Операциялық жүйелердің көбісінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Windows ХР операцялық жүйесі 2001 жылдың 25 қарашасында жарыққа шықты.
Бұл қазіргі кезге дейінгі Microsoft корпорациясы шығарған, жалпы қолданысқа
арналған соңғы операниялық жүйе. Ол негізгі үш версияда шығарылады:
● Windows ХР Professional;
● Windows ХР Ноme Edition;
● Windows ХР 64-bit Edition.
Сондай-ақ, косымша екі версияда: Media Сеntег Edition және ТаbletPC
Edition. Windows ХР операциялық жүйесі екі жүйелер тобының: сенімді Windows
2000 мен халыктық Windows МЕ операциялық жүйелерінің ең жақсы жақтарын өз
бойына сіңіре отырып, Windows-тың 9x - үйге арналған және NT - кәсіпқой
мамандарға арналған линейкаларды біріктірді. Алдынғы операциялық жүйелерге
арналған программалармен сәйкестігі іске асырылды. Басты өзгерістерге
интерфесті атап өтуге болады. Сонымен қатар, модификацияланған NTFS 5.0
файлдық жүйесін және шифрлеуші файлдық жүйесін қолдану арқылы ақпаратты
қорғауға болады.

1 Windows ХР операциялық жүйесін орнату

1.1 Windows ХР операциялық жүйесін жаңадан орнату

1.1.1 Жүктеуші компакт-дискіден орнату

Егер сіздің қолыңызда Windows ХР дистибутивті компакт-дискісі болса,
онда осы дискіден орнатуға болады. Бұл жағдайда компьютер қосылғанда Delete
пернесін баса отырып оның BIOS-на кіру керек. Оның ішінде First Boot
ретінде СD-RОМ-ды көрсету керек. Осы амалдар орындалған жағдайда жүктеуші
дискіден Setup программасы Windows ХР операциялық жүйесін орнатуын
бастайды. Оған себепші

Орнату программасы сіздің компьютеріңіздің аппаратты үйлесімділігін
тексеруде ...

(Setup is inspecting your computer’s hardware configuration ...)

Setup программасы экранға қолданушы оқуға тиіс Лицензиялық келісімді
(License Agreement) шығарады. Егер қолданушы лицензиялық келісім шартымен
келіспеген жағдайда Еsc пернесін баса отырып, Setup программасының
жұмысын тоқтатады. Әрі қарай Setup бұрын орнатылған Windows ХР операциялық
жүйесін іздейді. Егер табылған жағдайда Setup программасы келесі нұсқаларды
ұсынады: егер орнатылған операциялық жүйе болса, онда оны жаңартуды
ұсынады, жаңадан орнату немесе операциялық жүйені орнатуды тоқтату. Егер
Windows ХР операциялық жүйенінің орнатылған нұсқалары табылмаса немесе жаңа
орнатылу таңдалған жағдайда. Setup программасы қатты дискіде бар
бөлімдердің тізімін шығарады. Қолданушыға бөлімдер тізімінен операциялық
жүйені орнату үшін бөлім таңдауын немесе бос кеңістік табылған жағдайда,
оны жаңа бөлімге айналдыру ұсынады. Егер бөлімдердің бірі таңдалған
жағдайда, Setup программасы қолданушыға келесі нұсқамаларды ұсынады:
• ҒАТ32 файлдық жүйесін
пайдалана отырып бөлімді форматтау
• NTFS файлдық жүйесін пайдалана отырып бөлімді форматтау
• Бөлімнің файлдық жүйесін NTFS форматына айналдыру
• Бөлімнің файлдық жүйесін өзгеріссіз қалдыру
Қайтадан құрылған бөлімдер міндетті түрде форматталады және осы
жағдайда қолданушы файлдық жүйені таңдауға мүмкіндік алады. Егер бөлімді
NTFS форматына айналдыру таңдалса, онда ол іс жүзінде келесі рет
жүктелгенде айналады. Әрі қарай Setup программасы жүйедегі дискілерді
тексеруді орындайды. Одан кейін аяқтаушы, яғни графиктік фазаға қажетті
файлдарды қатты дискіге көшіреді. Файлдарды көшіру таңдамалы түрде,
компьютердің аппараттық кұралдарын тану арқылы алынған мәліметтерге сәйкес
жүргізіледі. Керекті файлдарды көшіріп болғаннан кейін Setup программасы
компьютерді қайта тиейді. Содан кейін орнатылудың графиктік
фазасы басталады.

1.1.2 Winnt және Winnt32 программаларының көмегімен орнату

Компьютерді компакт-дискінің көмегімен тиеу мүмкін болмаса және
Windows ХР-ді бірінші операциялык жүйе ретінде бос қатты дискіге орнату
керек болса, онда:
1. Windows 98 немесе Windows МЕ жүктеуші дискетасын дайындап, оның
файлдарына Smartdrv.ехе және Fdisk.exe файлдарын қоса көшіру керек.
2. Осы дискетаның көмегімен компьютерді жүктеп, командалық жол пайда
болған соң, fdisk командасының көмегімен қатты дискіде бір немесе бірнеше
бөлім кұру керек.
3. Жүктеуші дискетаның көмегімен компьютерді қайта жүктеп,
командалық жолда format: командасының көмегімен ең болмағанда
бір бөлімді (бірнеше бөлім құрылған жағдайда) форматтау керек
(көбінесе - С:\).
4. Форматталу аяқталған соң sys С:\ командасын беру керек.
5. Командалық жолдан Smart Drive командасын жіберу керек. Содан соң
компакт-дискідегі I386 каталогіне көшіп, сондағы Winnt.ехе программасын
қосу керек. Windows ХР операциялық жүйесін орнату процедурасы басталды.

1.2 Windows ХР операциялық жүйесін орнатылған операциялық жүйені жаңарту
арқылы орнату

Егер компьютерде Windows NT Workstation 4.0Windows 2000 Professional
операциялық жүйелері орнатылған болса, онда жаңарту қиындық тудырмау керек.
Бұл олардың архитектураларындағы, жүйелік реестрлерінің құрылымындағы,
файлдық жүйелерді қолдауы мен қауіпсіздік концепциясындағы ұқсастықтарына
байланысты.
Егер де компьютерде Windows 98 немесе Windows МЕ операциялық
жүйелерінің бірі орнатылған жағдайда, алдын ала қолданылған программалардың
Windows ХР операциялық жүйесімен сәйкестігін тексерген жөн. Бұған себеп екі
операциялық жүйелердің жүйелік реестрлер құрылымының әртүрлігі. Мұнымен
қатар жаңарту процедурасын Windows 98МЕ операциялық жүйелерінде
қолданылған құралдардың драйверлерін Windows ХР-ге көшіреді. Windows 9598
операциялық жүйелерінде қолданылған 16-разрядты ескі драйверлер, Windows ХР
қолдамайтын VxD моделінде негізделген. Кең тараған құралдардың драйверлері
Windows ХР дистрибутивті компакт-дискісіне енгізілген. Орнатуды
жалғастыруға керекті құралдың драйвері болмай қалуы мүмкін. Бұл жағдайда
Setup программасы керекті драйвер алынғанша жаңарту процедурасын тоқтатады.
Осындай қиыншылыққа кездеспеу үшін келесілерді орындаған жөн:
1. Жаңарту керек операциялық жүйенің басқаруында компьютерді қосып,
CD-ROM-ға дистрибутивті компакт-дискіні салу керек. Windows XP Setup

программасы автоматты түрде қосылады.
2. Пайда болған Windows XP Setup-қа қош келдіңіз (Welcome to Windows XP
Setup) терезесін Жүйенің сәикестігін тексеру (Check system compatibility)
операциясын, содан кейін Жүйені автоматты түрде тексеру (Check system
automatically) опциясын таңдау керек.

1-сурет – Welcome to Windows XP Setup терезесі.

2-сурет – Check system compatibility терезесі.
3. Жүйені Windows ХР операциялық жүйесімен сәйкестікке тестілеу
операциялық жүйені Windows ХР-ге дейін дұрыс жаңартуға кедергісін
тигізетін барлық факторларды, сондай-ақ орнату кезінде немесе орнату
аяқталғаннан кейін қателіктер туғызатын сәйкес емес компоненттерді
анықтауға өз септігін тигізеді.
Келесі орындалатын операциялар Орнатылған Windows 98МЕ операциялық
жүйесімен қатар орнату бөлімінде қарастырылып өтетін операцияларға тән
болып келеді. Бір айырмашылығы, орнатылған типін таңдау терезесінде жаңарту
деп белгілеу керек. Бұл кезең біткен соң орнатылудың графиктік фазасы (GUI
phase). басталады.

3-сурет – Орнатылым типін таңдау терезесі.

1.3 Windows ХР операциялық жүйесін басқа операциялық жүйелермен қатар
орнату

1.3.1 Орнатылған Windows 98МЕ операциялық жүйесімен қатар орнату

Егер компьютерге Windows 98 немесе Windows МЕ операциялық жүйелерінің
бірі орнатылған болса, онда Windows ХР ОЖ-ін компьютерге орнату жеңіл
болады. Бірақ бұл операциялық жүйелерді қатты дискінің бір бөліміне
орнатуға болмайды. Қатты дискіні Windows 98 немесе Windows МЕ жүктеуші
дискеталарымен компьютерді тиеп, оның командалық жолында fdisk комаңдасын
теріп бөлімдерге бөлуге болады. Бірақ бұл жолмен бөлінген қатты дискінің
бөлімдері міндетті түрде форматталуы керек. Сондықтан, бұл жол тиімсіз.
Қатты дискіні бөлімдерге бөлу үшін Power Quest компаниясының Partition
Magic v8.0 программасын қолданған тиімді. Өйткені, бұл программа қатты
дискідегі бөлімдерді ондағы жазылған ақпараттарды өшірмей, көлемін
өзгертеді, бөледі, біріктіреді және конвертациялайды.
Partition Magic v8.0 программасының көмегімен бөлімдерге бөлгеннен соң,
бөлімдердің файлдық жүйесін тандау керек.

4-сурет – Partition Magic v8.0 программасы.

1 кесте.
Файылдық жүйелердің сәйкестік
кестесі.
Операциялық жүйелер Қолданылатын файылдық жүйелер
FAT16 FAT32 NTFS
MS-DOS ○ – –
Windows 3.1x ○ –
Windows 95 ○ – –
Windows 95 OSR2 ○ – –
Windows 98, Windows ○
98SE ○ –
Windows ME ○ ○ –
Windows NT ○ ○ ○
Windows 2000 ○ – ○
Windows Xp ○ ○ ○


Жоғарыдағы кестеге қарасақ, онда Windows 9хМЕ операциялық жүйелері
NTFS файлдық жүйесін қолдана алмайтынын көреміз. Егер Windows 9хМЕ
операциялық жүйелерінің бірін қолданып отырғанда Windows ХР ОЖ орнатылған
бөлімді де қолдану керек болса, онда бөлім FАТ32 файлдық жүйесін қамтуы
керек. Қатты диск екі немесе бірнеше бөлімдерге бөлініп, олардың файлдық
жүйелерін айқындағаннан кейін Windows ХР ОЖ орнатуға болады. Ол үшін
орнатылған операциялық жүйемен компьютерді тиеп, оның СD-RОМ-на Windows ХР
дистрибутивті дискісін салу керек. Содан соң келесі 5-суреттегі терезе
шығады.
Бұл терезеден Install Windows ХР пернесін басу арқылы winnt32.ехе
программасының көмегіне жүгінеміз. Келесі терезеден орнатылым типін
белгілеуге болады. New Installation (жаңадан орнату) деп белгілеу керек.

5-сурет – Орнатылым типін таңдау терезесі.

Өнім кілтін енгізу. Өнім кілті (Product Кеу) дистрибутивтің
қорапшасында жазылады. Ол бес-бестен бөлінген 25 таңбадан тұратын таңбалар
жиыны. Мысалы: VP3WH-BJVP8-HRY4Y-T7YFJ-G3XQY

6-сурет - Өнім кілтін енгізу терезесі.
Өнім кілтін енгізгеннен кейін келесі Орнатылым параметрі (Setup
Options) терезесі шығады. Онда басты тіл мен тұрған жерді белгілейді.

7-cурет – Орнатылым параметр терезесі.

Сондай-ақ, Қосымша параметрлер... (Advanced Options...) батырмасын
басып, ашылған Қосымша параметрлер... (Advanced Options...)
терезесінен қолданушыға ыңғайлы параметрлер енгізуге болады. Қосымша
параметрлер... (Advanced Options...) терзесінде орнатылатын файлдарды қай
папкадан (Сору installation files from this folder:) және қатты дискідегі
қай папкаға (То this folder on my hard drive:) көшіруге болатынын көрсетуге
болады.

8-сурет - Advanced Options терезесі.

1.3.2 Орнатылған Windows ХР операциялық жүйесімен Windows 98МЕ қатар
орнату
Егер компьютерде Windows ХР операциялық жүйесі орнатылған болса және
оған қоса Windows 98 операциялық жүйесін орнату мақсатымен жүктеуші
дискісін салсақ, келесі хабарлама шығады.

9-сурет – Ескертпе терезесі

Windows 98МЕ операциялық жүйесін орнатқан жағдайда ол жүктемелі
секторды қайта жазады. Жүктемелі секторды қайта жазбау үшін Windows 98МЕ
дистрибутивті комапакт-дискісіндегі МSВАТСН.ІNF файлына өзгеріс енгізу
керек. Ондағы [Satup] бөліміне деп жазу керек.
Windows 98МЕ ОЖ орнатылатын бөлім қатты дискінің бас жағында болуы
керек. Қатты дискіні бөлімдерге бөлу үшін жоғарыда атап өтілген PowerQuest
Partition Magic v8.0 программасын қолданған дұрыс. Windows 98МЕ
операциялық жүйелерін орнатуға арналған бөлім FАТ32 файлдық жүйесін
қолдануға форматталу керек. Содан кейін Windows 98МЕ операциялық жүйесін
орнатуға кірісуге болады.
Орнату операциясы аяқталған соң Windows 98МЕ операциялық жүйесі
орнатылған бөлімдегі Вооt.іnі файлын блокнот программасын арқылы ашып, С:
\=Місrоsoft Windows жолын енгізу керек. Егер де NTLDR өшіп қалса, онда
Windows ХР дистрибутивті компакт-дискісінен қалпына келтіру консолы жүктеп
fixboot командасын жазу керек. Осыған коса bootcfg rebuild командасын
орныдауға болады. Ол табылған барлық операциялық жүйелерді тауып, Вооt.іnі
файлын қайта жазады.

1.4 Графиктік фаза (GUI phase)

Бұл кезеңде компьютерде Windows ХР ОЖ-нің орнатылған, бірақ
үйлесімделмеген көшірмесі тұрады. Бұл кезенде төмендегі тапсырмалар
орындалады:
● Қондырғылар орнатылады және үнлестіріледі.
Қондырғыларды
орнату мен үйлестіру автоматты түрде жүреді және Windows
ХР
Setup Wizard СОМ-порттарды, дәйекті портты, джойстикті,
клавиатураны, тышқанды және т.б. қоса компьютердегі барлық
аппаратты компоненттерді тану үшін барлық мүмкіндігін қолданады.
● Тілдер опциясы мен клавиатура жайылымын орнатады.
● Қолданушыға өз аты мен мекемесін енгізуді ұсынады.
● Компьютердің аты мен администратордың парольін көрсетуді
ұсынады.
● Торлық компоненттерді орнатуды жүргізеді.
Стандартты үйлесім өз құрамына келесі компоненттерді қосады:
Microsoft торлары үшін клиент (Client for Microsoft Networks),
Microsoft торының файлдары мен принтерлерін пайдалану қызметі
(File and Print Sharingfor Microsoft Networks), QoS пакеттерін
жоспарлаушы (QoS Packet Scheduler), сондай-ақ стандартты күйдегі
(ІР-мекенді автоматты белгілеу) Интернет Протоколы (ТСРIР).
● Қолданушыға жұмыс тобына немесе доменге қосылуды ұсынады.
Windows ХР Ноте Edition ОЖ-і орнатылған компьютерлерді доменге
қосуға болмайды, олар тек жұмыс тобының құрамына ғана ене алады,
○ Егер қолданушы өз таңдауына күмән келтірсе, ұсынылған
MSHOМЕ опциясымен келісуіне болады. (Басқа жұмыс тобына немесе
доменге орнатылу аяқталғаннан кейін кез-келген уақытта қосылуға
болады) жұмыс тобына қосылу үшін ешқандай арнайы құқықтын керегі
жоқ. Сондықтан жұмыс тобының жаңа атауын енгізуге, бар жұмыс
тобының біріне қосылуға немесе Setuр программасы ұсынған топтың
атауымен келісуге болады.
● Жүйені үйлесімділікке келтіру мен файлдарды көшіру
аяқталады, Пуск менюінің элементтері кұрылады және компонентті
бекіту орныдалады.
● Орнатылудың аяқталуы
○ жүйенің үйлесімділігі аяқталады
○ орнатылу кезінде пайдаланылған уақытша файлдар
өшіріледі
○ компьютер қайта жүктеледі

2 Файлдық жүйелер

2.1 FАТ16 файлдық жүйесі

ҒАТ16 - көлемі аз және қарапайым кұрылымды каталогтерге арналған
файлдық жүйе. Оның аты файлдарды ұйымдастыруды қолданатын әдістің атынан,
яғни - файлдарды орналастыру кестесі (File Allocation Table, FAT). Бұл
кесте томның басында орналасады. Томды қорғау мақсатында онда FАТ-тың екі
көшірмесі сақталады. FАТ-тың бірінші көшірмесі зақымданғанда диск
утилиталары мысалы (ScanDisk) томды қалпына келтіру үшін екінші көшірмені
қолдана алады. Файлдарды орналастыру кестесі және түпкі каталог жүйені
іске қосу үшін керекті файлдарды дұрыс орналастыру үшін қатаң бекітілген
адрестер бойынша орналасу керек.
FАТ16 құрылысы жағынан кітаптың мазмұнына ұқсайды, яғни операциялық
жүйе оны файлды іздеу және осы файл қатты дискіде орын алатын кластерлерді
анықтау үшін қолданады. Microsoft FАТ-ты дискетадағы файлдарды басқару үшін
жасады. Кейінен оны МS-DOS-та дискілерді басқарудың стандарты ретінде
қолданды. Басында дискеттер және көлемі кішкентай қатты дискілер үшін FАТ-
тың (FАТ12 деп аталды) 12-разрядты версиясы қолданылды. МS-DOS v. 3.0 үшін
көлемі үлкенірек дискілерге арналған FАТ-тың 16-разрядты версиясы
енгізілді. Windows ХР жүйесінде FАТ12 иілгіш дискілер және көлемі 16
Мбайттан аз томдар ғана қолданылады. Мысалы, барлық 3,5-дюймді көлемі 1,44
Мбайт дискілер FАТ16 үшін форматталады, ал барлық 5,25-дюймді - FАТ12.
FАТ16 МS-DOS, Windows З.1х және Windows 9хМЕ оперциялық жүйелерінде
қалай қолданылса, Windows NT2000 операциялық жүйелерінде де солай
қолданылады. Басқа фирмалардың операциялық жүйелерінде қолданылатындықтан,
осы файлдық жүйені қолдану Windows ХР ОЖ-де де енгізілді. Мұнымен қатар
FАТ16 қолдану Windows тектес операциялық жүйелердің ескірек версияларын
жаңартуға мүмкіндік береді.

2.2 FАТ32 файлдық жүйесі

FАТ32 32-разрядты файлдық жүйесі Windows 95 ОSR2 ОЖ-де пайда болды
және Windows 98МЕ және Windows 2000ХР ОЖ қолданылады. Ол енгізушығару
операцияларының өнімділігі мен жылдамдылығын ұлғайтады. FАТ32 көлемі 2
Гбайттан асатын томдарда қолдануға болатын FАТ16-ның жетілдірілген версиясы
болып келеді.
Қазіргі кездегі қолданбалы программалармен, тораптар мен кұрылғылардың
драйверлерімен максимал сәйкес келуі үшін FАТ32-де архитектура мен
мәліметтердің ішкі құрылымына минимум өзгерістер енгізілген. Дискімен жұмыс
істеуге арналған Microsoft-тың барлық утилиттері (Format, Fdisk, Defrag
және ScanDisk) FАТ32-мен жұмыс істеу үшін қайта өңделген.
FАТ32 FАТ-тың алдынғы өнімдеріне қарағанда, келесі артықшылықтарға ие:
● Мөлшері 8 Гбайт болатын дискілерді қолдау. Windows ХР-де енгізілген
Format командасы FАТ32-ні қолдану арқылы мөлшері 32 Гбайттан асатын
томдарды форматтамайтынын атап өткен дұрыс. Осыған байланысты көлемі
32 Гбайттан асатын томадарды форматтағанда ИТFS файлдық жүйесін
колданған жөн. Бірақ Windows ХР операциялық жүйесінің құрамында
кездесетін Fastaft драйвері көлемі 32 Гбайттан асатын FАТ32-нің кез-
келген томдарын қолдануға мүмкіндік береді. Жоғарда атап өтілген шекті
есептемегенде, FАТ32 файлдық жүйесі Windows 95 ОSR2 және Windows 98
операциялық жүйелерінде қалай жұмыс істесе, Windows ХР ОЖ-де де солай
жұмыс істейді.
● Диск кеңістігін тиімдірек шығындау. FАТ32 кішірек кластерлерді
қолданады. Ол FАТ-пен салыстырғанда диск кеңістігін тиімдірек
қолдануын 10-15% арттыруға өз септігін тигізеді.

2 кесте.
FАТ16 және ҒАТ32
мінездемелерін салыстыру.
FАТ16 FАТ32
Операциялық жүйелердің көбісінде Қазіргі кезде тек Windows 98 (және
қолданылады олардың ішінде Ms-DOS, Windows 98 Second Edition), Windows 95
Windows 9xME, Windows NT, OS2 және OSR2, Windows ME және Windows 2000XP
UNIX. операциялық жүйелерде қолданылады.

Мөлшері 256 Мбайттан аспайтын логикалық Мөлшері 32 Мбайттан кем дискіліерде
дискіліер үшін тиімді. қолданылмайды.

Drvspace сияқты утилиталардың көмегімен
дискілерді сығуға мүмкіндік береді. Дискіні сығуды қолданбайды.

Мөлшер бойынша 65 524 кластерге дейін
шек қойылған. Логикалық дискінің
мөлшеріне байланысты әрбір Кластердің максимал мөлшері - 32 Кбайт.
кластербекітілген мөлшер болады. Томдағы кластердің минимал саны – 65
Кластердің саны бойынша шек қойылу және 527. форматталатын дискінің максимал
олардың мөлшері (32 Кбайт) дискінің мөлшері – 32 Гбайт.
мөлшері (2 Гбайттан аз) бойынша ортақ
шек қойылуға алып келеді. Мұнымен қатар
FAT1216-де түпкі каталогте орналасқан
файлдар мен папкалардың санына шек
қойылады.

Дискілердің мөлшері ұлғайған сайын FAT
16-да кластерлердің мөлшері де ұлғаюына Мөлшері 8 Гбайттан аз дискілер үшін
байланысты, мұндай дискілерде файлдарды кластердің мөлшері – 4 Кбайт.
сақтау тиімсіз. Мысал егер де мөлшері 10
Кбайт болатын файл мөлшері 32 Кбайт
болатын кластерде сақталса, онда қалған
22 Кбайт қолданылмайды.

● Жоғарылатылған сеиімділік және программаларды тезірек жүктеу.
FАТ12 және FАТ16-ға қарағанда FАТ32 түпкі каталогті жылжыта алатын және де
бірінші көшірме зақымданғанда, FАТ- тың резервтегі кешірмесін қолдана
алатын мүмкіншлікке ие. Мұнымен қоса, FАТ32-нің жүктемелі секторы FАТ16-мен
салыстырғанда кеңейтілген және аса қажет мәліметтер құрылымының резерв
көшірмесіне ие болады.

2.3 NTFS файлдық жүйесі

Windows (NTFS) файлдық жүйесі FАТ (FАТ16 FАТ32) файлдық жүйелерін
қолданғанда қол жеткізбейтін өнімділікті, сенімділікті және тиімділікті
игеруге мүмкіндік береді. NTFS файлдық жүйесін жасаудағы басты мақсат -
файлдарда орындалатын стандартты операцияларды жылдам орындау және үлкен
дискілерді сығу мен оларды зақымданған файлдарды қалпына келтіру сияқты
қосымша мүмкіншіліктерді игеру. NTFS қолданушының маңызды жеке
мәліметтерінің тұтастығын қамтамасыз етуде өте маңызды рөл атқаратын
артықшылықтарына және мәліметтерге енуді бақылауына көмек бере отырып,
қорғалған сипатқа ие. NTFS папкалары мен файлдары ортақ немесе жекелігіне
қарамастан, оларға тағайындалған ену кұқығына ие болуы мүмкін. NTFS Windows
NТ2000ХР операциялық жүйелерінде жекелеген файлдарға кіруге кұқық
тағайындауға мүмкіндік беретін жалғыз файлдық жүйе. Бірақ, егер файл NTFS
томынан немесе тарауынан FАТ томына немесе тарауьша көшірілсе, NTFS-тің
өзіне тән атрибуты мен барлық кіру құқықтары жойылады. NTFS томы туралы
басты ақпарат тараудың 0 секторынан басталып, 16 секторға дейін ұзындықты
алатын тараудың жүктемелі секторында (Раrtition Boot Sector) болады. Ол екі
құрылымнан тұрады:

1) ВІОS параметрлер блогі. Бұл құрылым томның құрылысы туралы
және файлдық жүйенің құрылысы туралы ақпаратты береді.
2) Компьютерде орнатылған кез-келген операциялық жүйе үшін
файлды қалай табуды және жүктеуді сипаттайтын код. х86
компьютерлерінде орнатылған Windows NT2000ХР жүйелері
үшін бұл код ИТLDR жүктеуін шақырады.

NTFS үшін томды форматтау бірнеше жүйелік файлдар мен басты файлдар
кестесінің (Master File Tabl,MFТ) құрылуына алып кеп соғады. МFТ-тан NTFS
томында орналасқан барлық файлдар мен папкалар туралы ақпаратты табуға
болады.
NTFS - барлық файлдарды атрибутты объект ретінде өңдейтін объектілі-
бағытты файлдық жүйе. Томағы дерлік барлық объектілер файл болып табылады.
Ал файлдағы басқа заттар атрибуттар болып келеді -мәліметтер атрибутты,
қауіпсіздік жүйесі атрибуты, файл атауының атрибутын қосқанда. NTFS
томындағы бос емес сектор қандай-да бір файлдың иелігінде. Файлдың бөлігі
болып файлдық жүйенің метамәліметтері де танылады (файлдық жүйенің өзінің
сипатын берегін ақпарат).

Windows 2000 операциялық жүйесіне NTFS-тің жаңа версиясы - NTFS 5.0
енгізілген болатын. Осы әрекеттің құрамында пайда болған мәліметтердің жаңа
құрылымы Windows 2000 ОЖ-нің өзіндік мүмкіншіліктерін пайдалануға мүмкіндік
береді, мысалы, әрбір қоданушы үшін диск қолдануға квота, өту кестесі
(junction points), файлдарды шифрлеу, орнатылған свойствалар жинағы (native
property sets). Сонымен қатар, NTFS 5.0 томдарына қосымша дискілік
кеңістікті қосуды қайта жүктеусіз жүзеге асыруға болады. Windows ХР бұл
файлдық жүйе үшін айтарлықтай жаңалыктар ұсынбайды, дегенмен, кейбір
жақсартулар бар.
NTFS - үлкен көлемді томдармен жұмыс үшін ең тиімді таңдау. Бұл
жағдайда егер жүйеге көтерінкі талаптар (олардың қатарында қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мен сығудың тиімді алгоритмін қолдану бар) қойылса, олардың
бір бөлігі тек NTFS көмегімен жүзеге асыру мүмкін екендігін екеру қажет.
Сондықтан, кей жағдайда (кішігірім томдар болса да) NTFS-ті қолдану қажет.

2.4 NTFS 5.0 мүмкіндіктері

Бұл бөлімде Windows 2000ХР-де қалыпты болып есептелетін NTFS файлдық
жүйесінің 5.0 версиясының ерекшеліктері қарастырылады. Тек осы жүйе ғана
Windows 2000ХР-дің жинақтаушы дискілердегі мәліметтердің сақталу
сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. NTFS 5.0 келесі
мүмкіндіктерге қол жеткізеді:
● Мәліметтерді шифрлау. Шифрлаушы файлдық жүйе (Encrypting
File Sustem, EFS) сақтаулы ақпараттың жасырындығын қамтамасыз
етеді, Windows ХР-де ақпараттың шығып кетуіне мүмкіндік беретін
бірқатар механизмдер алынып тасталған.
● Дискідегі квоталар. Жекелеген пайдаланушылардың
иемдене алатын кеңістігін шектеуге болады.
● Қайта өңдеу нүктелері механизмі (reparse
points). Атап айтқанда қосу нүктелерін (junction points)
пайдалануға мүмкіндік береді. Олар арқылы компьютердің NTFS 5.0
файлдық жүйесіндегі есімдер кеңестігінде бар мақсатты
папкалардың бірқатарын бос папкаға айналдырады. Windows ХР үшін
мүмкін жолдардың кез келгені мақсатты папкада бола алады.
● Сиретілген (sparse) файлдар. NTFS көп бос
байттары бар файлдарды жақсы сақтайды.
● Өзгерістер журналы (change journal),
мұнда файлдар мен томдарға ену жөніндегі барлық операциялар
тіркеледі.
Windows 2000-мен салыстырғанда Windows ХР жүйелері NTFS -пен жұмыс
істеуде біршама жақсартылған:
● Місrosoft компаниясының айтуынша әрекет
жылдамдығы 5-8 процентке өсірілген, және NTFS те FАТ секілді
өнімділікке ие.
● Convert.ехе командасын пайлана отырып жасалатын
жүйелердің жаңартылуы тезірек жүзеге асады. Мұндайда
кластерлердің белгіленген өлшемдері емес 4 Кбайтқа дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер мен олардың арқаратын қызметтері
MS DOS туралы ақпарат
Операциялық жүйелер мен олардың арқаратын қызметтері туралы
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЯДРОСЫ
UNIX операциялық жүйедегі файлдық жүйе
Файлдық жүйе туралы
«Halliburton» компаниясы
Иерархиялық файлдық жүйе
SCADA жүйелері
Файл. Файлдар мен қалталар түсінігі
Пәндер