Алматы облысының мал шаруашылығын картографиялау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану
факультеті
Картография және геоақпараттану кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Алматы облысының мал шаруашылығын картографиялау
География және табиғатты пайдалану факультетінің
деканы, г. ғ. д., профессор
Картография және геоақпараттану кафедрасының жетекшісі,
г. ғ. к., доцент
Ғылыми жетекшісы,
аға оқытушы
Алматы - 2012
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I Алматы облысы территориясына физгеографиялық сипаттама
1. 1 Географиялық орны .
1. 2 Жер бедері, мен геологиялық құрылымы.
1. 3 Климат жағдайы.
1. 4 Топырақ жамылғысына.
1. 5 Өсімдіктері мен жануарлар әлемі.
II Алматы облысының мал шаруашылығына жаллпы сипаттама. Мал
шаруашылығын дамытудың теориялық мәселелері.
2. 1 Облыстағы мал шаруашылығының қалыптасу үрдісі мен кезеңдері.
2. 2 Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтың
қызыметін талдау.
2. 3 Мал шаруашылығындағы шаруа қожалықтарының алатын орны.
III Алматы облысының мал шаруашылығының картасын құрастыру
әдістемесі.
3. 1 Жалпы географиялық карталарды құрастыруда ГАЖ бағдарламасының
ролі.
3. 2 Географиялық карталарды құрастыруда ArcGis бағдарламасында
қолданылатын бейнелеу әдістері.
3. 3 Алматы облысының мал шаруашылығы картасын ArcGis
бағдарламасында құрастыру жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың тақырыбы : Алматы облысының мал шаруашылығын кортографиялау
Жұмыстың мақсаты : Алматы облысының мал шаруашылығының жаңа бағыттарының қалыптасуын және аудандарын анықтап, ArcGIS- бағдарламасында карта құрастыру.
Жұмыстың міндеттері :
- Алматы облысының физгеографиялық сипаттамасын анықтау;
- Зерттелу аумағының мал шаруашылығына әсерін, ерекшеліктерін қарастыру;
- Анықталған аймақтардың ерекшеліктерін талдап, тұжырымдап, қорытып картаға түсіру.
Жұмыстың өзектілігі : Картографиялық өнім жан-жақты қолданылады: бастауыш мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін, өндіріс пен өнеркәсіптің құрылысшылар тобынан бастап министрлік кызметкерлеріне дейін. Карталарды қолданушылардың дайындық деңгейі, эстетикалық қабылдау қабілеті әртүрлі болып келеді. Сонымен бірге, карта бетіне түсетін объектілер мен құбылыстар мазмұны да, оның сипаттамасы да ерекшеленеді. Объектілер мен құбылыстардың мазмұндық сипаттамасы басым сандық және сапалық болуы мүмкін. Осыған қарай картографияда бейнелеу тәсілдері де ерекшеленеді. Карта мазмұны сипаттамасына қарай таңдалған тәсілдік белгілердің пішіні мен түсі өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл өзгерістер карта өнімінің арналуына (оқушыларға, студенттерге, әртурлі мамандарға) және масштабына байланысты. Қортындылап айтқанда, картаның қабылдануы, онымен жұмыс істеу нәтижелік тиімділігін жоғарлату үшін бейнелеу тәсілдері дұрыс таңдалуы және қолданылуы диплом жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптық карталар, оның ішінде ауыл шаруашылығы ауданның карталарын құрастыруда сандық және сапалық мәнді мәліметтерді көрсететін белгілер қолданылады.
Зерттеу әдістері : далалық зерттеу жұмыстары, кешенді физикалық- географиялық талдау, деректерді компьютерлік өңдеу әдісі.
Ақпарат көздері : Диплом жұмысының дайындалуында келесі материалдар қолданылды:
- Бейнеленетін территорияның 1:1 500 000-дық топографиялық карталары;
- Қазақстан атласы. - Алма-Ата: 1982 ж. 2 т. ;
- ҚР ОҒМ География институтының фондық және есептік материалдары;
- Қарастырылып отырған мәселеге байланысты ғылыми және әдістемелік әдебиеттер;
- Arc GIS пакетінің операциялық бағдарламалары - 9, 3 версия.
Ғылыми жаңалығы : Картографиялық өндірістегі негізгі картографиялық өнімдер түрлерін құрастыру.
Практикалық маңызы : Жұмыс барысында құрастырылған карталар сериясы арқылы халық Алматы облысының мал шаруашылығы жағдайын анықтап, даму болашағын болжай алады.
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қортындыдан, қолданған әдебиеттер тізімінен (31), 13-суреттен және 4-картадан тұрады, 7-кестеден турады. Жұмыстың жалпы көлемі компьютерлік текстің 74 бетінен тұрады.
Кілттік сөздер :, изосызықтар, картографиялық шартты белгілер, картографиялық белгілер, бейнелеу тәсілдері, сызықтық белгілер әдісі, нүктелік әдістер, ареал белгілері, ГАЖ технологиясы.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I Алматы облысы территориясына физгеографиялық сипаттама
- Алматы облысының географиялық орналасуы
Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. Оның аумағы 1997 жылғы 22 сәуірдегі Талдықорған облысының қосылуына байланысты екі есе өсті және аумағы 224 мың шаршы километрді құрады. Облыс халқы 17000 мыңды құрайды(Алматы қаласын қоспағанда) . Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан. 73051' және 83030' шығыс бойлық пен 42015' және 47020'ендікте жатқан облыс шығысында - Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде - Қырғызстанмен, оңтүстік-батысында - Жамбыл облысымен және солтүстік-шығысында - Шығыс Қазақстан облысымен шектеседі. Алматы облысы шығыстан батысқа дейін 700 шақырым, оңтүстіктен солтүстікке дейін 500 шақырымға созылып жатқан табиғи жағдайы әр түрлі болып келетін үлкен аймақ. Жерінің көлемі облыстар ішінде бесінші орында. Облыс аумағында 16 әкімшілік-аумақтық бөлініс - Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқант, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандары және облыстық бағыныстағы үш қала (Қапшагай, Талдықорған, Текелі) және аудандық бағыныстағы жеті қала - Есік, Жаркент, Қаскелен, Сарқант, Талғар, Үшарал, Үштөбе, сондай-ақ 13 кент бар. Облыс орталығы Талдықорған қаласы болып табылады.
Жер бедері. Облыстың жер бедері өте күрделі келеді. Оның Балқаш көліне ұласатын сотүстік бөлігі - көлбеу жазық. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювилік және эолдық шөгіеділерінен түзілген. Бсым бөлігін Сарыесік-атырау, Тауқұм, Қорғанқұм шағылы алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғарына ұласатын атырабы көне құрғақ арналармен тарамдалған. [1]
Облыстың көп жерін оңтүстігінде Тянь-Шань тауының солтүстік сілемдері Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, шығысында Кетмен жотасымен жалғасын табатын Терскей алатауы, сонымен қатар, шығысында Жоңғар Алатауы алып жатыр. Ал солтүстік жағы Оңтүстік Балқашмаңының сорлар мен сортаңдардан, тақырлардан және құмдардан тұратын шөлді жазығымен жалғасады. Бұндай географиялық орналасу облыс жерінің жер бедерінің, климатының, топырақ жамылғысының және өсімдік жамылғысының әр түрлілігінің дәлелі болып табылады. Облыс аумағында мұздықтардан шөлге дейінгі ландшафтының барлық түрі кездеседі. Физикалық-географиялық орналасуының тағы бір ерекшелігі - ол облыстың солтүстік шетінде батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігінің суы ащы болып келетін Балқаш көлінің орналасуы .
Алматы облысының климаты шұғыл континентті, оның себебі мұхит пен теңізден алшақ орналасқандығы.
Жер беті және жер асты сулары бірқалыпты орналаспаған. Ірі өзендерге Іле, Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Талғар, Қаскелең, Үкен Алматинка және Кіші Алматинка, Лепсі, Ақсу, Қаратал, Тентек және тағы басқа.
Ірі көл суаттары: Балхаш, Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл, Үкен Алматы көлі, Қапшағай, Бартоғай, Күрті.
Алматы облысының аумағы солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен (Шолақ, Қызыл-саяқ, Қоскеліншек, Қызылтас, Табақкеңтатар, Қараүңгір, т. б. ) . солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасымен, Барлык Майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы, Борохоро, Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь-Шанның Кетпен (Ұзынқара) жотасымен және Күнгей Алатауымен, оңтүстігінде Іле, Теріскей Алатауларымен және онтүстік-батысында Шу-Іле тауларының Жетіжол және Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу-Іле тауларының Айтау, т. б. аласа таулар мен тауаралық аңғарлар шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді-шөлейтті өңіріне ұласады.
- Жер бедері мен геологиялық құрылымы
Облыстың жер бедері өте күрделі келеді. Оның Балқаш көліне ұласатын солтүстік бөлігі - көлбеу жазық. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Басым бөлігін Сарыесік-атырау, Таукұм, Қорғанқұм шағылы алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғарына ұласатын атырабы көне құрғақ арналармен тарамдалған. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі таулы келеді. Солтүстік-шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауларының аралығында Жетісу (Жоңғар) кақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері көмкерген. [2] Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңкырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік шоқысы - Бесбасқан орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы аумағы 1, 3 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқын, т. б. ) өз маңындағы жазық өңірге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысы Солтүстік Тянь Шань сілемдерінің Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасынан құралған. Жетісу мен Іле, Күнгей Алатаулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Облыстың оңтүстік-батысы мен батысында Шу, Іле аласа таулары және Жусандала, Қопа, Бозой, Қараой үстіртті жазықтары жайғасқан. Тарбағатай жотасы мен Жетісу Алатауы аралығын ауқымды Алакөл ойысы алып жатыр. Бұның батысындағы жазық жағалау Балқаш көліне, оңтүстік-шығыс жағы Жетісу қақпасына жалғасады .
Шығыстағы ірі тау массивтерінің бірі -Жетісу Алатауы. Оның ұзындығы 450 км., ені -200 км. Шығыс бөлігі Қытай жеріне өтеді. Көксу, Боротола (Бұратала) өзенінің аңғарлары тау жүйесін екі жотаға бөледі. Солтүстік Жетісу жотасы доғаша иіліп, сыртын оңтүстікке береді. Оның шығыс бөлігі биік әрі мұздықты келеді. Батысында аласа шағын жоталарға тармақталып барып, Балқаш маңы жазығына ұласады. Жотаның солтүстік беткейі бірте-бірте сатыланып, аласарады да тауалды жазығына айналады. Мұнда көптеген шағын тау массивтері (Күнгей, Суыктау, Тастау, Шыбынды. т. б. ) жатыр. Бұлар өзара тауаралық ойыстармен бөлінеді. Оңтүстік Жетісу жотасы негізінен ірі Токсаңбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Ең биік шыңы - Бесбақан тауы (4464 м) . Солтүстік Жетісу жотасы қүрамындағы Көкжота тауында. Жетісу Алатауының солтүстік беткейінен Тентек, Лепсі, Басқан, Ақсу, оңтүстік беткейден Көксу, Боратола (Бұратала), Қора, Үсек (Өсек), т. б. өзендердің аңғарлары басталады. Оңтүстік беткейдегі өзендердің суы тұщы, тасуы күшті. Жетісу Алатауының оңтүстік етегі Іле ойысымен (алабымен) шектеседі. Ойыстың батыс бөлігін Қараой және Итжон үстірттері қамтиды: бұларды Іле өзеніндегі Қапшағай шатқалы бөледі. Іле аңғарының Қазақстан жеріндегі ұзындығы шамамен 250 км, енді жері 50-55 км, негізінен калың борпылдақ шөгінділерге толған, сол жағалауында құмды, кұм төбешікті жер бедері қалыптасқан. Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты Іле аңғарының біраз бөлігі су астында қалды. Оңтүстік-шығыста Тянь-Шань жүйесіне жататын ірі тау жоталары (Қазақстанның ең биік тау жотасы - Хан Тәңірі шыңы (6995) осында) жатыр. Бұл массив жоталары өте күрделі тілімденген әрі өтуге қиын. Хан Тәңірі шыңы бүкіл Тянь-Шандагы мұзданудың негізгі торабы, ірі мұздықтар да осында шоғырланған.
Облыс жеріне Тянь-Шань тау жүйесінің Күнгейсай және Теріскей Алатау жоталарының шығыс, солтүстік-шығыс бөлігінің біраз сілемдері кіреді. Солтүстігінде Текес және Кетпен тауаралық ойысы жатыр, оны солтүстігінен Кетпен (Ұзынқара) жотасы тұйықтаған. Биік жері - 3652 м (Аспантау т. ) . Мұнда мұздық жоқ, тау бастары жатық, оңтүстік бсткейі тік кұлама, солтүстігі көлбеу. Тянь-Шанның солтүстік бөлігіңдегі биік тау жотасы - Іле Алатауы; ең биік жері - Талғар шыңы (4951 м) . Жота батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылады. Шығысында орографиялық біртұтастығын жоғалтып, тауаралык Жалаңаш, Сөгеті ойыстары арқылы тармақталып кетеді. Солтүстік бөлігіндегі Қараш тауы Турген өзенінің сыртында Бақай және Сөгеті, одан әрі Бұғыты тауына жалғасады. Орта сілемі Сарытау, Торыайғыр жоталарынан, оңтүстігінде Далалық таулы үстіртінен құралған.
Батысында Іле Алатауы аласа Жетіжол, Кіндіктас тауларына ұштасады да, одан солтүстік-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле сілемі бөлініп шығып, Балқаштың батыс жағалауына дейін созылады. [3] Іле Алатауының оңтүстік беткейі терең шатқалдармен және каньондармен тілімденген. Мұнда сел тасқыны, қар көшкіні сияқты құбылыстар жиі болады; ірі мұзтау торабы (393 мұздық бар, олардың жалпы ауданы 469. 7 км2, мұзының көлемі 27, 7 км2) орналасқан . Таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер және тағы басқа полеозой жыныстары кездеседі. Тау етегі және аймақтың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Аудандағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, ыдырлы жазық қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоникалық процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзілген. Іле Алатауының осындай морфологиялық құрылымы оның солтүстік жоталарынан ағып түсетін меридиан бағытында жатқан өзен аңғарларының бағытын анықтайды. Іле Алатауының құрылымына солтүстік және солтүстік-батыс ауа массалары қатты әсерін тигізеді.
Іле Алатауы ежелгі шөгінді, атпа жыныстардан, құмтастан, гранит пен гнейстен түзілген. Іле Алатауының солтүстік, яғни ауданға кіретін бөлігі көлбеу көптеген өзендермен күшті тілімденген. Тянь-Шанның басқа бөліктеріндегі сияқты Іле Алатауында да күшті жер сілкінісі болады. Өте күшті жер сілкіну 1911 жылы болды. Сонымен қатар палеозой дәуіріндегі каледон, герцин тау жасалуынан кейін кайнозой дәуірінің альпілік тау жасалу кезінде қайта көтерілген. Альпілік тау түзілісі жер қыртысында жарылу туғызып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардың бірі төмендеп, екіншісі көтеріліп, оларда қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қайта қалыптасқан. [4] Бұған Тянь-Шань тауының солтүстік бөлігі Іле Алатауы мысал бола алады. Еңбекшіқазақ ауданының территориясындағы ұзақ уақыт геологиялық өзгерістердің нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды: оған Талғар ауданына қарасты - Іле Алатауы мен Іле Балқаш жазығының біраз бөлігі кіреді. Іле Алатауының тау жасалу процесі аяқталмаған.
Үштік кезеңнің аяғына қарай қуатты тектоникалық қозғалыстар жиі болып тұрады. Бұл процестің қорытындысында жергілікті полеозойлық фундамент көлденең немесе түзу бағыттағы жеке блоктар мен блоктар жүйесіне бөлінеді. Блоктар жүйесінің торы таудың әр түрлі биіктігінде болып тұрды. Тау жоталарының фронталды бөлігі мен фланг бөлігінде де вертикальды сатылы құрылым осы процестердің нәтижесінде пайда болды.
Тау жотасының ұзаққа созылған көтерілу процесі кезінде, шұғыл суытатын циклдармен алмасып келетін жылы және ылғалды кезеңдердің бірнеше рет қайталануы үштік кезеңнің аяғында басталған төрт рет болған мұз басу процесіне себепші болды. Бірінші реттік мұз басу жер бедерінің беткі қабатын ғана қамтиды. Екінші реттік мұз басу жер бедерін жартылай ғана басты. Қалған үшінші реттік пен төртінші реттік мұз басу кезеңі ұзаққа созылды. Мұз басу дәуірі аккумуляция процесінің зор көрінісімен сипатталады. Мұз басу дәуірі аралық мұз басу дәуіріне бөлінген. Аралық мұз басу кезінде мұз басу процесі тоқталып, эрозиялық процестердің үлкен масштабтағы дамуы жүрді. Бірақ мұз басудың тоқтау процесі бірқалыпты жүрмеді. Кейбір уақыттарда мұз басу процесі шұғыл тоқтады, ал басқа кезеңдерде тұрақты сақталынып тұрды. Мұз ерігеннен кейін артынан қуатты мореналар қалдырып отырды. [5] Ең соңында бұл мореналар жуылып, эрозиялық процестердің арқасында түгелімен жойылды. Соңғы рет болған мұз басу дәуірінің ғана мореналары сақталды. Бұл мореналармен 2600-2700 м биіктікте орналасқан ежелгі мұз басу цирктері мен аңғарлардың табаны толды.
Геологиялық құрылымына протерезойлық және төменгі палеозойлық геосинклинальді шөгінділер, тас көмірді девондық, пермдік, қалдықтар қатысады. Тұндырылған шөгінді тау жыныстары мен метоморфтық қалың болып қабаттасқан жыныстар өте қатты дислокацияланған. Тау арасындағы қазаншұңқырларда палеоген-неогендік және төрттік кезеңнің жұмсақ бос шөгінділері кең таралған. Бұл тау массивінің көбісі 8-9 баллды сейсмикалық зонаға жатады. Көктемде сел тасқыны болуының қаупі бар. Қыста қар көшкіні жиі болып тұрады.
Іле Алатауының солтүстік беткейі Талғар, Кіші Алматы шатқалдарымен тілімденген. Биік таулы территорияларда тегістеліп әр түрлі кезеңнің жыныстарынан құралған жазық жер бедерлері де кездеседі.
Жазық территориялардағы алдыңғы қатардағы экзогенді процестер: эрозия, аллювиалды аккумуляция, құмды материалдардың эолдық орын алмастыруы, көл жағалауындағы абразия және сорлардағы тұздардың мүжілуі. Бұлардың ішінде эрозия мен абразия процестері айқын байқалады. Абразия - көлдердің және өзге де су қоймалардың жоғалауындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы және мүжілуі. Жазық кеңістіктер төменгі тау жоталарымен кезектесіп орналасады. Төменгі тау жоталарында эрозиялық процестер басқаша өтеді.
Облыс территориясына жиі және айтарлықтай жер сілкіністерін болдыратын интенсивті неотектоникалық қозғалыстар тән. Тау жыныстарының құрамы, олардың өзара әсері және жазықтардағы таралу ерекшелігі ежелгі дәуірден алуан түрлі. Жазық жерлерде негізінен құрамында сары топырақты және құмды шөгінділер басым кайнозойлық кезеңнің қалдықтары кездеседі. Тауларда тау жоталарының осьтік бөлігінің перифириялығынан оның петрографиялық фонының өзгерістері болып тұрады. Төменгі тау белдеулеріндегі жер бедерінің түзілуінде сары топырақтар, палеогендік, неогендік шөгінділер және метоморфтық жыныстар басты роль атқарады. Төменгі тау жоталары мен биік тау жоталарында да магмалық және метаморфтық жыныстар басты позиция алып отыр. [6] Жарлы тау массивтерінің құлауынан тұнба жыныстардың құрамы өзгеріп тұрады. Тұнба жыныстардың әсерінен тектоникалық қозғалыстар жиі болады. Төменгі тау жоталарында сары топырақтан басқа таулы аллювий, проллювий, көшкінді жыныстар және қыратты-баурайлы шөгінділердің кең спектрі кездеседі. Төменгі тау жоталарында коллювиалды шөгінділер, ежелгі мореналық жиналған жыныстар, қар-көшкінінің тасымалдаған тас-құмдары, құлама массивтер, жиі кездеседі. Биік таулы жоталарда мореналар, флювиогляциалды шөгінділер, тасты глетчерлер, тас-құм жыныстары, құрымдар кең тараған. Қазаншұңқырлардың да шөгінділері кездеседі. Тау баурайларындағы шөгінділер негізінен шөгінді шлейфтерден құралған.
- Климат жағдайы
Облыс аумағының климаты тым континентті. Себебі, ол үлкен материктің кіндігінде орналасқан әрі оңтүстік жағы таулармен қоршалған. Климаттың континенттігі жыл бойында, сондай-ақ, тәулік ішінде температураның күрт ауытқуынан, бұлттылықтың және жауын-шашынның аз-дығынан байқалады. Жыл маусымының климатында үлкен айырмашылық бар. Қысқа, ылғалды әрі жылы көктем шапшаң түрде ыстық жазға ауысады. Күзде температура кенет өзгеріп, үсік жүреді, жаңбыр аралас қар жауады. Қыс едәуір салқын әрі құбылмалы болады.
Жаз айларында облыс жеріне Іле аңғарымен және Жетісу қақпасы арқылы келетін оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жылы ауа массаларының әсері зор. Осы жылы ауа массалары тауалды жазықтарын және тау бөктерлерін күшті қыздырады. Жаз мезгіліне ашық және ала бұлтты ауа райы тән. Температура тез жоғарылап, булану күшенеді. Үш айда жылдық жауын-шашынның 15-20%-і түседі. Жаздың ерекшелігі тауалды жазықтары мен бөктерлерінің өгешелігінен айқын көрінеді. Биіктеген сайын температура төмендеп, ылғал молаяды, жауын-шашынның түсімі артады. Тауалды жазықтарға қарағанда тау беткейлері мен бөктерлеріндс жазғы ыстық онша сезілмейді.
Қыста облыс аумағы солтүстік-шығыстан есетін ауа массаларынының әсеріне ұшырайды. Олар Батыс Сібір жерінде қалыптасып облыстың солтүстік бөлігіне келгенде жергілікті ауа массасын күрт суытады. Салқын ауа енгенде циклондық әрекетті күшейтеді. Бастапқыда бұл құбылыс биік таулы аудандарда байқалып, кейін тау бөктерлеріне көшеді. Ауа массаларының бұл қозғалысы ауа райын өзгертіп, бұлт қоюланады, жауын-шашын күшейіп, қарлы бұрқасын пайда болады .
Ауа райының қалыптасуына оңтүстік-батыстан келетін жылы ауа массаларының да ықпалы зор. Олардың ағыны салқын ауа массаларына қауышқан кезде ауа райы құбылып, қыс ортасында жылымық түседі. Жылымықтың аязлы сәттермен алмасып келуінен жер бетін көктайғақ каптайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz