МЕКЕМЕНІҢ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТЫ


№1 ДӘРІС. ӨДІРІСТІК ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ПӘН РЕТІНДЕ.
КУРСТЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ.
Қажетті сөздер: экономика, кәсіпорын, кәсіпшілік ортасы (предпринимательская
среда), экономикалық жағдай, саяси жағдай, құқықтық орта, географиялық орта,
экологиялық жағдай, институттық орта.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1. Курс пәні. ӨДІРІСТІК ЭКОНОМИКА
2. Кәсіпорын экономикасы және басқа экономикалық ғылымдар.
3. Курстың мазмұны
4. Зерттеу әдістері
5. Қорытындылар
Экономика-бұл адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандарытын және эканомика
ғылымдардың барлығына ортақ объект болып табылатын адамдардың іс-әрекет аумағы.
Курс пәні
Көптеген экономикалық ғылымдардан теориялық және қолданбалы экономиканы
бөліп алуға болады. Жалпылай оларды былай деп атауға болады: Ресей мен Қазақстанда-
-«Экономика», Батыста-«Экономикс».
Теориялық және қолданбалы экономиканың негізін құрайды:
экономикалық дамуды зерттеу;
жалпы халық шаруашылығының жұмыс істеуін және жеке кәсіпорынды
зерттеу;
экономикалық саясатының принциптерін ойластыру;
Экономикалық өмірдің соңғы бас мақсаты сұраныс болғанмен, оның ең негізгі
аймағы өндіріс болып табылады. Өндірістің дамуынсыз нарық болуы мүмкін емес, себебі
тауардың санын өндіріс құрайды.
«Кәсіпорын экономика» курсының ең негізгі зертелінетін ортас - өндіріс,
кәсіпорынның бүкіл шаруашылық өмірін түсіндіру және бейнелеу болып табылады.
Өндіріс процессінің заңдарын білу негізінде практикалық өндіріс мақсаттар жүзеге
асыруының шаруашылық әдістерін ойластыруға мүмкіндігі бар.
.
Кәсіпорынның және басқа экономикалық ғылымдардың экономикасы.
Кез келген кәсіпорын өз бетімен өмір сүре алмайды. Ол міндетті түрде түгелдей
экономикамен бір жағынан өндіріс нарығы арқылы, екінші жағынан сату нарығымен
байланыста болады, сондықтан кәсіпорын экономикасы да жеке кәсіпорындардың басқа
шаруашылық бірліктермен, нарығымен болатын қарым-қатынастарды зерттеу керек.
Осының өзінде шаруашылық процестерін жалпы және жекеше түрде қарастыру қажет.
Кәсіпорын экономикасы макро- және микроэкономикасымен тығыз байланысты, бірақ
оларға тең емес. Мысалы, микроэкономикалық талдау жеке кәсіпорыннан емес, нарықтың
жеке кәсіпорындарына әсер ететін ықпалынан шығады және шын мәнінде, өндірісті
ұйымдастырудың және өндіріс экономикасының кәсіпорын деңгейіндегі зерттеуі емес.
Микроэкономикалық талдау нарықтың екі жағын да қарастырып отырады: сұраныс және
ұсыныс. Ал кәсіпорын экономика жағынан қарасақ, сұраныс берілген өлшем ретінде
қарастырылады.
Басқа жағынан, макроэкономиканың мәселелері ретінде қарастырылған, мысалы,
бағаның өндірістік факторларға әсер етуі, халықтық табыстың өндірілуі және үлестірілуі
және т. с. с. кәсіпорын экономика үшін есепке алынантын берілген шама болып саналады.
Тұтынушулар құрылымының өзгеруі, демографиялық ауытқулар, халықтық табыстың
өзгеруі, техникалық прогресс және басқа да кез келген халық шаруашылығының өзгерістері
кәсіпорындағы жағдайдың өзгеруіне әкеп соғады.
Және де керісінше, кәсіпорын экономикасының зерттелінетін объектілері, мысалы
өндіріс шығындары, макроэкономика үшін зерттелуге және есептеуге керек мәліметтер
болады.
Сонымен, кәсіпорын экономикасы кәсіпорын іс-әрекетін, ойластыру процесін және
шаруашылық шешімдерін қабылдауын зерттейтін экономиканың жеке пән болып есептеледі.
Кәсіпорын белгілі бір кәсіпкерлік ортада жұмыс істейді, бұл орта оның бүкіл іс-
әрекетіне әсер етеді.
Кәсіпкерлік орта күрделі экономикалық және саяси жағдаймен, құқықтық,
технологиялық, әлеуметтік-мәдениеттік, географиялық, экологиялық жағдайлармен,
осыған қоса институциялық және ақпараттық жүйелердің жағдайлармен сипатталад.
I
Экономикалық орта -халықтың табысын және сату қабілеттігінің деңгейін,
кәсіпкердің экономикалық тәуелсіздігінің дәрежесін, қаржыландыру мүмкіндігін,
жұмыссыздық деңгейін, қаржылық ресурстардың қаншалықты ашық болуын және басқа
да экономикалық факторларды сипаттайды.
Саяси жағдай басқару үкіметтің мақсаттарына тәуелді. Түрлі экономикалық
саясаттарын жүргізе отырып, мемлекет түрлі салаларда және аймақтарда кәсіпорынның
дамуының қарқындылығына (дамуын баулатып, не, керісінше, тоқтатып) беделді ықпал
етеді.
Құқықтық орта кәсіпорындардың саудагерлік, өндірістік, қаржылық, салық, жаңалық
және инвестициялық орталардың жұмысын реттейтін заңдар мен басқа да нормативті
актілер жүйесімен сипатталады. Кәсіпорынның тұрақтылығы кәсіпкерліктің құқық
базалардың даму деңгейіне тәуелді.
Кәсіпшілік іске асырылатын географиялық ортаны табиғи жағдайлар анықтайды,
мысалы, шикізаттың қаншалықты жақын болуы, энергоресурстар, ауа-райлық және
мауысымдық жағдайлары, автомагистральдардың, теміржолдардың, теңіз және әуе
жолдардың бар болуы. Өнеркәсіпті орналасу жерін анықтағанда, шикізатты әкелу
схемаларын жасағанда, дайын өнімдерді үлестіргенде және т. б. географиялық факторлар
ескеріледі.
Экологиялық орта қоршаған ортаның қалыпын, экологиялық кауыпының дәрежесін,
қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарға қарсы қолданылатын шаралар мен бақылау
жүйелерінің даму дәрежесінің қалпын бейнелейді. Осындай және басқа да экологиялық
факторларды ескеріп, өнеркәсіп белгілі бір технологияны, шикізатты және өнімді
таңдайды.
Институттық орта түрлі институттардың (ұйымдардың) бар болуымен сипатталады.
Олардың көмегімен әр-түрлі іскерлік операциялар, кәсіби қарым қатынастар орнатылады.
Осындай институттарға банкілер, биржалар, кепілдік компаниялар, фирмалар, әр-
түрлі жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсететін орындар (заңгерлік, бухгалтерлік, аудитірлік
және т. б. ), жарнама агенттіктер, жұмысқа орналасу бюролары және т. б. жатады.
Кәсіпорын өз құзыретінде тек қана шаруашылық мәселелермен айналысып қана қоймай,
сонымен қатар, техникалық, құқықтық, әлеуметтік, психологиялық және әдет-ғұрыптық
сұрақтарды да қарастырада. Бұл әр-түрлі әлеуметтік ғылымдар мен арнайы экономикалық
пәндерді зерттеу аймағы болып табылады. Осы шешімдері мен қорытындыларын
кәсіпорынды ұйымдастырғанда ескерген жөн.
Курстың мазмұны:
Кәсіпорын эканомикасының зерттелінетін негізгі объектілері-бұл:
кәсіпорынның өндіру құрылымы, өнеркәсіптің өндіру типтері, өндіру циклін
ұйымдастыру;
кәсіпорынды басқару процессін ұйымдастыру;
шаруашылық стратегясын таңдау, өнімді өндіру және сату жоспарын
ойластыру;
капиталды жинау, жұмсау және кәсіпорынның табыстарын жинақтау;
өндірісті материалдың-техникалық жағынан қамтамасыз ету, яғни
шикізаттарды, материалдарды әкелу және оларды дұрыс, роционалды
жұмсау;
өндірісті техникалық жағынан даярлау және қажет өндіріс
инфраструктурасын құру;
өндіріс шығындарды құру, өнімнің бастапқы бағасын есептеу,
кәсіпорынның бағалық саясаты;
қыржылық ресурстар, кәсіпорын, шаруашылық іс-әрекеттерінің тиімділік,
кәсіпкерлік қауіпін бағалау;
кәсіпорындардың инновациялық іс-әрекеті, өнім сапасы, кәсіпорынның
инвестициялық саясаты, экологиялық мәселелер;
кадрларды дайындау, жұмысқа алу, еңбекті ұйымдастыру, жалақы төлеу
жүйесі және еңбек өнімін жоғарлатуына әсер ету;
кәсіпорынның сыртэкономикалық іс-әрекет.
Зерттеу әдістері.
Кез келген басқа ғылымдар сияқты кәсіпорын экономикасының да зерттеу және
мазмұндаудың ерекше тәсілдері бар.
Қолданбалы пән бола отыра, кәсіпорын экономикасы қолданбалы экономикалық
ғылымдарға тән зерттеу әдістерін кеңінен қолданылады. Олардың тек кейбіреулерін
атап өтелік.
Экономикалық зерттеулерде статистикалық бақылау әдістері мен
салыстырмалы талдаудың үлкен мәні бар. Олар жекеше және жалпылық
экономикалық көрсеткіштерін салыстыруға және жинастыруға, кәсіпорынның өсу
динамикасын талдауға, ең жақсы нәтижелерін атықтау үшін кәсіпорынның
жетістіктерін басқа бәсекелес субъектілермен салыстыруға мүмкіндік береді.
Шаруашылық өндірісті стратегиясын құру негізінде әр-түрлі ықтималдық және
жорамалдық әдісті қолдану жатады, олар өндірістік есептерді шешкен кезде
қолданылады.
Кәсіпорын экономикасын теориялық және қолданбалы талдау кезінде
математикалық модельдер, әр-түрлі экономикалық көрсеткіштер арасындағы
байланыстарды жақсы байқау үшін және экономикалық жағдайлардың ықпалынан
болатын олардың «іс-әрекетін» бағалау үшін графикалық бейнелеу әдістері кеңінен
қолданылады. Кәсіпорын экономикасында экономико-математикалық модельдерді
қолдану 2 мүмкіндіктен шығады: демек, біріншіден, кәсіпорын әрқашан пайданы
максимизациялауға ұмтылады, екіншіден, кәсіпкер жұмыс істейтін нарықтық орта
барлық нарықтық субъектілерге тікелей әсер ететін қарқынды орта болып табылады.
Бүгінгі таңда кәсіпорынның жұмысының жақсы жүзеге асуын ең болмағанда 3
негізгі моменттердің қисынды бірігу шартында қамтамасыз етеді:
Жалпыэкономикалық теорияны білу;
Нақты экономикалық білім мен дағдының бар болуы;
Кәсіпорныдық және аналитикалық есептеулер мен жорамалдаулар және т. б.
үшін түрлі жиындық әдістерді қолдана білу;
«Кәсіпорын экономикасы» курсы «Кәсіпкерлік экономикасы», «Маркетинг»,
«бухесеп және шаруашылық іс-әрекетті талдау», «Өндірістік қаржы», «Өндірістік
статистика» және т. б. пәндермен тығыз байланысты.
Қорытындылар
1. Кәсіпорын экономикасы басқа да экономикалық ғылымдармен тығыз
байланысты, олар: макро- және микроэкономика, менеджмент және
маркетинг теориясы, статистика, бухгалтерлік есеп және т. б.
2. Осы ғылымды зерттеу пәні-кәсіпорынның іс-әрекеті, жүзеге асыру және
шаруашылық шешімдерді қабылдау процессі.
3. Кәсіпорынның өндіріс әрекеттері, оның экономикалық ресурстарддың және
өндірістің негізгі факторлардың ұйымдастыру және қолдану механизмі
зерттеудің негізгі объектісі болып табылады.
4. Кәсіпорын белгілі бір кәсіпшілік ортада жұмыс істейді және оның бүкіл
әрекет жақтарына әсер етеді. Кәсіпорынның даму стратегиясын жүзеге асыру
кезінде оның қалпын, даму мүмкіндігін, динамикасын, түрлі әсер ету
бағыттарын ескеру қажет.
5. Салыстырмалы талдау әдісі, статистикалық, графикалық, ықтималдық
әдістер, жорамалдау және басқа да экономикалық ғылым әдістері
кәсіпорын экономикасында кеңінен қолданылады. Нақты экономикалық
білімдерсіз, оларды практика жүзінде қолдана алмай, экономикалық
заңдарды білмей дұрыс шаруалық шешімдерді қабылдау мүмкін емес. _
№3 ЛЕКЦИЯ. МЕКЕМЕНІҢ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТЫ
Кілттік сөздер: айналым қаражаты, айналым капиталы, айналым активтері,
айналым өндіріс фонды, айналым қаражатын нормалау, транспорттық, ағымдық, резервті
және сақтандыру қорлары, айналыс коэффициенті, қамтамасыздық көрсеткіші, айналым
уақытының көрсеткіші.
Лекция жоспары:
1. Айналым қаражат ұғымы, құрамы, құрылымы.
2. Айналым қаражатын нормалау.
3. Мекеменің айналым қаражатын қолданудың артықшылығы.
Айналым қаражат ұғымы, құрамы, құрылымы.
Нарықтық экономикадағы қайта жаңғырту бағаның қозғалысы мен қолданбалы
бағаның бірлігін көрсетеді. Өндіріс кезеңінен өнімді шығару кезеңіне дейін екі процесс
сәйкестенеді: қолданбалы баға мен баға бірге қозғалады, қолданбалы бағаны
қалыптастыру бағаны қалыптастырумен пара-пар.
Осы процесстердің сәйкестену шегі өнімнің (тауардың) іске асуы болып табылады.
Осы сәттен бастап өнімнің материалды түрде қозғалысы мен оның бағасының қозғалысы
бөлек жүретін болады. Қолданбалы баға ретінде өнім өндірістен қоданысқа, я қорға
түседі. Іске асқан баға екі бөлімнен тұрады: өндірістің аванс ретінде алған қаражатын
қайтарады, ал басқасы түсімді қалыптастырады.
Үлкен бөлігін айналым қаражаты құрайтын баға қозғалысының тез және жай
жылжуы тікелей мекеме іс-әрекетінің қаражат нәтижесіне әсер етеді.
Айналым қаражаты (айналым капиталы, айналым активі) - дегеніміз әрбір
айналымнан соң алғашқы қалпына келетін және үзіліссіз ақшалай қаражаттың айналасын
қамтамасыз ететін айналым өндіріс фонды мен айналыс фондына тіреу болатын ақшалай
қаражаттардың жиыны.
Айналым өндіріс фонды- дегеніміз әрбір өндіріс циклінде толығымен
қолданылатын және де өз бағасын толығымен дайын өнімге ауыстырып әрбір циклдан соң
анық түрінде, сондай-ақ баға ретінде қайтажаңаратын өндіріс қаражатының бөлігі.
Айналым өндіріс фондының бағасына жұмыс заттарының бағасымен қатар (негізгі
материалдар, шикізат, жылу, қосымша материалдар) кейбір жұмыс жабдықтарының
(қызмет ету мерзімі бір жылдан аспайтын, құны аз және тез тозатын заттар) бағасы да
кіреді.
Сондай-ақ, айналым фондына аяқталмаған өндіріс, өзі дайындайтын
жартылайфабрикаттар және алдағы уақыттың шығындары жатады.
Аяқталмаған өндіріс пен өзіндік жартылайфабрикаттар - дегеніміз өндіріс
процессіне түсіп өңделіп немесе жиналып жатқан жұмыс заттары: материалдар,
бөлшектер, түйіндер мен бұйымдар, сондай-ақ бір цехта толығымен аяқталмай сол
өнеркәсіптің басқа цехында әріқарай өңделетін өзіндік жартылайфабрикаттар.
Алдағы уақыттың шығындары - дегеніміз осы сәтте өндіріліп жатқан бірақ
алдағы уақыттың өніміне жататын жаңа өнімдерді дайындауға және иемденуге кеткен
шығындар кіретін айналым фондының элементі.
Айналыс фонды - дегеніміз айналыс ортасында жұмыс атқаратын және түсірілген
бірақ төленбеген дайын өнім қорына салынған мекеме қаржысы, сондай-ақ кассадағы
және мекеменің шотындағы ақшалай қаражаттар. Айналым қаражатының құрамы мен
класиффикациясы 8. 1суретте келтірілген.
Айналым фонды өнім өндірісіне шығындалады және өз бағасын соған ауыстырады.
Айналым қаражаты өндіріске салынбайды, тек ақшалай түрде авансқа беріледі және өнім
іске асқан соң айналысты қайталау үшін өз қалпына келеді.
Айналым қаражаты мен айналым фондының айырмашылығы айналымның әрбір
тежелуінде көрініс табады. Айналым қаражат қозғалысының жылдамдығы мекеменің
жабдықталуына, өндіріске және де әртүрлі банк жүргізетін есептеулерге байланысты
болады.
Егер фондтың қозғалысы тежелсе - мекемеге сапаға сай емес шикізат түссе;
өндірісте кеміс өнім саны артса; кейбір жабдықтардың істен шығуына байланысты өндіріс
көлемі азайса; дайын өнім базарда өз қолданысын таппаса - онда айналым қаражаты да
өз қозғалысын тежейді. Мекемеде айналым фонды қажет мөлшерден артық болуы
мүмкін, ал айналым қаражаты үнемі жетіспеушілікте, бұл жағдай өз кезегінде өндірісте
қосымша қиыншылықтарды тудырады.
Айналым қаражаты сол мекеменің сатып алатын материалды құндылықтары мен
істелінетін жұмысқа және қызмет көрсетуге кеткен төлемдерінен дайын өнімді сатып
алушылардан мекемеге түскен төлемдерге дейін қозғалады. Осы процесстердің көлемі мен
жылдамдығын айналым қаражатының қозғалысы анықтайды. Сондай-ақ айналым
жылдамдығына шикізат пен материалды жеткізу графигінің орындалуы, мекемедегі
технологиялық процесстердің ұйымдастырылуы, өндірілген өнімнің және басқа тауарлар
мен қызмет көрсетудің төлемдері әсер етеді.
Айналым қаражатының функциясы мекемеге түскен материалды құндылықтар
мен көрсетілген қызмет үшін аванс ретінде бөлінген ақшалай қаражаттан алынған
төлемнен, сондай-ақ мекемедегі баға айналысының есеп-ақы қызмет көрсетуінен тұрады.
Мекеменің өндіріс-шаруашылық әрекеті есеп жасау режиміне әсер етеді. Өндіріс
қорларын көбейту төлемнің өсуіне әкеледі, аяқталмаған өндірістің өсуі - іске асыруды
тежейді, яғни ақша түсімін азайтады. Өндіріс процессін тездету, қорды азайту, іске-
асыруды өсіру ақша түсімін арттырады. Әрбір уақыт мезетіндегі төлемдерде және
ақшалай қаражаттың түсімдерінде мекеменің айналым қаражатының қозғалысы көрініс
табады. Егер әрбір уақыт мезетінде айналым фондының қозғалысы қайтажаңғыртудың
материалды факторларының айналымын көрсетсе, онда айналым қаражатының қозғалысы
ақшалай қаражаттың айналымын көрсетеді.
Нарықтық экономикаға өту бірмезгілде жоғарғы инфляциямен байланысты болса,
онда ол мекеменің айналым қаражаттарының жоғалуына әкеледі. Мекеме шикізаттар мен
материалдарды сатып алғанда олардың құнын өнімнің өз бағасында ескереді. Өнімді
өндіріп іске асырған соң мекеме жаңа шикізаттар мен материалдар сатып алады, алайда
олар енді жаңа инфляцияны ескере отырып қойылған бағамен алынады. Осылайша,
айналым қаражатының шығынын түскен табыс есесінен, немесе өнім бағасын арттыру
арқылы жабуға болады, алайда бұл басқа өндірушілерге деген қарсыластықты
төмендетеді.
8. 1 кестедегі деректерден мекемелердегі айналым қаражат құрылымының өзгерісі
қор бөлігі мен бос ақша қаражатының азаюына байланысты болатындығы көрінеді.
Мекеменің әр өндіріс саласындағы айналым қаражатының құрылымы әр түрлі болады.
Талдаудың қорытындысы бойынша, ең үлкен бөлігін, мысалы, дебиторлік қарыздың үлкен
бөлігі электроэнергетика, машинақұрылыс мекемелеріне, ал ең аз бөлігі - жеңіл және
тамақ өнеркәсібіне сай келеді.
Мекеменің жақсы өсіп-өнуін қамтамассыз етуде айналым қаражатын жоспарлау
үлкен рол атқарады.
Айналым қаражатын жоспарлау - қажеттіліктің алғашқы және соңғы
көрсеткіштерін, сондай-ақ жоспарлау периодында сол қажеттіліктің әрбір маңызды
өзгеріс (өсу, түсу) көрсеткіштерін ескеру қажет. Егер біз белгілі бір уақыт аралығындағы
айналым қаражатына деген қажеттілікті өседі деп жорамалдасақ, онда күтілетін
финанстық мүмкіншіліктерді де жоспарлау қажет. Тіпті айналым қаражатына деген
қажеттіліктің уақытша қысқаруын мекеменің жоспарында көрсету қажет, себебі сол
уақытта босайтын қаражатты, мысалы, мекемеге белгілі бір табыс әкелетін қысқамерзімді
құнды қағаздарды сатып алу үшін жұмсауға болады.
8. 1-кесте. Өнеркәсіптегі айналым активтерінің құрылымы
1993 1995 1998 2000
Айналым қаражаты, барлығы
Соның ішінде:
Қорлар мен шығындар
Олардан:
өндіріс қорының қалдық бағасы
аяқталмаған өндірістегі шығындар
алдағы уақыттың шығындары
дайын өнім және қайта сатылатын тауарлар
қайта түсірілген тауарлар
Қысқамерзімді финанстық салымдар
Ақша қаражаты
Басқа сөзбен айтқанда, айналым қаражатын жоспарлау - күнтізбенің бір нұсқасы, оның
әрбір уақытына мекеменің айналым қаражатына деген қажеттіліктің алғашқы мөлшері
мен алда болатын өзгеріс көрсетіледі.
Айналым қаражатын нормалау
Айналым қаражатын нормалау екі негізгі мәселені шешеді. Біріншісі - мекеменің
айналым қаражатының көлемі мен материалды құндылықтарының минимальді қажет
қорын қамтамасыз ететін қаржыға деген қажеттілік арасындағы сәйкестікті үнемі ұстану.
Екінші мәселе әлде қайда қиынырақ: нормалау көмегімен қор көлемін басқару қажет.
Нормалаудың бірінші этапы- нормаланатын айналым қаражатының әрбір
элементі бойынша қор нормасын құру.
Айналым қаражатының нормалары мекеменің жұмыс шарттарымен
анықталатын болады , дәлірек айтсақ: өндіріс циклінің ұзақтылығымен; өндіріске
материалды дайындау ұақытымен; қалдықтарды қолдану ретімен; жабдықтаушыларды
территориялды орналастырумен; жабдықтаудың бірқалыптылығымен және жиілігімен;
жеткізілетін материалдар мен өнімдердің мөлшерімен; т. б. Айналым қаражатының
нормативі келесі көрсеткіштерден анықталады: өнімнің өндіріс және іске асырылу
көлемінен; өндіріс шығындарынан; тауар-материал түрі бойынша айналым қаражатының
нормасынан.
Осы факторлар мекеменің айналым қаражатына деген қажеттіліктің бір жағын -
мекеменің ішкі қажеттілігін анықтайды. Сондай-ақ транспорт пен жабдықтаушылардың
жұмысына тәуелді сыртқы жағы да бар.
Айналым қаражатын нормалау үш негізгі позициямен іске асады:
Шикізатқа, материалға, сатып алынатын бұйымдарға айналым қаражатын
нормалау;
Аяқталмаған өндіріске айналым қаражатын нормалау;
Дайын өнімге айналым қаражатын нормалау.
Шикізатқа, материалға, сатып алынатын бұйымдарға айналым қаражатын нормалау
келесілерден тұрады:
Мекемемен төленген материалды құндылықтардың жолда болу уақытынан
(транспорттық қор) ;
Материалдарды мекемеге жеткізу, түсіру, қабылдау, қорға өткізу уақытынан;
Өндіріске материалды дайындау уақытынан;
Материалдардың қазіргі және сақтандыру қордың құрамында келу уақытынан.
Шикізатқа, негізгі материалдар мен сатып алынатын заттарға деген айналым
қаражат нормаларының бірінші элементі - транспорттық қор - материалдардың
жабдықтаушыға қажет төлемдерді жасаған уақыттан жүктің қолданушы қоймасына келіп
түскенге дейінгі жолда болуын қамтиды.
Белгілі бір уақыт аралығында материалды құндылықтар өндіріс сферасынан
алынады, жабдықтаушы оларды қолданушыға жібереді де пайдалана алмайды, ал сатып
алушы ол тауарды әлі алмағандықтан оны қолдана алмайды. Дәл осы материалды
құндылықтардың өндіріс сферасынан ауытқу уақытына жабдықтаушы үшін де, сатып
алушы үшін де айналым қаражаты қажет болады.
Жабдықтаушы өнімді жүктегенде әртүрлі транспортпен материалды
құндылықтардың қозғалысы (материал-айналым) және төлем құжаттарының қозғалысы
(құжат-айналым) бір уақытта басталады. Алайда материалды құндылықтардың қозғалысы
төлем құжаттарының қозғалысынан уақыт жағынан сәйкес келмеуі мүмкін.
Мүмкін болатын келесі жағдайларды атап кетейік:
Мекеме төлем құжаттарын алып, шикізат, материал,
құнын төлейді, бірақ материалды құндылықтар әлі түскен жоқ. Осы жағдайда
мекемеге қандай да бір уақыт жолда болатын материалды құндылықтарға
төленетін белгілі бір көлемде айналым қаражаты қажет;
Төлем құжаттары мен материалды құндылықтар бір уақытта түседі;
Материалды құндылықтар төлем құжаттарына қарағанда ертерек келеді;
Екінші және үшінші жағдайларда мекемеге жолдағы материал төлемдері үшін
айналым қаражаты қажет емес.
Жолдағы материалдың бағасынан және есеп-деректері бойынша алынған
материалдардың шығынынан транспорттық қордың көлемі есептелінеді.
Шикізат, негізгі материалдар мен сатып алынатын бұйымдар үшін айналым
қаражат нормасының екінші элементі - материалдарды қабылдауға, түсіруге,
сорттауға және қоймаға қосуға қажет уақыт.
Ереже бойынша, бұл уақыт хронометраж жолымен немесе осы операцияларды
техникалық нормалау жолымен анықталады. Айтылған норма бірнеше факторларға
байланысты: материалды-техникалық қамтамассыздандырудың ерекшеліктері, түсіру-
жүктеу жұмыстарының ұйымдастырылуы, т. с. с. Сондай-ақ материалдың түрі мен
безендірілу ерекшелігі де үлкен әсер етеді.
Ағымдағы қор айналым қаражат нормасының негізгі бөлігі болып табылады.
Ағымдағы (қоймадағы) қор- өнімге жіберуге толығымен дайын тұрған материалдар қоры,
оның қызметі - мекеменің өндіріс әрекеттерінің үзіліссіздігін қамтамасыз ету, ал оның
көлемі шикізаттар мен материалдардың түсу жиілігіне байланысты.
Айналым қаражат нормасының және бір элементі резервті және сақтандыру
қоры болып табылады. Ол айналым қаражатына әсер ететін кездейсоқ факторларға
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz