл түрі заңды тұлғалар арасында да, жеке тұлғалар арасында да кең таралуда.
Несиелік салымдардың қазіргі құрылымында қысқа мерзімді несиелер басым. Қазіргі кезде несиелік салымдардың жалпы құрамында қысқа мерзімді несиелердің басым болуы коммерциялық банктердің елдегі экономикалық тұрақсыздық, инфяциялық процесс жоғары болғандағы қысқа мерзім ішінде пайда табу және қаражатты жаратуға бағытталуына байланысты.
Жалпы алғанда, несие берудің қалыптасқан жүйесі ішінде несие берудің ескі де, жаңа да, формалары бар жаңартылған жүйе болып табылады. Белгілі мағынада алсақ, несие берудің қазіргі жүйесі ескі жүйе қалдықтары сақталып, нарықтық қатынастарға сәйкес жаңа элементтер енгізіліп келе жатқан өтпелі жүйе болып табылады [19] .
Бұл жұмыстың мақсаты - Қазақстандық банктердің несиелік операциялары саласындағы негізгі ағымдарды, банктердің заңды және жеке тұлғаларға несие беру ерекшеліктерін; несие беру қызметінен банкке түсетін түсімді көрсету; «Цеснабанк» АҚ Қостанай филиалының несиелік портфелі құрылымына жасалған талдауды мысалға ала отырып, несие берудің әртүрлі формаларына сұранысқа талдау жасау; несие операцияларын өткізуден келетін қауіпті төмендету бойынша шаралар ойластыру.
Аталмыш мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттер алға қойылып, шешіледі:
- Қазақстандық банктердің несие беру механизмін толығымен игеру;
- Қазақстандағы несие нарығының даму түрлерімен ерекшеліктерін, аймақтар бойынша, оның ішінде Қостанай бойынша оның жағдайын қарастыру;
- шетелдік банктердің Қазақстандағы несие нарығына ықпалын бағалау;
- банктің несиелік саясатын анықтайтын ережелер жасау;
- несие процессін басқаруды ұйымдастыруды қарастыру;
- Қазақстан Республикасында несие нарығын дамытуды арттырудың негізгі бағыттарын және «Цеснабанк» АҚ Қостанай филиалының несиелік қызметін жетілдіру жолдарын анықтау және қалыптастыру.
1 НЕСИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Несие берудің негізгі түсініктері, қағидалары мен әдістері
Несиелік операция - несие берушінің қарыз алушыға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдық шартымен ақша-қаражаттарының белгілі сомасын беруі жөніндегі олардың арасындағы қатынас. Банктің несиелік операциялары активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде; ал, пассивтік операциялар банк қарыз алушы, клиент несие беруші ролін атқарған кезде туындайды. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі формасы бар:ссудалар мен депазиттер.
Бірінші қызметке банктің пассивтік несиелік операциялар, яғни дипазит формасындағы операциялар жатады. Банктердің активті ссудалық операцияларын қарастырып көрейік. Кәсіпорындар, фирмалар, концеріндер өздерінің тауарлық қорларын толтыру, еңбек ақы төлеу, құрал-жабдық сатып алу және т. б. үшін; ауыл шаруашылық кәсіпорындары, фермерлер тұқым, жанар-жағармай материалдары мен тыңайтқыштар сатып алған шығындарын жабу үшін; ал бір рет тұтынушылар (халық) - автомобиль, үй, ұзақ пайдаланатын тауар сатып алу үшін ссудалар алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы ссудаларды негізінен жинақталған ақша қаражаттарын (депозиттік және депозиттік емес) табыс түсіру үшін тарататын коммерциялық банктерден алады.
Өз клиенттеріне ссуда бере отырып, банкттер ақша-қаражаттарын салымшыларын алып, қарыз алушыға бере отырып, қаржылық делдал ролін атқарады. Банктердің бұл қызметі несие қатынастарына қатысушылардың (салымшылар, қарыз алушылар, банк) бәріне тиімді. Осы жағынан екі жақты мүдде көрінеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Несиенің екі формасы бар: ақшалай және тауарлық. Сәйкесінше несие берудің екі түрі бар:
1) тікелей банктік, онда шаруашылық субъектлердің несиелік қатынастары басынан бастап, банкпен қатынас ретінде туындайды;
2) жанама несие беру, онда алдымен шаруашылық субъектілері арасында несиелік қатынастар туындап, кейін банкпен қатынасқа ауысады.
Тікелей банктік несие беруде несие беруші ссуданы тікелей қарыз алушыға береді. Несие беруші - банк, қарыз алушы - шаруашылық субъект болады. Банк аралық несиеде несие беруші де, қарыз алушы да банк болады, яғни бір банк екіншісіне несие береді.
Коммерциялық несие беруде несие беруші де, қарыз алушы да - шаруашылық субъект болады, яғни бір кәсіпорын екінші кәсіпорынға тауар формасында береді, бұл мәміле вексельмен ресімделеді, яғни қарыз алушы несие берушіге вексель береді. Вексель - тауар формасында несие алғанын растайтын құжат.
Ары қарай несие беруші банкке сол вексальді кепілге алып ақша беруін сұрайды. Сөйтіп, коммерциялық несие банктік несиеге айналады. Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын әртүрлі белгі бойынша топтастыруға болады: мерзім бойынша қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орташа мерзімді (1 жылдар 5 жылға дейін) ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) ; қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілмеген (бланктік, яғни қамтамасыз етілмеген және қарыз алушы сеніміне негізделген) және қамтамасыз етілген; банк роліне байланысты (немие беруші, қарыз алушы) - активті және пассивтік ссудалық операциялар (активтік - бұл клиенттер мен басқа банктерге несие беру; пасиивтік - орталық банк немесе басқа коммерциялық банк банктерге банк аралық несие алу) ; несие беру мақсатына қарай - негізгі капиталды ұлғайтуға берілген ссудалар, жиынтақ капиталды қаржыландыруға берілген ссудалар, тұтыну мақсатына берілген ссудалар.
Несиелік операциялар басқадай белгілері бойынша да топтастырылады: қарыз алушылар типтері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, ссуда мөлшері бойынша, ссудалық шотты ашу шарттары бойынша және басқалалары. Мысалы, қарыз алушылар типтері бойынша ссуда мынадай түрлерге бөлінеді:ссуда-өнеркәсіптік,, қозғалмайтын мүлік кепілдікке қойылған, жеке тұлғаларға берілген, үкіметтік бағалы қағазға берілген, ауылшаруашылық қаржылық ұйымдарға берілген, т. б.
Несиені пайдалану сипатына қарай өндіргіш деп (халықтың тұтыну қажеттілігін қанағаттандыруға) бөлуге болады. Ондай топтастыру формальды белгілерге негізделеді. Шетелдердің экономикалық әдебиетінде несие мен несиелік операцияларды бірыңғай топтастырмайды.
Банктердің несиелік операциялары жасалған несиелік келісім негізінде жүзеге асырылады, онда банктер мен клиенттердің өзара қатынасы, ссуда беркдің барлық шарттары реттеледі. Несиелік келісім шарттары әр нақты кезеңде коммерциялық банк жүргізетін несие саясатына тәуелді болады. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің қайтарымдылығы және несие берудің басқадай қағидаларын қадағалаумен қамтамасыз етуі тиіс болса, банктер несие мөлшерін реттеу тәртібі, оларды бөлу және өтеумен қамтамасыз етуге тиіс. Несиелік саястаттың құрамдас бөлігі проценттік саясат.
Коммерциялық банктер несиелік келісімде қарастырылған шарттарға сәйкес несиені пайдалануға бақылау жүргізуге, инженерлік және басқадай тексеріс өткізуге, несиелік келісім шартын бұзған ссуда алушыларға экономикалық ықпал ету шараларын жүргізуге міндетті. Әрине, шешуші рольді бекітілген уақытта қайтару және несие төлеу иеленеді. Бұл қағидалар болмаса, несие өзінің мәні мен маңызынан айырылады. Сондай жағдайлардан болып, банк ссудалары көпке дейін мемлекеттің кәсіпорындар мен ұйымдарға берілетін қайтарымсыз және тегін дотацияға айналып келді. Бірақ, республикада жүргізіліп келе жатқан банктік реформа ең әуелі экономикалық категория ретіндегі несие позициясы мен несие берудің негізгі қағидаларын орнына келтіруге бағытталған.
Қазір ссудаларды қамтамасыз ету түсінігі жаңаша көрінуде. Әр берілген ссуда нақты материалдық жағынан қамтамасыз етілуге тиіс деп саналып келген. Қарыз алушылардың несиені бекітілген уақытында қайтаруының нақты мүмкіндіктері ескерілмеді. Қазір клиенттің өтімділігіне, оның өз міндеттемелерімен есеп айырысу қабілетіне көбірек назар аударылады. Бұл аналитикалық жұмысқа экономикалық аппараттың жаңаша қарауын, оның жұмыстың формальды әдістерінен қызмет көрсетуші шаруашылық органдар ісін жақсы білу негізінде несие қағидасын ойластырып жүзеге асыруға бет бұруды талап етеді.
Ссудаларды қамтамасыз ету банктер активтерін сақтау және пайда түсіруге кепілдік беру үшін қажет. Несиемен қамтамасыз етудің маңызды түрлері:
Кепілдік - қажет болғанда кепілші банк алдында қарыз алушының қарызын төлеу міндетін мойнына алатын біржақты міндеттемелері бар келісім.
Кепіл - кепілдік жағдайда тап болғанда кепілге алған тұлға үшін кепілшінің белігілі соманы төлеу міндеттемесі.
Кепілдік құқық - бұл бөтен қозғалмалы мүлікке, жер учаскесіне, құрылысқа заттық талап және егер қарыз алушы өз міндеттемелерін өтей алмаса, кепілге қойылған мүлікті сатудан өтемақы алу құқығына талап қою; несиемен қамтамасыз етуде ипотека мен жер учаскесі және құрылысқа ерекше кепілге қою құқығы ретіндегі қозғалмайтын мүлік міндеттемесіне ерекше мән беріледі. Оларды кепілге қоя отырып, иесі несие алады.
Несиені қамтамасыз етудің материалдық формасына жер, бағалы қағаз, тауарлық-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және басқалар жатады. Клиенттерге ссудалар беру үшін банкте ссудалық шоттар ашылып, оларда несие берудің әрбір объектісі бойынша ссудалар есебі жүріледі.
Ссуда беру үшін банктер алдымен қарыз алушының беделін зеттеуге тиіс, оған ссудаларды немесе бұрын өтелген ссудалардың мерзімінде өтелуі, басқа міндеттемелерге қатынасы, қарыз алушы балансының өтемділігі мен несие мақсатының дұрыстығы (тиімділігі) жатады.
Ссуданы пайдаланған үшін төлейтін төлем (процент) мөлшері оны пайдалану мерзімі, қарыз алушының төлемқабілетсіздік қаупі, несие реурстары үшін төлем, объект сипаты, бәсекелес банктер ставкалар және басқадай факторларға сәйкес анықталады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарға несие берудің қазіргі моделі төмендегілерге негізделетін жүйе түрінде көрсетілген:
- несие беру субъектілері;
- несиені қамтамасыз ету;
- несие беру объктілері.
Несие берудің бұл базалық элементтерін бір-бірінен бөлуге келмейді. Егер осылардың әрқайсысы бір-бірін толықтырса, несие беру бойынша банк қызметінде табысқа жетеді, несие мәселесінің сенімділігі артады. Екінші жағынан бірлікті бұзуғадеген талпыныс жүйені бұзады, банк ссудаларының қайтарылымдылығына нұқсан келтіру мүмкін. Экономиканы орталықтандырып басқару қағидаларына негізделген бұрынғы жүйе несие беру объектісіне баса назар аударғаны белгілі. Егер несие беру объектісі бар болса, ол кәсіпорын немесе ұйымға банк ссудаларын алуға құқық береді [18] . Ондай объект әрқашан табылады: меншікті және қарыздық қаражаттарды үнемдеуге мүдделі емес кәсіпорындар тауарлық-материалдық құндылықтардың артық нормативтік қорын жинақтады, артық өндірістік шығын шығарды, сөйтіп жалпы қосымша қаржы тартуды қажет етті. Көбнесе бұл сапалы тауарлық-материалдық құндылықтар; қосымша көмекті шаруашылық ұйымдардың объективті қажет етуі болды; несие беру объектісіне басым назар аударатын банк үшін осы жеткілікті болды, бірақ, несиелік операциялар сенімділігін нығайту үшін бұл жеткіліксіз болды. Демек, несие беру субъектісін оның несиелік қабілетін есепке алмай-ақ, несие беру объектісіне несие автоматизмі несиені қайтаруды кешіктіруге, ақрында қарызды кешіріп, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қарыз алушының ссудалық қарызын жоюға әкеп соқты. Қазіргі кезде нарықтық экономикаға көшуге байланысты банктер үш іргелі элементті біртұтас жүйе ретіде қарастырады. Бұл қарыз алушыға несие беруге, несиені қайтармау қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қысқасы ссудаларды ресми статусы бар банктер жүзеге асырады. Ресми статус банк ашуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген рұқсатқа және банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияға сәйкес жүзеге асыралады.
Несие беру процесінде банктер нарықтық қатынастар қалыптастыруға, қоғамдық өндіріс эффективтілігін көтеруге, егеменді мемлекет экономикасы мен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өсуіне шектеу қоюға, құнсыздану процессінің бетін қайтаруға және ұлттық валюта-теңгені нығайтуға жан-жақты ықпал етуге міндетті.
Приоритеттік тәртіпте банктер ссудаларды өндіріс эффективтілігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, жаңа эффективтілігі жоғары өнім түрлерін шығаруды ынталандыруға, халыққа әртүрлі қызмет көрсетуге, халық үшін тауар өндіруге және экспортқа байланысты мақсаттар мен шараларға береді. Мұнда олар нарықтақ құрылымды қалыптастыруға, кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге, сауда сатып алу операцияларын ұлғайтуға белсенді түрде қолдау көрсетуге, осы мақсаттарға көбірек ссуда беруге тиіс.
Ссудаларды жоспарлау, беру және өтеумен, проценттік ставкаларды ұлғайтумен немесе азайтумен байланысты барлық мәселелерді қарыз алушылар өзара міндеттеме мен экономикалық жауапкершілікті анықтайтын несиелік келісім негізінде банктердің жергілікті мекемелерінде шешеді.
Қысқа мерзімді несие беруді банктер мақсаттық бағыты бойынша ссудалардың төлемдік, мерзімдік, қайтарымдылық және пайдалану шарттарымен коммерциялық негізде жүзеге асырады. Банк мекемелері өздерінде бар несиелік ресурстар көлемінде қысқа мерзімді несие беру үшін ссудалар береді. Егер ссуада беру мәселесін банктің құрылымдық бөлімшесі (филиал, өкілдік, еншілес банк) шешсе және оны беру күмән тудырса, онда бөлімше қорытынды жасап, ақырғы шешімді шығар үшін жоғарғы банкке береді.
Ссуда беру белгіленген мөлшер көлемінде жүзеге асыралады, оны материалдық қор жинақтауға қажеттілікті анықтау, өнім өндіру мен сатудың болжанған көлеміне сәйкес шығындарды тексеру негізінде қарыз алушымен бірге банк мекемесі анықтайды. Ссудалар тауарлық-материалдық құндылықтар қорының нақты жинақталу және олардың айналым мерзіміндегі, бірақ 12 айдан көп емес уақытта шығындардың өсу мөлшеріне қарай беріледі.
Банктік несие - бұл қайтару шартымен банктер қарыз алушыларға ақша қаражаттарын беру кезіндегі экономикалық қатынастар. Бұл қатынастар құнның (ссудалық капиталдық) банктен (несие берушіден) ссуданы қарызға алушыға (дебиторға) қарай және кері қозғалуын белдіреді.
Классикалық банк ісі тұрғысынан алғанда несие беру субъектісі экономикалық, оның ішінде несиелік мәміле жасауға материалдық және басқадай кепілдіктері бар, қабілетті жеке тұлғалар, не заңды тұлғалар. Мұнда банкке сенегтін, белгілі материалдық және құықтық кепілі бар, несие үшін процент төлегісі және оны несие мекемесіне қайтарғысы келетін, несиенің кез-келген субъектісі қарыз алушы бола алады.
Ссуда алу субъектісі жәке тұлға, кәсіпорын, фирмадан бастап, мемелекетке дейінгі әртүрлі деңгейде болу мүмкін. Біздің шаруашылық нарықтық экономикаға көшкенге дейінгі кәсіпорындар мен ұйымдар салалар бойынша бөлінеді: өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылысытық кәсіпорындар, сауда дайындау, сату-өткізу ұйымдары. Біртіндеп мұндай топтастырудан бас тартты және қазір несие беру субъектілері төмендегіше топтасады:
- мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
- кооперативтер;
- жеке қызметпен айналысатын азаматтар, жалға алушылар;
- басқадай банктер;
- билік органдары, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қосқандағы басқадай шаруашылықтар.
Несиелерді алу субъектлері бойынша бөлу несие беру жүйесінде топтастырудың тағы бір түсінігін тудырады, ол - несие түрі. Несие түрі экономикалық және ұйымдастыру қатынасындағы әртүрлі мәмілеге тән қасиеттер жиынтығын көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық қасиеті - бұл несиенің өзінің қасиеттері, олар бірыңғай (қайтарымдылық, төлемділік) . Ұйымдастыру қасиеті әр жағдайда әртүрлі болып келеді - ссуданы беру және өтеу тәртібі басқаша болуы мүкін. Салалық бағытқа сәйкес өнеркәсіптік, сауда, банк аралық несиелерге бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та ссудаларды топтастыру жүйесінде ауылшаруашылық ссудалары ерекше бөлініп шығады (18, 186-бет) .
Әрбір жағдайда несие түрлерінің оларды беру және өтеу тәртібін реттейтін инструкциясы болады. Несие түрлері оларды алу субъектлері бойынша ғана емес, басқа белгілер бойынша да айырықшаланады. Оларға мыналар жатады:
- несиенің капитал қозғалысымен байланысы;
- несиені қолдану сферасы;
- несие мерзімі - қысқа мерзімді несиелер (1 жылға дейін), орташа мерзімді (1 жылдар 3 жылға дейін), ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары)
Негізінен банктер қысқа мерзімді несиелер береді, өйткені оның қаупі аз, оның үстіне шетел валютасымен берілсе, несие төлемді, қамтамасыз етілген болады.
Соңғы кезде несиенің овердрафт деген түрі кең таралған. Ол 10 күнге дейінгі мерзімге берілетін сенімдік несие (кепілмен қамтамасыз етілмеген) .
Негізінен, банктер шағын және орташа бизнес субъектлеріне 1 жылға дейінгі қысқа мерзімге несие береді. Бұл қарыздық қаражатты мақсатты түрде қолданумен байланысты, өйткені шағын бизнес субъектлері несиені негізінен банктен айналымдық қаражатты толтыруға алады.
Тар мағынада алғанда, объект - бұл ссуда беруде және несиелік мәміле жасауға негіз болатын зат. Банктік несие беру объектісі жеке және жиынтық болуы мүмкін. Егер несие берілетін «нәрсе» басқа ссудалардан айрықшаланса, ол жеке болады. Мысалы, банк өз клиентінің ыдыс, шикізат немесе дайын өнімді жинақтаумен ғана байланысты қажеттіліктеріне несие беру мүмкін. Кей жағдайда несиелердің жалпы құрамында шикізат қорына берілген емес, оның қандай бір белгілі түрі, н жинақтаумен байланысты ссудалар бөлініп көрсетіледі.
Жеке объектіге тікелей қарама-қарсы жиынтық объект, онда несие бір-бірінен айрықшаланбай, бір объектіге біріккен көптеген объектлерге беріледі. Ссуда материалдық объект қалыптастыруға берілуі міндетті емес, қарыз алушыдан натурал-заттық түрде ссуда алынатын нәрсе мүлдем болмауы мүмкін. Мұнда объект - қарыз алушының қосымша ресурстарға қажеттілігі болады. Сондықтан, кең мағынада алғанда, объект материалдық күйдегі затты бүлдіріп ғана қоймай, ссудаға қажеттілік тудыратын және үздіксіздігімен жеделдігін қамтамасыз ету үшін несиелік мәміле жасалған материалдық процесс те болады. Бұл жағдайда кәсіпорынның жеке қаражаттары мен түскен түсімдер ағымдағы түсңімді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болған кезде төлемдік айналымдағы уақыт айырмасы болады. Несие беруші банктер үшін мұндай ссудалар көбірек қауіп төндіреді, кейде банкке ұзақ уақыт қайтарылмайтын, оның несиелік портфелін төмендететін, қарыз алушының қабілетін күшейту қажеттілігін тудыратын күрделі (мәселелі) несиелер қатарына ауысады.
Несие берудің қазіргі жүйесінің ерекшеліктері.
Банктік ссудаларды топтастыру несие беру қағидаларымен тығыз байланысты. Несие берудің қазіргі жүйесінің басты талабы - несиенің мақсаттық сипаты, ссуданың толықтығы мен қайтару мерзімі, олардың қамтамасыз етілуі. Несие берудің жалпы экономикалық қағидаларына дифференциалдық қағидасы жатады. Ол субъект, объект ретінде несие беруге, сондай-ақ, ссудамен қамтамасыз етуге әртүрлі көзқарастарды білдіреді.
Қазіргі кезде объект, субъект және қамтамасыз ету сапасына ғана емес, маржа деңгейіне, несиелік операциялдар түсімділігіне, қауіп-қатерді төмендетуге сенімді баға беруді талап ететін тиімді несие беру қағидасының маңызы зор. Несие беру технологиясын, ссудада беру және өтеу ережелерін, несие операцияларына талдау жасау және ағымдағы қадағалау маңызды болып отыр [15] .
Коммерциялық кәсіпорын түрінде қызмет атқара отырып, банктер несие беру бойынша олардың қызметінің барлық жүйесіне коммерциялық сипат береді. Банктік шаруашылықтың пайдалылық қағидасына негіздей отырып, банктік ссудалар төлемді болып табылады. Бірақ, мәселе мұнда емес. Банктер сауда кәсіпорны ретінде ең әуелі өз ресурутарын несиелік операцияларға жұмсай отырып, сатады. Сондықтан да, ең әуелі ірі несиелік институт ретіндегі банктер үшін қалыпты шаруашылғында (дағдарыссыз) несиелік операциялардан түсетін табыс негізгі болып саналады. Банктің несиелік өнімінің мөлшері тек оның меншікті қаражаттары көлеміне ғана емес, тартылған ресурстарға да тәуелді. Қазіргі нарықтық жүйеде банк өз клиенттерінің қаражатын қосымша тартқан кезде ғана көбірек көлемдегі қаражатпен сауда жасай алады. Банктер ресурстарды өздері үшін емес, басқалары үшін тарататын болғандықтан, ақша-қаражаттарының қайтарымының бас кезінде жинақталған массасы неғұрлым көп болса, несиелік өнім көлемі соғұрлым жоғары болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz