Әуелгі қола мәдениеті


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-фАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

Археология, этнология және музеология кафедрасы

МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Қола дәуірі тайпаларының дүниетанымы

ОрындағанСайдахметова Балжан Бахытбекқызы "" 2012 ж.

Ғылыми жетекші

/регалии/ /қолы/ /Ф. И. О. /

"" 2012 ж.

Қорғауға жіберілді:

Кафедра жетекшісі:

/регалии/ /қолы/ Таймағанбетов Ж. Қ

"" 2012 ж.

Алматы 2012

Қола дәуірі тайпаларының дүниетанымы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. ……… . . . …. 3

І ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ЕРТЕ ЖӘНЕ ОРТА ҚОЛА (АНДРОНОВ МӘДЕНИ-ТАРИХИ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ) ДӘУІРІНДЕГІ КӨНЕ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ТҮСІНІКТЕР

1. 1. Андронов тарихи-мәдени қауымдастығына түсінік . . . 12

1. 2. Ерте және орта қола (Андронов мәдени-тарихи қауымдастығы) дәуіріндегі көне дүниетанымдық түсініктердің петроглифтерде көрініс табуы . . . 15

1. 3. Ерте және орта қола дәуіріндегі шаруашылық және жерлеу орындарының ғұрыптық аспектілері . . . 24

ІІ СОҢҒЫ ҚОЛА (БЕҒАЗЫ-ДӘНДІБАЙ МӘДЕНИЕТІ) ДӘУІРІНІҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ТҮСІНІКТЕР

2. 1. Қазақстан жеріндегі соңғы қола (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) дәуірі мәдениетінің дүниетанымдық ерекшеліктері47

2. 2. Соңғы қола дәуіріндегі жерлеу ғұрыптары мен шаруашылыққа байланысты дүниетанымдық түсініктер . . . 62

2. 3. Қола дәуіріндегі дүниетанымдық түсініктердің кейінгі дәуірлермен сабақтастық мәселесі. 70

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қола дәуірінде Сібірдің, Оралдың, Қазақстанның және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениеттер қалдырды. Тайпалардың табиғи ортаға бейімделуін географиялық жағдайына және туысқан көршілес бірлестіктердің өзара ықпалдастықтары негізінде қалыптасқан тұрмыс-салты мен дүниетанымдық көзқарастарына байланысты мәдениеттер деп өзгешелей аламыз.

Қола дәуірі ескерткіштерінің аса ірі өңірлерінің бірінен саналатын Қазақстан территориясы Евразия даласындағы археологиялық зерттелу тарихы 200 жылдан аса уақытты қамтитын бірегей аудан ретінде белгілі. Сондықтан әр дәуірде жүргізілген зерттеулерді жүйелеп, бұрынғы ізденістердің мәнін, археологиялық ізденістердің маңыздылығын көрсету, зерттелу тарихын баяндау қазіргі уақытта археология ғылымындағы күрделі мәселе.

Қола дәуірінің адамзат тарихындағы маңыздылығы - қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауда басты шикізат көзі ретінде қоғамдық-өндірістік қатынастардың дамуына ықпал етуімен сипатталады.

Б. з. д. ІІ мыңжылдықтың бірінші ширегінде Еуразия даласында қола қолданысқа енеді. Қоланы өндіру Қазақстан жеріндегі өте бай мыс пен қалайы металдарын жоғары деңгейде игерумен тығыз байланысты болды. Сондай ірі металлургиялық ошақтардың бірі қазіргі Қазақстанның территориясы екені даусыз.

Қазақстан тарихнамасында қола дәуірі б. з. б. ІІ-І мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Алайда соңғы кездегі зерттеулер бұл хронологияға өзгеріс енгізуі ықтимал. Қалай болғанда да Қазақстанда қола металлургиясының қарқынды дамуына кен орындарының көптігі ықпал еткендігі анық. Сондықтан да мұнда қола дәуірінің бірегей мәдениеттері ежелден-ақ қалыптасқан деуге негіз бар.

Кеңестік кезеңде археология жеке ғылым ретінде қалыптасып, зерттеудің жүйесі жаңарды. Қазба жұмысы жаңа әдістер арқылы жүргізілді. Кешенді экспедициялар да осы кезеңде ұйымдастырыла бастады. Қазақ КСР-інде Ғылым Академиясының құрылуы мен Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, этнография, археология институтының ашылуы қазба жұмыстарына серпін берді.

Тәуелсіздік жылдарындағы зертеу жұмыстары да біршама істер атқарды. Ұлттық идея, Мәдени мұра хақында іргелі зерттеулер жазылып жатыр. Археологиялық нысандар ашылып, зерттеу жалғасуда. Археологиялық кезеңдеуде маңызды кезең саналатын қола дәуірі болса, сол дәуірдің ірі ошағы Шығыс Қазақстанның археологиялық даму кезеңдері зерттелуі тиіс.

Біртұтас қазақ жерінің тарихын жазу үшін алдымен жекеленген аймақтардың тарихи даму кезеңдерін, әр кезеңде жазылған деректерді жүйелеп, бір ізге түсіру қажет.

Магистрлік жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеу жұмысында алдымызға қойған мақсат: Қазақстанның қола дәуірі тайпаларының мәдениетіне қатысты деректерді талдай отырып, аталмыш кезең тайпаларының дүниетанымдық аспектілеріне ғылыми тұжырым жасау.

Зерттеу жұмысының мақсатын ашуда мынадай міндеттерді іске асыру басшылыққа алынады:

- Қазақстанның қола дәуірі дүниетанымына талдау жасау;

-Андронов мәдени-тарихи қауымдастығына сипаттама беру;

- Ерте және орта қола дәуірлеріне жататын петроглифтердің дүниетанымдық ерекшеліктерін саралау;

- Жерлеу орындарының ғұрыптық аспектілеріне салыстыру;

- Кеңес үкіметі тұсындағы археологиялық ізденістерді саралау;

- Соңғы қола дәуіріндегі мәдени үрдістерге сипаттама жасау;

- Жерлеу және шаруашылыққа байланысты түсініктерді талдау;

- Қола дәуіріндегі этномиграциялық үрдістерді сипаттау;

- Қола дәуірі дүниетанымының кейінгі дәуірлермен сабақтастығын ашу;

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерін қазу және зерттеу мәселелерімен айналысқан және айналысып жүрген ғалымдар өте көп. Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі Кеңес өкіметінің кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылады. Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстанның Орталық бөлігінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастырғандар, С. Рыков, М. И. Артоманов, М. П. Грязнов, И. В. Синицин, Ә. Х. Марғұландар болса, Қазақстанның батыс бөлігіндегі қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде О. А. Кривцова-Гракованың еңбегі зор. Әсіресе ҚазССР академиясының құрылуы, Тарих, археология және этнография интитутының жанынан ұйымдастырылған Орталық Қазақстан экспедициясының меңгерушісі Ә. Х. Марғұланның жүргізген жұмыстары орасан зор. Ғалым қола дәуірінің көптеген ескерткіштерін тауып қана қоймай, Атасу, Бұғылы, Беғазы, Ақсу-аюлы, Дандыбай сияқты екерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қола дәуірі туралы үлкен екі монографиясы, көптеген ғылыми мақалалары жарық көрген. Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде жемісті жұмыс жүргізген көрнекті ғалым С. С. Черников болды. 50-жылдарда еңбек сіңірген археолог ғалымдарымыз К. А. Акишев, А. М. Оразбаев, А. Г. Максимовалар. Соңғы кезде бұл салада Солтүстік Қазақстанда ойдағыдай еңбек етіп жүрген ғалым Г. Б. Зданович. Ә. Х. Марғұлан, К. А. Акишев, А. М. Оразбаевтардың тікелей шәкіртттерінің бірі Ә. Т. Төлеубаев, Ж. Құрманқұлов, А. З. Бейсенов сынды ғалымдармен қатар В. В. Варфоломеев, В. В. Евдокимов, А. А. Ткачев, Н. А. Ткачева, В. И. Стефанов, О. Н. Корочковалардың еңбектері негізінде қарастырылып ғылыми тұжырымдар жасалынды.

Қазақ халқының мәдени дамуының алғы шарты мен этноқайнар көздерін, табылған археологиялық материалдардың негізіндегі салыстырмаларға, сабақтастықтарға байланысты кеңес ғалымдарының, нақтырақ айтар болсақ Ә. М. Оразбаевтың еңбектерінен көре аламыз. Ә. М. Оразбаевтың «Северный Казахстан в эпоху бронзы», «Поселения Чагалинка (Шағалылы) некоторые формы и типы жилищ», «Колодцы на поселении Чагалинка» атты еңбектерінде қазақтардың тұрақ жайлары мен қоныстарына байланысты көптеген салыстырмалар келтірілген.

«Поселения Чагалинка (Шағалылы) некоторые формы и типы жилищ» атты еңбегінде Солтүстік және Орталық Қазақстан жерлерінде көнеден қалыптасқан киіз үй тәрізді жылжымайтын тұрғын үйлер, яғни «шошалалар» өзінің бастауын сонау қола дәуірлерінен алатындығын айтады. Ал олардың төбесінің дөңгелек болып жабылған үлгілерін қайталайтын қоныстар қазақ халқындағы XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басындағы қыстауларда көрініс табады. Ә. М. Оразбаевтың тұжырымы бойынша Шағалалы қонысында зерттелген қоныстардың өзіндік ерекшеліктері мен құрылысына байланысты үш түрге бөлуге болады; 1) толық төрт бұрышты емес, төбесі тегіс жабылған қазақ халқындағы «қыстауларға» ұқсас түрі, 2) қабырғалары ағаштан тұрғызылған дөңгелек формадағы «киіз үй» тәрізді, 3) екі дөңгелек формадан тұратын арасы коридормен жалғанған сегіз тәрізді жертөлелер. Соңғы сегіз тәрізді жертөлелер құрылысы сондай ақ қазақ халқындағы қосарланып тігілетін «екі киіз үйдің» көрінісін қайталайды. Қазақтарда үлкен той, ас жасағанда сыйлы адамдар көп болған жағдайда сегіз, он қанатты үйлердің бір керегесін алып, бір біріне қосақтап тіккен. Екі үйдің арасы қосылған жер коридор тәрізді болып керегемен жалғанып сырты киізбен жабылатын болған. Осы киіз үйлердің құрылысы және есіктерінің шығысқа қаратылуы Шағалалы қонысындағы №13, №14 жертөлелерде қайталанады деп нақты дәлелдермен көрсетіп, айтып кетеді.

Ә. Х. Марғұланның 1994 жылы Алматы қаласынан шыққан «Казахское народное прикладное искусство» атты еңбегінде қазақ халқының қазіргі ою-өрнектерінің шығу мәселесі тамырын тереңнен алатын ұлттық үрдіс екенін айтып кеткен. Бұл еңбек қазақ халқының заттай мәдениетінің шығу тегі мәселесін толық қарастырады.

Қола дәуірі қоныстары мәселесі бойынша жақсы зерттелген аудандар Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстан болып табылады. Ал Батыс пен Оңтүстікте материалдар әлі де болса аздау. Соңғы жылдарғы зерттеу, барлау нәтижелерінде жаңа қоныс орындары ашылған мен, ол деректер кітап сөрелерінде жоқ.

Магистрлік жұмыстың деректік негізі . Тарихнамалық зерттеу үшін ең бастысы деректер қоры қажет. Қазақстан археологисы үшін негізгі деректер патшалық Ресей тұсындағы Орта Азия, Қазақстан, Сібір, Еділ бойына жіберілген І және ІІ Академиялық экспедициялардың мәліметтері, саяхатшылардың жазбалары, елшілердің естеліктері мен әскери рапорттар, сонымен бірге Қазақстан мен Сібірге Ресейдің ішкі өлкелерінен саяси сенімсіздігі үшін жер аударылған демократиялық бағыттағы тұлғалардың өлкетанулық еңбектері болып табылады. ХҮІІІ ғасырда отаршылдық бағытын күшейте түскен патшалық Ресей Сібірді жаулап алғаннан кейін, ұланғайыр қазақ даласына көз тікті. Қазақ даласын Азия кірер қақпа санаған патшалық Ресей ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, табиғи байлығына, жергілікті халықтың тарихына, мәдениетіне қатысты деректер жинап, археологиялық ескерткіштерін есепке алып, мәліметтер қорын молайтты. Сол экспедииялардың жинаған археологиялық мәліметтерінің айтарлықтай бөлігі Қазақстанның шығыс тиесілі еді.

Қазақстан мен Сібір даласының тарихи-географиясын біршама қамтыған дерек 1701 жылы жазылған С. У. Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабы» деп аталатын еңбегі. Бұл атласта Торғай, Есіл, Сарысу өзені бойларындағы көне қалашықтар мен құрылыстар жайында, Ертіс өзені алабының Қабылғасұн алқабындағы мешіт, Қара Ертіс алқабы мен Тарбағатай тауларындағы жазбалар қамтылған.

ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстан мен Сібірге бірнеше экспедициялар ұйымдастырылды. Олар: А. Бекович-Черкаскийдің (1714-1717) Хиуаға, Ф. Беновеннің (1719-1725) Бұхараға, И. Д. Бухгольцтің (1715-1716) және И. М. Лихаревтің (1720) Ертістің жоғарғы жағына және И. С. Унковскийдің Жоңғар Алатауына жасаған сапарлары және т. б. Осы сапарлар барысында жиналған ақпараттар І Петрді көне жәдігерлерді жинауға және зерттеуге итермеледі. Алтындарды, моладан табылған зергерлік бұйымдарды жинап, Берг-коллегияға немесе Москва мен Петербургке жіберуге бұйрық берді [1, С. 24] .

1718 жылға дейін І Петр екі үкім шығарып, көне жәдігерлерді қорғауға назар аударды. Үкімдерде обалардан алынған ежелгі адам қаңқасы үшін - 1000 рубль, бас сүйегі үшін - 500 рубль сыйақы берілетіндігі жөнінд тармақтар кездеседі. Осы жарлықтың шығуымен Сібір мен Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер аясыз тонауға ұшырады. Патшалық Үкіметтің қолдауына суйенген жергілікті аймақтардағы әкімшілік билеушілер оба қазуды байлық көзіне айналдырды. Бұл І Петрдің Қазақстан мен Сібірдің мәдени ескерткіштеріне ден қоя бастағаны болатын. Осылайша І Петр ертедегі құнды ескерткіштерді Құрып кетуден сақтау үшін қатаң түрде біраз шаралар қолданды. Бұл жөнінде Кеңес археологы А. П. Уманский: «Алайда ешқандай жарлық та, қатаң бұйрық та тонаушылықты тоқтата алмады, оба қазушылар өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыра берді. Нәтижесінде ХҮІІІ ғасырдың 20 жылдарының басында Алтай өлкесінде қазылмаған оба қалмады» [2, С. 97] деп шындықты ашып айтқан еді.

І Петр 1719 жылы Д. Г. Мессершмидтті көне жәдігерлерді жинау мақсатында Сібірге жібереді. 1719жылы Тобылға келіп, онда 1721 жылдың жаз айларына дейін тұрды. Ол мұнда ғылымда Страленберг деген фамилиямен белгілі болған швед тұтқыны Таббертпен танысты. Тобылда Мессершмидт страленбергтің қатысуымен Батыс Сібір мен Солтүстік-шығыс Қазақстан аймақтарына сапар шегіп, зерттеулер нәтижесін Петербургке хабарлап отырды [3, 136-137 бб. ] . 1721 жылы 25 мамырдағы жазбасында: «Есілде тұратын орыстар молалардан алтын мен күміс іздеуді кәсіп еткен» деген мәлімет келтіреді [4, С. 10] . Мессершмидтке жүктелген міндет түркілік зергерлік өнер туындыларын жинастыру еді. Бұл жағынан алғанда Коллекция заттары басқалар ойлағанннан әлдеқайда асып түсті. Мессершмидт басқарған экспедиция жұмысының нәтижесін Страленберг 1723жылы Швецияға қайтқаннан кейін, өзінің кітабында жариялады [5, С. 83] . 1722 жылы артиллерия капитаны Н. Унковсий аса құпия дипломатиялық жұмыспен Жоңғар қонтайшысы Севан Раптанға бара жатып, Ертіс бойында қазылып қалған көптеген қорғанның орнын көрген. Сол жағдайды күнделігіне: «И тако оные, яко погреба раскрытые по всей степи видны» [6, 101 б. ] жазған екен.

Қазақстанның ежелгі мәдениетін зерттеуде 1733-1743 жылдары Г. Ф. Миллердің басшылығымен ұйымдастырылған І Академиялық экспедицияның орны ерекше. Экспедиция Ертіс өзенін бойлай Тобылдан Өскемен бекінісіне дейін және Барнаул арқылы Томскіге жетеді. Г. Ф. Миллер кең көлемде Ертіс өзенінің жағалауына, Үлбі өзеніне, Өскеменнің маңына археологиялық барлау жасап, алғаш рет Қазақстан территориясының қола дәуірі мен ерте темір ғасырының қорған-қоршауларына қазба жұмысын жүргізді. Бұл академиялық экспедицияның Қазақстан археолгиясына қатысты деректері Г. Ф. Миллердің «Изъяснения о некоторых древностях, в могилах найденных» шығармасында топтастырылған. Бұл еңбектің біз зерттеп отырған тақырып үшін құнды болатын себебі қазба жүргізіліп, табылған заттарға ғылыми сипаттама берілген. Ғалымның айтуы бойынша, қорғандарды қазу себебін: «қабірдің ішкі құрылысын және сүйектердің қалай жатқызылғанын байқау үшін» деп түсіндіреді. Нәтижесінде молалардың әлдеқашан тоналғандығы анықталды. Алайда Г. Ф. Миллер Ертіс, Тобыл, Объ, Еділ өзендері алқаптарындағы обалардың саыл заттарға бай екенін атап өткен. Сібір мен Қазақстанның ескерткіштерін зерттеген академик Г. Ф. Миллер Петербургке аталмыш өңірлер жайында орасан зор мәтіндік және графикалық материалдар апарды. Г. Ф. Миллер сонымен бірге Колыван-Воскресенск зауытынан ежелгі обалардан табылған бірнеше алтын заттарды сатып алып, Императорлық Кунсткамераға өткізген. Қабірлерден таза алтын заттар сирек кездескен, ал күмісте әпқашан мыс қоспасы кездесіп отырған[7, С. 517-518] . Бұл деректер Қазақстан өңірінде қола дәуірі мәдениеті кең таралғандығын айғақтаса керек.

Миллер басқарған І Академиялық экспедиция құрамында Сібір мен Қазақстан өңірін зерттеуге қатысқан сол кезеңнің ірі ғалымдары И. Гмелин, Л. Делакроер, геодезистер А. Красильников, А. Иванов, Н. Чекин, М. Ушаков, және Сібірдің көрнекті тарихшысы И. Фишер болды. Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеген И. Гмелин өзінің төрт томдық еңбегінде көрсетілгендей, археологиялық ескерткіштер туралы айтарлықтай материалдар жинап, ескерткіштердің суретін салып, оларға сипаттама беріп, ежелгі жазбалардың жартастағы суреттердің санын анықтап, ежелгі құрылыстарды зерттеген. Г. Ф. Миллер Фишерге Ертіс бойындағы қоныстар мен құрылыстарды, ежелгі кен орындарын, қорытпа пештерін зерттеуді, Ертістің батыс жағында орналасқан ескерткіштерді қорғау мәселесін қоюды, обалар мен басқа да ескерткіштердің сыртқы формасын анықтауды, қазба әдісіне кеңес беруді, табылған заттарды хабарлап тұруды міндеттеді . . .

Қазақстан археологисын зерттеуде 1768-1774 жж. Орал, Еділ бойы, Қазақстан, Сібір халықтарының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеу мақсатында ұйымдастырылған ІІ Академиялық экспедиция айтарлықтай жұмыстар атқарды. Экспедицияға көрнекті ғалымдар П. С. Паллас, И. П. Фальк, И. Г. Георги, П. И. Рычков, Х. Барданес және т. б. қатысты. П. С. Паллас Н. Витзен, Ф. Старленберг, И. Гмелин, Г. Миллер жазған ескерткіштерге тарихи-мәдени талдау жасап, нақты сипаттама берді/1; С. 18-19/. Паллас Алтай тауындағы кен орындарына да сипаттама берген. Зерттеу барысында: «Олар Ертіс бойындағы молалардан алтын, мыс заттар табады. Мұнда молалар тас үйінді, төбешік түрінде көп кездеседі. Әсіресе Колыван тауында осындай молалар аз емес. Бұл төбешіктер Енисей өзені алабында кең таралған. Мыстан жасалған еңбек құралдары, қару-жарақтар мен тұрмыстық заттардың Енисей мен Ертіс Өзені алабындағы обалардан көптеп табылып жатқандығына қарап, осы екі өзен аралығында бай кен орындарының болғанын, кен орындарының көнелігі игерілуінің көнелігі ерте кезде ерте кезден-ақ бұл аймақта халықтар мекендегенін айғақтаса керек» [8, С. 151] деп қорытынды жасаған.

Қазақстан петроглифтеріне қатысты алғашқы сенімді мәліметтер Г. И. Спасскийдің зерттеуімен «Азиатский вестник» және «Сибирский вестник» басылымдарында жарияланған еді. Жоғарғы Ертістегі ескерткіштерді зерттеу барысында ол Смолянка өзенінің сол жағалауынан, Ертіске құяр сағасына жақын жерден әр түрлі сызбалар мен кескіндерді табады. Г. И. Спасский бірінші болып Бұқтырма үңгіріндегі суреттерді сипаттап жазды. Ол «Уже издавна было замечено, что этих начертаний, по неприступности скал, на которых они находятся, равно как по грубости и необычайности самой обработки, не должно считать ни произведениями позднейшего времени, ни надписями, иссеченными только для забавы какими-нибудь праздными людьми, но что они, подобно курганам, представляют памятники, сохранившиеся от глубокой древности» деп жазады. Бұдан Г. И. Спасскийдің тастағы таңбаларды ежелден қалған ескерткіш деп бағалағанын көреміз. Бұл петроглифтерді ескерткіш ретінде зерттеуге ден қойып, оның ғылыми маңыздылығын бағалау болды.

Тастағы таңбаларды зерттеудің маңыздылығын ескере отырып, ол «Надобно, чтобы тот, кому сие поручено будет, скопировал надписи в настоящую их величину и с соблюдением возможной точночти, чтобы не остовлял и самых полинявших или которых малые только следы приметны, даже обозначил бы места совсем истребившихся надписей» деп жазады. Бұдан аңғаратынымыз ғалымының тастағы таңбалардың әлі алда зерттелетіндігн аңғаруы және сол кезде зерттеушілердің бұл жұмысқа ұқыптылықпен келуі керектігін меңзеуі байқалады. Ол кезде қазіргідей суретке түсіру болмағандықтан, зерттеуші тастағы таңбалардың әр сызығының көшіру кезінде дәл түсірілуін талап етуі, оның петроглифтерді құнды ескерткіш ретінде қарағанының дәлелі. Сондықтан да ол таңбаларды суретке салудың дәл болуының оларды келешекте басқаларға танытудың кепілі екендігін нақты түсінген [9, С. 41. ] .

Қазақстанның Ертіс жазбалары мен сызбалары көптеген зерттеушілер мен саяхатшылардың, атап айтсақ, А. Н. Седельниковтың, Т. П. Белоноговтың, П. Н. Столпянскийдің, С. И. Гуляевтың, Б. Г. Герасимовтың, К. Риттердің және Н. М. Ядринцевтің назарын өзіне аударды. Н. М. Ядринцев Ертіс суреттері бұл өлкенің ежелгі мекендеушілерінің аңшылық және малшаруашылық өмір салтының болғандығын дәлелдейді, ал бұқтырма жартастарындағы геометриялық белгілер жазудың бастамасы болып табылады деп санап, олардың кейбірін пиктограммалар қатарына жатқызған.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласы мен Алтайға В. Ледебурдың саяхаттап келуімен Күршім өзенінің жоғарғы жағы мен Доланқара тауының оңтүстік беткейіндегі сол кезге дейін беймәлім болып келген тастағы арқар мен бұғы суреттері есепке алынды [10, С. 7-8. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуірінің ерекшелігі
Андронов мәдениетінің кезеңдері
Қола дәуіріндегі қазақстан тайпалары
Қола дәуірі жайлы ақпарат
Сақтардың мәдениеті мен өнері
Алтын адам туралы дерек
Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Құрылыстың барлық дуалдарын бітімі төрт қырлы қатар - қатар тірек бағандар ұстап тұр
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz