Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Өткелді өзенінің көрікті шатқалында
ЖОСПАР
1. Алматы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
1. Табиғаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2. Алма-Арасан демалыс орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Алматы облысы

... ... ... ...
1. Алматы облысының табиғаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Климаты

... ... ... ... ... ... ... .
3. Топырағы мен өсімдік дүниесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Тұрғындары

... ... ... ... ... .
5. Өнеркәсіп

... ... ... ... ... ... .
6. Экономикасы

... ... ... ... ...
3. Қала құрылысы

1. Алматы мешіттері

... ... ...
2. Алматы үлкен оқу орындары

4. Алматы қорығы

... ... ... ..
4.1. Алматы қорықшасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
Қолданылған әдебиеттер
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
1. Алматы – облысының орталығы, республикалық мәртебесі бар қала.
Қазақстанның оңтүстік шығысында, Іле Алатауының солтүстік баурайында
орналасқан. Аумағы 190 км2, тұрғыны 1,06 млн. адам (1998). 1929 жылдан
1997 ж. қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды.
6 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы – Алматы
қалалық әкімшілігі.
1.1. Табиғаты – Алматы Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен
және Кіші Алматы, Есентай, т.б. өзендер атырабында орналасқан. Қаланың
айналасы, негізінен таулы, сайлы-жыралы келеді. Қала маңындағы биік таулы
еңіс (3000-5000 м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау
бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Тау етегіне ұштасып жататын жазық
өңір, негізінен, борпылдақ жыныстардан және малатасты-дөңбектасты
шөгінділерден түзілген. Оның беті лесті (сары, борпылдақ топырақ), құмды –
сазды қабаттардан тұрады. Таудан келген жер-асты және жер беті ағындарының
сүзілуі нәтижесінде жер асты суының мол қоры жиналған. Мұнда апатты жер
сілкінулері болған. Сондай-ақ лайлы тасқындар мен сел қатері жиі байқалады.
Таудан бастау алатын өзендерге сел тасқындарынан қорғайтын бөгеттер
салынған (Медеу бөгеті, т.б.).
Қала және қала төңірегінде континентті климат қалыптасқан. Ауаның
көпжылдық орташа теспературасы 90С, ең жоғарғы температурасы 43,40С, ең
төменгісі – 380С. Алматыда қаңтар айының орташа температурасы -7-80С, шілде
айынікі 23,30С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 575 мм, таулық
бөлігінде 1000 мм-ге жетеді. Алматыда орташа атмосфера қысым 926,3 гПа.
Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың салалары – Қарғалы,
Ремизовка, Казачка, Қарсу өздері ағады. Алматының топырағы мен өсімдігі
биіктік белдеулер мен белдемелерде әр түрлі. Ең төменгі белдем (600м)
қаланың солтүстігінде. Одан жоғары 900-1300 м биіктіктегі қарашіріндісі
(гумус) ортша қара топырақта әр түрлі шөп өседі. Келесі белдемнің қара
топырағын ылғалды-шалғын және шыршалы орман басқан. Алматының төңірегінде
алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзінде әйгілі Алматы апорты,
алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі.
Жануарлар дүниесінен құстың 141 түрі, сүтқоректілердің 50-ге тарта
түрі кездеседі.
1.2. Алмаарасан – Алматының оңтүстік – батыс жағындағы мекен. Іле
алатауының солтүстік беткейінде 1800 м биікте. Жер бедері таулы-орманды
шалғынды келеді. Граниттен, гранодиориттен, диориттен түзілген кристалдық
жыныстар кеңінен тараған. Төңірегі өте көрікті шыршалы орман, әр түрлі
шөп пен бұта өседі. Ауа райының таулық сипаты бар, бұлтсыз ашық күндер
көп болады. Алмаарасан арқылы Үлкен Алматы өзенінің сол саласы - Өткелді
өзімен аттас шатқалмен ағып өтеді. Термалдық радонды, күкіртті
Алмаарасын бұлақтары осында. Өткелді шатқалының екі беткейіндегі
шипалы минералды 16 бұлақ суы негізінде мұнда 1931 жылы бальнеол. курорт
ашылды. Алмаарасан – қала тұрғындарының демалыс орны.
Алмаарасан - бальнеол. курорт. Іле Алатауының көркем табиғатты
алқабында, теңіз деңгейінен 1800-1850 м биіктікте. Алматыдан 26 км,
1931 жылы ұйымдастырылды. Мұнда қыста 200, жазда 220 адам тынығады. Емге
пайдаланатын шипалы суында радон, сульфат, карбонат, натрий
қосылыстарының әлсіз минералданған ерітінділері бар. Науқас осы судан
бұлау қабылдайды. Алмаарасан курортында нерв жүйесі, буын зақымдары,
тері аурулары және әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді.
Алмаарасан арнаулы бұлау, әртүрлі, лабораториялар мен емдеу бөлмелері,
емдк физкультура кабинеттері бар.
Алмаарасан минералды су бұлағы – Алмаарасан мекені маңындағы шипалық
минералды жылы су көзі. Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Өткелді
өзенінің көрікті шатқалында. Бұлақ ертеден бері белгілі. 1931 жылы 100
тереңдікке дейін бұрғы салынып жасалған скважиндерден су шығады. Мұнда 1931
жылдан бальнеол. курорт жұмыс істейді. Су жер бетіне өздігінен шығатын
скважиналардың өнімі 0,25-6,1 лс. Минералды су диорит интрузиясын бойлап,
қиып өткен тектоник, жарықшақтардың арасынан шығады. Суы сәл минералды,
гидрокарбонатты, натрийлі, баяу сілтілі, радиоактивті. Бұлақтардың жиынтық
шығыны 48м3тәу. 1953 жылы толық барланды. Тектоник жарықшақтардан өткен
скважиналардың өнімі 52-525 м3тәу-ке дейін. Скважинадан шыққан судың
температурасы 20,2-39,70С. Тқз мөлшері 0,2гл., кремний қышқылы 40-75
мгл, сульфидтер 8,3 мгл. тереңдеген сайын кремний қышқылының мөлшері
артады да, су температурасы жоғарылайды. Газ құрамы азот пен инерттік
газдар – 96, оттек – 1,9, күкіртті сутек – 1 шамасы. Химиялық құрамы
жағынан бұлақ суы әлемге әйгілі француздық минералды судың пиренейлік
типіне өте ұқсас.
2. Алматы облысы – Қазақстан республикасының оңтүстік шығысындағы
әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан
және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар.
Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы – Алматы қаласы (1,06
млн., 1998). Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі
арқылы Қарағанды, солтүстік шығысында Шығыс Қазақстан облыстары мен,
шығысында Қытай халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан
Республикасымен шектеседі.
Алматы облысының картасы
Алматы облысының табиғаты – Облыстың табиғаты мен жер бедері ала
құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық
алқап. бұл өңір, негізінен, антропогеннің аллювийлік және эолдық
шөгінділерінен түзілген. оның басым бөлігін Сарыесік атырауқұмның,
Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды
алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атраулық
бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу
Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы
орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен
қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы
бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы – Бесбасқан орналасқан.
Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0
мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері өз маңындағы жазық
өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңтүстік және оңтүстік шығысы Іле,
Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен жотасы және Солтүстік тянь – Шань
сілемдерінің, т.б. жоталарынан құралған. жетісу Алатауы мен Іле,
Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы жатыр. Алматы
облысының оңтүстік батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен
далалры қамтыған.
Геологиясы. Алматы альпілік сипаттағы тау массиві – Іле Алатауы
антиклинорийінің солтүстік қанаты етегінде. Ендікке жуық бағытта
созылған геологиялық қрылымдар мен тектоникалық жарылыстар мен
зоналарының жалпы бағытына сәйкес келетін бұл жота граниттен, габбродан,
эффузиялар мен олардың туфтарынан, эффузиялық шөгінді жыныстардан,
аздап қмтастардан, тақтастардан, мәрмәрдан түзілген. Іле Алатауының
қазіргі сипаты палеогеннің ақырында басталған тектоникалық
процесстердің нәтижесінде қалыптасқан. Бүкіл антропоген кезінде
таулардың биіктеуіне байланысты Іле Алатауының солтүстік
беткейлеріндегі өзен аңғарлары мен шатқалдарында дөңбектас, қиыршықтас-
малтатас, құм-саз ұқрамды кесек жыныстар мол жиылды. Бұлар тау
етектерінде ысырынды конустарды түзіп, төменіректе ені 10-15 км,
қалыңдығы 2000-3000 метрлік тұнба жыныстар қабатына ұласады. Ысырынды
конустардың жазыққа қарай ылдилануы анық байқалады, көлденең қимасы
линза пішінді. Мұнда тау жақтан келген жер беті мен жер асты
ағындарының сүзілуі нәтижесінде артезиан суының мол қоры жинақталды.
Қала үшін бұл судың маңызы күшті. Қала атырабының жоғары сейсмикалығы
неогендік-антропогендік тектоникалық қимылымен, көне және жас терең
жаратылыстарымен байланысты. Мұнда үлкен апат болған Алматы және Кемин жер
сілкінулері болды (28 май 1887 жылы). Соңғысы СССР-дің континенттік
бөлігіндегі ең күшті жер сілкіну болып саналады. Сейсмологиялық және
геофизикалық комплекстік зерттеулер жер сілкінудің қалыпты 9 балдық
зонасын және одан да жоғары сейсмикалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік
берді, ірі ғимараттар тұрғызуға қажетті антисейсмикалық шараларды
анықтады. Алматы күшті лайлы тасқындардың қаупі бар аймаққа
орналасқан. Апатты тасқындар Кіші Алматы өзенінің арнасында 1921 және
1973 жылдары болды. 1921 жылы қалаға 3 млн. м3-ден астам балшық пен тас
қаптады. Мереналық Тұйықсу көлінен басталған 1973 жылғы лайлы тасқынды
Медеу плотинасы бөгеп тоқатты. 1977 жылы августа Үлкен Алматы өзен
аңғарында 6 млн. м3-дей көлемдегі сел тасқыны болды. Қазіргі кезде
елді мекендер мен халық шаруашылығы объектілерін лайлы тасқындар мен
қар көшкіндерінен сақтандыру жобаларының жүйесі іске қосылды. Алдын
ала сақтандыру шаралары кеңінен жүргізілуде.
Алатау аясында
Қаланы кеңейту үшін жер бедері қолайсыз, ылғалы мол топырақты
алаңдар кеңінен игерілуде. Мұндай жерлерді пайдалану үшін әуелі әр түрлі
техникалық шаралар жүргізіледі. Қала шегіндегі антропогендік
қабаттардың қалыңдығы 10-15 метр болғандықтан, ірі ғимараттардың ірге
тасы осы тереңдікте орнатылады. Қала іші мен оның төңірегінен табылған
құм, қиыршық-тас, малтатас, құрылыстық және беттеме тас, ісбестас т.б.
кендері кеңінен қолданылады.
Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге
дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-
ақ мұнда қонгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер, т.б. палеозой
жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері
плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың
алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты.
Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте –берте мүжіліп, адырлы жазық
қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде
пенепленге айналған өңір тектоникалық процестер нәтижесінде кәдімгі
тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процесстер
жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер – соның айқын дәлелі. Кең
байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл вольфрам, молибден кентасының
едәуір қоры, фарфор тастары, барит, бентонит сазы, отқа төзімді балшық,
кварц құмы, гипс, тас көмір, қоңыр көмір, шымтезек, тұз кен орындары
және минералды жер асты сулары бар.
Климаты. Алматының климаты, негізінен, континенттік. Қысы қоңыржай
салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде
-10-160С, оңтүстікте – 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа
температурасы солтүстігінде 250С, оңтүстігінде 270С. Бұл жазық өңірлерде
жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің
климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -5-90С,
жылымық жиі болып тұрады. шілде айының орташа температурасы тау
бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде
400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын,
негізінен, көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің
жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30
см, тау беткейлерінде 40-100 см. балқаш және Алакөл жағалауларында
бриз желі соғады. Қуаңшылығы басым кез – тамыз айы, бұл айда қалада орташа
есеппен 24 мм ғана жауын-шашын түседі, ал ылғалы мол ай – май, 93 мм.
Жылдың салқын кезі негізінен тұманды келеді. Тұманды күндер саны қала және
оның төңірегінде орта есеппен жылына 50-70 тәуліктей, жылдық орта
мөлшерден ауытқуы кейбір жылдары 40 тәуліктей. Күн күркіреу, найзағай
жарқылдау болады. Әсіресе май – июнь айларында өте жиі байқалады. Алматы
климаты ерекшеліктерінің бірі – кейде марттың 2 – жартысында – ақ күн
күркіреп, найзағай ойнайды. Алматының климат ерекшеліктерінің қалыптасуына
қала аумағының ұлғаюы, тас құрылыстардың, темір шатырлы үйлердің және
асфальт төсеніші ауданының артуы, өнеркәсіптік және автотранспорттық
қалдықтардың айнала қоршаған ортаға көптеп шығарылуы т.б. жағдайлар
ықпалын тигізуде. Қала климатына жергілікті рельф едәуір әсер етеді.
Жер бедерінің сипатына байланысты қаланың әр бөлігіндегі ауа
температурасының мәндері арасында үлкен айырмашылық байқалады.
Өзендері. Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және бұлардың
салалары – Есентай, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады. Бұлар
3000 м-ден жоғары беткейлерден басталады, негізінен мұздық суымен
толысады, деңгейінің төмендеуіне не көтерілуіне жауын-шашын мен жер
асты суы әсер етеді. Үлкен Алматы өзен Іле Алатауының 3500 м
биіктіктегі беткейлік мұздықтан басталады. Орта биіктік зонасында мұның
бір тармағының жоғары антропоген мұздық моремасымен көмкерілуінен Үлкен
Алматы көлі пайда болған. Оның төменгі жолында өзен суы құбырмен СЭС
тізбегіне беріледі. Одан біраз төменіректе өзен аңғарында Үлкен
Алматы плотинасы салынған. Өзен қаланың батыс бөлігімен ағып, қаладан
52 км қашықтықта Қаскелең өзеніне құяды. Жылдық орташа су шығыны 4
м3с. Қаланы электр энергиясы және сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Кіші Алматы өзен Тұйықсу мұздығынан басталады. Аңғарында лайлы тасқынға
тосқауыл ретінде Медеу плотинасы бой көтерген. Қалаға жеткенше Кіші
Алматыға Кімасар және шағын Бұтақты салалары құяды. Қаладан үш тармақ –
Кіші Алматы, Есентай, Казачка өзені ағып өтеді. Кіші Алматы, Есентай
арналары қала ішінде жеке-жеке тосқауыл бөгеттерге бөлініп, жағасы
бетондалған. Кіші Алматы қаланың солтүстігінде Қапшағай бөгеніне
құяды.
Медеу спорт кешені
Көлдері және бөгендері. Қала өміріне байланысты көлдер негізінен
гляциалдық зонада орналасқан. Олар шапшаң еритін мұздықпен
көмкерілген көл және мореналық немесе ерімейтін мұздықпен
байланысқан көлдер боп екі топқа бөлінеді. Іле Алатауы сілемдерінде
зерттелген 128 мореналық шағын көл бар. Бұлар - тұщы су көзі,
сондай-ақ таулық көлдер лай тасқындарының қалыптасу процесінде үлкен
роль атқарады. Тұйықсу мұздығының етегінде, Кіші Алматы аңғарында
осындай үш көл бар. Олардың аумағы жиі өзгереді, кейде мүлдем
тартылып қалады, соңынан қайтадан пайда болады. Қала өмірі үшін Ақсай
бөгені, Ащыбұлақ бөгені, Қапшағай бөгені, Мыңжылқы бөгені, Сайран бөгені
сияқты жасанды айдындардың маңызы зор. Алматының батыс бөлігінде,
Үлкен Алматы өзенінің аңғарындағы Сайран бөгені жағасында жаз айларында
Алатау, Әуезов аудандары тұрғындары демалады. Сол сияқты Үлкен және Кіші
Алматы өзендерінің аңғарларындағы, Іле бойындағы Қапшағай т.б.
бөгендер қала халқының демалыс орындарына айналып отыр.
Қапшағай бағаны
Мұздықтары. Қала табиғатына тікелей әсер етуші Іле Алатауы жотасының
солтүстік беткейі шыңдарында жалпы аудан 308,03 км3 307 мұздық
қалыптасқан. Солтүстік беткейлік мұздану аумағы батыста Ұзынқарғалы
өзенінің бастауына дейін созылған. Мұндағы қар жиегі 3 800-3 900 м
биіктік шегінде өтеді. Аумақты мұздықтар жоьаның орталық бөлігіндегі
биіктік 4 700-4 900 м тауда шоғырланған. Мұздықтарына тән сипат –
көпшілігінің ауданы шағын болып келеді. Мұздықтар ұшының ашық бөлігі
шамамен 3 530 м биіктікке, көмулі бөлігі 3 440 м-ге дейінгі деңгейге
төмендейді, ал фирн сызығының ең биік деңгейі аңғарлық мұздықта
байқалады, шлейфте бұл 3 840 м-ге, кар мен аспалы мұздықта 3 820 м-ге
дейінгі деңгейге төмендейді. Іле Алатауының қазіргі мұзданудың пайда
болуы көбінесе жер бедерінің сипатына байланысты да, өңірдің климат
жағдайына біршама тәуелді. Қала атырабын және оның өнеркәсіп
орындарын тұщы сумен қамтамасыз етуде, маңайдағы егістік пен бау –
бақшаны суаруда мұздықтардың ролі өте зор.
Жер бедері. Алматы төңірегі негізінен таулы келеді. Оңтүстігінде
Тянь-Шань тау жүйесінің бір сілемі – Іле Алатауы жатыр. Тау етегінде
шайынды жыныс қабаттарынан түзілген ысырынды конус элементтері көп
кездеседі. Үлкен және Кіші Алматы өзенінің аралығы дөңбектасты –
малтатасты шөгінділерден түзілген. Қала негізінен осы ысырынды конус пен
лайлы тасқындарәрекетінен жиналған жыныстар қабатының үстінде орналасқан.
Алматы территориясының оңтүстік бөлігі, оның орталық, әсіресе солтүстік
бөлігіне қарағанда қатты тілімделген. Альпілік тектоникалық қозғалыстар
Іле Алатауына күрделі кейіп берді. Биік таулық ярус бедері альпілік
сипатта, тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі, шыңырау сайлы
болып келеді. Гляциалдық белдеуінің біраз бөлігін мұз басып жатады.
Бұл аймақта тау жыныстарының үгілу және тік беткейлермен төмен қарай
сусу қарқыны күшті болғаны байқалады. Бұған шектес төменгі ярустың
бедері терең сайлар мен жосықтарға толы, өзен аңғарынң беткейі тік
құлама келеді. Алматы төңірегінің ең биік жері – Іле Алатауының Талғар
шыңы. Қала маңындағы Іле Алатауының солтүстік сілемі аласа төбе, адырлы
келеді, мұнда бөктерлік биік шоқылар көп. Тау етегіне ұштасып жатқан
жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтатасты –
дөңбектасты шөгінділерден түзілген, беті лесті, құмды – сазды қабаттан
тұрады. Солтүстікке қарайғы атырап бедері едәуір еңіс келеді де, бірте
– бірте тегістеле бастайды. Бұл өңірге Үлкен және Кіші Алматы, Есентай,
Ремизовка өзендері бар. Солтүстік батысқа қарай сай-жыралар мен құрғақ
аңғарлар көп, жер беті сәл еңістеу, антропоген кезеңінің аллювий және
эол шөгінділерінен түзілген жазық дала. Мұнда биіктіктері 60-80 м шамалы
қырқалар мен төбелер жиі ұшырайды. Құмды қырқалардың беткейлерінде қуаң
далаға бейімделген ксерофитті өсімдік өседі. Табиғи жер бедері қада
жағдайына сәйкес айтарлықтай өзгеріп келеді. Мыс., Үлкен Алматы өзен
аңғарындағы дөңбектасты – малтатасты аумақты төбе алғашында құм,
қиыршықтас, өндірілетін карьерге, кейін қала тұрғындары тынығатын Сайран
бөгеніне айналдырылды.
Гидрографиясы. Өзендері Балқаш – Алакөл тұйық алабында жатыр және
жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады.
Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты,
Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл,
Жалңашкөл, Сасықкөл, ҰЯлы, Қошқаркөл. Іле өз. бойында Қапшағай бөгені
және СЭС-і салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп
кездеседі.
Топырағы мен өсімдік дүниесі. Облыстың топырақ және өсімдік
жамылғылары тік белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде
шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп,
жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған.
Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзененің аңғары мен
атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл
қоңыр, тау беткейлері мен таулы даланың қызыл қоңыр және қара
топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлер астық тұқымдас өсімдіктері
басым жусанды, бетегелі, боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары
жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань
шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік
шалғынында өлең шөп, алтай қоғажайы, тастесер, т.б. өсімдіктер басым.
Бұл өңір – облыс малшыларының жазғы жайлауы. Қала мен оның төңірегінің
флорасы мыңнан астам өсімдік түрінен тұрады. Солтүстік тен
оңтүстікке қарай жусанды – сораңды, кейде қамыс, айырауықты шалғын, ши
өскен шөл дала, одан жоғары альпілік шалғын, қарлы шың белдеулері
жақсы байқалады. Шөлді дала белдеуі негізінен жазықты қамтиды. Мұнда мол
эфемерлер мен аралас жусан, бетеге, тобылғы мен итмұрын өскен. Қазір бұл
аймақ толығымен игеріліп, мәдени ландшафтыға айналған. Бөктерлік өңірде
ғана эфемерлік қызғалдақ, жауқазын, құртқашаш т.б. жусанды шөл және
бозшалғынды дала табиғи өсімдіктер кездеседі.
Алматы және оның төңірегінің топырақ қабаттарының құрылымы Іле
Алатауы жотасының солтүстік беткейіндегі биіктік белдеуліктердің
ерекшелігімен сипатталады. Табиғи-климаттық жағдайдың құбылып отыруына,
биіктіктің 340-3 500 м аралығында және одан да жоғары өзгеруіне байланысты,
мұнда өзіндік топырағы мен өсімдігі бар биіктік белдеулер мен зоналар
қалыптасқан. Ең төменгі зонаны қаланың солтүстік бөлігіндегі шөлді дала
алып жатыр. Бұл қалың қабатты лесті, құмды саздан түзілген, оның
астында едәуір терең-саздан түзілген, оның астында едәуір тереңдікке
дейін құмтасты, малтатасты шөгінділер кездеседі. І – Алматы мен аэропорт
маңында, одан да солтүстікке қарай сұр топырақ тараған және мұны
жоғары қабатындағы гумус мөлшері 2-3 пайыз, азот пен фасфор мардымсыз.
Көгалдандыру және ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру тек қолдан
суарғанда ғана мүмкін. Ысырынды конустан тау етегіндегі жазыққа
ұштасар аралықта жер асты суы жер бетіне жақын, жіңішке сазды өңір
ерекшеленіп бөлінеді.
Жануарлар дүниесі. Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр,
жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық, ондатр, т.б. кездеседі. Таулы
бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал,
аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу,
тырна мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке;
зиянды жәндіктерден: қаққұрт, бүйі, т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су
айдындарында сазан, шармай, алабұға, аққайраң, т.б. балықтар бар.
Алматы мен оның төңірегінде құстың 141 түрі байқалған. Бұлардың 34
түрі осы маңда ұялайды, 57-сі қыстайды, 88 түрі ұшып өтеді. Ұя салатын
құстардың көбі негізінен тау бөктеріндегі ағаш – бұталы тоғайла жерлерге
тән түрлер. Ұя салатындардың 8 түрі осы өңірді тұрақты мекендейтін – дала
жау торғайы, үй торғайы, князь құс, қарашымшық, сақиналы кептер, египет
кептері, майна, сарышымшық. соңғы үшеуі осында 60-жылдары
жерсіндірілген.
Ұшып өтетін құстардың тобы осында мекендеушілерге қарағанда басым
келеді. Бұлардың ішіндегі басты түрлері - қара кезқұйрық, қарал торғай,
шыбыншы торғай. Сонымен бірге қала үстілмен, ССР-нің Қызыл кітабына
енгізілген ақбас тырна ұшып өтеді. ҚҰстардың келуі мен қайтуы кезінде
қалаға және оның маңында мүлдем тән емес суқұзғын, қаз, үйрек, сутартар,
кіші әупілдек, бұлдырық т.б. құстар кездеседі. Кішкене жабайы құстарды,
сондай-ақ, тышқан тәрізді кемірушілерді аулау үшін қалаға жыртқыш құстар
ұшып келеді. Әр түрлі құстардың қаладағы ең көп жиналатын орны - ҚазССР-і
ҒА-ның Ботаника бағы.
Қала және оның маңында сүтқоректілердің 50-ге тарта түрі бар. Қаладан
3-5 км маңайда жыртқыш сүт қоректілер, кемірушілер, тиын, тараққұйрық,
ондатра, сутышқан, соқыртышқан, орман және дала тышқандары. Кейде орман
қарақас тышқаны, маймұрын жарқанат т.б. ұшырайды. Қаланың 20 км-лік таулы
төңірегінде аю, қасқыр, түлкі, тас, сусары, елік, таутеке, сұрсуыр, қызыл
шақылдақ, биік таулық күміс сұртышқан, тянь-шандық орман сұртышқан т.б.
кездесуі мүмкін. Қала жасыл құрбақа, көлбақа тіршілік етеді. Бұлар
қоңыздарды шегірткені, жұлдызқұртты, қан далаларды жеп бау – бақшаларға
үлкен пайда келтіреді. Жасанды су айдыны – суару жүйелерінің кеңейюіне
байланысты көлбақа көбеюде. Қалалық су айдындары балыққа кедей. Тау
өңдерінде көкбас, талма балық, жылылау төменгі ағыстарында және бөгендермен
тоғандарда теңге балық, амур шабағы мекендейді. Бірінші май тоғандарында
ұсақ сазандар кездеседі. Су айдындары ихтофаунасын молайту мен Алматы тоған
шаруашылығы, Алматы балық питомнигі шұғылданады.
Тұрғындары. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1км2ге 7,3 адамнан, тау
етегінде 1км2 – ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 км2-ге 2,6 адамнан
келеді. олардың 30,3 пайызы қалада тұрады. Қалалары: Алматы, Талдықорған,
Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, Есік,
Сарқант.
Еңбек етуші адамдардың 31 пайыздан астамы ауыл-шаруашылығында
істейді. Оның 10 пайызға жуығы қолөнер және майдагер кәсіппен айналысты, 12
пайызы мемлекет мекемелерде, 7,7 пайызы сауда және финанста еңбектенсе,
фабрика мен заводтарда небары 1,4 пайызы, құрылыста 2,2 пайызы транспортта
1,5 пайызы ғана жұмыс істеді. Уақытша және маусымдық жұмысшылар да, үй
шаруасындағылар да болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы майдан
төңірегіндегі аудандардан көшіп келген ондаған мың адамды қабылдады.
Олардың бір бөлігі Алматыда түпкілікті тұрақтынып қалды, алматылықтардың
этникалық құрылымындағы ұлттар саны көбейе түсті. Соғыстан кейінгі кезеңде
Алматы кереметтей өсті, адам танығысыз өзгерді. Соғыстан кейінгі жылдары
алматылықтардың білім дәрежесі айтарлықтай өсті. 1979 жылдық санақ бойынша
125,8 мың адымның жоғары білімі, 3,5 мыңында – аяқталмаған жоғары білім,
96,6 мыңында - арнаулы орта білім, 188,1 мыңында жалпы орта білім, 142,4
мыңында аяқталмаған орта білім болды. 1980 жылдың аяғында ғылыми
қызметкерлердің саны 16,4 мыңға жетті, олардың 539-ы ғылым докторлары,
6,1 мыңы ғылым кандидаттары, 1981-82 оқу жылының басында астананың 15
жоғары оқу орнында 100 мың студент, 18 арнаулы орта дәрежелі оқу орнында 28
мың шәкішрт, 120 жылпы білім беретін күндізгі мектептерде 113 мың оқушы
оқыды; бұған қоса 13 мың адам жалпыға білім беретін кешкі және сырттан
оқитын орта мектептерде өндірістен қол үзбей білімін көтереді.
Өнеркәсіп. Тарихи тұрғыдан алғанда, Алматы өнеркәсібінің дамуын үш
кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – орташылдық сипаттағы майдагер
кәсіптік өндірісінің өркендеуі. Алматының өнеркәсіптік бет бейнесін
айқындаған негізгі сала – арақ-шарап және сыра қайнату болғаны мәлім.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде оның мөлшері 50 пайыздан асты.
Жоғарыда аталғаннан басқа Алматыда қылшық жүннен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz