Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатырған ұлттық оюлары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Философия тарихы және мәдениеттану кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы

ОЮ --ӨРНЕКТІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ НЫШАНДАРЫ

Орындаған Бекботаева Ж. Қ.

4 курс студенті (қолы, күні)

Ғылыми жетекшіМолдабеков Ж. Ж.

философ. ғ. д, пофессор (қолы, күні)

Норма бақылаушы Өмірбекова А. Ө.

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:

Философия тарихы және

мәдениеттану кафедрасының

меңгерушісі, филос. ғ. д., Нуржанов Б. Г. профессор (қолы, күні)

АЛМАТЫ

2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ОЮ-ӨРНЕКТІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ НЫШАНДАРЫ . . . 6

1. 1 Ою-өрнек туралы жалпы түсінік . . . 6

1. 2 Ою-өрнектің түрлері - қолданбалы өнердің үлгілері. . 10

1. 3 Адам ойының жемісі - мәдениет айнасы. . 19

2 ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ТҰРМЫС САЛТЫНДА ОЮ-ӨРНЕКТІҢ

ҚОЛДАНУ АЯСЫ . . . 23

2. 1 Қазақ халқының ұлттық киімдерінде ою-өрнектің алатын орны…… . . . 23

  1. Зергерлік бұйымдарды безендіруде қолданатын ою-өрнектер……… . . . 31
  2. Киіз үйдегі ою-өрнектер және оның құрылымы. . 37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48

КІРІСПЕ

Әр халықтың сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесінде өзіндік рухани тарихы, тағылымы, ой-пікірі, қорытынды түйіні болады. Күн санап халқымыздың дәстүрлі құндылықтарына, олардың қайнар бастауларын тануға деген ықылас өсіп келеді. Сондықтан да, ою-өрнектің мәдени - ұлттық нышандарын ашып көрсетудегі өзектілік біздің алға қойған мақсат-мүддемізбен және осы мәдени құндылықтарды танып - білуге деген іс- әрекетімізбен сәйкес келіп тұр.

Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ою-өрнек ғасырлар сынынан еленіп, бүгінгі таңға дейін жетуі оның өміршеңдігін, мәдениеттегі өзіндік орнын, қажеттілігін айқындап тұр. Енді осы мұраның құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығын жалғастыру, оған дәнекер болу, әрбір ұлттық мәдениетке көзінің қарашығындай қамқорлық жасау - зиялы қауымның борышы мен парызы. Бар әдемі құндылықтарды сырттан іздемей, оны өзіміздің асыл мұралардан іздеу, оны жандандыру, қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру, бүгінгі тандағы ең бір көкейтесті, өзекті проблемалардың бірі деп түсінеміз.

Халқымыздың қолөнері, соның ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік қолөнері, әшекейлеу әдістері өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық-танымдық мүмкіңдіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу басты міндет. Оның үстіне қазақ халқы өнері өзінің бай тарихы, терең мәдени-философиялық мазмұны, өзіндік ұлттық сан-қилы ерекшелігімен қымбат, әрі құнды. Сондықтан да, оның мәдениеттанулық негіздерін көрсету, танып-білу, жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәлім-тәрбие беру процесінде қажетті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлы тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі.

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы V-III ғасырлар аралығында Алтай өңірінен, Қара теңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоныстанған түркі халықтарының түп аталары - байырғы Сақтар - әлем мәдениетінде өнердің өшпес асыл мұраларын өнер жарықтарын қалдырған.

Аталмыш өнер кезеңіне академик Әлкей Марғұлан «Аңдабы мәнер» деп ат берген. Есік обасынан, Шығыс Қазақстаннан қазылып алынған «Алтын адам» киімі осы аңдабы мәнерінде жасалған өрнек. Міне, қазақ халқының ою-өрнек өнері осылайша түркі жосығымен, ол жосық ежелгі сақтар өнері зергерлік әшекейлермен тікелей сабақтасып отырады.

Бүгінгі таңда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты ұлттық философия мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылды. Оған Республика президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралуы - бұл, әрине, оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр» - деген сөзі мұның бірден-бір айғағы.

Халқымыздың қолөнері ішінде қолданбалы сәндік өнері, әсіресе, ою-өрнектер мәселесі көп уақытқа дейін арнайы сала болып зерттелмегенімен, Орта Азия халықтарының этнографиясы, тарихы, қолөнері бойынша жазылған және осы дипломдық жұмысқа арқау болған Т. Бәсенов, Қасенов Ә., И. Н. Тасмағамбетов, Алибек Қожағалұлы, Н. Тайманова, Л. Ходжикова, Р. Сәрсенбай, Ә. Қастеев, М. Өмірбекова есімдерін атап өткен жөн. ХІХ ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты зерттеулер мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австриялық ғалым В. Куррердің, советтік ғалым С. В. Ивановтың, В. В. Стасовтың, Ф. К. Волковтың, С. А. Давыдовтың, Н. Ф. Сумцовтың, А. А. Боголюбовтың, В. Чепелевтың, А. Н. Бернштамның, Э. Масановтың, М. Мұқановтың және тағы басқалардың зерттеу материалдарын айтса да жеткілікті. Өйткені, олардың зерттеулерінде қазақтың қолөнері, ою-өрнектері жайында құнды пікірлер жазылған.

Бұлар өздерінің еңбектерінің ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, ромб тәрізді өрнектер) т. б. қайдан шықты екен дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстарын пішіндес құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулер өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап, қиялдарынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.

Тақырыптың өзектілігі. Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен осы дипломдық жұмыстың басты мақсатын айқындау мүмкіндігі туады. Оны қазақ халқы ою-өрнегінің мәдени негізінен туындайтын сәндік қолөнерінің мүмкіншілігін көрсету деп білеміз, яғни қазақ ою-өрнегінің, ерекшелігі мен дамуын, әшекейлеу әдістерін, оның түрлері және ұлттық мәдениетте алатын орнын мәдениеттанулық тұрғыдан сарапқа салу, ою-өрнектің даму эволюциясын қарастыру барысындағы мақсатты орындау жолында зерттеушінің алдында бірнеше міндеттер туындайды:

  1. Қазақ ою-өрнегін ұлттық мәдениеттің бір саласы ретінде этникалық уақыттың кеңістік аясында қарастыру.
  2. Қазақ дәстүрлі қолөнері, ою-өрнектің мәдениеттанулық ғылыми даму негіздері жөніндегі қазіргі отандық көзқарастарды талдау.
  3. Қазақ ою-өрнегінің мәдениеттанулық негіздерінің өзіндік ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беріп, жастар арасында тәлім - тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау.

Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты да ұлттық ерекшелігіміз - өнерімізде деген ұранмен астасып жатқандай қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қолөнерімен танытып келген өшпес өнер кейінгі уақытта да танытпақ.

Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы.

Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі адамзат мәдениетінің дамуын қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастың, сұхбаттың үзілмей келе жатқанын көреміз. Белгілі ғалым Л. Н. Гумилев көшпенділер мәдениетінен көп жоғары болған.

Біз көшпенділер мәдениеттің жауы, қирату көшпенділердің стихиясы болды деген сыңар пікірге қосыла алмаймыз.

Көшпенділер мәдениетінсіз адамзат мәдениеті толымсыз олар еді, сонымен өткен мәдени мұраны игеріп, басқа халықтың мәдени жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани құндылықтарды жасауға қабілетті мәдениет қана болашақтан үміт күте алады.

Жұмыста қазақ қолөнері, оның ішінде ою-өрнектің мәдениеттанушылық тұрғыдан бүгінгі күн талабына сай қарастырылған. Тақырыптың өзектілігі қазақтың дәстүрлі қолөнерінің қазіргі мәдениеттану ілімінің соңғы теориялық жетістіктері негізінде қарастырудан туындайды .

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Дипломдық жұмыстың теориялық мазмұны тарихи-мәдениеттанулық зерттеулер үшін әдістемелік негіз бола алады. Зерттеу тақырыбының теориялық қажеттігі елімізде қалыптасып келе жатқан мәдениеттану ілімі мен пәнін ұлттық болмыс талаптарына сай дамытумен байланысты. Зерттеу жұмысының нәтижесі ұсыныстар, пікірлер, гуманитарлық білім беру тұжырымдамасын жасауда ғылыми теориялық маңызы зор.

Көтерілген мәселелердің ұлттық ойлау жүйесінің, дүниетанымдық қалыптасу заңдарын, ерекшеліктерін анықтаумен оларды түсіндіруде қосар өзіндік үлесі айтарлықтай.

1 ОЮ-ӨРНЕКТІҢ МӘДЕНИ-ҰЛТТЫҚ НЫШАНДАРЫ

1. 1 Ою-өрнек туралы жалпы түсінік

«Ою», «өрнек» - мағынасы бір-біріне өте жақын сөздер. Нақты айтқанда, бір нәрсені ойып, кесіп, қиып алып немесе екі затты оя кесіп қиюластырып, біріктіре жасау, бір затты бетіне ойып бедер түсіру. Қазақтар көбінесе бір өрнекке салып, қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ мүйіз тектес ою-өрнекке қосылатын барлық «қошқар мүйіз » өрнектерін де ою дейді[1. 240б ] .

Ал «өрнек» дегеніміз - әр түрлі ою, бедер бейнек күйдіріп, жалатып, бояп, қалыптап, үлгімен істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы. Сондықтан ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ою-өрнектер тігу, тоқу, құрау, үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, зергерлік бұйымдарды, киіз үйдің сүйегін, ағаш кереует, сандық, кебеже, кілем, сырмақ алаша, қоржын, ши, түрлі басқұрлар, ыдыс-аяқ, бесік, текемет көрпеше, жүкаяқ беттерін, киім-кешектерді, қабырғаларды әшекейлеп безендіру үшін жиі қолданылып отырған.

Ою-өрнек өнеріне тұрмыстық жабдықтармен қатар аң
аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетгі құрал-жабдықтар да кіреді.

Қазақтың «ою» және «өрнек» деген екі сөзі бірігіп келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнамент - көп елдің тіліне сіңген термин. Мағынасы-сәндеу, әсемдеу. Сәндеу әсемдіктің кең тараған бір түрі жан-жануарлар, өсімдікте немесе геометриялық фигуралар элементтерінің үнемі ырғақты қайталанып келуі десе болады.

Ою белгілі бір затты ою (тас, темір, ағаш), кесу (ағаш, сүйек), тілу (былғары, тері), қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, тілінген, қиылған оюды екінші бір затқа біріктіріп, жымдастырып, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлеңдіреді. Қазақ ою-өрнегінің басты ерекшелігі - композиция, ритм (ырғақ) симметриялық принциптерінің берік сақталып келуі. [2. 96б ] .

Қазақ ою-өрнектерінде бір ерекшелік - осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелесе де, ою-өрнекке арқау болған мүйіз тектес ою-өрнектерді қазіргі заманғы жаңа мазмұнды ою-өрнектерге үнемі араластырып, әрлендіріп отырады. Ою-өрнек заманына қарай өзгеріп, жаңа ұғым беретін жаңа мазмұнда дамып отырады. Сондықтан, ою-өрнек көнермейді заман ағымына қарай, өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды іспеттес дамып, гүлдене береді. Ою-өрнек - әшекей жасау, бейнелеу өнерінің бір түрі. Маман суретшілер, көбінесе, сурет салынатын заттың сырт формасын дәлдеп, суреттің неғұрлым сол затқа сәйкес болу жағына көбірек назар аударады.

Ал, ою-өрнек өнерін жасауша шебер оюшылар өз ою-өрнектеріне ойлаған заттың не сюжеттің сыр-сипатын өзінше танып, оның дәлме-дәлдігінен гөрі көркемдік әшекейлі болу жағына баса назар аударады. Жаңа ою-өрнектердің түрлері композициялық жағынан нақты, әрі мейлінше жетілдірілген, «шаршы ою», «аралас өрнек» түрлері де жиі кездесіп отырады.

Қай халықтың да мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол халықтың өсімдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда ою-өрнек өнері-қазақ халқының өмір тіршілігінде айырықша орын алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі десек те болады. Жалпы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Ою-өрнек элементтерін біз қазақтың үй жиһаздарымен киім-кешегінен де, зергерлік бұйымдары мен құрал-саймандарынан да, ер-тұрман, әбзелдері мен қару-жарақаттарынан да молынан табамыз. Тарихи ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал-әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге енгені қапысыз аңғарар едік. Бұған дәлел-айғақ ретінде қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілерін Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан ұшырататынымызды Ахмет Яссауи, Қарахан, Айша бибі ғимараттарын айтсақ та жеткілікті. [3]

Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән негізгі стильдік ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады.

Ою-өрнекті түпкілікті ғылыми түрде зерттеген ғылымдардың бірі - Т. Бәсенов, ол өрнектің даму жолын Андронов мәдениетінен бастап схема түрде көрсетіп береді. Қазақстан ою-өрнегінің көгініс пропорциясын келтірген.

Қазақтың ою-өрнегінің элементтері аса көп. Белгілі бір сепебке қарай ою-өрнектің атаулары бірнеше болып келуі мүмкін.

Көгініс - зооморфтық, геометриялық болады. Формасы мен композияциясына қарай шексіздікке ұласып ою немесе шет ою болады.

Қазақтың ою-өрнегінің шексіз композияциясын келтіруге болады. Екі шекті домбырада «Ақ желеңнің» 62 нұсқасы жасалса, халық таланттары қазақ халық ою-өрнегі элементтерінен сюжетке бай мыңдаған композиция жасады.

Бұл көгініс ою-өрнектерінің стилизациясы сонау Андронов мәдениетінен басталған.

Қазақ ою-өрнегіне зер салған адам әрбір заттың, ою-өрнектің өз бойына еншілеген тақырыптық мағынасы, композициясы мен симметриясы, ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мән бар екенін байқап түсінуге болады. Мысалы: қызыл, жасыл, ашық және анық, жарқын түсті ою-өрнектердің жасырын құпия тілдерін түсіну қиын емес. Ою-өрнек өнерін бір елдің тілімен жазылған мәдени шежіресі десе де болады. Халықтың биік мұраты мен асыл арманы, бақытты бейбітшілік тұрмысты аңсаған асқақ үміті, қуанышы мен шаттығы, ел мен ер басына түскен ауыр тауқыметі, күлкі мен думандары ою-өрнектерінің басты ерекшелігі, композиция, ритм (ырғақ) симметриялық принциптерінің берік сақталып келуі болып табылады.

Ою-өрнек қазақ халқының мәдени шежіресі десек, екінші жағынан оның эмоциялық әсері, эстетикалық тәлімі мол. Ою-өрнек тілімен бейнеленген көріністерде дәуір таласы, заман танысы, қоғам тіршілігі, адам әрекеті бар бояумен анық көрінетінін байқауға болады[4] .

Қазақ ою-өрнек өнері халықпен бірге жасасып, оның рухани да, материалдық та игілігіне айналып келеді. Халық ойының әсемдігі мен көркемдігін дамытудағы ролі де үлкен. Сондықтан бүгінгі таңда халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласы - ою-өрнек өнері қайта дамып, бай мазмұн, жаңа түр тауып, гүлденген өміріміздің кәдесіне жарап жатыр. Өнер әсте өшпейді, сөнбейді, көнермейді, оның тамыры тереңдеп, бұтақтарын кең жайып, жапырақ жемістерін мәулете түсетіні шексіз. Қазақ ою-өрнек өнерінің бақытты тағдыры да осыған ұқсас.

Қазақ ою-өрнек өнері алғашқы түріндей болып, бір орында тұрып қалған жоқ. Ол шексіз, көп қырлы және көп сырлы шежіре. Ою-өрнек өнерінің заман ұғымына қарай дамығанын байқауға болады. Садық Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері» кітабында былай дейді: «Осыларды егжей-тегжейлі зерттей келіп, қазақтың ұлттық ою-өрнегін үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытындының дұрыс екеніне көз жеткізу әбден болады. Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды.

Біріншісі - қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.

Екіншіден - басқа халықтардан ауысқан жаңа интернационалдық ою-өрнектер. Шынында жапырақты гүлдер, геометриялық өрнектер, жазу-сызуда бейнеленген өрнектердің үлгілері халықтар достығының нәтижесінде ғана сіңісіп, қазақ халқының ою-өрнек өнерін байыта түскендігінен белгілі».

Өнертанушы В. Чепелев: «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» - деп жазған еді. Шынында да қазақ тұрмысында ою-өрнектің араласпайтын саласы жоқ десе де болады. Мұны біз көнеден жеткен, қазір біз оларды музейлерде ғана сақталып қалған заттар мен бұйымдардан анық көреміз. Сондай-ақ мұның мысалын ауыз әдебиетінің үлгілерінен: батырлық, ғашықтық, тарихи дастандардан да молынан ұшыратамыз. Оларда сұлулардың киім-кешегі, байлардың дүние мүлкі, қалыңдықтың жасау жиһазы суреттелгенде, сол заман қолөнерінің, ондағы ою-өрнектің алатын орны ерекше екені көрініп тұрады. Бір кезде қолөнері кең тараған, жақсы дамыған ою-өрнектер қазір жаңа арнаға, жаңа өріске шыққандай, олар бұрынғыдан да жайнап, жасарып, баии түсті.

Қазақ тіліндегі ою-өрнекке байланысты сөздердің лексика-семантикалық топтары.

Тіл құбылыстарының ішіндегі ең күрделі, ең қиыны - сөз.

Сөз тілдік құбылыстардың бәріне де қатысты, тіл сөз арқылы барлық қоғамда да қызмет етеді. Осы ең күрделі, ең қиын тілдік құбылысты сөздің мағынасын тіл білімінде семосология ғылымы зерттейді.

Ою-өрнекке байланысты атаулар мағыналық жағынан ғасырлар бойы дамып, қалыптасып, көпшілік қауымға бірдей түсінікті құбылыс қатарына жатады.

Ою-өрнек атауларының біразы әлдеқашан ұмыт болған, бірақ өткен өмірдің елесі ретінде сақталып, тарихи көркем шығармаларда, альбомдарда кездеседі. Біз оларды жаңарту мақсаты жағынан ғана емес, тіл фактісі ретінде қарастырып, бұл атаулардың мағына мазмұнына тоқталып өтпекшіміз. Ою-өрнек лексикасының сөздік құрамы өте бай. Біздің қолымызда осы өнерге қатысты екі жүзден астам атау жинақталған және ою-өрнекке қатысты сөздер мыңға жетерлік.

Қазақ және түркі тіл білімінде кәсіби лексикаға қатысты зерттеу еңбектерінде халықтық терминдерді белгілі бір талдау жасауда әр түрлі терминдер қолданылып келеді. Мысалы, А. Шамшатова «топтар», Қ. Айтазин «лексикалық топтар», Т. Ходжамбердиев «сөздердің тақырыпқа жіктелуі», И. Абдувалиев «лексикалық-тақырыптық топтар», ал қазақ тілінің әскери лексикасын зерттеген Т. Байжанов «тақырыптық топтар» деген атауларды пайдаланады.

Осы еңбектердің бәрін қарап жинақтай келгенде, қазақ тілінің ою-өрнек лексикасын мынандай топтарға бөлдік.

  1. Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты ою-өрнектер атауы.
  2. Малға, малдың дене мүшесіне байланысты ою-өрнектер атауы.
  3. Аңға байланысты ою-өрнек атауы.
  4. Құрт-құмырсқаларға байланысты ою-өрнек атауы.
  5. Құстарға байланысты ою-өрнек атауы.
  6. Жер, су, өсімдік бейнелі ою-өрнек атауы.
  7. Қару-құралдарға байланысты ою-өрнек атауы.
  8. Геометриялық фигура тектес ою-өрнек атауы.

Сонымен, қазақ тілінің ою-өрнекке байланысты лексикасы-халқымыздың ғасырлар бойы жасаған тілдік қазынасы. Бұл атаулар жалпы халықтық тіл негізінде де, сырттан қабылдау арқылы да қалыптасқан.

Ою-өрнектегі бояу түсінің сан құбылмалығы бірден көз тартады. Ою-өрнектегі бояулар бір-бірімен үйлесіп, терең мағыналы күйдің сарыны байқалады[5. 238б] .

Әрине дала табиғатының бояуы (көрінісі) біркелкі емес. Жадыраған жаз, сұрғылт күз, қаһарлы қыс, күлімдеген, шуақты, гүлденген көктем көріністері ою-өрнектерде бояу арқылы берілгенін байқау қиын емес. Ою-өрнектерді жасыл жайлауды, асқар тауды, шөлді, айдынды өзенді, ну орман келбетін, байтақ өңір байлығы мен сұлулығын паш ететіні аян. Міне, осылардың барлығы ою-өрнек өнеріне өзек болып, оның өмірлік мазмұны мен бағасын бойына, әрлендіре түседі. Ою-өрнектерде сан алуан көріністер қоғам өмірі адам қызметінің ауқымдылығын, шексіздігін, белгілі бір мақсатты көздейтінін баяндайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың дәстүрлі қоңыр ою – өрнектері
Ою-өрнектер
Корпустық жиһаз
Қолөнер - сырлы өнер
Ою - өрнегінің мәні мен мағынасы
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын үйрету
Қазақы оюлардың магиялық күші
Қазақтың шым ши тоқу өнеріні
Тұмар
Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру үрдісіндегі педагогикалық шарттарды анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz