Алматы аумағында сел қауіпі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
kl0ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия факультеті

Химиялық физика және материалтану кафедрасы
“Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз” ету циклы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

АЛМАТЫ АУМАҒЫНДАҒЫ СЕЛГЕ, СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ИМАРАТТАР

Орындаған:
4 курс студенті

Оспанов С.
Ғылыми жетекші:
б.ғ.к.,доцент
Бергенева Н.С.

Норма бақылаушы,
“ ” маусым ,2011 ж. -----
----------
Қорғауға “ ” маусым
2011 ж. Жіберілді.
Химиялық физика және материалтану
кафедрасының меңгерушісі,
х.ғ.д., профессор
Мансуров З.А

Алматы, 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сел ағындарына жалпы сипаттама
1.1Алматы аумағындағы болған сел, су тасқындарына жалпы
шолу
1.1.1. Алматы аумағында сел қауіпі
1.1.2. Алматы аумағында су тасқыны қаупі
1.2. Алматы аумағын селден қорғау
1.3. Селден қорғаудың әлемдік тәжірибесі
ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНАЛАРЫ
Казселденқорғау,
Имараттарды бақылау әдістері
Имараттардың беріктігін анықтау
Селді уақытын болжау
Сел ағындарының параметрлерін болжау
Сел күшін есептеу
ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
Алматы аумағындағы,селге, су тасқынына қарсы инженерлік
имараттар
Имараттар түрлері, сапасы (сетчатый, сквозной и др)
Имараттарды орналастыру (Талгар, Каскелен и др)
Имараттар бақылау және беріктігін анықтау
Имараттардың техникалық сипаттамалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы --- беттен, --- суреттен,--- кестеден,--- қосымша, ---
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ТҮЙІНДІ СӨЗДЕР: СЕЛ, СУ ТАСҚЫНЫ, ҚОРҒАНЫС ИМАРАТТАРЫ
Зерттеу нысандары ретінде: Алматы аумағында орналасқан қорғаныс
имараттары
Жұмыстың міндеті:
– Алматы аумағындағы сел және су тасқыны қаупін зерттеу;
– Алматы аумағында орналасқан селден қорғау имараттарымен танысу;
– Қорғаныс ғимараттарының тиімділігін зерттеу.
РЕФЕРАТ

Дипломная работа состоит из ---страниц,содержит -- рисунков, ---
таблиц, --- списка использованных источников. --- приложиние.
КЛЮЧЕВЫЕ СЛОВА:
Объекты исследования:
Цель работы:

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Сел ағындарына жалпы сипаттама
Сел ағындарының көп бөлігі сынық материалдардан тұрады. Олардың
көлемі жалпы су салмағынан 10-15% кем емес, ағын тығыздығы су тығыздығынан
1,5-2 есе артық. Сел ағыны биіктігі 20-40м толқын түрінде 20-30мс
жылдамдықпен қозғалып алдындағы заттарға қысым түсіреді.
Таулы аймақтарда, әсіресе Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында,
Алтай, Қаратау және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел
қауіптілігі күшті өңірлер болып табылады. Қазақстан бойынша 300-ден астам
ірі сел бассейіндері болса, ал ұсақтары 600-ден асады, сол аймақтарда 1841
жылдан 1986 жылға дейін 780-дей сел өткен, оның ішінде 83% нөсерлі
жауындардың салдарынан, 15% мұзды-морендік көлдердің тасып бұзылуынан, 2%
жер сілкінісі, опырылма, сырғымалардың әсерінен және уақытша үйілме су
қоймаларының бұзылғанынан болған. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында
1992 жылы маусым айында нөсерден кейін өткен сел оншақты ұйлерді бұзып, бау-
бақтар үйінді таспен толып қалған. Алматы қаласында және облыс жерінде сел
қаіупі жиі болып тұрады, әсіресе ең қауіпті Весновка, Үлкен,  Кіші Алматы
өзендерінің бассейіндері.
Қазақстан сел қызметінің белсенділігі мен қуаттылығы бойынша ТМД-да
алғашқы орындардң бірін алады. Республиканың таулы және тау бөктеріндегі
аумағының 25 проценті сел тасқындарының талқандағыш ықпалына ұшырайды.
Қазақстан Республикасында селдің ықтимал әсер ету аймағында 5 млн. Адам
тұрады. Сел тасқыны республиканың көптеген аудандарында халық пен
шаруашылыққа едәуір залал келтіреді. Іле, Жоңғар, Күнгей, Теріскей және
қырғыз Алатауының солтүстік баурайы аса күшті сел қаупі бар аймақтарға
жатады. Соңғы жылдары мынадай апатты сел тасқындары белгілі: Алматы
(1921ж., 1950ж., 1956ж., 1973ж., 1977ж.), Текелі (1958ж., 1959ж.), Есік
(1958ж., 1963ж.), Талғар (1993ж.), Жаманқұм (Сорбұлақ 1988ж.)
Сел ағыны кенеттен болуымен, күшті қирату әсерімен, масштабы орасан
болуымен сипатталады. Ағын 300 тонналық тастарды домалатады, жолында тұрғын
ауыл, ғимараттар, құралдарды, көпір, электр байланыс жүйелерін қиратады,
темір жол мен автокөлік жолдарын үзіп, егістік, шаруашылық жүргізетін
объектілерді істен шығарады.
Сел ағындары қысқа мерзімді және 6-200 бұрыш жасап орналасқан тау
қыраттарына тән, ұзақтығы 10 минуттан 4-5 сағатқа дейін,өте сирек 8
сағаттан астам. Жүру қашықтығы бірнеше ондаған км. Жер бетіндегі топырақ
жамылғысын 10м дейін шайып кетуі мүмкін, артында қалатын ізі төмен қараған
конусқа ұқсас.
Сел ағынының түрі селді құрайтын жыныстардың құрамымен анықталады:
1.сулы,тасты; 2.сулы,құмды; 3.сулы,шаңды; 4.лайлы; 5.лайлы -тас аралас.
Сел ағын түрлері: сулы, қарлы, тасты.
Селдің пайда болу себептері: нөсер,қар мен мұздың тез еруі,су
қоймаларының бұзылуы,өте сирек жер сілкінісі,жанартау атқылауы.
Селдің пайда болу механизмдері көбінесе ортақ 3 типке бөлінеді:
1.эрозиялық
2.бұзғыш
3.қопарылып-опырылғыш
Ғалымдар селдің түзіліп дамуында 3 кезеңді ажыратқан. Олар 1.дайындық
кезеңі, 2.тез орнынан ығысу кезеңі және 3.қарқынды жылдамдық алып,күшін
ұлғайтып,тау етегіне түсу кезеңі.
Қуатына қарай сел келесідей жіктеледі:
1.ең қуатты
2.орташа қуатты (10-100 мың км3 материалдар селдермен бірге лықсып түседі)
3.әлсіз қуатты (10 мың м3 материалдарды алып кетеді,жыл сайын болып
тұрады).
Селдің зақымдағыш күшін бағалау кезінде ескерілетін мынадай
параметрлер бар:
1.сел басталуының ықтимал болжамды уақыты
2.сел басының келу уақыты
3.сел өтуінің ұзақтығы
4.сел массасының тығыздығы
5.сел ағынының көлемі
6.селдің өту жылдамдығы
7.сел ағынының тереңдігі
8.сел қозғалысының жылдамдығы.

Селдік процестердің сипаттамасы
Селдің негізгі параметрлері Ықтимал мәндер диапазоны
Көлемі немесе қуаты,м3 100-1000 млн және одан да астам
Сел ағынының максималды шығыны,м3с бірнеше ондағаннан 2000-ға дейін
Сел қозғалысының жылдамдығы,мс 2-20
Сел ұзақтығы,сағ. 1-8
Сел басы болатын толқынның биіктігі,м2-25
Селдің құрылымдық құрамы (көлемдегі 10-70
қатты заттың үлесі),%
Сел ағынының тығыздығы,гм3 1,1-2,5
Сел ағынының ені,м 3-150
Сел ағынының тереңдігі,м 1,5-15
Сел арнасының ұзындығы,м ондаған метрден ондаған км-ге дейін
Сел ағынының максималды соққы күші, 5-12
гм2
Селдің қайталануы жылына бірнеше реттен немесе әр
30-50 жылда бір рет
Сел ағынының тұтқырлығы,( 3-тен бірнеше жүзге дейін
Шығын,м3с 30-300
Ірі қоспалардың көлемдері,м 3-4
Қосындылар салмағы,т 200-300

Селдердің жіктелуі:
Селдердің кластары мынадай болып ажыратылады:
1. аумақты түрде көрінетін
2. аймақты көрінуі бойынша
3.антропогендік.
Тудырушы көздеріне қарай селдердің типтері келесі:
1.жауынды
2.қарлы
3.мұздықты
4.жанартаулық
5.сейсмогенді
6.лимногенді
7.тікелей әсері бар антропогенді
8.жанама әсері бар антропогенді
Сел көп жағдайда апатты сипат алатындықтан арнайы мекемелер халықты одан
қорғау жолдарын іздестіруде. Осы күндері сел қаупі бар аудандарда келесі
инженерлік техникалық шаралар тиімділігін көрсетіп отыр:
1. Көлікпен эвакуациялау
2. Жаяу эвакуациялау
3. Шұғыл эвакуациялау
4. Су баспайтын жерлерге эвакуациялау
5. Киім-кешекпен,азықпен,баспанамен қамтамасыз ету.
Бұл шаралардың дер кезінде орындалуына жауапты құзырлы органдар халықты
барынша қорғауға міндетті. Егер қарапайым халық уақытында құлақтандырылмаса
немесе оларға қажетінше техника бөлінбесе көпшіліктің үй-жайын су алып
кететіндіктен баспанасыз қалады. Сонда оларға уақытша болса да баспана
беріліп, өтемақы төленуі тиіс.
Селдің пайда болуына себепкер факторлар:
· Ұзақ нөсер жауындар,
· Ауа райының күрт жылуынан, таудағы мұзбен қардың кенеттен еруі, тау
көлдерінің, өзендерінің арнасынан шығуы,
· Жер сілкінісі,
· Адамдардың шаруашылық жұмыс жұргізу (тау кеншілік жұмыстары, жол салу,
жарылыс жасау) салдарынан болады.

Селдің түрлері:
Себебіне қарай селдер нөсерлі, гляциалдық, сейсмогендік болады.
Жаратылыс механизміне қарай селдер эрозиялық, бұзылма, опырылма- сырғыма 
селдер болады. Эрозиялық селдерде опырылып түскен топырақ сумен жуылып,
суды өзіне сіңдіріп сел толқыны ретінде жылжиды. Бұзылып аққан селдерде су
қоймаларындағы су сыртқа тасып, сел массасы өзеннің арнасымен немесе тау
жоталарымен төмен ағады. Опырылма-сырғыма селдерде суға сіңген тау
жыныстары төмен сырғып түседі. Селдің  туындау факторына қарай селдер
зоналық, регионалдық, антропогендік болады. Зоналық селдер туындауына ауа
райы, жауын-шашын әсер етеді, олар тұрақты, әр дайым төмен ағып түседі.
Регионалдық селдердің пайда болуына геологиялық процесстер әсер етеді,
сел түсуі ауық-ауық жол бағыты тұрақсыз болады. Антропогендік селдер
адамның шаруашылық ісінен болып, тау ландшафтысына көп күш түсуінен жаңа
сел бассейіндері пайда болады және сел ауық-ауық түсіп тұрады.
Селдердің түсу жиілігіне қарай селдер бассейні үш топқа бөлінеді:
активтігі жоғары селдер (3-5 жылда 1 рет болатын), активтігі орта селдер (6-
15 жылда 1 рет болатын), активтігі төмен селдер (16 жылда 1 рет болатын).
Сел қауіпінің белгілері:
 - сел қауіпі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
 - биіктегі сел қауіпі бар өзендерде ауа температурасының күрт
көтерілуі, бұл морендік  өзендердің суға толып, арнасын бұзып шығуын
тудырады, өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе өзен бөгетін
бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
 - жер сілкінісі  әсерінен өзен бөгетінің бұзүлуы.
Сел қауіпінің  тікелей белгілері:
· морендік-мұздақ кешендеігі судын толғандығын айғақтайтын сел қауіпі
бар арнадағы ағынның тоқтауы немесе күрт бәсендеуі;
·  сел қауіпі бар арнадан күшті гуілдің естілуі;
·  топырақтың дірілдеуі;
·  шандық бұлттың пайда болуы;
·  судың қатты лайлануы.
Сел кезіндегі қауіпсіз шаралары:
·  таудағы жағдай туралы  хабарын қадағалау;
·  сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауын басталса жылдам кету;
·  сел тасқынына 50-70 м артық жақындамау;
· тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамау, өйткені  опырылма
түсуі мүмкін;
· сел арналарымен жүрген кезде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болуы
тиіс;
· сел қауіпі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамау 
және шатыр құрмау;
·  сел тасқынның белгісін сезген бойда арнадан алысырақ кетіп тау
беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріну;
· сел тасқыны өткеннен кейін арнаға түспеу, өйткені ол қайталануы
мүмкін;
· арнаға төмен түскен кезде немесе онымен жүрген бойда әсіресе ой
шұңқырдан аса сақ болу.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс әрекетіне зіл-
заланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуде және ол туралы
хабарлауды (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді
Көп жағдайда халық сел қауіпі туралы ондаған минут бұрын, кей жағдайда 1-
2 сағат бұрын естуі мүмкін.
Осындай тасқынның жақындауын дөңгеленіп және бір-біріне соқтығысып,
үлкен жылдамдықпен келе жатқан гүрілден естуге болады.
Халыққа  сел тасқынның жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ
оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып,
бұл туралы төңіректілерді ескертіп қауіпсіз орынға бару керек.
Өрт болмау үшін үйден шыққанкезде пешті сөндіріп, газ кранын жауып,
жарықты өшіріп, электраспаптарын ажырату қажет. Халық қауіпті аудандардан
уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар
мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бетінше
жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды
нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға.
 Қазақстанда қалалардың көбіне- Алматы, Иссык, Талгар, Қаскелен,
Сарканд, Жаркент, Текелі селдің қауіптілігі төнеді. Осы аймақтарда 5
миллионнан артық қалық тұрады және маңызды кәсіпорындар орналасқан. Селден
сақталу үшін 1973 жылы мемлекеттік  кәсіптік мекеме Казселденқорғау
құрылған, төтенше жағдайлар Министрлігіне жатады.
Селмен күресу:
·  ірі бөгеттерді салу;
· сел қауіпі бар өзен арналарын терең және тура өтетін бөгеу жүйелерімен
тұрақтандыру;
·  морендік- мұздық көлдерден суды ағыздыру;
Алматыда  сел тоқтататын үш бөгеттер салынған: Медеу бөгеті, биіктігі
150 метр, сел қоймасының сыйымдылығы 12,6 миллион кубометр және Мыңжылқы
бөгеті, биіктігі 17 метр, сыйымдылығы 0,22 миллион м3. Кіші Алматы өзенде
орналасқан; биіктігі 40 метрлік, сыйымдылығы 8,2 миллион м3 бөгет Үлкен
Алматы өзенде орналасқан. Осы өзендердің бастауларында су ағызғыш каналдар
салынған, қалада су ағызғыш мен тұндырғыш құралдар бар.

1.1 Алматы аумағындағы болған сел, су тасқындарына жалпы шолу

Қазақстандағы Іле және Жоңғар Алатауында, Қаратау,
Сауыр,Тарғабатай,Алтай тауларында сел құбылыстары жиі болып тұрады.
Қазақстанда өткен сел тасқынының 250 оқиғасының 100і Іле Алатауында
болған. Әсіресе солтүстік бөктердің орталық бөлігінің төкпе өршіктеріне
Қаскелең,Алматы,Талғар қалалары орналасқан қапталдардағы өзендерде сел
тасқыны ерекше күшті.
Верный(қазіргі Алматы) қаласында болған 1921жылғы сел туралы
мәліметтер келтіре отырып, А.Сергеев Каменный щит атты кітабында былай
деп жазады: Селдің бірінің соңынан бірі төңкеріліп аунаған таудай
толқындарды түйе тастарды, опырылған жартастардың үйдей сынықтарын домалата
айдап, жолындағының бәрін күйретіп қиратып,ғимараттарды жаңқалап, үгітіп,
талқандап келе жатты. Тасқын бәр үйлерді ірге тасынан жұлып алып,
гүрілдеген қою қараңғылықта,ауылдағы құрылыстармен, қора қопсымен, мал
тауармен қоса, сұрапыл екпінмен ығыстырып, әкете барды.
Ойраңды тасқындар туралы алғашқы деректер 1841 жылдан бері мәлім.
Мұнда байырғы тұрғындардың айтуынша , Іле Алатауының етегіндегі балшық пен
тас аралас су тасқыны тұрғындардың 90 проценттке жуығын жойып жіберген.
1887 жылы Верный қаласындағы күшті жер сілкінуден болған сел
әрекетінен Іле Алатауының солтүстік етегіне жоғарыдан 440 млн м3 лайлы
тасты борпылдақ тау жыныстары ығыстырылып әкелінген. 1921 жылы 8 шілдеден 9
на қараған түнде Кіші Алматы өңірінде күшті сел жүрді. 8 шілдеде Алматы
қаласында түскен жауын шашын мөлшері 23.7 мм , 1700м биіктіктегі таулы
өңірде 72 мм дейін жеткен. Жауынның басталғанына 45мин өткеннен соң 1700м.
биіктікте сел басталып, бірте бірте тасқынды селге айналып, төмен қарай
жылжыды. Бұл жолғы сел тасқынының биіктігі 4-5м.дейін жеткен. Үлкен алматы
өзенінің алабында сел көпірлер мен диірмендерді қиратып кеткен. Арнасынан
асып кеткен Есік өзені 18 үйді құлатқан , Талғар селосында өзен суы 8
метрге көтеріліп, диірмен мен көпірді ағызып кеткен. 1921 жылғы 8
шілдедегі сел бұдан бұрынғы жүздеген жылдар ішіндегі ең елеулі және қазіргі
уақытқа дейінгі ең елеулі сел болады делінеді.
1931жылы 10 шілдеде бір тәулік ішінде 69.5 мм жаңбыр жауды, бұл жауын
шашынның айлық нормасы өзендер тасып, арнасынан шығып кетті. Бірақ тек
таудың орта тұсына ғана шамалы зиян келтірді. Себебі сел тек Медеуге ғана
жеткен.
1934 жылғы 20 шілдеде бір тәулік ішінде 90.2мм жаңбыр ауды, бұл
айлық нормадан едәуір көп. Кіші Алматы өзені тасып, секундына 31 текше метр
су ағызды, бірақ ешқандай апатқа ұшыраған жоқ.
1940 жылы 29 шілдеде қатты жаңбырдан кейін сол жақ Талғар шатқалының
сол жақ қапталынан сел тасқыны заулады; Сел терең жыралар
қазып, үйме ұйме тастарды тамырымен қоса қопарған ағаштарды ағызып
әкетті. 1933 жылы Алматы қаласында осы сел тасқынының іздері әлі де
көрініп жатқан. Горкий атындағы парктен Фурманов көшесіне дейінгі ауданда
кейбір үйлердің төменгі қабатын терезесіне дейін сел тасқыны әкелген лай
көміп кеткен, диаметрі 1-метрден 2-метрге дейінгі қойтастар көшелерде
жатқан. Соңғы 50 жыл ішінде Іле Алатау өзенінен алты дүркін
(1921,1947,1950,1956,1963 ,1973) күшті сел жүрді.
1956 жылы 7 тамыздағы жүрген сел кезінде Кіші Алматы өзенінің
су шығыны 500м3сек жеткен. 1963 жылы шілдедегі бірініші күні ыстықтың
салдарынан тау басында қар мен мұздықтардың қарқынды еруі 7 шілде айында
Үлкен және Кіші Есік көлінде лайлы тасты сел тасқыны туды. Есіктің жағасы
бұзылып , көл суы жойқын селге айналды; бес сағаттың ішінде екі көлдің суы
ығысып төмен қарай түгелімен ағып кетті.

1. Алматы аумағында сел қаупі
Алматы қаласын селден қорғау Үлкен және Кіші Алматы және Весновка
өзендерінің ағысын тұрақтандырудан басталады. Сол үшін өзеннің шығатын
жерлеріне бетондалған су түсіргіш, тұндырғыш насос жүйесі бар тракты –
канал орнатылған. Ол қала территориясынан тасқынның қауіпсіз өтуін сонымен
қатар шығынды максималды, яғни 30 – 50 м3с көлемде өтуін қамтамасыз етеді.
Қаланың жоғары жағында Весновка және Үлкен Алматы өзендерін тұрақтандыру
үшін сыйымдылығы 0,5 млн м3 тұндырғыш насостар қолданылады. Өзендегі судың
артық мөлшері Сайран су қоймасына құйылады. Онда судың шығу бөлігінде
биіктігі 9м платина орнатылған.
Алматы қаласын Іле Алатауы тау жотасы айнала орналасқандықтан, сел
қатері қалада әрқашан өзекті. Осындай қатерлі сел қала тарихында екі рет
кездесті. 1921 жылы балшықты сел қала көшелерін басып қалса, 1973 жылы
қалаға төнген қауіпті Медеу шатқалындағы биіктігі 150 метрлік бөгет
тоқтатқан болатын. Ол кезде құлап түскен біз сөз етіп отырған №6 көлдің
маңында орналасқан №2 көл болатын. Бүгінде мамандар Медеу шатқалындағы
селден қорғау бөгеттерінің №6 көл төмен сырғып кетсе, төтеп бере алатындығы
туралы нақты болжам жасаудан бас тартады. №6 көл қаланың төбесінде 1950
жылдардан жинала бастаған. Соңғы жылдары көл көлемінің қарқындап өсуі
байқалуда. 1997 жылы көлдің көлемі — 190 мың текше метр, тереңдігі 18 метр
болса, қазіргі күні көлдің тереңдігі — 23 метр, жиналған балшықты, мұзды
селдің көлемі — 285 мың текше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зілзала және оның салдарымен күрес
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жайында
Зілзала. Төтенше жағдай
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Тұрғындарды қорғау.
ҚР төтенше жағдайлары
ҚР аумағында орын алатын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Орман-дала өрттері
Табиғат апаттары және олардың түрлері.
Апаттардың табиғи сипаттамасы
Жер сілкінісі, сел
ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары
Пәндер