Кітап мұқабасын безендірудегі ұлттық нышандар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Баспа ісі және БАҚ дизайны кафедрасы

Бітіру жұмысы

Кітап мұқабасын безендірудегі ұлттық нышандар

Орындаған 4 курс

студенті Тілепберген А. М.

Ғылыми жетекшісі профессор

Мархабаев А

Комиссия хатшысы ф. ғ. к., доцент

Шыңғысова Н.

Қорғауға жіберілді кафедра меңгерушісі,

ф. ғ. к., доцент

Медеубек С. М.

Кафедраның 2011 жылғы 21 сәуіріндегі мәжілісінің

№21 хаттамасы

Алматы 2011

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . . 4

I Тарау. КІТАП МҰҚАБАСЫ - СӘН МЕН МӘН . . . 9

  1. Кітап мұқабасы - дизайны және түс ерекшеліктері . . . 15
  2. Ұлттық ою-өрнектердің мағыналық ерекшеліктері . . . 20

II Тарау. ҚАЗАҚ БАСПАЛАРЫ ҺӘМ ЗАМАНА КӨШІ . . . 29

2. 1. Кітап беттеу ісіндегі компьютерлік бағдарламалар:

қиюы қашқан қаріп, кисыны кеткен ою . . . 34

2. 2. Мұқабадағы ұлттық нышандар тәлім мен тәрбиенің өзегі. . 44

Қорытынды . . . 51

Сілтемелер . . . 54

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56

КІТАП МҰҚАБАСЫН БЕЗЕНДІРУДЕГІ ҰЛТТЫҚ НЫШАНДАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. ТАРАУ. КІТАП МҰҚАБАСЫ - СӘН МЕН МӘНКітап мұқабасы - дизайны және түс ерекшеліктеріҰлттық ою-өрнектердің мағыналық ерекшеліктері

2. ТАРАУ. ҚАЗАҚ БАСПАЛАРЫ ҺӘМ ЗАМАНА КӨШІ

2. 1. Кітап беттеу ісіндегі компьютерлік бағдарламалар: қиюы қашқан қаріп, кисыны кеткен ою

2. 2. Мұқабадағы ұлттық нышандар тәлім мен тәрбиенің өзегі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

  1. Зерттеудің өзектілігі:

Ұлттық ою-өрнектерді зерттей отырып, оның ерекшеліктерін басқасынан айыра талдап, кітап мұқабасын безендіруде қаншалықты мәні мен мағынасы бар екенін жете талқылап, жастардың санасына жеткізе түсіндіру.

Бұл дипломдық жұмысымда таңдаған тақырыбым, қаншалықты маңызды? Мүмкін бізге бұл нәрсенің мүлдем қажеті жоқ шығар? Мұқаба, безендіру, ұлттық нышан, ою-өрнек дегеніміз не? Осы сұрақтарға жауап қайтарылып, оның маңыздылығын жеткізу.

Өзекті тақырыптардың бірі ретінде қарастырылатын дипломдық жұмысым, ешкімді бей-жай қалдырмас деген ойдамын. Сондықтан, тақырыбымды басынан аяғына дейін толық, әрі түбегейлі зерттеуге тырысамын. Ою, қазақ халқына өміріне мән беретін де сән беретін де негізгі элементтердің бірі. Осы элементті қорлауға жол бермейтінімді айтқым келеді.

  1. Зерттеудің мақсаты:

Бұл дипломдық жұмысымда алға қойған мақсаттарымның бірі, қазақ кітабын безендіруге жаңа ой қосу. Қазіргі таңда керемет безенмен шығып жатқан кітптарымыз жоқ емес, бар. Бірақ, олардың жартысынан көбі өзге тілде басылып келеді. Ал, қазақ тілінде басылған жағдайда, кітаптарымыздың бір бөлігі, баспа қоймасында, жартысы автордың балконында, кейбіреулері кітап дүкені сөресінің көрінбейтін бұрышында, бірең-сараңы автор сыйға тартқан туыстары мен жолдас-жораларының үйінде жатыр. Әрине, бәріне топырақ шашуға да болмас, дегенмен, менің ойыммен келісетіндер табылар. Бұл жағдай біздің баспаларымызда, ең алдымен маркетингтік-менеджменттік жоспардың жүргізілмеуінен. Бірақ. Оларды да кінәлауға болмайды. Мұның екінші бір келеңсіз жағдайы, қаражаттың жоқтығы. Баспада отырған мамандар менен де ақылды. Олар кітаптың өтуіне не істеу керектігін менен де жақсы біледі. Осының басты себебі, қаражатқа келіп тіреліп тұр. Тағы бір айта кететін жайт, кітап жарыққа шыққанмен, оны дем арада тарататын «Кітап тарату мекемелері» жоқтың қасы. Тіптен, мүлдем жоқ. Біздің елге өзге ұлттың кітаптары қалай жетуде? Бәрі осы мекемелердің арқасында. Ал, неге біздің кітаптар, солардың кітап сөрелерінде жарқырап тұрмайды? Осы мені толғандыратын мәселелердің бірі.

«Бұған менің дипломдық жұмысымның нендей қатысы бар?» -деген сұрақ туындамастан бұрын осыған жауап қайырайын. Менің дипломдық жұмысымның бұған тікелей қатысы бар. Біз өз елімізге, өзіміздің отандық кітаптарымызды өткізе алмасақ, өзге ел біздің кітптарымызды мүлдем менсінбейді. Өзімізді табалай бергенше, қазақтың иісі аңқып тұратын кітаптарымызды жарыққа шығарайық. Олардың ішкі мазмұнын ашатын мұқбаларымыздың түрін қалыпқа келтірейік. Қазақтың патриоттық сезімін, әр оқырманның ішінен оятуға тырысайық.

Өз туындысына жаны ашитын авторлар, кітап мұқабасына да көңіл бөлуі керек. Іші бүтін болса болды, деудің қажеті жоқ. Мұқабаға ұлттық ою-өрнектерімізді қор қылмай, оны дұрыс пайдалануымыз керек. Кейбіреулер, оюдың тарихына, мән-мағынасына үңілмей, жартысын алып тастап, келсін-келмесін кітаптың бетіне жабыстыра салады. Бұл көшеде ілініп тұрған қазақ тіліндегі қате жарнамамен тең екенін ешкім де ойлап жатқан жоқ. Мұқабадан бастап қатеге толы кітап, бәрін де қуантып келеді.

Осы мәселені шешу жолдарында, қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің мағынасын өзімше танып, жастарға түсіндіру. Оларға жай ғана түсіндіріп қана қоймай, кітап мұқабасын безендіруде өзіндік із қалдырғым келеді. Осы менің басты мақсатым.

3. Зерттеудің нысанасы:

Диплом жұмысымның нысанасы болып, кітап мұқабасындағы безендірулер қарастырылатын болады. Кітап мұқабасын тек әдемі безендіріп қана қоймай, онда берілген суреттер мен сызбалар, ою-өрнектеріміздің тәрбиелік мәнін біздің ортаға түсіндіру.

4. Зерттеудің міндеттері:

Менің ең басты міндеттерімнің бірі - жастарға кітап мұқабасын безендірудегі ұлттық нышндардың маңызын түсіндіру болып табылады. Тек жастарға ғана емес, осы салада қызмет атқарып жүрген аға-апаларыма да осыны жеткізгім келеді. Кітап - адамзат қорытқан ой қазынасын мәңгілік есте сақтайтын қойма болғандықтан, сол қойманың іші де сырты да ластанбауына жол бермеуіміз керек.

Алтынның қолда бар да қадірі жоқ демекші, қазақтың ұлттық нышндарын жоғалтып алмай, бар кезінде дұрыстап пайдаланғанымыз жөн.

Келесі міндетім - болашақта қазақ кітабын безендіруді жаңа деңгейге көтеру. Жай көтеріп қана қоймай, оны әрі қарай дамытқым келеді. Осы менің бастамамды басқалар да қолдаса деген ойдамын.

Біздің халық, өнерге бай халық, «Қазақ» халқы. Өнерді өнеге тұтқан да осы біздің қазақ халқы. Өнердің бір түрімен шектеліп қоймай, бірнешесін игеруге бейім халық. Бұл, біздің ата-бабамыздың салған ізгі жолы. Өнердің бірнеше түрі бір адамның бойына жиналатынын біздің халық әлде қашан дәлелдеген. Біздің аналарымыз бен апаларымыз, қолөнермен айналысып отырып ән салған. Зеріккенде билеп те алған. Әрі, сөзге шешен болған, бір-бірімен мақалдап сөйлескен. Осының бәрі тек біздің халықтың бойына дарыған талант. Мұны мақтанышпен басқа ұлт өкілдеріне айта аламын, айтып жүрмін де, айтамын да! Қазір теледидардан бір нәрсе көре қалса, «Осының бәрі бізден қалған» деп айтып отырады.

Сонау бағзы заманда, технологияның иісі мүлдем жоқ кезде, даналарымыздың қолынан түрлі туындылар жарық көрген. Оны солардан қалған естеліктерден, қолжазбалардан білеміз. Ал, біз, бәріне қолымыз жете тұра, сол тарихтың ұмытылып кетуіне мүмкіндік береміз. Олай дейтінім, халық әндерін плодиаттық жолмен өз атымызға аударып, сөздерін синонимдерге ауыстырып «менің әнім» деп, ұялмай жар саламыз. Ою-өрнектеріміздің тарихына, берер мағынасына қарамай бір-екі элементін ауыстыра салып, я болмаса, тіптен алып тастап, «жаңа ою түрін аштым» деп те мақтанамыз. Бұл тек қазір ғана ойға келген бір-екі мысал ғана, қазбалап айта берсем бұдан да көп болатынын білемін.

Қазақ халқының мәдени асыл қазынасының бір саласы және ұлттық келбетін айқын бейнелейтін өнер түрі - ою-өрнек.

Бұған тоқталған себебім, осы өнердің бір түрі, ұлттық ою-өрнектерімізді зерттей отырып, бастайын деп отырған бітіру жұмысым, «Кітап мұқабасын безендірудегі ұлттық нышандар» болғандықтан, безендіруде ұлттық құндылықтарымыздың мағыналық мәнін жоғалтпай, біздің ортаға ауадай қажеттігін дәріптеу.

Ою - өрнек ертеден келе жатқан ою - өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою - өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. Өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Ою - өрнектермен танысып, олардың дүниетанымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады.

Қазақтың ұлттық ою - өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше 200 - дей түрін ғана анықтады.

Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті - б. з. б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б. з. б. VIII - III ғасырларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс пен Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды «азиялық скифтер» деп, ал парсы тарихшылары «сақ» деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген архиологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.

Тарихи - ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі заманнан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал - әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін байқаймыз.

Бұған дәлел - қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.

Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.

Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі. Бұйымдарда жан - жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т. б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген [1] .

Ою - өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті сияқты мәдени шежіре.

Осындай бай дүниемізді біз кітапты безендіруде дұрыс қолдана алмаймыз. Оюларды миымыз жеткенімізше орнынан қозғап, оны түрліше айналдырып, оған жаңа пішін мен келбет беруге тырысамыз. Қорытындысында айналып келгенде еш мәні жоқ ою емес, көріксіз бір дүние аламыз. Сонымен тоқталып қана қоймай, кітаптың бетіне бажырайтып жапсырғанға әуеспіз. Менің осы бітіру жұмысымда атқарылатын басты міндеттерімнің бірі, ою-өрнектеріміздің мәнін жоғалтпай, кітап мұқабасына сәнімен қолдану. Оны айналама түсіндіріп, кітаптың мұқабасын қазақ қолынан шыққанын бірден білдіретіндей етіп көрсету.

5. Зерттеу көздері:

Диплом жұмысымды дайындауда шет елдік және отандық кітаптанушы ғалымдардың мынадай еңбектері пайдаланылды. Елеукенов Ш. Р «Кітаптану негіздері»., 1997; Омарова Б «Қазіргі полиграфиялық технологиялар»., 2011; Крис Фрост «Дизайн газет и журналов»., 2008; Джон Пикок «Книга от замысла до упаковки»., 2002; В. Верстак, С. Бондаренко, М. Бондаренко «3ds Max 8»., 2007; Дәркембай Шоқпарұлы, Дәулет Дәркембайұлы «Қазақтың қолданбалы өнері»., 2007; Талдыбаева С. М. Вестник культуры, 2009, № 2; М. Ш. Өмірбекова Энциклопедия «Қазақтың ою - өрнектері»., 2003; Глумаков В. Н, Егорова Е. Б. «Подготовка рукописи к изданию», 2009; Петров М., Попов С. CorelDRAW! 7 без проблем. 1998; Сатыбалдыұлы С., Маркетинг - нарықтану. 1999; Джон Пикок., Книга от замысла до упаковки. 2002г; Майсурадзе Ю. Ф., Энциклопедия книжного дела. 1998г;

6. Зерттеудің құрылымы:

Қазіргі таңда, безендірумен айналысатын мамандар көп. Бірақ, қазақ кітабына жаны ашитын безеншілеріміз саусақпен санарлық қана. Олай дейтінім, бұл іспен көбіне басқа ұлт өкілдері айналысады. Сондықтан, өкінішке орай, кітап мұқабалары басқалар типтес болып, көпшілік ортадан бірден көзге түспей, қалып қойып отырады. Ал, мұқабаның бір шетінде болсын, қазақи ою-өрнегіміз жарқырап тұрса, қай қазақ баласының жүрегін тебірентпей қояр дейсің? Бірден патриоттық сезім оянарына дау жоқ. Бұл кітаптың тез өтуіне де ықпал етеді деген ойдамын.

Осы жұмысымның негізгі бөлімінде кітаптың дизайнына, сәндік мәніне, безендіру жолдарына, ұлттық ою-өрнектердің мағыналық ерекшеліктеріне, кітап беттеу ісіндегі түрлі бағдарламаларға тоқталып өтемін. Бұған осы саланы зерттеп жүрген шетел және отандық мамандардың әдебиеттері пайдаланылмақ.

Бітіру жұмысымда таңдап алған тақырыбымды жан-жақты талдауға тырысамын. Ойымның жерде қалмайтынына сенемін.

Негізгі бөлім

  1. Тарау. Кітап мұқабасы. Сән мен мән

Негізгі тақырыпқа бірден көшпес бұрын, алдымен «кітап» сөзінің мағынасына көңіл аударайық. Біз кітап десе: «Кітап - білім бұлағы», немесе тағы осы сияқты мақалдармен жауап қайырамыз. Кітап - біздің рухани байлығымыз, таусылмас қазынамыз. Кітаптың бұл заманда атқаратын қызметі өте маңызды. Біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Сондықтан, кітапқа келгенде, абайлап сөйлеуіміз керек. Енді кітапқа кітап ісі маманының сөзімен жауап іздеп көрейік.

Біріншіден, кітаптың құрылымына тоқталып өтейін. Кітап бірнеше бөліктерден құралады. Кітаптың блогы, оны біріктіріп тұратын каптал, кант, титулдық бет, фронтиспис, шмуцтитул, контртитул, мұқаба, колонтитул, авантитулы болады. Әрине, бұл термин сөздер алғаш естіген адамның құлағына жат болып естілер, сондықтан, бұлардың атқаратын басты қызметтерін түсіндірсем.

Каптал - кітап блогы мен мұқабаның арасындағы ашық жерлерін жауып, жоғарғы және төменгі шеттерінде желімделеді. Оның бір жағы екіншісіне қарағанда қалыңырақ болып келеді. Ол кітаптың безеніне де өзіндік салмағын қосып тұрады. Кітаптың түсіне байланысты оның түсі де сәйкесінше беріледі.

Кант - кітап мұқабасынан шығып тұратын түптеу мұқабасының жиектері.

Мұқаба - кітап блогын ең алдымен жыртылудан, кірленуден қорғайтын, картонмен, былғары терімен жасалатын сыртқы қаптама. Содан кейін, кітаптың кітап екенін білдіріп оның ішкі мазмұнын ашуға тырысады. Кейбір басылымдарда кітап мұқабасы мен оның ішкі мазмұны сәйкес келе бермейді. Яғни, оқырманға кітап туралы ақпаратты толық бере алмайды. Сондықтан, кітаптың мұқабасына үлкен жауапкершілікпен қарау керек.

Титулдық беттер - кітаптың алғашқы беттерінің бірі болып келеді. Онда кітап жайлы негізгі мәліметтер беріледі. Титулдық беттердің бірнеше түрлері бар. Олардың өзіндік атқаратын қызметтері бар. Олар: авантитул, шмуцтитул, фронтиспис, форзац, колонтитул.

Титул екі парақты немесе бір парақтан тұрады. Сол екі парақты титулдық беттің алғашқысы авантитул деп аталады. Бұл бетті кейде бос қалдырады, кейде оған басып шығарған баспаның атауы беріледі.

Фронтиспис - екі парақты титулдық беттің екінші беті. Негізгі титулдық бетке қарама-қарсы орнласады. Онда автордың портреті, бейне суреттер немесе кітаптың мазмұнына байланысты салынған сурет берілуі мүмкін.

Контртитул - негізгі титулдық бетпен қатар орналасады. Шығарылымдық деректер орналасқан бұл бетте сондай-ақ, аударма басылымдарда сол тілде басылған кітапқа қатысты мәліметтер орналасады.

Шмуцтитул - кітап бетінің оң жағындағы тақ санды бетте орналасады. Онда тақырыптың мазмұнына байланыста салынған сурет беріледі. Кейде жаңа бөлім басталғанда, оқырманға сол бөлімді бірден тауып алу үшін орналастырылады. Бұл оқырман көңілін аулайтын әдістердің бірі десек те болады.

Колонтитул - кітаптың кез келген бетінде бұл титулдық бетті кездестіруге болады. Ол негізгі мәтіннің үстінгі жағында, я болмаса, астыңғы жағында орналасады. Онда автордың аты-жөні, шығарманың аты, тағы осы сияқты мәліметтер жазылады. Бұл титулдық бетті қою міндетті емес [2] .

Бұл анықтамалар кітаптың құрылымынан хабар берер деген ойдамын. Бұл жай ғана шолу.

Сонымен қатар, ең алдымен кітап басу ісіне кіріспестен бұрын, оның маркетингтік зерттеу жұмысын жүргізген абзал. Тек маркетингтік жоспарды ғана емес, баспа менеджментін де жүргізіп алу қажет. Олай болса, осы зерттелулердің жоспарын мысал ретінде келтіріп кетейін.

Баспа ісіндегі маркетинг

Баспа өнімін таратудың тиімді жолдарының бірі кітап маркетингі болып табылады. Рухани азықты тарату саласында социологиялық немесе аудиториялық маркетинг жүргізеді. Біріншіден, маркетингке тоқталатын болсақ, маркетингті басқару - бұл табыс тобы, өткізудің көлемін өсіру, нарық бөлігін жоғарылату сияқты баспаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін мақсатты сатып алушылармен пайдалы алмастыруларды белгілеу, нығайту және қолдану шараларын талдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау. Маркетингті басқарудың басты міндеті - сұраныстың деңгейіне, уақытына және сипаттамасына әсер ету арқылы мекеменің алдына қойған мақсатына жетуіне көмектесу. Бір сөзбен айтқанда, маркетингті басқару - бұл сұранысты басқару. Баспа өз тауарына сұраныс деңгейіне байланысты ұсыныс дайындайды. Әрбір бөлек алынған кезеңде нақты сұранымның деңгейі тілекті деңгейден төмен, оған сәйкес, не одан жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайлардың бәрінен де маркетингті басқару байланысты түрде болады. Маркетингті басқарушылар - бұлар маркетингтілі жағдайларды таңдайтын, белгіленген жоспарларды іске асыратын, не бақылау функцияларын орындайтын фирмалардың лауазымды адамдары. Бұларға өткізу қызметінің басшылары және жай қызметкерлер, жарнама қызметінің басқарушылары, өткізуді ынталандыру мамандары, маркетингті зерттеушілер, тауарды басқарушылар және баға белгілеу мәселесінің мамандары жатады [3] .

Баспа менеджменті

«Менедж» сөзі ағылшын тілінен аударғанда, басқару, әсер ету, басшылық жасау, сөйлесе білу, әдіскер бола білу. Ал, «менеджмент» терминін басқару, басшылық деп аударамыз.

Басқару түрлері, басқаратын объектілеріне сәйкес анықталады. Әлеуметтік басқарудың ең басты ерекшелігі, объектісі де, субъектісі де адам болып табылады.

Менеджмент термині әлеуметтік басқарудың синонимі. Баспа менеджменті әлеуметтік басқарудың бір түрі болып табылады. Бұл ұғымның мағынасы өте кең:

  1. Құрылымдық ұйымдастырушылық - баспаның құрылымы мен ұйымдастырушылық формасамен байланысты ең маңызды мәселелер болып табылады. Баспаның құқықтық мәртебесі отандық және шет елдік тәжірибеде қолданылатын анағұрлым тиімді, ұйымды құрылымды таңдау болып табылады.
  2. Функционалдық атқарушылық - баспа менеджменті жалпы және нақты функцияларды атқарады. Жалпы функция баспаның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына, оның құрылымына тәуелсіз функциялар жатады. Олар: алдын ала болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, жүйелеу, ынталандыру, маркетинг, есепке алу болып табылады. Нақты функция бұл қызметке байланысты туындайтын міндеттер мен құқықтар баспаның ережесі мен жарғысында аталып көрсетіледі.
  3. Басшылар қызметі. Басқару процесінде басшылардың қызметі жетекші рөл атқарады.
  4. Кәсіби қызметтің бір түрі болып табылады. Ол мынадай 3 негізгі топқа бөлінеді:
  1. Еңбек
  2. Еңбек құралы
  3. Адамның білімі, кәсіби біліктілігі

Осы аталған 3 күшті біріктіру арқылы еңбекті ұйымдастырамыз.

5. Баспа менеджменті қажетті және жеткілікті құрамдас бөліктерден тұратын процесс болып табылады.

6. Ғылым, өнер, оқу пәні болып қарастырылады [4] .

Осы зерттеулер, тек баспа ісіне ғана емес, басқа да ірі бизнес бастауларына керек дүниелердің бірі. Міне, енді кітап шығарумен еш алаңсыз айналыса беруіңізге болады.

Енді мұқабаның өзіне толық тоқталсам деймін. Кітап мұқабасы екі төзімді қақпақтан тұрады. Алдыңғы жағы қатты қақпақ және корешоктен тұрады. Кітап мұқабасына қажетті элементтердің бірі - екі жағынан бүктелген тығыз қағаз форзац. Ол кітап блогының алдынғы және артқы жағына желімденіп, мұқабаның ішкі жағына жалғастырылады. Бір сөзбен айтқанда, кітап блогы мен мұқабаны жалғайтын өтпелі жол [5] . Оны көркем безендірсе, кітапқа әсемдік беріп тұрады. Жоғарыда айтқанымдай, мұқабаның ең байырғы, ең маңызды қызметі кітап блогын жыртылудан, кірленуден, шашылып қалудан сақтайды. Кейін, келе-келе кітап мұқабасына сән мен әсемдік қосылып, түрліше безендіріп келеді. Мұқаба қандай болмаса да өзіндік мәні мен атқаратын қызметін жоғалтпауы керек.

Кітап тарихы - кешенді ғылым. Бұл кітаптың ғылым категориясы есебіндегі күрделі табиғатынан туындайды. Кітап тарихы - кітаптану ғылымының құрамды бөлігі. Кітаптану ғылымы кітап өндіру, тарату және оны пайдалану жолдарының жалпы теориялық және методология жолдарын қарастырады. Кітап ісінің дамуына қоғам, қоғам дамуына кітап ықпал етпек [6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды оқыту құралдарының маңызы мен көркемдік сыры
Кітап шығару, сату процестері
Дизайн және этнодизайн
Іс жүргізуде істерді қалыптастыру. Құжаттардың жедел сақталуы
Кітап және халық
Баспа және баспахана. Полиграфиялық материалдар
Балалар энциклопедиясы әмбебап оқулық
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жарнама
Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары
Көпен Әмірбек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz