Дзюдо күресі Қазақстанда дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология факультеті

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Диплом жұмысы

Дзюдодағы физикалық жүктемені биоритимдер негізінде жоспарлау

Орындаған

4 курс студенті Тастемиров Р. Н.

(қолы, күні)

Ғылыми жетекшісі

б. к. ғ., доцент Маутенбаев А. Ә.

(қолы, күні)

Норма бақылаушы Гумарова Л. Ж.

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі,

профессор Арещенко А. И.

(қолы, күні)

Алматы, 2010

Реферат

Бітіру жұмысы мазмұны 65 беттік текстен тұрады. Оған 13 кесте, 12 диграммалар, 11 сурет кірді, 33 әдибиеттері қолданылды.

Жұмыста көп қолдалынатың түйінді сөздер: дзюдо, биоритмдер, тәуліктік биоритмдер, артериальдық пульс, қан қысымы, систолалық қан қысымы, диастолалық қан қысымы, пульстық кан қысымы, өкпенің тіршілік сиымдылығы, тыныс алу жиілігі.

Жұмыстың өзектілігі - дзюдомен шұғылданатың студенттердің физикалық жүктемелердің қан айналу және тыныс алу жүйелеріне әсерін жобалауындағы алғашқы рет биоритмдардың негізінде сүйеніп жобалау.

Жұмыстың мақсаты: дзюдода биоритмдердың негізінде дене күш жүктемені жобалауы болды.

Осы мақсатқа жетуішін келесі міндеттер қойылды:

  1. Салыстырмалы тыныштық күінде қан айналу және тыныс жүйелерінің көрсеткіштері анықталды.
  2. Күннің әр түрлі кездеріндегі жаттығулардан кейін кардио-респираторлық көрсеткіштердің көрсеткіштерін өлшеу.
  3. Тәжірибелерден алынған нәтижелеріне сүйене отырып дзюдодағы физикалық жүктелерді жобалауындағы байқалған биоритмдеріне қарай алғашқы ұсыныстарды жасау.

Зерттеу объектісі Зерттеулер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ күндізгі бөлімінің студентеріне жүргізілген. Жастары салыстырмалы түрде бір болған (20 жастағы) . Зерттеленген студенттерді екі топқа бөлдік. Бірінші топтың студенттері бақылау тобы (дене шынықтырудың жалпы дайындық бөлімі), ал екіншісі тәжірибелік тобы (дзюдо секциясына қатысатындар) .

Зерттеу әдістері: Екі топта салыстырмалы қалыпты жағдайда, жүктемелер орындалған кезінде, қалыпты жағдайға келгенге дейін зерттеулер жүргізілді. Зерттелінген көрсеткіштері: артериальдық пульс, Коротков әдісі бойынша артериалдық қан қысымы (систолдық, диастолдық, пульстық, орташа),
1 минөттегі тыныс жиілігі, спирометрия әдісімен өкпенің тіршілік сиымдылығы анықталды.

Алаңған нәтижелер: Зерттелген дзюдошыларының көрсеткіштердін ең жоғары деңгейлері кешкілік машықтануда тіркелді. Жас дзюдошылардың қан айналу мен тыныс алу жүйелерінің тәуліктік биоритмына негізделіп, машықтану таңертенгі уақыты тиімді.



Глоссарий

Дзюдо - дзюдо, жер ғаламшарында кеннінен таралған жапонның күресі

Биоырғақтар - биоырғақтылықтың белгілі бір уақыт аралығындағы тіршілік деңгейінің қайталанып отыруы.

Тәуліктік биоырғақтар - тәулік бойы адамның жағдайы өзгереді, функционалдық мүмкіншіліктер жоғарлайтын және жұмыс қабілеттілігі төмендейтін кезеңдер. болып табылады.

Артериальдық пульс- жүрек жиырлып, қан тамырларға айдалған кездегі артерия тамырларының қабырғасының мезгіл-мезгіл толқынды тербелісі.

Қан қысымы - жүрек жұмысының нәтижесінде артерия тамырларында қалыптасатың қан қысымы.

Систолалық қан қысымы - систола кезінде байқалатын ең жоғары деңгейдегі қан қысымы.

Диастолалық қан қысымы - диастола кезіндегі қан қысымының ең төменгі деңгейі.

Пульстық кан қысымы - систолалық және диастолалық қан қысымдарының айырмасы

Өкпенің тіршілік сиымдылығы- терең дем алғаннан соңбар мүмкіндігінше өкпеден бөлініп шығарылатын ауаның мөлшері.

Тыныс алу жиілігі - 1 минөттегі тынысалу жиілігі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 7

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 7

1. 1 Дзюдо күресесінің пайда болу тарихы . . . 7

1. 2 Дзюдо күресі Қазақстанда дамуы . . . 8

1. 3 Биоритмдерге сипаттама . . . 9

1. 4 Қазіргі уақытта биоритмдердің мәселелері . . . 11

1. 5 Физиологиялық үрдістердің тәуліктік ырғақтары . . 19

2. МАТЕРИАЛ МЕН ӘДІСТЕРІ . . . 28

2. 1 Зерттеу объектісі . . . 28

2. 2 Зерттеу әдістері . . . 28

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ . . . 32

3. 1 Спортшылардың физиологиялық көрсеткіштері . . . 32

3. 2 Жай адамдардың физиологиялық көрсеткіштері . . . 36

3. 3 Алынған нәтижелерді талдау . . . 39

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 51

ҚОСЫМШАЛАР . . . 53

ТҮЙІН . . . 65

Кіріспе

Дене шыңықтыру мен спорттың жаратыстанулық ғылыми негізі болып медицина-биологиялық ғылымдар болып саналынады (анатомия, физиология, биохимия, гигиена және т. б. ) . Адам барлық тірі жандарға тән биологиялық заңдылықтарына тәулді. Адам организімі бір тұтас өзін-өзі реттейтің және дамыйтың биологиялық құрделі жүйе. Дене шынықтырудың және спорттық жаттығудың принциптері мен тәсілдері медицина-биологиялық ғылымдардың негізінде қалыптасады [1, 2] .

Белгілі, дзюдо күресі, жоғарғы дайындықтағы балуандарды дайындауды көздеп, сонымен қатар дзюдошыларды дайындаумен қиындығы мол қыруар жұмысты талап етеді. Дзюдо күресінің оқыту, үйрету тәсілдерін жан-жақты қолдану және ұтымды пайдалану жолдарын қарастырады. Дене шынықтыру жаттығулары спортшылардың индивидуалды көрсеткіштеріне дәлме-дәл сәйкес келуі керек. Сонымен қатар, жүректі жаттықтыру, соның ішінде жас спортшылардың, дзюдошылардың «биологиялық сағатты» еске алуы тиісті болып табылады.

Бүгінгі күнде биоырғақтардың адам деңсаулығына, спорттық жаттығуларына, олардың нәтижелері бір қатар зерттеулер жүргізілді. Бірақ олар жеке спорттың түрлерінде аз мөлшерде зертелген. Машықтану кезінде жаттығу дара түлғаның, спортшынның жеке, индивидуальдық күйін ескере отырып, жаттығулар спортшының ерекшеліктеріне бейім болу керек. Мысалы жатығулар кезінде, әсіресе жас спортшылардың «биологиялық сағаттарының» ерекшеліктерін қарастыру керек [3] .

Спорта дене жүктеменің керекті уақытында пайдалану өте көп әсерін тигізеді. Машықтану ұрдісі кезінде спортшының денісаулығы мен спорттық нәтижелерінің ең жоғары жетістіктеріне жетуіне жеке машықтану ұрдісі кезіні комақты ықпалын тигізеді. Сол себептен спортшы бір кезенде ең жоғары жетістіктерге жетеді, ал басқа мерзімде белсенділігі төмендейді, көп ауырады, жарақаттарға ұшрайды. Сондықтан дене жүктемелер орындалғанда жеке спортшының биоырғақтарына көп назар бөлу жөн. Осы себептерге көніл бөліп біз осы жұмысты жасауға бел бұрдық.

Жұмыстың өзектілігі - дзюдомен шұғылданатың студенттердің физикалық жүктемелердің қан айналу және тыныс алу жүйелеріне әсерін жобалауындағы алғашқы рет биоритмдардың негізінде сүйеніп жобалау.

Жұмыстың мақсаты - дзюдода биоырғақтардың негізінде дене күш жүктемені жобалауы болды.

Осы мақсатқа жетуішін келесі міндеттер қойылды:

  1. Салыстырмалы тыныштық күінде қан айналу және тыныс жүйелерінің көрсеткіштері анықталды.
  2. Күннің әр түрлі кездеріндегі жаттығулардан кейін кардио-респираторлық көрсеткіштердің көрсеткіштерін өлшеу.
  3. Тәжірибелерден алынған нәтижелеріне сүйене отырып дзюдодағы физикалық жүктелерді жобалауындағы байқалған биоритмдеріне қарай алғашқы ұсыныстарды жасау.

Зерттеулердің нәтижелерін дзюдо үйрме (секцияларында), жалпы студенттердің дене шынықтыру дайындық секцияларында дене жүктемелерін тиімділігін жоспарлауын болады.

Жұмыстын жаңашылдығы. Жұмыс бір жастағы дзюдомен шұғалданатың және жалпы дене шынықтыру дайындық секцияларына қатысытың жастарға жүргізілді, дене жүктемелері зерттеліп және оларды биоритмдар негізінде жоспар жасауға болады.

Зерттеулер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ күндізгі бөлімінің студентеріне жүргізілген. Жастары салыстырмалы түрде бір болған (20 жастағы) . Зерттеленген студенттерді екі топқа бөлдік. Бірінші топтың студенттері бақылау тобы (дене шынықтырудың жалпы дайындық бөлімі), ал екіншісі тәжірибелік тобы (дзюдо секциясына қатысатындар) . Әрбір тобында бес адам болды. Екі топта салыстырмалы қалыпты жағдайда, жүктемелер орындалған кезінде, қалыпты жағдайға келгенге дейін зерттелер жүргізілді. Зерттелінген көрсеткіштері: артериальдық пульс, Коротков әдісі бойынша артериалдық қан қысымы (систолдық, диастолдық, пульстық, орташа), 1 минөттегі тыныс жиілігі, спирометрия әдісімен өкпенің тіршілік сиымдылығы анықталды.

Практикалық маңызы. Тәжірибелерден алынған нәтижелерге неізделіп дзюдо күресімен шұғалданатың жаттықтықтырушылар мен спортшыларға жаттығу, машықтану кезендерін тиімді және үйлесімді пайдалануға қөмегін көрсетеді.

Бітіру жұмысы дәстүрлі жолмен жасалынған және жазылған. Жұмыс беткі парақ, реферат, глоссарий, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымша бөлімдерден тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Дзюдо күресінің пайда болу тарихы

Дзюдо күресінің пайда болуы жайлы көп аңыздар бар. Ал, «Дзюдо күресін үйрету әдістері» атты оқулықта “біздің эрамыздың 1200 жылы Жапонияда джуи-джитсиге жақындығы бар күрес түрі таралды”, − деп құжат жүзінде дәлелденгендігін айтады.

Жапония елінің халқына джуи-джитси кең таралды. Күрестің бұл түрінде көптеген денсаулыққа зиян келетін әдістер және соққылар қолданылды. Сондықтан бұл күресте жарақат алудың қауіпі төнді. Джуи-джитси күресінің осындай себептерінен жастардың дене тәрбиесіне бағытталған спорт түріне енгізілмеді. Өткен ғасырдың аяғында Токио университетінің дәрігері Эрвин Бельц және жас оқытушы Дзигаро Кано күрестің жаңа жүйесін құрды. Олар джуи-джитсиде қолданылатын қауіпті тәсілдер мен соққыларды қысқартып басқаша ереже құрды. Күрестің жаңа түрі “дзюдо” деп аталды.

1882 жылы Дзигаро Кано әлемде тұңғыш рет дзюдо мектебі - “Кодоканды” ашты. Онда жапондық күрестің құпиясын үйретті.

Кано Жапонияның Олимпиадалық комитетінің бірінші президенті, ХОК-тің мүшесі және Жапонияның атлетшілер қауымдастығының негізін қалаушы болды.

1994жылы бұл күрес Европаға танымал болды. Үгіт-насихат жасаудың арқасында, дзюдо күресін білген адам әлсіз бола тұра, күшті адамды да жеңетіні белгілі болды. Көпшілікке ұнағандығы сонша - өте жылдам таныла бастады. Дзюдо күресінің бірнеше әдісін үйренсе болғаны, бір адамнан жеңілмейтіндігі қызықтырды. Барлық жерлерде дзюдомен айналысатын мектептер ашылып, дзюдо күресіне арналған арнайы әдебиеттер жазылып, шығарылды. Европада дзюдо күресін үйрететін мамандар (европалықтар және жапондықтар) пайда бола бастады. Енді біреулер бұл күрестің “профессорымын” деп дәрежесін көтерді. Дзюдоның жазбаша үйретуге бет бұрғандары да кездесті. Ал, үйреніп жүрген дзюдошылар «негізінен әдісті меңгерсең болды, жаттығу мен дене дайындығы шешуші роль атқармайды» - деді. Бұл европалықтарды жалған жолға итермелеуі ме немесе жапондық балуандарды жаттығуға, әлде дене дайындығына көп көңіл бөлуінде ме? Жапониядан шет елдерге дзюдо күресін насихаттауға көп мамандар жіберіле бастады. Жапондық жаттықтырушысының қолында дзюдо күресін үйрену қымбат болса да «моды» болды. Әсіресе бұл күрес Франция, Бельгия, Голландия, Испания, Англия мемлекеттерінде кең етек алды. Сондықтан қазіргі уақытта Европа мен әлем чемпионаттарында бұл елдің спортшылары алдыңғы орыннан көрінеді.

1956 жылы бірінші әлем чемпионаты өтті. Екінші рет бұл чемпионат 1958 жылы өтті. Көпшілік ойлағандай, барлық салмақ дәрежесінен де жапон балуандары жеңімпаз атанды.

1964жылы дзюдо күресі алғашқы рет Токиода Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енді. Кеңес өкіметінің командасы жарыста жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, 4-қола медальға ие болды.

Мюнхенде өткен Олимпиадалық ойында еліміздің дзюдошалары жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Алтын медальға Ш. Чочишвили, күміс медальға В. Кузнецов, екі қола медальға А. Новиков, Г. Оношвили ие болды [4, 5] .

1. 2 Дзюдо күресі Қазақстанда дамуы

Қазақстанда дзюдо күресі 1973 жылдан бастап дами бастады. Дзюдо-жапон халқының ұлттық сорт түріне жатқанымен бүкіл әлемге әйгілі болып отыр. 1961 жылдан бастап Халықаралық Олимпиадалық Комитеттің шешіміне сәйкес дзюдо күресі Олимпиадалық ойындар қатарына еңгізілді. Қазір дүние жүзінде 200-ге жуық мемлекеттің басын құрайды. Қазақстанның дзюдо федерациясының 1993 жылдан бері Халықаралық федерацияның құрамында. Біздің Қазақстандық дзюдошыларымыздың арасынан КСРО-да топ жарып бүкіл Еуропаны мойындатқан тұнғыш балуанымыз М. Әзімбаев болды. Тағы бір мақтан тұтар дзюдошымыз- КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Б. Жаңбырбаев. Дзюдо күресінің басқа күреске қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да көп, осыған қарамастан дзюдо күресінің біздің елімізде өркендеуіне үлкен үлестерін қосқан: Б. Сейсенбаев, Т. Әміржанов, Ә. Байболсынов, А. Атаев, Ж. Саламатов, Р. Базоркин, Т. Хамзиев және тағы басқа спортшыларымызды атап айтуға болады [4, 5, 6] .

Дзюдо күрес і XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрді. Жапонның жаста болса ұлы ұстазы, өзінің ақылдылығын таныта отырып, дзю-дзюцу және басқа да күрестүлеріне шолу жасай отырып, бір-біріне ұқсас әдіс-тәсілдерге өңдеу, іріктеу жүгізе келе осы дзюдо күесін өмірег алып келді. Жас маман дзюдоның дінін, ережесін - жан мен тәннің үйлесімі, жарасымы деп тұжырмдады. Дзигаро Кано дзюдо - жаудың қолы емес, онымен айналысқан адамға ізгілік, имандылық, адамгершілік қасиеттерін үйретеді, - деп түсіндірді. Токио қаласының қақ ортасынан 1882 жылы дзигаро Каноның ұйымдастыруымен “Кадокан” атты дзюдо мектебі ашылды. Жаңа ашылған небары жиырма шаршы метр жерді алып жатқан жаттығу залы қазіргі таңда дүние жүзіндегі ең ірі мектепке айналып отыр.

Халық “Елдің ерлігі ерінен танылар, Елдің байлығы жерінен танылар”, деседі. Сыр өңірінің топырағында талай батыр бабаларымыз дүниеге келіп, ерлерше тарихта қалғанын білеміз.

Батыр бабаларымыз кіндік қаны тамған киелі топырақта, әді де талантты, сұлу-сымбатты, апай-төс, атан жілік ерлерді өмірге келетініне күмән жоқ.

Елімізде кең тарап, дамыған спорт түрлерінің бірі-жапон халқының дзюдо күресі. Жастарды айлакерлікке, батылдыққа, төзімділікке тағыда басқа қасиеттерге баулайтын осы түрі сыр өңіріне XX ғасырдың II-жартысының орта шенінде пайда болды.

Қазіргі кезде біздің балуандарымыз әлемді аузымызға қаратып, қазақ халқының даңқын көкке көтеріп жүр.

Прага мен Варшава қалаларында дзюдодан кезекті әлем кубогы өтті. Бұл сында бақ сынаған еліміздің дзюдошы қыз-жігіттері Қазақсатан құрамасының қоржынына бір күміс, бір қола медаль салды. Г. Исанова күміске ие болды, Д. Үкібаев қола медальдің иесі атанды [4, 6, 8] .

Париж қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық дзюдошылардың арасынан Р. Ибрагимов қола жүлдеге ие болды.

Таразда 2008 жыл дзюдодан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі болды. Татаминге шыққан палуандардың арасынан Н. Сүйінбай, Е. Бекайдаров, С. Есен, Н. Токарев, Е. Сакенұлы, Д. Жақсыбеков, сынды палуандар өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Қазақстан құрамасының жастары Францияда 2008 жылы өткен әлем біріншілігінде І. Смағұлов қола медальға ие болды.

Венада дзюдодан әлем кубогының кезекті жарысында 2009 жылы Р. Құлбайев қола медальға ие болды.

Германияның Дюссельдорф қаласында Гран-при жарысында 2009 жылы Т. Болат қола медальді қанағат тұтты.

1. 3 Биоырғақтылықтарды жіктеу және оған сипаттама

Биоырғақтылықтың белгілі бір уақыт аралығындағы тіршілік деңгейінің қайталанып отыруы екендігін айтқанбыз немесе бұл құбылыстар - әр түрлі функциялар параметрлерінің тербелісі орташа деңгейден максималды және минималды ауытқудың уақыттық интервалдары бірдей болады. Басқаша айтқанда, биологиялық ырғақтылықтарды толқын формасынды туындап, қайталанып отыратын, статикалық негізделген физиологиялық өзгерістер ретінде анықтауға болады [9, 10] .

Биоырғақтылықтарды сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштерді пайдаланады:

Мезор - зерттеу барысында белгілі бір уақыт аралығында функциялар шамасын өлшеуден алынған мезгілді тербелістердің орташа деңгейі (мыс, тәулік бойы) .

Амплитуда - процестің орташа деңгейден жоғары және төменгі ауытқу шегі, яғни мезор мен функциялардың максималды ауытқуларының айырмашылық шамасы.

Фаза - уақыт шкаласындағы кез келген жеекелеген бөліктерін сипаттайтын жағдай; егер белгілі ауқыт аралығында екі деңгейдегі ырғақтылықты салыстырғанда өзара сәйкес келмесе, онда «фаза бойынша өзгерген» терминін енгізеді. Бұл термин оқиғаның күтілген мерзімінен ерте не кеш басталғанын білдіретін уақыт өлшемі.

Период - бірдей немесе бір фаза жағдайында, яғни толық бір циклдың ұзақтығы жағдайында болатын екі тербеліс аралығындағы уақыт аралығы.

Жиілік - уақыт бірлігіндегі тербеліс саны.

Толқын формасы - мезгілдік процестің толық ырғақтықметрикалық сипаттамасы.

Ырғақтылық амплитудасын орташа деңгейімен фазасын статистиканың дәстүрлі әдістері көмегімен параметрлердің орташа тәуліктік мәні мен тәуліктік мезгілділік коэффиценттері бойынша бағалаудың әлде қайда қарапайым әдістері ұсынылады.

Биоырғақтылық зерттеулер бір қарағанда жеңіл болып көрінгенмен, шындығында еңбекті көп қажет ететін ғылым саласы және биоырғақтылықтар жөнінде нақты ақпараттар алу үшін көптеген әдістемелік нұсқауларды мұқият орындаған жөн. Зерттеуді аз дегенде үш мезгілді қамтитын етіп, ұзақ мерзімге жоспарлау қажет.

Ырғақтылықтарды құбылыстың қай класына жататындығына қарай топтастыруға болады: тірі және өлі табиғат, өсімдіктер, жануарлар, адам, т. б.

Ырғақтылықтар өздерінің процестеріндегі көріністері, тіршілік әрекеттерінің немесе құрылымдық деңгейлері бойынша жіктеледі. Субклеткалық, клеткалық және тканьдық деңгейлерде олар ырғақты түрде өзгеріп отыратын молекула мен заттардың концентрациялық деңгейі, энергияның активтенуі мен мембраналық процестердің тербелістері. Бұл ырғақтылықтар РН көсеткіштерінде иондар мен ферменттер, миотикалық активтілік, нейрондар активтілігі, метаболизм, қозу мен өткізгіштік, компенсация мен реттеу түрінде күрінеді. Осы тәріздес тербелістерді миограммалардан, және нейрондық заттарды өлшеу кездерінде байқауға болады.

Атқаратын функцияларына қарай ырғақтылықтарды екі типке бөлуге болады. Бір топқа тербеліс периоды секундтың бқлшегінен сағатқа дейінгі түрлі функционалдық ырғақтылықтарды біріктіреді. Олар клеткалармен олардың органелларында кездесіп, тіршілік әрекетінің талапқа сай қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бұған молекулалардың мезгілді конфармациялық өзгерістері, биохимиялық циклдар, жүйке-бұлшық ет қозуының ырғақтылықтылығы, т. б. жатады. Ырғақтылықтың екінші типі жердің айналасымен байланысты және уақыт жөнінен сыртқы ортаның мезгілді құбылыстарымен байланысты. Бұлар бейімделушілік тобына жататын судың тәуліктік тасуы мен қайтуы, айдың толуы, маусымдық және басқа да биологиялық ырғақтылықтар. Осының нәтижесінде тірі организмдердің активтіліктері мен зат алмасуының қарқындылық фазалары олардың сол орта жағдайындағы тіршілік әрекетінің қалыпты өтуін қамтамасыз етеді, керісінше, тіршілік әрекеттеріндегі тыныштылық биологиялық жүйелердің жалпы және спецификалық активтілігнің тқмендеуі тәуліктің, айдың және жылдың қолайсыз жағдайларымен сәкес.

Сыртқы орта жағдайларына тәуелділіктеріне байланысты биологиялық ырғақтылықтар экзо- және эндогендік болып бөлінеді. Егер тыныштық пен активтілік, метаболизмнің күшеюі мен баяулауы басқа функциялар сияқты сыртқы орта факторларының әсері нәтижесінде пайда болса, ондай ырғақтылықтар эндогенді ырғақтылықтарға жатады. Ырғақтылықтың эндогендік критерийіне периодтық процестердің сыртқы орта факторларының жылдамдығымен сәйкес келуін жатқызуға болады. Эндогендік биоырғақтылықтар тобына көптеген функционалдық және барлық бейімделістік ауытқулар кіреді. Эндогендік ырғақтылықтардың жиілігі секундына бірнеше циклдан жылына бір циклға дейінгі аралықта болады да, қан-жүйке импульстарынан, тыныс алудан, қан аққанда, қан қысымы, ойлау активтілігі мен түс көру кезінде байқалады. Дегенмен, эндогендік ырғақтылықтардың тұрақтылығы белгілі бір деңгейде ғана байқалады, ал сыртқы циклдардан біраз ауытқу жағдайында болады. Мысалы, егер эндогендік табиғат тәуліктік биоырғақтылықта тән болатын болса, онда сыртқы ортаның тұрақтылық жағдайында олардың мезгілді өзгерістері, әдетте 24 сағаттан кем болады, бұл жағдайда оларды циркадиандық немесе тәулікке жақын ырғақтылық деп атайды. Өсімдіктерде олар 23-28 сағат, жануарларда 23-25 сағат [11] .

1. 4 Қазіргі уақытта биоырғақтың мәселелері,

Қазіргі уақытта биоырғақтың мәселелері, олардың адамның денсаулығына әсерлері, оның науқастылығы, спорттық жаттығулар, олардың нәтижелері жеткілікті толық зерттелген. Дегенмен осы мәліметтер өз көлемде жарыққа шыққан, көпшілік тұрғындарға, спортшыларға, жаттықтырушыларға жеткіліксіз таптырмайтын мәліметтер болып отыр.

Ай биоырғағының кезеңдері мен денсаулық

Денсаулыққа айлық және тәуліктік биоырғақтар күшті әсер етеді. Электрлімагниттік сәулелердің ұзындығы қысқа болған сайын олардың жиілігіде жоғары болады, оның энергиясыда көп болады. Сондықтанда организмге тәуліктік биоырғақтар анағұрлым күшті әсер етеді, айлықтық циклдар аздап қана әсерін тигізеді, сосын жылдық және он екі және отыз жылдық циклдар өз әсерлерін тигізеді. Дегенмен организмге биоырғақтың патогенді кезеңдерінің үйлесімдері кері әсер етеді [10, 11, 12] .

Биоырғақ туралы түсінік, олардың организмнің

іс - әрекетіндегі қызметі

Хронобиология - уақытша факторлардың әсерінен организмнің іс - әрекеттерін зерттейтін ғылым. Биологиялық ырғақтар туралы ғылым - биоритмология, адамның өміріндегі ырғақтық құбылыстардың механизмін зерттейтін ғылым (хроноритмология) .

Бұл мәселенің өз алдына жеке бағыттары болады:

• Хронофармакология - уақытқа байланысты емдеудің тиімділігін зерттейді, қандайда бір емдік препаратты («емдеу соққысы») қолдану үшін таңдап алынған.

• Хронотерапия, хронодиагностика, хронопатология - емдеуге, одарды тануға және емдеуге уақыт факторларының әсерін зерттейді.

Дене жаттығулары спортшының жеке жағдайын және «кілттің құлыпқа сай келетіндігі» сияқты оған сәйкестілігін ескеруге тиісті.

Жүректі жаттықтыру, әсіресе жас спортшылардың (20 жасқа дейінгі), дзюдоизтердің «биологиялық сағаттарын» ескеруі керек Н. М. Люкшинов.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы спорт және дзюдо күресі
ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Мектеп оқушыларының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөлі
Белбеу күрес
Спорттың және сайыс дайындықтарындағы жылдамдық - күш орны
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Күрес спортын оқытудың әдістемесі
Дзюдоның спортының пайда болу тарихы
Күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі
Күресті жүргізудің тәсілдерін үйрену және жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz