Қар жамылғысы туралы зерттеулер қысқы туризм дамытуға себеп



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ЖЕТІСУ
ГЕОГРАФИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 5

2 ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНДЕГІ ТАРИХИ–АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР
СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..15

2.1 Жетісу өлкесіндегі қола Сақ-Ғұн кезеңдерінің тарихи-архело-
гиялық ескерткіштерінің туризмді дамыту
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2 Жетісу өлкесіндегі ерте орта ғасырлық қалалардың ғылыми-
-танымдық туризмді дамыту
мүмкіндіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Халықтың демалысқа деген (қажеттілігін
қанағаттандыру, олардың мінез-құлық, физикалық денсаулығын қалпына келтіру,
табиғи рекреакциялық аймақтарды сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді жан-
жақты зерттеу арқылы Қазақстан туризмін бәсекеге қабілетті етіп, ары қарай
дамыту.
Туризм - белгілі-бір мемлекет аумағындағы және оның аймақтарындағы
рекреакциялық басымдықтарды әлеуметтік және саяси жағдайда пайдалану.
Қазақстанда рекреакциялық ресурстар зерттеліп, туризмді дамыту
мүмкіндіктері туындады. Елімізде рекреакциялық жағынан негізінен зерттелген
аймақ Оңтүстік Қазақстан. Басқа аймақтарда осы тақырыпқа байланысты ғылыми
жұмыстардың жеткіліксіз мөлшерде жазылуы белең алып отыр. Алматы облысында
рекреакциялық ресурстарды дамытуға жаңа және ескі туристік орталықтарды
қайта құру халықтың өз қажеттілігінен туындап отыр. Себебі: Жетісу Жер
Жаннаты демекші облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді және
табиғаттың өзі жасап, қалдырған қайталанбас табиғи орындарды өз көзімен
көру қажеттілігі туындады.
Қазіргі кезде, біздің қоғамымызда ақысыз демалу және емделу
мүмкіндігіміз жоқ. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер
енгізілсе, ол өз кезегінде туризмді дамытып қана қоймай, халықтың
денсаулығының жақсаруына алып келеді. Ұлттық парктер, орман парктері,
спорттық-сауықтыру орталықтары, демалыс аймақтары және басқа да туристік-
рекреакциялық жүйе халықтың денсаулығын жақсартып, олардың қажеттілігін жан-
жақты қанағатыра алады. Бірақ та республикамызда және оның басқа да
аймақтарында қазіргі кезең туизмінің даму деңгейі әлі де төмен.
Зерттеу жұмысымыздың тағы бір өзектілігі әлемдік нарықта туристік
қызмет көрсету.
Көптеген мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі туризміне талдау жасай
отырып, біз мынаны түсінеміз: туризмді жан-жақты дамыту үшін ең алдымен
ішкі туризм жайлы бағдарлама керек. Әр мемлекет шеңберіндегі ішкі туризм
экономиканың тұрақтануына жол ашады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Туризм шеңберіндегі аумақтық методологиялық сұрақтарға жауап іздей
отырып, оның Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы рөлін
анықтау;
- Жетісу өлкесінің аумағында туризм мен демалыс орындарын дамыту
мақсатында методикалық баға беру;
Зерттеу жұмысымызда облыстық тарихи-өлкетану және қалалық тарихи-
археологиялық мұражайлардың жазба және нақты материалдары, Туризм және
спорт агенттігінің, Облыстық шығармашылық орталығының, туристік фирмалардың
материалдары, сондай-ақ географиялық, экономикалық және басқа да рефераттық
журналдар, диссертациялық авторефераттар пайдаланылды.
Жұмыстың жаңалығы мен практикалық маңызы.
Жетісу өңірінде туризмді дамытудың тарихи және әлеуметті-экономикалық
алғышарттары туралы деректер, сызба-нұсқалар, суреттер қажетті жазба
деректер Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана мен Ұлттық Ғылым Академиясының
ғылыми кітапханасынан алынды.

1 ЖЕТІСУ ГЕОГРАФИЯСЫ

Жетісу - өзінің табиғат климат жағдайына қарай өзгеше өлке болып
табылады, оның тарихы да бай. Бұл жерді жоңғар басқыншылығы шабуылдарынан
қазақ жерінің ұлы батырлары Жолбарыс бен Райымбектің бастауымен біздің ұлы
ата бабаларымыз қорғады. Бұл жерде оныншы-он екінші ғасырларда шекералас
елдер байланыста болған сауда жасасқан қытай, араб және еуропалық көпестер
мен саяхатшылар таң қалған гүлденген қалалар болды .Жетісу тарихи
географиялық аймақ тарихи деректер мен зертеулерде Жетісу атын құрайтын
жеті өзен туралы әртүрлі пікірлер кездеседі. А.К.Гейнс бұлардың қатарына
Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін
жатқызады. Ал Влангели Басқан, Сарқан өзендерінің орнына Аягөз және Іле
өзендерін жатқызады. В.В.Бартольд айтуынша Іледен бастап солтүстікке
қарай созылған аймақты және сол өзендер тобын айтады. Олар; Лепсі,
Басқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал, Қызылағаш және Көксу. Жетісу туралы деректер
алуан түрлі. Тарихи әдебиеттерде Іленің оңтүстігін алып жатқан алапта
аталады. Мұндай тарихи географиялық тұрғыда анықтама берілуі оның тек
табиғи жағдайымен ғана емес оның өткендегі экономкалық, саяси, этникалық
және мәдени ерекшеліктерінде ескерілген.
Жетісудың кең аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 шақырымды, ал
ені 800 шақырымды құрауы, оның табиғатының, тауларының биіктігінің алуан
түрлі болып келетіндігін климаты мен ландшафтысының ерекшелігін
көрсетеді. Климаттық жағдайының егіншілікпен малшаруа-шылығымен және
минералды табиғат байлықтарының молдығымен таң қалдырады. Қолайлы табиғат
жағдайлары Жетысуды Қазақстан жеріндегі ертедегі мәдениет ошақтарына
айналдырғандығына тарих куә.Сондықтан да Талдықорған туризмі тікелей
Жетісу жерінің туристік, табиғи, тарихи және мәдени мұраларымен тығыз
байланыста болуы заңдылықтарға толы.
Талдықорған қаласы 2000 жылдан бастап Алматы облысының орталығы. Қала
Қазақстанның оңтүстік шығысында, облыстың орталық тұсында, Жетісу
Алатауының батысында, теңіз денгейінен 570-600 метр биіктікте, Қаратал
өзенінің жағасында орналасқан. Қаланың алып жатқан аумағы 82,3 мың
гектар. Тұрғындарының саны 2005 ж санақ бойынша 103,2 мың адамды құрайды.
Қалалық әкімдікке қарасты елді мекендерді алғанда 122,2 мың адам
мекендейді. Алғаш рет іргетасы 1869 жылы Гавриловка селосы болып
қалыптасты. Талдықорған қаласы аудан орталығы өз алдына дербес облыс
болыпта, кейінірек Жетісу өлкесінің өндіргіш күштерін дамыту мақсатында
1997 жылы облыс таратылып, Алматы облысына қосылды. 2000 жылы 14 сәуірде
облыс орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшірілуі Жетісу өлкесінің
солтүстік аумақтарын дамыту мақсатында істелген әрекеттер болып
табылады. Әрине Қазақстандық туризм дамуында Жетісу өлкесінің, Алакөл және
Балқаш су айдындарының алар орны ерекше. Еліміздің егемендік алған
жылдарында туризмді дамытуда Жетісу Алатауы орны бөлек. Өйткені
Кеңестер тұсында шекаралық аймақ болып көп жылдар жабық болып келді.
Талдықорған және оның маңайының климаттық жағдайына тоқталсақ. Климаты
континентальді. Қантар айының орташа температурасы -11-13 градус. Жауын
шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400мм. Оның басым бөлігі наурыз-мамыр
және қараша-желтоқсан айларына түседі. Жел негізінен солтүстік –шығыс
және солтүстік бағыттан соғады.Тұрақты қар жамылғысы қараша айларында
қалыптасады., наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайы. Талдықорған
қаласы бұта аралас сұлыбас, бетеге, жусанды эфемерлі шөлейт белдемде жатыр.
Ауа райы қоңыр салқын. жанға жайлы болып келеді. Қала архитектурасы
табиғат жағдайына бейімделе онша биік зәулім ғимараттар салынбаған.
Қалалық әкімшілік аумағына қарасты елді мекендерге: Еркін, Заречный,
Өтенай, Заря, Енбек, Пригородное 3 және 5 бөлімше экономика-технологиялық
колледжінің оқу тәжрибе шаруашылығы кіреді. Қала халқы көпұлтты болып
келген.
Курстық жүмыста Талдықорған қаласы орналасқан Жетісу Алатауы туралы
деректерді топтастыра отырып беруді жөн көрдік. Жетісу Алатауы-тау
жүйесіндегі ендік - жартылай ендік бағытта орналасқан, тауаралық ойыстары
көп кездесетін аймақ. Толықтай Алакөл мен Іле ойысы аралығында жатқан
Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жұйелерінің бірі. Батыс
бөлігінің биіктігі 1200-1500 мектр орталық тұсында 4000 метрге дейінгі
биіктіктерді қамтиды. Ең биік нүктесі 4464 метрлік Бесбақан шыңы. Жонғар
Алатауы Сарқантау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Оңтүстік
және Солтүстік Орталық деген ірі екі жоталардан тұрады. Олар өзара Көксу
және Боротола өзендерінің анғарларымен шектелген. Оңтүстік Жетісу
Аллатауының Сарышоқы мен Борохора жоталары түгелдей Қытай жерінде. Таулар
кұшті тілімделінген, өзара үлкенді кішілі өзен анғарларымен жіктелген. Одан
басқа Ақсу, Хоргос, Орталық Усек жоталары орналасқан. 1-сурет. Тау
орографиясының өзіндік ерекшелігі Тянь-Шань т.б. тау жұйелерінен өзгешелік
танытады. Ендік бойлай жалпы ұзындығы 400 шақырымды, бойлық бойлай 125-250
шақырымдық қашықтықты алып жатыр. Солтүстік Жетісу Алатауының жер бедерінің
ерекшелігі-тау жоталарының кертпештеліп баспалдақ түзілуі, үш деңгейлі
болып келуі (1500-1900метр.,2000-400м.,3500-430 0м). Төменгі сатыдағы таулар
Дауылбай, Алатай, Кеттібай, Бөрілі т.б. экзогендік процестер әсерінен көп
мұжілген қалдық таулар.
Аралығында кең өзен аңгарлары орналасқан. Жоғары екінші деңгейде
Қайранкөл, Желді-қара-ғай, Бұлантау, Жабықтау, Күнгейжота жатса, ең жоғарғы
бөлігінде Тастау, Басқантау, Сарқантау, Кокжотау т.б. таулар жатыр. Бұл
жерлерде сыртқы эррозиялық әрекеттер басым болғандықтан өзен анғарлары тар,
кей жерлері шатқалды. Жетісу таулы ағыз тау туризмі, альпинизм, шынға
шығуға қолайлы аймақ. Жетісу Алатауының оңтүстігінде Тоқсанбай, Бежінтау,
Тышқантау, Мұзтау жоталарынан тұрады. Қотырқайын жотасы негізгі жотаның
батыс жалғасы болса, оның оңтүстігінде Алтынемель Шоқан тарихымен
ерекшеленетін және Қоянтау орналасқан Қатынтау мен Долантау жоталары Іле
өзеніне тіреледі. Ж.Алатауы жер бедері кұрделі. Оның колбеу жазыққа
айналған тау етегі аридтік климаттық жағдайда қалыптасқан адырлы төбешікті
пішіндермен сипатталса, жоғары қарай нагыз таулы кешен қалыптасқан
Беткейлік шайылулармен қатар бойлық эрозия әрекеті күшті дамыған. Жатық
беткейлі кең өзен анғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар
анғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға
алмасқан. 3500метр биіктіктен бастап альпілік жер бедерінің пішіндері кең
таралған. Мұнда тауаралық кең жазықтықтар көп. Таудың биік жоталарын
мұздықтар алып жатыр. Олардың жалпы саны 724. Жетісу Алатауының қазіргі
жер бедерінің қалыптасуы төрттік кезеңнің Неоген уақытына сай
келген(ҚазүҰлт.Энцикл.). Тектоникалық іс-әрекеттер ықпалында болған.
Нәтижесінде тау жоталары мен тау аралық ойыстар қалыптасқан. Тектоникалық
жарықшақтар бойымен терең жер асты ыстық бұлақтар-арасан сулары шығып
жатыр. Олар Қорғас, Жаркент-Арасан, Қапал, Керімағаш т.б..
Биік таулы аймақ рекреациялық ресурстар тұрғысынан альпинизм,
тау туризмі, тау шаңғысымен, сноубордпен айналысуға мүмкімшіліктер мол.
Өкінішке орай рекреациалық инфрақұрылымның жоқтығы активті рекреациалық іс
-әрекеттермен айналысуға мүмкіндіктің аздығын тудырып отырған жайы бар.
Туристік тұрғыда игерілген аймақтарға Тронов мұздығы, Жетеу асуы (1Б),
Шығыс Тентек (2А), Аюлысай, Алтынсарин мұздығы ,сонымен қатар күрделі
категориялы туристік маршруттар өтетін аймақ болып саналады (тас
глетчерлер, қорымдар, мұздық саңырауқұлақ, т,б, геоморфологиялық
құрылымдар) Спорттық-сауықтыру туризмі мен қатар ғылыми-танымдық туризмге
де қолайлы. Орта және төменгі тау ландшафтысы жаяу және тау туризмінің
нағыз Меккесі, туризмнің көп салалы түрлерін қамти отырып туристік-спорттық
кешендер орталығына айналдыратын жерлер. Орманды дала аймағы Жетісу Алатауы
етегінде ландшафтының таулы бұйратты жазықтықтарымен, тілімденген тауетегі,
аласа таулы, төбелі-жоталы, тасты болып келген. Бұл жерлерде спортты-
сауықтыру туризмі, емдік-сауықтыру, курорт шаруашылығы, саяжай рекреациясын
құрайды. Қазірдің өзінде ат туризмі дельтепланмен, таулық велотуризмен
айналысу жолдары қарастырылуда. Көпшілік демалыс аймағы өзен бойларына
шоғырланған. Өзен бойы ішінде Қаратал өзені жақсы рекреациалық мәнге ие.
Табиғат зоналарының барлығы да санаторий-курорт ашуға қажетті ресурстарға
бай болып келеді. Әзірге Жетісу Алатауының туристік рекреациалық игерілуі
туралы зерттеулердің болмауы туристік индустрияны осы өлкеде дамытуға
кедергілер тудыруда. Сонымен Жетісу Алатауының жер бедері, тауларының
ландшафтысы,т,б, ресурстары 20 астам рекреациалық іс-әрекеттермен
айналысуға болатындығын айқындап отыр.
Жауын-шашынның жылдық түсімі де тау етегінен 400мм 800мм жоғары
қарай артады. Әсіресе, ылғалды ауа массасына көлбеу орналасқан солтүстік
батыс беткейінде жауын-шашынның жылдық түсімі молырақ 1000мм. шамасында.
Мұндағы Ебі мен Сайқан желдері 60-70метр\секундына жылдамдықпен бірнеше
тәулік бойы соғып, жанға жайсыз ауа райын туғызады.
Тау рекрациалық игерілу денгейін анықтауда, қызақтырушылық
дәрежесін сипаттауға ең алдымен ол жердің климаты мен су ресурстарының
жағдайымен сипатталады. Климаттық жағдайдың қолайлылығы негізгі
факторлардың біріне жатады. Жетісу Алатауының климаты Қазақстанның басқа
аймақтарына қарағанда нашар зерттелуі көптеген метеорологиялық
станциялардың 1000 метрден төмен орналасқандығында. Талдықорған-586,2м.
Қапал - 1247м., Үштобе-423,2м. Сарқанд-802м., Панфилов-640,3м.. Тау
беткейлері мен төбелеріне тән метеорологиялық мәліметтер кездеспеді.
Климаттық-рекреациалық баға берілуі туристік-рекреациялық шараларды қолға
алу мүмкімдіктерін арттырады.
Тау етегіндегі қуан континентік климат (қантар айының орташа
температурасы - 12-14 градус) жоғары қарай біртіндеп ылғалды қоңыржай
климатпен алмасады.
Жауын-шашынның жылдық түсімі де тау етегінен 400мм 800мм жоғары
қарай артады. Әсіресе, ылғалды ауа массасына көлбеу орналасқан солтүстік
батыс беткейінде жауын-шашынның жылдық түсімі молырақ 1000мм. шамасында.
Мұндағы Ебі мен Сайқан желдері 60-70метр\секундына жылдамдықпен бірнеше
тәулік бойы соғып, жанға жайсыз ауа райын туғызады.
Биік тау басында және беткейлерде көп жылдық қар мен мұздықтар
жатуы бұл өлкенің жетісу атанып, мол сулы өзендердің ағып шығуына себеп.
Ірі өзендері: Қаратал, Лепсі, Тентек, Басқан, т.б. Оңтүстігінде өзен торабы
сирек. Мұндағы басты өзен -Үсек. Жалпы Жетісу Алатауы аймағында қыс
мезгілдерінің онша қатаң болмауы туризмнің көптеген қысқы түрлерін дамытуға
алғышарттар тудырады. Жаз айы температурасы жақын жатқан шөлдердің қызу
дәрежесіне сай және оңтүстіктен тропикалық ауа ықпалына орай ашық бұлтсыз
ауа райы қалыптасады. Ылғал ауа массаларының ықпалы басым. Тауда кездесетін
желдердің соғысы өзіндік ықпал тигізеді. Оған тау жоталарының орографиясы,
биіктіктері т.б. ықпалын тигізбей қоймайды. Климаттық талдау бұл өлкеде қыс
және жаз айларының туристік – рекряциалық ресурстарын игеруге қолайлылық
тудыратынын байқатады. Жаз айларының өте ыстық болмауы демалыс зонасын
қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Қар жамылғысының солтүстік беткейлерде
және биік тау етектерінде тұрақты болуы туризмнің активті қысқы түрлерінің
даму болашағы барлығын көрсетеді. Қар жамылғысының тұрақтылығы мен
тығыздылығы, ұзақ жату мерзімі, су көздерінің молдығы қысқы рекреация
проблемаларын шешу керектігін байқатады. Рекреациялық мүмкімшіліктің
барлығына қарамастан туристік инфрақұрылым мәселелері әлі күнге дейін
шешімін таппай отыр. Басқа аймақтарға (Шығыс Қазақстан, Іле Алатауына
қарағанда) жетілген инфрақұрылым жоқтын қасы. Қар жамылғысы туралы
зерттеулер қысқы туризм дамытуға себеп. Сонғы жылдардағы климаттың жылуы
т.б. антропогендік әрекет ықпалы бұл өлке табиғатына, климатына тигізетін
әсері, ықпалы зерттелмеген. 30 күнен жоғары қар жату аймағы туристік
қызығушылық тудырады. Таудағы қар көшкіні проблемасы өз алдында. Қар
жамылғысына байланысты бұл өлкеде орта және биік таулы аймақтарда Қаратал,
Көксу, Шажа, Қора т,б. Облыс орталығы Талдықорған қаласы маңының Текелі,
Рудалы поселкасының болашағы зор Жетісу таулы аймағының жайлаулары
ескерусіз. Сондықтан тауетегінде және оның беткейлерінде туристер тоқтайтын
орындар ретке келтіруі керек.
Су нысандарын - рекреациялық мақсатта пайдалануға кажет жерлердің
негізгі көрсеткіші деп есептеуге болады. Су ресурстарын рекреациалық
пайдалану дегенді түсіну үшін төмендегі анықтамаларға тоқталған жөн.
Адамдардың барлық іс әрекеттерінің әртүрлі рекреациялық мақсатта
(демалыс,спорт, туризм) су объектлерінің маңында оған тікелей қатысты
жағдайда асырылатын іс әрекеттер жұйесі. Өзен, көл, су қоймасы маңының
табиғи жағдайы орналасқан орны, елді мекендердің, инфрақұрылымдардың
жеткілікті болуына да байланысты. Су ресурстарын игеру, адамдардың
рекреациялық жұмыстарының үш топқа бөлінуімен ерекшелінеді. 1топқа сумен
тікелей қатынаста болу, суда ,су айдынында шомылу, су шаңғысымен сырғанау
суда демалу т.б. жатады.
Екі топқа су үстіндегі түрлі жүзу құралдарын пайдалана отырып
демалу серуен құру 3 топқа-судағы балық тағы басқа аулау байланысты судағы
ресурс көздері жатады. Су, ауа, активті іс-әрекет барысында адам
организміндегі тіршілікке қажетті үрдістердің сапалылағы айқындалады.
Жетісу өлкесінде су көздеріне байланысты рекреация коры жеткілікті деп
санаймыз. Олардың қандай табиғат зонасында кездесетіндігі биіктік режимі,
табиғи-климаттық жағдайымен өлшенеді.Жазық және тау өзендері мен көлдерінің
емдік сауықтыру, туристік демалыс сипаты алуан тұрлі. Жетісу Алатауының
беткейлерінен басын алатын өзендер мен өзеншелер олардың геоморфологиялық,
гидрогеологиялық ерекшеліктері - Алакөл мен Балхаш бассейінінде жатуы да
факторлық жағдай.
Суға шомылу мерзімінің қысқалығы тау беткейлері мен тауларда орналасқан
көлдерге байланысты. Су ресурстарының қоректену көздеріне байланысты
оларды туристік – демалысқа пайдалану жолдары әлі күнге дейін қолға
алынбаған.
Қаратал өзені- (F 19100км.кв.) L-390км.кв. Басын Орталық жотадан
Шажа және Қарой өзендері қосылуынан басталады. Коксу деген саласымен қосыла
отырып Оңтүстік Балқаштың құмды алабы арқылы өтіп Балқашқа құяды. Қаратал
және Коксу су туризмімен айналысуға толықтай мүмкімдігі жеткілікті.
Ақсу өзені - Жетісу Алатауының солтүстік жағынан 3700метр биіктіктен басын
алады.Ұзындығы- 316км. Балқаш бойы жазағы арқылы Балқашқа кұяды. Төменгі
бөлігінде көлшіктер мен емдік батпақтар, өзен тараулары көп. Лепсі өзені
- Балқаш басейіні бойынша үшінші өзен. Ұзындығы -417км. Қалған кішігірім
өзендер елді мекендер арқылы ағып өтуі антропогендік зардаптарға ұшыратуда.
Рекреациалық игеруге – демалысқа туристік кешендер салу жобасы
жасалынбаған. Аймақ территориясында гидроминеральді бұлақ көздері де бар.
Жетісу Алатауы аймағы туристік маршруттармен қатар емдік-сауықтыру
туризміне қажетті жер асты суларымен минеральді арасандарға мол өлке.
Тектоникалық жарықшақтар бойында минеральді су көздері орналастырып үш
топты құрайды. Бірінші топ негізінен Қарой өңірінде, құрамында әртүрлі
минералдардың мөлшері аз, 54-120 метрлік тереңдікте орналасқан. Сульфатты-
натрийлі, хлоридті температурасы шамамен 11 градус. Екінші топ радонды,
сульфидті радонды, гидрокарбонатты, сульфидті натрийлі. Көбінесе Жетісу
Алатауының оңтүстік беткейлерінде 1750 метрлік биіктікте Жаркент маңында
орналасқан. Хоргос минеральді су көзі Алттайдағы Белокуриха курорты суымен
пара –пар. Жергілікті жер адамдары пайдалануда. Соңғы жылдары Жаркент
Арасан, Керімагаш, Ку-Арасан санаторийлері жұмыс істеуде .Бірақ кең көлемде
сауықтыру – демалу орталығына айналу үшін инфрақұрылым мәселелері
шешілмеген. Үшінші топты кремнийлі термальді сулар құрайды. Жетісу
Алатауының оңтүстігінде Усек өзені бойында Жаркент қаласынан солтүстікте
35км. қашықтықты Үлкен Өсек минеральді су көздері шоғырланған. Жетісу
Алатауының солтүстігінде Қапал Арасан минеральді су көздері орналасқан. Су
құрамы Камчаткадағы - Начикин, Тянь-Шаньдағы Ақсу минеральді суларына
ұқсайды. Барлық Арасан Алакөлдің шығысына таман Жарбұлак елді мекенінен
16км., Арасан өзенінің оң жағалауында орналасқан. Он үш ыстық бұлақ
көздері бар. 1960 жылы Барлық Арасан санаториі ашылды.

Сурет 1 - Жетісу өзендеріндегі сарқырамалар

Кесте 1 - Жетісу Алатауының термальді су көздері
орналасқан жерлер
35км. Жаркент SO4-HCO3
Үлкен Өсек қаласынан солтүстікте, 4,0 25 0,3
Үлкен Өсек өз.аңғары.
Үлкен Өсек 35км.Жаркент
қаласынан солтүстікте, 4,0 25 0.3 SO HCO3
К.Өсек өз.аңғары Na
Ойсаз 60км .Оңтүстік –шығыста
Талдықорған қ. 1,3 25.6 0.14 HC
HO3-SO4
Na
Көксу Текелі қ.шығысында 2,3 25.2 0,3 HC
Көксу HCO3-So4
өзені бойында. Na
Қапал Шығыс беткей.Қапал 0,8 25 0.34 HC
ауылынан 7км. HCO3-SO4
Na

Рекреациялық іс-әрекеттерге кедергі келтіретін экзогенді үрдістер.
Таулы аймақтарда игеруге кедергі тудыратын факторлардың бірі
табиғаттағы құбылыстар мен адам шаруашылық іс-әрекеттері. Қолайсыз табиғат
құбылыстары. Қауіпті құбылыстар туристік – рекреациялық іс-әрекетке кедергі
келтіреді. Табиғат құбылыстары кей жағдайда пайдалылығымен де ерекшеленеді.
Жетісу Алатауы аймағында геоморфологиялық (көшкін, мұз көшуі, тасқұлауы,
опырындылар), климаттық (қар көшкіні, борандар, нөсер жаңбырлар)
биологиялық (орман өрттері) табиғат құбылыстары болып тұрады. Бұл
құбылыстар таулы өлкенің рекреациясын игерген сайын жылдан жылға артып
келеді. Қауіпті құбылыстардың туризмдегі ролі әлі де зертелмеген. Олардың
картасы жасалынбаған. Жай мысал Іле Алатауындағы беткейдің жылжып түсуі
(Талдыбұлақ, Алматы облысы, 2004жыл) қаншалықты.
Жетісу Алатауы өңірінде қауіпті құбылыстарды төмендегідей топқа бөліп
көрдік.
- Геоморфологиялық (көшкін, тасқын, тасқұлауы, опырындылар)
- Климаттық (нөсерлі жаңбыр, қалың қар, бұрқасын, борандар)
- Биологиялық (орман өрттері)
Бұл құбылыстарға тән қасиеттер - өте тез жылдам ,нәтижесі адамдар
өмірі мен шаруашылыққа өте зиянды, сонымен қатар күтпеген жерден басталуы.
Бұл құбылыстар тауда биіктік белдеуіні, таралу заңдылығына тікелей
байланысты. Рекреациялық баға беруде бұл жағдайларды ескерген жөн.
Сондықтан төменде қар көшкінің және рекреация мәселесін қарастырамыз.
Туристік – рекреациялық мүмкімшіліктерін анықтауда табиғи факторлармен
(жербедері, климат, су көздері) қатар қар көшкіні оның пайда болу жолдары
зерттелуге тиісті. Қар көшкіні туралы зерттеулер бар. Олардың таралу аймағы
анықталған. Оны біз И.В.Северский еңбектерінен көреміз. Профилактикалық
шараларға қарамастан қар көшкінінен зардап шегушілердің саны жылдан – жылға
артып келеді. Жетісу Алатауында қар көшкінінің биіктік беледеуіне сай бес
негізгі аймақтары анықталған.
1.Аласатаулы далалық
2.Орта биіктік таулы далалық
3.Орта таулық шалғынды
4.Биіктаулы тасты
5.Биіктаулы мұзды ландшафтылы-геоморфологиялық белдеу (гляциальді-
нивальді, жартасты-мұзды, альпілік-шалғынды.)
Таулардағы қар көшкіні т.б қауіпті құбылыстар туристік
рекреациялық іс әрекеттерге өзіндік ықпалын ескере отырып туризмді дамыту
мәселелесі әліде қолға алынбаған. Ол мәселелер ұлттық және аймақтық
бағдарламаларда айтылмаған, ескерілмеген. Жетісу Алатауы жер бедеріне
талдау бере отырып біз тау беткейлерінде қауіпті құбылыстарды ескере отырып
карталар, туристік маршруттар мен алаңдар жасау қажет. Ол үшін елді
мекендерден Талдықорған, Текелі, Есік, Талғар, Қаскелен елді мекендердің
жер жағдайы мен халықтарының мамандану дәрежесін ескерген жөн. Еліміздегі
ғылыми зерттеу орталықтарының
жоспарлы зерттеу жұмыстарына енгізу болашақта туризмді дамытуда өзіндік
үлес қоса отырып туристік рекреациялық ресурстарды игеру жолын ашады.

Сурет 2 - Жетісу Алатауы ( биіктік тау беткейі)

Осылардың ішінде өте қауіптісі сонғы гляциальді-нивальді. Таралу
аймағы қазіргі мұздық жатқан аймақ. Мұздықтар опырындысы, қар көшу қаупі
бар жерлер.
Мамыр – маусым айлары нағыз туристік маусым барысында өте
қауіпті болып саналады. Жауын шашынның көптігі, ылғал, биік температура
әсері мықты. Альпілік - шалғынды ландшафт (2400-2800м) қар жамылғысының
жеткілікті қалыңдығымен ерекшеленеді. Қыс мерзімдерінде қар көшуі жиі
байқалады. Жетісу өллкесіндегі қар көшуі орта биіктегі таулы белдеуде
байқалады. Әсіресе көктемгі қар еру барысында активті іс-әрекетте. Қора
Шажа, Көксу өзендері бассейндерінде өте активті. Қар көшкіні кезінде
биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Жетісу Алатауы беткейлерінде қар жату,
көшкін болатын жерлер 2300-2500 метрлік биіктіктер. Солтүстік беткейлердін
шыршалы ормандармен көмкеріліп жатуы қар көшкініне қарсы тұра алатын бірде
–бір кедергі. Қар көшуі негізінен январь және март айларына келеді.
Сондықтан да қысқы туризмді дамытуда осы т.б толып жатқан мәліметтерді
ескере отырып ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Туристерге ескерту
бере отырып жорықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Шаңғы-
сауықтыру орталықтарын, туристік база, приюттер салу ісінде қажетті ақпарат
көзі деп есептеуіміз кажет сияқты.
Биіктігі 800-1200 метрлік тау беткейлері төменгі тау зонасын
құрайды. Қар жамылғысы екі айға жуық сақталып, қалыңдығы 50см. лесті жыныс
болғандықтан қар көшкіні қалыптасу қаупі өте шамалы.Қар көшкінінің тек
қалың қар жауған жылдары 10-20 жылда бір қайталанады. Қыс маусымы кезінде
туристер мен демалушылардың жыл бойы саяхат жасау мүмкімшілігі бар аймақ.
Санаторий-курорт ашатын жерлер жеткілікті. Бірақта қауіпті кезен март-
апрель айлары. Бұл кездері жорыққа шықпау қажет, шыққан жағдайда
қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау жолдарын қарастырамыз. Рекреациялық
нысандарға онша қауіп жоқ. Қора, Текелі, Басқан, Коксу, Лепсі өзендері
бассейіндеріне назар аударған жөн. Қар көшкінімен қатар бұл аймақта су тасу
проблемасы өз алдында. Су тасқындары экзогендік үрдістердің бірі. Тез арада
өзен аңғерларын терең каньондарға айналдырып конус вынос жасап, жергілікті
жер ландшафтысының өзгеруіне ықпалын тигізетін процесс. Сел тасуының үш
бөлігі бар. Сел қалыптасу зонасы, екінші –тасымалдау зонасы, үшіншіден,
аккумуляциялау зонасы-тасымал заттарының шоғырланған жерлері. Адам
тіршілігі, туристік-рекреациялық іс әрекеттер үшін екінші және үшінші зона
аймағы өте қауіпті. Жетісу Алатауында 2000 жылы 128 су тасуы оның 114-і
жауын-шашыннан болса, қалға 14-мұздық сипатқа ие.Соңғы жылдары адамдар іс-
әрекеті басымдылық көрсетуде. Ормандарды кесу, мал жайылымының орынсыз
пайдалануы, тау беткейлеріндегі алуан құрылыс жұмыстары мен топырақ
қабатының бұзылуынан бұл әрекеттер барысында микроклиматтық және
гидрологиялық жағдайлар бұзылуына алып келуі байқалады. Су тасқындары
сулытасты, лайлы тасты, лайлы болып болінеді. Жетісу Алатауында алғашқы екі
түрі басым келген. Жалпы саны 147 сел тасқыны болатын бассейін аумағын
анықтаған. Солтүстік батыс беткей өзендері сел тасқыны мол аймақ.
Солтүстігі мен шығысының өзендерінде сел тасу қаупі азырақ. Текелі өзені
бойында жиі сел жүрулер болып тұрады. 1959 жылғы 8 апрельдегі сел тасқыны
қала инфрақұрылымына және өзен аңғарындағы көптеген демалыс зоналарына зиян
келтірді. Неғұрлым сел жүру аумағында Алаколь ойысына қарай бағытталған
өзендер тобы кіреді. Олар Тентек, Ырғайты, Жаманты, Тоқты.
Мұздықтар ықпалындағы өзендер бойында Сарқанд бассейінінде
гляциальді су тасқын көздері бар. Олар негізінен мұз еруге тікелей
байланысты. Сонымен қар көшкіні, су тасқындары Жетісу Алатауының біраз
бөлігінде рекреациялық іс әрекеттер істеуге, туризмен айналысуға кедергілер
жасайды екен. Сондықтан да болашақ игерілетін территориялардың физикалық
географиялық жағдайын кешенді түрде зерттеу әлі де болса қарастыралатын
нәрсе. Жетісу өңірінің туризмінде әсіресе жер суресурстары мен қатар
климаттық факторлар мен адам факторлары да тікелей ықпалын тигізеді. Біздің
зерттеулерде көбінесе таулы аймақтың рекреациялық ресурстары толығырақ
қарастырылады.

ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕГІ ТАРИХИ – АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ
МҮМКІНДІКТЕРІ

Алдымызға қойған мақсатымызға жету үшiн өлкетану – iзденiс жұмысын
2004 жылы маусымның 10-11 күндерi аралығында Талдықорған қаласының
маңындағы Бурақай, Лабасы, Екпiндi тауларындағы Қола, Сақ кезеңдерiнiң
қорғандары, тасқа түсiрiлген таңбалары және қыпшақ үлгiсiндегi құлып
тастармен танысудан бастадық. Жұмыс барысында петроглифтердiң салыну
ерекшелiктерiн, Сақ қорғандарының құрылысын анықтап облыстық С.Сейфуллин
атындағы облыстық кiтапханадағы өлке тарихына қатысты ғылыми – көпшiлiк
әдебиеттердегі жазба деректермен жұмыс істеп, Талдықорған
өңiрiнде оқу- танымдық және экологиялық туризмдi дамытуға мүмкiндiк беретiн
тарихи - мәдени мұраларды айғақтайтын заттай деректердi көзбен көру үшiн
М.Тынышбаев атындағы облыстық тарихи - өлкетану мұражайында, Балпық би
кентiндегi, Жаңалық, Қойлық, Черкасск ауылдарындағы мұражайда сақталған
өлке тарихына қатысты Сақ, Қола, Түркi, Қарлұқ, Қарақан, Қыпшақ
кезеңдерiнен бiзге жеткен мұрағаттарымен таныстық. Алтынемел ұлттық табиғат
бағының аумағындағы Үштас, Бесшатыр қорғандарымен Сарқант өңірінің
өткен тарихынан сыр шертетiн рухани – материалдық мұраларды көзбен көрiп,
туризмдi дамыту мүмкiндiктерiн дәуірлерінің ескерткiштерiне, Сарқант
ауданындағы археологиялық анықтау үшiн Алтынемел ұлттық табиғат бағының
аумағындағы Сақ-Ғұн, Қола қазба жұмыстары жүрiп жатқан ежелгi Қойлық
қаласына, астрономиялық және әскери бақылау бекетi қызметтерiн атқарған
Қарауылтөбеге оқу–таным жорықтарын ұйымдастырдық. Өлкетану – iзденiс
жұмыстарының барысында атқарылған жұмыстарды талдай келе Жетiсу Алатауының
бөктерi мен тау алды жазықтарындағы тарихи ескерткiштердi төмендегi топқа
бөлдiк.
Жетісу Алатауының тарихи-археологиялық ескерткіштерінің танымдық
туризмді дамыту мүмкіндіктері.
Балқаш-Алакөл алабына жататын өзендер бастау алатын Жетісу алатауының
аласа таулы бөліктері мен топырағы құнарлығымен ерекшеліктерін, Жерасты суы
жер бетіне жақын жатқан тауалды жаазиралы жазықтары ежелден халық жиі
қоныстанғанын айғақтаайтын тарихи-археологиялық ескерткіштерге бай
өңірлердің бірі. Олардыың қатарына отырықшы және көшпенді мәдениеттің
қатардамығанын айғақтайтын туристік-рекретциялық маңызы бар төмендегі
рухани материялдық мүралар жатады.

Жетісу Алатауының тарихи-археологиялық ескерткіштерінің танымдық
туризмді дамыту мүмкіндіктері.
Балқаш-Алакөл алабына жататын өзендер бастау алатын Жетісу алатауының
аласа таулы бөліктері мен топырағы құнарлығымен ерекшеліктерін, Жерасты суы
жер бетіне жақын жатқан тауалды жаазиралы

жазықтары ежелден халық жиі қоныстанғанын айғақтаайтын тарихи-
археологиялық ескерткіштерге бай өңірлердің бірі. Олардыың қатарына
отырықшы және көшпенді мәдениеттің қатардамығанын айғақтайтын туристік-
рекретциялық маңызы бар төмендегі рухани материялдық мүралар жатады.
- қола, Сақ-Ғұн, замаанының петрогифтерімен қорғандары;
- қыпшақ үлгісіндегі бал-бал тастар;
- шығыспен батысты байланыстырған адамзат қоғамының дамуының
баспалдағы болған Ұлы жібек жолының солтүстік-шығыстармағыының бойындағы
ерте орта ғасырлық сауда-экономикалық, әкімшілік-аумақтық маңызы бар
қалалар;
- керуен жолдарының бойындағы сауда бекеті, әскери бекініс қызметін
атқарған төрткүлдер;
- астрономикалық және әскери бақылау қонысы қызметтерін атқарған
Қарауыл төбелер;
- қазақ жоңғар соғысы кезінде кескілескен шайқасқан болған орындар;
- 18-19 ғасырлардан сақталған этнографиялық маңызы бар қазақ
қыспақтары;
- 20 ғасырдың басындағы Қазан төңкерісі кезіінде кескілескен шешуші
соғыс болған орыындардағы тарихи- мемориялдық мұражайлар.
Жетісу өңірінің бағзы заманынан бүгінге дейінгі тарихынынан сыр
шертетін жоғарыда көрсетілген рухани материялдық мұралардыың халық біршама
тығыз қоныстанған тауалды жазықтарында көп шоғырлануы Елбасының 2005 жылғы
19- ақпандағы дәстүрлі халыққа Жолдауына сәйкес ғылыми-танымдық,
экологиялық туризмдi дамытуға мүмкiндiк бередi.
Жетiсу Алатауының бөктерiндегi құнарлы өзен аңғарында сақталып,
бiзге жеткен мәдени мұраларды сырттан келетiн туристерге таныстыру
барысында жеке тұлғаның рухани қажеттiлiгiн өтеу үшiн олардың iшiндегi
басқалардан өзiнiң тартымдылығымен, бiрегейлiгiмен ерекшеленетiн тарихи-
археологиялық ескерткiштердi заман талабына сай қалпына келтiрiп, оларды
туристiк нарыққа ұсынудың маңызы зор.
Халқымыздың 2000 жылдық тарихынан сыршертетiн, болашақ ұрпаққа
жеткiзу үшiн қорғауды қажет ететiн бiрегей тарихи-археологиялық
ескерткiштердiң қорының жеткiлiктi болуы Жетiсу Алатауының тау алды
жазықтарымен аласа таулы бөлiктерiнде туризмнiң қарқынды дамуына мүмкiндiк
бередi. Аймақтың тарихы мен рухани-материалдық мұраларымен танысу сырттан
келген туристердiң қызығушылығын арттыратын факторлардың бiрi болғандықтан
оларды қалпына келтiрiп, туристiк нарыққа тарту қажет. Ол үшiн облыс
әкiмдiгiнiң туризм бөлiмiмен Жетiсу телекомпаниясы туристердi тарту
мақсатында елiмiздiң өткен тарихында ерекше орын алатын Орбұлақ,
Үйгентас, Шыңғыс ханның шатыры, Қойлық қаласы сияқты қасиеттi
орындарда арнайы фестивальдар өткiзiп, арнайы жарнамалар шығарып,
В.Рубруктiң, Шоқанның жүрiп өткен жолдарымен туристік таным жорықтар
ұйымдастыру қажет.бұл іс-шараны2003 жылдан бастап шоқанның 170 жылдық мерей
тойына орай облыс әкiмдiгiнiң туризм бөлiмi, мәдениет басқармасы, Жетiсу
телекомпаниясымен бiрлесе отырып “Ата жұртқа саяхаты”, Шоқан жүрiп өткен
“жолмен” атты жаңа бағыт бойынша туристiк саяхат ұйымдастыруды қолға алды.
Оған белгiлi тарихшы, археолог, әдебиетшi, өнертанушы ғалымдар тартылып,
ғылыми-танымдық туризмдi дамыту iсiн қолға алуда Тас, Қола дәiрлерiнен
бастау алып, елiмiздiң қазiргi кезеңiне дейiнгi тарихынан сыр шертетiн
рухани-материалдық мұраларды қайта қалпына келтiрiп, болашақ ұрпақтарға
жеткiзудi көздейтiн ғылыми-танымдық және экологиялық туриздi дамытуға
төмендегi табиғи және әлеуметтiк экономикалық факторлар қолайлы әсер етедi:

- Жетiсу Алатауының тау бөктерiндегi тау алды жазықтарын
бойлай сауда экономикалық маңызы бар транс құрылықтың күре жолдардың өтуi;
- халықаралық және коммерциялық туристiк саяхаттарды
ұйымдастыруға қолайлы геосаяси жағдайы;
- аймақтағы саяси және әлеуметтiк-экономикалық
тұрақтылықпен қолы бос еңбек қорларының жеткiлiктi болуы;
-тарихи-археологиялық, мәдени және сәулет ескерткiштерiнiң
қатынас жолдарына жақын орналасуы;
- текриянттарды көптеп тартуға мүмкiндiк беретiн тарихи-
археологиялық ескерткiштердiң жер бедерi алуан түрлi тау баурайына жақын
орналасуы;
- ауасының мөлдiр тазалығымен қатар жылдың жылы мезгiлiнде
температура ауытқуының баяу байқалыуына байланысты инсоляцияның қолайлы
болуы;
- Ерте орта ғаырда бой көтерген ежелгi қалалар мен
төрткөлдердiң, Сақ-Ғұн дәiрлерiнiң ескерткiштерiнiң iрi өзендер мен жер
асты суы жер бетiне жақын жатқан жазиралы жазықтарда орналасуына орай өзен
аңғарларындағы тоғайлармен көкорай шалғынды аумақтың тартымдылығы туристiк
қызметтiң ауқымын кеңейтуге мүмкiндiк бередi.
Саяхатқа келген туристердi Жетiсу өңiрiнде мыңдаған жылдар
iшiнде қалыптасқан халқымыздың этнографиялық, фольклорлық, материялдық
мұраларымен танысып рухани қажеттiлiгiн өтеуге мүмкiндiк беретiн
ғылыми танымдық, экологиялық туриздi дамытуды төмендегi факторлар тежейдi:
- аймақтағы туристiк - рекриякциялық маңызы бар тарихи -
археолгиялық, мәдени - сәулет ескерткiштерiнiң саны жөнiндегi ақпараттар
қорының аздығы;
- аймақтың өткен тарихынан сыр шертетiн қола сақ-ғұн
дәуiрлерiнiң қорғандары мен ерте орта ғасырлық қалалардың орындарында
кешендi археологиялық қазба жұмыстары жүргiзігенімен бөлiнетiн қаржының аз
болуына байланысты оларды қалпына келтiрiп, реконструкциялау жұмыстарының
жүргiзiлмеуi;
- қатынас жолдары мен туристiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға
мүмкiндiк беретiн инфрақұрылымның нашар дамуы.
Ендiк бағыттағы негiзгi тау тiзбектеріне перпендикуляр
солтүстiкке бағытталған жоталар батыстан келетiн ылғалды ұстап, суық әрi
құрғақ желдердiң енуiне кедергi келтiретiн тау аралық тектоникалық иiндер
мен Балқаш-Алакөл алабына жататын өзендердiң орта ағысындағы табиғат
жағдайлары адамның шаруашылық әрекетiне қолайлы тау алды жазықтарында халық
ежелден жиi қоныстанғанын айғақтайтын рухани-материалдық мұралар көптеп
кездесуi айғақтайды. Олардың басым көпшiлiгiн қола, сақ-ғұн, түркi
дәуiрлерiнiң қорғандары мен тастағы суреттерi, суармалы егiшiлiктiң
дамығанын айғақтайтын ежелгi ирриграциялық құрылыстардың, ерте орта ғасырда
Ұлы жiбек жолының бойында гүлденген қалалар мен төрткүлдер, тас мүсiндер
мен әскери және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру
Әдістеме және зерттеу әдістері
Талғар аймағының туризм мен демалыс саласын дамытудың негізгі
Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар
Жетісу Алатауы көлдерінде туризмді дамыту
Отандық белсенді туризм түрлерінің жағдайы
Туристік инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы
Солтүстік қазақстанда дамыған емдік туризмнің орталықтары
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық туризм дамуы
Туризмнің экстремалды түрінің дамуының алғышарттары
Пәндер