Шыны майлар мен майға ұқсас заттар


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Республика флорасында дәрілік өсімдіктер көп болса да, оның зерттелу деңгейі ғылыми тұрғыдан әлі жеткіліксіз, яғни әрбір өсімдік түрлерінің биологиялық жан-жақты зерттелуі қамтылмаған. Нақтылай алғанда жекелеген дәрілік өсімдік түрлерінің онтогенездік, биоморфологиялық және онтогенездік, анатомиялық зерттелуі Қазақстанда біршама төмен.
Жалпы биологиялық заңдылықтар бойынша өсімдіктер мен жануарлар клеткасының құрылымдық, тіршіліктік ұқсастығы бірдей, яғни олардың ағзасы органикалық әлемді болғандықтан, өсімдіктегі биоактивті заттармен адам ауруларын табысты емдеуге болады.
Ресми медицинадағы табиғаты синтетикалық - химиялық препараттардың өндірістік технологиясы мейлінше күрделі және экономиялық тұрғыдан ел қаржысына ауырлық түсіреді де, даярлау уақыты ұзақ болады. Ал қазір Республикамызға қажетті дәрілік препараттардың тоқсан пайызы жақын және алыс шетелдерден сатып алынады. Әрине бұл елдің қыруар қаржы екендігі белгілі. Міне осыған байланысты ел Президентінің арнайы тапсырмасымен және Республика өкіметінің нұсқауымен, бұл салаға біршама қаржы бөлініп, «Отандық медициналық мекемелерді дәрілермен қамтамасыз етуді қарастырып, оның фитопрепараттарын өндіріске енгізу» бағдарламасын бекітіп, оның бас мекемесін Республика Ғылым Академиясының Фитохимия институты етіп тағайындады. Сондықтан еліміздің фармацевтикалық өндірісіне дәрілік препараттарды табиғи немесе екпе өсімдіктер шикізатынан өндіру аса тиімді.
Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да өзіндік маңызын әлі күнге жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оны қолдау пайдалы екендігі анықталып, оның құндылығы артып келеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын препараттарға дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрілерге сұраныс көп деуге толық болады. Соған байланысты дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамын, морфологиялық және анатомиялық құрылымын зерттеу өзекті мәселе. Өйткені өсімдіктің құрылымдық ерекшеліктерін толығырақ білу олардың морфофизиологиялық критерияларын анатомиялық критерияларымен толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол мәліметтер өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін толығырақ біліп тиімді пайдалануға және қажетті дәрілік өсімдіктерді ғылыми тұрғыдан жерсіндіруге мүмкіншілік береді.
Қазақстан флорасының дәрілік өсімдіктер қорын қазіргідей дәрі-дәрмек тапшылығы айқын сезілген кезеңде медицинада толық пайдалану үшін олардың жаңа түрлерін өндіріске енгізу аса тиімді болар еді. Ал бұл өз кезегінде оларды морфологиялық, анатомиялық және онтогенездік тұрғыдан жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Осы мақсатпен кәдімгі түймешетен өсімдігін екпе жағдайда өсіріп, онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін анықтау маңызды жұмыстардың бірі болар деп ойлаймын.
Бұл жұмыс ботаника және экология кафедрасының аспиранты Н. И. Дуйсенованың «Asteraceae тұқымдасы кейбір дәрілік түрлерінің вегетативтік мүшелерінің морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктері және фитохимиясы» диссертациялық жұмысынан алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Tanacetum туысы кәдімгі түймешетен дәрілік түрінің онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін анықтау.
Мақсатқа жету үшін алға қойылған негізгі міндеттер:
● Кәдімгі түймешетен (Tanacetum vulgare L. ) өсімдігін екпе жағдайда өсіріп, онтогенезіндегі морфологиялық құрылысын сипаттау.
● Зерттеуге алынған өсімдіктің онтогенезіндегі анатомиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысанасы мен заты. Зерттеу нысанасы Asteraceae тұқымдасы Tanacetum туысының кәдімгі түймешетен (Tanacetum vulgare L. ) дәрілік түрі. Зерттеу заты өсімдіктің онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктері.
Ғылыми жаңалығы
- Кәдімгі түймешетен(Tanacetum vulgare L. ) дәрілік түрінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық ерекшеліктері анықталды;
- Кәдімгі түймешетен(Tanacetum vulgare L. ) өсімдігінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің анатомиялық құрылыс ерекшеліктері анықталды;
Практикалық құндылығы
Кәдімгі түймешетен өсімдігін екпе жағдайда өсіру табиғи қорының азаюының алдын алса, ал онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін анықтау осы өсімдіктің ботаникалық сипаттамасын толықтырып, медицинада фармацевтикалық шикізатты анықтап талдауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың сыннан өтуі.
Бітіру жұмысындағы зерттеу нәтижелері «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІІ Халықаралық конгресінде талқыланды (Алматы, 28-29 сәуір, 2008 ж) .
Бітіру жұмысының құрылымы және көлемі.
Бітіру жұмысы Microsoft Windows xp 2000 жүйесіндегі компьютерде теріліп, 43 бет көлемінде жазылған, кіріспе, 4 бөлім, қорытынды, 12 суреттен, 4 кестеден тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны - 52
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
- Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы шолу
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін [1] . Қазақстан Республикасы территориясында алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 130 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады.
Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалған препараттардың адам денсаулығы үшін өте жоғары бағаланатыны белгілі, соның нәтижесінде бұл күнде фитотеропия айтарлықтай дамып отыр. Дәрілік өсімдіктерді зерттеп емдік қасиеттерін анықтап, таныстыру ісінде Республикада бір қатар жұмыстар атқарылуда. Бұл мақсатта медициналық институттың фармакология кафедрасы, Ботаника институты, фитохимия институты Қазақ Ұлттық Университетінің «Органикалық химия және Табиғи қосылыстар химиясы», «Ботаника» кафедрасы және басқа да ғылыми зерттеу институттары үлкен еңбек етуде.
Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жоғалып барады. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қоюды ғана емес, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.
Дәрілік өсімдіктер - қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілер алатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Олардан 40 %-ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Адамдардың ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.
Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %-ға дейін, ал бауыр және асқазан-ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды [2] . Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктерді іздестіруде.
Қазақстан флорасында кездесетін дәрілік өсімдіктерді шартты түрде 4 топқа бөлуге болады [3] .
1) Мемлекеттік фармакопея комитеті пайдалануға ресми түрде рұқсат берген түрлер.
2) Химиялық құрамы және клиникалық қасиеттері белгілі дәрежеге дейін зерттелген келешегі бар түрлер.
3) Халықтық медицинада қолданылатын түрлер.
4) Фольклорда кездесетін түрлер.
Осы 4 топтың алғашқы екі тобына жатқызатын дәрілік өсімдіктер саны 204 шамасында [4] .
Ал Қазақстан Республикасы халықтары (әртүрлі этникалық топтарды қосқанда) тіршілігінде халықтық медицинада пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер саны 700 ден асады [5] .
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы Ресейде: «Әртүрлі аурудың шипасы өседі, - дейді. Атақты ойшыл, шығыс дәрігері Ибн-Сина (Авиценна) . «Медициналық ғылымның Каноны» деген еңбегінде: «Дәрігердің 3 қаруы бар - сөз, өсімдік, пышақ, » деп жазады [6] .
Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерді зерттеумен көптеген ғалымдар айналысуда.
Қазақстанда 700-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрлері бар. Олар әртүрлі препараттарды алу үшін маңызды шикізат көзі болып табылады. Олардың құрамында: алкалоидтар, гликозидтер, сапониндер, илік заттар, эфир майы және т. б. заттар бар.
Бұл заттардың көпшілігі мысалы, алкалоидтар және гликозидтердің көп дозасы улы, бірақ организмге қолданылатын аз мөлшерінің (0, 01 және одан да аз ) емдік қасиеті бар [7] .
Академик Н. В. Павловтың басқаруымен Қазақстанда пайдалы өсімдіктер тексеріліп еңбектері жарыққа шықты, онда өсімдіктердің қасиеттері туралы жан-жақты айтылған [8] .
ХХ ғасырдың басында адамдардың дәрі ретінде қолданылатын заттарының 80 % дәрілік өсімдіктерден алынған болса, оларды бірте-бірте синтетикалық әдіспен алынған заттар антибиотиктер және гормональды препараттар ығыстырады. Бірақта ғылым мен техниканың орасан жетістіктеріне байланысты синтетикалық әдіспен көптеген дәрілер алынғанына қарамай өсімдіктерден алынған табиғи дәрілік препараттардың ғылыми медицинада алатын орны ерекше [9] .
Дәрілік қасиеті бар биологиялық белсенді заттар өсімдікте әртүрлі мүшелерінде белгілі бір даму кезеңдерінде жинақталады.
Әртүрлі дәрілік өсімдіктерде шипалық әсер етуші заттары өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде жинақталады: тамырында, тамырсабағында, тек жапырағында, гүлдерінде және тіпті күлтелерінде сондай-ақ қабығында да жинақталады. Сондықтан дәрілік өсімдіктердің әртүрлі мүшелерін жинау және кептіру өздерінің ерекшеліктеріне қарай жасалады. Мұны әсіресе дайындау кезінде ескеру қажет. Сол сияқты жинау мерзімін ескерген жөн, өсімдіктердің әртүрлі мүшелеріндегі дәрілік қажеті бар биоактивті заттардың орналасуы бірдей емес және бұл заттардың әсері даму фазасына байланысты күшті өзгереді.
Әдеби мәліметтер бойынша Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер түрлерінің саны - 171 [10], қосымша талдау жасау нәтижесінде дәрілік өсімдіктер санын 216 жеткізуге болатындығы көрсетілген. Күрделігүлділер тұқымдасының Қазақстан флорасында 148 туысы, 879 түрі өседі [11] .
Республика флорасында кездесетін күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің дәрілік қасиеті бар 2, 7% іс жүзінде емдеу саласында қолданылады [12] . Демек, бұл Республикада қазіргідей дәрілік препараттар тапшылығы айқын жағдайда аталмыш тұқымдас түрлері биологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе екендігін көрсетеді.
Өсімдікте синтезделетін шипалық қасиеті бар фармакологиялық белсенді заттар (сапониндер, алкалоидтар, гликозиттер, шайырлар, шыны майлар, қанттар, крахмал, көмірсулар, шырышты-сілемейлер және т. б) негізінен оның вегетативтік және генеративтік мүшелерінде (тамырында, сабағында, жапырағында, гүлінде және жемістерінде), сонымен қатар қабық пен өзек паренхимасында жинақталады.
М. К. Көкеновтың және басқа зерттеушілердің монографияларында [10] тікелей емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктерінің 176 түрі, ал Н. М. Мухитдинов және басқалар еңбектерінде қосымша тағы да 40 түрдей келтірілген. Демек, Республикамызда қазіргі кезде емге қолданатын дәрілік өсімдіктердің жалпы саны 216 деп қарастыруға болады [6; 12; 13] .
Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының басты міндетінің бірі-сыртқы формасының және олардың ішкі құрылысының даму заңдылықтарын айқындау. Соңғы жылдары баспадан шыққан көптеген өсімдіктер морфогенезіне, жекелей алғанда шөптесін дәрілік түрлерге араналған жұмыстардың арасында оның тек сыртқы құрылымының дамуы ғана емес сонымен қатар олардың анатомиялық ерекшеліктерін қамтитын зерттеулер тым аз.
Левина Р. Е өсімдіктердің тұқымымен көбею биологиясының ботаникадағы аса маңызды түйінді мәселе екендігіне шолу жасаған мақаласында [14] тұқыммен көбеюдің ерекшелігінің, гүлдену мен жемістенудің биологиясын, тұқымдардың таралуына тұқымдар физиологиясын өсімдіктердің әр түрлі жемістілігін тұқымның ұрықтанбай дамуын, тұқыммен көбею биологиясының, оның бір тұтастығының теориялық және практикалық маңызындағы түйінді мәселелердің мәнін қарастырған.
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерді зерттеуге М. К. Кукенов, Р. А. Егеубаева [15-17] үлкен үлес қосты. Ғалымдар күрделігүлділер тұқымдасының біршама түрлерінің биологиялық, фитоценоздық құрылымды ерекшеліктерімен қоса олардың интродукциясын, табиғи қорын анықтаған.
Р. Е. Егеубаева Қазақстан флорасынан 500 өсімдік түрінің эфир майлы екендігін, оның күрделігүлділер үлесінде 41 туысы 79 түрі болатындығын анықтаған. Тұқымдас түрлеріндегі эфир майының ең жоғарғы көрсеткіші (1 % жоғары абс-құрғақ заты) жусанның 8, ал мыңжапырақтың 2 түрінде екендігін келтірген. Эфир майлы өсімдіктер Жоңғар, Батыс Тянь-Шань тау жүйелерінде көп өсетіндігін, түрлі әр алуандылығының ең көбі Балқаш - Алакөл шөлді - жазықтық аймағында болатындығын және олардың тіршілік формаларының 41, 8% көпжылдық, 15, 9% бір-екі жылдық шөптесін, жартылай бұталы өсімдіктер екендігін анықтаған [17] .
Денсаулық сақтау мен медицина ғылымының дамуы көбінесе емдік-профилактикалық мекемелердің қазіргі заманға сай тиімді әсерлі дәрілік заттармен қамтамасыз етілумен анықталады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын препараттардың ішінде өсімдік шикізатынан алынатын дәрілер маңызды орын алады. Өсімдіктерден перепараттарды алу мен дәрілік өсімдіктердің табиғатта сақталуының тұрақты шикізаттық базасын жасаудың бір жолы бұл өсімдіктерді мәдени түрде өсіру болып табылады. Сондықтан интродукциялық жұмыстар жүргізу, сонымен қатар маңыздылығы жоғары өсімдіктерді фитохимиялық және фармокологиялық зерттеу, жергілікті флора түрлерінің ішінен дәрілік өсімдіктердің жаңа түрлерін іздеу және мәдени түрде өсіру жұмыстарын жүргізу бүгінгі күнде өте өзекті мәселе.
1. 2 Алынған зерзаттың - Tanacetum vulgare L. дәрілік өсімдігінің ботаникалық зерттелуі және құрамындағы биологиялық белсенді заттары
Tanacetum vulgare L. - биіктігі 30-150 см жететін күрделігүлділер тұқымдасының көпжылдық шөптесін өсімдігі. Сабағы тік, жоғарғы бөлігі бұтақтанған. Жапырақтары кең жұмыртқа тәрізді, қауырсынды салалы, сабаққа кезектесе орналасады және жапырақ тақтасын ысқыласа өткір иіс бөлінеді. Түтік тәрізді сары, ұсақ гүлдері қалың қалқанша тәрізді себет түзіп сабақтың ұшына жиналады. Шілде - қазан айларында гүлдейді. Орманды және далалы аймақтарда, өзен аңғарлары мен жағалауларында, тау, төбе бөктерлерінде, жол жиектерінде, егістіктерде арамшөп түрінде өседі. Қазақстанның оңтүстік шөлдерінен басқа өңірлерінде кездеседі. Түймешетен туысының бұрынғы одақта 34, Қазақстанда 17 түрі таралған [11, 18] .
Емдік мақсатта гүлдеудің алғашқы кезеңіндегі гүлсағақсыз себеттерін жинайды.
Халық медиинасында кәдімгі түймешетенді көптеген ауруларды емдеу үшін кең қолданады. Гүл шоғыры ертеден бауыр, өт жолдары, ішек-асқазан ауруларын емдейтін, ішек құрттарын айдайтын дәрі болып есептеледі. Халық арасында түймешетен препараттарын қызбаға қарсы, жүрек демікпесіне, бас сақинасына, буынның сырқырауы, геморрой ауруларымен ауырғанда, ыстықты басып тер айдайтын, одан басқа қан ағуын тоқтату, қояншық, сарыауру, безгек ауруларына пайдаланады. Тұндырмасымен компресс және булау арқылы буынның қабынуын, буын шығу, соғып алу ауруларына, ал гүлі, жапырағы, бұтағы жәндіктерді құртуға қолданады /12/.
Осындай көптеген түрлі аурулардың емі болған түймешетен дәрілік өсімдігінің сырын ашу үшін ғалымдар жан-жақты зерттеді.
Алғаш рет Кемеров облысында эмиссионды спектрлік анализ әдісі арқылы түймешетеннің жер үсті бөлігінен 26 түрлі және жер асты бөлігінен 25 элемент бөлініп алынды. Бұл бөлініп алынған 26 түрлі элементтер өсімдіктің өскен ортасы топырағында кездесетіндігін және олардың өсімдіктің әр мүшелерінде топырақтың құрылымына қарай әртүрлі болатындығы анықталған [19] .
Ресейдің солтүстік Европа бөліктерінде өсірілген T. vulgare тамырын, өркенін және гүлшоғырын 0, 75% аммоний оксалатының судағы ерітіндісіне салып, мынадай полисахаридтер: TVF, TVS және TVR танацетаны бөлініп алынды. TVF танацетан құрамында D-галактурон қышқылы (61, 4%), арабиноза (14, 7%), галактоза (10, 2%), рамноза (3, 7%), глюкоза, ксилоза көмірсу тізбектері болады. Ал TVS және TVR танацетандары моносахаридтердің құрамына, мөлшеріне, және 67 - 28 пайыздық галактурон қышқылдарымен ажыратылады. Қышқылдық гидролиз нәтижесінде TVF танацетанынан α-1, 4-D-галактуронан (құрамында GalA 98, 2%) тұратын TVF1 полисахаридті фрагмент бөлініп алынды [20, 21] .
Сол сияқты Варшава өңірінде жай (оптимальды) әдістер арқылы бірнеше дәрілік өсімдіктерді, соның ішінде түймешетен гүлінінің химиялық құрамын зерттеу кезінде 90 пайызға дейін май бөлініп алынды. Бұл алынған мәліметтер өсімдік құрамында туйон хемотипі бар екендігін дәлелдейді. Қолданылған бірнеше әдістердің ішінен, мысалы флавоноидтарды анықтауда ең тиімдісі метил спиртімен экстрагендеу болса, түймешетен сығындысына Staphyllococcus aurues әсер еткенде биологиялық активтілік көрсеткен [22]
Кәдімгі түймешетенді екпе жағдайында өсіру мол әрі жоғары сапалы шикізат береді. Шығыс Қазақстанның ауылшаруашылық ғылыми зерттеу институтында 2, 1 пайыз шымтезекті, азот, фосфор, калий элементтерімен байытылған ашық қоңыр топыраққа күзде, қыстың басында, ерте және жай көктемде 30, 45, 60 және 90 см қашықтықтан жүлге дайындап егілді. Нәтижесінде көктемде себілген тұқымдар жақсы өніп, біртегіс өскіндер пайда болды. алғашқыда өсу жай басталады, бірақ тамыр жүйесі жақсы жетіледі. Артынан жер үсті фитомассасы бутонизация тіршілік күйіне дейін тез дамып, одан кейін бәсеңдейді. Негізгі күтім арамшөптерден арылтып, суару. Ең жоғары өнім бергені 60 см жүлгеге себілген тұқымдар. Себебі бұл жүлге аралығы топырақты өңдеуге, күтім жасауға және өнімді жинауда өте қолайлы [23] .
Ал енді бір ғалымдар екпе жағдайындағы кәдімгі түймешетен өркендеріне цефотаксим, рифампицин және гентамицин сияқты үш түрлі антибиотиктермен әсер еткен. Бұл антибиотиктер өсімдік өркеніндегі эндофиттік бактериялардың өсуін баяулатады, сонымен қатар антибиотиктер концентрациясы өстік мүшелерге әсер ететіндігі анықталды. Мысалы, гентамицин-цефотаксимді ортамен салыстырғанда гентамицин және рифампиционды ортада өркендердің ұзындығы мен өсуі қатты бәсеңдегені зерттелді [24] .
Бұл өсімдікке көп назар аударылуының себебі құрамындағы бағалы химиялық қосылыстарына байланысты. Түймешетен құрамында илік заттар, танацет, галус, басқа органикалық қышқылдар, минералды заттар, қант, шайыр (камедь), хлорофилл, бояулық және сығынды заттар, флавондар-гликозид, шыны майлар, алкалоидтар, ащы заттар-танацетин, эфир майы - оның негізін 70% дейін кетон, туйон құрайды. Сол себепті өте улы. Туйоннан басқа борнеол, пинен, камфора бар екені анықталды. Себет гүл шоғырында - флавоноидтар (лютеолин, кверцетин), илік және ащы заттар бар.
Эфир майлары - күрделі әртүрлі үшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тән болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркәсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0, 001%-тен 20%-ке дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция әдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда және басқа органикалық еріткіштерде ериді. Эфир майының химиялық құрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі-түрлі әсерін тигізеді. Микробтарға және түйілуге қарсы дәрі, жүрек жұмысын жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.
Гликозидтер. Өсімдік бөліктерінде болатын күрделі органикалық заттар. Оладың қантты және қантсыз бөліктері бар. Фермент қышқылдар арқылы және қайнатқанда қантқа (глюкоза, фруктоза т. б. ) және қантсыз бөлігіне (агликон) ыдырайды. Таза түрінде кристалл тәрізді ащы зат, суда өте жақсы ериді, бірақ спиртте ерімейді, көбісі улы. Гликозидтермен әртүрлі ауруларды емдеу агликонның химиялық құрамы мүмкіндігіне байланысты. Қазір жүрек гликозидтерін көп пайдаланып жүр. Сақ болу керек, олар өте улы. Тек дәрігерлер бақылауымен ғана емделген жөн. Гликозидтер табиғатына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Солардың бірі флавоноидтар мен кумариндер.
Флавоноидтар - барлық флаваноидтар негізінен флавон деген қосылысқа жатады. Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структураға қарай, сонымен бірге оның тотығу дәрежесіне байланысты барлық флавоноидтар бірнеше негізгі топтарға бөлінеді; 1) Катехиндер; 2) Лейкоантоцианидтер; 3) Антоцианидиндер; 4) Флавоноидтар; 5) Флавонолдар-3; 6) Флавондар және флавонолдар; 7) Халкондар және дигидрохохалкондар; 8) Аурондар; 9) Изофлавондар. Флавоноидтар өздерінше бос күйінде де, немесе гликозидтер түрінде де (катехиндерден басқасы) кездеседі. Көміртекті бөлігі ретінде моно-, ди- және трисахаридтер болуы мүмкін. Моносахаридтерден кәдімгі өсімдіктерде болатын қанттар: Д-глюкоза, Д-галактоза, L-рамноза, L- арабиноза болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz