ҚАЗАҚ КІТАП БАСУ ІСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Журналистика факультеті

Баспа ісі және редакцияау кафедрасы

Диплом жұмысы

Қазақ баспасөзінде кітап проблемасының жазылуы
( 2000-2009 жж..)

Орындаған 4 курс студенті _______________________ М. Б. Абдешова

Ғылыми жетекші:
ф. ғ. к., доцент _______________________ М.Ж .
Майлықұтова

Норма бақылаушы:
ф. ғ. к., доцент _______________________ М. Ж.
Майлықұтова

Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді:
ф. ғ. к., профессор _______________________ С.М.
Медеубекұлы ___ ______ 2009ж.

Алматы, 2009

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-6

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ КІТАП БАСУ ІСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. КІТАП ТАРАТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫНДА
ЖАЗЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-9

2. МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ОҚЫРМАН ЖӘНЕ КІТАП

МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..10-12

ІІ ТАРАУ.ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ БАЛАЛАР БАСЫЛЫМДАРЫН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАР ШЫҒАРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ
НАЗАРЫНДА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...24-32

2.2. ҚАЗІРГІ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ КІТАП ЖАРНАМАСЫНЫҢ КӨРІНІСІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33-36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .47-
48

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік алғалы елімізде елеулі орын алып,
шешімін таппай келе жатқан мәселелер көп. Соның бірі – кітап проблемасы.
Бүгінгі күннің кітап ісі жағдайын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында Қазақ тіліндегі оқулықтар сын
көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйретуге емес, қазақ тілінен қашуға
итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы
тиіс,— [1] деп, атап көрсетеді. Бітіру жұмысты жазу барысында, кітап
проблемасының бүгінгі мәселелерін жан-жақты ашып, шешу жолдарын нақтылай
көрсетіп, етектен тартқан қиындықтардың орнын толтырар ұсыныстарын халық
мүддесіне ұсынған, осы тақырыпта қалам тербеген азаматтардың аздығы
байқалады. Десек те, еліміздің баспа ісін бұрынғы жеткен биігінен түсіріп
алмауға ұмтылып жүрген жанкешті азаматтардың шығармашылыққа деген қажыр-
қайратын көреміз. Атақты орыс жазушысы А.С.Пушкин ажал сағаты тақаған кезде
кітап сөрелеріне карап: Қош болыңдар, достар! деген екен. Егер мен
байысым, тек қана кітап сатып алар едім,— деп, М.Горкий рухани
байлығымыздан, қалта байлығын бірінші орынға қоятын азаматтарға үлкен ой
салған.
Қазіргі қоғамда орын алып отырған кітап мәселесі бір күннің ішінде
туындаған жағдай емес. Проблема болған, қазір де бар, болашақта да бола
бермек. Әр кітап өз проблемасын ала келеді, деп баспагерлер айтқандай,
бұл мәселе сонау кітап деген ұғымның дүниеге келуімен, мәдениеттің ең
жоғарғы сатысы баспа кітап өмірге келгеннен бастап қалыптасып келе жатыр.
Айырмашылығы, осы уақытқа дейін дами отырып, әр кезеңнің әр түрлі
қиыншылықтары мен кедергілеріне ұшырауында. Ал біздің заманымызға өз
қиындығымен қатар үлкен жетістігін де ала келген кітап жайлы: Әсіресе
баспа кітап шыққаннан бергі жерде кітаптың әлеуметтік, қоғамдық, рөлі
орасан зор дәрежеге жетті. Бұл-- кітаптың жасампаз дүние екендігінің
айғағы. Тарих сахнасында мәңгі қалуын күйттеген қажеттіліктен туындаған ұлы
жетістіктің көрінісі. Осынау адамзат көкірегін жарып шыққан ұлы идеяның
авторы неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергке барша халықтың айтар алғысы
шексіз-- деп жазады профессор Ш. Елеукенов [2]. Бұдан түйеріміз, адам
дамуымен бірге қосарласып, егіздей жармасып келе жатқан проблема бүгін ғана
пайда болмай, әр заманның мәселелерімен ұштасып отырған.
Ал осы мәселені көтермеген қазақ басылымдары кем де кем. Әр кітабың
шыққанда бір балаң өмірге келгендей қуанасың— деп, Санат баспасының
директоры, ұстазымыз С. Әбдрайымов айтқандай, әрбір туындап отырған
мәселелерге халқымыздың бей-жай карамайтындығын қазақ баспасөз беттерінде
жарияланған еңбектерден көреміз. Бұл жұмыстың жазылуын әр адамның жүрегіне
сәуле нұрын құюда кездесіп отырған қиыншылықтардан, яғни ішкі қажеттіліктен
туындап отырған еңбек деп ойлаймын. Қазақ баспасөзі – тәуелсіздіктің
нәтижесі, ұлттық өр үні мен көкірегіндегі мұңы екені даусыз. Бүгінгі қазақ
баспасөзінің бет-бейнесі мен беталысы қалай? Ұлттың барын пайымдап, жоғын
жоқтауда өштік пе, әлде өстік пе? [3] деген пікірдің аясын толықтырғым
келді. Сондықтан да Қазақ баспасөздерінде кітап проблемасының жазылуы
атты дипломдық жұмысымның қазіргі таңда өзектілігінде күмән болмауы тиіс.
Бітіру жұмыстың мақсаты мен міндеті: Адамзат мәдениетін қалыптастырып
дамытуда, адам парасатын биіктетуде, білімін шыңдап көтеруде баға жетпес
үлкен қазына кітап екенін ескерсек, басты проблемаға айналып отырған кітап
мәселесін баспасөз бетінде жариялау, яғни алдымызда тұрған проблемаларды
ертеңгі күннің игілігі үшін ойдағыдай шешуге ат салысу — рухани азығымызға
бей-жай қарамайтын зиялыларымыздың түпкі мақсаты, басты міндеті болмақ. Ал
мен өзімді толғантып жүрген баспа, кітап әлемінің қыр-сырларымен танысып,
қалыптасқан жағдайларды нақты мысалдармен анықтауды жөн көрдім. Қазіргі
таңда осы тақырыпты кім көтеріп жатыр, не жазып жүр, қалай жазып жатыр
деген мәселенің басын ашу, талдау менің алғашқы міндетім болмақ.
Ал осы жұмысты жазу барысында кітаптың шығу тарихы, тақырыптық және
проблемалық өзгешеліктері, жанрлық, пішіндік ерекшеліктері мен тіл, стилін
айқындап, саралау үшін мынадай міндеттер алға шықты:
— Проблемаларды зерттеп, анықтау барысында адамзат өмірінде
және қоғамда алатын орнын анықтау;
–– Мақаланың басылымда жазылу үрдісіне тоқталып,
оларды мазмұндық, такырыптық, формалық, жанрлық тұрғысынан
анықтау;
–– Баспасөздегі көрінісіне талдау арқылы теориялық тұрғыдан баға
беру;
Бұл мәселенің айқын бейнесін қаламгерлер қазақ басылымдарында мақала,
корреспонденция, сұхбат, шолу т.б. жанрларда көтеріп келді. Ал біздің
міндетіміз - шығармаларды тақырыптарына карай, қойған мәселелеріне қарай
топ-топқа іріктеп бөле отырып, дәлелді, дәйектемелер жасау, обьективті
қорытындыға келу.
Қазақ баспасөзі қоғамды біріктіреді [4], десек мерзімді
баспасөзде жарық көрген, осы тақырыпқа арналған материалдардың
ерекшеліктерін практикалык та, теориялық та тұрғыдан талдап, болжамдар мен
тұжырымдардың ара жігін ажыратсақ, біз діттеген максатымызға жетіп, кішкене
болса да қабырғаны қайыстырған жағдайдан шығуымызға сеп болар еді.
Бітіру жұмыстың нысаны: Іздену жұмысымда қазіргі нарық заманында қазақ
баспа ісінің нақтылы жағдайлары қандай, жоғымызды түгендеп, барымызды
бағалайтын кезде кезек күттірмейтін мәселелер қозғалып жатыр ма деген
пікірлерді ескеруге тырыстым. Сонымен қатар, кітап туралы ұғымның қашан
туып, қалай өркендегені, бүгінгі таңда құндылығы қандай деген сұрақтар
аясында зерттелді. Егемендік алып, еңсеміз көтерілгеннен кейін ұтқанымыз
не, ұтылғанымыз не, қандай жетістікке жеттік, қай тұсымыз кем қалды, қазақ
топырағында баспа ісін дамыту қаншалықты дәрежеде дұрыс жолға қойылғанын
саралау мақсатында 90-шы жылдарға дейінгі әр жылда шыққан жарияланымдар мен
2000-2009 жылдар аралығындағы еңбектер салыстырыла отырып қарастырылды.
Бітіру жұмыстың зерттелу деңгейі: Ізденіс барысында ғалым
Ш.Елеукновтың кітап тарихына қатысты еңбектерін, профессор
Т.Қожекеевтің, Т.С.Амандосовтың публицистикалық жанрға арналған
шығармаларын, сонымен қатар осы салаға катысты В.В.Ворошилов, сияқты т.б
шет ел ғалымдарының еңбектерін қарастырдым. Кітап проблемасын теориялык
тұрғыдан қарастыратын еңбектердің жоқ екенін ескере отырып, зертеу
жұмысымның негізгі обьектісі мақалалар болғандықтан, қазақ баспасөздерінде
жарияланған материалдарға талдау жасап, кітапқа жанашыр ағайынның сөздерін
пайдаға асыруға тырыстым.
Бітіру жұмыстың теориялық және практикалық мәні: Бұл тақырып аясында
үн қоспай кетпеген бірде - бір БАҚ-ры жоқ. Әсіресе газеттің алар орны
ерекше. Күн тәртібінен түспей, әр кез назарда болған кітап проблемасы
мәселесінің баспасөз бетінде жазылуын зерттеудін өзі ––менің жұмысыма арқау
болып отырған осы еңбектің теориялық және практикалық мәнінің зор екенін
көрсетпек.
Жұмыстың тұжырымдары нәтижесінде баспа ісі саласындағы жас мамандарға,
жоғары оқу орнының студенттеріне, болашақ баспагерлерге туындап отырған
нақты проблемаларды саралап, екшеп, қорытып шешу кезінде септігін тигізеді
деген ойдамын. Айта кетерлігі, мәдени дамудың ішкі қажеттілігінен
туындап, алғаш зерттеліп отырған жұмыс публицистикалық тұрғыдан ғылыми
айналымға алғаш еніп отырғандығымен де құнды болмақ.
Бітіру жұмыстың жаналығы: Кітап ісінің баспасөз бетінде жариялану
проблемасы алғаш рет дипломдық дәрежеде зерттеліп отырғандықтан,
төмендегідей жаңалықтарын ала келмек:
–– Қазақ баспасөзінде кітап ісі проблемасын зерттеуге мүмкіндік
туды;
–– Қазақ баспасөзінің күні бүгінге дейінгі даму тарихында бұл
тақырыптың әр кезеңде қоғамнан алатын орнын және болашағын
анықтау мүмкіндігі туды;
–– Осы проблема туралы бұрынғы және қазіргі қазақ басылымдарында
жарияланған материалдарды салыстыру арқылы Тәуелсіздік алғалы
қандай жетістікке жеткеніміз бен оны шешу жолдарының қалай
жүзеге асқандығы туралы мәліметтер енгіздік;
–– Жарияланымдарды тақырыптарына карай жеке-жеке бөліп
қарастырып, еңбекті тереңірек зерттеуде мүмкіндік туды;
Сонымен қатар әр газетте жарияланған еңбектердің мазмұндық және
тақырыптық сипаттары анықталып, жекелеген авторлардың тіл, стиль
шеберліктерінің жетістіктері мен кемшіліктері айтылып, жұмыстың ғылыми
жаңалығына айтарлықтай үлесін қосты.
Бітіру жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмысым кіріспеден, негізгі
бөлімнен, ол екі тараудан, екі тарау төрт тақырыпшалардан, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда қазақ
баспасөздеріндегі кітап таратудың жолдарын зерттеуге тырыссам, екінші
тарауда кітап пен оқырман арасындағы байланыстың ара-жігін ашып көрсетуге
баса назар аудардым. Ал үшінші тарау қазіргі балалар әдебиетінің
проблемаларына арналса, төртінші тарау кітаптың насихатталуы мен
жарнамалануы деген үлкен мәселенің қозғады.

1.1. Кітап тарату проблемасының қазақ басылымдарында жазылуы

Елімізде кітап саудасы қазір қандай күйде? Бұл өте күрделі сұрақ және
оған бір жақты жауап беру де мүмкін емес. Кітап саудасы, кітап таратудың
түрлі формалары — қоғамның, халықтың, ұлттың мәдени, рухани даму дәрежесін
айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Таратпасақ, кітап басып керегі
не? -- деп, үлкен жазушымыз Ғабит Мүсірепов айтқандай, кітап саудасын,
кітап таратудың түрлері мен формаларын дұрыс жолға қоймайынша, баспа кітап
өзінің бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі әлеуметтік рөлін ойдағыдай атқара
алмақ емес-- деп зерттеуші, профессор Ш. Елеукенов ұстазымыз айтқандай
[5], Қазақстанда кітап тарату жүйесі дұрыс жолға қойылмайынша, қатарымыздан
көш ілгеріміз деп тоқмейілсуге болмайды. Оған дәлел, автор кітаптарының шаң
басып, баспалардан ұзап шыға алмай, өз оқырманын таба алмауы. Мұны,
Қазақстанда баспа өнімдерін таратудың қиындықтарын қанша мемелекеттік кітап
сауда жүйесінің дұрыс жолға қойылмауымен түсіндіруге тырыссақ та, осы
тақырыпқа қалам тербеуге келгенде кішкене кібіртіктеп қалатын авторлардан
кейін қалай кітап тарату керек екенін дөп басып айту қиын.
Әдебиет айдыны газетінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің аға оқытушысы
Мәрия Майлықұтованың Қазақ кітабын қалай таратамыз? деген атпен
жарияланған мақаласында қазақ кітаптарын таратуда қандай проблемалар бар,
оларды қалай шешу керек деген мәселелерді көтереді [6]. У.Шекспир Кітап
маған тақтан да қымбат десе,
Д. Дидро Адамдар оқудан қалғанда ойлаудан да қалады деген. Абай атамыз
артық білім кітапта деп, қазаққа кітап оқуды үндеген. Автор
Бүгінгі қазақ кітап оқымайды деп сайрағанға шеберміз. Әрине бұл шындық.
Бірақ шығарған кітабымызды таратпасақ, жарнамаламасақ оны кім алады, кім
оқиды? деген сұрақтарға жан жақты жауап іздеу мақсатында зерттеулер
жүргізеді. Автор қазіргі кездегі кітапқа деген қызығушылықтың жоқтығын
массмедияның дамуымен байланыстырады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, кітап
оқуды жаңа технологиялық жетістіктер алмастырды. Ал
қаламгердің сөзін нақтылай түсу үшін келтірген Негізінен оқырмандардың
басым пайызын оқу процесіне қатысты жастар құрайды екен. Тек
қазақстандықтардың 17 пайызы ғана белсенді оқырман қатарына енсе, олар
жарты жылда шамамен алғанда 3.7 кітап сатып алатын болып шыққан. Соңғы 15
жылдағы жас толқынның басым бөлігі әдеби көркем шығармалармен таныс емес
деген деректеріне сүйенсек, 9.5 миллион халқы бар Қазақ жаппай әр жылына
шаққанда мүлдем кітап оқымайды деген сөз.
Автор зерттеу барысында мынадай статистикалық мәліметтерге сүйенеді:
Қазірде елімізде 150-ге жуық баспа бар екен. Оның елу шақтысы ғана
бәсекеге қабілетті. Ресей баспаларының өнімдері Қазақстандық кітап
нарығының 65-80 пайызын жаулап алған. Отандық баспалардың өнімі бар
болғаны 10-20 пайызын құрайды. Ресейден келген миллиондаған дана
кітаптардың 60 пайызы ғана детективтер мен әйелдер романдары, 17 пайызы
фантастикалық әдебеттер көрінеді. Ұлттық кітап палатасының мәлімдеуінше
жыл сайын елімізде 3.5 мың аталым кітап 1.5-2.0 миллион тиражбен жарық
көреді екен. Олардың дені оқулықтар мен оқу құралдары, ғылыми зерттеулер
мен монографиялар. 10 пайызы ғана көркем әдебиет үлесіне тиіп отыр. Балалар
мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттер жоқтың қасы. Келтірілген
мәліметерге тоқталсақ, автор сөзінің шындығы бар. Біріншіден, жекелеген
баспалар өз кітаптарын сатумен шұғылданбайды, яғни қазақ баспаларында
маркетинг қызметі төмен жағдайда. Екіншіден қаламыздағы дүкендердің қай-
қайсысының да сауда айналымындағы тауарлардың дені шетелден әкелінген
кітаптар. Қазақ тілді кітаптарға келгенде ақын ағамыз М. Шаханов
айтқандай, Алматының кей дүкендерінен Абай жолын, Көшпенділерді көріп
қуанып қалдық [7] дегеннің кебін киіп жүрміз. Ал дүкендерді аралағанда,
күнделікті өзіміз баланы еліктіріп, қызықтырып, ынталандырып әкететіндей
дүниелердің тек орысша нұсқасын ғана көрумізден-ақ, балалар көркем
әдебиетінің ақсап тұрғанын бағамдау қиын емес.
Осындай жағдайлардан кейін туындаған қазақ баспалары шынымен де
кітап шығармай ма деген сұраққа қаламгер : Ақиқатына келсек, қазақ
баспалары кітап шығармай жатқан жоқ, олар кітап таратпай отыр деп, сөзін
нақтылай, төмендегідей тарата талдай түседі. Автордың ойынша, Батыс
баспалары, соның ішінде Ресей баспалары кітап саудасын 2000 жылдың
басында едәуір дамытып алды. Олар біріншіден, нарықты зерттеп, кітап
маркетингін дұрыс жолға қоя білген. Батыс баспалары өз тұтынушыларын
жобалап алмай жатып өнім шығармайды. Әр түрлі сауалнамалар мен әлеуметтік
зерттеулер негізінде оқырманды қай автор, қандай тақырып қызықтыратынын
анықтайды.
Шынынмен де, сөрелердегі көздің жауын алатын Ресей кітаптарын
көргенде, автор пікірімен келіспей тұра алмайсың. Қазақстандық баспаларда
негізгі бір кемшілік маркетинг қызметінің іске қосылмауы. Яғни, баспа кітап
шығарар алдында нарықты зертттеуге құлықты емес. Ол қандай кітап, қоғамда
оған деген сұраныс бар ма, қазіргі заманның талабын қанағаттандыра ала ма
деген сауалдар назардан тыс қалып жатады. Егер осы істі ертерек қолға алса,
нарықты зерттеуден автор да, баспагаер де , кітап таратушы да ұтылмасы
анық. Нарықты зерттеу дегеннің өзі тапсырыспен кітап шығару деген сөз.
Яғни, тауар айналымға түсері сөзсіз. Осы олқылық біздің қазақ баспаларына
да кітап маркетингінің қыр - сырын меңгеретін уақыт кегендігінің көрінісі
сияқты.
Екіншіден, біздің қазақ баспалары кітап тарату тетігін таба алмай
отырғандай. Баспалар үйіне бара қалсаңыз (Абай мен Гагарин көшелерінің
қиылысындағы) баспа жанындағы кітап дүкендеріндегі өнімдерге көз тоймайды.
Бірақ, сол кітаптар баспалар үйінен ұзап кете алмай, оқырман қолына тимей
отыр. Ресей баспаларының өнімдерін ТМД елдеріне таратумен айналысатын
фирмалар бар болса, Қазақстанда ондай фирмалар жұмыс істемейді. Сол үшін
Алматы қаласындағы Ресей баспаларының өнімдерін саудалайтын Гулянда,
Меломан сынды кітап дүкендері өз сөрелеріне қазақ баспаларының
өнімдерін қоюдан қашқақтайды. Себебі, олардың ойынша, қазақ кітаптары
өтпейді. Ресей баспаларының өнімдерімен салыстырғанда біздің
кітаптарымыздың бағасы да қымбат. Өйткені қазақ кітаптары аз тиражбен
шығады, сапалы қағаз шығаратын өндірісіміз жоқ болғандықтан, қағазды Ресей
мен Қытайдан тасымалдаймыз. Мына жағдайдан кейін әрбір көкірек сәулесі
ояу адам мемлекеттік баспалардағы қалыптасқан қиыншылықтарға қиналмай көз
жеткізуге болады. Қазақстан бойынша ірі кітап дүкендерінің бірқалыпты
жүйесі жоқ, яғни бұрынғы Қазақкітап сияқты бүкіл елге кітап тарататын
мекеме жоқ. Өзіндік құнын ақтамай, кітаптар өтпей шаң басып жатқаннан кейін
авторлар да еңбектерін аз ғана данамен шығарады. Арзымайтын тиражбен шыққан
кітаптың өзіндік құны қымбат болғандықтан, кітап дүкендерінде өтпей, тұрып
қалады. Бір кітаптың шығуы үшін 42 элемент керек болса, оның бір де біреуі
Қазақстанда өндірілмейді. Шикізаттың сырттан тасылуы, безендірілудегі бояу,
қағаз, технология – бәрі де шеттен әкелініп жатқан жаңалықтар, оның үстіне
қосымша құн салығы және т.б. салық түрлері аз емес. Міне, осының барлығы
сайып келгенде кітаптың өзіндік құнын аспандатып жібереді. Міне, мәселенің
түп – төркіні қайда жатыр?
Үшіншіден, қазақ кітаптарына жарнама жоқ. Жалпы, көпшілік оқырман
қандай кітап шығып жатқандығынан мүлдем бейхабар. Қазақ баспаларында
электонды жарнама беретіндей қаржы жоқ екендігі белгілі. Тендерге телміріп
отыра беруден баспагер ағаларымыз әлі жалыққан жоқ. Кітап почта жүйесін
дамытып, авторлармен кездесулер, кітап жәрмеңкелері сынды шараларды атқару
керек, деген қорытындыға келеді. Расында да, автардың еңбегін
зерделесек, кітап таратудағы атаулы проблемалардың өзі шығып отыр. Бірақ
солай екен деп айдың аманы, күннің түзуінде тым торығып, аузымызды қу
шөппен сүрте берсек, бөркімізді аспанға атып, алақайлайтын берекелі сәттің
ауылы әлә алысты екенін аңғарамыз демекші [8], баспалар да жоғарғы оқу
орындары мен мектептермен, мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатып,
көрмелер ұйымдастырып, жарнамалық каталогтар мен листовкалар таратып,
әрекеттенуі керек.
Қаламгердің Төртіншіден, қазіргі қоғамда оқырман азайды, жастар
мүлде кітап оқымайды деген пікір қалыптасқан. Сол үшін ертеңгі оқырманды
бүгін тәрбиелеуіміз керек дегенді айтады. Балалар басылымдарын шығаратын
Балауса, Аруна сынды баспалар балабақшалар мен мектептермен тығыз
байланыс орнатып, балаларды қызықтырып, әдеби – танымдық кітап оқуға
машықтандырса, өз өнімдерінің тұтынушыларын табар еді. Төртінші таратуында
орыс ғалымдарының баланы сегіз айынан бастап кітаппен достастыру керек
деген әдемі пікірін орынды қолданған автор жас ерекшелігіне қарай әр
жастағы балаларға әр түрлі формадағы кітаптар ұсыну керектігін айтып,
оқырман қауымды қазіргі біздің балдырғандардың кітап оқудың орнына
компьютерге телміріп өсіп жатқанындығына баса назар аудартады. Бірнеше
проблеманың басын ашып көрсеткен автор соңында ұлттың мәдени және рухани
деңгейін дамыту үшін, рухани байлық қайнар көзі кітапты оқуа насихаттайды.
Егер кітап тарату мәселесін дұрыс жолға қоймайтын болсақ, 17 пайыз
оқырманымыздан да айырылып қаламыз -- деп, басымызға үйіріліп тұрған қара
бұлтты қазақ баспалары мен баспагерлері қазақ кітабына жанашырлықпен қарап,
өз өнімдерін сұранысқа сай шығарып, қалайда оқырман қолына жетуіне
мүдделілік танытса нұр үстіне нұр болар еді деген тілеулестік білдіреді.
Проблемаларды жеке жеке тараулармен бөліп бөліп көрсете отырып, әр
тараулардың соңын өзіндік ұсыныстарымен аяқтап отырған автор жарияланымын
Бәсекеге қабілетті елуге жуық баспаларымыз күш біріктірсе, оларға мемлекет
және БАҚ тарапынан қолдау болып жатса, қазақ кітабының бағы ашылар еді
деген тоқтамға келеді.
Проблемалық мақала жанрында жазған еңбектің әр тарауында келелді
мәселе, салмақты ой жатыр. Қаламгер орынды ұсыныстар мен нақты түйіндемелер
жасай отырып, олардың шешу жолдарын ұсынуды назардан тыс қалдырмайды.
Баспа ісінің педагог маманы ретінде де кітап оқу- білімділіктің көсеткіші,
кітап қорының молдығы – бауаттылықтың белгісі болған деген терең мағыналы
тіркестерді қолданған.
Кітап саудасы арқылы кітаптың оқылу дәрежесін, айналымын, көпшілік
қандай кітапқа ынтазар екендігін айыруға болады. Сол арқылы халықтың
рухани сұранысын біліп, кітап репертуарының бағыт-бағдарына өзгерістер
енгізіп отыру да шарт. Осы еліміздің баспа әлемінде кітаптарды тарату
мәседесінің әлі күрмеуі шешілмей келе жатқаны анық. Совет кезінде кітап
таратумен айналысқан ресубликалық Қазақкітап мекемесі жабылғаннан кейін,
Қазақстанда кітап саудасының инфрақұрылымы өзгерген [11]. Бұл бүгінгі
жағдайдың көрінісі.
Кітап тарату ісі қашан жолға қойылады? атты Т.Тәшеновтың мақаласы
Бір кездері Э.Баталова басқарған Алматыкітап басшылығы Қазақстан
баспагерлері мен полиграфистерінің қауымдастығын құрмаққа ниеттенгенін
білеміз. Бірақ баспагерлер әр тарапқа тартып, ортақ мәмілеге келе алмаған.
Мұның зардабын енді баспагер де, автор да , оқырман да тартып отыр деген
жанашырлық сөздермен басталған. Жыл сайын мкітап шығаруға арналған тендрге
өткізіледі. Сол тендрді жеңіп алып, мемлекеттік тапсырыс бойынша
баспалардан шығатын кітаптардың ең көп таралымы—2000 дана екені белгілі. Ал
кітаптар еліміздегі кітапханалар мен оқу орындарына тегін таратылып
беріледі. Кітап дүкендеріне түспейді деген автор сөздерінінң жаны бар.
2000 данадан аспайтын кітапты Қазақстанның қай бұрышындағы кітапханалар мен
оқу орындарына жеткізбекпіз. Кітап басу ісінде оқырман сұранысын анықтап,
зерттеп, маркетингтік қызмет саласын атқарып отырмаған жағдайда қайдан
кітап саудасы дұрыс жолға қойылсын? Сонда баспалардан шығып жатқан
кітаптарды қайда қоямыз: Мойындау керек, қазірде баспалар жекешеленіп
кеткен. Мынадай нарық заманында кімнің ақшасы бар, сол кітап шығара алады.
Бұрындары кітабын шығарған авторға ақша төленетін болса, қазірде автор
кітабын шығару үшін өзі ақша төлейді. Ал, оның шығарған кітабының тарату
мәселесіне баспадағылар басын қатырмайды. Сонда автордың кітабын таратумен
айналысуы керек пе, жоқ әлде шығармашылықпен айналысу керек пе деген
сұрақтың толғантары анық. Қысқасы, автор Баспалар кітап шығарумен
айналысады, кітап тартумен айналыспайды, деген тоқтамға келеді.
Қаламгердің айтуынша, қазір Алматыда кітап сатумен айналысатын Книготорг
фирмасы ЖШС-нің Алматы филиалы, Джагамбек и С ЖШС, Алматы кітап! ЖШС,
Атамұра –Мир кітаптар фирмасы, Эврика фирмасы айналысады. Бары осы.
Өкінішке қарай Алматыкітап та, Атамұра да тек өз өнімдеріне ғана қызмет
істейді. Оның үстіне жоғарыда аталған фирмалардың Алматы мен Астанадан
басқа жерде кітап дүкендері жоқ болып шықты. Есесіне Алматыда Ресей
өнімдерін саудалайтын 43 кітап дүкені бар екен. Ал Меломан, Гулянда
сынды кітап дүкендері қазақ кітаптарын қоюдан қашқалақтайтынынын алдыңғы
мақалаларымызда көтерген едік. Оған себеп, Қазақстаннң өнімдері Ресей
өнімдерімен салыстырғанда есі еседей қымбаттығы, екінші қазақ тілді
кітаптардың қазіргі заман талаптарына сай безендірілмеуі, одан кейін
жастарды қызықтатындай, қанағаттандыратындай шығармалардың болмауы. Осының
бәрі – отандық кітаптардың өз биігіне жете алмауына кедергі жағдайлар.
Кітап жаршысы республикалық анықтамалық –сараптамалық басылымының бас
редакторы Қанат Қайымның: Кеңес заманында Мемлекеттік баспа комитеті
болатын. Ол әр облыстағы облкниготоргтен қандай қажетті кітаптар
керектігі жөнінде өтініш жинайтын. Олар өз кезегінде аудандарға, аудан
ауылдарға шығатын. Барлық кітапханаларда Қажетті кітаптар үшін сараптау мен
санақ жүргізетін бибколлекторлар жұмыс істейтін. Осылайша
орталықтандырылған мызғымас кітап сауда жүйесі бар еді Кітап жаршысы
газеті 1961 жылдан 1992 жылға дейін тұрақты шығып тұрды. Осы газетті біз
он бес жылдық үзілістен кейін қайта шығаруды қолға алдық. Мақсат—ең
болмаса, оқырмандар баспалардың қандай кітап шығарып жатқанынан хабардар
болсын дегендік. Өкінішке қарай, таралымы—үш-ақ мың дана. Елімізде 17 мың
кітапхан бар десек, соған де жетпейді екен деген сөздерін келтірген автор
қазірде баспалардан қандай кітап шығып жатқанынан халықтың расында да
бейхабар екендігін көрсетуде жақсы келтірген. Осындай пікірлерден кейін
қазіргі барлық барлық түйіннің шешімі Қазақстанда белгілі бір кітап
таратумен айналысатын сауда мекемесінің жоқтығына келіп тіреліп тұр.
Осыдан кейін оқырман мәдениет қалай қалыптаспақ деп шарқ ұрған
автордың өз сөзін Орталықтандырылған кітап саудасы ауадай қажет. Бұл үшін
баспаларымыз күш біріктіріп, мемлекет тарапынан нақты қолдау қажет.
Қысқасы, бұрынғы кітап тарту құрылымын қайта қалпына келтіру—Үкімет, не
Мәдениет министрлігі қолға алып шешетін мемлекеттік мәселе деген
қорытындыға келеді. Қаламгердің қай ойымен болса да келіспеуге болмайды.
Бірақ барлық проблеманы алдымызға жайып салып, мәселенің шешу жолдарына
баса назар аудармаған. Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаманның күйіп
қалмасақ болғаны. Өйткені, Үкімет пен Мәдениет миниситрлігіне арқа бар
жүкті артып қоймай, істерді қолға алудың сәті келген де сияқты. Кітап
оқымайтын ұрпақтан сауатты адам шықпайтынын ескерсек, Рухани азық
боларлық біршама кітаптар жарық бетін көріп жатыр. Бірақ жетім баланың
күйін кешкен ол кітаптардың —қамқор қолға, кітапқұмар оқырманға жетуі қиын.
Көзі ашық қаламгер қауымның өзі бір-бірінен сұрап біліп, өз аяғымен сол
шыққан баспаға барып сатып алмаса, дүкендерен іздеген кітаптарыңызды таба
амасыңыз анық.
Жалпы кітап таратуда көрші елдерден үйренеріміз аз емес. Егер тез
арада ес жиып, кітап саудасын қолымызға алмасақ, кітап дүкендері ғана емес,
санамызға дадендеп кірген шетелдік баспа өнімдерінен көз аша алмай қалуымыз
ғажап емес.

1.2. Мерзімді басылымдардағы оқырман және кітап мәселесі

Белгілі журналист Мақпал Жұмабайдың "Қазақ кітап окымайды емес..."
атты мақаласында [9] Кітапхана -- кітап сақтайтын қойма деген қарадүрсін,
таяз түсінікті тағы бір жоққа шығарып, кітапхананың басты міндеті қалың
көпшіліктің рухани талап-тілегін өтейтін орын екендігін айқындап бергендей
болды. Оған дэлел РАБИС (Республикалық автоматтандырылған ақпараттық
кітапхана жүйесі) бағдарламасымен жұмыс істейтін Іле аудандық
кітапханасында болған екі күндік сапар кезіндегі мәліметтер.
Жарияланған мақаланың аты айтып тұрғандай, күрделі де өзекті мәселені
көтерген. Мақала тақырыбы нақты, тартымды, шұбалаңқы емес қойылған. Соған
орай әрбір көзі қарақты оқырманды ойландырмай қоймауы мүмкін емес. Ең
көкейкесті проблеманы таба біліп, талмау жерге тап түскен, тіршілік
тынысының ең қажетті пернесін дәл басып, көңілде жүрген тақырыпты қоюын
автордың өзіне ғана тән шеберлігі деп білеміз.
Сонымен үлкен қалаларда отырып алып, жастар кітап оқымайды деп мұңға
берілетін ел ағаларына өкпелерін білдірген кітапханашылардың айтуынша,
барлық проблема жастардың кітап оқымауында емес, қазақ кітаптарының ауылды
жерлерде жетіспеушілігінде екен. Міне, мәселенің түп-төркіні кайда жатыр?
Осыдан кейін жастардың мұқтаждығын, қажеттілігін өтейтін кітаптармен
қамтамасыз етпесек, әдебиеттер оқып, қиялға берілетін, өз-өздерін рухани
дамытатын кітапсүйер жастарды қалай тәрбиелеп шығамыз деген сұраққың
туындауы заңды да сияқты.
Бір шенеунік мемлекет қазынасына ақша кұймайтын
кітапхана, театр, мұражай секілді мекемелерді жабу керек, — сынды
теледидардан айтқан пікірге ашынған кітапханашылардың сөзін келтірген автор
кітапхананың міндеті мемлекет қазынасына ақша кұю емес, адамдардың санасына
сәуле құю екенін баса айтады. Кітаптан жерінген халық тілінен де, ділінен
де, дінінен де, мәдениетінен де жерінеді дей келе, журналист Жас ұрпақ не
окиды? деген сауалға жауап іздеу мақсатында үлкен мәселені көтере отырып,
қазіргі жастарды кандай саладағы әдебиеттер қызықтыратынын тарата айтып
береді. Зерттеу жүргізгендей, жас оқырмандардың әдебиет, тарих, мәдениет
мәңгілік оқитын тақырыптары болса, олардың ішінде әлем әдебиеті,
информатика, құқық, саясат, салық сынды салаларды оқуға ниеттенетіндер саны
көп екен. Оған қоса автор казіргі жастардың діни кітаптарды іздеп жүріп
оқитынын, олардың тек газет-журналдар арқылы ғана келгені болмаса, діни
кітаптардың қолға тимей қынжылтатынына баса назар аударады.
Қазақ қаламгерлерінен Ахмет Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет
Майлин, Сәкен Сейфуллиндердің шығармаларын, Алаш азаматтары туралы жаңа
деректерді, оған қоса Абай жолын оқымайтын жастар жоқ екенін айта келіп
Мұқағали, Фариза, Күләш, Қадыр, Тұманбай апа-ағаларымыздың өлеңдерін жатқа
айтуды парыз санайтын жастардың ізденімпаздығын сүйсіне жазады.
Мақпал Жұмабай 10 жыл бұрынғы кітап ошақтарын жабу кезіндегі еліміздің
әр ауданында кей жылдарда кітапханалар қорына мүлдем кітаптардың түспей,
киын кезеңді бастан өткізгенін тілге тиек ете отырып, қазіргі жағдайда да
Қазақстанның кез-келген аймағындағы кітапханалардағы оқырмандар сұранысын
қанағаттандыра алмау проблемасын тарқата талдай түседі. Балалар әдебиетінің
атасы саналатын Бердібек Соқпақпаевтың, тіпті, Менің атым Қожасы мен
Балалық шаққа саяхат атты кітаптардың кітапханада жоқ екенін ескерген
автор балалар әдебиетінің ақсап тұрғанын, жастардың аударма ісіне көңілдері
толмайтынын да назардан тыс қалдырмайды.
Мақаланың соңында қаламгер бізге интернеттің кітапты алмастыра
алмайтынын, кітаптың адам өмірінде орны толмас үлкен қазына екендігін
дәлелеп берді. Мәселен ауыл кітапханасында болған екі күндік сапар кезінде
көз жеткізген Апай, біз кітап оқимыз. Кітап оқымайтын компьютер басты
жарты адамдар ғой деген жүректі дір еткізетін кітапқұмар бүлдіршіндей
қыздың бір ауыз сөзін Мақпал Жұмабай өз ойы арқылы әсерлі жеткізіп, кітапқа
көзін салмай, күндіз-түні компьютерге тәуелді болып қалған жастарға үлкен
ой салады.
Жастарды тәрбиелеуде кітапқа деген құмарлығын, ынтазарлығын оятуда
неден қателік жіберіп жатырмыз, қай тұсымыз кем түсіп жатыр, қай бағытқа
баса назар аударуымыз керек екенін анық айтып, оқырманға ой салған автор
жастар кітап оқымайдыға салмай, мәселенің, түп-төркінін кітаптың
жетіспеушілігінен іздеген. Әрбір жас оқырманның кітапқа деген
сүйіспеншілігі туған үйінің тәрбиесі, екінші ынтасы, үшінші мектептің, яғни
мұғалімнің өнегесі, берген білімі, төртінші араласатын ортасы екенін
ескерсек, осы жиынтықтың басын құрайтын кітапханалар қажетті кітаптармен
камтамасыз етілсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Авторлар осы тақырыпты қай жанрда сөз ету тиімді, айтылмақ идея қай
жанрда жете ашылмақ, қай жанрда мазмұн жан-жақты қамтылмақ, қай жанрда
жазылса, аудиторияға әсерлі болмақ деген сүрақтар төңірегінде ойланып,
толғанып барып жанр таңдауы тиісті,— деп профессор Т.Қожекеев айтқандай,
әр автордың жанр тандауында ойын жинақтап, үлкен қорытындылар жасауында,
тақырыпты терең зерттеп, ой-идеяларымен әр жанрға өзіндік сипат беріп,
жаңаша қолдануында дараланып, шығармашылық шеберлігі, біліктілігі
айқындалып отырады.
Проблемалық мақала жанрында жарияланған еңбегінде автор көкейге
қонымды пікірлері мен өз ойларын, көтерген мәселесін
публицистік
сарынмен жақсы талдаған. Зерттеуші ұстазымыз Т.С. Амандосов Мақалада
идея жалпыдан жалқыға қарай өрбиді десе, жастар кітап оқи ма деген жалпы
мәселені көтере отырып, жүйелі пікір қозғауынан, күн тәртібіне мәселе
қойып, талдауынан және фактілерді көрсетудегі амалдарынан автордың осы
әдісті жақсы қолданғанын көреміз. Мақаланың өзіндік белгісі айтылған ой,
жасалған түйін, көтерген мәселе болса, қаламгер Іле аудандық
кітапханасының өткені мен бүгінгі күйін салыстыра отырып, Кітапханалар
қайта ашылуы керек. Заңдылық бойынша, 2000-2500 адамға бір кітапхана қызмет
етуі тиіс деген ұсыныс жасайды.
Проблемалық мақала жанрын таңдағанда журналист еңбегін оқырманға жете
түсінікті болу үшін жеке-жеке тақырыпшаларға бөле отырып, әр тақырыпты
белгілі бір мәселеге арнап отырған. Кітапқұмарлар қайдан шығады? деген
тақырыпшасында сөздері дәлелді болу үшін Аудандық кітапхананың жыл бойында
6352 тұрақты оқырманы бар. Дені -- балалар (2424) мен жасөспірімдер (2055).
Келушілердің саны — 76224 деген статистикалық мәліметтер келтіреді.
Абайдың әлеміне сапар шегеді деген әдемі сөз айшықтарымен, бұрын
қолданған деген тіркестерді бұрын баспа бетін көрмеген деген өзіндік бір
стилімен бейнелі түрде алмастырып, көркемдеп қолдана білген. Ал Генетика,
кибернетика, ғарыш... атты тақырыпшасын қоюда өзіндік бір кұпия,
ықшамдылық, тартымдылық, оқырманды қызықтырушылық жатқандай. Интернет
кітапты алмастыра алмайды деген бөлімінде кітап интернетті алмастыра
алмайды емес, интернет кітапты алмастыра алмайды деген сөз қолданысындағы
ерекшелігін байқаймыз. Бұл дегеніміз кітаптың жасампаз дүние екенін
көрсетсе керек. Ал тақырып қоя білуде автор еңбегін жан- жақты ашу
мақсатында қолданған ерекше форма деген баға берер едік.
Міржақып Дулатов ағамыз кезінде Қай елдің баспасөзі мықты, сол елдің
болашағы зор, деп бекер айтпаса керек. Расында халықтық жадты тазарту мен
қоғамдық сананы жаңғыртуда, ұрпақ тәрбиесін жолға қойып, ұлттық тіл мен
ділді қанықтыруда баспасөздің алар орны орасан зор екенін мойындамасқа
болмайды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Мемлекеттік Тіл жөніндегі Комитеттің төрағасы Мұхтар Шаханов ағамыздың
Ресейлік рухсыз кітаптар басқыншылығы атты мақаласында осы мәселелер
төңірегіндегі проблемалар көтерілген [10]. Республикамызда мемлекеттік
тілде шығатын 453 қана газет журнал бар десек, олардың тең жарымы Оңтүстік
Қазақстаннан, яғни Шымкент қаласынан шығатыны жасырын емес. Ал оның едәуір
бөлігі сөз жұмбақ, нәпсі қызығушылығын насихаттайтын басылымдар екенін
ескерсек, адамды ізгілікке тәрбиелейтін немесе таным, білім мүддесін ту
етіп, рухани байытатын кітаптарымыздың орнын Ресейдің баспа өнімдерінің
қаптап кеткені де шындық. Бұл жағдай мәнді де мағыналы отандық шығармалар
жоқ немесе қазақ кітабын ешкім алмайды деген ұғымды тудырмауы керек.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын
тапсырыспен 400-430 кітап шығарады екен. Әрқайсысы екі-үш мың данадан
аспайтындықтан бұл кітаптар тек кітапханаларға таратылып беріледі. Яғни
олардың бір де біреуі қала дүкендеріне түспейді. Міне, бұл есте ұстайтын
жағдай кітаптың шығарылмай жатқанынан емес, дайын басылымдардың қала
дүкендеріне жетпей, шаң басып жатқанынан хабардар етіп тұрғандай. Сөйтсек,
мәселенің түп-төркіні тереңде жатыр екен.
Осы жолы біз Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларындағы кітап
дүкендерін араладық. Кейбір дүкендерде 100 пайыз, базбіреулерінде 85, 90
пайыз Ресей баспаларынынң өнімдері сатылады екен. Тағы да өзіміздің
Қазақстанда немесе Ресейде жүргенімізді ұмытып қала жаздадық. Өз
республикамызда орыс тілінде жарық көретін 2303 басылымды айтпағанның
өзінде Ресей Федерациясынан Қазақстанға 5248 газет - журнал келіп,
тарайтынын, оның 2728-і ғана ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінде
тіркелгенін, қаншама мәскеулік басылымдардың кеден және басқа салықтардан
жалтарып, өз материалдарын Қазақстан баспаларына интернет арқылы жіберіп,
газет журнал етіп бастырып шығаратынын әйгіледік. Қазақстан заңдарын
қонышынан басқан мұндай қылмысты істерді ақпарат басқыншылығы демей не
дейміз?-- деп, ашына айтқан автор сөзінің жаны бар. Келтірген
мәліметтерге көз салсақ, қазір Қазақстанда Ресей баспа өнімдері 80-90
пайызға көтерілген. Ешбір елде мұндай баспасөз басқыншылығы жоқ.
Қаламгер өз ұлтының тілі мен рухынан алшақтаған жастарымызды
зұлымдыққы, әдепсіздікке, шектен шыққан арсыздыққа баулитын, өз
республикамызда қабылданған заңдарға мүлде қайшы келетін шығармаларға
бақылау жасау керек екені туралы үлкен бір өзекті тақырыпты көтере отырып,
Санк-Петербург қаласында бір қазақ қызын өз жанұясымен телефон арқылы
қазақ тілінде сөйлесіп тұрғаны үшін ғана өлтірген тақырбас скинхедтердің
зұлымдығын мадақтайтын басылымдардың Қазақстанға қандай себеппен емін -
еркін таралып жатқанын кім бізге түсіндіріп беретініне жауап іздейді. Оған
дәлел Алматы қаласында Жібек жолы көшесінде Ресейлік скинхедтерді қолдау
тұрғысында өткізілген шеруде қара жалау көтерген тақырбас қазақ
жігіттерінің де ұрандап жүргені, шеру өтіп жатқанда да билік басындағылар
мен қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылыушылар оған назар аудармауға
тырысып, көрсе де көрмеген сыңай танытқаны еді. Ресейде 70 мыңнан астам
скинхедтік, 160-қа жуық неофашистік ұйымдар жұмыс істейді. Олардың басты
мақсаты — елін славян еместерден тазалау. Бәрінен масқарасы—адам өмірі көк
тиын болып табылатын мұндай қозғалыстардың жүйесі Қазақстанда да құрыла
бастауы—деген пікірлердің қалыптаса бастауы тегін болмаса керек [11] .
Кезінде Гитлерден : Шығыстағы жаулап алған елдерге қандай саясат
қолданамыз?-- деп сұрағанда: Оларға ертеден кешке дейін музыка бере беру
керек, кітап оқуға, ойлануға мүмкіндік қалдырмаған жөн. Өйткені рухани
жағынан саяз адам қашанда өзін бақытты сезінеді,-- деп жауап қайтарған
екен. Гитлердің сол арманы біздің елімізде де белгілі деңгейде іске асып
жатқанын, өмір танымы мен көзқарастары өзгерген кей жастардың рухани азып-
тозып кеткенін, өз тіліміз бен дінімізден айырылуымызға алып келе жатқан
жағдайларды тілге тиек еткен ақын ағамыз, Өз республикамызда қабылданған
заңдарға мүлде қайшы келетін, тіпті скинхедтік фашизмді мадақтайтын
шығармаларға сын көзбен қарар уақыт баяғыда-ақ жетті. Өйткені кітаптардың
едәуір бөлегі бүгінгі таңда қиратқыш күшке ие. Сондай-ақ шетел басылымдары
отандық басылымдар үлес салмағының 35-40 пайызынан аспағаны жөн. Бұл туралы
арнайы заң қабылдауды ұсынамын деген ұсынысын тастайды. Ал автордың
республикамыздың Премьер - министрі Кәрім Мәсімов мырзаны тез арада
Тіл полициясын немесе инспекциясын құрып, заңсыздықты тексеру арқылы
ешкімнің бақылауынсыз бетімен кеткен мына қауіпті ағымға тосқауыл қоюына
шақыруын елімідің ертеңгі болашағы жастарымыздың мына күйіне бей - жай
қарамағандығы деп білеміз.
Тақырып қоюда автор үлкен тапқырлық танытқан. Ұзақ жылдарға созылған,
әлі де созылып келе жатқан Ресей империясының жымысқы саясатына тосқауыл
қою керек екенін төтесінен бір-ақ айтқан. Ал бұл проблемамен күресу үшін
еліміздің ақпарат, мәдениет, руханият кеңістігін диверсиялық басылымдардан
тазалап алуымыз қажет деп табады. Қоғамымызда белең алып бара жатқан үлкен
бір проблеманың ұшығын шығара отырып, оны шешу жолдарын жоғарыда билік
басында отырған азаматтарға батыл жеткізе біліп, нақты ұсыныстар жасаған.
Ресей өнімдерінің мүддесін қорғап, өз отандық өнімдеріміздің
нарыққашығуына кедергі келтіріп, етектен тартып отырған жемқорлықты
сынайды.
Жақсы жазатын адам жақсы жазбайды, жақсы ойлайтын адам жақсы
жазады демекші, ұлттық идеологияның жоқтығынан жастарды тәрбиелеуде
маңызды мәселеге сүбелі жырлары мен публицистік сарында қалам тербеген
Мұхтар Шаханов ағамыздың орны ерекше. Аты айтып тұрғандай, рухсызданып бара
жатқан әрбір адамды осы жарияланым бей-жай қалдырмас деген ойдамыз.
Алдыңғы мақалаларымызда біз мәселенің түп - төркінін ауыл жастарының
кітап оқымауынан емес, қажетті кітаптардың жетіспеушілігінен іздесек,
Алматы ақшамы газетінде Қала кітап оқи ма? атты мақаласын жариялаған
журналист Әсия Бағдәулетқызы қалалықтар кітап оқи ма, дүкендерде сатылатын
бағасы удай қымбат шетел кітаптарының ішінен іздеген шығармаңызды таба
аласыз ба және олардың мазмұны мен безендірілуі қандай деген мәселелерді
көтерген [12]. Мақаланы жазуға ой салған жайт— шоғырланған байырғы
интелигенция мен мен жастардың қаласы саналған Алматыдағы кітап
дүкендерінен төр алған шетелдік кітаптар. Таңқаларлығы, оқиды екен. Бірақ
қандай кітап өтімді мәселе сонда. Кітаптың бәрі зиялылыққа итермелемейді,
қайта тұтынушылар қоғамын тар шеңберінен шығармауды мақсұт тұтатын
дүниелер көп, - деген автордың сөзіне қосылуға болады. Өйткені қазіргі
кезде кітап дүкендерінде көз аштырмайтын Андрей Малахов, Татьяна
Булановалардың көркем шығармалары, Дом-2 мен сағызша созылатын
телехикаялардың кітаптағы нұсқасы немесе сол сияқты арзанқол дүнелердің
қаптап кеткені жасырын емес. Сонымен Орта Азиядағы ең үлкен кітап дүкені
саналатын Букмарк, Букинг, тағы сол сиякты Экономик с, Академкітап,
Кітап қалашығынан өзге дүкендерден шаммен іздесең де таппайтын
кітаптарды тауып, ал біздің Тілендиев, Айманов, Қарсақпаев, Өмірзақова,
Әшімовтер туралы шығармалардың табылмайтындығын ашына айтқан автордын
сөзінен кейін кітап нарығындағы жағдайымызды түсіне беріңіз. Ал қазақ
қаламгерлерінің шығармаларын заңды орнынан, яғни кітап дүкендерінен
таппауымызды книгомандықтар пікірінше автор былай түсіндіреді:
Біріншіден, қазақстандық авторлар танымал емес. Сондықтан көпшілік
оқырманды қызықтыра алмайды. Екіншіден, Ресей баспаларымен салыстырғанда
жергілікті кітап шығарушылар полиграфиялылық стандартты сақтай бермейді.
Соған қарамастан, өнімдері қымбат. Мысалы, Қазақстан мен Ресей
энциклопедияларының бағасындағы айырмашылық 1.5-2 еседей. Сонда қазақ
қаламгерлері кітап шығарар алдында нарықты зерттеуге құлықты емес пе,

қандай кітапқа
қоғамда сұраныс бар деген сауалдардың шетке ысырылып жатқаны ма? Оқырмандар
үшін шығарманың бай мазмұнымен қоса мұқабаның көркемделуін басты назарда
ұстайтынын ескерсек, жаңа технологиямен әсем безендірілген кітаптың өзіндік
құны да қомақты болары сөзсіз. Тығырықтан шығу үшін кітапқа тауар ретінде
қарау керек секілді. Бұл орайда оның тұтанушыны тартатындай сырт көрінісі
болуы қажет. Ал қазақ кітаптарының қағаз сапасы төмен, сыртқы безендірілуі
де айтарлықтай емес. Бәлкім, сондықтан да ерекше безендірілген, түрлі-
түсті орыс тілді кітаптар өз оқырмандарын тез табатын шығар, — деп
журналист Б.Мұқашева айтқандай [13], осындай келеңсіз жағдайлардың орын
алуы баспа ісі мен жалпы кітап саудасына өзіндік зиянды жактарын тікелей
тигізіп жатқаны жасырын емес.
Қаламгер Книгомания дүкендер желісінің директор орынбасары Анна
Мраченко бұл тізбектің барлық мүшелері де дұрыс қызмет істемейтінін айтып,
кітап қорының 30 пайызы көркем, 30 пайызы балалар, 25 пайызы Үй. Тұрмыс.
Демалыс, 15 пайызы іскерлік әдебиет және қалған 5 пайызы күйтабақтағы
мультимедия өнімдері десе, ал Меломан Хоум Видео ЖШС – нің (Букинг осы
желіге кіреді) сауда менеджері Тимур Смайыловтың айтуынша, дүкендер
желісінің қорындағы кітаптардың шамамен 30 пайызы балалар, 30 пайызы
көркем, 30 пайызы Үй. Тұрмыс. Демалыс, 5 пайызы ғана қазақстандық және
сондай мөлшерде ғылыми - техникалык әдебиеттер деген статистикалык
мәліметтер келтіреді. Қазір кітап дүкендеріндегі қазақ кітаптарының мөлшері
20 пайыз делініп жүр. Егер қазақ кітаптары ең көп саналатын Меломанның
өзінде 5 пайыз болса, басқадай дүкендерден отандық шығармаларды табуымыз
екіталай болмақ. Сонда кімге өкпелейміз? Жазбайтын авторға ма, шығармайтын
баспаға ма, сатпайтын дүкенге ме, әлде оқымайтын оқырманға ма?
Автор Қала кітап оқи ма? деген сауал аясында қаншама мәселенің
тұншығып, оң ісін таба алмай жатқанын санамалап, статистикалық мәліметтер
арқылы нақтылай түсуге тырысқанымен, оның тығырықтан шығу жолдарын
ұсынбаған. Қалалықтардың кітап оқитынын, сонымен қатар қазіргі дүкендердегі
саңырауқұлақша қаптаған орыс өнімдерінің орнын қайтсек басамыз деген
мәселені назардан тыс қалдырған. Сұраққа жауап іздеп сандалған оқырман өз
ойымен қалған. Ал бірақ, автор келтірген нақты деректерден оқырман қауым
қай дүкеннен қандай кітап табуға болатынын, олардың мән-маңызы туралы біраз
мағлұматтар алды деген ойдамыз. Соңында букинистің ашылғанына 9 жыл
болғанын, кітапты қымбатсынған адамдардың букинистерді аралайтынын тілге
тиек аткен автор кітапты көп оқитын Амангелді Кеңшілікұлы ағамыздың
пікірін келтіреді: Қазір кітап қымбат. Сондықтан сенбі күндерді
букинистерді аралауға арнаймын. Букинистен іздегеніңді таппаған жағдайда
кітап дүкеніне баруға тура келді. Мысалы, жақында 50 мың данамен шыққан
Шыңғыс Айтматовтың Когда падают горы атты кітабын 1300 теңгеге сатып
алдым. Менің ұғымымда өте қымбат. Ал, екінші жағынан, жақсы кітаптар арзан
болмауы тиіс. Кітаптың арзандағаны – ақыл-ойдың , әдебиеттің арзандағанын
білдіреді. Жалпы адам кітап оқимын десе, оған ақша да, уақыт та табылады.
Мәселе біздің кітап оқымайтындығымызда ғой. Шынымен де бар мәселе кітаптың
жоқтығында емес, өзіміздің кітап оқуға деген құлқымыздың жоқтығында шығар.
Ағайын, бір сезгіл қара базарға аяңдай бермей, кітап дүкендеріне де бас
сұғып тұрайық. Бес-он теңгеңізді қисаңыз, қоржыныңыздың да қомақты
болатынына біздің де сеніміміз мол [14] .Сондықтан да күнделікті қу
тіршіліктің қамынан арбасынан кете бермей, бір сәт дүкендерді аралап, аз
болса да рухани өміріңізе көңіл бөлуге тырысыңыз. Осы жарияланымның сіздің
өзіңізше саралап, нені дұрыс табуыңызға көмектесері хақ.
Қазақ әдебиеті газетінде Назым Дүтбаеваның Кітап неге оқылмайды:
Себеп пен Салдар атты зертеу мақаласында қазіргі таңдағы ең актуальды
проблемаға шолу жасайды [15]. Қазақ неге кітап оқымайды? Кітап оқуға
дағдылану адамның бала күнінен бастап қалыптасу керек деген ниетпен қала
кітапхана мамандарынан сұхбат жүргізу арқылы сұраққа жауап іздейді.
Мақала авторы қазіргі таңда балалар қатарының басым бөлігі көркем
әдебиет оқымақ түгілі, бағдарламаға сай берілетін әдебиеттерді оқуға құлқы
жоқтығын ашып айту негізінде осы сұраққа жауап іздейді. Балаларға білім
беріп, бағдар көрсететін азулы ұстаздардың жауабына сүйенсек, балалар мен
жасөспірімдердің, оның ішіндегі мектеп жасындағы оқушылардың кітапқа деген
құлықсыздығының жоқтығын ең алдымен, ХХІ ғасырдың соңғы техника
жетістіктерінің бірі—Интернет, компьютердің ықпалы. Екіншіден, нарық
заманында қу тіршіліктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ баспаларының қызметін нарықтық экономика және мемлекеттік реттеу мәселелері
Қазіргі қазақ кітап ісінің даму деңгейі
Қазақ кітабы таралымы мен тарату мәселелері
Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері
КІТАП ТАРАТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫНДА ЖАЗЫЛУЫ
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Ғылымның негізі - кітапта
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісі
Қазақстан кітап сауда жүйесі
Пәндер