Жайық өзені алабындағы өзендер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Геоморфология және картография кафедрасы

МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДЕ
ӘУЕҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Орындаған
2-курс магистранты Г.Б.
Ермұқанова

Ғылыми жетекші

г.ғ.к., доцент
А.Ғ. Көшім

Нормабақылаушы

г.ғ.к., доцент
А.Ғ. Көшім

Қорғауға жіберілді

Геоморфология және картография

кафедрасының меңгерушісі

г.ғ.к., доцент
Н.Н. Керімбай

___

Алматы, 2010

ГЛОССАРИЙ

РЕФЕРАТ

Жұмыстың атауы: Батыс Қазақстан облысының геоморфологиялық
ерекшеліктерін зерттеуде әуеғарыштық суреттерді қолдану
Жұмыстың мақсаты: Батыс Қазақстан облысы бедерін ғарыштық суреттер
арқылы зерттеп, аймақтың геоморфологиялық ғарыштық картасын жасау. Сол
құрастырылған геоморфологиялық карта негізінде тақырыптық карталар сериясын
құрастыру.
Зерттеу нысаны: Батыс Қазақстан облысының бедер пішіндері: Жалпы
Сырт, Орал маңы үстірті, Каспий маңы ойпаты, Жайық өзені, Нарын-құмдар.
Жұмыстың міндеттері:
∙ Батыс Қазақстан облысының қазіргі кездегі жағдайын анықтау;
∙ Зерттеу аумағының геоморфологиялық ерекшеліктері қарастыру;
∙ Арақашықтықтан зерделеу деректерінің жалпы сипаттама жасау;
∙ Әуеғарыштық сурет бойынша Батыс Қазақстан облысының
геоморфологиялық ерекшеліктерін анықтап, картаға түсіру
Зерттеу әдітері: далалық зерттеу жұмыстары, кешенді физикалық-
географиялық талдау, ғарыштық суреттерді бажайлау, деректерді арнайы
бағдарламалар арқылы компьютерлік өңдеу әдісі.
Ақпарат көздері: Жайық өзені атырауы мен Каспий теңізі жағалауы
жобасының есебі, қор деректер, ҚР БҒМ География Институтының ғарыштық
суреттері Landsat TM (1999), Landsat 7 ETM+ (2009), Spot (2004), Aster
(2004) мен картографиялық деректері пайдаланылды.
Ғылыми жаналығы: жоспарланып отырған жұмыстың жаңалығы ғарыштық
тақырыптағы зерттеу жұмысының қазақ тілінде жазылуы, БҰҰ Даму Бағдарламасы
аясында жүргізілген Ғаламдық маңызға ие жыл құстарының өмір сүру ортасы -
сулы батпақты алқаптарды кешенді сақтау: Жайық өзені атырауы мен Каспий
теңізі жағалауы жобасында қатысу, далалық зерттеулерге қатысу, осы жобаның
Жайық өзені атырауы мен Каспий теңізі жағалауы бойынша есеп беруінде
қатысу, далалық зерттеулер мен ғарыштық суреттерді пайдалана отырып ГАЖ –
технологияларында тақырыптық карталарды құрастыру.
Практикалық маңызы: құрастырылған карталар, жасалған қорытындылар
аймақтың ауылшаруашылық, әкімшілік т.б. мақсаттарында пайдаланылуы болады.
Алынған нәтижелер: жер бедері картасы, геоморфологиялық картасы,
экзогенді үрдістер картасы, жер бедерінің үш өлшемді картасы, Батыс
Қазақстан облысының экзогенді үрдістредің ғарыштық картасы, Батыс Қазақстан
облысының геоморфологиялық ғарыштық картасы.
Түйін сөздер: ғарыштық суреттер, арақашықтықтан зондтау деректері,
жасанды жер серіктері, жарық диапазондағы суреттер, жылу инфрақызыл
диапазон суреттері, радиодиапазондағы суреттер, жел қайыру үрдістері, өзен
арнасы, теңіз жағалауы, жайылма тармақтар, сортаңдар, құрақ нуы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
I. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Жер бедері
1.2 Облыстың климаттық ерекшеліктері
1.3 Жер беті және жер асты сулары
1.4 Топырағы және өсімдік жамылғысы, жануарлар әлемі.
1.5 Геологиялық құрылысы. Литологиялық - стратиграфиялық жыныстардың кешені
1.6 Қарастырылған аумақтың тектоникалық құрылысы және пайдалы қазбаларының
таралуы

2. ЗЕРТТЕЛУ АУМАҚТЫҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Денудациялық жазықтар
2.2 Аккумулятивті жазықтар
2.3 Зерттелу аумағындағы экзогенді үрдістер

3. АРАҚАШЫҚТЫҚТАН ЗЕРДЕЛЕУ ДЕРЕКТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ
3.1 Ғарыштық суреттердің түрлері
3.2 Арақашықтықтан зерделеу жүйесі.
3.3 АЗ деректерін жинақтау
3.4 АЗ деректерін өңдеу
3.5 АЗ деректерін интерпретациялау

4. ФОТОАҚПАРАТ- БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ НЕГІЗІ
4.1. Денудация және эрозионды тілімдену аудандары
4.2. Кешенду аккумуляция аудандары
4.3. Жарылым тектоника және оның бедертүзуші маңызы
4.4. Өзен аңғарларының дамуы және құрлысы
4.5. Экзогенді үрдістер және бедер түзуші динамика.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Белгілі – бір аумақты меңгеру арқылы сол жердің нақты табиғат
кешендерінің жағдайлары мен байлықтарын анықтап, талдау керек. Осындай
зерттеу аумағына Батыс Қазақстан облысын геоморфологиялық және қазіргі
бедер түзуші процестердің даму қарқындылығы тұрғысынан қарастыру жатады.
Батыс Қазақстан облысының жалпы жер бедерінің көрінісі жазық. Оның
солтүстігі мен шығыс бөлігінде онша биік емес қыраттар кездеседі. Орталығы
және оңтүстік бөлігі ойпатты жазық болып келіп, шамамен 49º с. е. қарай
(Тайпақ ауылы) Каспий маңы депрессиясы (теңіз деңгейінен тәмен жататын
территориялар) басталады. Ол Атырау облысының территориясында Каспий
теңізіне дейін — 28 м деңгейіне жетеді.
Жер бедерінің негізгі типтері: Жалпы Сырт, Орал маңы (Ембі) үстірті,
Сырт алды кертпеші, Каспий маңы ойпаты және Жайық өзенінің аңғары.
Қарастырып отырылған ауданның климаты қатаң континентті, бұл оның
географиялық орналасуы бойынша Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік - шығысында
орналасқандықтан, күн жылуының түсуінде қыс пен жазда үлкен айырмашылық
тудырады, сондықтан күн мен түн, жаз бен қыс арасындағы тез арада
температураның ауытқуына әкеледі. Күн радиациясының түсу мөлшері сол
жердің қандай ендікте жатқанына, атмосфераның тұнықтығына, күннің жарықтығы
мен ұзақтығына байланысты.
Аумақ өзендері тұйық алапқа жатады. Бұл негізінен геологиялық
құрамына, климатының ерекшелігіне байланысты. Жайық өзенінің алабындағы
өзендер негізінен қар суынан қоректенеді. Өзендердің тасуы мен су
мөлшерінің молаюы қардағы су қорына, оның еру жылдамдығына, топырақтық той
қабатының қалыңдығына байланысты.
Топырақ қабаты мынандай негізгі түрлерден тұрады: оңтүстік кара
топырақ, қоңыр қызғылт, қызғылт, ашық қызғылт және сұр топырақ. Аудан
топырағының жалпы өзіне тән сипаты — оның геологиялық қалыптасу жастығы
және бәрінің бірдей кұрамында тұз қоспаларының көп мөлшерде болуы.
Зерттеліп отырған территорияда негізінен дала және шөлейт зоналарының
өсімдіктері кең тараған. Жайық өзенінің бойында әр түрлі ағаштардан тұратын
орман алқабы бар.
Аудан аумағы кембрийге дейінгі қатты кристалды негізден тұратын Шығыс
Еуропа платформасының құрамына кіреді. Сол себепті бұл аймақтар тау тузілу
процесіне ұшырамаған.
Зерттеліп отырған ауданның жыныстар мен ежелгі теңіз жануарларының
қалдықтарынан тұратын құрылымға байланысты болып кездеседі. Өлкенің табиғат
байлығы Қазан төңкерісіне дейінгі аз зерттелді. Кеңес үкіметінің кезінде
жан-жақты жоспарлы зерттеу жұмысының нәтижесінде, облыстың территориясында
дүниежүзілік маңызы бар мұнай, газ қорларының бар екені анықталды. Қазіргі
уақытта мұнай-газ қорлары, құрылысқа, өнеркәсіпке қажетті пайдалы
қазбалардың түрлері халық шаруашылығында игеріліп жатыр.
Әртүрлі аудандарды зерттегенденде, нәтижесі оң болып шығу үшін, көп
түрлі бедер пішіндерін нақты жүйеге біріктіру қажет, яғни оларды нақты
шартты белгілеріне қарай жүйелеу керек. Бұндай жүйелеу пішіндердің
генетикалық байланысын және кеңістікте және уақытта жер беті дамуының
заңдылықтарын көрсету керек, сонымен қоса геоморфологиялық карталардың
легендесын құрастырудың негізі болуы тиіс. Қарастырылған мәселе бойынша
көптеген жұмыстар басылып шығарылды. Көптеген ғалымдар геоморфологиялық
карталарда морфогенетикалық кешенді, бедердің типі мен пішінін бөліп
көрсетуді ұсынды.
Қарастырылып отырған аумағымызда екі бедер типі анықталған. Ол:
1) денудациялық жазық , 2) аккумуляциялық жазықтар.
Жайық өзенінің орта ағысы алабындағы жүріп жатқан қазіргі бедер түзуші
үрдістер негізінен ағын сулардың әрекетіне тығыз байланыста дамиды.
Өзен аңғардарының шегінде төрт жайылма үсті террасалары бөлінеді:
төменгі төрттік, орта төрттік, екі жоғарғы төрттік, сондай-ақ екі қазіргі
заманғы жайылмалық террасалар.
Қарастырылып отырған аумақтағы табиғи ресурстарды игерудің қарқынды
үрдісі қоршаған ортаның ластануымен қатар жүруде. Мұнай-газ кен -
орындарының қызметі, мұнай және газ кұбырларының құрылысы, транспорт
құралдары санының өсуі, жерді шектен тыс жырту, ауыл шаруашылығында және
улы химикаттарды қолдану, каналдар құрылысы, жайылымдарды жүйесіз қолдану
және егіншілік мәдениетінің шектен тыс пайдалану зерттеліп отырған ауданның
экологиясына түбегейлі өзгерістерге әкелді. Соның ішінде, Жайық өзеніне
олардың тигізетін әсері жоғары болып саналады.
Ең бастысы, Жайық өзенінің жүйесінің ластануы, ал бұл топырақ және
өсімдік жамылғысының бұзылуы мен антропогендік (ең алдымен, техногендік)
шөлдену үрдісіне әкеледі. Су ресурстарының азаюы мен олардың өнеркәсіп,
мұнай —газ өнімдерімен және басқа да улы заттармен ластануы, қоршаған
ортаның ластануы нәтижесінде адамдардың денсаулығының нашарлауын туғызады

1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Жер бедері

Батыс Қазақстан облысының географиялық жағдайына келетін болсақ, Батыс
Қазақстан облысы — республикамыздың батысында, Жайық өзенінің екі бетіндегі
көлемді аймақта орналасқан. Ол солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Саратов,
Самара, батысында— Волгоград, оңтүстік-батысында — Астрахань облыстарымен
шектеседі. Ал оңтүстігі мен шығысында Ақтөбе және Атырау облыстарының
территориясына ұласады.
Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы наурыздың 10 құрылған болатын.
Қазіргі алып жатқан территориясының көлемі 151,3 мың шаршы шақырымға жетеді
немесе Қазақстан территориясының 5,9 %-ін құрайды.
Облыс аумағы солтүстіктен оңтүстікке 425 шақырымға, шығыстан батыс
бағытта 585 шақырымға созылып жатыр. Өзінің көлемі жөнінен кейбір Батыс
Еуропа елдерінен, мысалға Болгариядан, Венгриядан әлдеқайда үлкен. Ал
Қазақстан Республикасының 14 облысының ішінде жер көлемі жөнінен 6-орын
алады 1.
Оның физикалық-географиялық жағдайы жөнінен мына ерекшеліктерін атап
өтуге болады:
Облыстың территориясы 48°—51º35' солтүстік ендік және 45°30'—54°35'
шығыс бойлықтардың аралығын камтиды.
Еуразия континентінің ішкі ауданында жатыр, яғни Атлант мұхитынан және
оның теңіздерінен 2,5 мың шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл оның
климатының қатаң континентті болуына, сонымен бірге топырақ жамылғысына,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және табиғатына үлкен әсер етеді. Жалпы,
территориясының дала және шөлейт зонасында орналасуы адам өміріне онша
қолайсыздық жасамайды.
Облыс территориясының Орал және Волга бойы экономикалық аудандарымен
шекаралас болуының шаруашылық жағынан дамуына үлкен әсері бар. Сонымен
бірге іргелес жатқан Ақтөбе және Атырау облыстарымен экономикалық тығыз
байланыстары оның экономикалық-географиялық жағдайын жақсарта түсуде. Батыс
Қазақстан облысының мемлекетаралық көлік-экономикалық байланыстары
шаруашылыққа тиімді. Сонымен бірге облыстың Еуропа мен Азияның аралығында,
сондай-ақ шикізат көзінің мол аудандарына және өнеркәсібі жақсы дамыған
орталыққа жақын орналасуы халық шаруашылығының барлық салаларының ең
алдымен өнеркәсібі мен көлік қатынасының тез өсуіне жағдай жасайды.
Батыс Қазақстан облысының территориясын бес географиялық (орографиялық)
ауданға бөлуге болады: Жалпы Сырт, Орал маңы (Ембі) үстірті, Сырт
алды кертпеші, Каспий маңы ойпаты және Жайық өзенінің аңғары.
Жоғарғы плиоценнің континентальды және делювилі төрттік шөгінділермен
өңделген сыртты қыраттар оңтүстікке еңістелген бет түрінде өзіндік көрініс
береді. Бұл бедер тегістелген жайпақ шыңдарының жондары мен қырқалары және
еңіс беткейімен бөлшектелген сыртты қыраттарға жыра және сай арқылы
тілімделген. Облыстың солтүстік бөлігін Жалпы сырт сілемдері алып жатыр.
Оның жер бедері толқынды, тайыз ойлы және көтеріңкі қыратты болып келеді.
Жалпы Сырттың ең биік жері 80—150 м дейін жетеді, Кейбір төбелер ол
деңгейден де асып кетеді. Жалпы Сырттың субендік бағытта созылған Деркөл
жонының абсолюттік биіктігі, жергілікті халық Ешкі тауы деп атайтын
төбенің биіктігі 251 м.24
Жалпы Сырттың Ақ сырт деген сілемдері Батыс Қазақстан облысыньщ аумағы
ішкерілей еніп жатыр, яғни Жайық өзенінің оң жақ жағасымен Орал қаласының
маңына жетеді. Ол Ақборлы тауы деген атпен бірте-бірте оңтүстікке қарай 73
м-ге дейін аласарады.
Жалпы Сыртты Шаған және Деркөл өзендерінің аңғарлары тіліп өтіп,
аллювийлі шөгінді жыныстар қалыптастырады. Жер бедері егістікке жыртылмаған
тың жерлерден, әр түрлі кіші төмпешіктер мен ойпаңдардан тұ-
рады. Мысалы, осы жер бедерін қазақ халқы өзіндік атауымен Шұбарлы дала
деп атайды.2
Оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа созылып жатқан Орал арты сыртының
биіктігі 117 м-ге жетеді. Сыртты қыраттар оңтүстігі мен оңтүстік шығысында
Каспий маңы ойпатынан Сырт алды кертпешімен бөлінеді. Сырт алды жарлы
биіктік — Жалпы Сырт пен Орал маңы (Ембі) үстіртінің оңтүстік беткейлерін
алып жатыр. Бұл негізінен Каспий маңы ойпатымен аралықта ендік бағытта
жіңішке белдеу болып қалыптасқан. Кіші өзендердің аңғарларымен солтүстіктен
оңтүстікке қарай тілімделіп, бірнеше суайрықтық жазықтарға бөлінеді.
Бұның батыс бөлігінде ескі сатылы (террассалы) жер сақталған. Олар
Каспий теңізі суының бірнеше рет көтерілу және қайту кезеңдерінде пайда
болған.

Сурет 1 – Жалпы Сырттың бедері.

Бұл кертпеш Деркөл жонында ені 2-3 км-ге дейін жететін және бедердің
құлау нүктесі 1 км-ге 50 м болатын тік беткей болып келсе, Орал арты
сыртында ол биіктігі 1 км-ге 1-2,5 м-ге дейін төмендейтін еңістілігімен
сипатталады. Бұның батыс бөлігінде екі сатылы жер сақталған, олар Каспий
теңізі суының бірнеше рет көтерілу және қайту кезеңдерінде пайда болған.
Мысалы, Баку трансгрессиясына байланысты борлы шөгінділер биіктігі 65—90 м
дейін.
Хвалын кезеңіне тән теңіздік шөгінділер екінші сатылы жазықтарды
қалыптастырған. Бұл шөгінді жыныстардың үстіңгі қабаты саздақ аралас ұсақ
тастардан тұрады. Беткей жыралы - сайлармен тілімденіп бірнеше суайрықтық
жазықтарға бөлінген.
Каспий маңы ойпаты – бұл абсолюттік нүктелері 40-25 м-ге дейін
төмендейтін, оңтүстікке еңістелген, теңіздің жоғарғы төрттік шөгінділерінен
құралған бедер. Ол территорияның оңтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Көзге
бірбеткей тегіс болып көрінгенімен, Каспий маңы ойпаты көптеген кіші
өзендердің аңғарларымен, тұйық су қоймаларымен тілімделген. Оның шегінде,
Жайық өзені аңғарынан шығысқа қарай көктем кезінде еріген қар суын жиеайтын
дала ойпаңдары мен көлшіктер және көлтабандар, лента тәрізді лимандар
кішігірім төмендеулерінде кездеседі. Кейбір жерлерде көлтабандардың көлемі
едәуір үлкен болып келеді. Орташа тереңдігі 2-4 м аралығында, мұнда әр
түрлі өсімдіктер өседі.

Сурет 2 – Орал алды үстірті

Каспий маңы ойпатында сорлар кең таралған. Олардың тереңдіктері 10—20 м.
жетеді. Сорларға қар еріген кезде сай-саладан су құйылып, бетіне шығып
жатқан тұздарды ерітеді. Жаз айларында (маусым, шілде) құрғап, бетінде
түздың жұқа қабыршақтары қалыптасады. Бүлардың ішінде көлемділері облыстың
батысындағы Арал соры, Әукетай, Турке соры, т. б. Мысалы, сорлардың көбінің
емдік қасиеті бар. Эр түрлі тұз ерітіндісінен тұратын сор балшықтарын
жергілікті халық буын, тері ауруларын емдеуге пайдаланады.1
Каспий маңы ойпатының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде құмды
шағылдар көп тараған. Үлкен территорияны алып жатқаны — Нарын құмы. Мұндағы
кұм мыңдаған жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің, теңіздің
саязданған орнында пайда болған, Кейін желдің әсерінен бұл құмдардан
шағылдар, төбелер (биіктігі 20—40 м) қалыптасқан. Құмды аудандар өсімдік
дүниесіне өте бай.24
Батыс Қазақстан облыстың солтүстік-шығыс бөлігін Орал маңы (Ембі)
үстірті алып жатыр. Жер бедері бірнеше өзен аңғарларымен тілімделген. Осы
жерден ағып өтетін Утва және Елек өзендерінің негізгі суайрықтарын құрайды.
Қарастырылып отырған аумаққа оның солтүстік – батыс беткейі кіреді. Орташа
биіктігі 110—235 м аралығында. Осы Орал маңы үстіртінде Батыс Қазақстан
облысының ең биік нүктесі жатыр. Орал маңы (Ембі) үстіртін құрайтын
жыныстар бор дәуірінде пайда болған. Оның үстіңті қабатын төрттік дәуірдің
сарғыш, сұрғылт саз және құм қабаттары жауып жатыр, кейбір жерлерінде борлы
қабаттар кездеседі. Сондықтан да жергілікті: халық бұл жерлерге Ақтау,
Ақсай, Ақдөң деген атаулар берген.2
Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде абсолюттік биіктігі 71,4 м болатын
жоғарғы бор және палеоген жыныстарынан құралған Сантас таулы қыраты
орналасқан.
Жайық өзенінің ортаңғы және төменгі ағысының аңғары — жер бедеріне
өзінің көптеген жылдар бойғы ағысының әсерімен бірнеше белгілер қалдырған.
Жайық өзені аңғарының солтүстік бөлігінде қазіргі жайылмасынан басқа төрт
сатылы жазықтық, ал оңтүстігіндегі Каспий маңы ойпатында екі сатылы жазық
пен қазіргі жайылма пайда болған.
Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, облыс территориясының солтүстік бөлігі
Каспий маңы ойпатына карағанда ерте қалыптасқан, сондықтан өзен бойындағы
сатылы жазықтардың оңтүстікке қарай кему себебі дәлелді жағдай.
Жайық езенінің қазіргі жайылмасы солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп
тарыла береді. Мысалы, Елек және Утва саласының қосылатын жерлерінде 12—13
шақырым болса, Индер көлінің маңайында 7—10 шақырым.Жайылма енінің ең
кенейетін жері Орал қаласының маңында 50 шақырымға дейін жетеді. Жайық
өзенінің анғары жазықты, жалды, дөңесті болып кезектесіп келіп отырады.
Батыс Қазақстан облысының территориясында жердің беткі қабығының
қозғалыс процестері әр кезде болып тұрған. Соның себептерінен әсіресе тұз
қабаты тектоникасы анық өзгерістерге көбірек ұшыраған. Оның қазіргі жер
бедсріндегі көрінісі — биіктігі 20—50 м шамасьшдағы үсті тегіс дөңестер.
Жалпы, Батыс Қазақстан облысының жер бедері жазық болып келгендіктен,
шаруашылыкта пайдалануға өте қолайлы. Дегенмен көп аудандарда кездесетін
сор, сай-сала, жыралар ауыл шаруашылығы жерінің сапасын кемітеді.11

1.2 Облыстың климаттық ерекшеліктері

Батыс Қазақстан облысының климаты қатаң континетті. Қысы суық бірақ
батыстан келетін циклондардың әсерінен кейбір кездерде жылылыққа ауысып
отырады. Жазы ыссы әрі кұрғақ, ұзақ болады. Өзіне тән ерекшеліктері: күн
сәулесі мол түседі, құрғақшылық жиі болып тұрады, қар жамылғысы жұқа,
мөлшерден жоғары буланады, желдің екпіні қатты, көктемде және өсімдіктің
көктеу кезінде топырақта ылғалдың қоры аз болады.
Батыс Қазақстан облысының климатына әсер етуші факторлар бірнешеу.
Сонын ішінде ең негізгілері мыналар:
1. Күн радиациясының әсері. Облыстық территориясы қоңыржай белдеуде
жатыр. Географиялық орны Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығысында
орналасқандықтан, күн жылуының түсуінде қыс пен жазда үлкен айырмашылық
болады.
Күн радиациясының, түсу мөлшері сол жердің қандай ендікте жатқанына,
атмосфераның тұнықтығына, күннің жарықтығы мен ұзақтығына байланысты. Батыс
Қазақстан облысының территориясы 51º35'—48º солтүстік ендіктің аралығында
болғандықтан, күннің жарық болуы, оның ұзақтығы мен жиынтығы, оның радиация
мөлшері солтүстіктен онтүстікке қарай көбейе береді. Сол сияқты жиынтық
радиацияның мөлшері де территорияда бірдей емес. Солтүстігінде, шамамен 49°
с. е. дейін 1 шаршы см 110 ккал тең болса, ал оңтүстігінде 120 ккал
жетеді.11
2. Ауа қозғалысының әсері. Батыс Қазақстан облысының аумағына жыл
бойы үш түрлі ауа массалары әсер етеді. Бұлар — арктикалық, полярлық,
(қоңыржай) және тропиктік ауа массалары.
Амуқтың климатына батыстан, Атлант мұхитынан келетін ауа массалары әсер
етеді. Бұл ауа массалары жылдың қай мезгілінде болсын климатты жұмсартып
ылғал әкеледі. Қыс кезінде батыс және оңтүстік-батыс ауа массаларының ағыны
ауа райын жылытады, аспанды бұлт торлап, қар жиі жауады. Жаз кезінде Атлант
мұхитының ауа массалары ыстықты бәсеңдетіп, ылғалды арттырып, жауын-шашын
түсіреді.
Көктемнің соңғы күндері және жаз айларында құрғақ тропиктік ауа
массаларының әсері өте зор. Бұл кезде мұнда жоғары атмосфералық қысым
қалыптасады. Тұран ойпатынан соғатын оңтүстік, оңтүстік шығыс желдері
аңызақ әкеледі. Кейбір жылдары тропиктік ауа массасының екпінділігіне
байланысты құрғақшылық болып ауыл шаруашылығына ұлкен зиян келтіреді.
Жылдың әр мезгілінде екі түрлі ауа массаларының шектескен жерлерінде ауа
фронттары пайда болып, циклондар мен антициклондар аудан территориясына
ішкерілей енеді. Циклондар атмосфераның төменгі кабатын қатты өзгерістерге
ұшыратады, оның әсерінен ауа массаларының қозғалысы күшейеді, жел
көтеріледі. Батыс Қазақстан облысының аумағында циклондар батыстан және
солтүстік-батыстан соғып өтеді. Мұхит кеңістігінде пайда болған циклондар
бұлтты, жауын-шашынды ауа райын қалыптастырады
Жазда аудан шегінде азор антициклонының шығыс тармағы таралып, ал
қыста ол азия антициклонының батыс тармағына ауысады. Осының салдарынан,
жазда айтарлықтай аз бұлттылықпен және жер бетінің қарқынды қызуымен, ал
қыста қатты суынуымен көрініс табады. Циклондар белсенді емес, соған
байланысты жауын-шашын аз түседі. Ылғалдану коэфициентінің өте төмен
болуымен және құрғақшылық күндердің айтарлықтай көп болуымен сипатталады.
Қысы суық, қар жамылғысының орташа қалыңдығы 25-30 см, ал наурыз
айының бірінші жартысында ең үлкен қалыңдықтағы қар жамылғысы байқалады.
Қар жамылғысының орташа калыңдығы солтүстік аудандарда 15—25 см,
оңтүстігінде 10—15 см. Оның тұрақты жату кезеңі солтүстігінде 125—130 күн,
орталық аудандарында 100—120 күн, оңтүстігінде 80—100 күн шамасында. Кейбір
жылдары оңтүстігінде кар жамылғысы мүлде тұрақты болмайды (орташа 10 жылда
рет).
Қыс айы 128-130 күн-ге созылады, қаңтар айының орташа температурасы
-14,8ºС. Ең жылы шілде айының орташа температурасы 22,5ºС, ал орташа жылдық
температура +4,8-5ºС. Атмосфералық жауын-шашынның көпжылдық мәліметтер
бойынша жылдық қосындысының мөлшері 270-300 мм, яғни ол жылы
кезеңде(сәуір-қазан) түсетін жауын -шашынның 60-75%-на сай, құрғақшылық
кезеңдерінде аз түсетіндіктен 180-480 мм аралығында ауытқып тұрады. Жауын-
шашынның түсуі облыстың солтүс-тігінде 300 мм-ден астам болса, оңтүстігінде
190 мм-ге дейін кемиді. Орал қаласында жылына орташа 374 мм жауын-шашын
түссе, Чапаев елді мекенінде — 250 мм, Тайпақта — 183 мм. Қуаңшылық кезең
1,5-2 айға созылады. Облыстыд территориясында жылы кезең солтүстігінде және
шығыс бөліктерінде 120—140 күндей, ал оңтүс-тігінде және батыс бөліктерінде
140—160 күндей болады. Ауаның 10°-тан жоғары температурасының қосындысы
солтүстігінде 2800°, оңтүстігінде 3000—3400°-қа жетеді.
Алғашқы күздік үсіну шамамен 26 қыркүйекте, ал соңғы көктемдік 9
мамырда байқалған. Кейбір уақытта көктемнің жай үсінуі болады, оның
салдарынан гүлдер және еменнің түйіндері, үйеңкі ағаштары, зақымдалынады,
ал ол дұрыс өнім алуға кері әсер етеді. Вегетациялық кезеңде ылғадылықтың
жетіспеуі, ағашты және бұталы түрлердің дамуына кері әсер етеді, осының
салдарынан өнім мен дәннің уақытынан бұрын түсуіне әкеледі. Жауын-
шашынннның аз түсуі ормандағы зиянды жәндіктердің дамуына және өрт қауіпін
жоғарлатады.
3. Жер бедері ауа температурасына, ылғалдылығына, желдің
жылдамдығына белгілі бір мөлшерде әсер етеді, сондықтан әр жердің
өзінің микроклиматы болады. Жер бедерінің әсері. Жер бедері ауа
температурасына, ылғалдылығына, желдің жылдамдығына белгілі бір мөлшерде
әсер етеді. Сондықтан әр жердің өзінің микроклиматы болады.
Батыс Қазакстан облысының территориясын 5 агроклиматтық аудандарға
бөлуге болады:
1.Жылылау құрғақ аудан облыстың солтүстігінен Орал қаласының
деңгейіне дейінгі территорияны алып жатыр.
Жылы құрғақ аудан облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде аз ғана территорияны
қамтиды.
Орташа ыстық құрғақ аудан облыс территориясының, көп бөлігін, 80%
шамасындай территорияны қамтиды.
Орташа ыстық өте құрғақ аудан.
Ыстық өте құрғақ аудан.
Соңғы екі аудан Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шекарасына жақын
жатыр. Осы көрсетілген агроклиматтық аудандарда ауаның температурасы,
ылғалдылығы, желдің бағыты және соғу күші әр түрлі болып келеді.
Мысалы, қыстың ең суық айы қаңтарда облыстың солтүстігінде орташа
температура — 14°, ал оңтүстігінде — 11°. Ең ыстық жаз айы—шілдеде
солтүстігінде орташа температура +24°, ал оңтүстігінде +25° жетеді. Қыстың
ең суық абсолюттік температурасы солтүстікте — 39°, оңтүстігінде — 37°.
жазда ауаның ең ыстық абсолюттік температурасы солтүстікте +40°,
оңтүстігінде +42,5°.
Қар жамылғысының орташа қалыңдығы солтүстік аудандарда 15—25 см,
оңтүстігінде 10—15 см. Оның тұрақты жату кезеңі солтүстігінде 125—130 күн,
орталық аудандарында 100—120 күн, оңтустігінде 80—100 күн шамасында. кейбір
жылдары оңтустігінде қар жамылғысы мүлде тұрақты болмайды (орташа 10 жылда
рет).
Батыстан шығысқа қарай 49° с. е. бойынша зерттесек — Нарын құмының
солтүстік етегі, Арал соры, Тайпақ ауылының микроклиматындай өзіндік
айырмашылықтар бар. Бұған жер бедерлерінің әр түрлі болуының әсері басқа
климат түзетін факторлардан кем емес.
Ауданның солтүстігінде жыл бойына оңтүстгк бағыттағы желдер басым
болады. Желдің соғу жылдамдығы қыс айларында өте жоғары. Мысалы, Орал
қаласында ақпан айында желдің орташа жыдамдығы 5,5—6,0 мсек.-қа дейін
жетеді.
Көктем және жаз айларында желдің соғу бағыты өзгергіш келеді. Осы
кезде көбіне солтүстік бағыттағы желдер басым болады. Қыс айларындағы жел
борандатып, қарды сай-салаға, ықтасын жерлерге тау қып үйсе, көктемгі-жазғы
желдер топырақ қабатын құрғатып, жауын-шашын аз жылдары көп жердегі
топырақты эрозияға ұшыратады. Оңтүстік аудандарда, құрғақ шөлді жерлерде
қыста шығыс бағытты желдер, жазда батыс бағытты желдер басым болады.
Көктем оңтүстік және батыс бөліктерінде наурыз айының ортасында немесе
соңғы күндерінде, ал солтүстігінде сәуір айының бас кезінде басталады.
Сәуір айындағы орташа температура 12-13°-қа көтеріледі, ал мамыр айында 9-
10°-қа жоғарылайды, жалпы ұзақтығы бір жарым ай шамасында болады. Ең ерте
қардың еру уаыты наурыз айының екінші декадасына сәйкес келеді, ал қардың
толығымен еруі сәуір айының 2-3 күндеріне сәйкес келеді. Қөктем мезгілі тез
өтеді. Ауаның температурасы күн өткен сайын көтеріледі. Бірақ кейде
салқындық қайталанып, ар аралас жауын-шашын жиі түсіп тұрады.
Мысалы, жергілікті халыңтың тәжірибесінде көктем кезіндегі ауа райының
қайталамалы өзгерістерінің бірін Бес қонақ деп атайды. Ол жаңаша жыл
санау бойынша сәуір айының 8—І8-і аралығында болады. Осы кезде ауа-райы тез
бұзылады, тіпті кей жылдары қар жауып, боран соғуы ықтимал. Көктем кезінде
суық ауа массасының қайталап кіруінің әсерінен мамыр айының аяғына дейін
үсік қайталанып отырады. Бұл кездерде бақша, көкөніс егерде жергілікті
жердің ауа райын бақылау тәжірибесіне жәнс метеорология ғылымынын
болжамдарына сүйену қажет. Осындай суықтың қайталануы қыстан жүдеп
шыққан малға және жас төлге үлкен зиянын тигізеді.
Жаз мамыр айының орта кезінен, орташа тәуліктік температура -15°-қа
жоғарылаған кезден басталады. Жаздын ең ыстық айы — шілдеде орташа
тәуліктік температура +27°, ал кей жылдары +41°, +42°-қа дейін жетеді.
Жауын-шашын бұл мезгілде өте аз түседі, орташа мөлшері 75—100 мм. Кейбір
жылдары мүлдем жаумай, егістік дакылдар күйіп кетеді. Осы кезде оңтүстік-
шығыстан соғатын күшті желдер күрғақ аңызақ қалыптастырады. Бұның ақыры
шаңды дауылдарға ұласады.
Күздің алғашқы айында (қыркүйекте) көбіне күн ашық, құрғақ, жайлы
болып тұрады. Бұл кезде егін даласында астықты орып-жинау, күздік
дақылдарды себу жұмыстары жүргізіледі. Кей жылдары жауын-шашындатып,
диқандарға көп кедергі жасайды.
Қыркүйек айының соңғы күндерінде жылы, қүрғақ мизам шуағы дейтін кез
туады. Бұл оңтүстіктен жылы континентті ауа массаларының енуіне
байланысты.2
Ауаның температурасы қазан айында тез төмендейді. Жауын-шашын мөлшері
артады, тіпті кей жылдары 100 мм-ге дейін түседі. Облыстың солтүстік
аудандарында суық ауа массалары енген сайын үсік жиі қайтала-нады. Бұл
айдың аяғында ағаш жапырақтары түгел сарғайып, түсіп, кұстар топ-тобымен
жылы жаққа ұшып кетеді. Осы кезде кей жылдары алғашқы қар түсіп, еріп
кетеді. Қараша айының басталуымен ауа райы салқындап, қар аралас жауын-
шашын жиі түсіп, нағыз қара күз басталады. Қараша айының екінші жартысында
қыстың алғашқы белгілері байқалады. Ауа салқындап, 0°-тан төмендейді. Қар
жамылғысы солтүстік аудандарда тұрақ-танып, қоңыржай-континентті ауа
массалары өзінің кейпіне толық енеді. Көлдер мен тоған суына мұз қатады,
біртіндеп арктикалық ауа массаларьның әсері күшейе түседі. Күздін қысқа
айналу мерзімдері тұрақты болуы мүмкін емес, өйткені оған көптеген
факторлар әсер етеді. Күз екі айға созылады.
Қарастырылып отрған ауданда ауаның ылғадануы жаз мезгілінде 45-53%-
ға, ал қыста 81-83%-ға жетеді. Күркіреген күндердің орташа мөлшері 15-20,
ал тұманды күндер 31-38 күге созылады.
Облыстың территориясында жылы кезең солтүстігінде және шығыс
бөліктерінде 120—140 күндей, ал оңтүс-тігінде және батыс бөліктерінде
140—160 күндей болады. Ауаның 10° жоғары температурасының қосындысы
солтүстігінде 2800°, оңтүстігінде 3000—3400° жетеді.
Жыл мезгілдеріне сипаттама. Батыс Қазақстан облысының территориясында
қоңыржай ендікке тән жылдың төрт мезгілі ауысып келіп отырады. Жыл
мезгілдерін көктем, жаз, күз және қыс деп бөлу оның мезгілдік
өзгерістерінің заңдыдықтарына сәйкес келеді. Бірақ табиғаттың жергілікті
жер жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Осыны Батыс Қазакстан
облысы табиғатының мезгілдік кескінінен байқауға болады.
Аумаққа тән ерекшеліктер: күн сәулесі мол түседі, құрғақшылық жиі
болып тұрады, қар жамылғысы жұқа, мөлшерден жоғары буланады, желдің екпіні
қатты, көктемде және өсімдіктің көктеу кезінде топырақта ылғалдың қоры аз
болады.24

1.3 Жер беті және жер асты сулары

Аумақ өзендері тұйық алапқа жатады. Бұл негізінен геологиялық құрамына,
климатының ерекшелігіне байланысты. Облыс территориясында 200-ден астам
өзендер мен өзеншелер бар. Олардың жалпы ұзындығы, Жайық өзенін қоспағанда,
4600 шақырым. Өзендердің ішінде -80-нен астамының су ағыстары уақытша,
жаздық аяғында құрғап кетеді, олардың жалпы су қоры 2024 млн. текше метр,
оның ішінде тек қана 8 өзеннін, ұзындығы 200 шақырымнан асады. Ең үлкен
Жайық өзенінің Батыс Қазақстан облысының аумағындағы ұзындығы 500 шақырым.
Аудан өзендері негізінен қар суынан қоректенеді. Өзендердің тасуы мен
су мөлшерінің молаюы қардағы су қорына, оның еру жылдамдығына, топырақтық
той қабатының қалыңдығына байланысты. Жаз кезінде түсетін жауын-шашын
өзендердің су режиміне көп ықпалын тигізбейді. Өйткені олардың көбі
топырақтың беткі қабатына сіңіп, ауаға буланып кетеді. Күзгі жаңбыр белгілі
бір мөлшерде өзен суының деңгейін толықтырады. Жер асты суы терең
жатқандықтан, өзендердің қоректенуіне көп ықпалын тигізбейді. Жалпы жауын
суы, мен жер асты суының өзендердің қоректенуіне үлесі ауданның
солтүстігінен оңтүстігіне қарай 15%-тен 5%-ке дейін төмендейді. Ауданның
ішкі суы өз территориясынан жиналатын су ағыстарының тек 20%-ін ғана
құрайды. Ал негізгі су ағысы көршілес жатқан территориялардан келеді.1
Ауданның солтүстігінен оңтүстігіне дейін ағып өтетін басты су көзі —
Жайық өзені. Жайық өзені Орал тауының оңтүстік тармағы Үйтас жотасындағы
(Орал-Тау қыраты) әлемдік мұхит деңгейінен 640 м. биіктіктегі Нәжім тауынан
бастау алады. Ол Ресей Федерациясы территориясы мен Батыс Қазақстан және
Атырау облыстарын кесіп өтеді де Тобыл өзенінен пайда болған өзектерден,
Мұғалжар мен Жалпы Сырт шоқыларынан аққан суларға қосылып барып Каспийге
құйылады. Өзеннің ұзындығы 2534 км. Қазақстан шегінде оның ұзындығы 1084
км. Су жиналу ауданы – 220 мың км2 . 5
Жайық өзенінің алабына оң жақ салалары: Ембулатовка, Быковка, Рубежка,
Шаған жопе Деркөл және сол жақ салалары: Елек, Шыңғырлау(Утва), Барбастау
және Ащы өзендері жатады, Соңғысы басын Шалқар көлінен алады да, Жайық
өзеніне суы мол жылдары ғана қосылады. ( Кесте 1) 1
Жайық өзені арнасының ені 100-200 м-ден  300-500 м-ге дейін барады, ал
жағалауы жар тәрізді болып келген (биіктігі -10-15 м). Теңізге құятын
жеріндегі ені 6-8 км-ден 15 км-ге дейін жетеді. Жайық өзенінің тағы бір
ерекшелігі, оның төменгі ағысында салалары жоқ. Сондықтан су деңгейінің
түсуі немесе көтерілуі жоғары жақтан келстін су мөлшеріне байланысты
болады.
Жылдық орташа су шығыны өзеннің бас жағалауында секундына 124 м2
жетсе, орта шенінде 208 м2, ал төменгі жағында 142 м2. Төменгі жағында
суының ағыны аз, едәуір суы Көшім каналына құяды, оның суын шабындық пен
егін суғаруға пайдаланады. Ерте кезде Көшім каналы Жайық өзенінен су аққан,
кейін канал құрғап, маңындағы аймақ шөлейтке айналып кеткен. Тек Отан
соғысы басталар алдында халықтық құрылыс тәсілдірімен каналды қайта
қалпына келтірген болатын. Бірақ суының аздығы шаруашылықтың қажеттілігін
өтей алмайды. 1957 жылдан бастап қайта іске қосылуға ұйғарды. Қазір Көшім
каналының ені 500 м, тереңдігі 5 м және су ағыны 120 м2с-ге жетті, ал
ұзындығы 400 км. Бойында төрт су қойма орналасқан. Киров атындағы
суқойманың көлемі 63 млн. текше м; Бітік— 107 млн. текше м, Дөңеелек — 57
млн. текше м, Пятимар — 34 млн. текше м. Осы сумен 1 млн га артық егістік,
60 мың га шабындық жерлер суғарылады. 17
Арна, аңғар және сулылық сипаты бойынша Жайық өзенін үш бөлікке бөледі
(ағысы): жоғарғы, орта және төмен.
Өзен бастауында тура оңтүстікке қарай Орск қаласына дейін ағады. Бұл
үлескі жоғарғы ағыс болып табылады. Сосын ол бірден батысқа қарай бұрылады.
Ендік бағытта Орал қаласына дейін (орта ағыс) шамамен 850 км. ағып отырып,
қайтадан оңтүстікке қарай тік бұрышпен бұрылып, өзінің бағытын Каспий
теңізіне құйғанға дейін сақтайды (төменгі ағыс, арақашықтығы 840 км).
Жоғарғы ағыс шегінде, бастаудан Орск қаласына дейін, өзен
солтүстіктен оңтүстікке қарай меридианалды бағытта Орал тауының шығыс
беткейі бойымен әктастардан құралған жағалаумен жартастар арасымен тар
аңғар арқылы ағып өтеді. Өзеннің осы үлескіде жалпы құлау ұзындығы шамамен
750 км., - 450 м. құрайды. 1 км арнаға орташа құлау -1,3 м. құрайды. Өзен
арнасы табалдырықты, орташа тереңдіктері 0,5-0,6 м, ең терең жерлері – 3 м.
Өзеннің бұл үлескісіне кәдімгі таулы сипат тән.
Орал қаласы 70 км. қашықтықта Ириклинский гидротүйіні орналасқан. Бұл
бөгет Жайық өзенінің деңгейін 30 м. көтерген. Сулар Жайық бойымен жоғарыға
75 км, Тамалық өзені бойынша 25 км. жайылды. Су қойма айнасының ауданы
жобаланған белгі деңгейінде шамамен 25 км2., көлемі -3,25 км3. Көктемгі су
тасу кезінде толып, Ириклинский су қоймасы жыл бойы біртіндеп көлемінің
жартысы өзенге құйылады. Әр жылғы су қоймасының шығыны 3 м. аспайды.
Орск қаласы мен Орал қаласы аралығындағы орта ағыста өзен салыстырмалы
кең аңғармен ағады. Табалдырықтары кішкентай таулы тектүрдегі тар үлескілер
сирек кездеседі. Өзен біршама қайраңды көп жазықты сипат алады. Осы
үлескіде 1 км-ге өзеннің орташа құлауы 10-20 см. құрайды, бұл ағыс
жылдамдығының бірден төмендеуіне септігін тигізеді. Жайық өзенінің орташа
көпжылдық шығыны Орск қаласы маңында 33 м3сек. құрайды (ауытқуы 7,0-88
м3сек.)
Оренбург қаласы ауданында Жайық өзені ірі оң жақ сала Сакмара өзенін
қабылдайды. Оның ұзындығы 761 км., алап ауданы 29,1 мың км2. Сакмара алабы
ормандармен көмкерілген, мұнда қар көп аккумуляцияланады және кең
тармақталған өзен торы бар. Тек Оренбург облысы шегінде ғана ұзындығы 10
км. асатын Сакмараға шамамен 290 өзен құяды. Сакмара су қоры жағынан
Жайықтан 1,5-2,0 есеге асып түседі, ол ағынының бірқалыптылығымен және
көктемгі су тасулардың ұзақтығымен ерекшеленеді, және сол арқылы Жайық
өзені режиміне елеулі өзгерістер енгізеді. Жайықтың шығыны Сакмара
құйғаннан соң 110 м3сек. дейін жоғарылайды (ауытқуы 12,6-303 м3сек.).
Оренбург – Илек үлескісінде Жайықтың көлденең еңістігі 1 км-ге орташа
есеппен 15 см. Ағыс жылдамдығы мен су тасу жылдамдығы сабада 2,5 мсек.,
қайраңда– 0,8-1,2 мсек., қарасуларда – 0,3-0,5 мсек.
Арнаның ені жылдың әр маусымында 50-150 м. аралығында ауытқып
отырады. Өзеннің осы үлескісінде 65 қайраң бар екендігі анықталған, оның 12
біршама ұсақ болып келеді. Біршама терең жерлер 4-5 м.

Кесте 1. Жайық өзені алабындағы өзендер.

№ Өзендер Ұзындығы
1 Жайық 1049
2 Орь 234
3 Елек 605
4 Жақсы-Қарғалы 140
5 Үлкен Қобда 278
6 Қара Қобда 123
7 Шыңғырлау 260
8 Шаған 73
9 Деркөл 153
10 Өлеңті 173
11 Бұлдырты 162
12 Қалдығайты 219
13 Жақсыбай 130
Жалпы 3599

Орал қаласынан біраз жоғарырақта Жайыққа сол жақтан Елек өзені құяды,
оның ұзындығы 623 км, алаптың су жинау ауданы 41,3 мың км2. Елек өзені
Жайық өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұғалжар тауының биіктігі 350 метрлі
Қоситен жотасынан басталып, Жайық өзенінің сол жағынан барып құяды. Ол
Сакмарадан біраз асып түседі, бірақ су қоры жағынан Елек екінші орынды
алады. Алаптың жер бедері төбешікті, төбешіктердің биіктігі 20-50 м, ал
саланың өзенгі құяр жері толқынды жазықпен сипатталады. Өзеннің бойлық
қимасы жақсы тілімделген, ені 70-120 м болатын астау тәрізді. Өзенге
көптеген өзектер мен жылғалар су әкеледі. Бұған Үлкен Қобда өзені құяды.
Шілде айында Ақтөбе қаласының тұсында орташа су ағыны секундына 3-4 м2,
қыркүйекте 1 м2 болады. Көктемде суы мол, балыққа бай, бойында көптеген
елді мекен орналасқан. 5
Орал қаласы маңында Жайық өзеніне Чаган және Барбастау деген екі сала
құяды, соңғысының сағасынан теңізге құйғанға дейін Жайық жыл бойы үздіксіз
әрекет ететін салалардың бірде бірі құймайды.
Шыңғырлау (Утва) өзені — су жинайтын ауданының көлемі 6,94 мың шаршы
шақырым, ал ұзындығы 290 км. Су шығыныньщ жылдық қорытындысы 150 млн. текше
м. Оның 80% көктемгі су тасу кезеңіне келеді. Шыңғырлау өзенінің 19
салалары бар, олар негізінен сол жағында орналасқан. Өзеннің орта және
төменгі бөлігі әлсіз толқынды жазықта орналасқан. Сала жақсы тілімделген
және тереңдігі 5-10 м-ге жететін V тәрізді пішінге ие.Ж Жағасы - тік,
жарлы. Өзенде екі суқойма орналасқан. Су тасу кезеңі наурыз айының соңында
басталып, сәуір айының соңында аяқталады. Мұз жамылғысының жату ұзақтығы
140 күн, ол қараша айында қата бастайды, ал сәуір айының басында ериді.
Жайық өзенінің оң жақ жағалауынан, Каспий маңы ойпатының солтүстік
шекаралары тұсынан Күшім өзені басталады. Көшім езенінің бастауы Жайықтан
300 м қашықта. Яғни, бұл Жайықтың ескі арнасынан бастала-тын өзен. Жайык,
суының тасу деңгейі жоғары болған жылдары оның суы Көшімге құйылады. Жайық
өзенінің сол жақ бетінде бірнеше кіші өзендер жүйесі қалыптасқан: Үлкен,
және Кіші Аңқаты., Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты, Жақсыбай. Бұл өзендердің
көбі Орал маңы үстіртінен басталып өздерінің суын Байғұты ойпаңына жинайды.
Су көп болғаи жылдары бұл жиналған су Жайық өзеніне барып жалғасады. 22
Төменгі ағыста Жайық өзені Батыс Қазақстан және Атырау облыстары
территорияларындағы Каспий маңы ойпатын кесіп өтеді, мұнда табиғи
зоналардың дала, шөлейт және шөл түрлері бөлінеді.
Дала зонасы, ұзындығы шамамен 250 км., Батрыс Қазақстан облысының
солтүстік бөлігінде орналасқан Жайық өзені бойымен бұл зонаның оңтүстік
шекарасы Чапаево пос. (теңізден 634 км. қашықтықта) өтеді. Ары қарай
оңтүстікте ені шамамен 220 км. шөлейт зонасы жатыр. Ол Каспий маңы
ойпатының солтүстік бөлігінде орналасқан және Чапаево пос. мен Индер қтп.
(қала типтес поселке) арасында жатыр. Индерден теңіз жағалауына дейін ені
шамамен 400 м. шөл зонасы созылуда.
Кері шегінген теңіз артынан жүрген Жайық өзені борпылдақ құмды-сазды
каспий және өзінің шөгінділерімен жол салып бірқатар террасалар түзді.
Олардың ішінде ең төменгі – доғалы терраса, оны тек су аз болған жылдары
ғана су баспайды, орташа биіктігі өзеннің қазіргі арнасынан 3-6 м.
биіктікте. Өзеннің барлық жерінде анық көрінген, бұл терраса - өзен
арнасының ені 5-7 км.
Екінші, шалғын үсті терраса көбіне өзеннің орта ағысының оң жағалауында
және Орал қ. оңтүстікте – сол жағалау бойында дамыған. Бұл террасаның
салыстырмалы биіктігі 8-12 м. Біршама ежелгі – үшінші терраса өзен
арнасынан салыстырмалы 25-30 м. Биіктікте. Жайық өзенінің бүкіл аңғарының
жалпы орташа ені 20- -5 км. деп бағалануы мүмкін. Жайық өзенінің түбінің
деңгейінің әртүрлілігі төменгі ағыста орташа есеппен 50,1 құрайды. Арна
сипаты бойынша және соған сай кеме жүре алатын сапасына қарай өзеннің
төменгі ағысы екі негізгі үлескіге бөлінеді
1. Орал қ. – Калмыково пос. , арақашықтығы 455 км., орташа еңістігі
0,00008 тең;
2. Калмыково пос. – Атырау қ., арақашықтығы 345 км., орташа еңістігі
0,000037 тең.
Өзеннің бұл үлескілерінде 98 қайраң бар, оның 81 – біріншісінде, 17 –
екіншісінде.
Жайықтың төменгі ағысында тереңдігі бірқалыпты, себебі өзен арнасы жылда
көктемгі су тасумен шайылып отырады. Көктемде, су тасуда, су деңгейі
сабадан 3-7 м. көтеріледі. Сабалық кезеңде Жайықтың төменгі ағысындағы
жоғарғы бөліктерінің қайраңдық тереңдігі көп емес 45-80 см., бұл кеменің
жүруіне өте қолайсыз, ішкі үлескілерде (Атыраудан Калмыковоға дейін)
қайраңдардағы тереңдік біршама көбірек (80-120 см.). Шұңқырлардағы
тереңдіктер 7-20 м. аралығында ауытқып отырады; Жайықтың орташа тереңдігі
фарватер бойынша аралықта (құм қайыр және шұңқырларсыз) 3-5 м. құрайды.
Өзен бойында жайылма және екі жайылма үсті террасалар байқалған. Аумақ
шегіндегі өзен жайылмасы кең, айқын көрінеді, бұталар мен шалғын
өсімдіктері қаптап өскен салалар мен көлдерге бай. Өзен аңғарының ені 10-15
км., ал арнаның 150-260 м., тереңдігі 4-10 м., су тасу кезінде 11-15 м.
Өзен түбінің грунты қатты, құмды. Ағыс жылдамдығы орташа 0,4-0,6 мсек., су
тасу 1,0 мсек. асады. Жағалаулар тік жарлы, жардың биіктіктері 7-9 м.
дейін жетеді. Жайық өзені көктемдегі су тасуы кезінде, жылдық ағынның 85-
90% құрайтын қар суымен қоректенеді. Басқа уақытта өзен суы аз, себебі
грунт суларымен және жаңбырмен қоректенудің аса маңызды емес. Жазда ағын
10%, күзде 8%-дан аз, ал қыста жылдық ағынның 1-3% -ын ғана құрайды.
Жайылманың толығымен суға батуы шамамен 7-10 жылдан кейін болады. Төменгі
су тасу (Өзен суының төменгі сабасынан 3-4 м) жоғары су тасумен (6-10
м)алмасып отырады. Қарқынды су тасу 5-20 күнге дейін созылады.
Тасқын сулармен жайылманың қосымша ылғалдануы микроклиматтық жағдайды
жақсартады және дала зонасында шалғынды және орман өсімдіктерінің
таралуына ықпал етеді.
Кей жылдары су тасудың ұзақ және мол болуы кейбір орман өсімдіктерінің
және жайылмада жұмыстарының бастауын тежейді.
Жайық өзенінің сағалық облысының жоғарғы шекарасы атыраудың ұшымен
(Атырау қ. төменірек) сәйкес келеді, теңіздік – теңіздік жағалау бойымен
шамамен 3 м. изобата бойымен өтеді. Бұл шекараларда сағалық облыстың ауданы
1500 км. тең. Өзен атырауының ауданы – 600 км2 .
Жайықтың қазіргі атырауы Атырау қаласында-ақ сол жақ сала – Перетаскаға
тарамдалуынан басталады және ары қарай оңт. – оңт-батыс 40 км. созылып
жатады. Золотой тармағы бойынша Жайық-Каспий каналының өзендік бөлігі
өтеді, ол кейіннен 16 км. бойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өзендері. Өзен және олардың маңызы
Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы
Трансшекаралық өзендер
Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзендерді ғылыми тұрғыдан зерттеу
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Судың ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызы
Су жүйелер экологиясы
Жайық өзені табиғатты-халқы-шаруашылығы
Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Пәндер