ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

КІРІСПЕ . . . 3

  1. Негізгі бөлім
  1. ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ АҚПАРАТ НАРЫҒЫНДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. 1 Шетелдік жасөспірімдерге арналған басылымдар қызметінің ерекшеліктері . . . 2

1. 2 Шетелдік жасөспірімдерге арналған басылымдардың үрдісі мен заманауи сипаты . . . 4

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

2. 1 Қазақ тіліндегі жасөспірімдер басылымдарының ерекшелігі мен даму үрдісі . . . 20

2. 2 Қазақстандағы жасөспірімдер журналистикасының мәселенамасы және жас оқырман мәселелері . . . 33

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ . . . 47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48

ҚОСЫМШАЛАР . . . 49

КІРІСПЕ

Журналистика - әлемдік мәдениеттің және қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі, өркениеттің маңызды көріністерінің бірі. Журналистиканың маңызы күн санап артып келеді. Бүгінгі күні журналистика мықты идеологиялық күшке айналды. Журналистиканың президенттерінің сайлануына, қоғамдық ойдың қалыптасуына ықпал ететінін, тіпті экономиканың дамуына әсер ететінін де жоққа шығаруға болмайды. Өзі мәдениеттің бір бөлшегі бола отыра, рухани және материалдық мәдениетке ықпалы жоғары. Журналистика қашан да болсын қоғамның айнасы, тілі мен көзі болатын. Оның қоғамға, жас ұрпаққа әкелетін пайдасы орасан зор. Осы тұрғыда журналистиканың тәрбиелік, ағартушылық қызметтері ел болашағы - жасөспірімдер мен балалар үшін ерекше маңызды. Бұқаралық ақпарат құралдары дұрыс таптаурындарды құрастыру арқылы, жасөспірімдердің мәдени, рухани, діни білімін, танымын арттырып, дамытады. Бұл мәселе жалпы адамзаттық құндылықтар қатарына жатады, және әлемдік журналистикада көрініс табады.

Бітіру жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда әлем журналистикасы зор қарқынмен дамумен қатар жаһанданудың көшінен де қалыспай БАҚ-тың жаңа түрлерін, соңғы үрдістерін қалыптастырып келеді. Жаңа бағытқа қазақ журналистикасы да батыл қадам жасауда. Жас буынға дұрыс өмірлік бағдар беретін жасөспірімдерге арналған журналистика - әлемдегі танымал әрі өте қажетті үрдіс. Жасөспірімдерді балалардан бөлек сегмент ретінде қарастыру, адамның маңызды тұлғалық қалыптасу кезеңіне, яғни жасөспірімдік жастағы ерекшеліктер мен талғамдарды ескере отыра, тиімді ықпал ету, тәрбие беру және ағарту қызметтерін сәтті және өнімді орындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманауи технологиялар, интернет пен телевизияның мерзімді баспасөзге «жеңіл» әрі «жылтыр» стильмен әсер еткен замамында, білімді, мәдениетті, тұлғалық ерекшелігі бар, иманды, болашақты ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу қиынға түсті. Журналистиканың ағартушылық және тәрбиелік қызметі, отбасы, ұстаз, қоғам тәрбиесінің ықпалын ығыстыра бастады. Журналистика құралы - сөз, оның беделі - шексіз. Өркениетті жастарды өсіруге зор мүмкіншілігі бар заманда, бүгінгі күннің жасөспірімдерге арналған басылымдарын зерттеу, олардың қызметінің ерекшелігін, жеткіншектерге ұсынатын ақпарат сипатын анықтау - ұлт болашағы үшін маңызды мәселе.

Зерттеу нысаны. Шетелдегі және Қазақстандағы жасөспірімдерге арналған басылымдар. Жасөспірімдерге арналған басылымдарың сипаты мен типологиялық ерекшеліктері. Қазақстандағы жас оқырмандардың аздығы мәселесі. Қазақстандағы жасөсіпірімдерге арналған қазақ тіліндегі журналдар санының жетіспеушілігі.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Жасөспірімдерге арналған журналистиканы балалар журналистикасынан бөлек қарастыру маңызы мен қажеттілігін анықтау. Шетелдегі жасөспірімдерге арналған басылымдарың сипатын, қалыптасуы мен даму жолдарын, өзгеру үрдісін айқындап, жеткіншектерге ықпалын зерттеу. Сонымен қатар, жасөспірімдер журналистикасының жалпы, журналистиканың тәуелсіз саласы ретіндегі әлемдік деңгейіне талдау жасау. Қазақстандағы жасөспірімдерге арналған басылымдарды зерттеп, талдап, олардың ерекшелігін анықтау. Отандық журналистиканың арнайы жасөспірімдерге арналған басылымдарда мұқтаждығын айқындау. Қазақстандағы жас оқырмандардың мәселелерін зерттеп, шешу жолдарын ұйымдастыру.

Зертеудің ғылыми жаңалығы. Жасөспірімдерге арналған басылымдар, олардың жасөспірімдерге әсері мен атқаратын қызметтері тұңғыш рет айтылады. Ақпарат нарығындағы жасөспірімдер журналистикасының маңызы мен қажеттілігі тұңғыш рет ғылыми айналымға түсіріліп отыр. Қазақстандағы қазақ тіліндегі жасөспірімдерге арналған басылымдардың таралымының аздығының себептері мен жасөспірімдердің мерзімді баспасөз оқу-оқымауы мәселелері алғаш рет анықталуда. Сонымен қатар Қазақстандағы жасөспірімдерге арналған басылымдардың бүгінгі кес келбетіне баға беріледі.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне сай сипаттамалы, салыстырмалы, статистикалық есептеу, жаппай іріктеп алу, талдау тәсілдері қолданылды.

Бітіру жұмысының құрылымы - Бітіру жұмысы кіріспеден, қорытындыдан, сілтемелерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.

Бірінші тарауда жасөспірімдерге арналған басылымдардың ақпарат нарығындағы орны және оның қызметтері талданады. Кейін, шетелдік жасөспірімдерге арналған басылымдардың үрдісі мен заманауи сипатына тоқталамын.

Екінші тарауда Қазақстандағы жасөспірімдерге арналған басылымдардың ерекшелігі мен жасөспірімдер журналистикасының ерекшелігі анықталады. Қазақстандағы жасөспірімдер журналистикасының мәселенамасы және жас оқырман мәселелері сөз етіледі.

1. ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ АҚПАРАТ НАРЫҒЫНДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

  1. Шетелдік жасөспірімдерге арналған басылымдар қызметінің ерекшеліктері

Журналистика - әлем мәдениетінің ажырамас бір бөлігі әрі құндылығы болумен қатар саясаттың және жалпы шығармашылықтың ерекше бір құбылысы. Оны қазіргі өркениеттік мәдениеттің орны бөлек көрінісі ретінде қарастыратынымыз да сондықтан. Журналистиканың қоғамда атқаратын қызметі, маңыздылығы үнемі артып, кең етек жайып келеді. БАҚ хабарлары мен туындыларының идеологиялық күшті қаруға айналғаны да бүгінде әлде қашан мойындалған шындық. Журналистика халықтың ой-санасына, қоғамдық психологияға ықпал ету жолмен саяси құрылымға, әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер ететін халге жеткен. Ерекше мәдени көрініс ретінде журналистика рухани және материалдық құндылықтардың дамуына оң ықпал етіп, адамзат өркениетіне баға жетпес үлес қосып келеді.

Жаңа буын журналистерінің міндетті түрде игеруге тиіс шығармашылық әдістемесі тұрпатындағы пәндерді зерттеу барысында бүкіләлімдік баспасөз бен ақпарат құралдарының жүздеген жылдық бай тәжірибелерінен үйренулеріне мүмкіндік туады және журналистика дамуының заңдылықтарын, тенденциясын тануға жетелейді. Дәл осындай мағлұматсыз журналистика саласының қазіргі жаңдайын, оның стратегиясын, даму ерекшеліктерін толық түсінудің өзі мүмкін емес. Бүгінгі таңда әлем журналистикасы зор қарқынмен дамумен қатар жаһанданудың көшінен де қалыспай БАҚ-тың жаңа түрлерін, соңғы үрдістерін қалыптастырып келеді. Жаңа бағытқа қазақ журналистикасы да батыл қадам жасауға тиіс.

Жасөспірімдерге 12 және 18 жас аралықтарындағы жоғары сынып оқушылар мен төменгі курс студенттер тобын жатқызамыз.

Жасөспірімдер аудиториясы - өзіндік ерекшеліктерге толы сегмент. Әйгілі брендертермен тез қызығатын, жарқын және әдемі ұсынылған нәрселерге жеңіл тартылатын қоғамның ең осал бөлігі. Жасөспірімдердің басқа мақсаттық аудиториялармен салыстырғанда сатып алу қабілеті төмен болып келеді. Егер ересек адамды қызықтыратын мәселелер мен тақырыптар 25, 35, 45 жасында бірегей болса, жасөспірімдердің талғамы әрдайым өзгеріп, түрленіп тұрады. Жеткіншектер қоршаған ортадан өздерін жыныстық, жастық, талғамдық айырмашылықтар бойынша айқын өзгешелейді.

Баспагерлер мен психологтар жасөспірімдерді мақсатты аудитория ретінде екі топқа бөліп қарастырады. Біріншісі - 12-16 жас аралықтағы орта және жоғары сынып мектеп оқушылары, екінші топ - 16-18 жастағы жоғары сынып оқушылары мен төменгі курс студенттер. Әр топтың өзіне тән ерекшеліктері бар.

Бірінші сегментке кіретін жасөспірімдерде тұлғалық негіздің, өмірлік талғамдардың қалыптасуы, өзін қоршаған ортамен салыстыру, болашақ өмірлік серіктестің идеалды портретін құру кезеңі, пікір қайшылығы мен «ақ пен қараның» қақтығысу кезіңі өтеді. Осыны ескере отырып, күрделі дамып келе жатқан механизмді қызықтыра білу, тыңдата білу - жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбие процесінің маңызды элементі. Екінші топ өкілдерін қоғамның қалыптасқан ұстанымдарымен қақтығысу, құндылықтарды қайта бағалау, дарашылықтың құрылуы және бар ғаламға жеке эгоцентризм негізінде қарсы шығу ерекшелейді. Сонымен қоса екінші сегмент, жасөспірімдерге арналған басылымдардан жастарға арналған басылымдарға көшу шекарасында қалыптасқан пікір қайшылығымен бетпе бет кездеседі.

Жасөспірімдік жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы, негізгі адамшылық, әлеуметтік бағдары, дүниетанымы, өзіне және қоршаған ортаға деген қарым-қатынасының негізі салынады. Дәл осы кезде жеткіншектер сыртан келген кез келген ықпалға тартылады. Әуелде, жан ұя ықпалы, содан кейін мектеп, құрбыларының әсері, және қазіргі кезде жасөспірімдердің дамуына басқалардан артық болмаса кем емес дәрежеде ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдары. Жасөспірімдерге арналған басылымдар ақпараттық, мәдени-танымдық, ағартушылық, әлеуметтік-тәрбиелік сонымен қоса көңіл көтеру қызметін атқарады.

Көп жыл білім алудың нәтижесінде мектептегі оқуға әуелде кітап пен оқулық қажет, ал журнал мен газет тек көңіл көтеру үшін қажет деген таптаурын қалыптасқан. Қазіргі кезде ғана, барлық жастағы адамдар мен кез келген қызметке арналған түрлі ақпараттың жоқтығынан, мектептерде білім беру бағдарламалар аясында бұқаралық ақпарат құралдарын маңызды ақпарат көзі ретінде қабылдай бастады.

Жасөспірімдер - ішінде орасан зор қуат тұйықталған қоғамның бөлшегі. Сол қуатты дұрыс бағыттауды, тиімді қолдануды үйрету жасөспірімдерге арналған басылымдардың басты міндеті. Бұқаралық ақпарат құралдарының жеткіншекке әсер ету мүмкіндігі орасан зор. Кез келген жасөспірім бұқаралық ақпарат құралдарын еріксіз үлгі алатын тұғырнама ретінде қабылдайды. Яғни, оның ойы бойынша, бұқараға көрсетілетін, немесе басылымдарда жариялынатын ақпараттың барлығы белгілі бір сүзгіден өткен қабылдауға дайын өнім. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей БАҚ жариялынатын ақпараттың жартысынан көбі жасөспірімдерге ұсынуға лайықсыз. Сол кезде, жасөсіпірмдерге оқуға не беруге болады деген сұрақ туындайды. Әрине бұл сұраққа логикалық жауап келеді, жасөспірімдерге арналған басылымдар. Жас ұрпаққа тәрбие де беріп, ағарту қызметін атқаратын газет пен журналдар. Бірақ, бәрі біз ойлағандай болған жоқ. Жасөспірімдерге арналған басылымдардың көпшілігі жеткіншекке өз пайдасын алып келмей, керісінше, зиянын тигізді. Ол үрдіс батыстан келген ақпараттық соғыстың нәтижелері. Жас буынды ең алдымен ата анасы тәрбиелейді. Одан кейін достары мен қоғам әсер етеді. Ал ең соңғы кезең ретінде бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Сонда, қарасақ, тәрбиелі де мәдениетті, білімді де иманды баланың орнына, қазіргі басылымдар сән мен ақшаға құмар ұрпақты өсіріп жатыр.

Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша жасөспірімдер ақпарат нарығын бизнеске айналдыру үрдісі жүріп жатыр. Оны біз шоу бизнес, сән, сұлулық әлемдерінің жаңалықтарын тарататын жеңіл глянецтерге қарап нық айта аламыз.

Жасөспірімдерге арналған басылымдар - ақпарат құралдарының ең танымал және бұқаралық түрі. Жеткіншектер қазіргі басылымдарды сүйікті көңіл көтеру және бос уақытын өткізу құралы ретінде қабылдайды. Жасөспірімдерге арналған басылымдардың қол жетімді және тиімді бағамен сатылуы, ақпараттың қабылдауға жеңіл әрі түсінікті берілуі бұқаралық ақпарат құралын жастар арасында жеткілікті дәрежеде танымал етті.

1. 2 Шетелдік жасөспірімдерге арналған басылымдардың үрдісі мен заманауи сипаты

Қоғамдық ерекше институт болып қалыптасқан журналистика саласы ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында рухани әлемде өз орнын тауып, оқырмандардың көз қуанышына айналды. Мұның өзі баспасөздің толық мәнінде ақпараттық құралға айналғандығының шынайы көрініс болатын. Оған ықпал еткен белгілі фактоорлардың болғанын да атап айтқан жөн. Ең бастысы, материалдық өндірістің потенциалы артты. Сонымен бірге нарықтық экономика қатынастарының нәтижесінде қоғам өмірінде пайда болған өзгерістердің әсерлері көп еді. Осы тұста машина өндірісі қарқынды дамыды. Тауар айналымының жетілдіруі, қажеттілік пен сұраныстың өсуі еңбек өнімілігін арттыра түсті. Жалпы ХІХ ғасырдың соңына қарай өндірісі дамыған елдердегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайлары жақсарып, төлемдік қабілеттері артқаны белгілі. Қоғамдағы төменгі топтардың өзі еңбекақыларының белгілі бір бөлігін көңіл көтеруге, рухани қажеттіліктерін қанағаттандырушы үшін мәдени құндылықтарға жұмсауға мүмкіндік тапқан. Апталық жұмыс мерзімінің алты күнге көшіріліп, қысқартылуы олардың тұрмыстық және мәдени сұраныстарын, жаңаша бағытқа бұрды. Олар демалыс күні, бос уақыттарында газет, журнал оқуға даңдылана бастады. Осылайша сол кезеңде тұрғындардың көп бөлігін құраған әлеуметтік төменгі топтардан шыққан оқырмандар есебінен газет таралымын өсірудің жаңа мүмкіндігі туды.

АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде зор қарқынмен дамыған өндірістік процесс халықты жаппай сауаттандыру, ағарту ісіне тартты. Осы мақсатпен жалпыхалықтық бастауыш мектеп білімін алу, машина техниканы меңгерген жұмысшылардың жаңа буынын даярлау қажеттілігі туған. Оның мысалы ретінде 1870 жылы Англияда «Мектеп туралы» заңның бекітілгенін атап айтуға болады. Бұрын-сонды баспасөз саласына назар аудармаған тұрғындардың жаңа легі келіп, оқырмандар қатарына қосылуы газеттердің таралымын өсіріп қана қойған жоқ, оның жарияланымдық саясатына да өзгерістер әкелді. Жұмысшылар кәсіп одақтар мен өзге қозғалыстарға жұмылдырылды. Осы арқылы жұмысшылардың саяси оқиғаларға, мерзімді баспасөздің мазмұнына деген қызығушылықтары арта түскен. Азаматтардың демократиялық құқықтары үшін басталған күрес сол тұстағы өркениетті ердерде жалпыхалытық сайлау туралы декларацияны жариялауға дейін жеткізгені мәлім. Сайлаудың нәтижесіне тікелей әсер ете алатын ықпалды топтар - электорат пайда болды. Мұның өзі саясаттағы және экономика саласындағы жоғары элите үшін элкторатқа ықпал ету мүдделілікті тудырып, ол үшін баспасөз бен ақпарат құралдарын пайдалану қажеттілікті талап ете бастады. Осылайша баспасөз баршаға ортақ сұранысты өмірге әкелді. Жалпыға ортақ ұлттық деңгейдегі нарықтық қалыптасуы тауар мен қызмет аясын кеңейтумен қатар жарнаманы қолдану қажеттілігін тудырды. Жарнама бизнесін өрістетуге зор ықпал еткен тағы бір елеулі фактор - ХІХ ғасырдың екінші жартысында қаржы, өнеркәсіптік топтар мен сауда фирмаларының өзара бәсекелестерінің қыза түсуі болатын. Баспасөз жарнама арқылы тауар мен қызметті нақты тұтынушыға дәлме дәл жеткізетін сенімді арнаға айналды. Осылайша ХІХ ғасырдың соңғы 25 жылында мерзімді баспасөз редакцияларына келіп түсетін хабарландыру, жарнама материалдарының топпасыз тасқыны пайда болды. Жарнама қызметінің кең етек алуы газеттердің көлемін ұлғайтты және оны көп бетпен шығаруға болатын жаңа мүмкіндікке қол жеткізді. Бұрын небары төрт-ақ бетпен шығарылып келген газеттер ХХ ғасырдың басында АҚШ-та жүз беттік болып күрт ұлғайды. Осы кезде Англияның ірі газеттерінің көлемі 2 бет болатын. Сондай-ақ мерзімді баспасөз таралымы жағынан да бұрын-соңды болмаған ірі өсімге ие болды. Екі ғасыр тоғысында ірі газеттердің таралымдары жүз-мыңдаған даналармен айналатын болды. Осы кезеңде АҚШ-та 2000-ға жуық күнделікті газет шығарылған. Бұл сан Германияда 7000-д құраған екен. 1910 жылы АҚШ-тағы күнделікті газеттің саны 2600-ге жетті (Беспалова А. Г. и др. Истории мировой журналистики. Ростов-на-Дону. 2000. С. 135) . Бұл сол тұста әлемдегі ең жоғары көрсеткіш еді. Алайда, кейін белгілі себептермен бұл сан азая түсті. Келесі 20 жылда ел тұрғындарының саны 30 миллионға көбейді. Өркениеттің нәтижесінде ірі және орташа қалалардың саны екі есеге ұлғайды.

Ғасырлар тоғысында ірі корпорациялар пайда болып, дамуының нәтижесінде экономикада ғана емес жалпы қоғамдық-саяси өмірде елеулі өзгерістер орын алды. Бірінің ізін бірі басқан реформалардың толассыз толқыны қатардағы еуропалықтар мен американдықтардыі көбісінің жүйкесін тоздырып, табанды қарсылықтарына да тап болып жатты. Ұлттық экономиканың бұтін бір саласын бақылайтын ірі бірлестіктер мен олигархиялық топтардың пайда болуы еркін бәсеке мүмкіндіктерінің шектелуіне мәжбүрлік тудырды. Аталған ірі олигархтар мен қаржылық топтардың арасында заң бұзушылықтар, тұтынушыларды алдап-арбау, мемлекет пен үкімет шенеуніктерінің ауыздарын пармен ұрып, сатып алу секілді келеңсіздіктер қылаң бере бастаған. Дәл осы бір аумалы-текпелі заманда АҚШ журналистикасында қоғамға қауіп төндіретін жат көріністер мен сыбайластық жемқорлық оқиаларына қарсы күрес басталды. Қоғамдағы келеңсіздіктердің себеп-салдарын тереңдеп зерттеп, оған халықтың назарын аударуды көздейтін журналистиканың жаңа бір ағымы пайда болды. Зиянды әрі жат көріністерді әшкерлеудегі негізгі мақсат - оның шынайы бер-пердесін ашу, себеп-салдарын түсіндіру, реофррманы дұрыс арнаға бұру және жемқорлық, алдап-арбаушылық бетімен кетушілік, билікті асыра пайдаланушылықты ауыздықтауға ықпал ету еді. Осы әрекеті арқылы олар шынайы реформаның негізін қалады деп есептеді.

Барлық дағдарыстың отаны Америка құрама штаттарында 1990 -2000 он жылдық ішінде жасөспірімдерге арналған басылымдар саны 3 есе өсті. Бұл жасөспірімдердің белсенді сегмент ретінде өсуі мен көбеюінің, саяси білімділігінің артуына алып келді.

1990 жылдардың соңында «Seventeen», «Y. M. », «Teen» журналдары жасқспірімдерге арналған басылымдар арасында 6, 3 миилион оқырмандары бар ең үздік үш басылым атанды. 1998 жылдарда «Elle girl», «Teen Vogue», «Cosmo girl» тәріздес «есейген» басылымдарың «сіңілісі» ретінде пайда болған кросоввер журналдар ақпарат нарығында үлкен бәсекелестік білдіріп, өзіндік реформа жасады. Жасөспірімдерге арналған бұқаралық ақпарат құралдары нарығында ерекше орынды иеленуден қалған «Teen» журналының тираж саны құлап, ал «Seventeen» және «Y. M. » журнаалдары өзінің мақсаттық аудиториясын жасөспірімдерден 17 жас және одан жоғары жастарға ауыстыруға мәжбүр болды. 1940 жылы «Seventeen» журналының ақпарат нарығындағы дебютынан кейін, жасөспірімдерге арналған басылымдар үздік салалық басылымдар жанрына айналды. 1990 жылдардың соңында жасөспірімдерге арналған басылымдар нарығын жүздеген жаңа атаулар мен есімдер жарып, 12-19 жас аралығындағы жасөспірімдер нарығы 175 млрд доллар айналымымен ең ірі қаржы алаңдарына айналды.

Бәсекеге қабілетті, заманға сай, жаңа, жарқын, қызықты тақырыптары мен идеяларымен жасөспірімдерді жаулай бастаған көптеген сапалы бұқаралық ақпарат құралдары бұл саланы тиімді бизнеске айналдырды. Бұқаралық ақпарат құралдары арасында жасөспірімдерге арналған заттар мен қызметтерді жарнамалауда басылымдар бірінші орында болды. Ер балаларға арналған басылымдардың тақырып аясы спорт аясынан кеңейіп, қыздарға арналған басылымдар қыз келіншектер мен әйелдерге арналған интернет сайттар мне басылымдардан көңілдерін өздеріне аударды. Басылымдар «жасөспірімдердің өмірін, талғамын жаңа тенденцияға бұрып, өзгертеміз» деген ұранмен тираждарын ай сайын көбейтіп тұрды.

«Seventeen» - Америка құрама штаттарында шығатын жасөспірмідерге арналған басылым. 1944 жылдан бастап Уолтер Анненбергтын «Триангл» баспасынан шыға бастады. 1988 жылы «News Corporation» журнал шығару құқығын «Триангл» компаниясынан сатып алып, 1991 жылы «K-III Communications» (кейіннен Primedia) баспасына сатты. Прайммедиа 2003 жылы журналды шығару эстафетасын «Hearst» басылымына беріп, осымен әзірше «Seventeen» журналын шығару құқығын имедену бәсекелестігін тоқтатты. Америка ақпарат нарығында бұл журнал 12-19 жастағы қыздарға арналған ең танымал басылым болғандықтан, оны шығару құқығын иемдену бәсекелестігі жылдан жылға артып, журнал акциялары үлкен бағада танылуда. «Seventeen» журналының тұжырымдамасы сән әлемінің, әрлену, киіну, терімен шашқа күтім жасау, жасөспірімдердің бір бірімен қарым қатынасына байланысты ақпаратты қамтиды. Басылымның негізгі 13 айдары бар.

«Редактор бағаны» - кез келген журналдың кезекті санының бағыт бағдарын, сөз ететін басты тақырыбын, жазылатын мәселелерді анықтап, түсіндіретін маңызды айдар. Редактордың журналды шығарғандағы әсерлері мен сезімдері, ерекше атап өтетін мәселелер және тақырыптар жайлы баяндалады.

«Шоу бизнес жаңалықтары» айдарында - Америкадағы кино, телекөрсетілімнің, музыка мен жастар арасындағы танымал адамдардың қатысуымен өткен жиын тойлардың жаңалықтары, сурет баяндамалары және кино-, театр-, музыка-, сән-сыншыларының пікірі басылады.

«Сән әлемінің жаңалықтары» айдары - оқырмандарды танымал киім үлгілерімен, сән апталықтарына қатысқан белгілі дизайнерлердің соңғы киім туындыларымен таныстырады. Бұл айдар, әр кезеңге сай киіну үлгілерін, ыңғайлы және оқырмандарға қол жетімді сәнді киім сататын дүкендер желісін ұсынып, жеңілдіктер мен акциялардың қайда қашан болатыны жайлы ақпаратты оқырмандар назарына әрдайым беріп тұрады.

«Combination» (құрастырылған үлгілер) айдары - өткен кезеңдегі киім үлгілерін соңғы сән туындыларымен аралыстырып, күнделікті, сәнді киім кию стилін құрастыру. Бұл айдарда киім үлгілерінің суреттері мен сән кеңесшісінің пікірі жариялынады.

« True stories» (шынайы әңгімелер) айдарында - жасөспірімдердің өмірінде болған қызықты әрі шынайы оқиғалар басылады. Бір санда шамамен 12 әңгіме беріледі. Әр жағдайға комикс тәріздес сурет салынады. Бұл айдардың басқа оқиға әңгімелер жайлы айдарлардан ерекшелігі, осында жариялынатын барлық ақпарат жасырынды түрде беріледі, яғни әңгіме авторы белгісіз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі
Әлем журналистикасының тарихы
Интернет – ақпарат құралдарының қайнар көзі
Ақпарат құралдарының жасөспірімді тәрбиелеуге ықпал ету мүмкіндіктері
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Оңтүстік Қазақстан баспасөзі
Интернет журналистиканың жанрлары
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz