Жуғыш зат құрамы



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

Микробиология кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Иммобилизденген микроорганизмдермен органикалық ластаушылардың
деструкциясын зерттеу

Орындаған: ___________________________________ ____ Абдуллаева Г.А.

"____" _____2011 ж.

Ғылыми жетекшісі: ______________________________ Жұбанова А.А.
б.ғ.д., проф.

"____" ____2011 ж.

б.ғ.д., доц. ______________________________
Кайырманова Г.К.

"____" ____2011 ж.

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі: ______________________________ Мукашева Т.Д.
б.ғ.д., проф.

"____" ____2011 ж.

Алматы 2011

РЕЗЮМЕ

Магистерская диссертация представлена на 65 страницах компьютерного
текста, содержит 1 таблицу, 20 рисунков. Список цитированной литературы
представлен 97 источниками.
Цель работы: изучение адсорбционных и деструктивных свойств активных
штаммов микроорганизмов, выделенных из сточных вод.
Научная и практическая значимость. В настоящее время производительность
около 70% очистных сооружений не достигает проектной мощности и потому
недостаточная очистка сточных вод представляет собой одну из важнейших на
сегодняшний день проблем. Тем более, что загрязнение сточных вод отражается
на всех объектах окружающей среды. Перспективным представляется метод
очистки сточных вод с использованием иммобилизованных микробных клеток.
Научная новизна. В магистерской диссертации впервые представлены данные
о микроорганизмах, выделенных из сточных вод г. Астаны, проведена
сорбционная и деструктивная активность.
Практическая значимость. Показано, что для эффективной очистки сточных
вод г. Астаны можно использовать иммобилизованные клетки микроорганизмов.
Основные результаты диссертационной работы опубликованы в виде 1 научной
статьи и 2-х тезисов.

МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК 4
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
АНЫҚТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН 6
СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
НЕГІЗГІ 8
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ 8
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
1.1 Ағынды сулардың химиялық және микробтық 8
құрамы ... ... ... ... ... ..
1.1.1 Тұщы суларды 10
ластандырушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
1.1.2 Ағынды суларда кездесетін синтетикалық жуғыш заттардың 11
классификациясы мен қасиеттері, қоршаған ортаға
әсері ... ... ... ... ... ... .
1.1.3 Ағынды суларда кездесетін беттік белсенді заттар (ББЗ), 15
олардың адам денсаулығына
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
1.1.4 Табиғи және ағынды сулардың 17
микрофлорасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1.2 Ағынды суларды тазалау үшін қолданатын 19
әдістер ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.1 Қалалық ағын суларды механикалық және биологиялық әдістермен
тазалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.2.2 Ағын суларды тазалау үшін сорбция арқылы иммобилизденген
микроб клеткаларының артықшылығы мен 30
болашағы ... ... ... ... ... ... .. ...
2 ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ, МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ 35
ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.1 Зерттеу 35
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Зерттеу 35
материалдары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
2.2.1 Ластаушы зат - анионды ББЗ додецилсульфат 35
Na ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.2 Микроорганизмдерді өсіру үшін қолданылған қоректік 35
орталар ... ..
2.2.3 Су тазартуда пайдаланылатын 36
тасымалдаушылар ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Зерттеу 38
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.1 Микроорганизмдердің 38
дақылдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
2.3.2 Микроорганизмдердің морфологиялық-дақылдық қасиеттерін зерттеу40
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.3 Адсорбциялық иммобилизация 41
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
2.3.4 Синтетикалық ағынды су құрамындағы додецилсульфат Na - анионды
ББЗ мөлшерін анықтау әдісі (ГОСТ Р 42
50595-93) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
2.3.5 Тәжірибенің жасалу 43
барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
3. НӘТИЖЕЛЕРДІ 44
ТАЛҚЫЛАУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
3.1 Микроорганизм-деструкторлардың қолайлы жағдайда 44
өсуі ... ... ... ... ...
3.2 Микроорганизмдер клеткаларының әр түрлі сорбенттерге бекінуін 47
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
3.3 Синтетикалық ағынды судағы бос микроорганизм клеткаларының
додецилсульфат Na - ды деструкциялау 52
қабілеті ... ... ... ... ... ... .. ... ...
3.4 Синтетикалық ағынды судағы иммобилизденген
биокатализаторлардың додецилсульфат Na – ды деструкциялау
қабілет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 58
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 59
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМША 65
А ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. ГОСТ 2874-82. 1982. Вода питьевая. – М.: Госкомстандарт, 1982.
2. ГОСТ Р 50595-93. Метод определения биоразлагаемости в водной среде. -
М.: Госстандарт России: 1995.

АНЫҚТАМА

Диссертациялық жұмыста келесідей терминдерге сай анықтамалар қолданылды

Адсорбция – сорбцияның бір түрі, қатты дененің бетімен немесе сұйықтықпен
ерітіндіден немесе газдардан заттарды сіңіру.

Десорбция - бұл сорбцияның қайтымдылығымен байланысты, ол pH- қа және
температураға тасымалдаушының беткейіне және саңылаулығына субстраттың
концентрациясына және т.б. тәуелді.
Иммобилизация - (ағылшынша immibilize) – таңып тастау, орнықтыру,
қозғалысын шектеу, байланыстыру деген мағынаны білдіреді.
Иммобилизденген клеткалар – бұл клеткалардың каталитикалық белсенділігінің
толық немесе бөлшекті сақталынуымен бекітілген жағдайға ауысуы. Сыртқы
ортада қозғалысының жасанды шектеулі жағдайларын туғызу, бұл шектеулерді
тасымалдаушылар қамтамасыз етеді.
Биокатализатор - белгілі бір биохимиялық процестерді катализдейтін жүйелер
Биосорбент - сұйытылған ерітінділерден әр түрлі металдарды сорбциялағанда
немесе қалдықтарды тазалау үшін және таза металдарды алу мақсатында
қолданылады
Биодеструктор - органикалық заттар, яғни беттік белсенді заттар, мұнай,
мұнай өнімдерін және қалдықтарын т.б. ксенобиотиктердің ферментті тотығу
процестері
Ксенобиотиктер – белгілі организмдерге жат, улы химиялық заттар
Полипропиленді талшық - таза, жеңіл, қауіпсіз, химиялық бейтарап, басқа
заттармен оңай қосылатын олефинді талшықтардың түрі.
Пенополиуретан - жеңіл және тығыз пенопластар
Цеолит - Цеолиттер криссталды құрылымы тетраэдр топтарынан тұратын вулканды
тұнбалы минерал
Ассоциация – екі немесе оданда көп микроорганизмдердің бірлестігі

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

Ұсынылған диссертациялық жұмыстағы қысқартылған сөздер және оларға
анықтама

ППТ – полипропиленді талшық
ППУ – пенополиуретан
САС – синтетикалық ағынды су
аББЗ – анионды беттік белсенді зат
ББЗ - беттік белсенді зат
ЕПС – ет-пептонды сорпа
ЕПА – ет-пептонды агар
ШМК - шекті мөлшердегі концентрация

КІРІСПЕ

Антропогендік әр түрлі іс-әрекеттердің нәтижесінде қоршаған орта түрлі
ластаушылармен – тұрмыстық және өндірістік қатты және сұйық қалдықтар,
мұнай өнімдері, пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар, ауыр металдар,
радионуклидтермен көптеп ластануда. Экожүйелердің ластануы жергілікті
қалыптасқан биоталардың өзгеруіне және экологиялық жағдайлардың нашарлауына
әкеліп соғады. Ластанудың бір түрі, яғни қалалық тұрмыстық сулардың жоғары
деңгейде ластануы өсімдіктердің және жануарлардың өліміне және түрлі
ауруларға шалдығуына себеп болуда. Ксенобиотиктер арасында қоршаған ортаға
көп мөлшерде түсетін органикалық заттар маңызды орын алады. Органикалық
заттар оның ішінде беттік белсенді заттар топыраққа, су қоймаларына көптеп
түсуде. Көптеген зерттеулер нәтижесінде микроорганизмдердің көмегімен
беттік белсенді заттарды ыдырату қабілеті анықталды.
Қоршаған ортаны ластанушы заттардан тазалауда иммобилизденген
микроорганизмдерді кеңінен қолданып келеді. Иммобилизденген
микроорганизмдердің бос клеткалармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары
бар.
Адсорбцияланған микроорганизмдердің сыртқы ортаның кері факторларына
(температура, қышқылдық, электролиттердің және токсинді заттардың
концентрациясы т.б.) төзімділігі артады; иммобилизденген
микроорганизмдердің өмір сүру қабілеті және белсенділігі жоғарлайды;
клеткалар сұйықтықтан жеңіл бөлініп алынады; клеткаларды қайталап қолдану
мүмкіндігі бар; деструктор-микроорганизмдер қауымдастығын иммобилиздеу
ластаушы заттарды биоыдыратушылар аймағын кеңейтеді; ластаушы түрлердің
шайылып кетуі нәтижесінде культураның тазалығы сақталып қалады, бұл жұмысты
залалсыз емес жағдайларда жүргізуге мүмкіндік береді [1, 2].

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Ағынды сулардың химиялық және микробтық құрамы
Өнеркәсіп, транспорт, энергетиканың дамуы, ауыл шаруашылығының
индустриализациялануы қоршаған ортаға антропогендік әсердің әлемдік сипат
алуына әкеліп соқты. Қоршаған ортаны қорғау бойынша эффективтілік
шараларының жоғарылауы ең алдымен ресурс үнемдеуші, қалдығы аз немесе
қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу, ауа мен суқоймалардың
ластануының төмендеуімен байланысты. Қоршаған ортаны қорғау айтарлықтай көп
қырлы мәселе болып табылады. Бұл мәселені шешумен көбінесе барлық
мамандықтардың инжинерлік техникалық жұмысшылары айналысады. Ағын сулар
немесе сұйылтылған катты калдықтардың бір түрі. Мұндай қалдықтарға адам мен
жануарлардың физиологиялық қалдықтары сонымен қатар, мынадай ластанған
сулар жатады: монша, душ, ыдыс және кір жуылған сулар, су құбырларына
жіберілетін тұрмыстық қалдықтар. Ағын сулар еріген, коллойдты және ерімеген
күйде болатын ластаушы заттардың күрделі гетерогенді жүйесі болып табылады.
Ағын сулар шартты түрде тұрмыстық, өндірістік және жаңбырдан кейінгі деп
бөлінеді. Олар бір – бірінен шығу тегі, құрамы және биологиялық
активтілігімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде ағын сулар таза күйінде
кездеспейді. Тұрмыстық ағын сулар адамдардың тұрмыс тіршілігінің
нәтижесінде пайда болады және минералды органикалық ластаушылардың болуымен
сипатталады. Минералды қосылыстар аммоний тұздары, фосфаттар, хлоридтер,
гидрокарбонаттар және басқада қосылыстар түрінде болады. Минералды
қосылыстар ағын суда ерімеген күйде – 5%, суспензия түрінде -5%, коллоид
түрінде - 2%, еріген түрінде - 30% кездеседі. Тұрмыстық ағын сулардағы
органикалық заттарды 2 топқа бөлуге болады: азотсыз және құрамында азоты
бар. Азотсыз органикалық заттардың негізгі бөлігі көмірсу және май түрінде
болады. Құрамында азоты бар қосылыстар белок және олардың гидролиз өнімдері
түрінде болады. Органикалық ластаушылар ағын суларда еріген күйде – 20%,
суспензия түрінде -5%, коллоид түрінде - 8% және ерімеген заттар түрінде
-15% болады [3].
Тұрмыстық ағын сулардағы органикалық қосылыстар белок, көмірсу, майлар
физиологиялық өңдеуден өткен өнімдер түрінде кездеседі. Сонымен қатар
тұрмыстық ағынды сулардың құрамында үлкен қосылыстар – қағаз, материал,
өсімдік тектес қалдықтар және синтетикалық беттік активті заттар кездеседі.
Бейорганикалық қосылыстар тұрмыстық ағын суларда ион күйінде К, Са, Сl, Na,
Mg карбонаттары, сульфаттары кездеседі. Тұрмыстық ағын сулардың барлығыныда
органогенді С, N, P, S, K элементтері әрдайым болады [4].
Ластаушылардың ерекше формасы микроорганизмдер болып табылады. Ластағыш
қоспалардың құрамы мен олардың су объектілеріне арнайы әсеріне байланысты
ағын суларды шартты түрде бірнеше топқа бөледі:
1. Cу организмдеріне қатысты арнайы улы қасеттерге ие ауыр металдардың
тұздары түрінде неорганикалық қоспаларға ие металлургия, гальваникалық
цехтар және кейбір өндіріс орындарының ағын сулары.
2. Улы әсері жоқ неорганикалық қоспалары бар сулар. Ағын сулардың бұл
тобына руда байытушы фабрикалар, цемент зауыттарының ағындарын жатқызуға
болады. Мұндағы қоспалар қауіпті емес.
3. Арнайы улы қасиеттарге ие органикалық заттар құрамына енетін сулар.
Мұндай ағындардың құрамында беттік белсенді заттар, фенолдар, ацетон,
фармальдегидтер, неорганикалық қышқылдар, майлар, мұнай өнімдері, хлоридтер
және т.б. болады.
4. Суқойманың қышқылдығын жоғарылататын және еріген оттегінің
концентрациясының төмендеуіне әкеп соғатын улы емес органикалық қоспаларға
ие сулар.
Су айдаушы жүйелер мен құрылғылар – халықтың еңбек етуіне, дамуына және
тұрмысына қажетті санитарлы-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ететін
(тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттар) инжинерлік құрал
жабдықтардың біреуі болып табылады. Су айдау және тазалау жүйелері құбырлар
мен тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық ағын суларды қабылдауға,
сонымен қатар оларды суқоймаға құймас бұрын тазалау немесе утилизациялауға
арналған, құралдар комплексінен тұрады. Су айдау объектілеріне әр түрлі
мақсатта пайдаланатын ғимараттар, сонымен қатар, жаңадан салынып жатқан
бұрыннан бар және қайтадан қалпына келтірілген қалалар, ауылдар, өндірістік
мекемелер, санитарлы-курортты комплекстер т.б. жатады.
Түрлі экологиялық аймақтардағы цианобактериялар маңызды орын алады.
Олар судың әр түрлі құрамдарында кездеседі, сонымен катар топыраққа және
тастарға бекініп өседі [5, 6]. Ағын сулар тұрмыстық, өндірістік немесе
басқада қажеттіліктерге пайдаланған және олардың бастапқы химиялық,
физикалық құрамын өзгерткен, әр түрлі ластағыш қоспаларға ие, сонымен
қатар, қоныстанушы аймақтар мен өндірістік мекемелер территорияларынан
атмосфералық жауын нәтижесінде ағатын сулар болып табылады. Ағын сулардың
шығу тегі мен құрамына қарай 3 негізгі категориясын көрсетуге болады:
1. Тұрмыстық (әжетхана, душ, асхана бөлмелері, монша, кір жуатын орын,
аурухана);
2. Өндірістік (технологиялық процестерде пайдаланылған сулар);
3. Атмосфералық (жаңбыр сулары);
Тәжірибеде сонымен қатар, қалалық ағын сулар деген ұғым пайдаланылады.
Қалалық ағын су құрамында тұрмыстық және өндірістік қоспалар болады.
Тұрмыстық өндірістік және атмосфералық ағын сулар бірге де, жеке де
тазартылады. Жалпы айдаушы жүйеде ағын сулардың үш категориясына жататын
сулар бірте бірте құбырмен қала сыртына тазалағыш қондырғыларға айдалады.
Жеке жүйелер бірнеше құбырлар мен каналдардан тұрады, мұнда үш категорияға
жататын ағын сулар жеке-жеке айдалады. Ағын сулардың ластану дәрежесі
концентрациямен бағаланады, яғни көлем бірлігіне қоспа массасы бойынша.
Ағын сулардың құрамы үшін талданып отырады. Санитарлы – химиялық талдаулар
жүргізіледі: органикалық заттардың жалпы концентрациясын анытау,
биологиялық жолмен тотығатын органикалық қосылыстардың концентрациясы
(ОҚК), өлшенген заттардың концентрациясы, минирализациялану жәрежесі, боялу
интенсивтілігі, биотенді элементтердің (азот, фосфор, калий)
концентрациясы.
Су микрорганизмдер үшін табиғи орта болып табылады. Судағы микрофлора
әрдайым өзгеріп ауысып отырады. Бұл, түрлі бактериялардың ағынды сулар
арқылы ағып келуі, шаң арқылы түсуі, суда тіршілік ететін организмдер мен
өсімдіктер организмдеріндегі бактериялар әсер етеді. Тұщы сулар мен түзды
сулардағы микрофлора бір – бірінен ерекшеленеді. Тұщы суларда (өзендер,
көлдер) кокка тәрізділерден Micrococcus roseus т.б. ал таяқша тәрізділерден
Pseudomonas fluorescens көп кездеседі. Суда анаэробты микрорганизмдер аз
кездеседі, олар су түбіндегі лайларда басым болып келеді. Бұл
микроорганизмдер судағы биохимиялық тазалау процестеріне қатысады. Мұхиттар
мен теңіздерде микроорганизмдер саны айтарлықтай көп емес, кездесетін
микроорганизмдерге галофильді микроорганизмдер жатады. Артезиан суларында
микроорганизмдер кездеспейді немесе өте аз кездеседі. Суда кездесетін
аэробты гетеротрофты бактериялыр және фототрофты цианобактериялар ластаушы
заттарды деструкциялауға қатысады [7].
Цианобактериялар ұсақ су тоғандарындағы саздардарға бекініп өсе алады.
Бұл фототрофты микроорганизмдерді суда тіршілік ететін су жануарлары
цианобактерияларды тағам ретінде пайдаланады. Сонымен қатар олар судағы
өсімдік тамырларына бекініп өседі [8].
Табиғи ресурстарды қарқынды игеруге байланысты, соңғы жылдары әлем
бойынша техногенді су жинау, экстремалды гидрохимиялық жағдайларды
қарастыруда. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша, цианобактериялар белгілі
барлық экологиялық нишаларда өсуге қабілетті [9, 10, 11].

1.1.1 Тұщы суларды ластандырушылар
Тұщы сулардың ластануы. Көп жағдайда тұщы сулардың ластануы көрінбейді,
себебі ластағыштар суда еріп кетеді. Алайда, кейбір ластағыштар суда
ерімейді: сабынды жуғыш заттар, су бетінде қалқып жүретін мұнай өнімдері
мен тазартылмаған ағындар. Табиғи ластағыштардың бірнеше түрі бар. Жердегі
алюминий қосылыстары тұщы су жүйелеріне химиялық реакцияар нәтижесінде
түседі. Жыл сайын су бассейндеріне әсері белгісіз, жаңа химиялық қосылыстар
болып табылатын, мыңдаған химиялық заттар түседі. Суда улы ауыр металдардың
(кадмий, сынап, хром, қорғасын) жоғары концентрациялары, пестицидтер,
нитраттар мен фосфаттар, мұнай өнімдері, беткі активті заттар анықталуы
мүмкін. Жыл сайын теңіздер мен мұхиттарға шамамен 1,2 млн. тонна мұнай
төгілетіні белгілі. Судағы ауыр металдар концентрациясының артуына қышқылды
жаңбырлар да өз үлестерін қосады. Қышқылды жаңбырлар жиналған суда
минералдарды ерітіп, суда ауыр метал иондарының концентрациясының артуына
ықпал етеді. Атом электростанцияларынан су айналымына радиоактивті
қалдықтар түседі. Тазартылмаған ағын суларды су көздеріне тастау судың
микробиологиялық ластануына әкеп соғады. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының
бағалауы бойынша әлемде аурулардың 80% анти санитариялық күйінен туындайды.
Ауылды аймақтарда су сапасы мәселесі ушыққан, себібі әлемде ауыл
тұрғындарының 90% үнемі азық су мен шомылу үшін ластанған сумен пайдаланады
[12].

1.1.2 Ағынды суларда кездесетін синтетикалық жуғыш заттардың
классификациясы мен қасиеттері, қоршаған ортаға әсері
Ең қарапайым жуғыш зат бес мың жыл бұрын Таяу Шығыста алынған. Бұл
кездейсоқ жағдайда, от үстінде етті қақтағанда, май күлге түсіп ашылған.
Ежелгі адам бұл зат суда оңай еріп, күлмен бірге жуылып кететінін байқаған.
Бастапқыда сабын кір жуу үшін, язва мен жараларды емдеу үшін пайдаланылған.
Б.э.д. I ғасырдан бастап адам сабынмен жуына бастаған. Сабын өндірісі көне
тарихқа ие, ал ең алғашқы синтетикалық жуғыш зат тек 1916 жылы пайда
болған. Неміс химигі Фриц Понтердің ойлап тапқан жуғыш заты өндіріске
пайдалануға орналған, тұрмыстық синтикалық жуғыш заттар 1935 жылдан бастап
шығарыла бастады. Сол кезден бері химия өнеркәсібінің маңызды саласы болып
табылатын көптеген синтетикалық жуғыш заттар жасалды. Жуғыш заттар деп
тазартқыш әсері бар табиғи және синтетикалық заттар аталады, әсіресе,
тұрмыста, өндірісте және қызмет ету саласында қолданылатын сабындар мен
жуғыш ұнтақтар.
Синтетикалық жуғыш заттардың 10-40% синтетикалық жуғыш қоспалардан
тұрады. Әдебиеттердегі зерттеулер жуғыш заттарды былай бөлуге мүмкіндік
береді:
1. Қолданылуы, консистенциясы;
2. Жуғыш зат түрлері;
3. Жуғыш зат құрамы;
Консистенциясы бойынша жуғыш заттар қатты (кесекті, гранула, ұнтақты),
мазь тәрізді (пасталар) және сұйық деп бөлінеді. Ұнтақты жуғыш заттар ең
кең қолданылатын түрге жатады. Гранула мен паста түріндегі жуғыш
қолданылуға қолайлы болып табылады. Сұйық заттар оңай ериді және өлшеуге
ыңғайлы. Олар текстиль заттарды, ыдыстар, автомашиналар және шыныларды
(әйнектерді) жууда эффективті болып келеді. Сұйық заттарды өндіру артуда,
өйткені оларды дайындау процесі қарапайым және арзан, оңай өлшенеді. Жуғыш
заттың түріне қарай жуғыш заттар сабын және синтетикалық жуғыш заттар деп
бөлінеді. Жуғыш зат құрымына 5-85% аралығында жуғыш қоспалар кіреді. Сабын
өндірісінде жануарлардың қатты майлары (сиыр, қой, шошқа), өсімдіктердің
сұйық майлары (күнбеғыс, мақта майы) саломай (майдан жасалған сало),
гидрогенизация арқылы алынған қатты май, өсімдік майларын тазалаудан қалған
қалдық өнім [13].
Құрамындағы жуғыш зат мөлшері бойынша сабында сорттарға бөлінеді.
Кесекті қатты кір сабын 60, 66, 70 және 72%-ды, ал сұйық - 40%-ды (1 сорт)
және 60%- ды (жоғары сорт) болады. Ұнтақты сабындар майдаланған және
кептірілген (68-82%) немесе құрамы 10-25% майқышқылдары мен сілті тұздары
қоспасынан тұратын (кальцинирленген сода, тринатрийфосфат, натрий селикаты)
түрінде болады. Қолданылуы бойынша жуғыш заттарды тұрмыстық, әжетханалық,
арнайы (медициналық, техникалық, т.б.) деп бөлінеді [14].
Тұрмыстық жуғыш заттар:
1. Мақта мен зығырдан жасалған заттарға арналған – 20-40% жуғыш зат
(әдетте сульфанол) - 55%-ға дейін сілті тұздары (триполифосфат,
кальцинирленген сода, натрий силикаты), 10-15% натрий сульфаты, бірқатар
хош иісті заттар, ағартқыш заттар мен карбоксиметилцеллюлоза. Бұл заттар
күшті сілтілі жуғыш ерітінділерді (рН - 10-11) түзеді.
2. Жүн және жібек талшықтарынан жасалған заттарға арналған жуғыш заттар
құрамына 35% алкилсульфат, 55%-ға дейін бейтарап тұздар (натрий сульфаты),
сілтілі электролиттердің шамалы мөлшері, ағартқыштар мен хош иісті заттар
болады. Жуғыш ерітіндіде бұл заттар бейтарап ортаға жақын орта жасайды (рН
7,3-8,5).
3. Синтетикалық талшықты заттарды жууға арналған заттар бейтарап орта
түзеді. Құрамы бойынша олар жүн мен жібек заттарды жуатын заттардың
құрамына ұқсас, бірақ карбоксиметил мен электролиттердің мөлшері жоғары
болады.
4. Жүн және жібек пен синтетикалық талшықты заттарды жууға арналған
заттарда карбонат пен натрий силикаты сияқты активті сілті типтері
болмайды.
5. Әмбебап жуғыш заттарды өсімдік, жануар және химиялық талшықтардан
тұратын заттарды жуу үшін ұсынылады. Бұл әмбебап жуғыш зат құрамында күшті
сілтілі тұздар (кальцинирленген сода) болғандықтан жуғыш ерітінді сілтілі
орта құрады (рН 8-9, 5). Әмбебап жуғыш заттарда ағартқыш болмайды.
6. Ыдыс, шұнғылша және ванналарды жууға арналған заттар көбік түзгіш,
еріткіш, эмульгирлеуші қасиетке ие болуы керек. Бұл заттар әдетте
тазаланатын беттегі кірлермен (ластанған аймақтармен) әрекеттеседі. Бұл
заттар құрамына жуғыш заттар (синтетикалық және сабын), органикалық
еріткіштер, сілтілі және басқа да химиялық қосылыстар кіреді.
7. Шыныларды (әйнектерді) жууға арналған жуғыш заттардың (терезе, айна,
хрусталь) құрамында қосымша жылтырауды қалпына келтіретен метилен көгі
тәрізді бояғыш болады.
8. Кілем, жиhаз, жасанды мех, теріден жасалған заттарды жууға арналған
жуғыш заттар құрамында қатты көбіктенетін, кірді жұмсартатын (ерітіп) зат
болады. Ыдыс, ванна және шұнғылшаны жууға арналған жуғыш құрамында, сонымен
қатар бактерицидтік қасиеттерге ие антисептиктер болады [15].
Синтетикалық жуғыш заттардың химиялық құрамы мен қоршаған ортаға әсері.
Жуғыш заттардың барлығы синтетикалық жуғыш заттардың негізін құрайды және
олардың қасиеттерін анықтайды, бұлар мицелла түзгіш беткі активті заттар
арқасында жуғыш қасиетке ие. Жуғыш заттар екі класқа бөлінеді: суда
иондарға диссоциацияланатын ионогенді заттар және электролитті
диссоциацияға ұшырамайтын ионогенді емес заттар. Ионогенді жуғыш заттар
егер беткі активті иондар теріс зарядталған болса, анионактивті деп
аталады. Егер беткі активті заттар оң зарядталған болса катионды, ал
сілтілі ортада теріс заряд, қышқылды ортада оң зарядталған болса, амфолитті
деп аталады. Анионактивті жуғыш заттар кең таралған. Олардың негізінде
барлық май сабындары мен синтетикалық жуғыш заттардың көпшілігі алынады.
Тауарлы май сабындардың өндірісі үшін өсімдік майлары мен жануар майларынан
дайындалатын, жоғары май қышқылдарының натрий және калий тұздары
қолданылады. Синтетикалық анионактивті жуғыш заттардың маңызды өкілдері
сульфоқышқылдың тұздары, қышқылды сульфоэфирлер (алкильсульфонаттар,
алкиларилсульфонаттар, алкилсульфаттар), сульфирленген майлар мен май
қышқылдары. Басқа анионактивті жуғыш заттар аз мөлшерде шоғырланады. Кейбір
жуғыш заттардың құрамына кіретін ионогенді емес жуғыш заттар өндірісте
өндіру жағынан анионактивтілерден кейін екінші орынды алады. Ионогенді емес
заттардың көпшілігі әр түрлі органикалық қышқылдардың, спирттердің,
алкилфенолдар мен алкилнафтолдардың полиоксиэтиленді (полигликольды)
эфирлер, алифатты аминдер, амидтер мен меркоптандардың полиоксиэтиленді
туындылары, т.б. Катионактивті және амфотерлі заттар жуғыш заттар
өндірісінде аз ғана үлес алады және тұрмыстық мәні шектеулі болып табылады.
Катионактивті заттардың ішінде ең маңыздылары - бактерицидті әсерге ие
амоний және пиридин негіздерінің төрттік тұздары. Амфотерлі заттардың
молекулаларында негізді (әдетте амин топтары), сонымен қатар қышқылды
(карбоксилды, сульфонды, сульфоэфирлі) топтар болады. Синтетикалық жуғыш
заттарда олардың жуғыш қабілеттерін, қасиеттерін жақсартатын қосымша заттар
болады. Жуғыш композициялар құрамына әлсіз неорганикалық қышқылдардың
сілтілі тұздары (карбонат және натрий бикарбонаты, натрий силикаты, әр
түрлі құрамды фосфаттар), бейтарап тұздар (сульфат, натрий хлориді),
ағартқыш және дезинфекциялаушы қасиеттерге ие тотықтырғыш қышқылдардың
тұздары, кіреді. Жуғыш заттардың органикалық компоненттері маңызды орын
алады: жуылған жерге кірдің қайта жиналуын болдырмайды; боялмаған
маталардағы сары дақтарды жою үшін қоладанылатын оптикалық ағартқыштар
(бояғыштар); жуғыш заттың суда еруін арттыратын және жылдамдататын
гидротоптар [16].
Кейбір жуғыш заттарда ерімейтін белокты ластануларды қамтамасыз ететін
ферменттер, органикалық бактериоцидтер (гексахлорофен, трихлоркарбонимед
және т.б.), көбікті тұрақтандырғыштар (алкилоамидтер) немесе көбік
басқыштар; көптеген жуғыш заттарға хош иісті заттар қосылады. Жуғыш
заттардың рецептуралық құрамы олардың қолданылуы, эканомикалық және
гигиеналық талаптарымен анықталады. Сатылуға көбінесе (80-90%) ұнтақтар;
Сонымен қатар таблеткалар пасталар және сұйықтар өндіріледі. Қазіргі
заманғы синтетикалық жуғыш заттардың сапасы ең жоғарғы сорт сабындарынан
кем емес, сонымен қатар, сабынға қарағанда, бұлардың жуғыш қабілеті қышқыл
кірлерді кетіруде және қатты суды пайдаланғанда төмендемейді. Қоршаған
ортаның өндірістік және тұрмыстық қалдықтарымен қарқынды ластауына
байланысты ерекше назар жуғыш заттардың құрамын таңдауға аударылуда. Табиғи
жағдайда бактериялар оңай ыдырататын, яғни биологилық жеңіл жуғыш
заттарды жасау маңызды және өзекті болып отыр. Мұндай заттар негізіндегі
(алифатты қышқылдардың, спирттердің туындылары) біртіндеп қолданыстан
құрамында ыдырамайтын компоненттер (алкилароматты қосылыстар) бар жуғыш
заттарды ығыстырып келеді. Синтетикалық жуғыш заттар қоршаған ортаға түсіп
(суқоймаларға), оның қышқылды сілтілі тепе теңдігін өзгертеді. Су
организмдері рН –тың белгілі бір көрсеткіштеріне бейімделген. рН көрсеткіші
4,5-5,0 – ке дейін төмендегенде, қоректік тізбектің негізін құрайтын, су
организмдерінің айтарлықтай бөлігі жоғалып кетуі мүмкін. Бұл өз кезегінде
құстар, балықтар, қосмекенділер мен сүтқоректілер тіршілігіне әсер етеді.
рН көрсеткіші 8,0 – ден асқанда да, су көптеген су организмдерінің
тіршілігіне жарамсыз болады. Әсіресе, су қышқылдығының өзгерістеріне
уылдырық пен балықтар сезімтал келеді. Біз судың қаттылығын төмендету үшін
құрамында фосфат бар ұнтақтарды кір жууда пайдаланамыз. Біздің елімізде
ағындарды фасфаттардан тазартатын технология әзірге жоқ. Тазартылмаған
ағындар өзендерге құйылғандықтан, қоршаған ортада фосфаттар жиі анықталып
жатыр [17].
Ерте кезден адамдар тазалықты сақтау үшін жуғыш заттарды пайдаланып
келген. Олардың барлығы табиғи негізге ие болған: сілтілі тұздар (табиғи
сода), гидрофильді глина (бентонитті), кейбір өсімдіктердің шырындары
пайдаланылған. Алайда, XII ғасырда сабын қайнату өндірісінің дамуына
байланысты, табиғи жуғыш заттар тұрмыстық маңызын жоғалтты. Кез келген
жуғыш зат күрделі құрамды химиялық ерітінді болып табылады, нәтижесінде
улану, созылмалы ауруларды тудырушы, концерогенді және мутагенді әсер
ететін химиялық ластағышқа жатады. Синтетикалық жуғыш заттың негізін
сульфоқышқылдардың әр түрлі тұздары немесе полиэтиленгликольдың эфирлері,
сияқты беткі активті заттар мен жуғыш зат қасиеттерін жақсартатын
ферменттер мен ароматизаторлар құрайды. Олар қоршаған ортаға негативті әсер
етуші басты факторлардың бірі болып табылады. Біздің қала табиғи
объектілерге айтарлықтай, күшті әсер ететін, ірі өндіріс орындарына ие
емес, алайда қоршаған ортаға тұрмыстық ағындардың түсуіне ықпал етуші жеке
секторлардың көбеюі байқалады. Бұдан басқа, синтетикалық жуғыш заттар
индустриясымен жылдам дамып келе жатқан химия өндірісі осы өнімнің кең
таңдауын қамтамасыз етуде.
Қалалық ағын сулардың 80% шаруашылық – тұрмыстық ағыннан тұрады.
Жартылай бөлетін немесе жалпы бір құбырмен ағатын канализацияда ағын
жаңбыр, қар суларымен сұйылтылып тұрады.
Қалалық ағын сулардағы негізгі ластағыштар - өлшенген заттар, каллойдты
және еріген органикалық қоспалар болып табылады. Бұл заттардың мөлшері
оттегінің биологиялық пайдалануымен (ОБҚжалпы, оттегінің биологиялық
қажеттілігі) бағаланады. Кей жағдайда ластағыш ретінде биогенді заттар
(азот, фосфор) қарастырылады.
Әдістемелік нұсқауларда тұрмыстық ағын сулардың шамамен орташа ластану
деңгейі келтірілген: өлшенген заттар – 110мг∕ л, ОБҚ - 180 мг∕ л, аммонилі
азот - 18 мг∕ л, фосфаттардың фосфоры – 2 мг∕ л.
Өндірістік ағын сулар, ағынды сұйылтып, көрсетілген мәндердің
көрсеткіштерін біршама төмендетеді, бірақ ағынды қосымша өндіргіш
қоспалармен ластайды [18].

1.1.3 Ағынды суларда кездесетін беттік белсенді заттар (ББЗ), олардың адам
денсаулығына әсері
Су жер жүзіндегі негізгі тіршілік көзі. Сондықтан да, барлық тұрмыстық,
өндірстік, т.б. жағдайларда су негізгі рольді атқарады. Дегенмен де қазіргі
таңда ластанған судың көлемі артып, адам организмін, жанурлар мен басқада
биотаға кері әсерін алып келеді. Бұл ластанған су құрамында әр түрлі
органикалық және бейорганикалық заттар кездеседі [19].
Судың ластануының бір жолы қалалық тұрмыстық жағдайлардан шығатын сулар.
Қалалық тұрмыстық қалдық сулардың құрамы әр уақытта біркелкі болмайды, олар
орынға және уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Қалалық ластанған су
құрамында органикалық ластаушы заттардың ішінен анионды беттік
белсендізаттар басым болып келеді. Бұл ластаушыларды микроорганизмдер
арқылы тазарту мүмкіндігі бар [20].
Көптеген зерттеулер нәтижесінде синтетикалық беттік активті заттар
(СБАЗ) ластағыш заттардың негізін құрап, әртүрлі үрдістердің жүзеге асуына
кедергі жасайды. Ағын суларда беттік активті заттардың кездесуі ағын
суларды өңдеуде кері әсерін тигізеді. Ағын судағы БАЗ седиминтация процесін
төмендеті, биохимиялық процестерді тежеп, біріншілік су тұндыру процесінің
эффективтілігін төмендетіп, көбіктің пайда болуын туғызады. [21].
ББЗ – дың көпшілігі адам организмі мен су экожүйелеріне теріс әсер
етудің кең диапазонына ие. Ең алдымен олар суға тұрақты спецификалық иіс
пен дәм береді, ал кейбіреулері басқа қосылыстардан пайда болатын иістерді
тұрақтандыруы мүмкін. Сонымен ББЗ мөлшері 0,4-3,0 мг∕дм3 болса, суы ащы, ал
егер 0,2-2,0 мг∕дм3 болса, - сабынды керосинді иіс береді. ББЗ – дың
негізгі физико – химиялық қасиеттерінің бірі – төмен концентрацияда (0,1-
0,5 мг∕дм3) болған кезде де, жақсы көбіктену қасиетіне ие. Су бетінде көбік
қабатының пайда болуы атмосфера мен суқойма арасында жылу алмасуды
қиындатады, ауадан суға оттегінің өтуін төмендетеді. Осының салдарынан
органиканың тұтынуы мен ыдырауы баяулап, өздігінен тазару процестері
нашарлайды. Кейбір ерімейтін ББЗ – дар су бетінде ерімейтін пленкалар
түзеді де, жақын аумақтарға моноқабат түрінде таралады. Беткі су
объектілеріне келетін (түсетін) антропогенді ауырлықтың айтарлықтай бөлігін
құрамында синтетикалық ББЗ – дар бар ағын сулар құрайды. Біздің елімізде
пайдаланатын детергенттердің – синтетикалы жуғыш заттардың 95-98% - ын
анионды және ионды емес ББЗ мен олардың негізінде жасалған жуғыш заттар
құрайды. Бұлар төмен биологиялық ыдырау қасиеті мен су объектілеріне кері
әсерімен сипатталады. Суқоймаларға түскен ББЗ – дар басқа ластағыш
заттардың токсикалық әсерін активтендіре отырып, олардың қатты таралуы мен
транформация процестеріне қатысады. ББЗ – дар мен мыстың 6-30%, қорғасын 3-
12%, сынаптың 4-50% коллойдты және ерімеген күйде байланысқан. ББЗ – дың аз
ғана концентрациясы (0,05-0,10 мг∕дм3 ) улы (токсикалық) заттарды
активтендіруге жеткілікті. БАЗ – дар канцерогенді заттардың ыдырауын
тежейді, оттегі биохимиялық пайдалануды, аммонификация және нитрификация
процестерін басады. ББЗ мен детергенттер су ортасында гидролизі жүргенде,
фосфаттар комплексі түзіліп, су қоймалардың евтрофирленуіне әкеп соғады.
Синтетикалық жуғыш заттардан табиғи суларға жалпы фосфордың 20-40% түседі.
ББЗ мен оның ыдырау өнімдерінің көбісі әр түрлі гидробионт топтары үшін улы
болып келеді: микроорганизмдер (0,8-4,0 мг∕дм3), балдырлар (0,5-6,0
мг∕дм3), омыртқасыздар (0,01- 0,9 мг∕дм3). ББЗ организмде жиналып,
қайтымсыз патологиялық әдістерді тудыруы мүмкін. Су организмдеріне ең күшті
теріс әсерді алкиларилсульфонаттар, яғни өзінің молекуласында бензол
сақинасына ие заттар көрсетеді. Улылығы ең төмен ББЗ – полимерлер
негізінде, біршама улы – алкилсульфаттар мен алктилсульфонаттар болып
табылады. Су ортада тік жанама тізбекке ие қосылыстар күшті бұтақтанған
көміртекті заттарға қарағанда улырақ болып келеді. ББЗ – дың улы әсері су
ортада олардың деградацияға қабілеттіліктері есебінен айтарлықтай дәрежеде
төмендейді. Ауаға шығарылған беткі активті заттар атмосфералық жауын
шашынмен ашық су қоймаларға өтіп, жақын жатқан жер асты грунт суларына
фильтрация арқылы тазалау кезінде де түседі. Жер асты суларынан ББЗ – дар
ешқандай кедергісіз жер үсті су көздеріне және тазалау қондырғылары арқылы
ауыз суға өтеді. Табиғи суларға түскен ББЗ – дар ондағы минералды және
органикалық заттардың бөлшектерімен адсорбцияланып, су қоймалардың түбіне
шөгеді, II ластану ошағын түзеді. Суды ББЗ – дан тазартудың ең басты
қиындығы су қоймалардағы әр түрлі ББЗ – дар, көбінесе, жеке гомологтар мен
изомерлердің қоспалары түрінде кездеседі. Бұл қоспалардың әрқайсысы сумен,
су түбіндегі тұнбалармен әрекеттескенде жеке қасиеттерін көрсетеді, олардың
биохимиялық ыдырау механизмдері де әр түрлі болады [22].
Су қоймалар мен су көздеріне ағын сулармен түсетін қайтадан
синтезделген ББЗ – дың көбісі суда жиналу қабілетіне ие. БАЗ – дың рұқсат
етілетін шектік мөлшердегі концентрациясы (ШМК) 0,2 мг∕дм3 , ионогенді емес
– 0,1 мг∕дм3 құрайды. Синтетикалық ББЗ – дың зияндығын шектеуші көрсеткіш –
олардың көбік түзу қабілеті. ББЗ – дың қоршаған ортаға ерекше әсерлерінің
бірі басқа ластағыш заттардың әсерін күшейте алуы. Бұл теріс эффект
ластағыш заттардың суқоймаларда инфильтрацияның жақсару есебінен болады.
Химия өнеркәсібі суқоймаларға жыл сайын 100 мыңнан астам тонна ББЗ – дар
тастайды.
Синтетикалық анионды ББЗ – дан тазартуда синтетикалық анионды ББЗ – дың
анионды бөлігін ерімейтін калций қосылыстарына байланыстыратын кальций
гидрооксидін пайдаланғанда, ортаның рН – ы өзгереді. Сонымен қатар, натрий
иондары ерітіндіге шығып, артынан басқа да органикалық заттар сабынданады.
Синтетикалық анионды ББЗ – дан суды тазартудың екі сатылы әдісі белгілі.
1. Суды калций гидрооксидімен өңдейді
2. Флотация арқылы жүзеге асырады
Бірінші сатыда тазалау деңгейі 75-80% болғанда, кальций гидрооксидінің
дозасы 30 г∕дм3 құрайды. Екінші сатыны пайдалану тазалау деңгейін 82-84% -
ға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Тазартылған суда синтетикалық анионды
БАЗ – дар деңгейі 60 мг∕дм3 болады. Бұл әдістің кемшілігі – тазалаудың
жоғары емес деңгейі, реагенттің көп шығымы, орта реакция деңгейінің жоғары
болуы.
Комплексті тазалау кезіндегі кальций хлоридімен өңдеу жүргізіледі.
Өңделетін суға кететін кальций хлоридінің мөлшері 1,0 г∕дм3. Мұнда
синтетикалық анионды ББЗ – дардың анионды бөліктері біртіндеп кальций
иондарымен ерімейтін қосылыстарға байланысады. Тазартылған су синтетикалық
анионды ББЗ – дың деңгейі (тазалау деңгейі 90%, ал рН 8,4 болғанда) 20
мг∕дм3 –құрайды. Бұл әдістің кемшілігі – қол жетімсіз материялдарды -
кальций хлориді, металды алюминиді пайдалану, электроэнергия шығымы.
Суларды синтетикалық анионды ББЗ – дан комплексті тазалаудан ағын суға
цемент қосу арқылы жүзеге асырады. Мұнда тазалау деңгейі 99,2% - ды
құрайды. Әдістің әсер ету принципі - құрамы 62-76% СаО, 19-24% SiO2, 4-7%
Al2O3, 2-6% Fe2O3, 1,5- 4% MgO – цементті синтетикалық анионды ББЗ – дар
концентрациясы 200- 2500 мг∕дм3 ерітіндіге қосады. Ерітінді деструктивті
өңдеуден өтеді. Екі саты мен фильтрациядан өткеннен соңғы тазалау деңгейі
99,2% - ды құрайды. Бұл әдістің механизмі I сатыда синтетикалық анионды ББЗ
– дың диссоциацияланған молекулаларының анионды бөліктері цемент кальцимен
ерімейтін қосылыстарға байланысады. Бір мезетте синтетикалық анионды ББЗ –
дың құрылымынан эмульсия түрінде басқада заттар бөліне бастайды. Мұнда
цементтегі кремний қосылыстары тұнуды жылдамдататын флокулянт қызметін
атқарады. Цементті пайдаланғанда орта реакциясы деңгейі көтерілмейді,
себебі натрийдің кальцимен алмасу реакциясында бірінші алюминий, темір және
кремний иондарымен байланысады [23].

1.1.4 Табиғи және ағынды сулардың микрофлорасы
Судың микрофлорасы. Табиғи сулардың микроорганизмдерінің сандық және
сапалық құрамы, судағы органкалық заттардың мөлшері жыл мезгілі, халық саны
және метеорологиялық жағдайларға тәуелді. Теңіз, өзен, көлдер және басқада
суқоймалардағы микрооргнаизмдер әр түрлі болады. Суда үнемі Ps.
fluorescens, Bact. aquatilis communis, Micr. candicans, Micr. roseus,
Sarcina lutea, Torula rosea; сирек – споратүзгіш бактериялар Вас. cereus,
Вас. mycoides т.б. микроорганизмдер тіршілік етеді [24]. Таза суда аэробты
сапрофитті микробтардың 80% коккалар, ал 20% -таяқша тәрізділер. Суқоймалар
әр түрлі ластағыш заттармен, өндірістің органикалық қалдықтарымен, әсіресе,
үлкен қалалар мен халық қоныстанған жерлерде, ластанған су микрофлорасының
түрлік құрамы өзгереді, таяқша тәрізді және споратүзгіш бактериялар саны
көбейеді. 1мл судағы сапрофитті микроорганизмдердің мөлшері 1- ден млн – ға
дейін су көзінің түрімен оның ластану дәрежесіне байланысты өзгеріп отырады
[25].
Судың құрамында белок, еріген қанттар, пектин заттары, клетчатка және
басқа да органикалық қосылыстар көп болады да, анаэробты шіру процесі
жүреді. Органикалық заттардан бөлінетін көмірқышқыл газына, метанға,
көмірсутегіне бактериялар төзімділік көрсетіп, оларды ыдыратып, өзінің
тіршілік барысына жұмсайды. Ағын суда тіршілік ететін бактериялардың
көпшілігі деструкциялаушы қабілетке ие. Ағын судың негізігі микрофлорасына
нитрифицирлеуші, аэробты облигатты бактериялар кіреді. Негізінен табиғатта
кездесетін суқоймаларының микрофлорасы аутохтонды және аллахтонды деп екі
топқа топтастырылады [26]. Аутохтонды – тұрақты сол жерде тіршілік
ететіндер, ал аллахтонды – ластану нәтижесінде түсіп, аз уақыт тіршілік
ететін микрофлораны айтамыз [27]. Ашық су көздері жер асты суларына
қарағанда сапрофитті микроорганизмдерге бай. Жиналған қалдық суларында
әсіресе, терең қабаттарында микроорганизмдер тіпті аз болады. Теңіз суының
микрофлорасына жағалаудан шайылып келетін топырақ микрооргаизмдері, өзенмен
келетін микрооргаизмдер және теңіздің өзінің микроорганизмдері жатады.
Оларға споралылар, споралы еместер, коккалар, актиномицеттер, ашытқы
тәрізді саңырауқұлақтар, люминесцентті бактериялар жатады. Теңіз
бактерияларының жартысынан көбі хромогенді, яғни бір пигментті өндіре
алады. Тұздардың жоғары концентрациясына төзімді (20%-ға дейін) галофильді
микроорганизмдер кездеседі. Көптеген теңіз микроорганизмдері психрофильді
болып келеді, яғни олар 00С – қа жақын температурада көбейіп,
ферментативтік белсенділіктерін сақтайды [28].
Шығыс Сібір және Чукотка теңіздерінің 1 мл суындағы микроорганизмдер
саны бірнеше мыңнан жүз мыңға дейін жетеді. Антарктикалық судың 1 мл – де
микробтар аныталмады. Өзендердегі микроорганизмдердің сапалық құрамы:
нитрификациялаушы, азотфиксациялаушы, күкірт және темірбактериялары,
мұнайды тотықтырғыш және майды ыдыратушы микроорганизмдер. Микробиологиялық
процестер көбінесе су түбіндегі лайда интенсивті жүреді (1г лайда 100млн –
нан 3млрд микроорганизмдер). Ашық суларда бактериялар саны көктемде жауын
көп түскенде бірден артады. Қыстыгүні микробтардың ең көп саны тұрмыстық
және өндірістік ластағыштарға бай ағын сулар құйылатын суқоймаларда болады.
Бұл қыстыгүні судың өздігінен тазару процестері бірден баяулап,
бактериялардың тіршілік ету өнімділігі атруымен түсіндіріледі. Мұзды және
қар жамылғысы, сонымен әлсіз инсоляция арқасында микроорганизмдер
ультракүлгін сәулелерінің әсеріне ұшырамайды. Суқоймалардың патогенді
микроорганизмдермен ластануы және жұқпалы ауру қоздырғыштарының сумен
таралуы. Бактериялды ластанудың негізгі көздері тұрмыстық және кейбір
өндірістік ағын сулар болып табылады. Қалалық канализацияның ағын суларында
1мл-де млрд астам микроорганизмдер бар. Тұрмыстық ағын сулардың
микрофлорасы негізінен адам мен жануар ішегінен бөлінетін сапрофитті
микроорганизмдер мен адам денесі, т.б. заттардан жуылатын микробтардан
тұрады. Бір адам тәулігіне нәжіспен бірнеше триллион микроорнаизмдер
бөледі, оның ішіне ішек таяқшалары, энтерококкалар, споралы аэробты және
анаэробды таяқшалар, лактобактериялар, саңырауқұлақтар мен кейбір
қарапайымдылар кіреді [29]. Ауру адамдар мен жануарлардан, сонымен қатар
бактерия тасымалдағыштардан суға патогенді микробтар (ішек таяқшаларының
холералық вибрион, дизентерия, салмонеллалар, патогенді эшерихиялар);
зооантропанозды аурулар қоздырғыштары (сібір язвасының бацилласы,
туберкулез бактериялары, бруцеллез бактериялары, туляремия, листерия
бактериялары) түседі.
Эпидемиялық жағынан қауіпті ағынды суларды келесі топтарға жіктейміз:
ауылшауашылық – тұрмыстық ағынды сулар; қалалық аралас немесе өнеркәсіптік-
тұрмыстық ағынды сулар; инфекциялық ауруханалардың ағынды сулары; жануарлар
мен құстарды баптайтын фермалардың ағынды сулары [30]. Сонымен қатар,
суқоймалар пастереллалармен, стрептокок, патогенді анаэробтар мен
полимиелит вирустары, гепатит пен аусыл вирустарымен ластануы мүмкін. Су
ауру туғызғыш микробтрдың көбеюі үшін қолайлы орта болып табылады, алайда
онда бактериялар біраз уақыт сақталып, тіршілік етеді. Кейбір
микрооранизмдер (сібір язвасының, ботулизм бациллалары) сыртқы ортаға
түскенде спора түзе алады. Туберкулез және проказа микобактерияларының
сыртқы ортаға төзімділігі бактериялды клеткада липидтердің жоғары
мөлшерінің (25-40%) болуымен байланысты. Бруцеллалар 1мл –де 10 млн.
концентрацияда 90 күн өмір сүреді. Лас суда патогенді микробтар жылдам
өледі, өйткені онда антогонист – микробтардың көп болу мүмкіндігі жоғары.
Төмен температурада патогенді микрофлоралар суда ұзақ уақыт сақталады,
мысалы, тифозды бактериялар 00С – та 9 апта, ал 180С – та 4 апта сақталады.
Суқоймаларда патогенді микроорганизмдердің сақталуында суыққанды жануарлар
маңызды орын алады: балықтар, бақалар, шаяндар, устицалар т.б.
қоздырғыштары бірнеше күн бойы су егеуқұйрықтар, бақалар мен
былқылдақденелердің организмдерінде тіршілік етеді. Холера мен
парагемолитикалық вибриондар, крабтар, омар шаянның организмдерінде ұзақ
уақыт тіршілік етеді. Су арқылы бірқатар инфекциялар беріледі: холера, іш
сүзегі, дизентерия, лептоспироз, туляремия, полиамиелит, жұқпалы гепатит.
Су арқылы адамға көбенесе ішек инфекциялары беріледі. Бұл бактерия
тасымалдағыштар мен аурулардың ішектерінде қоздырғыштардың орналасып,
зәрмен тұрмыстық ағын су және қоршаған ортаға бөлінуімен түсіндіріледі.
Суқоймалар вирустармен ластануы мүмкін. Көбінесе су арқылы жұқпалы гепатит
пен полимиелит қоздырғыштары таралады [31, 32].

1.2 Ағынды суларды тазалау үшін қолданылатын әдістер
Қазіргі күнде ең өзекті мәселелердің бірі – қоршаған ортаны әр түрлі
ластанулардан - өндіріс қалдықтары және адамдардың тіршілік етуінен,
өнімдерінен қорғау. Басты ластағыш көздеріне тұрмысқа қызмет етуші
мекемелер, кір жуатын орындар жуғыш заттарды көп пайдаланатын орындар
тікелей қатысты болады [33, 34].
Синтетикалық жуыш заттар құрамына кіретін сілтілі тұздардың түрі мен
мөлшеріне қарай судың рН көрсеткіші 7-10 бірлікті құрайды. Осылайша, кір
жуатын орындардың суларының құрамы күрделі, яғни құрамында сілті,
органикалық заттар, беттік активті заттар мен кір қалдықтары болады.
Көптеген синтетикалық жуғыш заттардың кемшілігі олардың ағын суларды
микроорганизмдер мен қиын ыдырауы. Сондықтан, құрамында синтетикалық жуғыш
заттары бар ағын сулар суқоймаларды (өзен, көл) ластайды [35].
Беттік активті заттардың суқоймаларға түсуі судың органолептикалық
(түсі, иісі, дәмі) және бактериологиялық көрсеткіштеріне қолайсыз әсер
етеді. Бұл тек белгіленген заттардың қасиеттері есебінен емес, негізінен
суда беттік активті заттардың солюбилизация немесе эмульгирлеу қабілеттері
нәтижесінде, басқа қосылыстардың тұрақтануынан жүреді. Ағын суларды
тазалауға арналған қондырғылар, құрал-жабдықтар мен технологиялар әр түрлі
себептер бойынша, қажетті деңгейге дейін тазалай алмайды. Сондықтан, жоғары
эффективті қондырғыларды жасау және ендіру, технологиялық тәсілдерді тиімді
пайдалану, жетілдіру су тазалау технологиясында өзекті мәселе болып
табылады [36]. Қазіргі кезде ең рационалды және жеткілікті эффективті су
тазалау тәсілдері деп электрохимиялық және сорбциялық процестердің бірге
пайдаланылуын айтуға болады.
Ағын суларды тазадауда негізгі төрт саты орындалады:
1. Біріншілік өңдеуде ағын сулар механикалық қоспалардан тазартылады
(құм тұтқыш, торлар, тұндырғыштар);
2. Екінші сатыда аэробты микроорганизмдердің көмегімен органикалық
заттардың ыдырауы жүреді. Түзілген лай реакторға қайта жіберіледі;
3. Үшінші сатыда химиялық тұндыру және азот пен фосфордың бөлінуі
жүреді;
4. 1 және 2 сатыда түзілетін лайды өңдеу үшін, әдетте анаэробты
ыдырау процесі пайдаланылады. Мұнда патогендер мен тұнба көлемі
азайып, жағымсыз иіс жойылады, органикалық бағалы отын – метан
түзіледі.
Тәжірибеде бір сатылы, көп сатылы тазалау жүйелері қолданылады.
Белсенді лайдың түзілуі мен жұмыс жасауында маңызды орынды қарапайымдылар
алады. Қазақстанның барлық территориясында қазіргі таңда көптеген
тұрғылықты жерлермен өндіріс орындарының ағынды сулары табиғи және жасанды
су қоймалардың ластауы бірден - бір кең таралған өзекті мәселе болып отыр.
Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен су құбыр жолдарымен және жоғары тиімді
тазалау құрылғылары қолданыла отырып, биологиялық әдіспен тазалаудың маңызы
жоғары [37].
Суды биологиялық тазалаудың негізінде белсенді лайдың немесе табиғи пада
болған биоценоз, биопленка жатыр. Белсенді лайдың 70% тірі организмдер, 30%-
неорганикалық қатты бөлшектерден тұрады. Тірі организмдер қатты
тасымалдағыштармен бірге зооглей – микроорганизмдер популяцияларының
симбиозын түзеді. Белсенді лайдан бөлініп алынған микроорганизмдер әр түрлі
туыстарға жатады: Actynomyces, Azotobacter, Bacillus, Bacterium,
Corynebacterium, Desulfomonas, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синтетикалық жуғыш заттар
Майдан сабын алу
«Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасында технологиялық қондырғыларды санитариялық өңдеу
Mister Proper жуғыш зат қатты беттерге арналған әмбебап жуғыш зат
Биологиялық активті заттар биотехнологиясы
Натрий үшполифосфат
Медициналық сабындар
Негіздердің физикалық қасиеттері
Жеміс және көкөніс жууға арналған машина
Шикізат пен дайын өнімге технохимиялық және микробиологиялық бақылау
Пәндер