Ағымдағы жылдың алты айында
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...3
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
2. Әлеуметтік сала 6
2.1. Халықты әлеуметтік қорғау. 6
2.2. Жұмыспен қамту және еңбек 7
2.3. Денсаулық сақтау. 8
2.4. Білім беру және
ғылым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...13
2.5.
Мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .14
3.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы.
Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан халқының әл - ауқатын арртыру - мемлекеттік саясаттың асты
мақсаты.
Президенттің “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
керек, қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті әрі ашық экономика ғана
өркендеуші және ырғақты дамушы қоғамның негізі бола алады.
Өткен жыл Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси
жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды.
Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси
құрылымымен қарсы алды.
Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси
партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсті. Тәуелсіз
Қазақстанның тарихында тұңғыш рет теңдестірілген негізде парламент сайлауы
өткізілді. Сайлауда “Нұр Отан” партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетіп,
алғаш рет Үкімет жасақтады.
Әкімшілік реформа жалғасын тауып, оның аясында мемлекеттік органдар
аппараттарының тұрақтылығын нығайтатын жауапты хатшылар институты құрылды.
Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы
алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға
өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.
Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып,
Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына
жетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды.
Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап,
мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік
қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5
миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып
отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың
зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион
теңгеден асып түсті.
Әлеуметтік инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика
бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Біз демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткіздік.
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында өткен үш жыл ішінде
18 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл біздің
жоспарымыздағыдан 2,2 млн. шаршы метрге артық.
Жоғарыда аталынған қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу
серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік
саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы.
Жаңа үшжылдық бюджет:
● тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012
жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы – 25% , 2010 жылы – 25% және
2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық
зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% -ға
дейін өсірілуге тиіс;
● мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік
жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9%
арттыруды;
● сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы
жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда
2007 жылғы жәрдемақының мөлшерінен 2,5 есеге арттыруды;
● 2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы
жәрдемақылардың мөлшерін 2007 жылға қарағанда 4 еседен асыра өсіруді;
● бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012
жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25%, 2010 жылы – 25%, 2011
жылы 30% арттыру қамтамасыз етілуі тиіс.
● тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы
квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына
жеткізуіміз керек.
Қосымша А
2008 жылғы қаңтар-маусымдағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің
нақты көлемінің индексі
өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен
2. Әлеуметтік сала
2.1. Халықты әлеуметтік қорғау.
Әлеуметтік қамсыздандыру. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес 2008 жылы
негізгі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері көбейді. Балалы
отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан
бастап:
- бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақының
мөлшері 16380 теңгеден 35040 теңгеге – 2 есеге өсті;
- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі сараланған
жәрдемақылар
1,6 есеге (орта есеппен) көбейді;
- аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған
жәрдемақы төлеміне 8,1 млрд. теңге (оның ішінде 1,7 млрд.теңге РБ
есебінен) бөлінді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда бір жарым миллиард
теңгеге артық;
- жүкті болуды, босануды және ана болуды міндетті әлеуметтік
сақтандыру енгізілді.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік
қамсыздандыру және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен бюджетке түзетулер
енгізілді, ол халықтың өмір сүру деңгейін қолдау жөніндегі іс-шараларды
жүргізуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық шығыстардың арнайы пакетін
көздейді.
Тұтыну бағаларының нақты қалыптасып отырған индексін ескере отырып
республикалық бюджетке түзету енгізу арқылы 1 шілдеден бастап ең төменгі
күнкөріс (ЕТКД) және ең төмен жалақы деңгейі 10515 теңгеден 12025 теңгеге
көбейтілді.
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 14,3 %-ға көбейтіліп, 4810 теңгені
(немесе ЕТКД арттырылған шамасының 40%) құрады.
ЕТКД өсіру негізінде 1 шілдеден бастап, зейнетақы мен жәрдемақы
алушылардың базалық әлеуметтік төлемдері ағымдағы жылдың бірінші жартысына
тиесілі өтемақы қосымша есептеле отырып арттырылды, бұған қосымша 23
млрд. теңге көзделді.
Атаулы әлеуметтік көмек. Жергілікті атқарушы органдардың деректері
бойынша 2008 жылғы 5 айда атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 196,6
мың адамға тағайындалды, бұл 2007 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 13,6 мың
адамға (немесе 7,4 %) көп. АӘК беруге арналған осы кезеңдегі шығыстар
1433,3 млн. теңгені құрады, ал 2007 жылы ол 1078,3 млн. теңге болатын (өсім
355 млн. теңге). АӘК тағайындаудың критерийі ретінде кедейлік шегі ең
төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % мөлшерінде белгіленген және ағымдағы жылғы
2-тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы республика бойынша өткен жылғы тиісті
көрсеткіштен (3653 теңге) 34,3 %-ға артып, 4907 теңгені құрады. Шығыстардың
жалпы сомасының 64,1 % (918,3 млн. теңге) ауылдық жердің тұрғындарына АӘК
көрсетуге бағытталды.
АӘК орташа мөлшері қала бойынша 1560,5 теңгені, ауылдық жерде – 1406,1
теңгені құрады.
Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы.2008 жылғы бес айда 643,2 мың
балаға жалпы сомасы 3246,5 млн. теңге (2007 жылғы осындай кезеңде – 621,2
мың балаға 2843,6 млн. теңгеге) 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін
жәрдемақы тағайындалды. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы
төлеміне бөлінген нысаналы трансферттер қаражатының сомасы 853,2 млн.
теңгені құрады, оның 816,2 млн. теңгесі немесе 95,7% игерілді. Ауылдық
жерде тұратын балалардың үлесі 75,3 % (484,1 мың адам) құрады.
2008 жылғы бюджетті қалыптастырғанда, жергілікті бюджеттің шығындары
коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты 3,5 млрд. теңгеге
ұлғайтылды. Тұрғын үй көмегінің орташа айлық көлемі бірінші тоқсанда 2796
теңгені (2007 ж. – 1028 теңге) құрады. Бұл көмекті 108,8 мың отбасы 912,5
мың теңге сомада алды.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау. Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы аясында мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту,
оларды әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың қоғамға пәрменді кірігуіне
жағдай жасау мақсатында мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту
жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда.
Бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж мүгедектер мен қарттарға медициналық-
әлеуметтік мекемелер мен үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі (республикада
101 медициналық-әлеуметтік мекеме, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
127 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, қарттар мен мүгедектерге
арналған 321 әлеуметтік көмек бөлімшесі, 6 аумақтық орталық жұмыс істейді).
Мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік және
кәсіптік оңалту жөнінде қызмет көрсету мақсатында республикамызда халықты
әлеуметтік қорғау жүйесінде 8 оңалту орталығы жұмыс істейді.
2008 жылдан бастап Қызылорда облысында оңалту орталығы мен Жамбыл
облысында мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы ғимаратына жапсарлас
ғимараттың құрылысы басталды.
2.2. Жұмыспен қамту және еңбек
Ағымдағы жылдың екінші тоқсанда 15 жастағы және одан жоғары жастағы
экономикалық белсенді халықтың саны 8,4 млн. адамға жетті. Республика
экономикасында 7,9 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық
арасындағы жалдамалы қызметкерлердің саны 65,9 %, өзін өзі жұмыспен
қамтығандар 34,1 % құрады.
Жұмыссыз халықтың саны ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 557,2 мың
адам болды. Жұмыссыздық деңгейі 6,6 % деңгейінде қалыптасты (2007 жылғы
бірінші тоқсанда – 7,3 %).
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында республика бойынша 132,3 мың
жұмыс орны құрылса, оның 92,0 мыңы тұрақты жұмыс орны (69,5 %). Ауылдық
жерлерде 65,3 мың жұмыс орны, оның ішінде 33,6 мың тұрақты жұмыс орны
құрылды (51,5 %).
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 132,2 мың адам жұмыс іздеп
өтініш берсе, оның ішінде 105,7 мың адам, немесе 80 % жұмысқа
орналастырылды.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат еңбек нарығында
белсенді шаралар қабылдауға бағытталып отыр (жұмыссыздарды кәсіптік
оқытуды, қайта оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды, қоғамдық
жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар тәжірибесін, бос лауазымдар
жәрмеңкесін ұйымдастыру).
Ағымдағы кезеңде 15,2 мың жұмыссыз кәсіптік оқытуға және қайта
даярлауға жіберілді, олардың ішінде 8,5 мың адам оқуды аяқтады, 7,2 мың
жұмыссыз жұмысқа орналастырылса, 191 адам өз кәсібін ашты.
Қоғамдық жұмыстарға 61,0 мың адам, оның ішінде ауылды жерлерде – 36,5
мың адам қатысты.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс берушілер нысаналы
топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін 7,2 мың әлеуметтік жұмыс
орнын құрды, оның ішінде 806 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жастар жұмыссыздығын азайту мақсатында өңірлердегі жұмыспен қамту
органдары Жастар практикасын ұйымдастыруда. Ағымдағы жылдың алты айында
Жастар практикасында білім беру ұйымдарының 918 түлегі қатысып, олардың
ішінде 376 адам (41 %) жұмысқа орналастырылды.
572 бос лауазымдар жәрмеңкесі өткізіліп, оларға 55,6 адам, оның ішінде
8,0 мың жұмыс беруші қатысқан. Жәрмеңкелер жұмысының нәтижесі бойынша
11,6 мың жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, 3,7 мың адамға қоғамдық
жұмыстарға, 1,9 мың адамға кәсіптік оқытуға, 188 адамға – жастар
практикасына жолдама берілген, 536 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына
жұмысқа орналасып, 26,5 мың адам консультация алды.
Жоғары білікті жұмыс күшін тарту және ішкі еңбек нарығы мен жергілікті
қызметкерлердің мүддесін қорғау мақсатында жаңа Шетелдік жұмыс күшін
тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат беру шарттары мен
тәртiбi әзірленіп, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап қолданысқа
енгізілді. Олар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің тәртібін
жеңілдетеді, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің біліктілік сипаттамаларын
баллдық бағалауды енгізеді, шетелдік қызметкерді тартуға арналған
рұқсатты дербестендіреді.
Көшіп келуді реттеуге және оралмандарға көшіп қонуға әрі бейімделуге
көмек көрсетуге қатысты, оралмандардың көші-қон квотасы заңды түрде
белгіленеді.
Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес
2008 жылы республикаға 15000 этникалық қазақ отбасыларын қоныстандыру
көзделген. 2008 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша көші-
қон квотасына енгізілген оралмандардың саны 8189 отбасын (42804 адам)
болды.
2008 жылғы 1 шілдедегі жедел деректер бойынша мемлекеттік еңбек
инспекторлары ұйымдарда 11,1 мың тексерулер мен зерттеулер жүргізіген, бұл
2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4 % артық, осы тексерулердің
барысында 56,9 мың заң бұзушылық анықталған.
Анықталған бұзушылықтар бойынша заңды тұлғалар мен ұйымдардың лауазымды
тұлғаларына қатысты жалпы сомасы 103,3 млн. теңгеге 4,9 мың айыппұл салынды
(2007 жылдың 1 шілдесінде - 71,9 млн теңге).
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында республика ұйымдарында зардап
шеккендердің саны 2006 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,3 % азайып,
1,2 мың адам болды.
Еңбекақы төлеу.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бюджеттік сала
қызметкерлерінің мәртебесін арттыру, кадрлар әлеуетін тарту және нығайту
үшін өткен жылы сала қызметкерлерінің жалақы деңгейі 30 %-ға көбейтілген
болатын, ал 2008 жылғы
1 қаңтардан бастап – еңбек демалысына шыққан кезде бір лауазымдық
қызметақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеу енгізілді.
Министрлікте еңбекті нормалау мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды
жаңадан әзірлеу және бұдан бұрын Одақта қолданылып келген құжаттарды
қайта қарау жөнінде жұмыс жүргізілуде.
2008 жылғы ІІІ-тоқсанға арналған міндеттері:
- еңбек, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша нормативтік
құқықтық базаны жасау және жетілдіру.
2.3. Денсаулық сақтау.
Медициналық-демографиялық көрсеткіштер мен сырқаттанушылы Қазақстан
Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2008 жылғы 1
маусымға негізгі демографиялық көрсеткіштер халықтың 1000 адамына
шаққандағы мынадай көрсеткіштермен ұсынылды: халықтың табиғи өсуі – 11,11
(2007 жылғы ұқсас кезеңде – 9,93); туу – 21,26 (2007 ж. – 20,31); өлім-
жітім – 10,15 (2007 ж. – 10,38).
Республикада туу көрсеткішінің артуы мен өлім-жітім көрсеткішінің
төмендеу үрдісі байқалады, соның салдарынан табиғи өсу көрсеткіші артты.
Халықтың табиғи өсуінің барынша жоғары деңгейі Оңтүстік Қазақстан (23,40),
Маңғыстау (23,23), Қызылорда (18,84), Жамбыл (17,25), Атырау (17,14)
облыстары мен Астана (17,04) қаласында белгіленді. Сонымен бірге, Халықтың
өсуінің кему үрдісі Солтүстік Қазақстан (-0,89) және Қостанай (-0,21)
облыстарында сақталуда.
Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша аналар өлім-жітімінің
көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 2007 жылғы ұқсас кезеңдегі 50,3-
пен салыстырғанда 33,7-ні құрады. Бұл көрсеткіштің барынша жоғары деңгейі
Батыс Қазақстанда (93,9), Маңғыстау (82,3), Қызылорда (68,2) облыстары мен
Астана (71,0) қаласында белгіленді.
2008 жылғы 6 айдағы нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі
туғанға шаққанда 20,9-ды (2007 жылғы 1 жарты жылдықта - 14,7) құрады.
Орташа республикалық маңыздан жоғары бір жасқа толмаған балалардың өлім-
жітім көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан (24,8), Шығыс Қазақстан (23,3), Атырау
(21,9), Ақтөбе (21,7), Жамбыл (21,1) облыстары мен Алматы қаласында (21,8)
тіркелді.
Бұл ретте 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – ДДҰ) ұсынған тірі туу өлшемдерін есепке
ала отырып, тіркелетіндігін айту қажет. Нәрестелер өлім-жітімі себептерінің
құрылымында бірінші орынды перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар, екінші
орынды туа біткен даму кемшіліктері, үшінші орынды тыныс алу органдарының
аурулары алады.
Ағымдағы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28
желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген ана мен бала өлім-жітімін
төмендетудің 2008-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыруды
бастады. Осы бағдарламаның шеңберінде халықаралық көзқарастарды ескере
отырып, ана мен бала денсаулығын сақтауды жақсарту және жетілдіру мәселесін
регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыстар
жүргізілуде. Халықаралық ұйымдардың (ЮНИСЕФ пен ДДҰ) техникалық және
қаржылық көмегі кезінде 2008 жылғы сәуір – мамыр айында ана мен бала
денсаулығын сақтауды жақсарту және жетілдіру мәселесін регламенттейтін
нормативтік құқықтық базаны тексеру және қайта қарау жөніндегі жұмысшы
топтың отырысы өткізілді.
ДДҰ ұсынған тірі туу және өлі туу өлшемдерін енгізуге байланысты
перинаталдық көмекті жақсартуға байланысты ағымдағы жылдың 25 сәуірінен
бастап 6 маусымды қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың (СДС пен ЮНИСЕФ)
көмегімен іс-шаралар мониторингі, бағалау және уақтылы түзетуді жүргізуге,
ресурстарды бөлуге және босандыру мекемелерінің жұмыс сапасын бағалауға
мүмкіндік беретін BABIES әдістемелері практикалық денсаулық сақтау
мамандарын оқыту жөніндегі ұлттық жаттықтырушылар тобын даярлау жөніндегі
оқыту курстары өткізілді.
2008 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша халықтың
туберкулезбен сырқаттанушылық талдауы бұл көрсеткіштің тұтасымен республика
бойынша төмендегендігінің дәлелі, 2007 жылғы ұқсас кезеңдегі 139,1-мен
салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 134,3-ті құрады. Сырқаттанушылықтың
төмендеуіне қарамастан бұл көрсеткіштің барынша жоғары деңгейі Маңғыстау
(193,0), Атырау (183,3), Ақмола (173,8), Солтүстік Қазақстан (166,7),
Қызылорда (166,1), Қостанай (164,3), Павлодар (155,6), Батыс Қазақстан
(140,4) облыстарында және Астана (244,4) қаласында белгіленген.

туберкулезден өлім-жітімінің көрсеткіші 2007 жылғы ұқсас кезеңдегі 18,2-мен
салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 17,8-ді құрады. Бұл көрсеткіштің
барынша жоғары деңгейі Маңғыстау (33,1), Павлодар (28,2), Шығыс Қазақстан
(27,0), Солтүстік Қазақстан (25,6), Қарағанды (23,6), Қызылорда (22,6),
Ақтөбе (20,0) және Қостанай (19,0) облыстарында белгіленген.
Есепті кезеңде Министрлік халықтың туберкулезден сырқаттанушылығы мен
өлім-жітімін төмендетуге бағытталған мынадай іс-шараларды өткізді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі
ұлттық үйлестіру кеңестің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 8 хаттамасымен
ведомствоаралық деңгейде туберкулезбен күрес жөніндегі іс-қимылдың 2008-
2012 жылдарға арналған жаңа жоспары бекітілді, оның шеңберінде: хоспистер
құра отырып, туберкулезге қарсы мекемелерінің төсектік қорын кезең-кезеңмен
қайта ұйымдастыру; тиісті жұқпалық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында
жаңадан берілген туберкулезге қарсы объектілерде кіргізу - сору желдеткіші
жүйесін құру жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда симтоматикалық емдеуді қажет ететін туберкулездің созылмалы
түрі үшін 5 мамандандырылған бөлімше ашылды. Туберкулезге қарсы
бағдарламаны сапалы басқару мақсатында ұлттық және облыстық деңгейлерде
мониторингі мен оларды оқытуды жүзеге асыратын топтар құрылды.
10 облыста халыққа ғылыми-практикалық көмек көрсетіле отырып, азаматтық
денсаулық сақтау ұйымдары мен пенитенциарлық жүйеде туберкулезге қарсы іс-
шараларды іске асыру мониторингі жүргізілді.
2008 жылғы бірінші жарты жылдықта қант диабетімен сырқаттанушылық өсті
және 2007 жылғы ұқсас кезеңдегі 130,6-мен салыстырғанда 100 000 адамға
шаққанда 115,8-ді құрады. Сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі Қарағанды
(173,4), Ақмола (161,3), Оңтүстік Қазақстан (158,9), Солтүстік Қазақстан
(153,6), Қостанай (147,1) облыстарында және Астана (167,9) және Алматы
(147,5) қалаларында белгіленді.
Республикада сырқаттарды қантты төмендететін препараттармен, жеткізу
құралдарымен қамтамасыз етудің және диабетті бақылаудың нақты үрдісі
байқалады. Инсулинді қажет ететін сырқаттар санының өсуіне байланысты
инсулин препараттарының барынша сапалы түрлері мен жеткізу құралдарын
таңдауды, сондай-ақ инфляция коэффициентіне арналған бағаларды түзетуді
ескере отырып, орталықтандырылған сатып алуға республикалық бюджеттен
қаражат бөлу ұлғайды, яғни 2008 жылы 2 776,3 млн. теңгені құрады, бұл 2000
жылғы деңгейден 7,9 есе көп.
Нашақорлық өзекті әлеуметтік және медициналық проблема болып табылады.
2008 жылғы І жарты жылдықта психобелсенді заттарды пайдаланумен байланысты
психикалық және мінез-құлық бұзылуларымен сырқаттанушылық көрсеткішінің өсу
өткен жылғы ұқсас кезеңдегі 391,2-мен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда
393,5-ке дейін жетті. Сырқаттанушылық көрсеткішінің барынша жоғары
көрсеткіші Алматы (1267,6), Астана (449,9) қалаларында, Шығыс Қазақстан
(536,7), Павлодар (529,0), Қарағанды (517,2), Атырау (494,3) облыстарында
байқалады.
Есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту қызметін
нығайту мақсатында Нашақорлықтың алдын алу, емдеу саласындағы іс-қимылдың
тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 322 бұйрығы
шығарылды.
Қатерлі іскермен сырқаттанушылық 2008 жылғы І жарты жылдықта өткен жылғы
ұқсас кезеңмен салыстырғанда төмендеп, 100 000 адамға шаққанда 174,4-ті
құрады (2007 ж.-179,1). Бұл аурумен сырқаттанушылықтың барынша жоғары
көрсеткіші Павлодар (272,3), Шығыс Қазақстан (238,8), Қостанай (226,5),
Солтүстік Қазақстан (220,9), Ақмола (219,0) Қарағанды (203,8), ), Батыс
Қазақстан (198,1) облыстарында және Алматы (226,7) және Астана қалаларында
(192,7) белгіленді.
Сүт безі обырын ерте анықтау жөніндегі скринингтік бағдарламаны іске
асыру үшін 2008 жылы 50-59 жас аралығындағы 800 000 әйелді тексеру
жоспарланды. Жатыр мойны обырын ерте анықтау жөніндегі скринингтік
бағдарламаны іске асыру үшін 2008 жылы
470 000 әйелді тексеру жоспарланды.
2008 жылғы І жарты жылдықта жарақаттанушылықтар мен уланулардың саны 2007
жылғы ұқсас кезеңдегі 3686,7-мен салыстырғанда 100 000 адамға шаққанда
3549,2-ні құрады. Барынша жоғары көрсеткіш Қарағанды (6546,6), Павлодар
(5580,9), Батыс Қазақстан (5417,7), Жамбыл (4215,7), Ақмола (3646,2)
облыстарында және Астана қалаларында (4827,9) белгіленді.
2008 жылғы І жарты жылдықта артериялық гипертензиямен сырқаттанушылық
көрсеткіші өсті және 2007 жылғы ұқсас кезеңдегі 538,0-мен салыстырғанда
100 000 адамға шаққанда 656,8-ді құрады. Бұл аурумен сырқаттанушылықтың
жоғары көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан (800,2), Маңғыстау (772,6), Атырау
(766,6), Қызылорда (758,8), Жамбыл (754,5), Алматы (697,2), Ақтөбе (671,9)
облыстарында және Алматы қаласында (906,6) белгіленді.
Жүректің ишемиялық ауруының көрсеткіші (бұдан әрі – ЖИА) де өсті және
өткен жылғы ұқсас кезеңдегі 239,7-мен салыстырғанда 100 000 адамға шаққанда
268,2-ні құрады. Республикалық көрсеткіштен жоғары ЖИА-мен сырқаттанушылық
Павлодар, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Алматы
және Астана қалаларында белгіленді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2007
жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2008 жылдың 5 айында гипертониялық
аурудан өлім-жітімнің орташа республикалық көрсеткішінің 16,1-мен (2007 ж.)
салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 13,7-ге дейін, жүректің ишемиялық
ауруынан өлім-жітім 111,6 (2007 ж.) салыстырғанда 107,1-ге дейін
төмендегендігі байқалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кардиологиялық және
кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Астана, Алматы, Павлодар қалаларында кардиохирургиялық орталықтардың
құрылысы басталды. 2008 жылы 6 облыста (Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс
Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Атырау), 2009 жылы тағы 3
облыста (Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл) кардиохирургиялық бөлімшелер
ашу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының
қызметі.
2008 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша республиканың
төсектік қоры тиісінше 10 мың адамға шаққанда 67,6 және 68,3 төсекпен
қамтамасыздық көрсеткішін құрай отырып, 2007 жылғы ұқсас кезеңдегі 105 211-
мен салыстырғанда 105 238-ді құрады.
Талданған кезеңде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz