Сот баллистикасының түсінігі, маңызы мен объектілері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. - 3

1 Сот баллистикасының түсінігі, маңызы мен объектілері
1.1 Сот баллистикасының түсінігі, оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... - 5
1.2 Сот баллистика объектілері және олардың жалпы сипаттамасы ... .. - 9

2 Сот баллистикасының объектілерін табу, бекіту, алу және зерттеу
ерекшеліктері
2.1 Сот баллистика объектілерін оқиға болған жерде табу, бекіту және
алу тәртібі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
... ... ... ... .. - 28
2.2 Сот-баллистикалық сараптама тағайындау, жүргізу және
қорытындысын бағалау ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... - 36

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
... ... ... ... ... .. - 58

Пайдаланға әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. - 60

Кіріспе

Қазіргі уақытта мемлекетімізде қалыптасқан криминогендік
жағдайға, қылмыстылықтың өсуіне және мемлекет тарапынан азаматтардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, құқық қорғау
органдары қызметінің сапасыз болуына байланысты жеке адамды қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау мәселелері ерекше маңызға ие бола бастады. Осыған
байланысты әрбір азаматқа өзінің жеке басын, тұрғылықты жерін, меншігін,
бостандығын қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғауға құқығы берілген. Оның
өзі ҚР Конституциясында көрсетілген, яғни ата заңымыз бойынша Әрбір адам
өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін заңға сәйкес болатын барлық
құралдарды, соның ішінде қажетті қорғануды пайдалана алады деп көрсетілген
[1].
Мемлекеттің құқық қорғау қызметі одан әрі дамытуды және
жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты бұл қызметтегі басты басымдық
мыналар болуға тиіс: қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты және қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандығын
қорғау, мемлекеттің кез келген құқық бұзушылыққа жауап әрекетінің
бұлтартпаушылығын қамтамасыз ету, қылмыстарды жылдам әрі толық ашу, оларды
жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, құқық
бұзушылықтардың алдын алу, қылмысқа қарсы күресте азаматтармен өзара іс-
қимылдар жасасу [2].
Әрбір азамат өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін заңға сәйкес
болатын барлық құралдарды, соның ішінде қажетті қорғануды жүзеге асыру үшін
көптеген жағдайда осы жұмыста қарастырылатын объектілерді, яғни ату
қарулары мен оқ-дәрісін иемдене бастады. Бұл құбылыс адамдардың қолдарында
көп мөлшерде ату-каруының заңсыз жолдармен жиналуына әкелді.
Азаматтардың қолында атыс қаруларының, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен
жарғыш құрылғылардың көп мөлшерде жиналуы және олардың бақылауынсыз
қолданыла беруі басқа азаматтар және жалпы қоғам үшін үлкен зардаптарға
әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, 2009 жылы Алматы облысында заңсыз сақтағаны
және лицензиялық рұқсат беруші жүйені бұзғаны үшін осы атыс қаруларының
5003 данасы алынды. Бұл көрсеткіш 2007 мен 2008 жылдарға қарағанда артып
отыр. Себебі, 2007 жылы осы атыс қаруларының 3023 данасы алынды, 2008 жылы
олардың 4125 данасы алынды. 2009 жылдың басында Алматы облысының аумағында
осы заттарды қолданумен 29 қылмыс жасалған, олардың төртеуі ғана тіркелген
қарудан жасалынған. Осындай жағдайды болдырмау үшін ІІО-ры тарапынан
көптеген шаралар өткізіледі, алайда олар нәтиже бермегенімен, нәтижелері
осындай қылмыстылықпен күресуге жеткіліксіз болып табылады [3].
Атыс қаруды, оқ-дәріні криминалды тұлғалармен қолдануы нәтижесінде
қоғамға қауіп төндіру мүмкіндігі бұл заттардың криминалистика тұрғысынан
терең зерттеудің қажеттілігін тудырады.
Осыған байланысты, атыс қаруларын қолданып жасалған қылмыстарды ашу,
тергеу мен алдын алу мақсаттағы криминалистикалық зерттеу мәселесі қазіргі
уақытта өте өзекті мәселе болып табылады.
Ату қаруларын, оқ-дәрілерді және атудың іздерін криминалистика
саласының шеңгерінде сот-баллистикасы зерттейді. Соңғы кезде көптеген
авторлар сот-баллистика терминін криминалистикалық баллистика деген
терминмен ауыстырып, бұл екі термин бір мағынаны білдіреді деген ойларды
айтуда.
Сот (криминалистикалық) баллистика – бұл қылмыстарды ашу және тергеу
мақсатында атыс қаруын, оқ дәрілерді және оларды қолдану іздерін табу,
бекіту, алу және зерттеудің техникалық құралдары мен тәсілдерінің, ғылыми
ережелерінің жиынтығын қамтитын криминалистикалық техниканың бір саласы.
Сот баллистикалық зерттеулер екі түрлі процесуалдық нысанда
жүргізіледі:
1. Тергеу барысында жүргізілетін тергеу әрекеті ретінде;
2. Зерттеуді сот-баллистикалық сараптама нысанында жүргізу.
Тергеу әрекеттері мен сот-баллистикалық сараптама шеңберінде
жүргізілетін сот-баллистикалық зерттеулер қылмыстың объективтік және
субъективтік жағынан тұратын жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Осы
жағдайларды идентификациялық және идентификациялық емес деп екі топқа бөліп
қарастыруға да болады.
Біз өз жұмысымызда сот баллистикасының түсінігі мен оның маңыздылығын
ашып керсете отырып, оның объектілеріне жалпы сипаттама беріп кетеміз.
Жұмысымыздың негізгі мақсаты сот баллистикалық зерттеулердің екі түрлі
процессуалдық нысанада жүргізілуін ашып көрсетіп, олардың арасындағы
шекараны және әр нысананың ерекшеліктерін ашып қөрсетуге арнаймыз.
Атыс қаруларымен жасалған қылмыстарды тергеу барысында құқық қорғау
қызметкерлері сот баллистика объектілерімен жұмыс істеу (табу, бекіту, ату
және зерттеу) ережелерін білу және оларды қатаң сақтауға тиіс. Бұл
ережелерді білмеу немесе оларды сақтамау әртүрлі ақуалдарға әкеліп соғуы
мүмкін. Осы жағдайларды ескере отырып біз өз жұмысымызда тергеу және
анықтау органдарының қызметкерлеріне сот баллистика объектілерімен дұрыс
жұмыс істеу және осы объектілерді зерттеу барысында мүмкіндігінше толық
мәлімет алу үшін бірнеше ұсыныстар жасауға арнаймыз.
Сот-баллистикалық сараптама ерекшеліктерін ашу барысында біз ең көп
тараған атыс қаруына, нақты айтқанда аңшы мылтықтары мен қысқартылған аңшы
мылтықтарына (обрез), сараптама тағайындау, зерттеу және олардың
қорытындысын бағалауды қарастырамыз. Осыған қоса сот-баллистикалық
сараптамаларын тағайындау, өткізу және олардың қорытындысын бағалау
ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін проблемалық мәселелерді анықтап оларды
көрсетуге атсалысамыз.

1 Сот баллистикасының түсінігі, маңызы мен объектілері
1.1 Сот баллистикасының түсінігі, оның маңызы.

Қазіргі кезеңде атыс-қарудың көптеген түрлерін пайдалану арқылы
жасалған қылмыстардың саны ұлғайып, күн сайын өсіп отыр. Бұл қылмыстардың
көбейуіне әсерін тигізіп отырған жағдайлар ретінде мыналарды айтуға болады:
атыс-қарудың, оқ-дәрінің заңсыз айналымына оларды заңсыз дайындау, оны
ұқыпсыз сақтау, қаруды қорғау, сақтау бойынша міндеттерді тиісінше
орындамау, оны ұрлау не қорқытып алу.
Атыс-қару деп - бұл оқтың не басқа зарядтың энергиясының арқасында
бағытталған қозғалысқа келетін снарядпен белгілі бір аралықтағы межені
механикалық түрде зақымдау үшін арналған қару. Мұндай қаруға әскери атқыш
қарулардың барлық түрлері (винтовкалар, карбиндер, автоматтар,
пистолеттер), шағын колибрлі қару (винтовкалар, пистолеттер), ойық ұңғылы
және тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, аңшы мылтықтарынан, соның ішінде, егер аңшы
мылтығының қасиетінен айырылған болса, тегіс ұңғылы мылтықтан да жасалған
шолақ мылтықтар жатады. Мұндай қарулар зауытта шығарылумен қатар, қолдан да
жасалуы мүмкін. [11]
Құрылғысы бойынша өзіне сәйкес қару түрінен атуға арналған (әскери,
аңшының шолақ не тегіс ұңғылы мылтықтан), қондырғылар не заттар (снарядтар,
оқтар, гранаталар, миналар) әскери оқ дәрі қызметін атқарады.
Негізінен, біз аталған заттардың заңсыз айналымын келесі әрекеттерден
көре аламыз: осы заттарды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау
немесе алып жүру, оларды заңсыз жасау, жөндеу, ұқыпсыз сақтау, оларды
күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау, оларды заңсыз ұрлау немесе
қорқытып алу.
Соған қоса, осы әрекеттер заңсыз болуы үшін оларды жүзеге асыруға
тиісті рұқсаттың болмауы, сондай-ақ жоғарыда аталған әрекеттерді жоғарғы
дәрежеде атқармауы, егер ол жағдай қандай да бір зардаптарға әкелсе ғана ол
әрекет заңсыз деп саналады.
Атыс қаруларын қолданып жасалған қылмыстарды ашу және тергеу барысында
туындайтын сұрақтарға жауап беруге криминалистиканың криминалистикалық
(сот) баллистика деген тарауы көмектеседі.
Баллистика (гр. сөз. Ьаlіе - лақтырамын) - оқ және бытыраның
қозғалысы мен жылдамдығын зерттейтін әскери-техникалық ғылым. Баллистика
білім саласы ретінде әскери-техникалық ғылымдар арасында дамыды. Атыс-
қаруларын қылмыс жасауда жиі қолданылуына байланысты криминалистика
ғылымының, криминалистикалық техника салаларының қаратынан сот баллистикасы
пайда болды.
Сот баллистикасы – криминалистикалық техниканың бір тарауы, ол пән
ретінде атыс қаруларды, оқ-дәрілерді олардың әсерінен пайда болған іздердің
белгілерін, сонымен қатар тергелініп жатқан қылмыстардың жағдайын анықтау
үшін осы объектілерді дәлелдемелік зат ретінде зерттейді. Сондықтан да,
криминалистикалық баллистика деген термин шартты болса да баяндалатын
мәліметтердің бағытын анықтауға мүмкіндік береді [5].
Сот баллистикасының теориялық және әдістемелік мәселелері В.Х.
Черваков, С.Д. Кустанович, Ю.М. Кубицков, Б.Н. Ермоленко, А.П. Вакуловский,
В.С. Аханов, Ю.Г. Корухов, Б.И. Шевченко, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, А.А.
Исаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Сот баллистиканың теориясын құруға жалпы баллистиканың ережелері мен
басқа да әскери-техникалық ғылымдардың мәліметтері негіз болды. Атап
кетсек, қарудың материалдық бөліктері, қаруды конструкциялау өнері және
с.с.. Сонымен қатар, криминалистикалық баллистикада қаруды қолданудан
қалған із бойынша объектіні идентификациялау және із қалдыру механизымін
зерттеуде трассологияның негізгі ережелері орынды.
А.П. Вакуловский сот баллистикасын криминалистикалық техниканың бір
саласына жатқызып, кылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылатын атыс
қаруларын, оқ-дәрі жабдықтары мен олардың іздерін табу, бекіту, алу және
зертеу әдіс-тәсілдерін оқытатын ілім деп көрсеткен.
Б.И. Шевченко сот баллистикасы анықтамасын сот баллистикалық зерттеу
арқылы шешілетін мәселелермен толықтырады. Ол, сот баллистикасын
криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарастыра отырып, атыс
қаруларын, ату кезінде пайда болған құбылыстарды, қылмыскерлер қолданған
қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің қай топқа жататындығын анықтау және
идентификациялау мақсатында ату іздерін зерттеу қажеттілігін, сондай-ақ
атылған және оқ-дәрі жабдықтары арқылы зақым келтірудің техникалық жағдайын
анықтау қажеттілігін көрсеткен.
Криминалистикалық немесе сот баллистикасы адамның денесі мен
киіміндегі атудан қалған жарақаттарды зерттеуде сот-медицина саласымен
тығыз байланысты. Осы туралы В.Ф. Черваков сот баллистикасын қылмыстық-
техниканың көлемді бөлімі ретінде қарастыра отырып, атыс қару-жарақтарын,
оқ-дәріні, гильзаларды, оқты және оқ-дәрі жабдықтарын материалдық құрамы
жағынан, сондай-ақ, әртүрлі заттар мен киімдерден табылған оқ-дәрілер мен
өзге де іздерді, атыс қаруларын криминалистика және сот-медицина тарапынан
зерттеу қажеттілігін көрсетті.
Ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибелік материалдарға байланысты сот
баллистикасының теориялық мәселелерін зерттеу қажеттілігі туындады. Атап
айтқанда: оқтың атылу зандылықтары, қылмыс жасау мақсатында қолданылған
қару-жарақтар мен оны қолдану нәтижесінде пайда болған іздер соттық
дәлелдемелер болуы.
Осы заңдылықтарды түбегейлі танып (зерттеп) білу, атыс қаруларын және
олардан қалған іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және
зерттеу мәселелерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Сот баллистикасы өзінің жеке теориялық негіздерінің қалыптасуына
байланысты криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарастырылады.
Оның мазмұнына ату зандылықтары мен қару-жарақтың тигізетін әсерін зерттеу
және осылардың негізінде атыс қаруларының, оқ-дәрі жабдықтарының ату
кезінде пайда болған іздері мен құбылыстарын табу, бекіту, алу және зерттеу
кезінде қолданылатын ғылыми-техникалық әдіс-тәсілдер мен құрал-жабдықтарды
өңдеп шығару жатады.
Сот баллистикасының ғылыми негізін диалектикалық материализмнің жалпы
әдістемесі мен ғылыми-техникалық білім салаларының ғылыми ережелері
құрайды.
Атап айтқанда, оларға: атыс қарулары мен оның оқ-дәрінің құрылысын,
оқтың бөгетке тигізетін әсерін; қару оқпанындағы ату кезіндегі пайда болған
құбылыстарды және оқтың оқпаннан шыққаннан кейінгі қозғалысын зерттейтін
әскери-техникалық ғылым салалары жатады.
Б.И. Ермоленко өз тарапынан сот баллистикасына қатысты келесідей: оқ
және гильзамен байланысқа түсетін қару-жарақ бөлшектерінің өзіндік
белгілері, қару-жарақ бөлшектерінің белгілерінің тұрақтылығы
(идентификациялық кезең); оқта және гильзада пайда болған іздердің
механизмі; оқ және гильзадағы іздерде қару-жарақ бөліктері белгілерін
бейнеленуіне әртүрлі факторлардың әсер етуі; сот баллистикасы
объектілеріндегі іздерді бекіту жөнінде ғылыми мәліметтер; сарапшы
қорытындысын шығару кезінде объектілердің әртүрлі қасиеттері мен белгілерін
бағалаудың тәртіптері туралы ілімдерді көрсетті. [6]
Ғылыми зерттеудің әдістемесін дәстүрлі зерттеу әдістері құрайды:
бақылау, өлшеу, эксперимент, салыстыру, бейнелеу және т.б. Сонымен қатар,
сот баллистикалық зерттеудің арнайы әдістемесі - оқтар мен гильзалардағы
іздерді микро- және макрофотографиялық әдістермен бекіту, экспериментальды
оқтар мен гильзаларды алу әдісі, шашыраған бытыра бойынша ату арақашықтығы
экспериментальды түрде анықтау әдістемесі; ату қару-жарағының жағдайын
анықтаудың әдістемесі және т.б.
Сот баллистикалық зерттеулер екі түрлі процесуалдық нысанда
жүргізіледі:
1. тергеуші (кейбір жағдайларда маманның қатыстысуымен) жүргізілетін
тергеу әрекеті ретінде - оқиға болған жерді қарау, атыс қару-жарағын, оқ-
дәрі жабдықтарын, ату іздерін қарау, атыс қару-жарағы немесе оқ-
дәрі жабдықтарымен тергеу экспериментін жүргізу;
2. зерттеуді сот-баллистикалық сараптама нысанында жүргізу.
Тергеу әрекеттері мен сот-баллистикалық сараптама шеңберінде
жүргізілетін баллистикалық зерттеулер қылмыстың объективтік және
субъективтік жағынан тұратын жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Осы
жағдайларды екі топқа бөліп қарастыруға болады: идентификациялық және
идентификациялық емес.
Идентификациялық мәселелерге:
1. Оқиға болған жерден табылған немесе мәйіттен алынған оқтар сезіктіден
алынған қару-жарақтан атылған ба?
2. Оқиға болған жерден табылған оқ (гильза) пен ашылмаған қылмыстар
бойынша алынған оқ (гильза) бір қару-жарақтан атылған ба?
3. Оқиға болған жерден және мәйіттен алынған бытыра (картечь) мен
сезіктіден алынған бытыра (картечь) бір металдан жасалынған ба немесе
бір қоспаны құрай ма?
4. Оқиға болған жерден табылған тығын мен сезіктіден алынған тығын бір
материалдан жасалынған ба?
5. Қолдан жасалынған қару-жарақ сезіктіден алынған құрал-жабдықтар мен
материалдардан жасалынған ба?
Идентификациялық емес мәселелерге (классификациялық, диагностикалық,
ситуациялық):
1. Қылмыстың жасалу уақыты мен орны;
2. Қылмыс жасау кезінде қандай ату құралы қолданылған;
3. Атудың арақашықтығы мен бағыты, атқан адамның және жәбірленуші мен
басқа да оқиғаға қатысушылардың орналасу жағдайы;
4. Қылмыскердің ниеті;
5. Оқтың ұшу бағыты, атылған оқтың саны мен кезектілігі;
6. Қарудың жарамдылығы;
7. Өздігінен атылып кету мүмкіндігі туралы мәселелерді;
8. Қаруды, оқ-дәрі жабдықтарын жасау әдісін;
9. Қандай материалдар қолданғандығы;
10. Қарудың атылған-атылмағандығы;
11. Калибр жүйесінің қандай да бір бөлшегі ауыстырылған ба, жоқ па,
ауыстырылса кандай түрімен ауыстырылды;
12. Сезікті жейдесінің қалтасында металл іздерінің бар-жоқтығын және т.б.
анықтау жатады.
Сот баллистикасына объектілеріне байланысты туындайтын мәселерді шешу
үшін әр түрлі әдістермен ғылыми-техникалық құралдар қолданылады. Ондай
ғылыми-техникалық құралдарға: салыстырмалы микроскоптар, оқ ұстағыштар,
развертка аппараттарын жатқызуға болады. Қазіргі кезеңде сот баллистика
сараптамасының көптеген зерттеулері копьютерлік программалардың көмегімен
өткізілуде.
Сот баллистиканың негізгі міндеттерінің бірі ол, сот-баллистика
объектілерін табу, бекіту, алу және оларды зерттеу үшін жаңа ғылыми-
техникалық құралдары дамыту болып табылады. Сот баллистикасының дамуы
жаңадан пайда болып жатқан атыс қаруларымен және жаңа ойлап тапқан оқ-
дәрілерімен тығыз байланысты болып келеді.
Соңғы кезде криминалистиканың теориясында жаңа сала қарутану пайда
болып келеді. Бұл саланы жаңа дегенімен оны құрайтын салалар дәстүрлі
криминалистикалық техниканың салаларына жатады. Қарутанудың салалары болып:
сот-баллистикасы, жарылғыш заттармен жарылғыш қондырғыларду зерттеу және
суық қаруларды зерттеулер саналады. Біздің ойымызша бұл саланың осы
зерттеулерді өзінің қарамағына жинауы орынды деп ойлаймыз. Олай
ойлауымыздың бірінші себебі, сот-баллистикасының объектілері жарылғыш
заттармен, жарылғыш қондырғыларымен жақын болып келеді, екеуінің де шығу
тегі бір жерден, нақты айтатын болсақ әскери-техникалық ғылымдар. Екінші
себеп, суық қаруларды зерттеу бұрын криминалистикалық трасологияға кіретін.
Суық қаруларға бұндай көзқарас біздің ойымызша мүлдем дұрыс емес, өйткені
трасология іздерді зерттейтін ғылым, ал суық қару ол қарулардың қатарына
жатады.

1.2 Сот баллистика объектілері және олардың жалпы сипаттамасы

Сот баллистикалық зерттеу объектісі болып негізінен ату құралы және
атылу мүмкіндігімен байланысты заттай дәлелдемелер болып табылады. Зерттеу
объектілері келесідей топтарға бөлінеді:
1. Атыс карулары;
2. Оқ-дәрі жабдықтары (патрондар), шикі заттары, материалдары, қару
жарақ пен оқ-дәріні дайындау кезінде қолданылған құралдар;
3. Ату құралдарын қолдану іздері.
Атылатын қару-жарақ құралы төмендегідей әртүрлі негіздер бойынш
топтастырылады:
1. Атыс-қарулары қолдануына байланысты:
Жауынгерлік - нақты күшпен жаудың техникасын жою үшін пайдаланатын
қару-жарақ;
Оқулық - қару-жарақтың құрылысын білу үшін және ешқандай
ату әрекеттерін жүргізбестен, қалай ату кажеттігін оқып үйренуге арналған;
Спорттық - арнайы спорт жарыстарында қолданылатын ату құралы;
Аңшылық - аң-құс аулау үшін қолданылатын кәсіптік және әуестік қару-
жарақ құралдары.
2. Ату кезінде қаруды ұстау мен басқару әдісі бойынша: тапанша;
револьвер; винтовка; карабин; автомат; тапанша-пулемет; мылтық болып
бөлінеді.
3. Автоматтану дәрежесі бойынша:
- автоматтандырылмаған;
- жартылай автоматтандырылған;
- автоматтандырылған.
4.0қты ату сипаты бойынша:
- бірақ рет атылатын қару құралы;
- аралас атылатын қару-жарағы: АКМ (Калашниковтың модерленілген
автоматы), ППС (Стечкиннің тапанша-пулеметі), АВС (Симоновтың
автоматты винтовкасы);
- үзіліссіз атылатын қару-жарақ: РПД (Дягтеревтің қол пулеметі);
- оқтың үзіліссіз атылуын автоматты түрде шектейтін (автоматты үзіліспен
атылатын).
5.0қпан саны бойынша және ұзындығына байланысты:
- жалғыз оқпанды; - қос оқпанды; - көп оқпанды;
- ұзын оқпанды (мылтық, карабин, винтовка); -орташа (автоматтар); -қысқа
оқпанды (тапанша, револьверлер);
б.Калибрі бойынша:
- кіші калибрі (6,5мм-ге дейін);
- орта калибрі (6,5мм-ден 9мм-ге дейін);
- ірі калибрі (9мм-ден жоғары);
- 12, 16, 20, 28, 32 калибірлі аңшы мылтықтары;

Cурет 1. Макаров тапаншасының сыртқы көрінісі.

Сурет 2. ИЖ тапаншасының бөлшектері.

Сурет 3 Револьвер тапаншасының сыртқы көрінісі

Сурет 4. УЗИ тапанша-пулеметінің сыртқы көрінісі

Сурет 5. Тегіс ойықты аңшы мылтықтарының түрлері

Сурет 6. Калашников автоматының сыртқы көрінісі

Сурет 7. Калашников автоматының құрылысы

Сурет 8. Аңшы мылтықтардың қысқарылған түрлері (обрез)

Сурет 10. Қалам тәрізді ату қаруының сыртқы көрінісі

Сурет 11. Қалам тәрізді ату қаруының құрылысы

Сурет 12. Гильзалардың түрлері

Сурет 13. Аңшы мылтықтарының патрондары

Сурет 14. Унитарлық патрондардың оқтарының түрлері

Сурет 15. Иір ойықты қару патронының құрылысы.

Сурет 16. Қарудан атылған оқтың сыртқы көрінісі
7.0кпанның ішкі құрылысының құрастырылу ерекшелігі бойынша:
- иір оқпанды ату-қарулары;
- тегіс оқпанды.
8. Дайындау тәсіліне байланысты:
- өндірістік (зауыттық, фирмалық жэне т.б.);
- қолдан жасалған: толығымен жасалған;
- зауыттан шыққан қарулардың бөлшегін қолдана отырып құрастырылып
жасалған;
- зауыттан шыққан қаруды өзгертіп жасаған немесе арнайы құралдар мен
жабдықтарды өзгерте отырып жасалынған (құрылыс-монтажды тапаншалар, газ
тапаншалары);
- атиптік (қалыптан тыс).
Жауынгерлік қару – заводтық, жалғыз оқпанды, көп зарядты, ойықты
оқпанмен, әдетте жылжымалы затвормен оқтарды атуға арналған қару болып
жасалады. Оқпан ұзындығына байланысты жауынгерлік қарулар қысқа, орташа
және ұзын оқпандыларға бөлінеді.
Қысқа оқпанды қарудың оқпан ұзындығы – сантиметрге дейін болады.
Оларға жартылай автоматтандырылған тапаншалар мен револьверлер жатады.
Орташа оқпанды қаруларға, оқпан ұзындығы 20 – 40 сантиметрге
дейіндерді жатқызамыз, мысалы үшән пистолет-пулеметтер, автоматтар және
карабиндер.
Ұзын оқпандыларға, оқпан ұзындығы 40 сантиметрден асатындарды –
винтовкалар, карабиннің кейбір түрлері, және қолды пулеметтер жатады.
Жауынгерлік қарулардың негізгі сипаттамасына оның оқпан каналының
ішіндегі ойықтары жатады. Қару оқпанның ішіндегі ойықтардың баллистика үшін
алғы деңгейлі маңызы бар, өйткені осы сипатқа байланысты оқтың ұшу
қашықтығы мен тесіп өту қабілеті жоғарлап, осымен байланысты қаруды одан
атылған оқтарымен теңдестіру мүмкіндігі туындайды.
Қарудың сипаттамасы үшін оның калибрінің үлкен мағынасы бар. Калибр –
оқпан каналының ішкі диаметрі. Ойықты қаруларда калибр, қарама қарсы жатқан
алаң ойықтарының қашықтығымен анықталады. Қарулардың калибрі бұрынғы кеңес
өкіметі мен Еуропа елдерінде миллиметрмен есептеледі, ал Ұлы Британия мен
АҚШ елдерінде дюйм бөлігімен есептеледі (1 дюйм = 2,54 см.). Тәжірибе
жүзінде жауынгерлік қарулардың келесі калибрлері ең жиі кездеседі (мм.
санымен) 7,62; 7,65; 8; 9; 11,43 (тапаншалар, револверлер, автоматтар);
5,6; 6,5; 7,62; 7,92 (винтовка, карабиндер)4.
Жауынгерлік көп зарядты қарулар автоматты емес, жартылай
автоматтандырылған (өздігінен оқталатын) және автоматтандырылған (өздігінен
оқталып және ататындар) болып бөлінеді.
Автоматты емес қаруда, оқты қайтадан оқтау үшін затворды қолмен
қозғалту керек. Автоматты емес қаруларға револверді жатқызуға болады.
Жартылай автоматтандырылған және автоматтандырылған қаруларда қайта оқтау
жұмысы, порох газдарының әсерімен жүзеге асырылады. Жартылай
автоматтандырылған қаруды ату үшін шүріппені басып жіберіп тұру керек, ал
автоматтандырылған қаруларда шүріппені бір рет басып тұрып, қарудағы барлық
патрондарды атуға болады (пистолет-пулеметтер, автоматтар).
Аңшы қарулары – заводтарда жасалады және олар ұзын оқпанды, бытыралы
(картечті), оқты және комбинацияланған болады. Комбинациялы аңшы қаруларды
әдетте жалғыз ғана оқпан каналының іші ойықтармен қамтылады.
Бытыралық аңшы қаруы жалғыз, тегісоқпанды; көлдененінен не тігінен
орналасқан, екі немесе бірнеше оқпанды болып жасалады (бір атар, қосауз
мылтықтар). Бұлар бытыра немесе картечпен атуға икемделген.
Комдинациялы аңшы қаруы бытырамен де оқпен де атуға арналған,
сондықтан оның бір оқпанының іші ойықталған болады.
Оқу-спорттық қару. Әдетте бұл қаруларға оқу үшін, негізінен кішкене
калибрлі деп аталатын (5,6 мм.) қарулар жатады, олар шеңберлі жанып
атылатын оқтармен қамтылады (тапаншалар, револверлер, винтовкалар); сонымен
қатар оларға спорттық және пневматикалық қарулар жатады.
Криминалды қаруға әдетте қысқа оқпанды, өзгертілген қарулар жатады.
Оларды төмендегіше жіктеуге болады:
• қолдан жасалған атыс қару – толықтай немесен заводта дайындалған кейбір
бөліктерді қолданып жасалған қарулар. Бұларға ұңғысынан оқталатын
тапаншалар, қолдан жасалған біратарлар, кейде автоматтандырылған
қаруларды жатқызамыз. Қолдан жасалған қарулардың оқпан ұңғысының іші
әдетте тегісоқпанды болады. Кейде криминалды қаруларды тұрмыстық заттарға
ұқсатып жасайды: автоқалам, зонт және де басқа заттар, себебі оны жасырын
түрде тасымалдауға ыңғайлы қылып икемдейді.
• шолақ мылтықтар – жауынгерлік, аңшы немесе оқу қарулардың оқпаны мен
прикладын қысқарту арқылы жасалады (обрездер).
• снарядтарды ату үшін қайта жасау арқылы дайындалған арнайы қондырғылар
(сигнал беретін тапаншалар мен револьверлер, газды, құрылыс-монтажды
тапаншалар).
• басқа патрондармен атуға қайта жасалған заводтық қарулар.
Атыс қаруға арналған оқ-дәрілердің криминалистік зерттеуі оқталған
патрондардың және олардың бөліктерін зерттеуді де қосады, оның ішінде
атылған снарядтар мен гильзалар кіреді. Зерттеу объектілеріне патрондардың,
гильзалардың, оқтардың және басқа компоненттердің де үстіндегі бейне-
іздері, сонымен қатар оқ-дәрілердің құрамына кіретін заттары жатады.
Атыс қарудың түріне қарай патрондарды жауынгерлік, спортты, аңшы деп
бөледі. Жауынгерлік патрондарға винтовка, тапанша, револьвер үшін жасалған
және екі аралықтағылар жатады (тапаншалық пен винтовкалық араларында орташа
орын алатындар).
Қазіргі жауынгерлік қаруға арналған унитарлық патрон: гильза, капсюль,
порох және снярадтан, яғни нысанға зақым келтіретін объектіден тұрады.
Гильзалар әдетте металдан жасалып цилиндр, конус және шөлмек тәріздес
қалыпты болады. Азаматтық үлгідегі қаруларға тек қана цилиндрлік гильзасы
бар патрондар арналған, жауынгерліктерге – барлық үш түрі. Кіші калибрі
оқтардың шөлмекті гильзасы ғана басқаларға қарағанда көп көлемді порохпен
оқталуға мүмкіншілік береді. Гильза: ұнғы, қорап және қалпақшадан тұрады.
Гильзаның ұнғысына оқ бекітіледі, сондықтан оның ішкі диаметрі оқтың сыртқы
диаметрі және қару калибрімен шамалап сәйкес болады (стандарт талабына сай
оқтың диаметрі ствол калибрінен 0,02 мм. үлкен болуы керек). Оқ гильзаға
әртүрлі тәсілдермен бекітіледі: қысу арқылы немесе тығыздап тығындау арқылы
және т.с.с.
Гильза корабының ішінде порох ұстағыш орналастырылады. Қазіргі
жауынгерлік қаруларда түтінсіз, әдетте пироксилиннің негізінде жасалған
порох қолданылады. Порох белгілі бір қалыпты, өлшемді, түсті сипаттайтын
дәндерден тұрады. Порох дәндері шар, тікбұрыш, паралелепипед, құбыр тәрізді
болуы мүмкін. Бұл сипаттарын әрине тек микроскопты қолдану арқылы көруге
болады. Және осы порохтың сипатына сай оларды салыстыруға болады.
Тапаншалар мен револьверлердің патрондарына әдетте ұсақ дәнді, ал
винтовкаларға – ірі дәнді порохтар қолданылады. Гильза қалпақшасындағы
капсюльдік ұяшыққа от тұтайтын құрамы бар капсюль бекітіледі. Отты
жандандыратын (тұтататын) құрам ретінде әдетте сынап (ртуть) қосыдылары
қолданылады.
Қалпақшаның конструкциясына сай, гильзалар жиекті және жиексіз болып
бөлінеді. Жиекті гильзалар қалпақша диаметрі гильза қорабының диаметрінен
үлкенірек (корпустан шығынқы) болады, ал жиексіздерде қалпақша тұсында
сақиналық ойық жасалады. Гильзаның қалпақшасындағы жиек немесе сақиналық
ойық, оны патронниктен шығару үшін қажет. Қарудың конструкциясы соған
икемделіп жасалған.
Гильза қалпақшасының үстіне оның калибрі, осы оқты жасаған зауыт
немесе фирманың маркасы, шығарылған жылы және шартты таңбалар, символдар,
марка белгілері басылады.
Жауынгерлік қаруға арналған патрондардың оқтары қапталған және
жартылай қапталған болып бөлінеді. Тәжірибеде қапталмаған да оқтар
кездеседі, олар көне конструкциядағы винтовкалар мен револьверлерге
арналған қорғасын оқтар. Қазіргі заманға сай, әдеттегі оқ болат металды
орташықтан оның айналасын қоршап тұрған қорғасын жамылғыдан және оны жауып
тұрған болат-металды бүркеніштен тұрады. Бүркеніш болатты оқпан каналын
құртпау үшін жұмсақ металдардан әдетте томпақ немесе латуньмен
бүркеледі. Жартылай қапталған оқтарда – оның бас жағы қапталмаған болады.
Жауынгерлік атыс қарулары үшін тек қана жалпы мақсаттағы емес, сонымен
қатар арнайы мақсаттағы оқтар да дайындалады: трассирлік, броне-жандырғыш,
атып-жандырғыш, жарық немесе сигнал беретін және с.с..
Қорыта айтқанда қолдан атылатын атыс қаруының криминалистикалық
тәжірибе үшін жеткілікті және тиімді жіктелуі бар. Осыған сай атыс
қаруларды былайша жіктеуге болады:
• жауынгерлік қарулар;
• аңшы мылтықтары;
• оқу-спорттық қарулары;
• криминалды қарулар.
Әртүрлі үлгідегі қару-жарақтың түрін ажырату үшін оның жүйесі,
құрылымы және моделі қолданылады.
Атыс құралының жүйесі - атыс құралының жеке құрылысы, ол көбіне
конструктордың аты-жөнімен немесе кәсіп орынның атымен байланыстырылады.
Моделі - өндірістік кәсіпорын өнімдері конструкцияның нақты өзгеруіне
байланысты ерекшеленеді. Кейбір түрлері жоғарыда көрсетілген.
Атыс қаруларынан снарядтар мен гильзаларда әртүрлі іздер қалады.
Оқтағы іздер қаруды оқтау мен ату нәтижесінде пайда болады. Оқтау кезінде
пайда болган іздердің идентификациялық маңызы болмағандықтан, олар жарамсыз
болып табылады. Ату кезінде оқпанның ішіндегі оқтың ойық жиектерімен
байланысқа түсуі арқылы оның сырткы қабатында шұңқыр-сызық іздер пайда
болады. Осы іздерді қолдана отырып идентификация жүргізіледі.
Тегіс оқпанды қарулардың бытыраларында (картечьтерінде) көбіне елеусіз
іздер қалады, сондықтан да қару идентификациялауға жатпайды.
Қару жүйесінің барлық түрлерінен ату кезінде гильзаларда іздер қалады.
Ал автоматты және жартылай автоматты қарулардан ату кезінде гильзаларды
лақтырудан іздер қалады.
Оқтау кезінде гильза түбінің жоғарғы жағында магазин аузынан шығудың
сызықты іздері және гильза корпусында патронник жиегінің іздері қалады. Ал
ату кезінде соққыш пен патронник құрылысынан гильзаның капсюлі мен түбінде
шұңқырланған іздер қалады. Гильзаны лақтыру кезінде қарудың қайтарғыш
(отражатель) пен лақтырғыш бөліктерінен гильзаның корпусында, қалпағында,
шеңберлі ойығында шұңқырланған және сызықты іздер қалады.
Осы гильзамен оқтағы іздер жекеленген және тұрақты болғандықтан, олар
идентификациялық зерттеу өткізу үшін маңызды болып табылады.
Криминалистикалық тәжірибеде зауытта өндірілгенмен қатар, қолөнерлік
және қолдан жасалған атыс қаруларының әртүрлі түрлері кездеседі. Мысалы,
сыртқы көрінісі жағынан атыс қаруына ұқсағанымен де, олар атыс қаруына
жатпайды. Сондай-ақ, керісінше, сыртқы көрінісі басқа заттар мен бұйымдар
сияқты болса да олар атыс қаруы тобына жатады (автоқалам, қолшатыр және
т.б.). [7]
Осындай заттарды атыс қаруына жатқызудың криминалистикалық белгілері
(критерийлері) әскери-техникалық критерийлерден ерекшеленеді. Жалпы белгісі
- белгілі бір мақсатта қолдануға арналуымен қатар, атыс қаруына жатқызу
үшін арнайы белгілері де болуы керек. Олар:
- снарядтың лақтырылуы үшін жарылғыш заттар газының энергиясын қолдану;
- снарядтың қозғалысын бағыттайтын оқпанның болуы;
- оқ-дәрінің (зарядтың) от алуы үшін арнайы құрылғының болуы;
- конструкцияның жеткілікті беріктілігі және қауіпсіздігі;
- снарядтың жеткілікті әсерінің болуы.
Затты ату құралы қатарына жатқызу үшін соңғы белгісі сандық мағынаға
ие болу керек. Криминалистикада осы белгілерді бағалау критерийлері әскери-
техникалық талаптарға қарағанда көрсеткіштері өте аз болады. Қару-жарақтың
конструкциясы атыстың бірнеше рет болуын қамтамасыз етуі керек. Снарядтың
зақымдау әсерін (қирату күшін) бағалаудың ғылыми критериі 0,05 кгммм2 тең
минимальды меншікті кинетикалық энергия болып табылады. Бұл көрсеткіш
әртүрлі калибрлі снарядтардың 1,1-3,0 кгс.м бастапқы кинетикалық
энергиясына сәйкес келеді (қирату күшінің әскери-техникалық критерийі 8
кгс.м құрайды).
Барлық оқ-дәрі жабдықтарын келесідей топтарга бөліп көрсетуге болады:
Сот баллистикалық зерттеудің келесі объектілеріне оқ-дәрі жабдықтары
жатады. Оқ-дәрі жабдықтары бірнеше құрама бөліктерден тұратын күрделі
түсінікті көрсетеді. Оқ-дәрі жабдықтары ұғымы патрон ұғымына тепе-тең.
Қолданылатын оқ-дәрі жабдықтарының мынандай түрлерін көрсетуге болады:
әскери, аңшылық, спорттық, оқытуға арналған.
Патрон - деп әдетте, гильза арқылы бір бүтінді құрайтын оқты (бытыра,
картечь), оқ-дәрі, капсюльді айтамыз.
Патрон жабдықтарының қалған барлық элементтерін гильза құрайтын
(біріктіретін) болғандықтан мұндай патрондар унитарлы деп аталады;
Патрондарды төмендегідей бірқатар топқа бөлуге болады:
1. Конструкциясы бойынша:
- унитарлы - барлық элементтері гильза арқылы біріктірілген;
- унитарлы емес - оқ гильзаға орнықтырылмайды, оқпан ұңғысына
орналастырылады;
- гильзасыз патрондар - автоматтандырылған әскери қару-жарақ үлгілерінде
ғана болады - винтовка С 11 (ФРГ);
2. Қолданатын қару-жарақ оқпан ұңғысының сипатына байланысты:
- иір оқпанды;
- тегіс оқпанды;
- аралас оқпанды болып бөлінеді.
3. Қару-жарақты қолдану орны (мақсаты) бойынша:
- жауынгерлік;
- спорттық;
- аңшылық қару-жарақ, (аң аулау мақсатында қолданылады);
4.Қолданылатын қарудын түрі бойынша:
- тапаншалық;
- револьверлік;
- аралас;
- винтовкалық;
- мылтыққа арналған.

Сурет 17. Мылтық патроны:
1-капсюль; 2-порох
төсемі; 3-тығын; 4-
бытыра; 5-төсем бетін
парафинмен бекіту;
6-бытыралы тығын;
7-гильза; 8-порох

5. Дайындап шығару әдісі бойынша:
-зауыттық;
- қолдан жасалған;
- қайтадан жасалған.
6. Қолданылған қару-жарақтың сипатына байланысты:
- штаттық;
- патронды алмастырушы;
7. Калибрі бойынша:
- кіші калибрлі (6,5мм дейін);
- орташа калибрлі (6,5мм-ден - 9мм-ге дейін);
- ірі калибрлі (9мм ден жоғары).
Элементтердің саны бойынша патрондар екі топқа бөлінеді.
Бірінші топ - гильзадан, капсюльден, оқ-дәріден және оқтан тұрады.
Екінші топқа - гильзаны, капсюльді, оқ-дірі, тығын және бытыра немесе
картечь немесе оқты жатқызамыз.
Аталған компонентгерді жеке-жеке қарастырып өтейік.
Оқ-дәрі - түтінді (қара), аз түтінді (механикалық араласқан түтінді
және түтінсіз), түтінсіз болып келеді. Түтінсіз оқ-дәрілер кең тараған,
олар пішіні мен түсі бойынша ерекшеленеді.
Капсюль - оқ-дәрінің тұтандырғышы.
Снаряд - дегеніміз оқ-дәрінің (патронның) лақтырғыш элементі, оған:
бытыра немесе картечь, оқтар жатады. Бытыра мен картечь зауытта немесе
қолдан жасалуы мүмкін. Өндірісте бытыраның үш тобы (ОМ, ОТ, СТ) және
аңшылық картечь (КО) кең түрде шығарылады.
Бытыра диаметр өлшеміне байланысты (1,5-тен 5,0мм-ге дейін) нөмір
бойынша ерекшеленеді (11-ден - 1-ге дейін). Картечьтің нөмері болмайды, ол
тек қана диаметрі арқылы ерекшеленеді (5,25-тен 10,00мм-ге дейін) бытыра
мен картечь зауытта қорғасыннан жасалады. Зауытта жасалған бытыра шар
тәрізді болып келеді, оның беті тегіс және жылтырап тұруы мүмкін. Қолдан
жасалған бытыра немесе картечь - қорғасыннан, шегеден, темірден және басқа
да қолда бар материалдардан жасалынуы мүмкін. Қолдан жасалған бытыра мен
картечь формасы жағынан әртүрлі болып келеді. [8]
Оқтар келесідей түрде бөлініп топтастырылады:
- калибрі бойынша (кіші, орташа, ірі);
- құрылысы бойынша (қабықты, қабықсыз, жартылай қабықты);
- оқтың бас жақ бөлігінің формасы бойынша (үшкір қырлы, дөңгеленген, доғал,
басы үшкір емес, бас бөлігі тегіс ұлтты).
Сонымен қатар, сауыт бұзар (бронебойная), сауыт бұзар-өртегіш,
өртегіш, жарылғыш түріне топтастырылады.
Әдеттегі оқтар - олардың болаттан жасалған өзегі болады, бұл өзекті
қорғасын жабылғысы қаптан тұрады, ал қорғасын жабылғысы болатпен қапталады.
Тығын - қолдан немесе зауытта жасалынуы мүмкін. Зауыттан шығарылатын
тығындар киізден жасалынады. Кейінгі кездері патронға тығынның орнына
ішіне бытыра немесе картечь салынған полиэтилендік контейнерлер
қолданылады. Ал қолдан жасалған тығын қолға түскен кез-келген
материалдардан, атап айтқанда: картоннан, қағазда матадан, киізден және
т.б. жасалады.
Гильзалар - аңшы мылтығына арналған гильзалар: металдан, картоннан
немесе кағаздан, пластмассадан жасалған гильзалардың төменгі жағы міндетті
турде металмен капталады. Бұл гильзалардын формасы цилиндрлі болып келеді.
Автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған қарулардың гильзалары
тек кана металдан жасалады, ол пішіні жағынан; цилиндрлі, шелмекті, конусты
болады,
Гильза құрылысының негізгі бөлшектері - қалыптан (корпус), түпкі
қалпақшадан (донышка гильзы), қалпақшаның жиегінен (фланец), капсюль
ұяшығынан ( түпкі қалпақшаның ортасындағы) тұрады.
Гильзалардың түпкі қалпақшаларында - шығарылған зауыттың белгісі,
Сот-баллистикалық зерттеу объектілеріне бөгетте қалған ату
іздерін де жатқызып, оларды екі топка бөліп жіктеуге болады:
- атудан қалған негізгі іздер;
- атудан қалған қосымша іздер.
Атудың іздері ату қашықтығына байланысты болып келеді.
Криминалистикада және сот медицинасында ату қашықтықты төменде көрсетілген
үш түрге бөледі:
1. Тақап тұрып ату;
2. Жақын жерден ату;
3. Алыстан ату.
Тақап тұрып ату деп қарудың оқпаны объектіге тиіп тұрған кезде атуды
айтамыз. Жақын жерден ату деп – ату арақашықтығы 3 метрге дейін , ал одан
алыс қашықтық алыстан ату деп танылады.
Тақап тұрып және жақын жерден ату барысында бөгетке атудың негізгі
іздерімен қатар атудың қосымша іздеріде түседі, ал алыстан ату кезінде
бөгетте тек атудың негізгі іздері ғана орын алады.
Атудың негізгі іздеріне – снарядтан (оқтан, бытырадан, картечьтен)
пайда болған зақымдар жатады. Снарядтың энергиясына, бөгеттің қаттылығына
және қалыңдығына, олардың кездесу бұрышына байланысты зақымдар өтетін және
өтейтін болып бөлінеді.
Өтетін зақымдар снарядтың кедергіден көктеп өту нәтижесінде пайда
болады. Өтпейтін зақымдар снаряд бөгетке еніп бірақ көктеп өтпеген
жағдайларда пайда болады. Оларға үлкен емес шұңқырлар, жанама зақымдар
(снаряд объектінің тек шетін немесе беткі қабатымен өтеді), тайып кету
іздері (рикошет, снарядтың бөгет бетімен жанасып ұшып бағытын өзгертуі).
Рикошеттің бөгет бетіндегі ізі тырналып (бороздка түрінде) ең жіңішке және
ұзын жағы оқтың ұшып шығу жағына қарай бағытталады.
Қарудан ату кезінде оқпанна оқпен бірге жалын, газ, оқ-дәрінің жанған,
шала жанған, жанбаған ұнтақтары, оқтан бөлініп шыққан метал ұнтақтары,
егерде қару қолданар алдында майланса, онда май тамшылары ұшып шығады.
Оқпен қоса ату кезінде оқпаннан ұшып шыққан заттардың барлығын атудың
қосымша факторлары деп аталады. Атудың қосымша факторлары оқпен бірге 1-
2метр қашықтыққа дейін ұшады. Егер богет осы аралықта орналасқан болса,
онда бөгетте атудың негізгі іздерімен қоса атудың қосымша ідеріде орын
алады.
Атудын қосымша іздеріне - атумен қатар жүретін құбылыстың әрекеттері
нәтижесінде пайда болатын іздер. Жақын арақашықтықтан ату кезінде пайда
болатын қосымша іздер жақыннан ату іздері деп аталады. Атумен қатар жүретін
кұбылыстардың нәтижесінде келесідей іздер пайда болады:
• түйісу белбеуі (поясок обтирания) - оқтың кіретін жері жиектерінің
ластануы, ол күйеден, металл бөлшектерінен, майдан тұрады. Түйісу белбеуі
ату арақашыктығына байланыссыз пайда болады. Шыны, керамика, кафель,
пластмасса және басқа да үгілетін бөгеттерде түйісу белбеуі байқалмайды,
өйткені мұндай бөгет бөлшектері оқпен түйісу кезінде бұзылып ұшады, оны
жұмсақ заттар, маталардың бетінен көре аламыз.
• майлану қыртыстары (шөгінділер): оқпанның майлауымен байланысты,
тапаншадан майлар 150см-ге дейін ұшады. Бірінші атыстан кейін майдың
болмауы да мүмкін;
• күйе қыртыстары кіретін саңылаудың жан-жағында орналасып, жакыннан
ату нәтижесінде пайда болады. Мысалы: Макаров тапаншаларынын жүйесінде
40см-ге дейін). Егерде бөгет 0,5-тен 5см-ге дейін арақашыктықтағы бірнеше
қабаттардан тұрса, ату қашықтығы 1000м болса да күйенің екінші қабатта
пайда болуын көре аламыз. Бірінші қабатта күйе іздері болмайды;
• бөгетте оқ-дәрі түйірлерінің қыртыстануы мен енуі. Бұл белгі
жақыннан ату нәтижесінде пайда болады;
• күйіп қалу - бұл жылулық жағынан жалынның бөгетке әсер етуі. Ол өте
жақыннан және нысанаға тақап атудан пайда болады;
• бөгеттің ішінара қирауы оқ-дәрі газдарының әсерінен болады және
нысанаға тақап және өте жақыннан атудан байқалады;
• қару-жарақ бөлшектерінің іздері.
Қарудан атылған оқтың адам денесіне, денсаулығына әсері оның тиген
жеріне және жылдамдығына байланысты болып келеді [9]. Егерде оқтың
жылдамдығы жоғары болса онда ол адамның денесіне тиген жерден, өзінің
диаметірі шамасындағы терісін жұлып өзімен алып кетеді. Қарау барысында осы
жерде терінің жетіспейтіні көрініп тұрады. Бұны минус ткани деп атайды.
Егерде жылдамдығы жоғары оқ адам денесіне емес басқа бөгетке тиіп, оның бір
бөлігін жұлып алған болса оны минус материал деп атау белгіленген.
Егерде оқтың жылдамдығы орташа болса онда ол адам денесіне тиген жердің
терісін жұлып алуға шамасы жетпей оны жыртып денеге кіреді. Бұл жерде
терінің бұрыш ретінде жыртылғаны көрініп тұрады. Бұрыштың ұшы оқтың ұшу
бағытына қарай қайырылып тұрады. Егерде оқтың жылдамдығы әлсіреген болса
онда ол адам денесіне енбеуі мүмкін, бұл жағдайларда оқтың тиген жеріне
байланысты әртүрлі нерв клеткілері зақымданып, әртүрлі нерв ауруларына
немесе кантузия туғызуы мүмкін.
Адамға тақап атудан денесінде, маталарда оқпан ұңғысының іздері пайда
болады оларды штанцмарка деп атайды. Штацмарка ізіне қарай отырып қарудың
шамамен калибірін және моделін болжауға болады.
Атқан кезде пайда болған зақымданудың формасы, өлшемі және олардың
кіру және шығу іздерінің және де каналдардың ерекшеліктері зерттеледі.
Кіру санылауы сыртқы келбеті жағынан домалақ, оқтың бойлық кескініне
дейін болады. Бірақ көбінесе бұл зақым домалақ, ал жиектері оқтың козгалу
бағытына қарай шеңберленіп келеді.
Оқ бөгетпен соғылу нәтижесінде бөгеттің бөлшектерін ұшырып түсіреді,
минус материал атты құбылыс пайда болады. Егер бөгет осал болса радиалды
және концентрлік сызықтарды байқауға болады.
Кіру саңылауының бірден-бір белгісі болып жан-жағында күңгірт түсті
жиектің - түйісу белбеуі болып табылады.
Шығу санылауы әдетте қисық пішінді болып кіру саңылауынан бірнеше есе
үлкенірек болады. Оның шеттері оқтың ұшу бағытымен бағытталады. Саңылаудың
жанында бөгет болуы мүмкін. Ату жарақатының каналы барлық жерінде бір
диаметрлі немесе шығу саңылауына қарай бара-бара үлкеуі мүмкін. Шығу
саңлауының үлкен болуы, оқтың ұшу ьарысында жолында кездескен заттарға
байланысты болып келеді. Мысалы оқ адамның денесіне еніп оны көктеп тесіп
шықты делік. Адамның денесіне енген оқ жолында майда сүйектерді сындырып
өзң\імен бірге алып кетуі мүмкін. Міне осы оқ және сүйектің сынығы шығу
саңлауын кеңейтіп жібереді [8].
Бөгеттегі талшықты материалдардың талшықтары снарядтың қозғалысына
қарай бағытталады.
Ату жарақаты құрғақ ағашта әдетте домалақ пішінді, ал дымқыл ағашта -
сопақша немесе саңылау тәрізді болып келеді. Дымқыл ағаштағы саңылау оқтан
гөрі кішірек болып келеді. Шығу саңылауы әдетте дұрыс емес пішінді болып,
талшықтары оқтың қозғалысына қарай бағытталады және де бұл ағаштың
жанқалары да байқалады.
Шыныда болатын ату жарақатының пішіні оқ калибрінің диаметрінен
үлкенірек болады. Қозғалыс барысында шыны үгітіліп сынықтарға айналады.
Егер атыс жақыннан болса, онда шыны оқ-дәрінің газдарының күшімен ұшырылып
кетеді. Оқ өткен шыныда иреленген радиалды және концентрлік саңылаулар
байкалады. Баяу жылдамдықтағы снарядтан пайда болған саңылау снаряд
диаметрінен кішірек, ал радиалды саңылаулар тік сызықты болады.
Трикотажды материалдардағы зақымдар әдетте домалақ пішінді болады, ал
баска материалдарда жіпшелер негізі мен арқауы тік бұрышта киылысса,
саңылау төртбұрышты болады. Матаның шыныдан айырмашылығы, матада түйісу
белбеуі байқалады және жіпшелері оқтың қозғалыс бағыты бойында орналасады.
Егер мата оқпен емес шегемен тесілсе, онда минус материал кұбылысы
болмайды.
Оқ арқылы тесілген металдың жиектерін тегістеу кезінде минус
материал кұбылысы көрінеді. Жиектері оқтың қозғалыс бағытына карай
бүгіледі, ал саңылау оқтың өлшеміне сәйкес келеді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, сот-баллистика
объектілерінің түрлерінің өте көп екендігін және олардың кең тарағандығын
айтуға болады. Сот баллистика объектілерінің өздеріне ғана тән белгілері
және ерекшеліктері бар екендігіне көз жеткіздік деп ойлаймыз.

2 Сот баллистикасының объектілерін табу, бекіту, алу және зерттеу
ерекшеліктері
2.1 Сот баллистика объектілерін оқиға болған жерде табу, бекіту
және алу тәртібі.

Ату қарулары қолданылып жасалған қылмыстар бойынша тергеуші, окиға
болған жерді қарау кезінде келесідей сұрақтарды шешу қажет:
а) атыс қарулары шын мәнінде колданылған ба?
ә) қандай қару және оқ-дәрілер қолданылған?
б) қандай объектілерде ату іздері бар?
в) атылған оқтың бағыты мен ара қашықтығы кандай?
г) қаруды атқан тұлғаның ату үстінде тұрган ықтималды жері?
д) өзін-өзі ату фактілеріне жата ма?
е) қарудың атылу жағдайы қандай, ол құлау, бір нәрсеге соғылу
нәтижесінде атылып кеткен жоқ па және басқа да сұрақтарды [11].
Қаруды қарау, бекіту және алу. Кейбір жағдайларда атыс қаруын қолданып
жасалған қылмыс болған жерде қару табылуы мүмкін. Көп жағдайда қылмыскерлер
ату қаруларын қылмыс орнында қалдырмайды. Оны басқа жерге тастауы, тығып
қоюуі мүмкін. Көп жағдайларда суға лақтырып жібереді. Егерде сезікті
ұсталып, ол өзінің қылмысын мойындаса қылмыс жасауға қолданылған қаруды
тауып алу мәселесі туындайды. Егерде қаруды лақтырып жеберген жерде су
терең болмаса және ол жазды күні болса, іздеу жұсымтарын тергеуші өз
қолындағы күштермен тауып алуға болады. Егерде су терең болса немесе суық
күндері болса онда әдейі үйретілген суға сүңгушілердің көмегіне жүгінеді.
Кейбір жағдайларда, егерде сезікті қаруды тастаған жерді нақта көрсеткен
жағдайда магниттік көтергіш қолданылуы мүмкін. Ал кейбір жағдайларда
магнитік іздегізшер қолданылады.
Судан немесе қардың үстінен табылған қаруды ең алдымен күннің
сәулесіне кептіріп алу қажет, содан кейін оның үстінен адам қолдарының
іздерін дактилоскопиялық ұнтақтар арқылы іздеп көру керек. Адамдардың қол
іздерінің суда немесе қарда жатқан қаруларда сақталып қалуы, олардың суда
немесе қарда жатқан уақытына байланысты болып келеді.
Ату қаруын қылмыс болған жерде қалдырып кету әртүрлі себептерге
байланысты болып келеді. Солардың кейбіреуін талдап көрелік. Атыс қаруын
қолданып жасалған қылмыс болған жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот баллистикасы объектілерінің сипаттамасы
Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Қылмыс. Криминалистика
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
Криминалистикалық баллистика жөнінде
Криминалистикалық баллистика
Оқиға болған жерді қараудың сатылары
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Пәндер