Мемлекеттің экономикалық қызметінің қаржылық аспектілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 514 бет
Таңдаулыға:   

ҚҰЛПЫБАЕВ С., ЫНТЫҚБАЕВА С. Ж.,
МЕЛЬНИКОВ В. Д.

ҚАРЖЫ

Экономика ғылымдарының докторы, профессор
С. Ж. Ынтықбаеваның жалпы редакциясымен

өңделген және толықтырылған басылым

050509 «Қаржы» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық ретінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі ұсынған

Алматы
2011

УДК 336 (075)

ББК 65. 261 я 7

Қ 74

Пікір білдірушілер:

Экономика ғылымдарының докторы, профессор,

ХАА және ХЕЭА-ның академигі - К. Кучукова

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

ҰҒА-ның академигі - О. Баймұратов

Экономика ғылымдарының докторы, профессор - С. Мақыш

Қазақстан Республикасының жоғары және ЖОО-дан кейін білім беру «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандығының топтары бойынша ОӘК және Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дың Ғылыми кеңесі ұсынған.

Құлпыбаев С., Ынтықбаева С. Ж., Мельников В. Д.

Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2011- 536 бет

Оқулықта «қаржы» категориясының, оның құрылымдық бөліктерінің мәні мен жұмыс істеу өзгешіліктері, оның ерекшеліктері және әрекетінің қағидаттары баяндалған. Ішкі және сыртқы өзара байланыстарда қаржы жүйесінің, қаржылық механизмнің өзара әрекетінің заңдылықтары ашылған.

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы қаржының көкейтесті проблемалары бөліп көрсетілген.

Жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына арналған.

МАЗМҰНЫ

Алғысөз 8

Кіріспе 9

1 бөлім. Қаржы және оны басқарудың негіздері

1-тарау. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесі 11

1. 1. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, қажеттігі және мәні 11

1. 2. Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу 19

1. 3. Қаржының айрықшылықты белгілері 20

1. 4. Қаржының функциялары және рөлі 22

1. 5. Құндық экономикалық категориялардың
өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы 28

1. 6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық
қатынастардың объекті ретінде 34

1. 7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары 38

Бақылау сұрақтары 45

2-тарау. Мемлекеттің қаржылық саясаты. Қаржылық механизм 46

2. 1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары 46

2. 2. Қаржылық саясатты жасау 51

2. 3. Қаржылық механизмнің мазмұны және құрылымы 53

Бақылау сұрақтары 59

3-тарау. Қаржыны басқару 60

3. 1. Қаржыны басқарудың мазмұны 60

3. 2. Мемлекеттің қаржысын басқару 62

3. 3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын
басқару 70

3. 4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі 74

Бақылау сұрақтары 78

4 - тарау. Қаржылық жоспарлау және болжау 79

4. 1. Қаржылық жоспарлаудың және болжаудың мәні және мазмұны 79

4. 2. Қаржы жоспарларының жүйесі 83

4. 3. Қаржылық көрсеткіштер 85

4. 4. Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары 87

Бақылау сұрақтары 90

5-тарау. Қаржылық қатынастарды құкықтық қамтамасыз ету 91

5. 1. Қаржылық құқықтық қатынастар
және қаржылық-құқықтық нормалар 91

5. 2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы
жүзеге асырудың әдістері 93

5. 3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер 94

Бақылау сұрақтары 95

6-тарау. Қаржылық бақылау 96

6. 1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары 96

6. 2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы 98

6. 3. Аудиторлық бақылау (қаржылық аудит) 101

6. 4. Қаржылық бақылаудың әдістері 104

6. 5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері 106

Бақылау сұрақтары 112

П бӨлім. ШаруашылыҚ жүргізуші
субъектілердің қаржысы

7-тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының
жұмыс істеу негіздері 113

7. 1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының
мазмұны 113

7. 2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы 117

7. 3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық
жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері 121

7. 4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін қайта құрудың және оны әртараптандырудың қаржылық аспектілері 126

Бақылау сұрақтары 129

8-тарау. Коммерциялық шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржысы 130

8. 1. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері 130

8. 2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық ресурстары 133

8. 3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қорлары

(капиталдары) . . . 136

8. 4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері 142

8. 5. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық менеджменті 142

Бақылау сұрақтар 146

9- тарау. Коммерциялык емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы 147

9. 1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру 147

9. 2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландыру

көздері 151

9. 3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары 154

Бақылау сұрақтары 157

Ш бӨлім. Мемлекеттің қаржысы

10-тарау. Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы 158

10. 1. Мемлекеттің экономикалық қызметінің қаржылық аспектілері 158

10. 2. Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер, оларды

қаржыландыру 161

10. 3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы 163

Бақылау сұрақтары 166

11-тарау. Мемлекеттін кірістері 167

11. 1. Мемлекет кірістерінің мәні 167

11. 2. Мемлекет кірістерінің сыныптамасы 171

Бақылау сұрақтары 172

12-тарау. Салықтар және салық жүйесі 173

12. 1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні 173

12. 2. Қазақстанның салық жүйесі 177

12. 3. Салық алуды ұйымдастыру 182

12. 4. Корпоративтік табыс салығы 186

12. 5. Жеке табыс салығы 192

12. 6. Шетелдік заңи және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу 194

12. 7. Жанама салықтар 200

12. 8. Экспортқа рента салығы 208

12. 9. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 208

12. 10. Әлеуметтік салық 214

12. 11. Меншікке салынатын салықтар 216

12. 12. Құмар ойын бизнесі салығы 222

12. 13. Тіркелген салық 223

12. 14. Арнаулы салық режімдері 224

12. 15. Алымдар, баждар, төлемдер 227

12. 16. Салықтарды аударып салу 230

12. 17. Салықтардан жалтарыну 233

Бакылау сұрақтары 237

13-тарау. Мемлекеттің шығыстары 238

13. 1. Мемлекет шығыстарының мәні, құрамы және сыныптамасы 238

13. 2. Экономиканы қаржыландыру 243

13. 3. Ғылыми және ғылыми-техникалық прогресті каржыландыру 244

13. 4. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар 246

13. 5. Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар 251

Бақылау сұрақтары 254

14-тарау Мемлекеттіқ бюджет 255

14. 1. Мемлексттік бюджеттің әлеуметтік-экономикалық
мәні және рөлі
255

14. 2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы 258

14. 3. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі 264

14. 4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы 268

14. 5. Бюджеттік сыныптама 274

14. 6. Бюджет тапшылығы және оның
тұжырымдамалары
278

14. 7. Бюджеттік үдеріс 283

Бақылау сұрақтары 289

15-тарау. Жергілікті қаржы 290

15. 1. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы 290

15. 2 Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары 294

15. 3 Жергілікті буындағы бюджеттік үдеріс 299

15. 4 Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы 302

Бақылау сұрақтары 304

16-тарау. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 305

16. 1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні 305

16. 2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары 307

16. 3. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары 314

16. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры 322

16. 5. Кәсіпкерлікті дамыту қоры 326

Бақылау сұрақтары 327

17-тарау. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш 328

17. 1. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары және әдістері 328

17. 2. Сыртқы (халықаралық кредит) 335

17. 3. Мемлекеттік борыш 338

17. 4. Елдің сыртқы борышы 340

17. 5. Мемлекеттік борышты басқару 343

17. 6. Мемлекеттік борыштың экономикалық салдарлары 346

Бақылау сұрақтары 349

ІV бӨлім. Үй шаруашылықтарының қаржысы

18-тарау. Үй шаруашылықтары қаржысының мәні мен ерекшеліктері 350

18. 1. Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және функциялары 350

18. 2. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті 353

18. 3. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы 356

18. 4. Халықтың тұрмыстық деңгейін мемлекеттік реттеу 358

18. 5. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер 361

18. 6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі 373

18. 7. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары
және олардың сыныптамасы 375

Бақылау сұрақтары 379

V бөлім. Сақтандыру

19-тарау. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері 380

19. 1. Сақтандырудың экономикалық мәні және сақтық қатынастарының

сыныптамасы 380

19. 2. Мүліктік және жеке басты сақтандыру ерекшеліктері 388

19. 3 Әлеуметтік сақтандыру 391

19. 4 Медициналық сақтандыру 395

19. 5. Сақтық рыногы 396

Бақылау сұрақтары 403

VІ бөлім. Рыноктық экономикадаҒы
қаржылардыҢ көкейтесті проблемалары

20-тарау. Экономиканы мемлекеттік қаржылык реттеу 404

20. 1 Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы
сипаттамасы мен сыныптамасы 404

20. 2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы 408

20. 3. Фискалдық саясаттың нұсқалары 411

20. 4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы 414

20. 5. Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері 419

Бақылау сұрақтары 423

21-тарау. Қаржы рыногы және қор биржасы 424

21. 1. Қаржы рыногы және Қазақстанда оның даму бағыттары 424

21. 2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы 427

21. 3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы 435

21. 4. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары 439

21. 5. Қор биржасы 443

21. 6. Қор рыногының индикаторлары 447

Бақылау сұрақтары 449

22-тарау. Сыртқы экономикалық қатынастар жүйесіндегі қаржы 450

22. 1. Сыртқы экономикалық қызметтің
сипаттамасы және Қазақстандағы оның даму бағыттары 450

22. 2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің
нысандары мен әдістері 458

22. 3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу 461

22. 4. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану 463

22. 5. Елдің төлем балансы 467

Бақылау сұрақтары 471

23-тарау. Қаржы және инфляция 472

23. 1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы 472

23. 2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары 479

Бақылау сұрақтары 483

Әдебиеттер 487

Терминологиялық-түсіндірме сөздік 491

Әліпбилік-предметтік сілтеуіш 514

АЛҒЫСӨЗ

Бұл оқулық мұның алдындағы «Қаржы» (2000, 2003, 2005, 2007 жж. ), «Қаржы негіздері» (2009 ж. ), «Қаржы теориясы» (2001ж. ) оқулықтарының жалғасы және олардың экономика мен қаржылардағы негізінен ұйымдық-институционалдық сипаттағы өзгерістер ескерілген мазмұнының дамуы болып табылады. Сонымен бірге «Қаржы» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені бойынша кафедрада қазақ-орыс тілдерінде дайындалған және өнделіп, толықтырылған нұсқасы болып саналады. Оқулықтың құрылымы мен мазмұны «Қаржы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттары мен оқытудың кредиттік технологиясының талаптарына жауап береді.

Сонымен бірге оқулықтың ұсынылып отырған нұсқасында қаржының айрықша өзіндік ерекшеліктері, қаржылық ресурстар, қаржы жүйесі бөлігіндегі қаржы мәнінің теориялық қағидалары, жекелеген қаржылық қосалқы субъектілердің қаржылық механизмінің жұмыс істеуінің бірқатар практикалық аспектілері нақтыланып, толықтырылған.

Экономикалық, әсіресе қаржы-кредиттік бағыттағы жоғары оқу орындарында «Қаржы» курсы кіріспелік, бейіндік пәндерді зерделеудің алдын алатын пән болып табылады және «Мемлекеттің қаржысы», «Салықтар және салық салу», «Корпоративтік қаржылар», «Қаржылық менеджмент», «Қаржылық бақылау және аудит» сияқты және жоо-ның оқу жоспарларына кіріктірілетін басқа арнаулы оқу пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл пәнді ойдағыдай меңгеру жоғарыда аталған арнаулы пәндерді тез игеріп кетуді жеңілдетеді және алған білімді қаржылық жұмыстың практикасында қолдануға мүмкіндік береді.

«Қаржы» ұғымы оған «кредит» категориясы және ілеспе механизмдер кіріктірілмей оқулықта отандық ғылым үшін дәстүрлі «тар» мағынада берілген; алайда аралық қосалқы категория ретінде «мемлекеттік кредит» қарастырылған.

Оқулықтың теориялық бөлімдері ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету арқылы оның үдерістеріне қызмет көрсететін тұтас алғанда ұдайыөндірістік категория ретіндегі қаржының мәнін қайта ойластыруға сәйкес жаңғыртылды. Қаржы мен қаржы жүйесінің құрамдас бөліктеріне сыныптамалық тәсілдемелері нақтыланды.

Курсты меңгеру үшін қажетті тақырыптаманың дәстүрлі ара қатынастағы құрылымы ұсталынған, мұның өзі «Қаржы» бағыты бойынша білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді. Оқулықтың бұрынғы басылымдарының мазмұны мен құрылымы еліміздің жоғарғы оқу орындарының оқу үдерісінде жеткілікті мақұлданған, сондықтан олар бұл басылымда негізге алынған, басқа елдердің жоо-сында қолданылатындарға ұқсас.

Қолданбалы сипаттағы тақырыптарды баяндау кезінде оқулық Қазақстан Республикасы жағдайларының өзіндік ерекшелігіне бейімделген.

Пәнді зерделеу кезінде қаржылық және экономикалық категориялардың, жүйелердің өзара байланысын көрнекі ету үшін, сыныптамаларды, құрылымдарды, жай-күйлерді, үдерістерді және басқа элементтерді қабылдауды жеңілдету үшін құрылымдық-қисындық сызбаларға басымдық берілді.

Кішірейтілген шрифтпен оқулықтың ірі шрифтпен жазылған негізгі қағидаларға түсінік беретін қосымша материал, курсивпен негізгі тұжырымдаулар, терминдер, сыныптамалар және зерделеуге қажетті басқа параметрлер бөлектелінген. Оқулық мәтінінің мұндай дәйектелімі кезінде оны бакалавриат пен магистратурада оқитындар үшін пайдалану ыңғайлы болады.

Оқулық тақырыптарының материалдарын ойдағыдай игеру және өзін-өзі тексеру мақсатымен оның әрбір тарауының соңынан бақылау сұрақтарының тізбесі беріліп отыр.

Терминологиялық-түсіндірме сөздікте қаржы және қаржы жүйесі бойынша заңдар мен заңнамалық актілерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер келтірілген және қосарлануды болдырмау мақсаттарында олар оқулықтың мәтіні мен сілтемелерде қайталанбайды.

КІРІСПЕ

«Қаржы» курсы экономикалық пәндер жүйесінде маңызды орын алады және экономикалық ғылымның маңызды құрамдас бөлігінің бірі - қаржы туралы ғылымның ерекшелігі зерделенетін базалық оқу пәні болып табылады. Ол қаржы туралы ғылымның теориялық қағидаларын да, шаруашылық үдерістерде категорияны пайдаланудың практикалық аспектілерін де кіріктіреді.

Курста қаржының табиғаты мен функцияларының мәселелері, олардың басқа экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті, шаруашылық өмірдегі көрінісінің ерекшеліктері қисынға сәйкес дәйекті түрде зерделеніп, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, қаржыны рыноктық экономиканы реттеуде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді, ұғымдарды, олардың қаржы және басқа экономикалық-әлеуметтік жүйелердегі іс-әрекетінің қағидаттарымен өзара байланысын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Курста әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарындағы және сыртқы экономикалық байланыстар сферасындағы қаржының іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктеріне айтарлықтай орын берілген.

«Қаржы» - арнаулы курс және қаржылық қатынастардың теориясын зерделейтін бұл пәннің мақсаты - қаржылық категорияларды, ұғымдарды, терминдерді ұғып алуда, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық үдерістердегі маңызы мен орнын біліп алуда студенттердің, магистранттардың теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу.

Курсты зерделеу эконономика мен қаржыда рыноктық бастауды қолдану жөніндегі қолданыстағы шаруашылық практиканы белсенді пайдалануды қажетсініп шамалайды. Сондықтан қаржылық қатынастар дамуының жинақталған тәжірибиесін және олардың қаржыларға ықпалын талдап және қорытындылай отырып, рыноктық экономика дамуының болып жатқан үдерісіне үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Қаржының табиғатын, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда қаржылық категория механизмінің мүмкіндіктерін танып білу тек қаржы жүйесі үшін ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа салалары үшін де білікті мамандар даярлау кезінде аса маңызды қажеттік болып табылады.

Экономиканың, қаржылардың жаһандануы ұлттық шаруашылық жүйелердің интеграциясы жағдайларында қаржыларды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибиесін зерделеу маңызды қажеттік бола бастайды. Рыноктық дамыған елдерде пайдаланылған критерийлер, нысандар, әдістер, үдерістер қазақстандық практикаға бейімделуі тиіс. Бұл үшін оларды теориялық түрде қайта ойластырып, рыноктық экономиканың ұлттық моделіне кіріктіру қажет.

Қаржы туралы ғылымды танып білудің негізгі әдісі - диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады. Құбылыстар, үдерістер, фактілер өзара байланыста, өзара іс-әрекетте, үнемі қозғалыста және дамуда қаралып талқыланады; тарихи тәсілдеме өткен тәжірибені, қордаланған білімдерді, қаржылық қатынастардың тексерілген, тұрақтанған нысандары мен әдістерін есепке алуды ұйғарады. Ақиқаттың критерийі - қоғамдық практика екені белгілі. Тап практикада теориялық сызбалардың, тұжырымдамалардың негізділігі тексеріледі. Сондықтан нақтылыққа сүйену, объективті критерийлерді пайдалану экономикалық ғылымдардың, соның ішінде қаржы туралы ғылымның да түйіндерінің маңызды шарты болып табылады. Оқулықтың ғылыми аппаратында ғылыми танып білудің мынадай ортақ әдістері пайдаланылды: теориялық зерттелім әдістері (абстракттіліктен нақтылыққа шығу және кері қозғалыс), эмпирикалық әдіс (қадағалау, салыстыру, өлшеу), эмпирикалық, сондай-ақ теориялық тәсілдемелер пайдаланылатын әдістер (абстрактілеу, талдау және синтез, индукция мен дедукция және басқалары) . Қаржылық операциялар мен үдерістер ауқымының өлшеуіштері болып табылатын статистикалық және басқа цифрлық мәліметтер пайдаланылды.

(10)

1 БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ОНЫ

БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1-тарау. Қоғамдық ұдайы өндірістегі

қаржы және қаржы жүйесі

1. 1. Құндық категория ретіндегі

қаржының ұғымы, қажеттігі

және мәні

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «fіnancіa» сөзінен пайда болған француздың «fіnance» сөзінен шыққан) - тауар-ақшалай қатынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақшалай айырбасқа көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржылық ресурстарға қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды.

«Қаржы» ұғымы ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісімен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады.

Қаржы ақша негізінде, ақша көмегімен іс-әрекет ететіндіктен ақша, ақшалай қаражаттар, ақшалай операциялар ретінде кең мағынада «қаржы» ұғымын қабылдау күнделікті тұрмыстық практикада, публицистикада кең таралды. Бірақ ақша - тарихи категория, ол өзінің дамуында әр түрлі трансформацияларға - қарапайым нысандардан күрделі, кәміл, қазіргі түрленімдерге ұшырады. Осы дамуда ақша жаңа сапалы нысандарға ие болды, бұл нысандарға қаржы да жатады.

Бүгінде «қаржы» терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге жазып қоюға болады.

Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының табыстары туралы») алғашқы авторы Ксенофонт (б. э. д. 430-365 жж. ) болды.

Аристотельдің (б. э. д. 384-322 жж. ) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қатынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрініп білінеді. Экономикалық категориялар - бұл біртекті экономикалық қатынастардың көрінісі, олар экономикалық өмірдің белгілі жағын сипаттайды жене абстрактты, талдап қорытылған түрде көрінеді: олрға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, пайда жене т. б.

Құндық категориялардың жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді.

Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.

Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы құбылысын қараудан оның мәнін - оның болмысының барлық сан алуан нысандарының бірлігінде көрінетін предметінің ішкі мазмұнын зерттеуге көшу қажет. Бұл ретте зерттеу предметінің бейнесі оның сыртқы және ішкі қасиеттерінің өзара байланысында елестетілуі мүмкін. Қоғамда адамдардың, олардың топтарының (ұжымдарының) қызметі қатынастарда , яғни белгілі бір мүдделердің негізіндегі өзара байланыстарда, тиісті қажеттіліктерді бейнелеп көрсететін осындай мүдделерді қанағаттандыруда қалыптасады.

Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақшалай қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал бұл қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіріктіріледі (1. 1 сызбаны қараңыз) . Бұдан қаржылық қатынастар - өндірістік қатынастардың бір бөлігі , яғни базистік қатынастар болып табылады деуге болады.

  1. сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
Жалпы қоғамдық қатынастарӨндірістік қатынастарЭкономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:

Жалпы қоғамдық қатынастар

:
Өндірістік қатынастарЭкономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:

Өндірістік қатынастар

:
Экономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:

Экономикалық қатынастар

:
Ақшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:

Ақшалай қатынастар

:
:
Қаржылық қатынастар: Қаржылық қатынастар
Салықтық: Салықтық
Бюджеттік: Бюджеттік
Мемлекеттік-кредиттік: Мемлекеттік-кредиттік
Ішкішаруашылықтық: Ішкішаруашылықтық
Шаруашылықаралық: Шаруашылықаралық
Үйшаруашылықтарының: Үйшаруашылықтарының
Сыртқы экономикалық: Сыртқы экономикалық
Жалпы қоғамдық қатынастарӨндірістік қатынастарЭкономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Жалпы қоғамдық қатынастарӨндірістік қатынастарЭкономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Жалпы қоғамдық қатынастарӨндірістік қатынастарЭкономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Жалпы қоғамдық қатынастарӨндірістік қатынастарЭкономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Жалпы қоғамдық қатынастарӨндірістік қатынастарЭкономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Өндірістік қатынастарЭкономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Экономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Ақшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Қаржылық қатынастар:
Салықтық:
Бюджеттік:

Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде - ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады. Кез келген экономикалық субъект басқа субъектке талаптар қоюы сияқты оның оған міндеттемелері де болуы мүмкін.

Өндірістік қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қоғамдық өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде қалыптасады, бұл тауарлар, игіліктер және қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның (фазаның) өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті сипаттайды. Ұдайы өндіріс стадиялары қоғамдық өндіріс үдерісінің қатысушылары арасында тауарлық қатынастардың болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Бұл ретте материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.

Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Қаржылық мониторингі қағидаттары
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
Мемлекеттік жекешелендіру – нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі
Қаржылық құқықтың сипаттамасы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамның қаржыларын ұйымдастыруының теориялық аспектілері
Сақтандыру рыногінің құрылымы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz