Іле алатау таулары


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия факультеті
Химиялық физика және ЖМҚ химиясы кафедрасы
“Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз” ету циклы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
СЕЛ ЖӘНЕ ЛАЙ АҒЫНДАРЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘДІСТЕРІ
Ғылыми жетекшілері:
б. ғ. к., доцент
б. ғ. к., доцент
Ахмедиева З. Х.
Бергенева Н. С.
Норма бақылаушы,
«___»2008ж
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
х. ғ. д., профессор
«___»2008ж
Алматы, 2008
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы 48 беттен, 2 кестеден, 18 суреттен, 43 әдебиеттер тізімінен тұрады.
Түйін сөздер: СЕЛ, ГЛЯЦИАЛДЫ СЕЛ, МОРЕНДІ МҰЗДЫҚТАР, СЕЛЕИНФО, ПЛОТИНА, БОЛЖАУ, БАҚЫЛАУ, МЕДЕУ ШАТҚАЛЫ, ҮЛКЕН АЛМАТЫ ӨЗЕНІ, КҮМБЕЛСУ ҚҰЙҒАНЫ.
Зерттеу объектісі: автоматтандырылған жаңаша "Селеинфо" жүйесі.
Бітіру жұмысының мақсаты: сел және лай ағындарын бақылау және болжаудың қазіргі заманғы әдістерін зерттеу.
МІндеттері:
- дәстүрлі әдістерді қолданып бақылау жүргізу;
- автоматталған "Селеинфо" жүйеcімен және оның қолдану аймағымен танысу;
-“Селеинфо” жүйесін қолданып бақылау жүргізу.
РЕФЕРАТ
Выпускная работа состоит из 48 страниц, содержит 2 таблицы, 18 рисунков, 43 использованных источников.
Ключевые слова: СЕЛЬ, ГЛЯЦИАЛЬНЫЕ СЕЛИ, МОРЕННЫҢ ЛЕДНИКИ, СЕЛЕИНФО, ПЛОТИНА, ПРОГНОЗ, КОНТРОЛЬ, МЕДЕУСКОЕ УЩЕЛЬЕ, РЕКА БОЛЬШАЯ АЛМАТИНКА, УСТЬЕ КУМБЕЛЬСУ.
Объекты исследования: автоматизированная современная система "Селеинфо".
Цель выпускной работы: исследовать современные методы контроля и прогноза селей и оползней.
Задачи:
- провести контроль традиционными методами;
- ознакомиться с автоматизированной системой "Селеинфо" и областью ее применения;
- провести контроль с использованием системы "Селеинфо".
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР:
АБК - автоматтандырылған бақылау күзеті
ССХ- сейсмикалық сел хабарлағыш
АЖ - автоматты жүйе
КІРІСПЕ
Селдің қуаттылығымен бұзғыштығы бойынша Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының ішінде алдыңғы орынды алады. Республикалық негізгі селге қауіпті аудандары Іле, Жоңғар және Талас Алатау, Қаратау таулары, Күнгей, Кетмен және Қазақстанның Алтай таулары болып табылады.
Сел қаупі аймағында 27 қала, соның ішінде Алматы, Шымкент, Тараз, Талдықорған сияқты ірі қалалар, және 400-ден аса тұрғындық аймақтар орналасқан, онда 7млн астам адам тұрады. Мұнда республиканың өндірістік потенциалының шамамен 40%-ы орналасқан.
Сел ағындары ең талқандағыш табиғи құбылыс болып табылады. Оқыс жағдайлардың мұндай түрінен келетін шығын 1млрд АҚШ долларын құрай алады.
Республикада барлық сел қауіпі бар өзендер мен көлдерге бақылау және хабарлау қызметі мезгілді аэровизуалды және жер беті зерттеулер жүргізіледі. Аймақта 30 жыл бойы маусымдық күзеттер қызмет етеді. 3000-3500м биіктіктегі жоғары тау зонасында орналасқан 17 ең тасығыш қауіпті көлдердің күйіне үнемі үздіксіз бақылаулар жүргізіледі, гидрометеорологиялық және арнайы жұмыстардың кешені орындалады.
Климаттың жалпы жылынуымен, жоғары таулы аймақтарда температураның көтерілуіне байланысты соңғы уақытта тау өзендерінің тасуының артуы, көлдер санының көбеюі және сел процестерінің белсенділігі байқалады.
Осы жағдайларда республикада бар бақылау және хабарлау қызметінің тарабы қазірдің өзінде жеткіліксіз. Бақылау орындарында үнемі кезекшілікті қою мүмкін емес және экономикалық жағынан тиімсіз.
Заман сұранысы бақылау жүргізудің автоматтандыруға қатысты жаңа әдістерін енгізуді талап етеді. Бүгінгі күні жоғарыда айтылған талаптарға сай Алматы қаласында бақылау, болжау жұмыстарының дәстүрлі әдістерімен қатар автоматтандырылған "Селеинфо" жүйесі 2007 жылдан бері енгізіліп отыр. Болашақта ол сел қаупі бар 149 пункттерде орналастырылмақ. Қазіргі уақытта жұмыс атқарып тұрған 4 автоматтандырылған жүйелер Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендері аймағында орналасқан. Мұндай жүйелер Қазақстандағы тау өзендерінің бассейіндерінде сел, сонымен бірге тасқын жағдайларын бақылау тапсырмаларын шешуі керек.
Диплом жұмысын орындауға қажетті зерттеулер жүргізген кезде алдымызға келесі мақсат қойдық: сел және лай ағындарын бақылау және болжаудың қазіргі заманғы әдістерін зерттеу. Мақсаттар төмендегідей міндеттерді талап етеді:
- дәстүрлі әдістерді қолданып бақылау жүргізу
- автоматталған "Селеинфо" жүйеcімен және оның қолдану аймағымен танысу
-“Селеинфо” жүйесін қолданып бақылау жүргізу
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЕЛ ҚАУІПІ
Қазселденқорғау мамандарының бағалауы бойынша республикасының таулы аймақтарында 2700 мұздықтар, шамамен 600 жарылуға қауіпті моренді мұздықты көлдер, 330 сел қауіпті өзендер бассейіндері тіркелген, мұнда мезгілді түрде сел ағындары қалыптасады. Соңғы 50 жылда Алматы облысындағы Іле және Жоңғар Алатауының таулы өзендерінде ғана сел ағындарының шамамен 40 жағдайы тіркелген, оның 11-і зылзала апаттарын құрады.
Қазақстан республикасының оңтүстік және оңтүстік шығыс аумаға кіретін таулы аудандар жалпы географиялық атауы солтүстік Тянь-Шань, сел аймақтардың біріне жатады. Республиканың оңтүстігінде Талас, Алатау, Қырғыз жоталары сияқты ірі тау түзілістері, оңтүстік шығысында - Іле, Күнгей және Жоңғар Алатауы, Алтын-Емел орналасқан. Шығыста оларға Қазақстандық Алтай жалғасады. Республика аймағында жер бетінде болатын экзогендік процестердің ішінде ерекше орынды сел ағындарды, қар көшкіндерді, көшкіндер, тасқындар және топан су алады.
Іле Алатау аймағы ең сел қауіпі бар аумағына жатады. Апатты сел ағындарының көбі осы аймақтарда тіркелген. Олар: нәтижесінде қаланың үлкен бөлігі жойылған, 550 адам қаза болған 1921 жылғы кіші Алматы өзені (Верный қаласы - Алматы ) бойынша сел ағыны; 1973 жылы Медеу шатқалында зілзала сипатта болды және қаланы жойылудан тек қана селге қарсы тұрғызылған бөгет сақтап қалады. 1963 жылы Есік өзеніндегі апатты сел таулы көлді, төменде орналасқан аудандық орталықты жойып жіберді, адам өліміне алып келді. Сел апаттары бірнеше рет Іле Алатауында, Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар өзендері бассейінде қайталанды. Апаттың талқандағыш зардаптарын Жоңғар алатауындағы Текелі, Жаркент, Сарқанд қалалары көрді.
Алматы аумағында 9 негізгі селдік қауіпті бассейіндерде шамамен 130 көл бар, олардың 90-ы соңғы 50 жылда 24 рет тасыды.
Республикада 1841-ден 1986 ж. ж аралығында 780-ге жуық сел болған жағдайлар тіркелген. Шамамен 300 сел бассейндері саналады. Оның 83%-ы жауын-шашынның түсуінен болған селдер құраса, 15%-ы мұздықты қалдық тасқыннан болған және 2%-ы көшкін мен опырылмадан түзілген уақытша су қоймасы үйіндісінің тасқыны нәтижесінен болатын жер сілкінісі құрайды. Қазақстанның территориясындағы селдің болу масштабына және болған жағдайлар санына, әсер етуші селді бассейндердің саны бойынша төрт селге қауіпті аудандарды ерекшелеуге болады:
- селге белсенділігі айтарлықтай - Іле алатау таулары;
- селге белсенділігі күшті - Жоңғар және Талас Алатау таулары;
- селге белсенділігі орташа - Қаратау таулары, Күнгей және Қырғыз Алатау таулары;
- селге белсенділігі әлсіз - Шу-Іле таулары, Кетмень, Сауыр - Тарбағатай және Қазақстандық Алтай.
- Іле Алатаулары - апаттық селдің көрінуінің классикалық аймағы болып тиабылады. Мұнда 10 ірі селдер бассейндері, 106 селді арна орналасады, Қазақстан территориясында байқалған 450 сел ағындысы 60% жағдай құрайды.
Іле Алатауының жоғары селдік белсенділігі күрделі сейсмологиялық және гидрометерологиялық шарттарға негізделген. Селді процестердің интенсивтілігіне келесі факторлар себеп болады:
Іле алатау тауларында 75%-ке дейінгі селдер жауын - шашынының түсуінен, 22%-ке таудың жоғары бөлігіндегі мұздың және қардың интенсивті еруі кезіндегі теңіз өзендерінің тасқынынан және 3%-ті уақытша үйінді су қоймаларының тасқынының нәтижесінен болатын жер сілкінісінен туындайды.
Нөсер жауынды селдер басым болады. Гляциальдылар жеке арна бойынша локальды әсер етеді. Бірақ қуаттылығы бойынша олар жауындардан асып түседі.
Гляциалды селдердің болуының жоғары апаттылығы моренді судың үлкен массасының таудың жоғарғы биіктігінен бір сәттік тасқынына және суландырылған жібітулер массалық бұзылуына негізделген, олар өздерінің таулы ортада қозғалуымен қуатты селді тасқынға ауысады және өзендік аймақтың бұзылуына әкеледі.
Соңғы жылдары гляциалды селдер өркендеуші сипатқа ие болуда. Олардың өсуші белсенділігі Іле Алатауында 1950 жылдан кейін байқала бастады және 1970 жылы максимумға жетті. Осы процестердің белсенділігі адамдардың қызыметі нәтижесінде мұз беттерінің ластануына және климаттың жылынуына негізделген.
Қазіргі уақытта Іле Алатауының жоғарғы бөліктерінде мұздардың ығысу және моренді өзендер аумағы кеңею процестері жүреді, нәтижесінде гляциалды-нивалды және термокарстты құбылыстар белсенділік көрсетеді. Сонымен, мысалы, Тұйықсудың орталық мұздығы 1949-дан 1985-ке дейінгі жылдар аралығында 750м-ге сызықты шегінді, ал биіктігі бойынша 110м жоғарылады.
Іле Алатау негізінде сел түзудің басты факторларының негізгі сандық көрсеткіштері енгізілген. Оларға: сел ошақтарымен бассейндердің эродирленуі (талқандалуы) ; рельефтің және өзен арнасының ауытқуы; бассейннің пішіні мен биіктігі; өзендердің мұздыққа айналу дәрежесі; моренді өзендер түзілуі; селдің болуының (жиілігінің) қайталануы; селдің максималды шығындары және шығын көлемі. Әрбір фактордың ролін қарастыра отырып олардың мәні неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым сел түзілу процесі белсенді жүреді және күшті болады және сәйкесінше бассейннің селге қауіптілігінің дәрежесі жоғары. Өсімдік жамылғының әсіресе орманның сел процестерін төмендетудегі ролі сөзсіз.
Іле Алатау өзенінің барлық селді бассейндері сел қауіптілігіне байланысты төрт категорияға жіктеледі:
Айтарлықтай сел қауіпі бар - Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай және Есік өзендерінің бассейндері;
Күшті сел қауіпі бар - Талғар өзені;
Орташа сел қауіпі бар - Шамалған, Қаскелең және Ұзынқарғалы өзендері;
Әлсіз сел қауіпі бар - Шелек және Түрген өзендері.
Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Талғар және Есік өзендерінің селдік қуаттылығының жоғары белсенділікті болуы Іле Алатауда 4200-4900м-ге дейінгі өте үлкен биіктікпен орталық орналасуына, бассейннің 10-26%-ке дейінгі жоғары дәрежелі мұздауына және жауындардың жиі пайда болуына негізделген.
- ХХ ғасырда Қазақстанда болған жойқын селдер
Жауынды селдер
1921 жылғы жауынды селде территориялы таралуы және қуаттылығы бойынша Қазақстан тауларында байқалған барлық жауынды сипаттағы апаттық селден озып түседі. 100мм-ге жуық тауда тұнба қабатымен күшті жауын-шашынның қатысынсыз 8-9 шілдеде түнінде апат болады және де бұл апат әдетте қар түріндегі тұнба немесе әлсіз интенсивті жауын түсетін жоғары таулы мұздықты зонаның қатысынсыз Алатаудың барлық тіке зонасын кеңінен қамтиды.
1921 жылғы селдік ағындар Заилий Алатаудың барлық өзенін қамтиды. Барлық ағындардың белсенді әсері салдарынан, ерекше қуаттылыққа Кіші және Үлкен Алматы, Талғар және Есік өзендері белгіленеді.
Селдің максималды шығындары үлкен мәндерге жеткен: кіші Алматы өзенінде - 1000-5000м 3 /с-ке дейін; ал таудан шығуы бойынша - 300м 3 /с-ке дейін, үлкен Алматы өзенінде - сәйкесінше 230 және 100м 3 /с. Кіші Алматы өзенінен селдің шығуының жалпы көлемі 7, 2-10млн. м 3 -пен бағаланады. Талғар өзеніндегі селдің максимал шығыны 4800м 3 /с-ке жетті.
1921 жылғы апаттық селдер өзен баурайының жоғары бұзылуына әкеледі. Алма-Ата қаласы бойынша селді ағын үш бағыттан өткен: Кіші және Үлкен Алматы және Көктем арнасы бойынша. Көзбен көргендердің керемет әсерлерін таулы инженері В. В. Епанечников келтіреді: "Судың гүрілі, бұзылған ғимараттардың жарылуы, жұлынып кеткен темір шатырының тарсылы, домалаған тастардың соғысқан дауысы сел жақындауын алдын-ала хабарланғандай және судан, балшықтан, үлкен тастардан ағаш діңгегінен және бұзылған ғимарат сынықтарынан тұрған үлкен вал қалаға қарай бағыттап өз жолындағының барлығын жояды".
Бес сағат бойы Алма-Атаның көп бөлігі арнаға айналған және лай-тасты массамен толтырылған. Қазір 1921 жылы селден болған үлкен тастар қала көшелерінде талқандағыш "ескерткіші" ретінде жатыр.
500-ден астам адам қаза тапты. Апаттан зардап шеккен қалаға көмек көрсетуде үкімет шұғыл шаралар қолданды.
Гляциалды селдер
1963, 1973 және 1977 жылдардағы гляциалды селдер қуаттылығы және бұзғыштық күші бойынша бұрынғы СССР территориясындағы барлық гляциалды және нөсерлі селдерден асып түсіп, ғасырлық ең ірі селдер ретінде сипатталды.
1963 жылдың 7 шілдесіндегі сел, Есік өзенінде 0, 2млн. м 3 дейінгі сыйымдылықты Жарсай өзенінің мұздықты ағысының нәтижесінде ыстық күніде түзіледі. Жарсай шатқалынан 3-4 сағат бойы көлден жоғары өзен аймағында 6-7млн. м 3 -ке дейінгі лай-тасты әкелініп тасталды. Ыстық көлінен жоғары селдің максималды шығыны 7600-12000м 3 /с-ке жетті. Көлден жоғарыда сел он екі валмен (толқын) өтті, жеке валддың жылдамдығы 5-6м/с-ке жетіп өзінің жолындағы 4-5м-ге дейінгі өлшемді тастарды домалата отырып, 7-12м биіктікке жетеді.
Үйіндінің жоғары болуымен көлге сел толқындарының жиі түсуі судың деңгейінің күрт өсуіне әкеп 6-7м-ге дейінгі биіктіктегі үлкен тасқынның түзілуіне әкеледі. 5-6 сағат бойы тасқынның гидродинамикалық күшінің әсерінен және судың бөгеттен тасуы табиғи бөгетті бұзып, су көлемі 18млн. м 3 Есік көл толығымен жайылған.
1963 жылғы апаттық сел үлкен зиян келтірді. Көп жыл бойы сел жолында табиғи тосқауыл қызметін атқарған Есік өзені үйіндімен толып кетті және жоғары таулы селдердің потенциалды қауіптілігін күшейтті. Қала ішіндегі апат тұрғын үйлерді талқандаған, ал тау аймағын лай-тасты массамен толтырған.
1973 жылдың 15 шілдесінде болған апаттық сел ыстық ауа-райы салдарынан, Тұйықсу моренді өзенінің тасқыны нәтижесінде пайда болған. Маусым қарсаңы салқын болды. Алматыда күшті жауын жауды, ал моренді және мұздық аймағында қатты қар түседі. Тұйықсу моренді ауданында осы кезеңде 172мм-ге дейін қатты жауын-шашын болды. Алайда шілденің басында күрт және тұрақты жылыну басталды. Ауа температурасы 9-дан 15 шілде аралығында әдеттегі 8-10 0 С-тан, 15-17 0 С дейін көтерілді. Салдары негізінде, қар мен мұздықтың еруі, мореннің жоғарғы қабатының ылғалдануы интенсивті түрде басталды. Оның тұрақсыз қалпының нәтижесінде 14 шілде күннің екінші жартысында су ағатын жерасты үңгірінің тығындалуы болды. Тығындалудан кейін қос су қоймалары еріген сулармен тез толтырыла бастады, ал 15 шілдеде 17 сағат 54 минутта олардың тасқыны болды. 30 минут ішінде жалпы көлемі 0, 2млн. м 3 -ке тең суы бар екі көл босап қалды. 1973 жылғы сел болғаннан кейін Кіші Алматы өзенінің аймағында тұрақсыз беткейлі терең құзға айналды. Мыңжылқы бөгетінен Медеу тоспасына дейінгі сел ағыны 10-12м/с-ке дейінгі қарқынды жылдамдықпен жүреді. Ол өзінің жолында 5-6м-ге дейінгі өлшемді және 300 тоннаға дейінгі салмақты ірі тастарды домалатты. Ағынның қозғалысы беткейдің қалтырауымен және күшті тарсылымен жүреді. Сел соққысы кезінде арна табалдырығы мен күшті иірімі 15-20м-ге дейінгі биіктікте ірі тастардың массалық түсірілуі байқалады, ал кішілеу тастар 40-50м-ге дейінгі радиусқа ұшады. Селдің аймақта болуы кезінде күйік исі жаппай шаңды аспан болды. Ол селді массаның күшті шашырауы және беткейдің бұзылуы нәтижесінде пайда болды, ал күйік қоспасы тастардың соққысынан туындайды. Селдің әсіресе бірінші вал уақытында шамамен 50м радиуста әсер еткен күшті ауалы толқын байқалады. 100т/м 2 -тан көбірек динамикалық күшке ие сел ағыны, өз жолында барлық ұсақ селге қарсы құрылыстарды талқандады: Мыңжылқының габионды бөгетін, Горельник турбазасы аймағындағы алмаспайтын металды бөгетті және тұрғын үйлер мен көптеген адамдардың құрбан болуын тудыды. Медеу бөгетінің сел қоймасына ағын 18 сағат 17 минутта жетті және шамамен 3 сағатқа созылды. Сел болған уақытта ірі сел валы өтті. Ең жоғарғысы 12-15м биіктікке және ені 40-50м жеткен бірінші вал болды.
Бірінші селді валдың бөгетке жақындауы кезінде сулы тастанды құрылыс бірден үйіндімен бекітіліп тасталды. Сел қоймасы толығымен 3 сағатта толтырылды. Судың ұсталған жалпы көлемі 5, 5млн. м 3 -ді құрайды; оның 4млн. м 3 -і үйінді және 1, 5млн. м 3 -і су болды.
Алдын ала 100м-лі үйінді тас бөгетпен тұрғызылған сиымдылығы 6, 2млн. м 3 сел қоймасы Алматыны селден қорғады. Апаттық жағдайды болдырмас үшін бөгетті 40м өсіру және 12, 6млн. м 3 -ке дейінгі жаңа сыйымдылықты сел қоймасын құру туралы жедел шешім қабылданды.
1973 жылғы сел барлық қуаттылығы бойынша Кіші Алматыдағы гляциалды селдерден озық түсті және 1921 жылғы нөсерлі селге және 1963 жылғы Есік өзенінде болған гляциалды селге жақын болды. Оның болуынан кейін беткейлер бұзылуынан Кіші Алматы өзенінде селге қауіптілік күрт өсті.
1977 жылы 3-4 тамыздағы селдер өздерінің керемет масштабымен Қазақстан тауларында байқалған барлық апаттық селдерден озық болды. Олардың туындауының басты себебі Құмбелсу өзені жағасындағы көлемі шамамен 0, 1млн м 3 моренді көл суының максималды бұзылу шығыны 210м 3 /с-ке дейінгі бұзылу болды, ол өз жолында морендік қалыңдықпен беткейді бұза отырып, бір мезетте лай-тасты қуатты ағынды қалыптастырды және Үлкен Алматы аймағына шықты.
Тауда сел болған уақытта 400-ге дейінгі белдік тіркелген. Олардың кейбіреуінің максималды биіктігі 10-12м-ге жетеді, ол шашыратуда 15-20м, 8-10м/с-ке дейінгі жылдамдықпен қозғала, селдер 5 - 6м-ге дейінгі өлшемді тастардың кесегі көтерді. Олар халық шаруашылығына үлкен зиян келтірді: тауларда электр тасымалдағыш жоғары вольтты сызықты көлік жолын, көпірлерді, жабайы жемісті бақтарды, суретті кең байтақ даланы, қала шетіндегі - «Сайран» су қоймасын ірі таспен және балшықпен толтырып тастады.
1. 2. Сел ағындарына қысқаша сипаттама
Сел - тау өзеннің арналарында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен тау жыныстары бұзылуынан болған заттардың көптігімен сипатталатын уақытша ағын.
Селдер өз атауын Арабтың "сайль" сөзінен алған, ол құйынды ағын. Сел ағыны аз уақыт ішінде болады және арнаның қисаю бұрышы 6-20 0 -ға тең таулы алқапқа тән. Селдер ағыны әдетте он шақты минутқа созылады, сирек 4-5сағатқа, кейде 8сағ және 8сағаттан асуы да мүмкін. Арна он шақты метр тереңдікке эродициялануы мүмкін, ұзындығы бірнеше километр жол жүріп өтеді, сирек он шақты километрге жетеді. Ені он шақты, ұзындығы жүздеген метр, қалыңдығы әдетте 5м, сирек жағдайда 10м болатын конус түзеді. Селдер Антарктидадан басқа әлемнің барлық таулы аймақтарында түзіледі.
Селдің көлемі немесе қуаты ондаған және жүздеген мың, ал кейде миллиондаған куб метр сел массасын құрайды.
Бөгетсіз қозғалыс кезінде сел ағынының максималды шығыны су шығынынан шамамен 1, 2-1, 4 есе жоғары, ал бөгет болғанда 3-5 есе жоғары болады. Сел ағынының максималды шығының мөлшері оннан 2000м 3 /с дейін құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz