Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық жерлердің территориясын ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

МАГИСТРАТУРА

Физикалық география және геоэкология кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Алматы облысы Жамбыл ауданының агроландшафтарының геоақпараттық жүйесін құрастыру

Орындаған 2 курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: 17 маусым 2009 ж.

б. ғ. д., профессор

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді,

г. ғ. к., доцент 17 маусым 2009 ж.

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

бет
: КІРІСПЕ . . .
бет: 4
: 1
бет: АГРОЛАНДШАФТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК . . .
6
:
бет: 1. 1
Агроландшафттар туралы түсініктің қалыптасуы және жіктелулері . . .
6
:
бет: 1. 2

Агроланшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін жобалаудағы

территориялық талдау ұстанымдары . . .

15
: 2
бет: ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ . . .
24
:
бет: 2. 1
Зерттеу нысандары . . .
24
:
бет: 2. 1. 1
Алматы облысы Жамбыл ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы . . .
25
:
бет: 2. 1. 2
Жер бедері мен геологиялық құрылымы, олардың ерекшеліктері . . . .
26
:
бет: 2. 1. 3
Ауданның климаты, оның ауыл шаруашылығын дамытуға әсері . . . .
27
:
бет: 2. 1. 4
Гидрографиясы: өзен сулары, жер асты сулары, су қоймалары мен көлдері . . .
28
:
бет: 2. 1. 5
Топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі . . .
30
:
бет: 2. 2
Зерттеу әдістері . . .
33
: 3
бет: ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫН зерттеудің ГАЖ технологиясы арқылы АГРОЛАНДШАФТЫҚ карталарын жасау негіздері . . .
46
:
бет: 3. 1
Ауданның жер бетіндегі сулары және ирригациялық жүйелер . . .
46
:
бет: 3. 2
Топырақтық-геоморфологиялық сипаттамасы . . .
50
:
бет: 3. 3
Территорияны ландшафтқа жіктеп, агроландшафтық сипаттау . . .
51
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
бет: 59
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
бет: 60
: ҚОСЫМША . . .
бет: 62

Қысқарған сөздер

ЛБЕЖ - ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесі

ГАЖ - геоақпараттық жүйе

ТТК - табиғи территориялық кешен

Ландшафт (немістің Landschapt - деген сөзінен шыққан) жер бетінің табиғи шептерімен шектелген шағын үлескісі, табиғи географиялық кешен, физикалық - география негізгі ұғымдарының бірі.

Дефляция - дефляция (латынның Deflatio - ұшырау деген сөзінен шыққан) желдің әсерінен борпылдақ тау жыныстары мен топырақтың бұзылуы.

Ирригация -суару (латынның Irrigatio -cуару деген сөзінен шыққан) ылғалы аз жерлерді су жеткізу арқылы қолдан суару, топырақтағы су қорын арттыру.

Эррозия (латынның Erosio - жинау деген сөзінен шыққан) судың топырақты шаю, бүлдіру және тасымалдау әрекеті.

Топырақ эрозиясы - (латынның Erosio - жинау деген сөзінен шыққан ) жыртылған жер топырақтың беткі қабаттарының судың шаюы.

Морфометрия - (грек Morphe - пішін және метрео -өлшеймін ) геоморфологиялық жер беті бедеріне сандық сипаттама беретін саласы. Негізгі морфометриялық көрсеткіш - жер бедері формасының сандық сипаттамалары.

Мелиорация - (латының Mellioratio - жақсарту ) жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық ұйымдастырулардың шаралар жиынтығы.

Лесс (немістің Loss - жұмсақ, болбыр) негізінен диаметрі 0, 1 -0, 01 мм аралығындағы өте ұсақ бөлшектерден тұратын құмайтты жақсы іріктелеген тау жынысы.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Кеңес дәуіріндегі жетпіс жыл бойы мал шаруашылығы табиғаттағы белдемдік (зоналық) жүйемен жүргізілді. Мысалы, Қазақстан территориясындағы қара топырақтық белдеміне арналған агротехнологиялар толық жасалып, негізгі дақыл ретінде бидай өнімін өндіру ұсынылды. Бірақ, өте көлемді (миллиондаған гектар) осы белдемде әр алуан ландшафттық-геоморфологиялық жер бедерлері бар. Олардың құрамында әртүрлі беткейлер (экспозиция) кездеседі. Бұлардың әрқайсысының өздеріне ғана тән ландшафттық ерекшелік (функциялық) құрамдары, қасиеттері, табиғи өндіргіштік мүмкіндіктері бар. Олай болса, бүтіндей далалық қара топырақты белдемге арналған мал шаруашылығы әдіснамалар мен әдістер көздеген мақсатқа жеткізбейді, Яғни, мұндағы әр ландшафттық категориялы үлескілір, өздеріне сәйкес агротехнологияларды қажет етеді. Сондықтан, бұлардан алынған өнімдердің мөлшерлері де әртүрлі болады.

Бұл тығырықтан шығу жолдарын ресейлік академик В. П. Кирюши 1993жылдан бастап іздестіріп, ғылыми-теориялық негізін жасады (23) . Нәтижесінде, Ресейдің бірнеше округтарына арналған ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін (ЛБЕЖ) жасады. Бұл жұмыс, бірінен кейін бірі реттеліңп келетін, бөліктерден тұрады:

-зерттелетін территорияны талдап (анализ), ландшафттардың карталарын жасау;

-олардың агроэкологиялық бағасын беру;

-әртүрлі ландшафттарға арналған агротехнологиялық жүйе жасау;

-осылардың әрқайсысына арнап, сертификттары мен төлқұжаттарын жасау.

Жоғарыда көрсетілгендей, осы ауқымды жұмыстардың бастамасы ретінде, бірінші реттегі іске асырылатын және тұғырнамалық сипаттағы жұмыс- зерттелетін нысандардың ландшафттық карталарын жасау болып табылады.

Сонымен ұсынып отырған диссертациялық жұмыстың тақырыптық өзектілігі ЛБЕЖ-нің негізі болатын, Алматы облысындағы Жамбыл ауданының территориясын талдау.

Тақырыптың жаңалығы:

-Іле Алатауының терістігінде жайғасқан Алматы облысындағы Жамбыл ауданының территориясы ЛБЕЖ-не арналған талдау алғашқы (бірінші) рет іске асырылды.

-осы территорияға арналған топырақтық - геоморфологиялық, жер беті сулары мен ирригациялық және ландшафттық карталар бірінші рет құрастырылды;

-ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін қалыптастывруға арналған территориялық әдіснамалық және әдістік ұстанымдары негізделді.

Жұмыстың мақсаты - Алматы облысындағы Жамбыл ауданының территориясын физикалық-географиялық тұрғысынан талдап, ландшафттық карталарды құрастыру.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешіледі:

- ландшафттар туралы ұғым мен ЛБЕЖ туралы түсінікті талдап, оларға салыстырмалы сипаттама беру;

-зерттеу нысандары мен әдістерін нақтылап, сипаттамалар беру;

Жұмыс 2006-2008 жылдары жүргізіліп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі география факультетінің геоморфология және картография кафедрасының меңгерушісі г. ғ. к., доцент Н. Н. Керімбайдың ғылыми жетекшілігімен орындалды.

Ғылыми жетекшіге және физикалық-география және геоэкология кафедрасының профессоры Ж. Ү. Мамытовқа, осы аталған кафедраның меңгерушісі г. ғ. к., доцент С. С. Түгелбаев пен қызметкерлеріне қол ұшын беріп, көмектескендері үшін шексіз алғысымды айтып, ризашылығымды білдіремін.

1 АГРОЛАНДШАФТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1. 1 Агроландшафттар туралы түсініктің қалыптасуы және жіктелулері

Алғашқы агроландшафтық кешендердің қалыптасуы осыдан 14 мың жыл бұрынғы кезеңнен - адам баласының табиғи ресурстарды қажеттілігіне жарата бастағаннан өріс алған. Осы кезеңнен бастап азық-түліктік мәдени өсімдіктердің дамуы егістікті жерлерде, яғни ірі өзен аңғарлары мен суарылмайтын, климаты қолайлы тау етектерінде жүргізілді.

Дүние жүзі бойынша ауылшаруашылықтық мақсатта игерілген агроландшафттар дала зоналарын қамтиды. Барлық құрлық шегінде ауылшаруашылығында игерілген жердің көлемі 11% болса, далалы аудандарда 80-90%.

«Агроландшафт» термині қазір географиялық және ауылшаруашылықтық ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Күнделікті ғылыми термин ретінде «Агроландшафт» терминінің қолданылуы агрономдық және экологиялық географиялық ортада егістік ландшафтарының принцптері мен әдістері жете зерттелумен байланысты болды.

Егістікті аймақтарда түрлі дақылдарды егу зоналық және азональдық факторларға байланысты қалыптасқан табиғи кешендердің құрылымына, жекелеген ерекшелігіне тәуелді. Сондықтан антропогенез әсерінен өзгеріске ұшыраған табиғи кешендердің деңгейі, сандық және сапалық көрсеткіштері тіпті бір зона шеңберінде әр алуан. Бұл көрсеткіштерге егін шаруашылығында қолданылатын агротехникалық шаралар мен тыңайтқыш түрлерінің, егістікті өңдеу әдістерінің де елеулі әсер ететіні белгілі. Осылайша табиғи кешендер шеңберінде ауыл шаруашылықтық және табиғи жүйелердің себеп-салдарлы тығыз байланысынан құрылымы мен функционалдық қасиеті ерекше табиғи-антропогендік комплекстер - агроландшафтар қалыптасады.

Агроландшафттық, яғни егістікті комплекстерде әртүрлі агротехникалық және мелиоративтік шараларды пайдаланғанда қалыптасатын табиғи-антропогендік құрылымдар, ізденістердің методикалық негізі мен теориялық мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. ТМД елдерінде агроландшафтық ізденістердің негізін қалап, осы ғылыми бағыттың дамуына көп үлес қосқан ғалымдар: В. А. Николаев, К. В. Зворыкин, И. В. Иванов, А. Г. Исаченко, т. б. болса, агроландшафтық ізденістердің ғылыми жүйе ретінде қалыптасуына үлес қосып, оның методологиялық негізін жете тұжырымдағандықтан, В. А. Николаев ТМД агроландшафт мектебінің негізін қалаған ғалым деп есептеледі [1] .

«Агроландшафт» термині география мен ауылшаруашылықтық ғылыми оқулықтарда кеңінен қолданылады. Жерді егістік мақсатта пайдалануда жеке топырақ қабатында ғана емес, бүкіл комплекс шеңберінде өзгеріс болатыны белгілі. өйткені егістікті айналымға геологиялық құрылым, жер бедері, жер асты мен жер беті сулары, климат пен өсімдік жамылғысы да қатысады. Сөйтіп, бір жағынан территорияның табиғи жағдайы мен табиғи ресурстары, екіншіден ауылшаруашылықтық өндірістік кешен бір-бірімен тығыз байланыста біртұтас агроландшафтық жүйе құрайды. Осы агроландшафтық жүйенің экологиялық ортасы - агроценоз немесе егілетін ауылшаруашылықтық дақыл.

В. А. Николаев бойынша бүкіл антропогендік ландшафтар модификациясынан агроландшафтар ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығында агротехникалық және мелиоративтік шараларды пайдалана қолданылса да, олардың табиғи құрылымы қайтымсыз өзгеріске ұшырайды. Сондықтан, агроландшафтарды табиғи механизмі, яғни өздігінен қалпына келуі нашар табиғи-ауылшаруашылықтық геоэкожүйе деп қарастыруға болады. Өйткені: 1) ұзақ тарихи уақытта дамыған табиғи тұрақты фитоценоздарды бір жылдық агроценоздармен ауыстыру; 2) бір жылдық агроценоздарда арам шөптер мен ауыл шаруашылығына қауіпті зиянкестердің пайда болуы; 3) топырақ қабатының механикалық құрамының өзгеруіне байланысты оның эрозия мен дефляция сияқты процестерге тұрақтылығы нашарлайды; 4) жасанды химиялық тыңайтқыштарды енгізу салдарынан топырақ фаунасы жойылады, жер асты суларының минералдық құрамына әсер етеді; 5) табиғи биогеохимиялық айналым өзгереді; 6) ландшафтардың түрлік құрылымы нашарлайды, морфологиялық бірліктерде аграрлық кешендер нығая түседі; 7) осылардың салдарынан территорияның шөлденуі, эрозияға және дефляцияға ұшырауы үдемелі дамиды.

Дегенмен егістікті аймақтарды және ауыл шаруашылықтық дақылдарды жүйелі йымдастыру территорияның ландшафтық құрылымына сәйкес келуі керек. Сондықтан егістік және шабындықты жерлерден жоғары өнім алу территорияның ландшафтық құрылымына, қосылатын органикалық және минералды тыңайтқыштардың сапасына, топырақтың физикалық, механикалық, химиялық қасиетіне тәуелді.

Алғашқы агроландшафтық кешендер өзен аралықтарында және оған жақын орналасқан территорияларда осыдан 10 мың жыл бұрын пайда болған. Егін шаруашылығының алғашқы ошағы деп есептелетін Азияның егіс далаларында арпа, бидай, сұлы, бау-бақшаларда жүзім, алма, алмұрт, алша өсірілген. Сонымен қатар Жерорта теңіздік, Индонезиялық, Батыс Судан, Үнді, Қытай, Мексика мен Перуан сияқты көне егін шаруашылығы ошақтары да белгілі болған. Әрбір егін шаруашылық ошақтарында литогендік негізге, гидроклиматогендік жағдайға, мәдени өсімдіктер түріне, агротехникалық шараларға, мелиорация және тыңайтқыш түрлеріне байланысты табиғи кешендердің мәдени агроландшафт түріне ауысуы бірдей болмаған.

Қазақстан территориясында егін шаруашылығына көшудің бастамасы мезолит дәуірін - осыдан 14 мың жыл бұрынғы кезеңді қамтиды. Мартыновтың тұжырымы бойынша, осы кезде Орта Азияда дәкейтун мәдениеті кеңінен тараған.

Агроландашафтардың пайда болуы мен дамуы егістік жерлерден жоғары өнім алу үшін ауыл шаруашылықтық және мелиоративтік шараларды кеңінен пайдалануды талап етеді. Антропогендік кешендердің ең көп тараған түрі - ауыл шаруашылықтық біріктер. Жыртылған жерлердің, бау-бақшалардың және екпе шабындықтардың ауданы 19 млн км 2 , жайылымдар мен антропогендік шабындықтардың ауданы - 28, 5 млн км 2 - құрлықтың 32 пайызы. Қазақстанда жыртылған жердің мөлшері бүкіл жер қорының 16 пайызына тең. Егін шаруашылығы мақсатында жыртылған жердің ауданы бойынша Қазақстан дүние жүзінде Индия, Ресей, АҚШ, Қытай, Канададан кейінгі 6 орынды алады. Дегенмен, егін шаруашылығының жекелеген салалары үшін қолданылатын жердің сандық үлес салмағы бірдей емес [2] .

Ежелден ауыл шаруашылықтық егістік жерлердің орталығы ірі өзен бассейндері мен соған жақын орналасқан территорияларда болған: Ніл, Инд, Ганг, Амудария, Сырдария, Хуанхе сияқты көне өзен атырауларын айтуға болады.

Табиғи ландшафтармен салыстырғанда агроландшафтардың құрылымы динамикалық тұрақсыз және тез өзгермелі. Осыдан 50-60 жыл бұрын Қазақстанның солтүстік аймақтарында тың және тыңайған желерді игеру дала зонасына тән кешендердің жасанды егістікпен алмасуы осының айғағы.

Агроландашфтық кешендер жалпы антропогендік ландшафтар модификациясы проблемасының бір бөлігі ретінде қаралып келеді. Агроландшафтарды көптеген көрсеткіштері бойынша жіктеуге болады:

  1. шаруашылықтағы құндылығы бойынша;
  2. пайда болу мақсатына қарай;
  3. шығу тегі бойынша;
  4. өмір сүру ұзақтығы мен қайтып орнына келу деңгейіне қарай;

Адамның әсер ету деңгейіне қарай агроландшафтар төмендегідей топтарға жіктеледі:

  1. Фитогендік ауылшаруашылықтық ландшафтар: табиғи өсімдік топтарының түпкілікті өзгеруімен ерекшеленеді. Мысалы, егістіктер, жасанды жайылымдар мен қолдан отырғызған орман ағаштары.
  2. Гидрогендік ауылшаруашылықтық ландшафтар: топырақ қабатының су режимінің өзгеруі. Олар: егістікті, шалғынды-жайылымды және бау-бақшалы ландшафтар - бірде жасанды суару, бірде құрғату жұмыстарының алмасып отыруы. Екі жағдайдағыда гидрогендік ауылшаруашылықтық ландшафтар жоғары биологиялық өнімділікпен сипатталады.
  3. Педогендік ауылшаруашылықтық ландшафтар - топырақ қабаты түбегейлі өзгеріске ұшыраған табиғи кешендер. Олар: көне суармалы егістікті аймақтағы оазистер, бұрынғы батпақты құрғатудан босаған топырақ қабаты т. б. Педогенді ландшафтардың топырағының құрамы, қара шіріндінің сандық және сапалық құрамы өзгеше, өзіндік макро, микрофлора тән.
  4. Литогендік ауылшаруашылықтық ландшафтар - аналық жыныс пен топырақ қабаты түпкілікті өзгеріске ұшыраған кешендер. Ұзақ уақыт бойы жер жырту салдарынан топырақ түзуші жыныстардың өзгеруі, рельефті жасанды түзету беткейлерде терраса жасау т. б.
  5. Польдерлі неоландшафтар - бір ландшафтың екіншісімен түбегейлі ауысуы - таяз өзен, теңіздердің түбіне жасанды жолмен егістік пен бау-бақша егу. Дегенмен, агроландшафтардың көпеген түрлерінен кеңінен тарағандары: суарылмайтын және суарылатын агроландшафтар.

Ауылшаруашылықтық мақсатта пайдаланылатын жерлер суарылмайтын және суаруды қажет ететін территориялар деп бөлінеді. Дүние жүзінде суарылмайтын егістік жерлер жыртылған жердің көп бөлігін алып жатыр, сондықтан антропогендік ландшафтар модификациясы ірі аймақты, құрлық ауданының 13 пайызын қамтиды, бірақ соңғы ғасырда оның ауданы екі есе өсіп отыр. Дегенмен, біріншіден жыртылған жердің ауданының осындай қарқынмен өсуі, екіншіден, жыртылған жердің үлес салмағының бүкіл құрлық ауданымен салыстырғанда аздығы жер ресурстарын шексіз пайдалануға болады деген түсінік тудырмау керек. Шындығында жыртылуға жарамды жердің ауданы көп емес, өйткені жер бетінде ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізуге қолайлы жер үшін белгілі бір экологиялық тосқауыл бар екені мәлім. Ол - рельеф пішіні мен климат.

Жерді халық шаруашылығында пайдалануда жыртылған жер мен рельеф пішіні арасында тығыз байланыс бар екенін анық байқауға болады. Негізгі шектеуші фактор - жер бетінінің еңкіштігі, өйткені жер бетінің эрозиялық процестеріне, топырақ қабатының ылғалдануына, микроклиматқа және ауылшаруашылықтық техниканы пайдалану мүмкіншілігіне тікелей әсер ететіні белгілі. Жыртылған жерлердің басты бөлігі жазықтар мен қыраттарда орналасқанымен, кейбір мәдени дақылдар, мысалы шай еңкіштігі 15-20 градустық беткейлерде өндіріледі. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығына тиімді жерлердің ауданы бүкіл құрлық ауданының 40 пайызына сәйкес, бірақ оларды егін шаруашылығында пайдалану мүмкіншілігі климаттық көрсеткіштерге: температура мен жауын-шашын мөлшеріне тәуелді екені белгілі. Осы факторларды есепке алып, үлкен ақша қаражатын шығаруды талап етпейтін (суару, құрғату мен беткейлерде терраса жасау) жыртылған жерлердің ауданы құрлық бетінің 6 пайзына тең. Климаттық жағдай тиімді болған жағдайда егін шаруашылығы таулы аймақтарда үлкен биіктікке дейін көтеріледі. Европа мен Азия елдерінде жоғары биіктіктерге дейін арпа, Европада - сұлы, ал Америка елдерінде картоп таралады. ТМД территориясы бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде ғалымдардың мәліметіне жүгінсек, онда биік таулы аймақтардың климаты: радияциясының жоғары болуы, атмосфера қабатында көмір қышқөыл газының төмен болуы, төменгі көрсеткіштегі температураның басым болуы мен тәуліктік ауа температурасының күрт ауытқып отыруы өсімдік организмінің адам баласына қолайлы бағытта қайта құрылуына мүмкіншілік туғызады. Мысалы, биік таулы аймақтарда арпа мен сұлының құрамында қанттың мөлшері 35-40 пайызға, бұршақ қабыршағында 18-20 пайызға артатыны белгілі. Сондықтан өсімдік жамылғысының үсік пен құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Жазық жрлерде температура 1, 0-1, 5 градусқа төмендегенде өліп қалатын өсімдіктер: мысалы, қытай капустасы, шпинат, картофель таулы аймақтарда 10-15 градуста жақсы өнім береді. Дегенмен, таулы территорияларда вегетациялық кезең аз уақытқа созылатындықтан, осы уақыт аралығында өсіп жетілетін өсімдіктерді егу тиімді. Биік таулы аймақтарда өсетін өсімдік жамылғысының азықтық құны жоғары, өйткені оларда С витамині көп жиналады. вегетациялық кезең аз уақытқа созылатындықтан және жауын-шашын мөлшері жеткіліксіз болғандықтан, қуаңшылыққа төзімді, тез пісіп жетілетін дәнді дақылдар егіледі.

Бүгінгі таңда жыртылатын жердің басым бөлігі солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінің оңтүстігі мен субтропиктік белдеуінің ылғалы жеткілікті территорияларында таралған. Осы аймақтардан солтүстік пен оңтүстікке қарай жыртылатын жердің көлемі азаяды: тайга мен орманды тундрада 2 пайызға, тропикте 10-15 пайызға дейін төмендейді. әр адам басына шаққанда жыртылған жердің мөлшері жекелеген елдер бойыша әрқалай. Мысалы, Жапонияда 0, 07 гектар, Египетте - 0, 10, ТМД мен АҚШ-та - 2, 0, ал Австралияда 40 гектардан көп [3] .

Агроландшафтық кешендердің жалпы ауданының жылдан-жылға артып отыруы планета шеңберінде жағымсыз өзгерістердің бастамасы болады: зат пен энергия айналымындағы ауытқуларды айтсақ та жеткілікті. Игерілген топырақ қабатында құнарлы заттарды пайдалану бір бағытта өтеді, ол - мәдени өсімдікпен бірге құнарлы заттардың топырақ қабатынан шығып, тірі организм арқылы айналымға қатысуы. Топырақты өңдеу нәтижесніде органикалық заттар мен қара шіріндінің ыдырауы, эрозия мен құнарлы заттардың шаң тозаң арқылы ұшуы тездейді. Оысының тікелей нәтижесі - зат пен энергия айналымындағы және атмосфераның газдық құрамындағы ауытқулар.

Ауылшаруашылықтық өндірісі бірқатар табиғи жағдайға тәуелді: ауа райы, топырақтың механикалық құрамы мен қасиеті, жер асты суларының деңгейі мен минералдануы, рельеф пішіні. Табиғи-шаруашылықтық жағдайды ескермей, кез келген территорияның ауыл шаруашылық жүйесін ғылыми дәлелсіз ұйымдастыру мүмкін емес. //

Ауыл шаруашылық салаларын мамандандыру, жерді тиімді ғылыми тұрғыда пайдалану табиғи-шаруашылық жағдайды есепке алуды қажет етеді. Агроландшафтардың өнімділігі жердің сапасына және оны тиімді пайдалану деңгейіне байланысты. 1997 жылғы мәліметтер бойынша, Республикада ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің ауданы 222, 2 млн. гектар болды, оның 41, 3 пайызы жыртылған жер, 2, 3 пайызы - шабындық, 83, 4 пайызы - жайылым. ТМД елдерінің басқа аймақтарымен салыстырғанда Қазақстанның ауыл шаруашылығы біршама қолайсыз жағдайда дамиды: тең жартысын ылғалдануы - 90 - 100мм, шөл және шөлейт зоналары алып жатыр. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысын бойлай созылып жатқан таулы аймақтарда 1000-1600мм болса, жазықты, тегіс егін шаруашылықты жерлерде 250-400 мм шамасында. Вегетациялық кезеңдегі активті температура жиынтығы 2000-2200-4000° шекте өзгеріп отырады. Осы ерекшеліктер ауыл шаруашылық жүргізу жүйесіне және оның кеңістікте таралуына көп әсерін тигізеді.

Біртекті ауа райы жағдайында дамитын агроландшафтарда бір-бірінен жер бедері, жер асты суларының деңгейі, минералдығы, топырақтың қара шіріндісінің мөлшері, оның ылғалдығы, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің мамандану саласы мен кеңістікте орналасуына қарай ауыл шаруашылықтық аймақтарға жіктеледі (1 - кесте)

Кесте 1 - Қазақстанда пайдаланылатын жерлердің ауыл шаруашылықтық аймақтарға жіктелуі

Ауыл шаруашылықтық

аймақтар

а/ш пайдаланыла-

натын жер

Жыртылған жер

Пішен,

шабындық

Жайылым
Млн га
%
Млн га
%
Млн га
%
Млн га
%
Ауыл шаруашылықтықаймақтар: Дала
а/ш пайдаланыла-натын жер: 22, 8
Жыртылған жер: 10, 2
Пішен,шабындық: 14, 9
Жайылым: 41, 9
0, 5
8, 4
7, 8
4, 3
Ауыл шаруашылықтықаймақтар: Құрғақ дала
а/ш пайдаланыла-натын жер: 44, 6
Жыртылған жер: 19,
Пішен,шабындық: 14, 2
Жайылым: 40, 1
1, 7
27, 8
28, 4
15, 6
Ауыл шаруашылықтықаймақтар: Жартылай шөл
а/ш пайдаланыла-натын жер: 40, 2
Жыртылған жер: 17, 9
Пішен,шабындық: 1, 6
Жайылым: 4, 5
1, 6
26, 5
36, 6
20, 1
Ауыл шаруашылықтықаймақтар: Шөл
а/ш пайдаланыла-натын жер: 89, 9
Жыртылған жер: 40, 1
Пішен,шабындық: 0, 5
Жайылым: 1, 2
1, 3
21, 7
88, 5
48, 6
Ауыл шаруашылықтықаймақтар: Тянь-Шань
а/ш пайдаланыла-натын жер: 20, 4
Жыртылған жер: 9, 1
Пішен,шабындық: 3, 5
Жайылым: 9, 9
0, 6
9, 6
15, 9
8, 7
Ауыл шаруашылықтықаймақтар: Алтай
а/ш пайдаланыла-натын жер: 6, 3
Жыртылған жер: 2, 8
Пішен,шабындық: 0, 9
Жайылым: 24, 0
0, 4
6, 0
5, 0
2, 7
Ауыл шаруашылықтықаймақтар: Республика бойынша
а/ш пайдаланыла-натын жер: 224, 2
Жыртылған жер: 100
Пішен,шабындық: 35, 6
Жайылым: 100
6, 2
100
182, 2
100

Дала зонасында республиканың ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің 10, 2%, жыртылған жердің 41, 9% тиеді. Топырағы қара топырақты және ылғал біркелкі таралатындықтан суарылмайтын егін шаруашылығына жағдай жеткілікті.

Құрғақ дала зонасында ауыл шаруашылыққа пайдаланылатын жердің 19, 9% және жыртылған жердің 40, 1% орналасқан. Бұл территориялар Қазақстанның ауыл шаруашылығының негізгі аудандары болып есептеледі. Ерекшелігі топырағы жел эрозиясына бейімділігі, сондықтан топырақты өңдеу кезінде эрозияға қарсы жан-жақты шаралар жүргізу қажет.

Өсімдік пен жануарлар дүниесінің өзгеруіне тоқтала кететін болсақ, жерді егін шаруашылығында пайдаланудың нәтижесінде өсімдік пен жануарлар дүниесі тікелей, әдейі өзгеріске ұшырамайды, олардың жойылуына өмір сүру ортасының нашарлауы әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MapInfo бағдарламасындағы ГАЖ технологиясын пайдаланып дифференцияцияланған ландшафтық карталарын жасау әдістері (Алатау аумағында)
Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру
Ландшафттар және оларға бейімделген мал шаруашылығы жүйесі
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу
Әртүрлі территориялық деңгейдегі жерлерді тұрпаттау және агроэкологиялық бағалауды картографиялау
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Өлкетану жұмыстарының мақсаттары
Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz