Йодтың физикалық қасиеті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Биология факультеті

Биотехнология, биохимия, өсімдіктер физологиясы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

КЕЙБІР МИКРОЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ Arthrospira platensis

КӨК-ЖАСЫЛ БАЛДЫРДЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕРІ

Орындаған:

4 курс студенті А. Сіләм

(күні, қолы)

Ғылыми жетекші:

б. ғ. д., доцент С. Ә. Джокебаева

(күні, қолы)

Нормабақылаушы:

б. ғ. д., ассистент С. Б. Оразова

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілген:

кафедра меңгерушісі,

б. ғ. д., профессор Т. А. Карпенюк

(күні, қолы)

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

бет.
: КІРІСПЕ.
бет.: 3
: 1
бет.: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .
4
: 1. 1
бет.: Микроэлементтерге жалпы сипаттама . . .
4
: 1. 1. 1
бет.: Микроэлементтердің биологилық рөлі . . .
7
: 1. 2
бет.: Йод пен селен және олардың маңызы . . .
8
: 1. 3
бет.: Спирулинаның маңызы . . .
18
: 2
бет.: ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАР . . .
20
: 3
бет.: НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ . . .
23
: 3. 1
бет.: Arthrospira platensis дақылының Se мен I микроэлементтерінің әсеріндегі өсу қарқындылығы . . .
23
: 3. 2
бет.: Se мен I-тың оптимальді концентрацияларын қосып өсіргендегі A. platensis дақылының өсу қарқындылығы және жинақталатын белок мөлшері . . .
26
: 3. 3
бет.: A. platensis дақылын селен мен йод қосылған ортада интенсивті өсіру барысында жинақталатын негізгі қосылыстардың мөлшерін анықтау . . .
29
:
бет.: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
32
:
бет.: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
33

КІРІСПЕ

Қазіргі таңдағы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының салдарынан адам денсаулығы біршама нашарлады. Адам организмнің төзімділігін арттыратын макро- және микроэлементтердің әсері белгілі. Олардың ішіндегі физиологиялық маңызды микроэлементтер: селен және йод болып табылады. Біздің еліміздегі селенмен мардымсыз қамтамасыз етілуінің нәтижесінде инфекциялық, жүрек - қан тамыр аурулары, онкологиялық және гастроэнтерологиялық аурулар белең алуда. Мысалы Финляндия сияқты елдерде бұл сұрақ топыраққа селен қосылыстары бар тыңайтқыштарды пайдалану арқылы шешілген.

Адам ағзасындағы йод тапшылығы мен қан аздықтан әлемде 3 млрд адам зардап шегеді. Организмдегі йодтың көп бөлігі қалқанша бездің гормоны трийодтиронин мен тироксин құрамында болады, олар қанға бөлінеді. Қалқанша бездің гормондары мүшелермен ұлпалардың жетіліуіне, олардың қызметінің белсенділігіне, өсу мен зат алмасу процестеріне жауапты. Йодтың жетіспеушілігі - адамзаттың бұрыннан келе жатқан мәселесі, йод жетіспеушілігінен зоб пайда болады. қазіргі уақытта жер шарының мекендеушілерінің 2/3 бөлігі йод тапшылығынан зардап тартуда, әсіресе йод бір аймақтарда өте аз, ал бір аймақтарда өте көп. Өкінішке орай біздің елімізде суда және топырақта оның мөлшері өте аз, сол себептен өсімдік және жануар өнімдері елімізге қажет йод көлемін бере алмайды.

Зерттеушілер алған мәліметтер бойынша йод пен селеннің тұздарының тікелей қолданылуы улы әсері ететіні анықталды.

Сол себептен елімізге БАҚ-ты (биологиялық активті қоспаны) пайдаланған жөн. Айта кететін жайт, селен мен йод қосылған БАҚ - ты күнделікте пайдалану, әрбір индивидтің микроэлементтер дәрежесін жоғарлату және жаппай профилактикалық тұрғыдан қарастырылады.

Микробалдырлар микроэлементердің таптырмайтын көзі бола алады. Микробалдырлар қазіргі таңда барлық салада кең пайдаланылады: тағам өнеркәсібінде, медицинада, ауыл шаруышылығында т. б. Ол үшін микробалдырлар өнімді штамдарын фотореакторларға өндірістік көлемде өсіреді.

Сондықтан қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына организм тұрақтылығын көтеру үшін органикалық йодпен және селенмен байытылған микробалдырлар биомассасын алып, одан биоқоспаларды дайындау арқылы бұл элементтердің жетіспеушілігі мәселесін шешуге әбден мүмкін.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Микроэлементтерге жалпы сипаттама

Көп жылдар бері өсімдіктерде өте аз мөлшерде кездесетін элементтер қоршаған ортадан кездейсоқ жағыдайларға байланысты енеді, олардың өсімдік тіршілігінде онша маңызы жоқ деген ұғымдар таралып келеді [1] .

Өсімдіктер үшін микроэлементтердің өте зор маңызы бар. Микроэлементтерді өмірге әкелген де өсімдіктердің өзі, микроэлементтер туралы алғашқы зерттеуді геохимия ғылымының негізін салушы В. И. Вернадский сонау 1918-1919 жылдары бастаған болатын микроэлементтер катализаторлық қызмет атқарады алайда белоктармен қосылуда катализаторлық қызмет күрт артады. Бірақ, арнайы жүргізілген физологиялық тәжирбиелердің нәтижесінде осы элементтердің кейбіреуін өте аз мөлшерде топыраққа немесе қоректік ортаға қосқанда, онда өсірлген өсімдіктердің өсуінің жеделденіп, түсімі көбейетіндігі байқалды. Кейінірек, өте мұқияттап тазартылған өсімдіктердің қалыптағыдай өсіп дамуы бор, марганец, мырыш, молибден сияқты элементтерімен байланысты екені анықталды. осындай деректердің шығуынан әлдеқайда бұрын, орыстың аты әлемге жайылған ұлы ғалымы В. И. Вернадский аталған және басқа да табиғатта өте аз мөшерде кездесетін элементтердің тірі организімдерге қажеттілігін болжап, микроэлементтер туралы ілімнің ірге тасын қалады [2] .

Өте сирек кездесетін химикалық элементтер біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады. Микроэлемент өсімдіктерге аз ғана мөлшерде қажет. Олардың өсімдік културасындағы егістікте жетіспеушілігі, ауылшаруашылық өнімдер сапасының төмендеуі, ал кейбір кездерде өсімдіктердің жұқпалы індеттерінің салдарынан жануарларда және адамдарда болады. Микроэлементтердің тірі организмдерде таралуы мынандай тізбек арқылы жүзеге асады: топырақ - өсімдік - жануар - адам. Соған байланысты адам микроэлементтерді жануар және өсімдік тағамдарынан да алады. Микроэлементтердің жетіспеушілігін немесе артықшылығын топырақтан анықтау олардың деңгейін бақылауға ауылшаруашылық өнімдерге ерекше жұқпалы індеттерге адамдар мен жануарларға толыққанды мүмкіндік береді. Микротыңайтқыш өте күшті тәсіл болып табылады, топырақтың құрамындағы микроэлементтерді жайғастыруға көмек береді [3] .

Микроэлементтердің түрлері өте көп айтар болсақ бор, мырыш, мыс, йод, селен т. б. олар туралы қысқаша жеке-жеке қарастырайық [3, 4] .

Бор микроэлементтердің ішінде физиологиялық маңызы жағынан өте көп зерттелген элементтердің бірі болып есептеледі. Қоректік ортада бор жетіспеген жағдаида көмірсулардың синтезі, тасымалдануы, өсімдіктің репродуктивті мүшелерінің дамуы, ұрықтану және жеміс түзу қабілеті бұзылады. Бор көптеген органикалық қосылстарға әсіресе полигидроксилдерге, қанттар, спирттер, полисахаридтерге, ктоқышқылдарға, баиланысып, химиялық реакциялық ырықтылығын арттырады. Бұл элементпен феродоксин, рибофлавин, рибофлавинфосфат, коэнзимдер, аденозин-5фосфат сияқты қосындыларда тығыз байланыса алады. Демек, оның ферменттік реакциялардағы маңызы, онымен байланысқан заттардың химиялық молекулалық қосылыстарының өзгеріп, реакциялық қабілеттіліктерінің артуна байланысты болуы керек, клеканың құрлысты бөліктерінің, түрліше ұлпалардың, клетка қабығының қалыптасуы борға байланысты екені анықталды. Қабығында бордың мөлшері, басқа бөліктерге қарағанда, көбірек болады да, одан тек қосынды күйінде ғана бөлінеді. Жас клеткалар қабығында пектинді заттар көп болғандықтан, бор олармен көп байланысуы мүмкін [3, 4] .

Бор қышқылы Н 3 ВО 3 жерден шығатын ыстық суларда болады, бұл элементтің өсімдік тіршілігіндегі физологиялық маңызы алуан түрлі деуге болады. Ол көптеген ауыл шаруашылық өсімдіктерінің қалыпты өсіп дамуына қажетті элементтердің біріне жатады. Бор жетіспеген жағдайда қант қызылшасының тамыры шіри бастайды, жапырақтары сарғайып кетеді. Бүл элемент дәнді дақылдарға және жалпы дара жарнақтыларға қос жарнақтыларға қарағанда көп қажет емес [5] .

Пектиндік заттардың құрамындағы метил спирті бор қышқылымен оңай әрекеттеседі. бор пектиннен метил спиртін бөліп пектин қышқылы ферментінің ырықтылығын арттырады [5] .

Бор тапшы жағыдайда өсімдіктер жапырағында кіші молекулалы көмірсулардың концентартциясы көбейеді олардың ара қатынастары өзгереді. клетканың осмостық қысымы жоғарлайды [5, 6] .

Бордың жетіспеуінен өсімдіктің пісіп жетілген бөліктерінде амияктің, сондай-ақ ерігіш азотты органикалық қосындылардың мөлшері көбейіп оның есесінде белоктар мөлшері азайады [5, 6] .

Қортып айтқанда бор, біріншіден қаныттардың клетка мембраналары арқылы тасымалдану процесін реттеуге қатысады. екіншіден қанттардың фосфорлы эфирлерге аиналуына, яғни олардың фосфорлануына қажет. Үшіншіден, ол фолифенолазалық жүйе арқылы тотығу тотықсыздану процестеріне әсер етеді. Осыдан бордың индолил сірке қышқылының тотығуына және НАДФ-хинон-редуктазалық, жүйенің ырықтануна да қажеттілігі байқалады [6] .

Өсімдіктердегі бор тапшылығының белгілері көбінесе карбонат, қоңыр түсті батпақты, сондай-ақ ізбестелген топрақтарда байқалады. бордың жетіспеуіне әсіресе қант қызылшасы, зығыр, күлді қырық қабат, алма, алмұрт, өсімдіктері сезімталдау келеді. Дәнді дақылдарда бордың тапшылығынан сабақтары жуандап, соңында өсуін тоқтатады [6] .

Марганец табиғатта пиролюзит марганец тотығы түрінде кездеседі, ең бірінші 1788 жылы жабаиы зере өсімдігінің және әр түрлі ағаш тектестердің күлінен табылған. Одан соң бұл элементтің барлық өсімдіктерде болатындығы белгілі болды [3, 4, 7] .

Тотығу тотықсыздану мүмкіндігі өте жоғары метелдар қтарына қосылатын маргенец биолотиялық тотығыу реакцияларна оңай қатыса алады. Валенттілігінің өте кең алшақта өзгергіштігінің өзі ақ оның әр түрлі тотығу тотықсыздану реакцияларна қатысу мүмкіндігін көбейтеді [7] .

Көптеген зерттеушілердің нәтижесінде марганецтің өсімдік жапрақтарында хлорофилдің басқада пигіменттердің синтезделуі олардың мөлшері мен ара қатынасына әсер ететіндігі де дәлелденді. Мысалы; қант қызылшасын құрамында марганец жоқ қоректік ортаға өсіргенде клеткаларда клеткалардағы хлоропластар саны азайып, хлорофил мөлшері төмендейді [7] .

Табиғи жағыдайда марганец тапшылығының сыртқы белгілерінің қант қызылшасында, картопта, асбұршақта сұлыда, үрме бұршақта, жеміс жидектерде -шабдалда, өріктерде, алмада, шиеде таңқурайда жиы кездеседі марганец тапшылығының негізгі көзге түсетін белгісі -жапрақ жүйкесінің арасы қойырланып, қурап қалады [3, 7] .

Марганец кендері Украинада, Оралда, Қазақстанда, Батыс Сібір және басқа жерлерде бар. Біздің елдегі кен орыны дүние жүзі бойынша бірінші болып саналады [3, 7] .

Мырыш табиғатта қосылыс түрінде кездеседі. Мырыш кендеріндеріндегі мырыштың мөлшері аз болғандықтан, ол кенді әуелі байытып сонан соң айтылған тәсілдермен бөліп алады. Таза мырыш электролиз арқылы алынады. мырыш көкшіл тартқан ақ металл қалыпты жағдайда морт 100-150традуста иілгіш, жәилғыш, созлғыш күйге келеді. Ал 200градустан жоғары температурада қайтадан морт болады [3, 8] .

Ауада мырыштың сырты оксидпен немесе негізді карбонатпен қапталады, ол қабыршақ, оны ары қарай тотығунан қорғайды, мырыш сумен реакцияласпайды үйткені оның сртына бірден түзілген гидроксид қорғап тұрады. Мырыш қышқылдада сілтіде ерйді, ол оның қос қасиетті болып табылады. Өсімділікке қажетілігі толық дәлелденген элементтердің бірі. Оның көптеген ферменттердің құрамына енетіндігі анықталды [8] .

Біздің организмізде Менделев кестесіндегі барлық элементі бар, ал әрбір клеткадағы әрбір органоид, өзіне қажетті элементтерді өндіруі керек. Белгілі бір синтез үшін бір ғана элементтің жетіспеушілігінен химиялық реакциялардың барлық тізбегі бұзылып, организімге кесірін тигізеді. Сөйтіп органдар және олардың жүйесінің қызметі бұзылады, организім үшін микроэлементтермен макроэлементтерді қабылдаумен қатар, олардың дұрыс ара қатынасы да маңызды. Химиялық элементтер организімде синтезделмейді, сырттан келеді тағам арқылы ауамен тері арқылы шырышты қабат арқылы бағымызға қарай табиғат ана мықты денсаулыққа қажет минералдарға бай тағам өнімдермен қамтамасыз етіп қойған өкінішке орай қазіргі кездегі өндірстердің кесірнен өнімдер өздерінің минералдарының көп бөлігін жоғалтып алады [9] .

Минералды заттар көмірсу, белок, қанттар сияқты өмірге қажетті компонент болып табылады. өйткені, ол тірі ұлпаларды, биохимиялық және физиологиялық процестерге қатысады. Минералды заттарға қан жасалу және қанның ұюы тәуелді. Оған қоса микроэлементтер ферменттердің, гормондардың, витаминдердің әрекетін активтейді. Сөйтіп, барлық алмасу процестеріне қатысады [9] .

Микроэлемент дисбалансынан келесі аурулар пайда болады:

Иммунитеттің төмендеуі

Тері, шаш, тырнақ аурулары

Аллергоз, соның ішінде бронхиалды астма

Диабет, семіру

Гипертония

Қан тамыр аурулары

Қан аурулары

Сколиоз, остеохондроз, остеопороз

Ішек дисбактериозы, колит, гастриттің асқынған түрі

Белсіздік

Балаларда өсу және дамудың нашарлауы

Адамның организмінде 1000-1200г кальций бар, 99 % дентин, тіс эмальдары құрайды. Кальций сүйектің құрылымында жоғары рөлі ойнайтыны белгілі. Калцийдің құрамына D витамині және фосфат, магний, цинк, марганец, аскорбин қышқылы және т. б [5, 9] .

Хром. Биологиялық маңызы бар хромның рөлі көмірсулардың алмасуы мен глюказаның қанның құрамындағы деңгейі Хром көбінесе қант диабетпен ауыратын адамдарға қажетті, себебі оларда қан құрамы өте төмен болып келеді. Хром әйелдердің аяғы ауыр кезінде және нәресте туылғаннан кейінгі кезеңінде төмендейді [10] .

Сонымен қатар жануарларға эксперименттің көрсетуі бойынша хромның жетіспеушілігі өсудің баяулығына, жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді [10] .

  1. Микроэлементтердің биологиялық рөлі

Организм құрамындағы өте аз ғана мөлшерде кездесетін элементтерді (10 -3 - 10 -6 % және одан да аз) микроэлемент деп атайды. Бұл термин шартты, себебі олардың кейбіреулерінің организмдегі мөлшері 10 -2 - 10 -1 %. Ең алғаш микроэлементтердің рөлін биологиялық процесстерде орыс геохимия академигі В. И. Вернадский негізін қалады. Ол топырақтың құрамын анықтап, биосфераның басқа бөліктерінің құрамымымен тығыз байланыста болатынын көрсетті. Үнемі және кездейсоқ емес микроэлементтер өсімдік пен жануарлар организмдеріне кіреді. В. И. Вернадский кітап шығарып, химиялық элементтердің өлі және тірі материядағы байланысын, бірқатар тірі организм иелеріне өмірі үшін аса қажетті деп атап көрсетті. Олардың жеткілікті мөлшерінсіз тірі организмдердегі физиологиялық және биохимиялық реакциялары өте алмайды [11] .

  1. Йод пен селен және олардың маңызы

Йод. Қазіргі таңдағы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлар салдарынан адам денсаулығы айтарлықтай нашарлады адам организімінің төзімділігін арттыратын макро- және микроэлеменнтердің әсері белгілі. Олардың ішіндегі физикалық маңызды микроэлемент йод болып табылады. Оның ашылған жылы 1811ж., атомдық салмағы 126, 904, изотоптың салмағы - 127, рет номері 53, агрегаттық күйі - қатты, тығыздығы 4, 93 [12] .

Йод жаратылыста өте сирек элементтердіңің бірі, оның үстіне йод өте бытыранқы шашылған элемент. Оның көбірек жиылған жері теңіз суы және мұнай суы [12] .

Өткен ғасырдың басында Наполеоннің толып жатқан басқыншылық соғысына өте көп керекті «мылтық дәрісін» жасауға селитра қажет болды; селитраны теңіз балдырынан алуды көп кісі кәсіп қылды. Париждін түбіндегі аптека ұстаушы Куртуа селитра заводын салды. Селитра қайнататын қазанның түбінде қалатын бір белгісіз тұздарды зерттей келе, оны кукірт қышқылымен әрекеттескенде күлгін түсті бүдың шыққанын байқайды. Буды жинаса ол металл сияқты жылтыр кристалдарға айналады. Куртуа бұл затты таныс профессоры Клеманға, ол - Гей Люссакка береді. Ол кісі оны қонаққа келген Дэвиға көрсетеді, сонымен екеуі зерттеп Куртуаның тапқаны жаңа элемент екенін анықтады да оны йод деп атады. Бұл грекше «күлгін түс» деген мағна береді екен [12] .

Йодтың алу жолы теңіз суындағы йодке негізделеді. Теңіз балдырының, әсіресе, ламинария деген балдырдың бойына йод жиылады, соны өртеп сумен шайқап, суалтып кристалдап түрлі басқа тұздарды бөліп алып, қалған сөліндегі еріген натрий йодидінің құрамындағы йодты былай алады [12] :

2NaI+2H 2 SO 4 = 2NaHSO 4 +2HI

2HI+MnO 2 +H 2 SO 4 =MnSO 4 2H 2 O +I 2

Йодты мұнай суынан алуды 1930-жылы ресей инженері Б. П Денисович ұсынған болатын, бұл әдіс кеңес одағында йод алудың негізгі әдісіне айналды. Бұрын пайдаланылмайтын мұнай сүларынан арзан йод алуға мүмкіншілік туды және йод шетелден сатып алынбайтын болды [12] .

Қасиеттері: йод кристалдық қатты зат, суда аз ериді (5000:1), көміртек дисулфиді, хлороформ, спирт, және басқа органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Суға йодты калий араластырса онда жақсы еріп кетеді [13] .

Йодтың иісі ұнамсыз буы тыныс органдарын талауратады. Улы йодтың бір ерекше қасиеті, қалыпты жағдайда бетінен буы шығып тұрады, қыздырса одан әрі балқып сұйық болмай-ақ, бірден буға айналады. Заттарды қыздырғанда бірден буға айналу қабілеттілігін сублимация деп атайды. Буын жинап суытса, сұйылтылмай бірден кристалға айналады. Йодты тазалау үшін осы қасиетін пайдаланады [13] .

Йодтың физикалық қасиеті. Йодтың барлық полярлы емес органикалық ерткіштердегі ертінділері күлгін түске ие, мысалы бензолдағы ертіндісі полярлы спирттегі ертіндісінің қоңыр түсінен өзгеше. Йод бөлме температурасында әлсіз жылтырлы, қанық күлгін кристал түрінде болады. Атмосфералық қысымымен жылытқан кезде йод субимацияланады да күлгін түсті буға айналады. Соған байланысты практикада буы оны суытқан кезде кристалданады да иодты ұшпайтын қосылыстардан тазарту үшін қолданылады [14] .

Йод органикалық синтезге, медицина түрлі дәрілер жасау үшін қолданылады.

5-проценттік спирттегі йод ертіндісі терідегі зақымдануларды дезинфекциялайды яғни залалсыздандыру үшін қолданылады. ал организімдегі йод тапшылығы кезінде әсер етпейді. Йодтың крахмалмен байланысқан өнімдері - «көк йод» - йодинол, йокс, бетадин) ыңғайлы антисептик болып табылады [14] .

Адам үшін маңызы. Йод туралы біз не білеміз? Мысалы жарақаттанған кезде жақсы екенін, йодтан тор жасап көгерген жерге жаққанда пайдалы екенін ғана әрі ол - жақсы антисептик, деп білеміз. Бұл элементсіз адам организмі өмір сүре алмаса керек. Тітіркенгіштік, ұйқышылдық, депрессия тіпті етеккір цикілінің бұзылуы бұның барлығы йодтың жетіспеушілігінен болады екен. Негізінде йод адамның бүкіл организіміндегі ұлпаларда болады. Бірақ оның көп бөлігі қалқанша бездің гормоны трийодтиронин мен тироксин құрамында болып, олар қанға бөлінеді. Қалқанша бездің гормондары мүшелермен ұлпалардың жетіліуіне, олардың қызметінің белсенділігіне, өсу мен зат алмасу процестеріне жауапты [14, 15] .

Йодтың мөлшерден тыс организімге түсуі мүмкін, бірақ ол тек медициналық препараттардан болады. Организмде йодтың көбеюін хабардар ететін келесі белгілер: бетке безеудің шығуы, қолдардың қалтырауы, қызуыңың көтерліуі, қышынуы, ісіктер пайда болуы, теріңің сарғаюы, даустың қарлығуы, т. б. Мұндай жағдайда бұл препараттарды қабылдауды тоқтатып, емханаға қөрінгеніңіз абзал [15] .

Кейде адам түйінді зобпен, туберкулез және аллегриясымен ауырса, йодты препараттарды қабылдауға тиым салынады [15] .

Микротыңайтқыштар - өсімдіктердің толыққанды дамуы үшін аз мөлшерде болса да маңызды. Әсіресе қазіргі кезде микротыңайтқыштарды қолдану егін шаруашылық технологиясында өте маңызды. Кез келген микроэлементтің жетіспеушілігі өсімдік ауруына әкеп соғуы мүмкін. Оған қоса, кейбір өсімдіктер белгілі бір элементті жоғары дәрежеде қажетсінеді. Мысалы, бидай - мысты, жүгері - мырышты, рапс - борды қажет ететінін айтуға болады [15] .

Өсімдіктердің микроэлементтерді қажетсінуі олардың дамуының ең алғашқы сатысы, яғни дәннің бөртуі кезінде басталады. Дәл осы кезде топырақтағы микроэлементтерді және суды дән өзіне сорып, микроэлементтерді белок, май, көмірсулардың гидролизіне жұмсап, болашақ өсімдіктің негізін құрайды. Әсіресе, құнарсыз топырақтарға микротыңайтқыштарды сепкен кезде эффективтілік өте жоғары болады. Әрі қарай фотосинтетикалық активті радиацияны қолданған кезде, микроэлементтердің активтілігі хлорофилл синтезіне қатысуымен және өсімдіктердің фотосинтездің жарық және қараңғы сатысына қатысуымен байқалады. Бұл процестен микроэлементтерді оқшаулау өсімдіктерде хлорофилл биосинтезінің бұзылуына фотосинтездің тежелуіне және хлорозға әкеп соғады [15] .

Қалқанша безі гормонын басқаша «белсенділік гормоны» деп, ал кейбір мамандар «жастық консерванты» деп те атайды екен. Сондықтан үнемі депрессияда болу йодтың жетіспеуі деп білгеніміз жөн. Гипотиреоз еркектерге қарағанда әйелдерде 19 есе жиірек кездеседі, өйткені әйелдер өздеренің сезімталдығымен белгілі. Егер йодтың жетіспейтіні байқалғанда, тағамға балық пен теңіз орамжапырағын қосу қажет, өйткені онда 100 граммға шаққанда бір тәуліктің нормасы бар [15] .

Енді йодталған тұз және басқа да йоды бар өнім туралы айта кетсек. Ең алдымен йодталған тұз емдемейді, аурудың алдын алады. Оған қарамастан, бұл туралы аңыздар көп:

  • йодты үздіксіз қолдану гипервитаминозға әкеп соғады. Бірақ гипервитоминоз болу үшін күніне 100 грамм тұз жеу керек еді. Бұл мүмкін емес.
  • йод - ұшқыш зат. Сондықтан пакеттен де, тамақ пісіргеннен де йод ұшып кетеді. Йодталған тұз құрамына калий йодаты кіреді. 1998 жылға дейін калий йодидінің тұрақсыздау түрін қолданып келдік. Мұндай тұздың жарамдылық мерзімі 3 айдан аспайтын. Ал калий йодаты бар йодталған тұз кем дегенде 3 жыл сақталады. Ал тамақты әсіресе, көкөністерді пісіріп болған соң тұздайды, сорпасын төгіп, йодты жоғалтпау үшін.
  • йодталған тұз маринадтар мен тұздықтарға жағымсыз дәм береді. Қазіргі калий йодаты бар тұздың мұндай кемшілігі жоқ [15] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Йодтың химиялық және медициналық маңызы
Молекула және атом
Микроэлементтерге жалпы сипаттама
Хлордың химиялық қасиеттері
Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар
Адам ағзасындағы макро және микроэлементтер
Галогендердің сутекті қосылыстары
Тамақтанудың физиологиялық негіздері
Мұнай өнімдері құрамындағы қанықпаған көмірсутектерді анықтау
Бензин фракцияларының құрамындағы көмірсутектерді анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz