Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Melissa туысының дәрілік мелисса бағалы дәрілік түрі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да өзіндік маңызын әлі күнге жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оны қолдау пайдалы екендігі анықталып, оның құндылығы артып келеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын препараттарға дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрілерге сұраныс көп деуге толық болады. Соған байланысты дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамын, морфологиялық және анатомиялық құрылымын зерттеу өзекті мәселе. Өйткені өсімдіктің құрылымдық ерекшеліктерін толығырақ білу олардың морфофизиологиялық критерияларын анатомиялық критерияларымен толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол мәліметтер өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін толығырақ біліп тиімді пайдалануға және қажетті дәрілік өсімдіктерді ғылыми тұрғыдан жерсіндіруге мүмкіншілік береді.

Қазақстан флорасының дәрілік өсімдіктер қорын қазіргідей дәрі-дәрмек тапшылығы айқын сезілген кезеңде медицинада толық пайдалану үшін олардың жаңа түрлерін өндіріске енгізу аса тиімді болар еді. Ал бұл өз кезегінде оларды морфологиялық, анатомиялық және онтогенездік тұрғыдан жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Республика флорасында дәрілік өсімдіктер көп болса да, оның зерттелу деңгейі ғылыми тұрғыдан әлі жеткіліксіз, яғни әрбір өсімдік түрлерінің биологиялық жан-жақты зерттелуі қамтылмаған. Нақтылай алғанда жекелеген дәрілік өсімдік түрлерінің онтогенездік, биоморфологиялық және онтогенездік, анатомиялық зерттелуі Қазақстанда біршама төмен.

Жалпы биологиялық заңдылықтар бойынша өсімдіктер мен жануарлар клеткасының құрылымдық, тіршіліктік ұқсастығы бірдей, яғни олардың ағзасы органикалық әлемді болғандықтан, өсімдіктегі биоактивті заттармен адам ауруларын табысты емдеуге болады.

Ресми медицинадағы табиғаты синтетикалық - химиялық препараттардың өндірістік технологиясы мейлінше күрделі және экономиялық тұрғыдан ел қаржысына ауырлық түсіреді де, даярлау уақыты ұзақ болады. Ал қазір Республикамызға қажетті дәрілік препараттардың тоқсан пайызы жақын және алыс шетелдерден сатып алынады. Әрине бұл елдің қыруар қаржы екендігі белгілі. Міне осыған байланысты ел Президентінің арнайы тапсырмасымен және Республика өкіметінің нұсқауымен, бұл салаға біршама қаржы бөлініп, «Отандық медициналық мекемелерді дәрілермен қамтамасыз етуді қарастырып, оның фитопрепараттарын өндіріске енгізу» бағдарламасын бекітіп, оның бас мекемесін Республика Ғылым Академиясының Фитохимия институты етіп тағайындады. Сондықтан еліміздің фармацевтикалық өндірісіне дәрілік препараттарды табиғи немесе екпе өсімдіктер шикізатынан өндіру аса тиімді.

Осы мақсатпен дәрілік мелисса (Melissa officinalis L. ) өсімдігін екпе жағдайда өсіріп, онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін анықтау маңызды деп ойлаймыз.

Еліміздің дәрі-дәрмектік қажеттілігі мен табиғатты қорғау шараларын ғылыми негізде ұйымдастыруға сілтеме болатын қолданбалы ботаникада дәрілік өсімдіктер онтогенезіндегі олардың морфо-анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің ботаника және экология кафедрасында жүргізілуде.

Бұл жұмыс ботаника және экология кафедрасының аспиранты А. Т. Туякованың « Lamiaceae тұқымдасы кейбір дәрілік түрлерінің вегетативтік мүшелерінің морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктері және фитохимиясы» диссертациялық жұмысынан алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Melissa туысы дәрілік мелисса (Melissa officinalis L. ) дәрілік түрінің онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін анықтау.

Мақсатқа жету үшін алға қойылған негізгі міндеттер:

● Дәрілік мелисса (Melissa officinalis L. ) өсімдігін екпе жағдайда өсіріп, онтогенезіндегі морфологиялық құрылысын сипаттау.

● Зерттеуге алынған өсімдіктің онтогенезіндегі анатомиялық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу нысанасы мен заты. Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Melissa туысының дәрілік мелисса бағалы дәрілік түрі. Зерттеу заты өсімдіктің онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктері.

Ғылыми жаңалығы

  • Дәрілік мелисса(Melissa officinalis L. ) дәрілік түрінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық ерекшеліктері анықталды;
  • Дәрілік мелисса(Melissa officinalis L. ) өсімдігінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің анатомиялық құрылыс ерекшеліктері анықталды;

Практикалық құндылығы

Дәрілік мелисса (Melissa officinalis L. ) өсімдігін екпе жағдайда өсіру табиғи қорының азаюының алдын алса, ал онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін анықтау осы өсімдіктің ботаникалық сипаттамасын толықтырып, медицинада фармацевтикалық шикізатты анықтап талдауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың сыннан өтуі.

Бітіру жұмысындағы зерттеу нәтижелері «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІІ Халықаралық конгресінде талқыланды (Алматы, 28-29 сәуір, 2008 ж) .

Бітіру жұмысының құрылымы және көлемі.

Бітіру жұмысы Microsoft Windows xp 2000 жүйесіндегі компьютерде теріліп, 46 бет көлемінде жазылған, кіріспе, 4 бөлім, қосымшалар, қорытынды, 13 суреттен, 4 кестеден тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны - 48.

ӘДЕБИ ШОЛУ

  1. Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы шолу

Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырап келеді. Сондықтан халық өсімдіктерді - басқа пана, жанға сая деп бағалаған [1] .

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін [2] . Қазақстан Республикасы территориясында алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 130 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады.

Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.

Дәрілік өсімдіктер - қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілік препараттар алатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде олардан 40 %-ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.

Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %-ға дейін, ал бауыр және асқазан-ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды [3] . Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.

Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған. Атақты ойшыл, шығыс дәрігері Ибн-Сина (Авиценна) . «Медициналық ғылымның Каноны» деген еңбегінде: «Дәрігердің 3 қаруы бар - сөз, өсімдік, пышақ, » деп жазады [4] . Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерді зерттеумен көптеген ғалымдар айналысуда. Олардың құрамында: алкалоидтар, гликозидтер, сапониндер, илік заттар, эфир майы және т. б. заттар бар. Биологиялық белсенді заттардың көпшілігі мысалы, алкалоидтар және гликозидтердің көп дозасы улы, бірақ организмге қолданылатын аз мөлшерінің (0, 01 және одан да аз ) емдік қасиеті бар [5] .

Академик Н. В. Павловтың басқаруымен Қазақстанда пайдалы өсімдіктер тексеріліп еңбектері жарыққа шықты, онда өсімдіктердің қасиеттері туралы жан-жақты айтылған [6] .

ХХ ғасырдың басында адамдардың дәрі ретінде қолданылатын заттарының 80 % дәрілік өсімдіктерден алынған болса, оларды бірте-бірте синтетикалық әдіспен алынған заттар антибиотиктер және гормональды препараттар ығыстырады. Бірақта ғылым мен техниканың орасан жетістіктеріне байланысты синтетикалық әдіспен көптеген дәрілер алынғанына қарамай өсімдіктерден алынған табиғи дәрілік препараттардың ғылыми медицинада алатын орны ерекше [7] .

Дәрілік қасиеті бар биологиялық белсенді заттар өсімдікте әртүрлі мүшелерінде белгілі бір даму кезеңдерінде жинақталады.

Әртүрлі дәрілік өсімдіктерде шипалық әсер етуші заттары өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде жинақталады: тамырында, тамырсабағында, тек жапырағында, гүлдерінде және тіпті күлтелерінде сондай-ақ қабығында да жинақталады. Сондықтан дәрілік өсімдіктердің әртүрлі мүшелерін жинау және кептіру өздерінің ерекшеліктеріне қарай жасалады. Мұны әсіресе дайындау кезінде ескеру қажет. Сол сияқты жинау мерзімін ескерген жөн, өсімдіктердің әртүрлі мүшелеріндегі дәрілік қажеті бар биоактивті заттардың орналасуы бірдей емес және бұл заттардың әсері даму фазасына байланысты күшті өзгереді.

Өсімдіктер морфология мен анатомиясының басты міндетінің бірі - сыртқы формасының және олардың ішкі құрылысының даму заңдылықтарын айқындау. Соңғы жылдары көптеген өсімдіктер морфогенезіне, жекелей алғанда шөптесін дәрілік түрлерге арналған жұмыстардың арасында оның тек сыртқы құрылымының дамуы ғана емес, сонымен қатар олардың анатомиялық ерекшеліктерін қамтитын зерттеулер тым аз. Осыған орай дәрілік өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің құрылымдық дамуын тұқымдарының өнуінен табиғи өлуіне дейінгі тіршілік күйлерінде зерттеу олардың морфогенезін терең түсіне талдауға мүмкіндік берді. Өсімдіктің сыртқы және ішкі құрылысын жүйелі түрде онтогенезінде зерттеу оның өсуі мен мүшелерінің қалыптасуын, заталмасу процесінің анатомиялық элементтермен өзара үйлесімдігі мен тығыз байланыстылығын анықтаудағы биологиялық маңызы зор.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы территориясында алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 130 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады.

Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалған препараттардың адам денсаулығы үшін өте жоғары бағаланатыны белгілі, соның нәтижесінде бұл күнде фитотеропия айтарлықтай дамып отыр. Дәрілік өсімдіктерді зерттеп емдік қасиеттерін анықтап, таныстыру ісінде Республикада бір қатар жұмыстар атқарылуда. Бұл мақсатта медициналық институттың фармакология кафедрасы, Ботаника институты, фитохимия институты Қазақ Ұлттық Университетінің «Органикалық химия және Табиғи қосылыстар химиясы», «Ботаника» кафедрасы және басқа да ғылыми зерттеу институттары үлкен еңбек етуде.

Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жоғалып барады. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қоюды ғана емес, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.

Дәрілік өсімдіктер - қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілер алатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Олардан 40 %-ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Адамдардың ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.

Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %-ға дейін, ал бауыр және асқазан-ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды [8] . Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктерді іздестіруде.

Қазақстан флорасында кездесетін дәрілік өсімдіктерді шартты түрде 4 топқа бөлуге болады [9] .

1) Мемлекеттік фармакопея комитеті пайдалануға ресми түрде рұқсат берген түрлер.

2) Химиялық құрамы және клиникалық қасиеттері белгілі дәрежеге дейін зерттелген келешегі бар түрлер.

3) Халықтық медицинада қолданылатын түрлер.

4) Фольклорда кездесетін түрлер.

Осы 4 топтың алғашқы екі тобына жатқызатын дәрілік өсімдіктер саны 204 шамасында [10] .

Ал Қазақстан Республикасы халықтары (әртүрлі этникалық топтарды қосқанда) тіршілігінде халықтық медицинада пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер саны 700 ден асады [11] .

Өсімдікте синтезделетін шипалық қасиеті бар фармакологиялық белсенді заттар (сапониндер, алкалоидтар, гликозиттер, шайырлар, шыны майлар, қанттар, крахмал, көмірсулар, шырышты-сілемейлер және т. б) негізінен оның вегетативтік және генеративтік мүшелерінде (тамырында, сабағында, жапырағында, гүлінде және жемістерінде), сонымен қатар қабық пен өзек паренхимасында жинақталады.

М. К. Көкеновтың және басқа зерттеушілердің монографияларында [12] тікелей емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктерінің 176 түрі, ал Н. М. Мухитдинов және басқалар еңбектерінде қосымша тағы да 40 түрдей келтірілген. Демек, Республикамызда қазіргі кезде емге қолданатын дәрілік өсімдіктердің жалпы саны 216 деп қарастыруға болады [13, 14, 15] .

Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының басты міндетінің бірі-сыртқы формасының және олардың ішкі құрылысының даму заңдылықтарын айқындау. Соңғы жылдары баспадан шыққан көптеген өсімдіктер морфогенезіне, жекелей алғанда шөптесін дәрілік түрлерге араналған жұмыстардың арасында оның тек сыртқы құрылымының дамуы ғана емес сонымен қатар олардың анатомиялық ерекшеліктерін қамтитын зерттеулер тым аз.

Левина Р. Е өсімдіктердің тұқымымен көбею биологиясының ботаникадағы аса маңызды түйінді мәселе екендігіне шолу жасаған мақаласында [16] тұқыммен көбеюдің ерекшелігінің, гүлдену мен жемістенудің биологиясын, тұқымдардың таралуына тұқымдар физиологиясын өсімдіктердің әр түрлі жемістілігін тұқымның ұрықтанбай дамуын, тұқыммен көбею биологиясының, оның бір тұтастығының теориялық және практикалық маңызындағы түйінді мәселелердің мәнін қарастырған.

Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерді зерттеуге М. К. Кукенов, Р. А. Егеубаева [17, 18, 19] үлкен үлес қосты. Ғалымдар күрделігүлділер тұқымдасының біршама түрлерінің биологиялық, фитоценоздық құрылымды ерекшеліктерімен қоса олардың интродукциясын, табиғи қорын анықтаған.

Денсаулық сақтау мен медицина ғылымының дамуы көбінесе емдік-профилактикалық мекемелердің қазіргі заманға сай тиімді әсерлі дәрілік заттармен қамтамасыз етілумен анықталады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын препараттардың ішінде өсімдік шикізатынан алынатын дәрілер маңызды орын алады. Өсімдіктерден перепараттарды алу мен дәрілік өсімдіктердің табиғатта сақталуының тұрақты шикізаттық базасын жасаудың бір жолы бұл өсімдіктерді мәдени түрде өсіру болып табылады. Сондықтан интродукциялық жұмыстар жүргізу, сонымен қатар маңыздылығы жоғары өсімдіктерді фитохимиялық және фармокологиялық зерттеу, жергілікті флора түрлерінің ішінен дәрілік өсімдіктердің жаңа түрлерін іздеу және мәдени түрде өсіру жұмыстарын жүргізу бүгінгі күнде өте өзекті мәселе.

Дәрілік өсімдіктерді мәденилендірудің ең алғашқы қадамы, бұл көбейту тәсілдерін таңдау деп санайды. Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей (Кулешов, 1963; Мельникова, 1989; Христенко, 2001), өсімдіктерді тұқымынан көбейту тез, әрі тиімді, кей жағдайда, әсіресе бір жылдық өсімдіктер үшін бір ғана тәсіл.

Басқа дақылдар сияқты дәрілік өсімдіктердің де тұқымдарын сақтау мерзімінде олардың өну мен өну қуаты өзгерістерге ұшырайды. Өну қабілеті - тұқымның биологиялық, шаруашылық маңызын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі және ұрықтан өз алдына жеке (дербес) ағзаға өтетін алғашқы даму сатысы болып табылады.

Әртүрлі дақылдарға әрқилы мерзімде тұқымдардың толық физиологиялық тыныштық кезеңі қажет (Позднов и Смирнов, 1998) . Сақтауда ары қарай тұқымның өну қабілетінің төмендеуі байқалады, оған ылғалдылық, температура, сақталған ыдыс (тара) және т. б. факторлар сияқты эндогенді және экзогенді процестер әсерін тигізеді (Николаева, 1977) . Тұқымдарды сақтау бөлме температурасында (18-21 0 С) және төмендетілген (0-2 0 С) температурада 1 жыл көлемінде темір, қағаз, мата, пластикалық және әйнек (шөлмек) ыдыстарда сақталған. Зерттеу нәтижелері дәрілік мелисса тұқымын 12 ай бойы сақтауда оның бөлме температурасында қағаз және темір ыдыстарда сақталған тұқымдардың өну қабілеті мен өну қуаты жоғарғы көрсеткіштере ие болған. Барлық варианттағы (нұсқаудағы) сақтауда тек әйнек (шөлмек) ыдыста сақталған тұқымнан басқасы төмен төмен температурада өну қабілеті 1, 5-2 есеге төмен көрсеткіштер көрсеткен [20] .

Украина табиғат жағдайындағы Lamiaceae тұқымдасының екі жақын туыс Melissa officinalis пен Nepeta cataria дәрілік түрлерінің салыстырмалы морфологиялық, фармакопеялық және биологиялық ерекшеліктері оларды идентификациялау (теңестіру, ұқсастыру) мақсатында зерттеліп, сипаттама берілген. Мақалада екі түрдің тамырсабақтарының, сабақтарының, жапырақтарының, жалпы өсімдіктің және жемістерінің түстерінің ерекшеліктері оларды ажырату үшін сипатталған [21] .

Құрамында фенилпропаноидтар бар 6 дәрілік түрінің фитопрепараттарының нейротропты активтлігі салыстырмалы түрде зерттелген. Бұл зерттеулер нәтижесінде Melissa officinalis тұнбасының тыныштандырғыш (седативті) әсері анықталған [22] .

Ресейде И. М. Сеченов атындағы ММА (мәскеу медицина академиясы) -дағы жүргізілген зерттеулер Melissa officinalis өсімдігінен эфир майларын алу жолдары, олардың химиялық құрамы және фармакологиялық қасикттері жөнінде мағлұматтар береді. Сонымен қатар, құрамында осы алынған эфир майлары бар фитопрепараттарды медицинада қолдануға нұсқаулар берілген [23] .

Самара облысы жағдайында (РФ) мәдени өсірілетін Melissa officinalis шөбінің химиялық құрамын зерттеуде алғаш рет тек осы өсімдікке ғана тән 7 зат анықталып, идантификацияланған. Сонымен қатар, құрамында хлорогенді қышқылдың барлығы дәлелденген. Түрдің шикізатының химиялық құрамын зерттеу негізінде «Мелисса настойка» және «Мелисса экстракт жидкий» дәрілік препараттарын даярлау барысында әсер етуші заттар тобын анықтау мақсатында фитохимиялық және аналитикалық зерттеулер жүргізілген [24] .

Ставрополь флорасының (РФ) дәрілік өсімдіктер құрамындағы химиялық элементтердің, атап айтқанда селеннің (Se) өсімдіктегі амин қышқылдарының өзгеруіне әсері зерттелген.

Дәрілік өсімдіктерге арналған минералды тыңайтқыштардың құрамына селенді әртүрлі мөлшерде қосса, өсімдіктегі амин қышқылдары өзгереді. Дәрілік мелиссадағы бос амин қышқылдарының синтезіне 0, 001 пайыз концентрацядағы селенит оң әсерін тигізетіндігі анықталған. Зерттеу барысында барлық амин қышқылдары бойынша көрсеткіштер орта есеппен 20 пайызға ұлғайған [25] .

1. 2 Алынған зерзаттың - Melissa officinalis L. дәрілік өсімдігінің ботаникалық зерттелуі және құрамындағы биологиялық белсенді заттары

Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар әртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар - алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир және шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер, т. б.

Эфир майлары - күрделі әртүрлі үшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тән болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркәсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0, 001%-тен 20%-ке дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция әдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда және басқа органикалық еріткіштерде ериді. Эфир майының химиялық құрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі-түрлі әсерін тигізеді. Микробтарға және түйілуге қарсы дәрі, жүрек жұмысын жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.

Гликозидтер. Өсімдік бөліктерінде болатын күрделі органикалық заттар. Оладың қантты және қантсыз бөліктері бар. Фермент қышқылдар арқылы және қайнатқанда қантқа (глюкоза, фруктоза т. б. ) және қантсыз бөлігіне (агликон) ыдырайды. Таза түрінде кристалл тәрізді ащы зат, суда өте жақсы ериді, бірақ спиртте ерімейді, көбісі улы. Гликозидтермен әртүрлі ауруларды емдеу агликонның химиялық құрамы мүмкіндігіне байланысты. Қазір жүрек гликозидтерін көп пайдаланып жүр. Сақ болу керек, олар өте улы. Тек дәрігерлер бақылауымен ғана емделген жөн. Гликозидтер табиғатына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Солардың бірі флавоноидтар мен кумариндер.

Флавоноидтар - барлық флаваноидтар негізінен флавон деген қосылысқа жатады. Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структураға қарай, сонымен бірге оның тотығу дәрежесіне байланысты барлық флавоноидтар бірнеше негізгі топтарға бөлінеді; 1) Катехиндер; 2) Лейкоантоцианидтер; 3) Антоцианидиндер; 4) Флавоноидтар; 5) Флавонолдар-3; 6) Флавондар және флавонолдар; 7) Халкондар және дигидрохохалкондар; 8) Аурондар; 9) Изофлавондар. Флавоноидтар өздерінше бос күйінде де, немесе гликозидтер түрінде де (катехиндерден басқасы) кездеседі. Көміртекті бөлігі ретінде моно-, ди- және трисахаридтер болуы мүмкін. Моносахаридтерден кәдімгі өсімдіктерде болатын қанттар: Д-глюкоза, Д-галактоза, L-рамноза, L- арабиноза болады.

Флавоноидтар деген атпен белгілі өсімдіктер пигменттері класын зерттеу ХIХ ғасырдың басынан жүргізілді деп айтуға болады. Флавоноидтар қосылыстарына қызығушылық әсіресе ерекше 20ғасырдың 40 жылдарынан басталды. Септ - Дьерди 1936 жылы лимон қабығынан алынған флавоноидтар жиынтығының Р - Витамині белсенділігіндей әсері бар екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде флавоноидтардың фармокологиялық әсері диапазоны өте кең белгілі болды. Әдебиеттердегі мәліметтерден флавоноидтарды жүрек-қан тамырларын емдеуге, спазмолитикалық, қабынуға қарсы, микробтарға қарсы дәрілік заттар ретінде пайдалануға болады. Соңғы кезде флавоноидтарды ісікке қарсы да қолдануға болады деген мәліметтер бар. Бірақта флавоноидтардың дәрі-дәрмек ретінде ресми түрде пайдалануы әлі шектеулі. Өте жиі флавоноидтарды Гален және Жаңа гален препараттары құрамына кіретіндігі туралы айтылады [26] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Розмарин қышқылының фармакологиялық белсенділігі
Өсімдіктердің эфир майлары
Өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттар
Жоғары эфир майлары
Ауруларды емдеуде каротиноидтары бар дәрілік өсімдіктерді қолдану
Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы
Lamiaceae тұқымдасының құнды дәрілік түрі
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Өсімдіктер типінің субаридті тобы
Қасқасу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz