Мысыр мемлекетінің туризм статистикасының көрсеткіші


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Туризм кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
МЫСЫРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМІ
Орындаған
3 курс студенті Асабаева М. К
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші Алиева Ж. Н
(қолы, күні)
Норма бақылаушы Байжокенова А. М.
(қолы, күні)
Кафедра
меңгерушісі Артемьев А. М.
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Мысыр туралы жалпы мағлұмат
- Географиялық орны, климаты . . . 4
- Экономикалық жағдайы халқы, тілі . . . 8
1. 3 Мемлекеттің мерекелері және фестивальдары. Мәдениеті . . . 9
1. 4 Мысырдың дамуының тарихи кезеңдері . . . 14
2 МЫСЫР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
2. 1 Тарихи туристік объектілер . . . 16
2. 2 Мысыр мемлекетінің туристік орталықтары . . . 18
2. 3 Мысыр мемлекетінің туристік инфрақұрылымы . . . 23
2. 4 Ұсынылатын туристік бағыттар . . . 28
2. 5 Мысыр мемлекетінің туризм статистикасының көрсеткіші . . . 32
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34
Қосымшалар . . . 36
Кіріспе
Жалпы туризмнің шығу тегі еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуына және бос уақытын өзкізуіне негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналды.
Бұл мәселеге Мысырда туризмнің дамуына мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге жақсы көңіл бөлген.
ХХ ғасырдағы әлемдік нарықта Мысырдың тур өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1976 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Мысырдың ХХ ғасырдың аяғындағы экономикасындағы туризмімен салыстырғанда қазіргі экономикасында туризм рөлі артып, үздіксіз өсуде.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды саласы ретінде (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т. б. ) қандай бір мемлекет болмасын ішкі және сыртқы экономикады зор ықпал етеді. Бұдан туризмнің өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи -географиялық, әлеуметтік - экономикалық, тарихи, діни және саяси - құқықтық
Міне осы мақсатта курстық жұмыстың негізгі арқауы және бұл бағытты зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жұмыстың мақсаты: қазіргі Мысыр халықаралық туризмі және туризм саласындағы жетістіктер мен алға қойылған мақсаттары зерттеулер жүргізіп өз тұжырымдамаларды жеткізу. Сонымен қоса курстық жұмыстың мазмұнын ашу.
Курстық жұмыс нысаны: Мысырдың туризм саласының даму қарқынын және мемлекет деңгейіндегі туризмді дамытуға қойылған мақсаттары мен міндеттері болып отыр.
Жұмыстың құрылымы: Негізгі бөлім: Дүниежүзілік туризм ұғымы және экономикадағы ролі: Туризм ұғымы және түсінігі, Туризмнің әлемдік экономикадағы орны; Мысыр туризмі және туризмді дамытудың негізгі бағыттары: Мысыр туризмінің халықаралық аренадағы ерекшеліктері, Мысырдағы халықаралық туризмді дамытудың негізгі бағыттары.
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Туризм индустриясы - материалдық-техникалық базалардың құрылуын, туристік рекреациалық ресурстардың пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтердің айырбасталуын, қолданылуын, материалды және материалды емес сфера өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.
1 Мысыр туралы жалпы мағлұмат
- Географиялық орны, климаты
Мысыр Араб республикасы - демократиялық мемлекет. Мемлекеттік дін ислам болып саналғанымен, бұл мемлекетте дін таңдау бостандығы бар. Мемлекетті алты жылға халықпен сайланатын президент басқарады. Заңды билік Ұлттық Жиынға жатады. Оның мүшелері жиналыспен, ал кейбіреулерін президенттің өзі сайлайды.
Мысырлықтардың 80%-на жуығы бұрынғы перғауындар дәуірі Мысырлықтарының тікелей ұрпақтары болып саналады.
Халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Өндірістің негізгі түрлері бұл - текстильді және өндірістік, сонымен қоса ауыл шаруашылығын өңдеу. Ақша келу арналарының негізгісі болып туризм саналады.
Мысырдың кереметтерінің бірі бұл - Ніл өзені. Нілдің оңтүстігінен солтүстігіне қарай перғауындар дәуірінің маңызды ескерткіштері орналасады.
Каир аумағында: Гизада орналасқан Әлемнің қазіргі уақытқа дейін сақталған Жеті кереметтерінің бірі - Мысыр пирамидалары, Саккара - патша некрополі;
Орталық Мысырда: керемет базары бар Эль-Минья қаласы, Гебель мәдениет ескерткіші, Эхнатон қаласының қалдықтары сақталған - Тель-Эль-Амарна археологиялық қазбалар орны, Ніл дамбасының керемет көрінісі ашылатын - Ассуит қаласы;
Жоғарғы Мысырдағы: ХVІІІ әулет кезеңінде мемлекет астанасы болған - Луксор, Сфинкстер аңғары, Карнак, Патшалар аңғары, Ханшайымдар аңғары, қолөнершілер қаласы - Дир-Эль-Медина;
Бұларға қоса көптеген ежелгі грек және римдік өркениеттер ескерткіштері, копттік және православиелік діндерінің, ислам мәдениетінің ескерткіштері бар.
Ал табиғи байлықтармен танысатын болсақ, Мысырда 21 ұлттық парктер бар.
Ғасырлар бойы Мысыр әлемнің әр бөлігінен келген монархтар мен ақсүйектер үшін нағыз туристік Мекке болған. Миллиондаған саяхатшылар Мысырға келген. Олардың ішіндегі ең әйгілілері осында өздерінің мемлекет және Ніл туралы қызықты жолдамаларын қалдырған: математик Евклид, географ Страбон, жазушылар - Гюстав Флобер және Агата Кристи, Лоренс Дорелл және Форстер. Тіпті жаулап алушылар да бұл мемлекеттің сұлулығына төтеп бере алмаған. Ұлы Ескендір бұған Александрияны сыйлаған, археологтары Ежелгі Мысырды тапқан. Наполеон, жорығы кезінде өзінің әскеріне: «Солдаттар, осы пирамидалардан сендерге қырық ғасыр көз салып тұр» деп айтқан.
Рас Мухаммед ұлттық паркін - теңіз жағалауы аймағы, Ақ шөл, Нассер өзені және тағы басқа табиғи ескерткіштерін тамашалауға болады.
Қазіргі кезде Мысыр Араб Республиксы деп аталатын мемлекеттің жерінде, ежелде ең қуатты және құпия, ғасырлар және мыңжылдықтар бойы өз замандастарын магнит тәрізді тартқан өркениет пайда болды.
Еуропа және Америкада тас дәуірі кезеңінде, аңшылықпен адамдар тіршілік етіп жүргенде, Ежелгі Мысырлық инженерлер Ұлы Ніл бойымен ирригационды құрылыстар жүргізген, Ежелгі Мысыр математиктері Ұлы пирамидалардың негізінің квадраты мен иілу бұрышын есептеген, Ежелгі сәулетшілер ұлылығын уақыт та жеңе алмайтын ғажайып храмдар тұрғызған.
Бүгінгі Мысыр - Африканың солтүстік шығысында орналасқан ірі араб мемлекеті. Оның территориясының жартысы - Синай түбегі, Азияда орналасқан. Екі континент аралығындағы шекара Суэц каналы арқылы өтеді. Мемлекеттің ауданы 1 001 449 шаршы шақырым. Оның 96%-ын шөл, 4%-ын ғана Ніл жағалауындағы егістік жерлер алып жатыр.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1 025 шақырым және шығыстан батысқа қарай - 1 240 шақырым.
Елді солтүстігінде Жерорта теңізі, шығысында Қызыл теңіз шайып жатыр. Ландшафттың бес негізгі түрі бар - Ніл аңғары, Ніл дельтасы, Аравия шөлі (15 000 жыл бұрын онда тропиктік ормандар болған), Ливия шөлі және Синай.
Ніл дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. Оның ұзындығы бастауынан есептегенде 6 400 шақырым.
Ежелде Геродот «Мысыр - Ніл сыйы» деп атаған. Ұлы өзен аңғары Судан шекарасынан, оңтүстіктен 1500 шақырымға солтүстікке қарай, Жерорта теңізі жағалауына қарай ағады. Ніл Шығыс Аравия шөлін батыс Ливия шөлінен бөліп тұрады. Ніл бойындағы «өмір сызығы» оңтүстігінде 1 шақырымнан, Каир ауданында 20-25 шақырымға дейін жетеді.
Ніл Африканың Ұлы көлдерінен бастау алып, өзінің жолында мыңдаған шақырым шөлден және батпақтан өтіп, кей жерлерде жай ағып, кей жерлерде, бөгеттерде ағысын күшейтіп ағады.
Хартумда екі Ніл бірігеді: шығыстан ағатын Көк Ніл және оңтүстіктен ағатын Ақ Ніл.
Көк Ніл Тана өзенінен ағып шығады (теңіз деңгейінен шамамен 1800 метр) . Одан өзен Тассиат сарқырамасынан өтіп оңтүстік шығысқа қарай ағады. Содан соң бастауынан 1372 метр төмен жатқан, Оңтүстік Суданның ыстық жазығына түсер алдында, ұзындығы 644 шақырымнан асатын үлкен доға жасап Эфиоп тау тізбегін кесіп өтеді.
Көк Нілдің қатты ағысына қарағанда Ақ Нілдікі баяулау, ол әрең сезіледі. Бұған басты себеп оның 1 609 шақырым бойы 73 метрге түсетіні.
Ауқымы кең мезгілдік батпақ. Седлаға келгенде, өзен үнемі өзгеріп отыратын торға айналады. Ніл бойымен экспедиция құрған римдік Нерон императоры заманынан 1899 жылға дейін Седл өзен бойымен жоғары көтерілгісі келгендерге өте алмайтын бөгет болып келеді. 1899 жылдан кейін онда бір қалыпты фарватер салды.
Өзеннің солтүстігінде, жері ең құнарлы және мыңжылдықтар бойы бүкіл Мысыр экономикасы үшін маңыздылығы жоғалмаған, Ніл дельтасы орналасқан.
Каирден 965 шақырым қашықтықта Асуан плотинасының салынуы дельта жерлеріне үлкен қауіп төндіруде. Ол өте құнды илдің жоғарыдан келуін бөгеттеп қалады. Екінші жағынан, судың келуін қадағалау жыл бойы суару жағдайын тудырды. Осының арқасында кей аймақтарда жлына үш рет егін жинауға болады.
Мемлекет астанасы - Африканың ірі қаласы Каир. Ол ежелде болған Гелиополис және Мысырлық Вавилон, Ортағасырлық Фостат жерлерін басып отыр. Бұл Африкалық континеттің ең үлкен қаласы. Мұнда Мысыр өркениетінің 5 мыңжылдықтың мәдениеті жетістіктері жиналған [4] .
Өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі . Көп түрлі дәнді дақылдар мен мақта көп тараған. Ағаштар арасында ерекше орынды құрма пальмасы алады. Жағалауларда кезінде папирусты даярлау үшін пайдаланылатын, ал қазіргі уақытта түрлі себеттердің және тағы басқа заттарды жасауға қолданылатын қамыс өседі. Үй жануарлары - түйелер, есектер, өгіздер, қойлар және жылқылар. Жабайы жануарлар әлемі бай емес. Жабайы қабандар, түлкілер, гиеналар және шибөрілер өте сирек кездеседі. Улы жыландар, бүйелер және сарышаяндар көп таралған. Құстардың 300 ге жуық түрі кездеседі. Ніл балыққа бай [6] .
Климаты . Жерорта теңізі жағалауында Мысырлық климат субтропикалық, қалған территорияда тропикалық шөл болып келеді. Территорияның үлкен бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері кемінде 100 мм, ел солтүстігінде - Жерорта теңізі жағалауында 200-400 мм. Каирдегі орташа жылдық жауын-шашын мөлшері - 290 мм. Шөлді аймақтарда жаңбыр бірнеше жылда бір рет жаууы мүмкін.
Мысырда 2 климаттық маусымы бар: ыстық - мамырдан қыркүйекке дейін және суық - қазаннан сәуірге дейін (орташа ауа температурасы елдің солтүстігі мен оңтүстігінде әр түрлі болады) [8] .
Қызыл теңіз
Қызыл теңіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1932 км-ге созылған. Ені 352 км. Теңіз ауданы 460 мың шаршы шақырым, су көлемі 201 мың куб. км, ал орташа тереңдігі 440 метр. (максималды - 3039 м) . Биологтар тұжырымы бойынша теңіз атауы Trichodesium erythraceum - бір жасушалы балдырларының маусымдық көбеюі әсерінен судың қызарғанынан пайда болған. Ал тарихшылардың ойынша, бұл атауды оған мөлдір суынан қызыл таулар бейнесін көріп, үлкен әсер алған саяхатшылар берген.
«Қызыл» деп ол еуропалық тілдерде аударылады. Ал иврит тілінде ол «Ям Суф» - қамысты деп аталады. Ол мүмкін Суэц шығанағының қамысты тоғайларына байланысты қойылған.
Солтүстігінде теңіз Синай түбегімен таяз - Суэц және терең - Эйлат шығанақтарына бөлінеді. Оңтүстігінде теңіз Адендік шығанақпен Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы қосылады. Теңіз түбі таулы және тегіс емес.
Қызыл теңіз рифті - Адендік шығанақ, Қызыл теңіз және Эйлаттық шығанақ арқылы Өлі теңізге өтетін Афро-Сириялық жарылысының бөлігі. Рифт Африка және Аравияның екі жаққа айырылу жері болып табылады. Олардың айырылуы осыдан 20 миллион жыл бұрын басталған және қазіргі уақытта жылына 0, 5-2 мм жылдамдықпен жылжиды.
Қызыл теңіз Әлемдік мұхитының ең тұзды теңізі болып есептеледі. Мұндағы судың 1 литрінде - 41 грамм тұз бар. (Қара теңізде - 18 г, Балтық теңізінде - 5 г) . Жылына теңізге 100 мм атмосфералық жаун-шашаын түседі, алайда судың булануы 20 есе көп - 2000 мм. (Бұл теңіз бетінен күн сайын жарты сантиметр судың буланып кетуі) .
Егер құрылықтан судың келуі болмаса су жетіспеушілігі тек Адендік бұғаздан толықтырылып отырады. Баб-эль-Мандебтік бұғазда бір уақытта Қызыл теңізге құятын және шығатын ағыстар бар. Жылына теңізге құятын су мөлшері кіретін суға қарағанда 1000 куб. км-ге артық. Қызыл теңіздегі судың толық алмасуына бар болғаны 15 жыл керек.
Алда айтылғандай теңіздің орташа тереңдігі 400 м, ал Баб-эль-Мандебтік бұғазда 200 м-ден аз, ені сәйкесінше 280 және 20 км. Ішкі теңізді мұхитпен жалғайтын мұндай «тар» жол мұндағы суалмасуды тежеп, өмірге қауп төндіруі мүмкін. Осылайша Қара теңіз бен Жерорта теңізінің суалмасуының жетіспеушілігінен, тек кішкене ғана беткі қабатында оттегі бар және барлық жануарлар мен өсімдіктер осында тіршілік етеді. Теңіздің тереңірек қабатында күкірттісутегі патшалығы, мұнда тек бактериялар тіршілік ете алады. Қыста су беті суып, тығыздығы артып, ауырлап төмеңге түседі. Ал беткі қабатын тереңдіктен жылы сулар көтеріледі. Жазда теңіз бетінен су буланып, қалған су тұздылығы арта түсіп, ауырлағаннан төмен түседі. Оның орнына тұздылығы аздау су көтеріледі. Осылайша жыл бойы теңіздегі интенсивті араласу нәтижесінде жыл бойы температурасы да, тұздылығы да бірдей болады. Осыдан астыңғы қабаттарға оттегі, ал үстіңгілерге пайдалы заттар беріледі. Құрылықтан су келмегендіктен (өзендер және жаңбыр ағындылары), су әрқашанда мөлдір және таза болады. Су температурасы жыл бойы бірқалыпты - 20-25 градус болады. Осы факторлардың барлығы Қызыл теңіз өмірінің байлылығын және бірегейлілігін қамтамасыз етті [20] [23] .
Жерорта теңізі
Жерорта теңізі - жерорта, Атлант мұхитының Гибралтар бұғазымен қосылатын теңіз. Жерорта теңізінде: Альборан, Балеарлық, Лигурийлық, Тиррендық, Адриатикалық, Иондық, Криттік, Эгей теңіздерін бөліп қарайды. Жерорта теңізінің бассейніне Мәрмар теңізі, Қара және Азов теңіздерін кіргізеді. Жерорта теңізі Тетис ежелгі мұхитының реликті болып табылады. Тезис бұған қарағанда ені ауқымды және шығысқа қарай ұзаққа созылатын. Жерорта теңізі Еуропа, Африка және Азия құрылықтарына енеді. Бұл теңіз Мысырмен қатар Испанияның, Францияның, Италияның, Мальтаның, Сербияның және Черногрияның, Хорватияның, Словенияның, Босния, Албания, Греция, Болгария, Румыния, Украина, Россия, Турция, Кипр, Сирия, Ливан, Израиль, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко елдерінің жағалауларын шаяды. Солтүстік-шығысында ол Дарданелла бұғазы арқылы - Мәрмәр теңізімен, әрі қарай Босфор бұғазы арқылы - Қара теңізбен, оңтүстік-шығыста Суэц каналы арқылы - Қызыл теңізбен байланысады [3] . Ауданы: 2500 мың км². Су көлемі: 3839 мың км³. Орташа тереңдігі - 1541 м, максималды - 5121 м. Маңызды бұғаздары: Валенсий, Лион, Генуэз, Таранто, Сидр (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт) . Ірі аралдары : Балеарлық, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр. Жерорта теңізіне ірі: Эбро, Рона, Тибр, По, Нил және т. б. өзендері құяды. Олардың жалпы жылдық су шығыны: 430 км³. Жерорта теңізі климатын оның субтропикалық белдеуде орналасуымен анықталады және де жортатеңіздік климат типінен айырмашылығын көрсетеді. Бұл ылғалды жылы қыспен және құрғақ жазбен көрінеді. Қыс мезгілінде теңізде тұрақсыз ауа-райын, жиі жауын шашынды, суық солтүстік желдері ауа температурасын төмендетеді. Су булануы жылына 1250 мм құрайды. (3130 км 3 ) . Ауаның ылғалдығы жазда 50-65%-дан, жазда 65-80%-ға дейін өгереді. Жазда бұттану 0-3 бал, ал қыста 6 балды құрайды. Жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен - 400 мм (1000 км3) . Жерорта теңізінің жануар және өсімдік әлемі фито және зоопланктондардың санының аз болуына байланысты. Нәтижесінде бұлармен қоректенетін ірі жануарлардың, оның ішінде балықтардың аз болуы байқалады. Жерорта теңізі фаунасы көптүрлі. Дельфиндер, тюленьдер, теңіз тасбақасы, балықтардың 550 түрлері, эндемик балықтардың 70 түріне жуығы, осьминогтар, кальмарлар, сепииялар, крабтар, кездеседі [14] .
- Экономикалық жағдайы, халқы
Халқы . Халқының саны шамамен 63 миллион адам. Мысыр халқының 43% қалаларда тұрады. Каирде шамамен 18 миллион адам тұрады. Мемлекеттің 99% арабтар құрайды. Алайда мысырлықтар антропологиясы 3 топтан құрылады: семитохамиттер (мысырлықтар) - 90%, бедуиндер, нубийлықтар. Мысырдың халық тығыздығы шамамен 1 шаршы шақырымға 58 адамнан, бірақ негізінен Дельта және Ніл аңғарларында халық тығыз орналасқан (1 шаршы шақырымға 1663 адамнан) [12] .
Діні. Халықтың 90% ислам дінін уағыздайтын (негізінен суниттер), қалған 10% христиан дінін уағыздайтындар. Бұлар коптік, гректік провославиелік шіркеулер, католиктік шіркеуле [13] .
Тілі. Тілі Мысырдың мемлекеттік діні - семиттік хамиттік тіл тобына жататын - араб тілі. Каирде, Жоғарғы және Төменгі Мысырда өзіндік диалектілері бар. Ағылшын, француз және бербердік тілдер кең таралған [7] .
Ақшасы . Ақша бірлігі - Мысырлық фунт. Фунт 100 пиастрлерге бөлінеді. Жергілікті ақша келесі түрде кездеседі: Мысырлық фунт банкноттары: 100, 20, 10, 5, 1; пиастр банкноттары: 50, 25; тиындар: 20, 10, 5. американдық долларды шамамен 3, 5 Мысырлық фунтқа айырбастайды [7] .
Салт-дәстүрлері . Мысырлықтардың өмір ағысына мұсылман діні үлкен әсер етеді. Мысалыға, күніне бес рет муэдзин адамдарды намазға шақырады. Ал рамадан айында түн күнге айналады. Мұсылмандар күнімен ораза ұстап, оразасын күн батқаннан кейін ғана ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тоқтап қалады деуге болады. Мемлекеттік мекемелер тек 10. 00 ден 14. 00 ге дейін ғана жұмыс жасайды.
Мысырлықтардың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері адам назарын тыс қалдырмайды. Бұл тек ауылдық жерде емес, сонымен қатар қалада да үлкен көрініс тапқан. Мысырлықтар кең пішілген көйлектерді киеді, қарапайым адамдар көбіне ақ түстісін, ал әйелдар керісінше, қара түсті киімдер киеді. Әйелдер шашты жауып жүретін, паранджаның бір түрін - хиджаб және ұзын және кең - галабея көйлегін киеді.
Мысыр қалалары. Хургада, Шарм эль Шейх, Макади Бэй, Сафага, Эль Гуна, Эль Кузейр, Марса Алам, Таба, Нувейба т. б [4] .
1. 3 Мемлекеттің мерекелері және фестивальдары. Мәдениеті
Жыл бойы мемлекетте көптеген мәдени, спорттық, халықаралық және діни мерекелер өткізіледі. Кейбір ежелгі және дәстүрлі мерекелер бізге перғауындар дәуірінен жеткен. Көптеген діндік мерекелер көп адамдармен қарсы алынады. Сан алуан мәдени және спорттық мерекелер Мысыр тұрынғындары қызығушылығының жан-жақты бейнесі болып табылады.
Қаңтар - Хургададағы видсерфингтен халықаралық жарыс
Қаңтар аяғы - Каирдегі кітаптар көрмесі
Наурыз - біздің дәуірімізге дейін перғауындар заманынан жеткен, таза ауада өткізілетін атақты, дәстүрлі мереке - Шам Эль Нессим
Сәуір - Шарм-эль-Шейхтағы халықаралық түйе жарысы
Мамыр - Шаркейдегі араб сәйгүліктерінің фестивалі
Маусым - Гизидағы «Аль-Ахрам» халықаралық сквош жарысы
21 маусым - музыкалық фестиваль
Маусым аяғы, шілденің басы - ұлттық кинофестиваль
Тамыз аяғы - Исмаилиядағы фестиваль: фольклор биінің фестивалі
Қыркүйек - Каирднгі Ніл фестивалі.
Қыркүйек ортасы - Александриядағы халықаралық фестиваль: кинофестиваль
Қазан - пирамида баурайындағы Вердидің «Аида» операсы қойылымы
Қараша басы - Араб музыкасының фестивалі
Желтоқсан - Луксор және Каирдегі халықаралық Ніл регатасы
Мереке күндері :
1 қаңтар - Жаңа Жыл
7 қаңтар - Копттық Рождество
25 сәуір - Синай түбегінің тәуелсіздік күні. Шам Эль Нессим көктем мейрамы
1 мамыр - еңбек күні
23 шілде - 1952 революция мерейтойы
6 қараша - қарулы күштер күні
Олардың ұлттық тағамына келетін болсақ, Мысыр асханасы өте бай және әр түрлі - оның дәстүрлері Жерорта теңізі және Таяу Шығыс елдерінің әсер етуінен қалыптасқан. Мысырға келген қонақтарға тамақтану орындарының көпетеген стильдерін ұсынады.
Олардың ұлттық тағамдарын қысқаша атап айтқанда:
- Меззех деп аталатын тағам әр түрлі болуы мүмкін: фалафель - түрік бұршағы, фол, хумос (түрік бұршағының түрі), баба-гануш (езілген баклажандар), гебна доомиати (тұздалған ірімшік) және қызанақ . . .
- Жас қой еті және бұзау еті әдетте решпарда қуырылады (кебаб) немесе ұсақталып содан соң решпарда қуырылады. Немесе оны жай қуырып, ұсақталған қызанақтар және пиязбен бірге салат ретінде ұсынады.
- Көкөністерді әдетте майға бұқтырады немесе рагу құрамында даярлайды.
- Суландырылған, тұздалған балық (фасих) - Қызыл және Жерорта теңізі жағалауларында ұсынылады.
- Тәтті тағамдар: түрлі жеміс-жидектер және балға малынған кептірілген жемістерден дайындалған, тағамдар.
- Сусындар:шай, кофе және жемістер шырыны. Олардың ішінде - манго шырыны, лайм ( кішкентай жасыл лимондардан жасалған шырын ), тинчок (бербейлік инжирден жасалынған шырын), шабдалы шырыны, каркадэ (гибискус жапырағынан даярланған шай), сахлаб (жылы сүт, кокос және специялар қоспасы) . Алкогольді сусындар және шарап - отельдерде және барларда сатылады [21] .
Фаст-Фуд
Мысырда ежелден тұрып жүріп жеуге болатын, далада даярланатын тағамдар көп таралған. Бұлар, мысалыға, ащы томат соусымен араластырылған кеспе, күріш және пияз немесе тамийдан жасалған нан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz