Өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсері


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОҢТАЙЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

(6N0609-География)

Орындаған: С. Б. Бисенбаева " " 2010

Ғылыми жетекші:

г. ғ. к. доцент: С. С. Түгелбаев " " 2010

Қорғауға жіберілді

Физикалық-география

кафедрасының меңгерушісі:

г. ғ. к. доцент С. С. Түгелбаев " " 2010

Алматы, 2010 МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ . . . 5

2. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕР АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕРЛЕРІ . . . 13

2. 1 Өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізер әсері . . . … . . . 15

2. 2 Транспорттың қоршаған ортаға тигізер әсері . . . … . . . 22

2. 3 Физикалық ластануы…… . . . … . . . 28

3. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫН СИПАТТАУ

3. 1 Алматы қаласының атмосфера жағдайы мен оған климаттық құбылыстардың әсері . . . . . . 36

3. 2 Алматы қаласының суының жағдайы . . . 44

3. 5 Алматы қаласының топырақ және биота жағдайы . . . 49

3. 4 Алматы қаласының геоэкологиялық жағдайларын талдау . . . 59

4. ҚАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ НЕГІЗІ . . . 69

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 80

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде елдердің және әртүрлі технологияның қарқынды дамуы табиғатқа өз кері әсерін беруде. Антропогендік әсер әсіресе ірі қалалар мен өндіріс орталықтарында өнеркәсіп және транспорт дамыған жерлерде өте қарқынды.

Егерде қаланы антропогендік экологиялық қуыс ретінде қарастырсақ онда қалалық тұрғындар популяциясында табиғи қуыс мекендеушілеріне қарағанда жүктеме көп есе жоғары. Мұнда адамға әсер етуші фактор көптеген. Бірақ олардың әсер ету уақыты аз, экологиялық стресс өте ауыр.

Әсер ету масштабтары агломерация көлеміне, өндіріс орындарының күрделі үйлесімдігіне, қала физикалық-географиялық (экологиялық-табиғи) орнына және т. б құрамдарына байланысты.

Жұмыстың мақсаты: Алматы қаласының қоршаған табиғи ортасының компоненттерінің ластану деңгейін бағалау.

Жұмыстың мақсатын шешуде келесідей міндеттер атқарылды:

  • Алматы қаласының табиғи ерекшеліктерін айқындау;
  • Қаланың қоршаған ортасына уытты және зиянды заттардың түсуі және олардың әсері жайлы талдау;
  • Алматы қаласындағы ластаушы негізгі көздерді анықтау мен бағалау;
  • Қаланың әр табиғи компонентінің геоэкологиялық жағдайына талдау жасау және ластану деңгейін анықтау;
  • Қаланың қоршаған ортасын оңтайландыру мен тепе-теңдігін тұрақтату жайлы ұсыныстарды қарастыру.

Бірінші тарауда Алматы қаласының географиялық орналасу орындары қарастырылды. Бұл табиғаттың қалалар геоэкологиялық жағдайына қалай әсер беретінін түсіну үшін маңызды.

Екінші тарау қала табиғат компоненттеріне әсер ететін антропогендік әсерлер туралы жазылған. Ал үшінші тарауда Алматы қаласының табиғи компонентерінің өзгеру сипаты ашылып, статистикалық мәлеметтер берілді.

Қалалардың қоршаған ортасын сақтау мен қорғау туралы ұсыныстар төртінші тарауда жазылып, оңтайландыру ұсыныстары берілді.

Жұмыс барысында келесідей қорытындылар мен нәтижелер шығарылды және бағаланды:

  • Алматы қаласының атмосфералық ауасында уытты заттар баршылық;
  • Қаланың су айдынын өндірістік сулар ластайды және ластану индексі жоғарғы деңгейді көрсетеді;
  • Урбаландшафттардың ластану қарқындылығы мен зиянды заттардың таралуының үлгілерін әр табиғи компонент үшін құрастыру және негізігі компоненттерді көп факторлы талдаудан өткізу;
  • Геоэкологиялық карталар құрастырып, қаланың ластану деңгейін бағалау;
  • Қаланың тұрақтылығын сақтау мен жақсарту туралы негізгі және жүзеге асырылатын ұсыныстарды қарастыру.

Жұмыстың ғылымилық жаңалығы:

  • Алматы қаласының барлық табиғи компонентерінің ластануы қарастырылды және урболандшафттар қоршаған ортасына түсетін зиянды заттардың әсерлері талданды;
  • Осыған дейін Алматы қаласының әр бөлек талданған компонентерінің ластану деңгейі бір арнаға жиналып, жалпылама бағаланды;
  • Жалпы қаланың ластануы деңгейі жайлы ландшафттық-экологиялық талдану картасы жасалынды, ластану ареалдары көрсетілді.

Зерттеу әдістері: Жұмыста негізінен талдау мен синтез жолдары қолданылды және де картографиялық, стаистикалық және математикалық үлгілеу әдістері арқасында жүзеге асты.

Жұмыстың әдістемелік негіздері: Қоршаған ортаның ластануын бағалауда баллдық және Чигаркин бойынша экологиялық бұзылу кретерийлерінің әдістемелері қолданылды.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы Алматы қаласының урболандшафттарының әр элементерінің зақымдану деңгейін анықтау мен оларды кешенді талдаудан өткізу болып табылады.

Практикалық бұл жұмыс Алматы қаласының экологиялық қауіпсіздігін құрастыру мен қоршаған ортасын жақсартуда жүргізу керек шаралардың бағыталуын анықтап беру үшін маңызы үлкен.

Менің “Алматы қаласының геоэкологиялық жағдайы және оңтайландыру мәселелері” деп аталытын жұмысымда жоғары да айтылған Алматы қаласын негізге ала отырып, қалалардың қоршаған ортасының элементтерінің өзгеру сипаты мен тенденциялары, себептері көрсетілді.

1. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Қалаларың физикалық-географиялық жағдайлары мен оның геоэколдогиялық жағдайлары арасындағы байланыс тығыз. Қалалардың экологиялық жағдайын анықтаудың бірінші шарты олардың орналасу ерекшеліктері мен табиғи жағдайын зерттеу. Бұл зерттеусіз толық қалалар экологиясын түсіне және олардың қоршаған ортасын сақтау негіздерін белгілей алмаймыз.

Алматы қаласы. Физикалық-географиялық орны. Іле Алатауының физикалық-географиялық ерекшеліктері Алматы қаласының табиғи жағдайына ерекше әсер етеді. Бедер сипаттамасы бойынша Іле Алатауының еңкіш тау алды жазығы қарапайым. Оңтүстік-батыс территория бөлігінің беті жыралық эрозиямен қатты тілімденген. Эрозиялық тілім тереңдігі 50-70 м. Жазықтың солтүстік-батыс бөлігінде төбелі-қырқалы құмдар дамыған. Құмды массивтің солтүстігі беткі қабаты за тілімденген және қалдықты күмбез тәрізді пішінді Қарой үстіртіне жанасады. Қарой үстіртінің абсолюттік биіктігінің ауытқу интервалы 618 м-ден 710 м-ге дейін барады.

Іле Алатауының тау алды шлейфі ендігі 20-25 км жетеді. Ол тау өзендерінің ысырынды конустарының қосылуынан түзілген. Гипсометриясы теңіз деңгейінен 600 метрден 1100 метрге дейін жетеді. Іле Алатайының тектоникасының динамикалық өзгерістері қарқындылығы осы антропогендік кезеңге шақ келген 12 жыл ішінде таудан көп мөлшерде сынық шөкпе материалдарды алып шықты және өзен сағаларында ысырынды конус түрінде шөккен. Осы ысырынды конустың бірінде, Іле Алатауының солтүстік беткейінде Алматы қаласы орналасқан. Алматы қаласының территориясында тектоникалық үрдістер батыстан шығысқа қарай орналасқан жарық сызықтарын қалдырған. Тау түзілу үрдісі қазіргі кезде де жалғасуда және тау көтерілу шамамен жылына 5 мм-ді құрайды.

Қала меридиан бағытта қатты созыған, солтүстік шеті оңтүстік бөлігіне қарағанда 250 метр төмен жатыр. Шығысы 400 метр жоғары. Алматы тау сілемдерінің жондарымен қоршалып жатыр. Қала созыған бағытта екі негізгі қала өзендері Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендері ағып өтеді. Дала мен биіктік таулылықтың өзара әрекетесуі тек Алматыға ғана тән өзгешіліктерге әкеледі.

Жер бедері мен геологиясы. Қала жер бедері табиғи қалыптасқан бедерден қазіргі жағдайда ерекше. Бұл ысырынды конустар қалыптастырған толқынды аллювильды- пролювиальды көлбеу келген жазық. Алматы маңы таулы, сайлы-жыралы. Алматы қаласы орналасқан жері Тянь-Шань тауының дамуымен тікелей байланысты. Бұл каледон қатпарлығы жүрген кезде пайда болып, төртік жаңа орогенез кезінде қайта көтерілген тау жүйесі. Және де қазіргі неотектоникалық қозғалыстар үдерісінде, сондықтан Алматы қаласы қауіпті жер сілкінісі болатын аймаққа жатады. Мұнда 8-10 баллдық жойқын жер сілкіністері болып тұрады. Алматы қаласы әртүрлі жастағы шөгінділер үстінде орналасқан. Негізінен борпылдақ, шойтасты және қиыршық пен малта тасты шөгінділер басым. Үстінде лесстәрізді саздақтар, құмды-сазды қабаттар жатыр.

Климаты. Алматы қаласы Евразия материгіне тереңдей орналасқан және мұхиттардан алшақ болуы климатының континентті болуына әкеледі. Тау алды жазығында орналассада жатқан ендігі жауын-шашын, температура режимдеріне әсер етеді.

Алматы қаласының орографиялық жағдайын талдау көрсеткендей қала солтүстік бөлігінде жүз метрге ашық, оңтүстігінде - субендік бойы орналасқан тау жоталары жатыр, бұл қалаға тау алды бөлігінің ауа массалары келуіне жол ашады. Мұнда, әсіресе қыста күшті ауа температурасының инверсиясы байқалады. Бұл жағдайда қалаға тән әлсіз желдердің ауада тымықтануына әкеледі, ол кезегінде залал қоспалардың ыдырауына кедергі келтіретін қолайсыз жағдайларды тудырады.

Алматы қаласы үшін ең төменгі радияциялық баланс көрсеткіші жазға келеді, ал ең жоғарғы өтпелі кезеңдерге тән. Бұл жатқан бет біртекті еместігімен түсіндіріледі: оңтүстікгінде қар жамылғысы жоғалса, солтүстігінде әлі сақталып тұруы мүмкін. Өз кезегінде біртекті емес жер беті әркелкі қызып, ауа массаларының жылжуына әкеледі - атмосфера циркуляциясы климатты қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Оңтүстік Қазақстан өңірі континент ішінде, қоңыржай мен субтропиктік белдеулер тоғысында орналасқандықтан күрделі және әр алуан атмосфералық үрдістер жүруде. Соның бірі таулық-аңғарлық ауа циркуляциясы үрдісі.

Таулық-аңғарылқ циркуляция географиялық сипаттамалардан және метеорологиялық бақылаулардан көптеп белгілі. Жердің айтарлықтай еңкіш бөліктерінде желге тәуліктік қайталану тән - күндіз беткей бойымен жоғары соқса (аңғарлық жел), түнде төменге қарай соғады (таулық жел) . Бұл желдер тау аңғарларында, тау беткейлерінде кездеседі. Таулық - аңғарлық желдер Алматы қаласында толықтай Н. Ф. Гельмгольц және т. б ғалымдармен толықтай зерттелінді /1, 2/.

Желдің нақты жылдық ағымында жаз айларында күшеюі мен қыста тымық жағдайға түсуі байқалады (сурет 1) . Әр жел розасының ортасында штильдің жалпы жағдайлардан алғандағы пайызбен берілген қайталану шамасы көрсетілген. Қыста барикалық градиент орографиялық антициклоногенез арқасында бірнеше рет төмендеген, солтүстіктен келетін ауа массаларының тұнықтануы және атмосфера төменгі қабатында тұрақтылық беретін тау маңында қысқы инверсиялар дамуы байқалады. Желдің жазғы жылдамдық максимумы циклондық үрдістердің орографиялық қарқындауы мен таулық-аңғарлық циркуляциясының активизациясы рақасында жүзеге асады.

Қала маңында жел жылдамдығы жылына бірнеше рет өседі. Бірақ жылына 2-3 м/с аспайды. Желдің режимін толық бағалауын ай бойы есептелінген жел жылдамдығының қайталануы ұсына алады. Аламты қаласында жыл бойында жылдамдығы 3 м/с (88%) желдер басым. Әсіресе тымық жағдайдың үлесі жоғары.

Жыл мезгіліндегі жел бағыты мен штильдердің (ортасында) қайталдануы (%)

Сурет 1

Егерде өте әлсіз желдерді (1м/с аспайтын) есепке, алсақ онда тымық пен өте әлсіз желдердің қайталануы 59% құрайды. Күшті желдер (15 м/с және аса) Алматы қаласында өте сирек байқалады, жылдың 15 тәулігінде ғана.

Алматы қаласының тәуліктік жел бағыты мен жылдамдығы жылдың әр айы үшін жақсы айқындалған. Күндіз қалады солтүстік бағыттағы желдер басым, қаңтар мен шілдеде олардың қайталануы тепе-тең (46 және 54% қатысында) . Ал көктем мен күзде 66-725 өседі. Бұл тауға қарай үретін 1 м/с жылдамдықты құрайтын аңғарлық желдер қаңтарда 40% және шілдеде 30% желдеріне ауысады.

Таулы аудандар жалпыға бірдей теңіз деңгейінен мекеннің биіктеуіне байланысты туатын ауа температурасының төмендеуі тән. Қысқы мезгіл ғана ерекшелеу. Бұл мезгіде ауа температурасының таралуына биіктеген сайын радиациондық-орографиялық инверсиялар әсер етеді /3/.

Ауа температурасының негізгі сиапттамасы максимальды орташа ауа температурасы (тәуліктік және жылдық шығыны) . Алматы қаласының қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы -минус 7-8 0 С. Жазы ыстық және қуаңшылықта байқалады. Шілденің орташа температурасы +23, 3 0 С құрайды. Абсолюттік максимальды температура 42 0 С.

Таулық-аңғарлық ауа циркуляциясын, күн сәулесінің трансформациясын, жазда тау алды солтүстік аудандардың жылынуының әсерін ескере отырып, қаланың орталығы мен солтүстік аудандарында температуралық режим солтүстік шеттер мен қала маңына қарағанда аз континентальдығымен ерекшеленеді /4/.

Солтүстік-шығыс қала маңдары орташа алғанда жыл бойы қалаға қарағанда суығырақ болып келеді. Солтүстік-батысы қараша мен наурыз айлары аралығында салқындық көрсетеді. Наурыз-сәуір және қазан-қараша айларында ауа температурасының құбылуы жалпы циркуляция үрдістерімен, қарқынды циркуляциялық әрекеттермен басылады. Жазда күндізгі контрасттар атмосфераның жылжымалылығынан, термикалық конвекция үрдістерінің максимальды дамуы арқасында жойылады.

Жауын-шашын суықтың келуі, оңтүстік-батыс циклондардың кетуінен және Қазақстанның оңтүстік-шығысында толқынды әрекет арқылы түзіледі. Ағынның вертикальды қозғалысы тропосфераның термобарикалық өрісімен анықтылады.

Алматы қаласының жел режимі жердің беткі әлсіз желдің болуымен сипатталады. Қыста жылдамдығы 1, 2 м/с, жазда 2, 5 м/с ғана. Бұл жағдайда қалада таулық-аңғарлық жел басым көрініс береді.

Жауын-шашын түзелерден тәулік бұрын температура градиенті 88% жағдайда (dT/dt) адв >0 құрайды. Оңтүстік Қазақстан өңірінде жауын-шашын ұлғаюында жота беткейлеріне келетін жоғары көтерілу қозғалыстары пайда болуында үлкен роль атқарады. Жауын-шашынның негізгі көрсеткіші бұл ауданда суық ауа фронты өткенде жоғары. Жылы ауа фронтары маңызды жауын-шашынды әкелмейді.

Алматы қаласында ең едәуір жоғарғы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы суық жыл мезгілдеріне келеді. Орташа айлық шама бұл уақытта 72-74% құрайды. Сәуір мен қазан айлары аралығында ылғалдылық көрсеткіші 59-56 -дан 45-44% түседі. Салыстырмалы максимальды ауа ылғалдылығы сағат таңғы жетілерде.

Жылдық және тәуліктік қала мен қала маңынын ылғалдылық көрсеткіші әртүрлі ландшафттық зоналар мен территорияның абсолюттік биіктігіне байланычсты құрылған. Мекен биіктігі артқан сайын су буының парциальды қысымы төмендейді, әсірісе жаз мезгілідерінде айқын сипатталады. Осы мезгілде аэропорт ауданында парциальды қысым көрсеткіші 1, 8 гПа жоғары, Медеуде 1, 7 гПа -дан төмен. Қаланың атмосфера қысымы 926, 3 гПа. Суық кезеңде таулы ауданда ылғалды ауа инверсиясы байқалады. Осылайша Алматы қаласында булану мамыр мен қазан айлары аралығында жауын-шашын орташа алғанда 4 есе жоғары, тамызда 11 есе. .

Алматы қаласы үшін орташа жылдық жауын-шашын көрсеткішінің орташа жылдық булану көрсеткішіне қатынасы 0, 45 береді. Жоғарыда айтылғандарадан шығатын қорытынды қаланың солтүстік және жазық аудандарында 456 мм, орталығында - 575 мм, оңтүстігінде және таулы аудандарда - 890 мм. Яғни жауын-шашын әр 30 км кескінде әр 100 метр биіктікке көтерілген сайын 50 мм өседі. Булану жауын-шашыннан көп. Уақыт аралығында атмосфералық жауын-шашын өзгерістері ауқымды. Ең жоғарғы жауын-шашын көрсеткіші Алматы қаласы үшін 1958 жылы 953 мм құраған. 1917 жылы құрғақшылық жылы 296 мм жауған.

Ұзақ жылы кезеңдер мен қысқа жиі жылымықты қысқы мезгілдердің болуы арқасында Алматы қаласы күндердің жалпы санынан 65% сұйық, 14% қатты, 21% аралас жауын-шашынды болып өтеді /2/.

Қаланың ішкі құрылысында солтүстіктен оңтүстікке қарай теңіз деңгейінен биіктігінің өсуі байқалатындықтан, Алматы қаласының қар жамылғысының уақыт пен кеңістікте таралуына өз әсерін береді. Ең алғашқы қардың түсуі қаланың оңтүстік бөлігінде байқалады (қазанның алғашқы кездері) . Ал қазан айның сонында солтүстік аудандарға түседі. Ең ерте болған қар жауыны 1969 жылы 14 қыркүйекте байқалған, ал 1954 жылы қар 21 қарашаға дейін кеш жауған. Жалпы жылдына Алматы қаласының 40 күнінде қар жамылғысы бар. Осы уақытта Алматыда қатты жауын-шашын қалыңдығы 80 мм құрайды, бұл жылдық шаманың 14 % береді. Қыс бойындағы қар жамылғысының өсуі қаланың орографиялық ерекшелкітеріне бағына солтүстіктен оңтүстікке қарай 7-ден 25 мм-ді құрайды. Аз қарлы қыстарда қар жамылғысының қалыңдығы 10 см жетеді. Қар мол кезеңдерде 50 см құрайды. Желтоқсан айының ортасынан 10 см және аса қалыңдықты қар жамылғысының 2-3 аптаға тұрақталу кезеңі басталады.

Гидрографиясы. Қала Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендер атырабында орналасқан.

Алматы қаласының табиғи-климаттық жағдайы беткі ағын қарқынының құрылуына және гидрографиялық тордың болуына байланысты. Соңғысы геометриялық будақтар типтерден құралған. Онда көптеген өзен аңғарлары меридиандық сызыққа сай бағытты болып келеді. Алматы қаласында тау типтес өзендерден Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағып өтеді. Кіші Алматы өзені Тұйықсу мұздықтарынан басталып, жалпы ауданы 13 км 2 құрайды. Ол Орталық мұздықтың фронтальдық мореналар етегінен түзілетін кішігірім ағыстар қосындысынан түзіледі. Жоғарғы ағысында өзен 6 км қашықтықта 1000 м биіктікті жоғалтып эрозиялық шатқалға түседі. Оның арнасы кедергілер мен табалдырықтарды құрайтын дөң тастар көптеп кездеседі. Тау бөлігінде Кіші Алматы өзенінің ұзындығы 18, 5 км, тальвег бойынша орташа ендік 0, 22. Кіші Аламты өзені жартылай ысырынды конусқа кірігеді, Алматы қаласын шығыстан айнала өтеді.

Тау алды бөлігінде Кіші Алматы өзені Есентай және Казачка өзендеріне, екі тармаққа бөлініп кетеді.

Кіші Алматы өзенінің ұзындығы 125 км, су жинау алабы 710 км 2 . Негізгі салалары: Сарысай, Күйгенсай, Қимасар, Бутаковка және т. б. Өзен таулық зонада орташа иірімді, дөн тасты және малтатасты, ені 3-13 м, тереңдігі 0, 15-ден 0, 5 м-ге дейін, орташа жылыдық шығын 0, 32 м 3 /с, Алматы қаласында 2, 3 м 3 /с. Өзен селдік қауіпті өзендерге жатады. Ең апатты сел көшуі 1921, 1956, 1973 жылдары болған. 1966 жылы Медеу шатқалында өзен алабында бөген құрылды. Шатқаладан шыға өзен үш салаға бөліне Есентай, Жарбұлақ (Казачка) және Кіші Алматы өзендеріне айналады. Алматы қаласы шегінде өзен бетондалған, Абай даңғылында өзен жер асты құбырына тіркелген. Өзеннің алабында 46 көлдер, тоғандар және су қоймалары бар.

Өзен суы өндіріс сулары және суғару үшін алынады.

Үлкен Алматы өзені екі ағыстың қосылуынан түзіледі: Озерный және Проходная өзендері. Өзен қаланың батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Таулы бөлігінде Үлкен Алматы өзені құбылмалы және қарқынды, жиі тасып, арнасынан шығып тұрады. Суының гидрохимиялық құрамы жағынан гидрокорбонатты болып саналады.

Үлкен Алматы өзенінің ұзындығы 96 км құрайды, су жинау алабы 425 км 2 . Іле Алатауы жоталарынан бастау алып, Қаскелен өзеніне құяды, оның оң саласы болып табылады. Алматы қаласы және Алматы облысында ағады. Үш екі үлкен мореналық мұздықтардан басталатын ағынның қосындысы арқылы түзіледі. Өзен бойында 40 метрлік темір-бетонды селден сақтағыш бөген салынған. Өзен алабы әртүрлі зоналар шекарасында өтеді - таулық, жазықтық және өтпелі тау алды. Ағын түзуші таулық бөлігі, өзен алабының 46% алады. Таудан шыға Үлкен Алматы өзенінің ені 8 метрді құрайды. Көп жылық су шығыны 4, 96-5, 3 м 3 /с. Өзен және оның салалары селдік қауіпті.

1980 жылы Үлкен Алматы өзенінің аңғарында жасанды түрде Алматы қаласының батыс бөлігіне төніп тұрған селдік қауіпітілікті болдырмау мақсатында 40 метрлік, ұзындығы 422 метрлік сел мен су тасуға тоқтауыл болатын бөгет салынды. Ол бөгеннің су сыйымдылығы 8, 2 млн м 3 .

Үлкен Алматы өзенінің негізгі салалары: Приходная, Терісбұтақ, Қызыл-Күнгей, Серкебұлақ, Күмбель, Аю-Сай.

Сайран - Алматы қаласындағы жасанды көл. Бұрынғы құрылыс материалдарын алатын карьер орында қалыптасқан. Негізінен Үлкен Алматы өзені үшін Төле би көшесіндегі бөгетпен қоса су қоймасы қызметін атқарады. Көлемі - 2, 3 млн м 3 , орташа тереңдігі - 12, 1 м, максимальды 18м. Сайран 1971 жылы салынған.

Жер асты сулары Қопа-Іле жер асты суларымен берілген. Қопа-Іле қазаншұңқыры - грабен-синклиналь. Құрлымның өзі және таулық бөлігі қозғалыс амплитудасы әртүрлі тектоникалық блоктарға бөлінген. Мұнда екінші қатарлы үш ірі қазаншұңқырлар бөлінеді: Жаркенттік, Алматы және Қопа.

Алматы қазаншұңқырларында жер асты суларының негізгі ресурстары төрттік шөгінділердің қалың қабатында шоғырланған, плиоцендік шөгінділер кедейлеу. Едәуір жоғары фильтрациялық қасиеттермен жақпарлы-малтатасты және гравийлі-малтатасты құм араласқан шөгінділерден тұратын ысырынды конустың орталық бөлігімен сипатталады. Төрттік және плиоцендік жер асты сулары қарқынды су алмасу циркуляциясымен ерекшеленеді. Сондықтан су сапасы жоғарғы болып табылады. Милцендік және т. б төмен жатқан шөгінділер үшін термоминиральды сулардың болуы тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цемент зауыты шығарындыларының топырақ жағдайына әсері
Қазақстанның табиғи ортасына әсер етудің әлеуметтік – экономикалық алғы шарттары
Жылуэнергетикасы және қоршаған орта
Автокөліктер тобының двигателдеріне қарай бөлінуі
Қоршаған ортаны ластаушы заттар (табиғи, жасанды)
Қоршаған ортаның, атмосфераның ластануы
Қазақстанның қолайсыз экологиялық аймақтарында қоршаған орта ластануының қауіптілік дәрежесін интегралдық бағалау туралы
«Экологиялық қолайсыз аймақтардың құқықтық режимі»
Алматы қаласының физикалық-географиялық орны
Экология ғылымы және оның міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz