Оқытудың белсенді әдістерінің белгілері


ГЛОССАРИЙ
Білім - бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің, рухани қазынасының жиынтығы.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат берудің жолдары.
Әдіс
- (гректің metodos) деген сөзінен алынған, табиғат
құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе
таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық
теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл.
Оқыту әдістемесі - оқу үрдiсiн қатысушылар оқытушы мен оқушының шығармашылық әрекеттерiне жағдай жасай отыру арқылы тиiмдiлiгiн сақтап оқу- тәрбие үрдiсiн ұйымдастыру. Оқыту әдістемесінің мақсаты - оқу үрдiсiн қатысушылар оқытушы мен оқушының шығармашылық әрекеттерiне жағдай жасай отыру арқылы тиiмдiлiгiн сақтап, оқу- тәрбие үрдiсiн ұйымдастыруды белсендiру.
Иноватика - оқытудың жаңаша әдістерінде, сонымен қатар білім алушылардың белсенді әдістері, шындығына келгенде, интерактивті(ағылшынның interaction сөзінен алғанда, динамикалық ықпал ету дегенді білдіреді), себебі белсенді әдістер ықпал ету әдістерінен оқытушы мен білім алушылардың қарым-қатынастарына ұласады.
Технология - дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа қол жеткізудегі қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы.
Белсенді оқу әдістері - оқу материялын игеру үрдісінде оқушыларды белсенді ақыл-ой және тәжірибелік қызметке тартатын әдістер.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ӘДЕБИ ШОЛУ . . . 5
1. 1 Қазіргі кездегі білім берудегі педагогикалық инновация. Жаңаша білім беру әдістемелерінің теориялық негіздері . . . 5
2. 2 Қазіргі мектептерде белсенді ақыл-ой және тәжірибелік қызметке тартатын әдістер . . . 12
2. 3 Оқыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің тиімділігіне әсері . . . 17
2. 4Тұтас педагогикалық процесс теориясы - педагогикалық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі . . . 23
2НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 29
2. 1 Педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендендіру . . . 29
2. 2Кіріктірілген оқыту әдістемесі бойынша 10 сынып оқушыларына мазмұнды сабақтар өткізу . . . 32
2. 3 Химия « жарыс» кешінің ұйымдастырылу және өткізілу жолдары . . . 54
2. 4 «Химия көшбасшысы» тақырыбындағы 9 сыныптар арасында сыныптан тыс интеллектуалдық шоу . . . 56
2. 5 Жаңаша оқыту әдістемесімен өткізілген сабақтар бойынша жүргізілген эксперимент нәтижесі . . . 62
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі өркениетке жету жолындағы бәсекелестікке өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл жастардың қолында. Республикамызда білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттері -білім берудің жеке тұлғаға бағытталуы. Қазіргі таңда ғылым мен білім саласына айрықша көңіл бөлінуде. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі қоғамда ғылыми техникалық прогрестің дамуы халық шаруашылығы мамадарының ойлау қабілеттері жоғары болуын талап етеді. Қазіргі заманғы сабақты ұйымдастыруда жаңаша әдістерді пайдалану арқылы жан-жақты дамыған, шығармашыл, нарықтық-әлеуметтік бәсекелестікке төтеп бере алатын, саяси, мәдени ортаға бейімделген дара тұлғаны қалыптастыру. Оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің, білімінің дамуының, олардың еңбекке деген дайындығы тереңірек орындалса, онда оқу тәрбие үрдісінде сапалық өзгерістерге қол жеткізуге болады. Оқыту үрдісінде оқушының дербес ерекшелігін еске алу туралы талаптар ежелден белгілі. Бірақ дәстүрлі сабақта оқушылардың дербестігін және танымдық белсенділігін дамыту үшін қажетті жағдайлардың жеткіліксіздігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан, қазіргі заманғы педагогика ғылымында педагогикалық үрдісте жаңаша белсенді оқыту әдістерін сабақ барысында пайдалану қажет. Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына жаңалыктар кіруде. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. Оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі-болашақ ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Бүгінде білімі мен ғылымы мықты дамыған елдер барлық жағынан алда болатынына көз жеткіздік. Сондықтан да қазіргі таңда оқушының өз бетімен еңбек етуіне, шығармашылық еркін ой мен іскерлік қабілеттерін дамытуларына қолайлы жағдайды толыққанды қамтамасыз етуіміз қажет. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесі мен білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі кездегі негізгі мақсаты білім алып, білік, дағды және машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану деп көрсетілген ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Бүгінде өз пәнін оқытуда ең тиімді, жоғары нәтиже беретін әдістерді қолданып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және білім сапаларын арттыру қазіргі заманғы әрбір мұғалімнің алдына қойылған мақсаты болып табылады. Заман талабына сай жаңа технологияларды қолдана отырып, химия сабағын қызықты да тартымды өткізу қазіргі кездегі мұғалімдерге қойылатын басты талап. Осы орайда, зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі кездегі білім берудегі, яғни соның ішінде химия пәнін оқытуда төмендегідей мәселелердің шешімін табу:
-мұғалімдердің жан-жақты ізденіп, қызықты мағлұматтарды оқушыларға жеткізуге талпынбаулары;
-жаңа оқыту технологияларын мектеп мұғалімдерінің тиімді пайдалана алмауы;
-Қазақстан мектептерінде басқа дамыған елдер мектептерімен салыстырғанда жаңа оқыту әдістерін пайдалану қарқынының төмендігі;
-ауылдық жерлерде мектеп мұғалімдерінің қалыптасып қалған дәстүрлі оқыту әдістерінен арыла алмауы.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі заманға сай химия сабағын ұйымдастыру барысында оқушыларды қызықтыратын әрі таным белсенділіктерін дамытып, білім сапаларын жоғарылататын ең тиімді және нәтижесі мол жаңаша оқыту әдістемелерін қолданудың тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
-оқыту әдістемесінің мәнін ашу;
-оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттырып, осы пәннен дүниетанымдарын кеңейтуде жаңа оқыту әдістерінің рөлін анықтау;
-теориялық мәліметтерге сәйкес бірнеше технологиялардың әдістемесін жасау;
-ұсынылып отырған оқыту технологияларының әдәстемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде анықтау. ы
Зерттеу нысаны: 10 сынып оқушыларна химияны бірнеше (кіріктірілген, интерактивті және ойын арқылы оқыту технологиясы) оқыту технологияларымен оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Химияны түрлі оқыту әдістерімен оқытудың теориялық негіздері мектеп оқушыларының химия пәнінен білім, білік, дағдылары мен қызығушылықтарын арттырудың тиімді құралы ретінде.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше технологиялардың бір сабақта бірдей қолданылуының әдістемесі жасалды.
-кіріктірілген технология мен интерактивті оқыту технологиясы бойынша 10-сынып оқушыларына химия пәнінен мазмұнды сабақтар өткізу.
-«химия көшбасшысы» интеллектуалды шоуының жоспары ұйымдастырылды
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Қазіргі кездегі білім берудегі педагогикалық инновация. Жаңаша білім беру әдістемелерінің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында ‹‹Білім беру жүйесінің басты міндеті -ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін жағдай жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу›› деп білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңашыл идеялар мен ғылыми еңбектер қажет. [1]
Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі өркениетке жету бәсекелестікке өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл жастардың қолында. Сондықтан жаңа үрдіс сатысында оқыта отырып, оқушының жалпы дамуын қамтамасыз ету басты мақсат болып табылады. Республикамызда білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттері -білім берудің жеке тұлғаға бағытталуы[2] . Қазіргі заманғы сабақты ұйымдастыруда инновациялық әдістерді пайдалану арқылы жан-жақты дамыған, шығармашыл, нарықтық-әлеуметтік бәсекелестікке төтеп бере алатын, саяси-мәдени ортаға бейімделген, әрекетшіл дара тұлғаны тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50-жылдары педагогикалық инноватика қалыптасты. Жалпы инноватика - жаңару үдерісі, жаңалық ендірулер туралы ғылым. Яғни, педагогикалық инноватика осы ғылым саласындағы жаңалықтар үдерісін зерттейді. Бұл мәселені шетелдік К. Ангеловский, М. В. Кларин, В. Я. Ляудис, М. М. Поташник, С. Д. Поляков, Т. И. Шамова, В. И. Загвязинский, П. И. Пидкасистый, Н. И. Лапин, А. И. Пригожин, Ю. Н. Клюткин, А. К. Маркова, Н. Д. Никандров, Я. А. Понамарев, В. А. Сластенин, Л. С. Подымова және отандық Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог ғалымдар зерттеген. [3]
Қазіргі заман жаңашылдық, жаңа көзқарас, жаңалықтар заманы. Өмір сүру барысында біз жаңа өнімдерді, заттарды, білімдерді, идеяларды кездестіреміз. Олай болса, оқыту үдерісі, әдістері де осы жаңашылдықтарға сәйкес болуы тиіс. Жаңалықтардың түрлеріне келер болсақ, алдымен білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтар, оған: материялдық және рухани; құрылымдық және технологиялық; негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар жатады. Білім беру ұйымдары мен саласындағы жаңалықтарға: жаһандық, ұйымдық, жеке және аяқастынан туындаған, ірі және ұсақ, сырттан келетін және ішкі, сыртқы жаңалықтар жатады. Сонымен бірге, жаңалықтар белгілі бір өлшемдермен өлшенеді. Мысалы ғалым К. Ангеловский төрт өлшемді анықтаған: біріншісіне жаңалық енгізілетін саланы жатқызса, екіншіге - жаңашылдық үдерісті және жаңалықтар енгізу амалын, үшіншіге жаңашылдық іс-әрекеттердің ауқымы мен көлемін, төртінші критерийге жаңалықтардың пайда болуын жатқызған[4] Жаңашылдық үдерісі белгілі бір кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
- жаңалықты табу(іздеу, қалыптастыру және бейімдеу) ;
- қалыптасқан жаңалықты зерттеу: тәжірибеде тексеру, бағалау, сынау және ғылыми -педагогикалық тұрғыдан сараптаудан өткізу;
- жаңалықты мамандар тарапынан қайта қарау және кемшіліктерін түзету;
- жаңалықты қолданысқа енгізу, теориялық тұрғыдан зерттеу, тәжірибеде қолдану;
- жаңалықты одан әрі дамыту.
Оқытудың инновациялық әдістері соңғы нәтижеде болашақ маманның шығармашылық білімдерін жинауына ықпал етеді. Инновациялық деген ұғымды біз жаңа, жаңашыл деп қолдандық. Оқытудағы инновацияның мәні, оқытудың жаңаша әдістерінде, сонымен қатар білім алушылардың белсенді әдістері, шындығына келгенде, интерактивті(ағылшынның interaction сөзінен алғанда, динамикалық ықпал ету дегенді білдіреді), себебі белсенді әдістер ықпал ету әдістерінен оқытушы мен білім алушылардың қарым-қатынастарына ұласады. Бұл дегеніміз тұлғаның өзін-өзі дамыту жолы болып табылады. Инновацияны мазмұны, құрылымы, сипатына байланысты әртүрге бөліп қарастыруға болады. Мысалы мазмұнына байланысты ғалымдар: модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп бөлген. Модификациялық инновация дегеніміз, қолда барды дамыту және оның түрін өзгерту, бұған В. Ф. Шаталовтың жазған тірек сызбаларын жатқызамыз[5] . Комбинаторлық инновация, бұрын қолданыста болмаған белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Радикалдық инновация, білім беру жүйесіне мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.
Бүгінгі таңда білім беру сапасын бағалайтын мемлекеттік білім беру стандарты оқытушылардың іс-әрекетіндегі бірнеше инновациялық элементтердің міндетті түрде болуы туралы талаптар қоюға тырысады. Мысалы, В. А. Трайнев, С. С. Мкртчян, А. Я. Савельев сынды ғалымдардың пікірінше «Бұл тәуелдік іс болып табылады, өйткені стандарт бес жылда бір рет жасалады, сондықтан оқытушының оқушылармен стандартсыз жұмыс жасыайтын шығармашылық тұрғыдан іздеу арқылы әрі қарай тәуекел ету қауіпін тудырады». [6]
Білім берудің мақсаттары қоғам өмірінің мақсаттарымен тікелей байланысты. Өмір білім беруді нақтыласа, білім өмір сүруге тікелей әсер етеді. Білім беру мен өмір сүру мақсаттары өзара байланысты және бір-біріне тәуелді.
Білім беру - оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д. Б. Эльконин дәлелдегендей 3-10 жас аралығындагы балалар біріккен мәдени - білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. [7] Яғни бұдан шығатын қортынды бұл (сабақтастықтың) яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л. С. Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен. [8] Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті яғни (актуальды) жерлерінде проблемалар бар: 1) Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық озық әдістерді оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа әдістер бар. Американың белгілі педагогы Филипп С. Шлехти егер оқушы қалай оқу дағдысын игерсе, өзіне қажетті ақпаратты іздеуді үйренсе, соларды пайдаланып мәселенің шешу жолын іздей алатын болса, өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіріп, өмір өзгерісіне бейімделе алады деген. [9] Г. И. Шукина, Н. Г. Морозова және т. б ғалымдардың еңбектерінде [9, 10] танымдық белсенділікті оқу үрдісінде қалыптастыру механизмдерінің ерекшеліктері анықталған.
ХХІ-ғасыр жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат - оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өздік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек.
Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолдану жолдарын іздестірулері қажет. Оқушының танымдық қызығушылығын арттыру педагогика ғылымының қай кезде де басты мәселелері бола бермек. К. Д. Ушинский өз еңбектерінде ‹‹Мектеп ғылымның қызықсыз жақтарымен емес, керісінше оны қызықтыратын тартымды жақтарын табуға баулуы қажет››, деген болатын [11] . Сондықтан әртүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың түрлі әдістемелерін меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі, -деп көрсетеді С. В. Селевко. [12]
Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына жаңалыктар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалыктарға мына өзгерістерді жатқызамыз:
- оқу тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы;
- білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейін;
- тәрбие және білім жүйесі құрылымын.
Білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламалардағы өзгерістерін:
- мектептің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін;
- мұғалім мен оқушы қарым-қатынастарына, ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас;
- оқыту әдістемелеріндегі өзгерісін;
- білім беру мекемелерінің құрал - жабдықтарындағы және ақпараттық технологияларды қолданудағы өзгерістер;
- оқыту мекемелерінің құрылысындағы өзгерістерді жатқызамыз.
Болашақ маманның деңгейi тек кәсiбi ғана емес, сондай-ақ шығармашылық потенциалы және ойлау қабiлетi ерекшелiктерiмен еместiгi де бағаланады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында мұғалімделге оның кәсiптiк деңгейi мен құзырлылығына өте үлкен талап қойылуда. Бүкiл жалпы оқу орындарында кәсiби-педагогикалық бағдар берудiң әртүрлi мәселелерi психология-педагогикалық әдебиеттерде жан-жақты қарастырылған. Әсiресе, болашақ мұғалiмдерге кәсiби-педагогикалық бағдар берудiң мәселелерi Л. И. Игнатенко, В. С. Золотарев, Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенина, Ч. С. Тулеева және басқалардың зерттеулерiнде көрсетiлген. [13]
Қоғамда саясатта, экономикада, рухани өмiрдегi қазiргi процестер бiлiм беру үрдiсiн жаңаша ұғынумен тығыз байланысты. Оқушыларға химиялық бiлiм беру концепциясында химия оқушының iс-әрекетiне қажеттi және оқушының қоғамда толық қызмет етуi үшiн өз еңбегiнде ойлау қабiлетiн қалыптастыратын нақты химиялық бiлiмдермен қаруландырады деп көрсетедi. Сондықтан орта мектеп мұғалімі оқыту процесi кезiнде оқушылардың танымдық іс-әрекеттері мен белсенділіктерін арттыру үшiн өзiнiң әдiстемелiк оқыту жүйесiн құруы қажет.
Оқыту әдістемесінің мақсаты - оқу үрдiсiн қатысушылар оқытушы мен оқушының шығармашылық әрекеттерiне жағдай жасай отыру арқылы тиiмдiлiгiн сақтап оқу- тәрбие үрдiсiн ұйымдастыруды белсендiру. [14]
Бiлiм беруде педагогикалық iзденiстердiң бүкiл жетiстiктерiн атап айтсақ, жекелеп оқыту (индивидуализация), деңгейлеп оқыту (дифференциация), модельдi оқыту жүйелерiн пайдаланып, мамандарға химиядан бiлiм берудiң тиiмдi, белсендi әдiстерiн iздестiрудi, сол арқылы окушыларды өзiн-өзi бағалау деңгейiне көтерудi қарастыру қажет.
Мектеп практикасында кейбір мұғалімдер педагогика ғылымдарының жетiстiктерiне көңiл аудармай, өз iс-тәжiрибелерiнде олардың ұсыныстарын қолданбай келедi.
Соның нәтижесiнде химия пәнiн оқыту арқылы жекебас сапаларын дамыту жүзеге аспай, оның орнына жаттап алу жолымен жүргiзiледi.
Сондыктанда:
- химиядан берiлетiн бiлiмдi iргелендiру;
- химияны жалаң үйретуден бағдарлай оқытуға көшу;
- бiлiм беру үрдiсiне жаңа технологияларды ендiру;
- осылардың негiзiнде химияны оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасау.
Мұндағы мақсат - әрбiр жеке тұлғаның потенциалын ашуға және бiлiмiн iске асыруға мүмкiндiк беретiн оқытудың тиiмдi жолдары мен әдiстерiнiң жобасын жасау. Оқушының ойлағыштық қабiлетiн жоғарлату үшiн, бiр мезгiлде үш мiндеттi шешу керегiн әдебиеттерде атап көрсетiлген:[15]
1. Сабақ кезiнде кез-келген дайындық деңгейiндегi оқушыларды қызықтыратын жұмыс түрiн таңдай бiлу керек, таным процесiне сынып оқушыларын тұтастай тарту
2. Әрбiр оқушыға шамасына қарай жалпы проблеманың тек бөлiгiн ғана анықтау арқылы әрбiр оқушыға дифференциалды тәсiлдi қолдану жүзеге асады
3. Нашар оқитын оқушыдан сабақты сұрау кезiнде дұрыс жауап бермеген жағдайда жаман баға аламын деген қорқыныш сезiмiн жою, ойлау процесiне “еркiндiк беру“.
Сабақ бiртұтас жұйе ретiнде үш құрылымнан тұрады:
Сабақ құрылымы
Әдістер құрылымдары
Мазмұндар құрылымдары
Оқыту үрдісіндегі бөліктер құрылымдары
1. 1сурет. Сабақ құрылымы
Бөлiктер құрылымдары, бірінші құрылымдар, оларда дидактикалық мақсаттар белгiленген. Оқу үрдiсiнiң логикасына сай соңғы бөлiк алдыңғы бөлiкпен байланысты. Дидактикалық басты мақсат сабақтың типiн анықтау
Екінші құрылым - оқыту материалының мазмұны, ол бiрiншi құрылымға бағынышты. Оқыту материалының мазмұны сабақтың бiр компонентi ретiнде белгiлi химиялық ұғымдар, фактiлер, заңдар, химиялық заттар мен олардың қасиеттерiн, заңдылықтар мен қорытындыларды үйрену, iскерлiк пен дағдыларды қалыптастыру.
Сабақтың үшiншi құрылымы - оқыту әдiстерi алғашқы екi құрылымдарға тәуелдi, мазмұнның әртүрлi элементтерi оқушылар оларды меңгеруi үшiн әртүрлi логика-психологиялық жолдар қажет) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz