Туризм саласының елімізде дамуы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Туризм кафедрасы
диплом (Бітіру) ЖҰМЫС
Қазақстандағы этнотуризмнің дамуы
Орындаушы
4 курс студенті ________________ Ашим И.
Ғылыми жетекшісі
Г.ғ.к., аға оқытушы ________________ Ақтымбаева
Ә.С.
Нормабақылаушы _______________ Байжокенова
А.М.
Қорғауға каф.
меңгерушісімен
жіберілді _______________
Ердәулетов С.Р.
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
І ЭТНОТУРИМЗНІҢ ТУРИЗМДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1. Жалпы әлемдік туризм шаруашылығының қалыптасу тарихы ... ... 7
1.2. Этнотуризм түсінігі және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3. Этнотуризм зеттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..20
1.4. Қазақстан этнотуризмдегі аңшылық ойындардың дамуы ... ... ... ... ...23
ІІ ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНОТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ..27
2.1. Туризм саласының елімізде
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.2. Қазақстанда этнотуризмді дамытудың
мәселері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.3. Аңшылық өнері жайлы тарихи
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
ІІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОТУРИЗМНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

... ... ..43
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 2
Пайдаланған Әдебиет тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .54
КІРІСПЕ
Заманауи туризм-бұл әлемдік экономиканың маңызды саласы, сонымен қатар,
туризм саласы мемлекеттің экономикасының өсуінің 3 ұнамды жақтарымен көріне
алады. Яғни;
1. Шетелдік валютаның қаржы түсімін қамтамассыздандырады.
2. Халықтың тұрмыс тіршілігінің өсуіне үлес қосады.
3. Елдің инфрақұрылымының дамуына себеп болады.
Қазіргі таңда туризм мемлекеттің экономикалық дамуына, жеке адамдардың
қажеттілігін өтеудегі сонымен қатар мемлекеттің арасындағы әлеуметтік
қатынастарды байытудағы рөлі мен мәнін бағалау мүмкін емес. Туризм
индустриясы көптеген мемлекеттердің экономикасында негізгі орындардың бірін
алады. Оның қазіргі таңдағы дамуы, нарық заманына қажетті жұмыс
орнының пайда болуына үлкен ықпалын тигізуде.
XX ғасырда туризм мәні, жоғары денгейдегі әлеуметтік құбылысқа
айналады. Кейбір мемлекеттерде тұрғындардың туризм қызметіне жұмсайтын
шығындағы күнделікті азық-түлік пен тұрғын үйге жұмсалатын шығындардан
кейін үшінші орында тұр.
Егеменді Қазақстанның экономикасы үшін туризм қызметі маңызды орын
алады. “Қазақстанда туризмді дамыту“ бағдары бойынша мемлекетіміз үшін
тиімді, әрі әлемдік бәсекелестікке жарайтын туризм қызметін аяғынан тұрғызу
керектігі айтылған.
Ішкі және сыртқы туризм саласында этнотуризмнің алатын орны ерекше.
Қазақстандағы туризм дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың
бірі.
Тақырыптың өзектілігі болып туризмнің ерекше саласы ретінде этнотуризм
теориясының аз зерттелуі табылады. Туризмнің дамуындағы қазақ халқының салт-
дәстүрлеріне деген мұраныс жоғары, сондықтан да Қазақстанның мәдени-
тұрмыстық жетістіктері мен ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерінің бай мұрасын
көрсету туризмнің дамуына әсері мол. Ұлттық салт-дәстүрлерді әлемге
насихаттау және сұраныстың ұлғаюы нәтижесінде өнімді әлемдік деңгейге
ұсыну. Осы саладағы зерттеулер маңызды болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы этнотуризмнің дамуын зерттеу.
Мақсатқа байланысты келесідей міндеттер айқындалды:
– Этнотуризм туралы түсінік, оның түрлері. Қазақ халқының салт-
дәстүрлеріне талдау жасау;
– Қазақстанда этнотуризмді дамытудың мәселелері
– Қазақстандағы этнотуризмнің даму деңгейі, перспективалары
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің келесідей әдістері мен
тәсілдері қолданылды: әдиби көздерді сараптау, салыстырмалы – сипаттау.
Дипломдық жұмыста отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері мен интернет-сайттар
қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3
тараудан, қорытындыдан және әдебиттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыс ... беттен тұрады. ... астам шетел және отандық әдебиеттер
қолданылды, Интернет сайттардың мәліметтерінен тұрады.
1 ЭТНОТУРИЗМНІҢ ТУРИЗМДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Жалпы әлемдік туризм шаруашылығының қалыптасу
тарихы
Туризм – француз тілінен аударғанда серуендеу, жол жүру яғни белгілі
бір маршрутқа жасалатын саяхат дегенді білдіреді. Атпен, велосипедпен,
шаңғымен, қайықпен және жаяу саяхат жасалса оны спорттық туризм деп, ал
ұшақпен, пороходпен, поезбен саяхат жасалса оны экскурсиялық туризм деп
атаймыз.
Адам баласы ежелгі заманнан әр – түрлі мақсаттарға сай жер ауыстыру,
көшіп қонғанына байланысты, туризм де ежелгі уақыттан пайда болған деген
түсінік бар. Қазіргі күнде туризм түсінігі мен ежелгі заман бос уақытын
өткізу түсінігі арасында үлкен айырмашылық бар. Жаңа технологияның дамуы,
туристердің толық жабдықталуды керексіну сияқты факторлар бұл саланың
дамуына үлкен әсер етті.
Туризм латын- сөзінен пайда болған. Түсінік бойынша – барып қайту-
дегенді білдіреді. – Tour- айналада жүру әрекеті, көптеген табиғи
орталарға саяхат жасау, іс немесе демалу мақсатында жасалған саяхат дегенді
білдіреді. Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін
сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің үлттық
мәнділігі: қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі
қажеттілік: саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары: саяхаттың
үзақгығы: топ қүрамы: үйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының
қалыптасуының негізгі принциптері және т.б. Туризм келесі түрлерге
бөлінеді:
Рекреациялық туризм. Туризмнің бүл түрінің негізінде адамның күш-қуатын
қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.
Діни туризм. Туризмнің бүл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діни
қажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді:
а) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару:
б) әулие жерлерге бару:
Транзитті туризм. Бүл туризмнің негізінде басқа елге бару мақсатында
келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
Конгрессті туризм. Ол түрлі шараларға, оның ішінде конференцияларға,
симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақсатындағы
туристік сапарлар қатысуға байланысты ұйымдастырыл ады.
Конгресске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығынына
қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес тиімді үйымдастыру қажеттілігі
туады.
Өткенді аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осы
орындарға бару қажеттілігіне негізделген.
Өз бетінше үйымдастырішіған туризм. Саяхаттың бүл түрі шаңғы, тау, атқа
міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды сүйетіндерді
біріктіреді. Туризмнің бүл түрінің айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың
өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турларды үйымдастырумен
фирмалар емес, туристердің өздері туристік-спорт клубтарымн және
бірлестіктермен біріге отырып үйымдастырады.
Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бүл саласына әр түрлі
серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру
мақсатындағы сапарлар жатады.
Танымдық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда
білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру қүрайды.
Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік
жатыр, осыған байланысты:
- активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне
спорттың белгілі түрімен айналысу кажетілігі, ал пассивті туризмге белгілі
бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру
мақсатында саяхатқа шығу жатады. Қозғалыс қүрамдарына байланысты туризм
келесі түрлерге бөлінеді.
1. Жаяу туризм. Туризмнің бұл түрін ішкі туризмде кеңінен тараған.
Тәжірбие жүзінде бір туристік саяхатта транспорттың бірнеше түрін пайдалану
да ұшырасады, мысалыға, ұшақ-автобус, темір жол-автобус және т.б. түрлерін
айтуға болады. Мұндай түрлері аралас түр деп аталады.
2. Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалыс
құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар
туристік-экскурциялық (транспорт туры, үсынатын қызметтің барлық түрін,
яғни тамақгану, экскурсиялық қызметті үсынумен) және "денсаулық автобусы"
деп аталатын - серуендік туры болуы мүмкін (бір күндік автобус).
3. Велосипед туризмі. Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі
контингенттері ғана пайдалана алады.
4. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі XX ғасырдың екінші жартысынан
бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.
5. Әуежолы туризмі. Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені
туристердің баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы 1960
жылдан 1980 жылға дейіннің өзінде туризмде қодданылатын үлес салмағы үш есе
өскен.Әуе жолдары турлары үшақгағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін
пайдаланылатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған
әуе сапарларына бөлінеді.
6. Теплоход (су) туризмі. Туризмнің бүл түрінде бағыттар өзен және
теңіз теплоходтарында үйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді
(үзақгығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар
порттарға тоқгамауы да мүмкін.
Өзен бағыттары-өзен параходтары кемесін пайдалану арқылы
үйымдастырылады. Оларға: бір тәуліісген үзаққа өзен су кдйығын жалға алып
саяхаттау мен үзакығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу
мақсатындағы экскурциялық серуендер жатады.
Круизді және туристік-экскурциялық сапарларды ұйымдастыру үшін
негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.
Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы
туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен
кдмтамасыз етілуінде.
7. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі XIX ғасырдың 40-шы жылдарынан
бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны
тұрғындардың аз кдмтамасыз етілген бөлгіне қолайлы болады. Қазіргі кезде
теміржол мен транспорттың баска түрлері арасында бәсекелестікте болып
тұрады.
Туризм сонымен кдтар саяхаттау уақытына байланысты маусымдық және
маусымдық емес болып бөлінеді.Саяхаттың ұзақгығына байланысты туризм: ұзақ
және қыска мерзімді болады.
Топ құрамы бойынша:
Жаппай туризм.
Жеке туризм (туризмнің бұл түрі көбінесе іскерлік, ғылыми және
сауықгандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі).
Жанұялық туризм.
Жастар туризмі.
Балалар туризмі (жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әр
түрлі елдер арасында туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда).
Туристік өнім бағасын құрау принципін анықгауға байланысты коммерциялық
және әлеуметтік туризм болып бөлінеді. Әлеуметтік туризм мемлекеттік,
қоғамдық, коммерциялық құрылымдарға жеткілікті ақшалай қаражаты жоқ
түрғындардың әр түрлі деңгейіне демалуға мүмкіндік беру мақсатында белгілі
жеңілдіктерді ұсынады. Мысалы: зейнеткерлер, студенттер, төмендегі
деңгейдегі жалақы алатындар және т.б.
Әйгілі американ социологы Т. Бертон бос уақытты өткізу сипатына, яғни
туристік демалыс моделіне, әсер ететін фаісгорлардың үш тобын бөледі:
технологиялық (жаппай коммуникация құралдары):
институттық (зандылық):
әлеуметтік-экономикалық (демография, кіріс шамасы, мамандық).
Өз кезегінде бос уақытты өткізу сипаты туризмді дамытуға әсер ететін
негізгі факторлардың бірі болып есептелінеді.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және
динамикалық болып бөлінеді.
Статикалықалық табиғи-географиялық факторлар жиынтығы жатады. Өйткені
ол тұрақгы мәнге ие, себебі адам туристік қажеттілікке тек бейімделіп кдна
қоймай оны пайдалануға ыңғайланады. Табиғи-климаттық және географиялық
факторлар өз мазмүнын әдемі, бай табиғаттан, климаттан, жергілікті
рельефтен, жер асты байлығынан да статикалық факторларға жатады.
Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-динамикалық,
материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олардың мәні уақыт және
кеңістікте өзгеретін әр түрлі шамада болуы мүмкін.
Жоғарыда аталған бөлулерден басқа туризмге әсер ететін факторлар ішкі
және сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер
арқылы әсер етеді. Факторлардың бұл тобы құрамына: түрғындардың жасы, жүмыс
істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғыз
басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұяның кірісінің
өзгеруі, жалғыз басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және
жанұя күру тенденциясы, тұрғындар құрамындағы баласыз жұптар санының өсуі,
иммиграция шегінің қыскдруы жатады. Ақылы іс сапарлар, жұмыс уақыты
кестесінің икемділігі демалыс кезеңін көбейтеді, іскерлік туризмнің сипатын
өзгертеді. Бүл турлардың ұзақгылығына, кезевділігіне әкеледі.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер туризмнің дамуының объективті әлеуметтік-
демографиялық жағдайын жасайтын түрғындардың бос уақыт қүрылымына әсер
етеді. Сондықган да туризмді дамыту бағдарламасын жасағанда тұрғындардың
уақыт қоры мен бос бюджеті құрылымын анықгау керек болады.
Тұрғындардың бос уақыт күрылымы:
а) қоғамдық өндірістегі еңбек
б) физиологиялық кажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты
в) үй шаруашылығындағы еңбек
г) білім алуға келетін уақыт шығыны
д) еркін уақыт
Туризмге әсер ететін сыртқы факторларга: экономикалық және қаржы
жағдайлары (төмендеуі): жекелей кірістің көбеюі (азаюы), демалуға бөлінген
кіріс бөлігіне байланысты жоғары туристік белсенділік: туризм мен саяхат
шығындарын жабуға бөлінген қоғамдық қаражат үлесінің өсуі жатады.Туризмнің
дамуына әсер етеін әлеуметтік-экономикалық факторларға сонымен кдтар
тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық кджеттілік деңгейлерінің өсуі де
жатады. Эстетикалық кджеттілік элементі ретінде адамдардың әр түрлі
түрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайымен танысу
құштарлығын айтуға болады.
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және қүқықгық реттеу
өзгерістері: технологиялық өзгерістер: транспорт инфрақүрылымы мен сауданың
дамуы, саяхаттаудың қауіпсіздік жағдайларының өзгеруі жатады.
Ішкі (эндогендік) факторлар - бұл туризмге тікелей әсер ететін
факгорлар. Оған ең бірінші материалды-техникалық факторлар жатады. Олардың
бастысы орналастыру объектілерінің, транспорттың, қоғамдық тамақгандыру
кәсіпорындарының, бөлшек сауданың және т.б. дамуымен байланысты.
Ішкі факторға туристік нарықгың төмендегі факторлары жатады.
а) ұсыныс, сұраныс және тарату факторлары (қазіргі нарықгық
кдтынастардың ерекшелігі ретінде туристік өнімге деген сұраныстың түрақгы
сүраныскд айналуын, сонымен кдтар жеке туризмнің өсуін айтуға болады).
б) Нарықгы сегменттеу ролінің өсуі (аймақ ішінде жаңа туристік
сегменттердің пайда болуы, саяхат баратын жерлердің кдшықгығының үлғаюы,
демалысты әр түрлілігі және т.б.).
в) Туристік қызмет пен монополия процесіндегі сәйкестілік ролінің
өсуі (көлденең интеграцияны күшейту, яғни ірі фирмалардың орта және кіші
фирмалармен серіктік катынастарының өсуі: туристік одақгарды қүра отырып
тікелей интеграциялау және т.б.)
г) Туризмдегі кадрлар ролінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі,
маманданған құрылымның дамуы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және т.б.)
д) Жеке туристік кәсіпкерліктің ролінің артуы.
Жоғарыда келтірілген факторлар өз кезегінде экстенсивті, интенсивті
және негативті болып бөлінеді.Экстенсивті факторлар: жұмысшылар айналымына
енгізілетін материалды ресурстар көлемінің өсуі, туризмнің жаңа
объекгілерін салу.
Интенсивті факторлар: жеке адам іскерлігін көтеру, маманданған іскерлік
құрылымды дамыту: ғылыми-техникалық прогресс жетістіісгерін пайдалана
отырып материалды базаны техникалық жетілдіру: қолда бар материалдық
ресурстарды тиімді пайдалану және т.б.
Негативті факторлар: экономиканы милитаризациялау: тұтыну заттарына
бағаның өсуі: жүмыссыздық: ақшаның түрақсыздығы, жеке түтыну көлемінің
қысқаруы, қолайсыз экологиялық жағдай, туристік фирмалардың банкроткд
үшырауы және т.б.
Туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мысал ретінде мына
жағдайды келтіруге болады: қызмет көрсету тарифының түрақсыздығы: туристік
қызмет көрсетуге бағаның тұтасымен өсуі: қонақ үй қызметінің нашарлауы:
сапардың ұзақгығығының, оған кететін шығынның қысқару: шетелге шығу
сүранысының төмендеуін айтуға болады. Бұл факторлар осы жағдайларда өздерін
әлсіз сезінетін әлеуметтік және жастар туризміне маңызды әсерін тигізеді.
Казіргі кезде негативті факгорлар Қазақстанда туризмнің дамуын
- Туризм түсінігі қалыптасуы үшін төменде келтірілген мысалдар шартты
түрде орындалуы тиіс. Саяхаттар, үнемі өмір сүрген жерден сыртқа саяхат
жасау. Көшу мақсатында жасалған іс-қимылдар саяхаттық туризмге
кіріктірілмейді. Сонымен бірге тек қана ақша табу мақсатында жасалған
саяхаттар туризмге жатпайды. Туризмнің негізгі мақсатты саяхат жасалған
жерде ақша табу емес, атап айтқанда сол жердің рекреациялық қызыметін
тұтынудың жағдайына ие болу.
- Саяхат жасалған жерде ең аз дегенде туристер 24 сағатқа қалуы тиіс
.
- Саяхат жасалған адам, міндетті түрде жергілікті тұрған жеріне қайтуы
керек.
- Көшу, қызмет, оқу, студент болу мақсатындағы саяхатшылар турист болып
саналмайды. Туризмнің пайда болуна себеп болған жағдайлар :а) Адамдардың
демалуға деген сұранысы .
б) Емделу мүмкіндігі.
с) Спорт, өнер, мәдени жарыстарға қатысу .
д) Әулие жерлерді аралау мақсатының болуы .
е) Тәжірибе жасау және оқып үйрену мақсатындағы факторлар туризмге
тиісті.
Туризм классификациясы. Анықтама түрінде туризмнің типтеріне және
түрлеріне байланысты бірнеше түсінік қазіргі кезде қолданылуда: себебі
туризм адам баласының әр-түрлі сұраныс түрлеріне жауап беруші сала.
Сұраныстардың әр-түрлігі бойынша туризмді бірнеше түрге бөлуге болады. Осы
бөлінген туризм классификациясына қосымшаланған, туризм түрлері
айқындалуда.
Туризм типтері.Рекреациялық туризм- демалу және бос уақытты бағалау
туризм түрі. Бұл туризм түріне, мәдени туризм, спорттық туризм, аңшылық
туризм, алыс аймақтағы туыстарды аралау фестиваль туризмі кіреді.
Іскерлік туризмі- конгрес, семинар, әр-түрлі мәдени жыйындар туризмі
кіреді.
Емделу мақсатындағы туризм-емделу және көңіл көтеру мақсатындағы
туризм түрі.
Туризм формалары.Ақпарат және байланыс құралдарына қарай туризмнің
бөлінуі:
- Әуе жолы туризмі.
- Темір жол туризмі.
- Теңіз жолдары туризмі.
- Тас жол туризмі.
Жер және қозғалыс бағытына қарай туризмнің бөлінуі:
- Жағалау туризмі.
- Қыс мерзімі туризмі.
- Тау туризмі.
Уақыт шектеулігіне қарай туризмнің бөлінуі:
- Апта соңы туризмі.
- Бір күндік туризм.
- Қонақжай туризмі.
Мезгілдерге қарай туризмнің бөлінуі:
- Жаз айларындағы туризм.
- Қыс мерзімі айларындағы туризм.
- Маусымдық мезгіл туризмі (Күз айларындағы туризм).
Қонақжай түрлеріне байланысты туризмнің бөлінуі:
- Қонақ үйлерде қонақ болу.
- Қонақ үй сырты салаларда қонақ болу (кемпингтерде, мотельдерде,
каравандарда)
Саяхат жасаушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты туризмнің бөлінуі:
- Жастарға арналған туризм.( 15-24 жас аралығындағы)
- Орта жастағы және зейнеткерлерге арналған туризм.
Туристік сұраныс түріне байланысты туризмнің бөлінуі:
Активті туризм: бұл туризм түрін динамикалық туризм түрі деп те атауға
болады. Себебі саяхатшылардың үлкен көлемін қамтиды. Тұлғалардың ұзақ
мерзімде белгілі бір жерде саяхат жасап, барлық көрсетілген қызмет түрін
пайдалануы.
Ресептивті туризм: бұл қонақ үй және мейрамхана қызмет түрлерін
қамтиды.
Туристік әрекеттердің субектіге қарай бөлінуі:
Сыртқы туризм: Тұлғалардың өз мемлекетінен басқа мемлекетке саяхат
жасауы.
А) Активті сыртқы туризм
Б) Пассивті сыртқы туриз Мысалы: Қазақстан азаматтарын шетелге жіберу.
Ішкі туризм: Бір мемлекетте тұрып, қалалар немесе облыстар, аймақтар
арасында жасалатын саяхат.Туристердің әлеуметтік жағдайына байланысты
жасалатын туризм түрі . Люкс туризм. . Әлеуметтік туризм.
Діни туризм: Туризмнің бұл түрі әр-түрлі діндегі адамдардың діни
қажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді
а) діни мерекелерге, мешіттерге, шіркеулерге бару.
б) әулие жерлерге бару.
Қозғалыс құралдарына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді.
1. Жаяу туризм. Туризмнің бұл түрі ішкі туризмде кеңінен тараған.
Тәжірибе жүзінде бір туристің саяхатта транспорттың бірнеше түрін
пайдалану сияқты әрекеттермен кездеседі. Мысалы: автобус, теміржол
және ұшақ.
2. Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат уақытында автобусты
қозғалыс құралы ретінде пайдалану құралы ретінде ұйымдастырылады.
Автобустік турлар туристік – экскурсиялық “денсаулық автобусы” деп
аталатын серуендік саяхаттар болуы мүмкін.
3. Велосипед туризмі: Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі
контингенттері ғана пайдаланады.
4. Автокөлік туризмі: Туризмнің бұл түрін XX ғасырдың екінші жартысынан

5. Әуежолы туризмі: Туризмнің осы түрінің болашағы зор. Өйткені
туристердің баратын жеріне уақытты үнемдейді. Мысалы: 1960 жылыдан
1980 жылдар аралығында туризмді қолданудың үлес салмағы үш есе артқан.
Әуежолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін
пайдаланатын топтық турларға және арнайы туристік тасмалдауға арналған
әуе салаларына бөлінеді.
6. Теплоход туризмі: Туризмнің бұл түрінде бағыттар өзен бойы және теңіз
аралығында круиздер ұйымдастырылады. Өзене бағыттары бойынша - өзен
парахоттары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Өзен қайықтары
бір немесе бірнеше күнге жалға беріледі, осы секілді қызмет түрлері
көрсетіледі. Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмінің
артықшылығы туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен,
көңіл көтерумен қамтамассыз етілуінде.
7. Теміржол туризмі: Туризмнің бұл түрі XIX ғасырдың 40-жылдарынан бастап
дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны
тұрғындардың аз қамтамассыз етілген бөлігіне қолайлы болады. Қазіргі
кезде теміржол мен транспорттың басқа түрлері арасында бәсекелестікте
болып тұрады.
Туризм сонымен қатар саяхаттау уақытына байланысты маусымдық және
маусымдық емес болып бөлінеді.
Саяхат ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді болады.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статистикалық және
динамикалық болып бөлінеді.
Статистикалық табиғи – географиялық факторлар жиынтығы жатады. Өйткені
ол тұрақты мәнеге ие, себебі адам туристік қажеттілікке тек бейімделіп қана
қоймай оны пайдалануға ыңғайланады. Табиғи климаттық және географиялық
факторлар өз мазмұнын әдемі, бай табиғаттан, климаттан, жергілікті
релефтен, жер асты байлығынан да статикалық факторларға жатады.
Келесі кезекте туризмнің қозғалтқыш күші адам, яғни турист ұғымына
анықтама: Турист – саяхат жасаған және барған жерінде ең аз бір түн қалған
кісі деп атауға болады. Басқа да бір анықтамаларға көз салсақ, дайма өмір
сүрген жерінен басқа жерге және ең аз 24 сағат қонақжайда болған ақшалай
пайда көзін мақсат етпеген кісі. Римде 1963 жылы болған Ұлыстар арасы
Туризм және Қонақжай Саяхат конференциясында туризм және туристке
байланысты бірнеше анықтамалар қабылданды.
1. Шетелдік саяхатшы.
Елімізге шетелдік мемлекеттен келген және қонақжай орнында 24 сағаттан
аз немесе көп болған барлық кісілер.
2. Шетелдік турист.
Барған жерінде ең аз 24 сағат қалған және сол жақта түнеген кісі.
3. Экскурсиянист.
Браған жерінде 24 сағаттан аз қалған, түнемеген кісі.
4. Турист және экскурсиянист болып табылмайтын тұлғалар: көшпенділер,
елшілік қызметкерлері, шетелдік дипломаттар, шетелдік әскер ұйымдарының
қызметкерлері.
Туризм менеджменті: а) Емделу мүмкіндігі, б) Спорт, өнер, мәдени
жарыстарға қатысу, в) Әулие жерлерді аралау мақсатының болуы, г) Тәжірибе
жасау және оқып үйрену мақсатындағы факторлар туризмге тиісті (кесте 1,
2).
Туризм менеджменті туристердің сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында,
осы сала бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің бір ортаға келіп, белгілі
бір экономикалық шарттарды қамтып, тұтынушылар үшін тауар шығару арқылы,
туристердің сұраныстарын қанағаттандыру.
Осындай жүйелерді қорыта келе туризм адамдардың қарым – қатынасын
байланысырады, адамның рухани байлығын артырып, қоршаған ортаға деген
көзқарасын кеңейте түседі.
Кесте 1
Туризмнің орындалу барысының жүйесі [7]
Туристерді шетелге Туристерді қабылдайтын Туристер үшін барлық
жіберген мемлекет жағ-ы жасайды
Туристердің барып қайтуСаяхат жасау Жататын
үшін барлық шарттар үшін барлық шарттар жерлер,транспорт т.б.
алдын ала қарастырылған
қарастырылған.
Кесте 2
Туризм менеджментінің құрылымы [7]
Туризм бюролары Әуежайлар Қонақжай қызметтері
Тур операторлар Авто тұрақтар Тамақтану орындары
Тур агентіктер Авто бекеттер Спорт және рекреациялық
Тур кәсіп орындар Терминалдар қызмет түрлері
Президентіміз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев 1998 жылы 27 ақпандағы
бағдарламасы жарлығына қол қоюы арқылы, республикамыздағы мемлекеттік
мұражайларға, ескерткіштерге, тарихи орындардың қайта құруға көңіл бөлді.
Демек болашақта туризм мемлекетіміздің басты ірі экономикалық пайда көзі
болатынына сенемін. Президентіміздің осы жарлыққа қол қоюы арқылы Ұлы Жібек
Жолы бойындағы ескі қалалар, орта ғасырдың сәулет өнері, көптеген
мұражайларға көңіл бөлініп, мемлекетіміздегі туризмді дамыту жолындағы
алғашқы іс-шара деп есептеймін.
Осындай көрнекті қадамдар, туристік саяхатқа қызығушылыр санын
артырады, әлемдік туризм нарығында мемлекетіміз белді орын иесі бола алады.
Бәрмізге белгілі болғандай кез-келген турист үшін, қызықты экскурсиялық
орындармен бірге, мемлекеттер аралық стандарттарға сай саяхатшылар үшін
жатын орын, тамақтану сияқты адам баласының сұраныстарымен қамтамассыз
етуіміз қажет.
Туризм және қонақүй шаруашылығы. Халықаралық туризм – бұл әлемдік және
ішкі нарықтың (стимулятор) сараптаушысы және кезкелген мемлекеттің
қазынасына пайда түсіретін басты сала.
Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемлекеттер туризмнің
дамуы үшін, туристік рекреациялық көптген мүмкіндіктерге ие болуда. Бірақ
кейбір мемлекеттерде туризмнің потенциялды көрсеткіші экономикалық
ресурстарға байланысты төмен. Себебі бұл мемлекеттердегі туристік
индустрияның салалары халық аралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің
бірі, біздің қонақүйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристерді
қабылдай алмауда, басты мәселе қонақүй орындарының аздығында. Қонақүйлердің
жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы
мемлекеттерде қонақүй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл
қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады.
1.2 Этнотуризм түсінігі және оның түрлері
Туризм ұғымы әлем халықтарының мәдени дамуының ілгерілеуі арқасында
баршаға түсінікті түрде қалыптасқандығы мәлім. Өйткені, туристік жорықтар,
саяхаттар, экскурсиялар- көңілді әрі пайдалы демалыстың көп тараған түрі,
идеялық- саяси тәрбие берудің, мәдени дәрежені көтерудің, денсаулықты
нығайтудың маңызды құралы.
Туризм – адамның жан-жақты дамуына жәрдемдеседі, оның ой-өрісін
кеңейтеді, география, тарих, мәдениет салалары жөніндегі білімін арттырады,
халықтың патриотизм, ұлтжандылық сезімдерін дамытады, ерік жігер мен
табандылықты шыңдап, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелейді.
Мазмұны, ұзақтығы, қатынас құралдары мен қалай ұйымдастырылғаны
жөнінен алуан түрлі туристік жорықтар мен саяхаттар адамның организмін
шынықтырып, нығайтады, пайдалы дағдылардың қалыптасуына әсерін тигізеді.
Бейтаныс жерлерде бағдарлап жүруді, картаны пайдалануды, түнде қонып
шығатын орын әзірлеуді, қиын жағдайларда тез шешім қабылдауға, алғашқы
медициналық жәрдем көрсете білуді үйретеді. Жоспарлы (жолдамалар бойынша)
және талапкерлік (туристер өздері ұйымдастыратын) саяхат түрлері бар.
Жоспарлы саяхаттар туристік ұйымдар белгілеген және дайындаған
маршруттар бойынша жасалады: туристер базаларға орналастырылып,
тамақтандырылады, оларға әр алуан транспорттық, экскурсиялық және басқа да
қызмет көрсетіледі.
Негізінен, адамдардың өз жеке басы таңдауымен туристік маршрут
таңдалынады, дегенмен, жас ерекшеліктеріне қарай да, жастар мен орта
жастағы кісілерге әсіресе жаяу, шаңғымен жүретін, қайық немесе салмен
жүретін маршруттар қызғылықты болады. Жасы ұлғайған, немесе күш-қуаты
жеткіліксіз адамдар үшін жолдың біраз бөлігін транспортпен, атпен, түйемен
және белгілі бір жерде серуендеп тынығатын туристік маршруттар
ұйымдастырылуы мүмкін.
Алыс маршруттарға әуес адамдар үшін поезбен, теңіз және өзен
кемелерімен, автобуспен, самолетпен транспорттық саяхаттар ұйымдастырылады.
Туристік жолаушылар үшін архитектуралық ансамбльдерді, жаңа салынып жатқан
құрылыстарды, музейлерді аралап көрсететін, теңіз жағасында дем алатын және
т.б. мүмкіндіктер жасалады.
Өз күштерімен ұйымдастырылатын саяхаттар (жаяу жүретін, суда жүзетін,
тау аралайтын, шаңғымен, велосипедпен жүретін, спелеологиялық,
автомобильмен, мотоциклмен шығатын саяхаттар) әдетте туристік және спорт
клубтарының, кәсіпорындардың, мекемелердің, оқу орындарының, мектептердің
және денешынықтыру ұжымдарының көмегімен ұйымдастырылады.Саяхатқа дайындалу
және оны өткізу барысында туристер маршруттарды таңдап алумен және оған
байланысты мәселелердің бәрін саяхатшылар өздері шешіп, жолға өздері
қамданады.
Демалыс күнгі жорықтар әдетте, жақын жерлерге жасалады, туристердің
жас шамасына шек қойылмайды, оларға ересектермен бірге балалар да (соның
ішінде мектеп жасына жетпегендері де) қатыса алады. Демалыс күнгі жорықтар
үшін туристік топтарды құру және олардың маршруттарын белгілеуді туристік
ұйымдар мойындарына алады. Жорықтар жұмыс істейтін, оқитын және тұрғылықты
жерлеріне қарамастан, барғысы келгендердің барлығы үшін ұйымдастырылады.
Жорыққа маршрутты жақсы білетін қоғамдық жетекші басшылық етеді.
Көп күндік саяхаттар - туған өлкені аралау, мысалы, басқа облыстардың,
өлкелер мен республикалардың, мемлекеттердің аумақтары арқылы өтуі мүмкін.
Жорық басталғанға дейін туризмнің түріне қарамастан, топтағы кісілердің
барлығы суда жүзе алатын, алғашқы медициналық көмек көрсете алатын, суға
батқан адамды құтқару әдістерін білетін болуы керек.
Маршрутты талдап белгілеу, саяхат жасалатын ауданды алдымен зерттеп
алудан басталады.
Судағы саяхаттар. Су туристерінің негізгі көлік–құралы байдаркалар,
қайықтар мен салдар. Әрбір туристің міндетті түрде өзін суға кетірмейтін
белдігі, желеткесі не шеңбері болуы тиіс. Маршрутты талдап – белгілеген
кезде туристер өзеннің еңістері мен иірімдерін, ағыстың жылдамдығын,
қайраңдардың, үйметас, бөгеттердің, шлюздердің бары – жоғын ескеруі керек.
Таудағы саяхаттар туристердің даярлығын, ойлы – қырлы жерде жүріп,
біраз машықтануын талап етеді. Таулы жерге жаяу саяхат жасау үшін жекелей
керек–жараққа қосымша альпеншток, альпинистік карабин, кеудеше орама
(репшнур) немесе белбеу, екінші свитер, брезент биялай, артық бір пар жүн
шұлық алып шығу керек.
Велосипед саяхатын әдетте бұрын саяхат жасамаған туристер үшін ойы
қыры аз, жол тармақтары көп жерде өткізеді. Топтың құрамын саяхатшылардың
бәрінің велосипедпен жүру техникасындағы даярлықтары бір шамалас болатындай
етіп іріктеп алған жақсы ,
Мотоциклмен және автомобильмен саяхаттау. Бірнеше машинадан құралған
топ болып саяхаттаған жақсы. Бір – бірін алмастырып отыру үшін әрбір
экипажда екі жүгізушіден болғаны жөн. Маршрутты белгілеген кезде
саяхаттайтын уақыттың үштен бірін, не төрттен бірін жаяу экскурсияға және
бір орында дем алуға арнау керек. Жол жақсы болғанда мото және
автотуристердің бір күнде жүріп өтетін жолының қашықтығы орта есеппен 300
– 500 километрден, ауыл арасындағы жолдарда 150 – 200 километрден аспауы
тиіс.
Тамаша табиғаты кез-келген адамды бірден баурап алатын, барлық табиғи
байлықты бойына жинаған кең байтақ елімізде бүгінде туризмнің қай саласын
болмасын, дамытуға мүмкіндік бар. Егер жергілікті жерде қажетті жағдайлар
толығымен жасалатын болса, жақын арада Қазақстан жылына алты миллиондай шет
елдерден туристер қабылдай алады екен. Бұл дегеніңіз, Тәуелсіздік туы
көгінде қалықтағанына көп болмаса да, өркениетті елдер қатарына ұмтылған
жас мемлекетіміздің әлемге танылып, ел экономикасының өркендеуіне
айтарлықтай әсерін тигізері анық. Басқасын былай қойғанда, ауылдық жерлерде
жұмыссыз отырған талай жандар жылдың төрт мезгілінде жұмысқа қабылданар
еді. Келген туристерге жол көрсетіп, оларға қажетті мінетін көліктерді
тауып беріп, қазақтың ұлттық тамақтарын жасау арқылы өздерінің материалдық
жағдайларын жақсартуға жол ашылады. Осы ретте республикамызда әсіресе,
этнотуризм саласын дамытудың болашағы мол деп сеніммен айтуға болады.
Этнотуризм - әрбір халықтың өзіне тән, ерекше өмір сүру дәстүрі бар,
сенім – нанымы, киім киісі бөлек халықтарды тану, зерттеу.
Ал кейбір әдебиеттерде этно және экзо туризм туралы ұғымдарды
алмастырған. Мысалы, Туризм и гостиничное хозяйство оқу құралында
этнотуризм – туысқандарды аралау немесе ата-ананың туған жерлеріне бару
делінген. Ал экзотуризм деп- күнделікті өмірге тән емес, ерекше жерлерді
көруғ тану және сезінумен байланысты. Ол климаттық жағдайлар, ерекше флора
мен фауна, әр елдің ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүр және т.б. [17].
XIX ғасырда халқымыздың әдет-ғұрпы, ойын-сауықтарын, ұлт ойындарын
зерттеуде қазақтар арасынан да бірлі – жарым адамдар шыққан. Солардың бірі
– Ешмұхамед Е. Букин болды. Ол, – дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы [7].
Е. Букин Физическое и умственное воспитание у киргиз атты еңбегінде
жергілікті мамандар арасынан бірінші болып гимтнастика деген терминге
ғылыми түсініктеме берді, демек, адам баласы үшін дене шынықтырудың
маңызын, оның жас өспірімдер үшін ғана емес, ересектер үшін де қандай роль
атқаратындығын баяндайды. Жергілікті мамандар ішінде ұлт ойындарын
жинастырып, қағаз бетіне түсірушілер барған сайын көбейе берді.
Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқайдың айтуынша, адамның басынан өтетін
өмірінің әр уақытындағы – жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты,
тіршілігінің де түрлері бар. Сол сияқты балалардың да өзіне меншікті істері
бар. Ол – жас уақыттарындағы ойын.
Қ. Қостанаевтың (Этнографические очерки киргиз Перовского и
Казалинского уездов. Ташкент, 1894), Г. Балғымбаевтың (От колыбели до
могилы, Туркестанская газета, 1904, №4, 50), С. Жантуриннің (Очерки
киргизского коневодства, Журнал коннозаводства, 1883, №7,8 ), О.
Әлжановтың (Ораза-айт в степи. Киргизская степная газета, 1895, №12) тағы
басқалардың еңбектері – халқымыздың сан-салалы мәдениетін зерттеуде құнды
қазыналар.
Осылайша, тамаша оқиғалар турасында қазақ даласына ат басын тіреген
талай жиханкез адамдар кезінде тамсана жазғандары аян.
Олардың көбі этнотуризмнің ұлттық салт-дәстүр, мәдениет, өнер, ұлттық
ойындары, тарих салаларына жете мән беріп, зерттеген.
Қазақтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихы, даму
жолдары, қалыптасу кезеңдері бар. Казіргі кейбір тарихи деректерге
қарағанда, бізге жеткен ойындарының біразы сонау көне заманнан басталады.
Демек, Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыс халқымыздың
ұлт ойындарын да туғызған. Бес тас, асық, садақ ату, қарагие сияқты
ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында
айта келіп, ағылшын ғалымы Э. Маккей ... бұл ойындардың барлығы дерлік
Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тарағанға ұқсайды, - дейді.
Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік-экономикалық жағдай негізінде
толығып, тұрмысқа сіңіп, өзгеріске ұшырап отырған. Мәселен, Қазақстан
жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан аң аулау, таяқ
жүгірту, садақ ату, қақпа тас, қарагие ойындары келесі дәуірлерде
қайталау-толығу процесінде аң аулау - бүркіт салу немесе құс салу,
садақ ату - жамбы ату, қақпа тас - бес тас, қарагие - найза
лақтыру болып аттары өзгеріп, мазмұндары сақталып қалды. Басқасын
қойғанда, күні бүгінгі бәрәмізге әйгілі ақ сүйек ойынының бірнеше аттары
бар екендігі анықталды.
Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал
шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен халықтың этнографиялық
даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малға байланысты
болды [18].
Төрт түліктен қазақ халқының кисе киімі, жесе тамағы өнген. Сондықтан
да малдың сан қилы қасиеттерін өте жоғары дәріптеген. Оны мал ашуы – жан
ашуы деген халық мақалдарынан да байқауға болады. Немесе есейе келе ойын
соңында кетпей, еңбекке араласудың мәнісін көшпелі халық жас өспірімдерге
асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық жеген
озар,- деп үйретеді.
Реті келгенде айта кетелік, бұл көне мақалға қарағанда, қазақ халқы
арасында асық ойынымен қатар белгілі дәрежеде доп ойындары да болғандығын
аңғару қиын емес. Допты олар көбінесе жазғытұрым түлеген сиыр жүнінен
жасайтын болған. Бұл әдіс ауыл арасында бертінге дейін қолданылып келді.
Демек, мал басын арттыру, жүйрік жорғасы, жүлде алған тұлпарын мадақтап
қызықтау, тіпті екі адам кездесіп мал-жан, қора-қопсы аман ба?, деп
амандық сұрасудын өзі де қазақтың малға деген көзқарасының ерекше бір
сезіммен қалыптасқанының айғағы. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар
дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан
серігі екендігін шабыттана жырлаған.
Қазіргі Қазақстан жерін мекендеген ең алғашқы рулардың әдет-
ғұрыптарының негізінде қалыптасқан қазақтың ұлттық ойындары көшпелі
халықтың даладағы тұрмысына сай дами берді. Әр түрлі өнерді белгілі бір
жүйеленген ортада көре алмағандықтан, театры жоқ елдің театр орнына
көретін сауығы – еңбек мерекелері мен қыз ұзату, бала сүндеттеу мен өлгенге
ас беру сияқты ойын-тойларының өзекті арқауы ән мен күй, драмалық
көрінісіне жататын халық ойындары болғаны да даусыз. Осылайша ертеден бері
ұзақ сонарлы көштің соңында мал бағып келген қазақ халқының да әдеті мен
өзіндік көзқарасы болды. Әр алуан дәуір мен әр қилы кезеңдерді бастан
өткізсе де, қазақ халқы өзінің көшпелі тұрмысында қалыптасқан әдеттерін
рухани азық ете білді. Халық өмірдің қиыншылығына да, қуанышына да төзе
отырып, осы әдет-ғұрыптарын, толғаулы жырлары мен әсем әндерін, сарынды
күйлерін көңіл ашар қуанышы, қайғы-шерін тарқатар алданышы, ауыр күндерде
ой тербететін жұбаныш етіп отырған. Сондықтан қазақтың ойын-сауықтарының,
әдет-ғұрыптарының түпкі негізі мал өсіру мен экономикалық қатынастардың
дамуына байланысты болғандықтан, біз қазақтың ұлттық ойындарын екі топқа
бөлеміз. Біріншісі - әдет-ғұрыптың негізінде туған ойындар да, екіншісі –
жас өспірімдердің қимыл-әрекет ойындары [2-8].
Қазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғаларды бастан-аяқ
баяндап беретін осы әдет-ғұрып ойындары болды. Сондықтан талдауды еңбек
процесіне байланысты туған мереке ойындарынан бастаймыз. Бұған жататын
ойындардың негізгілері – Наурыз мерекесінде ойналатын ойындар.
Бұл мереке жыл сайын наурыздың 22-де өткізіліп тұрған. Олай болуы бұл
күн қазақ халқының түсінуінше жаңа жылдың бірінші күні болып есептелінген.
Тағы бір себебі 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі де, әрі қарай күн ұзара
бастайды. Бұл күні халық қыстың ауыртпалығынан құтылып, мал басын, жан
басын қыс қырсығынан аман алып шыққандығын аңғартады. Сондықтан да бұл
күнді ертедегі түркі тектес халықтар жаңажылдың туған күні деп қарсы алды.
Ескі, қазақша жаңа жыл күнінің атын ұлыс деп атағандықтан бұл мерекені
ұлыстың ұлы күні деп те атайды.
Наурыз мерекесінің сәні – ақындар айтысы басталған кезде екі топтан
шыққан құсбегілер бүркіттерін алып аң аулауға кетеді. Бұл ойынды қазақтар
бүркіт салу деп атайды.
1.3 Этнотуризмнің зерттелу тарихы
Ертеден – ақ, бұл салаға құмартушылар аз болмаған. Халқымыздың өткен
тарихына зер салар болсақ, тамылжыған табиғат байлығы жетерлік ұлан-ғайыр
даламызда әлемдегі халықтарда сирек кездесетін, ешкімге ұқсамайтын,
ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі, мәдениеті жайлы талай
тамсана жазған шетелдік ғалымдардың, саяхатшылардың еңбектерін оқуға
болады.
ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында италия саяхатшысы Плано Карпини
Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғолияға барып, одан еліне қайтқан
сапарында жинаған материалдарынан Монғолия тарихы еңбегін жазды. Мұнда
кезінде Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай
наймандарының өмірі мен әдет- ғұрыптары, демалыс уақытын өткізгендегі ойын-
сауықтары жайлы, жауынгерлік ерліктері туралы айтылады.
Италия саяхатшысы Марко Поло өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында
Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын-сауықтарын
көріп, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, олардың шығу тарихына,
қалыптасу дәуірлеріне де болжам айтқан.
Австрия дипломаты С. Герберштейннің 1516-1517 және 1526-1527жылдары
Москвада болып, қазақтарды білетін орыстардың ауызша айтуынан жазып
алғандары 1549 жылы латын тілінде Записки о Московских делах деген
атпен жарық көрді. Бұл еңбегінде қазақ жері, халқының әдет-ғұрпы, орыс
халқымен қарым-қатынасы, ойын-сауықтары жайында жазған. Сондай-ақ италияның
ғалымы Павло Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың белгілі елшісі
Дмитрий Герасимовпен кездесіп, соның айтуымен Книга о Московском
посольстве атты еңбегін жарыққа шығарды. П.И.Новокамский бұл еңбегінде
қазіргі қазақ жеріндегі көшпелі рулардың этнографиясы, жері, орыс халқымен
аралас сауда-саттық жұмыстары, сондай-ақ ойын-сауықтары жайында жазған.
Орыс саяхатшыларының ішінде П.И. Рычков бірінші болып, қазақ халқының
өмірі, мәдениеті, әдет–ғұрпы, ойын - сауықтары жайында 1759 жылы История
Оренбургская по учреждению Оренбургской губернии атты еңбегін жазды.
ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірі жайында көптеген
материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі П.С. Паллас болды. Ол 1767 жылғы
Батыс Сибирь мен Орал бойына жасаған экспедицияны басқарып, осы сапарында
жиналған материалдардан 1773 жылы Путешествие по разным провинциям
Россиской империи атты еңбектерінің жинағын шығарды. Осы еңбектің
Известия о киргизах атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына
арналған, халықтың ойын-сауықтарының қалай өтетіндігі, демалыс уақыттарын
қалай өткізетіндігі, аңшылық өнері қарастырылып, мысалдар келтірілген.
Қазақ халқының қонақжайлылығы мен ойын-сауықтары тіпті сонау Марко
Полодан бастап, 1863-1864 жылдары Қазақстанда болған Шығысты зерттеуші
ғалым, венгр Арминий Вамбери мен 1903-1907 жылдары Каспий теңізінің бойында
Маңғышлақта болған неміс этнографы Рихтер Картуцқа дейінге шетел
саяхатшыларының еңбектерінің барлығына дерлік арқау болған [3].
Неміс ғалымы Александр Гумбольдт 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы
рұқсат алып, Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей,
Өскеменге саяхат жасайды. А.Гумбольдт қазақ жерінде жүріп, көшпелі халықтың
өмірі жайындағы ойға түйгенін Канкрин (Россияның 1823-1844 жылдары болған
финанс министрі) мен Шеллерге (сол жылдардағы Германияның Россиядағы
елшісі) жазған хатында былай деп көрсетеді: Мен қазақ ауылында болған
кезімді өмірімнің аса қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі көшпелі
халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын-сауықтары естен кететін
уақиға емес... Өмірімнің мұндай аса бір белді кезеңін одан әрі Каспий
теңізінің бойында өткізбей кете алатын емеспін. Мен өмірімде осындай қысқа
уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім,
бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болу керек.
Қазақтың этноргафиясын зерттеп, оны Европа елдеріне таратуға ат
салысқандар – поляк халқының өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Залеский
болды. Бұлар революциялық қозғалысқа қатысқандары үшін Сибирьге,
Қазақстанға жер аударылады да, осында болған уақыттарында қазақтың елімен,
жерімен танысады.
Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалары Күнделіктер мен
хаттар деп аталып, осыдан екі жүз жылдай уақыт бұрын басылып шыққан сол
еңбегінде: Мен ұзақ сапарға шыққалы отырмын. Бұл жолы мені едәуір
қиындықтар мен кедергілер, бәлкім, қауіп-қатер де күтіп тұрған шығар.
Цивилизациялы Европаны бұдан бірнеше жыл бұрын аралаған саяхатыма бұл
мүлде ұқсамайды. Енді мен беймәлім елге барып, қазақ даласының түкпір-
түкпіріне шейін аралауға бет алдым, қолына қару ұстап, көшіп-қонып жүрген
ордалардың арасында өмір сүрмекпін, арқыраған атпен өзеннен жүзіп өтіп, әлі
күнге дейін бірде-бір поляктың табаны тимеген таулардың шыңына
көтерілмекпін. Ағымнан жарылайыншы, бұл саяхаттан мен титтей де жасқанып
отырған жоқпын-, деп жазады [2-4].
Қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келіп қонған күнін бұл күн
бұлар үшін бақыт күні, қуаныш күні дей келіп, сол күнгі ойын – сауықты,
әсіресе, қыз қуу ойынының көз тартарлық қызығын сипаттайды.
Осы ойын-сауық үстіндегі ақындар айтысын: Менің алдымда Демосфен мен
Цицеронды естімеген,оқу мен жазудан хабары жоқ екі ақын айтыс үстінде
олимпиададағы күрескерлердей бірімен-бірі айқаса түседі. Не деген талант,
не деген жыр. Менің жанымды тебірентіп, жүрегімнен орын алуда,- деп табиғи
дарын құдіретіне бас ие суреттей келіп, - мұндай дарыны бар көшпелі халық
еш уақытта шетел отары болмайды, түбінде халықтар арасынан құрметті орын
алатынын өздері-ақ айтып отыр, - дейді.
Қазақтың күнделікті тұрмысындағы көңіл ашар демалыс уақыты осы ойын-
сауықтары екені жайында Қазақстанда болған ағылшын саяхатшысы Томас
Аткинсон Средняя Азия и Западная Сибирь атты еңбегінде жазған. Халықтың
ойын- сауықтары ең алдымен ақындар айтысынан басталады (осы еңбектің
бірінші тарауында) және бұл ақындар айтысы келесі ойналатын ойындарға
қатысушылардың арасындағы тартысты күшейте түсетіндігін
байқатады.Қазақтардың ақындар айтысын тыңдағанындай ертедегі гректер
Гомерді өйтіп тыңдамаған болар,- дейді [3].
Сондай-ақ қазақтың ұлт ойындары жайында мағлұматтар мерзімді баспасөз
беттерінде көптеп берілген. Мысалы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында шығып
тұрған Воскресный досуг журналының 72, 73- сандарында Қырғыздаратты
үлкен мақала басылған. Бұл мақала негізінен қазақ халқының өмірін,
тұрмысын, әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын баяндаған. Көшпелі халықтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz