Психологиялық тренингтік технология


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

І ОЙЫННЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГҢЗДЕРІ

  1. Шет тілін меңгертуде ойын технологиясын қолдану жолдары мен

ерекшеліктері . . . 7

1. 2 Ойын арқылы шет тілін меңгерту жұмысын ұйымдастыру тиімділігін анықтау . . . 25

1. 3 Оқушыларға ағылшын тілін меңгертуде ойынды қолданудың

психологиялық маңыздылығы . . . 43

ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРТУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЭКСПЕРИМЕНТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ.

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін меңгеру диагностикасы . . . 52

2. 2 Ойын арқылы ағылшын тілін меңгертудегі қалыптастыру

жұмысын ұйымдастыру бағдарламасы . . . 63

2. 3 Зерттеу нәтижелерін сараптау . . . 79

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 90

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 92

ҚОСЫМШАЛАР

К І Р І С П Е

Зерттеудің өзектілігі.

Әлемдік байланысқа шығу мақсатында 2700-ден астам ұлттардың ішінен ағылшын тілінің қатынас құралы ретінде қолданылуы біздің еліміздің қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, ағылшын тілін еркін үйреніп сөйлеулерін талап етеді. Ал еліміздің үздік 50 елдің қатарына қосылу мақсатында ағылшын тілінде ауызекі сөйлесіп, түсінісе білу негізгі мәселе болып отыр. Олай болса шетел тілін білу өмір талабы.

Президенттің Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 - ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі -тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деп атап көрсетті [1] . Сонымен қатар . . . Қазақстан халқына Жолдауының жетінші бағытында «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау» - деген. Білім берудің жүйесін жаңғырту барасындағы осы бағыттың екінші міндеті бойынша педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтардың жұмыстары туралы айтылған. Олай болса, бүгінгі таңда жастарға әлемдік деңгейге сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлауын, іскерлігін, төзімділігін, сонымен қатар кәсіби біліктілігін арттыру өркениетті қоғамның міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны қалыптастырып, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі қоғамның өзгерісіне сай алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға және таратуына және ұтымды, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады [2] .

Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Қазіргі таңда оны реформалаудың жолдары мен мәселелері де сан алуан. Осы орайда елімізде қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық - ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беруде жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

- Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;

- Экономиканың нарықтық моделін ұсынып, меншіктің басқа да түрлерін дамыту;

- Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.

Қоғамның даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, интеллектуалды, креативті азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесі ретінде жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында оның жетекші іс-әрекетінің алатын орны ерекше.

Ойын психология саласында тұлғаның іс-әрекетінің бір түрі. Ойын ұғымының мағынасы кең, әрістұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтиды. Бұрын балалар ойыны мен актерлік ойын ретінде педагогика мен өнертанудың зерттеу нысандары ғана болып санала, қазір ойын мәселесі психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т. б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып тұлғаның танымдық іс-әрекетін дамуына ықпал етеді.

Ендеше, еліміздің әлемдік байланысқа шығуы ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың бүгінгі білім мен тәрбиесіне байланыстылығы анық. Ол жан-жақты білім алған, парасатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру, олардың жан дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани адамгершілік қасиеттерін байыту, ұлттық дәстүрлердің озық өнегелерін ой-санасына орнықтыру - бүкіл халық, ауыл-аймақ, отбасы, қоғамдық мекемелер мен орталықтар болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де белгілі. Ал, баланы жан-жақты дамыту мен білім беру - ұзақ жылдарға созылатын, ізденімпазды талап ететін, күрделі, әрі жауапты еңбек. Ал мұндай әрекетті баланың алғашқы іс-әрекетінің түрі - ойын арқылы берілетіні анық.

Тұлғаның дамуы оның әлеуметтену нәтижесіндегі өзгеру процесі болып табылады. Сондықтан оның танымдық белсенділігін өрістету, жан жақты білімдермен қаруландыру олардың тұлға ретінде қалыптасуының маңызды факторы. Олай болса, белсенділік - адамның қандайда бір нәрсеге қатысудағы қуатты, қарқынды іс-әрекеті немесе іс-әрекет үстіндегі күй. Осы іс-әрекеттердің, жалпы тіршіліктің барысында адам бойында: қарым-қатынас жасау белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу, шығармашылық, көркемдік белсенділіктері қалыптасып дамиды. Адамның іс-әрекеттерінің көп түрлігіне байланысты: психикалық, физиологиялық, өндірістік, әлеуметтік, тұлғалық, танымдық-көркемдік белсенділіктер бар. Аталған белсенділіктердің педагогикалық-психологиялық негіздері: Ю. Н. Бабанский, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, Л. Я. Зорина, Қ, Б. Жарықбаев, С. М. Жақыпов, С. Қ. Бердібаева және т. б. еңбектерінде зерттелген.

Ал танымдық белсенділік осындай мақсатқа жетуге бағытталған қабілеттің көрінуі. Осындай қабілеттерді қалыптастыру мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің нәтижесі. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерін даярлаудың нақты мәселесін шешуге бағытталғанымен мектептің білім беру жүйесіндегі өзгеріске жаңа инновациялық технология арқылы даярлау мәселесі екінші тілді үйрету барысындағы олардың кәсіби білімі мен компетенттілігін қамтамасыз етеді.

Ендеше әр оқушының өмірлік қадамына жол ашудың ауыр салмағы мектеп мұғалімінің шағына түседі. Сонымен қатар қазіргі замандағы ғылым мен техниканың күрт дамуына қарай мамандардың да қоғамға сай, болашаққа қабілетті, бейімді, икемді болу қажеттілігінен туып отыр.
Мемлекетімізге шет тілін білетін жоғарғы деңгейдегі мамандардың санын арттыру мектеп қабырғасында басталуы тиіс. Шет тілі оның ішінде ағылшын тілі қазіргі қоғам дамуында үлкен рөл атқарып отыр.

Сондықтан өскелең ұрпақты шетел тіліне оқытуда жаңа әдістерді ұтымды қолдану оқытушының жас ұрпақтың тілге деген ынтасын, көзқарасын, біліктілігін арттыру мақсатын ең алдымен қояды. Әрине, тілді меңгертуде әлі де көптеген қиыншылықтар кездеседі. Соның бірі сөйлеу әрекеті. Ол негізінен жеке тұлғаны түрлендіріп оқытудың жетіспеушілігінен туындайды. Тілді меңгертудің негізі - танымдық іс-әрекетінің байланысын түрлі жаттығулар арқылы дамытып, оқушымен жеке жұмыс дағдысын қалыптастыру.

Бастауыш сынып жасы шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең, өйткені бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді және өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл «құпияларын» байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Бірақ ол ең алдымен өз ұлтының ана тілін толық және дұрыс меңгеруі қажет. Сондықтан ана тілін толық меңгермейінше өзге тілді қабылдау бастауыш сынып оқушысы үшін қиындық туғызуы мүмкін. Олай болса шетел тілін меңгертуде ойын технологиясының рөлін ашу, оны оқу үрдісінде тиімді қолдану жолдары мен психологиялық аспектілерін анықтау біздің зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты - Ағылшын тілін меңгертуде ойын технологиясын қолданудың психологиялық маңыздылығын теориялық мәселе тұрғысынан талдау және тәжірибеде тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны - ойын технологиясы арқылы ағылшын тілін меңгерту процесі.

Зерттеу пәні - ойынның ағылшын тілін меңгертудегі рөлі мен психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы: оқушыларға ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясы мазмұны мен мақсатына қарай таңдалып, оны тиімді пайдаланса, екінші тілді үйренуге деген олардың қызығушылығы мен белсенділігі артады, білімі мен іскерлік дағдылары дамиды және тілдік қарым-қатынас біліктіліктері қалыптасады, өйткені шетел тілін меңгертуде ойын тиімді психологиялық қамтамасыз етеді.

Зерттеу міндеттері:

1. Оқу-тәрбие үрдісінде ойын технологиясының педагогикалық-психологиялық мәнін талдау;

2. Екінші тілді меңгеруде танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойынның түрлері, оның тиімділігі мен психологиялық ерекшеліктерін айқындау;

3. Шетел тілін үйретуде ойын технологиясын қолдану жолдарын анықтау бойынша тәжірибелік сынақтар жүргізу;

4. Ағылшын тілін меңгертуде ойын түрлерін іріктеп, оқу үрдісінде қолдану барысына бейімдеу.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқу - тәрбие үрдісінде ойын технологиясын қолданудың психологиялық ықпалын диагностикалық зерттеу мен деректерді өңдеу әдістер.

З ерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі : ойын элементтерін пайдалану туралы А. Әбішева, А. Бәкірова, Ә. Бүркітбаев, А. С. Спиваковская, ойын мақсатын талдау мен мәнін анықтау С. Қоныбекова, ойынды қолдану арқылы баланы тәрбиелеу ерекшеліктері Д. Б. Эльконин, Е. В. Кутеев, танымдық іс-әрекет, белсенділік, оқытудағы қиындықтарды жою туралы Х. Т Шерьязданова, . Л. К. Ермекбаева, Н. Қ. Тоқсанбаева, Т. Тәжібаев, А. Алдамұратов, тілді дамыту мен шет тілін меңгерудегі ойынның рөлі туралы Барбара Шварц, Д. Берген, З. А. Кочкина, Т. Н. Ушакова және т. б. еңбектері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

  1. Оқу-тәрбие үрдісінде ойын әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері теориялық талдау арқылы зерттелінді.
  2. Ойын технологиясы арқылы екінші тілді меңгерудегі рөлі мен оқушының танымдық белсенділігін қалыптастырудың тиімді жолдары анықталды.
  3. Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін үйрену деңгейі диагностикалық әдістер арқылы өлшеніп, көрсеткіштері сараланды.
  4. Ойын арқылы ағылшын тілін меңгерудің арнайы бағдарламасы дайындалып, психологиялық тиімділігі тәжірибеден өткізілді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Педагогика және психология ғылымындағы зерттеулерден ойынның бала дамуы мен қалыптасуындағы, оның оқу-тәрбие үрдісінде қолдану маңызды мәселелердің бірі болып табылатындығы анықталды.

Ойынның ағылшын тілін меңгертудегі оны қолдану мақсаттары мен мотивтері оның білімді меңгеруі үшін қажетті жағдай жасайтындығы сараланды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Шет тілін меңгертуге практикалық көмек ретінде қолдану жолдары анықталып, оны оқу-тәрбие процесінде қолдану ерекшеліктері ұсынылды.

Зерттеу нәтижелерi мен қорытындылары бастауыш сынып оқушыларының екінші шет тілін мегеруін арттыру iсiнде пайдалануда тиімді нәтиже беретін мүмкіндігі бар.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар : Ағылшын тілін ойын технологиясының ықпалы негізінде меңгертудің өзіндік ерекшеліктері бар:

- ағылшын тілін меңгертуде ойын технологиясының ықпалын анықтау, тілді үйрену қиындықтарын ұғынуы басқа да психологиялық ерекшеліктерінің себептерімен де байланыстылығы анықталды;

- зерттеудің негізгі әдістерін іріктеу, талдау, өлшемдерін өңдеу оқу үрдісінде ойынның тілді меңгеруге ықпал ету деңгейінде анықтауға болады;

- оқушының тілдік, когнитивті, шығармашылық қасиеттерін белсендіруді ойын арқылы ұйымдастыру оның шетел тілін жылдам меңгеруіне ықпал жасайды;

- ойын көмегімен оқушының білімге деген мотивациясы мен қабілетін көтеру психологиялық тұрғыдан ағылшын тілін меңгерудегі маңыздылығы артып, тиімді болып табылады.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (IX-XII /2010 ж. ) оқыту процесінде ойынды қолдану туралы теориялар жинақталып, олар жан-жақты талданады, ерекшеліктері анықталады. Зерттеу нәтижелері ғылыми мақалалар ретінде рәсімделіп, баспаға ұсынылады.

Екінші кезеңде (I-V / 2011 ж. ) ағылшын тілін үйретуде ойынды оқу процесінде қолдануды теориялық тұрғыда зерттеудің негізгі бағыттары анықталды. Зерттеу нәтижелері курстық жұмыс ретінде өңделеді.

Үшінші кезеңде (ІХ / 2011 -V / 2012 ж. ) ағылшын тілін үйретуде ойынды қолданудың тиімді жолдары анықталды. Зерттеу жұмысы қорытындыланып, рәсімделді және магистрлік диссертация қорғауға ұсынылды.

Зерттеу базасы. № 44 қазақ орта мектебі. 3 сынып оқушылары.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарында жарық көрген.

Зерттеу жұмыстың құрылымы кіріспе, теориялық бөлім, практикалық бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

  1. ОЙЫННЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫШет тілін меңгертуде ойын технологиясын қолдану жолдары мен

ерекшеліктері

Елбасы Н. Ә Назарбаев өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің сапасын уақыт талабы деңгейінде жетілдіру, пәннің ерекшелігіне қарай ғылыми деңгейде, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқытудың жаңа талаптарын қойып отыр. Білім беруді үздіксіз ақпараттық технология жаңалықтарымен толықтырып отыру, елімізде білім беру сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда еліміздің шетелдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Сол себептен қазіргі заман талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен күнге өсіп отыр. Білім беру ұйымдарында педагогтар оқушылардың шетел тілін оқыту барысында білім алуға негізделуін қалыптастыруға итермелейтін әр түрлі әдістер қолданылуда.

Оқушылардың тілінің негізінде ағылшын тілін үйрету, олардың өз ойын ауызша және жазбаша талапқа сай, еркін, байланыстыра сауатты баяндай білу біліктерін дағдыландыру. Оқулықтарды өздігінен пайдалана білу, шығармашылық іскерлік дағдылары мен қарым-қатынас ерекшеліктерін қалыптастыру, ғасырлар бойы жаңа рухани мәдениетімен, білімімен қаруландыру және егеменді еліміздің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін оқушы бойынша сіңіре отырып шетел тілін меңгерту. Ал оқушылар өзге тілді қазақ тілін жан-жақты меңгергеннен кейн ғана бақа тілдердің мән-мағынасына, қасиетіне терең үңілуге болады.

Білім беру - күрделі құрылымды, көпжақты оқу-тәрбие жүйе. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның жеке мемлекеттік және жеке тұлғасының сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанасын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» - делінген [2] . Елміздің алға қойған басты мақсаты интеллектуалды, креативті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

2009-2010 оқу жылында қазақ және орыс мектептерінде шетел тілін оқыту бағдарламасы ортаңғы және жоғары сыныптар бойынша 5-11 сыныптарда Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерге арналған «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты» негізінде «Шетел тілі» пәні Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығының неігізінде дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.

Мектепте оқуға ерекше мән беру болашақ шетел тілі маманның өз бетiнше iзденiп, шетел тiлiндегi кәсiпке байланысты мәндi ақпараттармен қарулануы, оларды өзгертiп, түрлендiрiп өз пайдасына жарату сияқты атқаратын іс-әрекеттерден тұрады. Оқудың алғашқы баспалдағы мектеп жағдайында берілетіні анық, әрi оқу сөз әрекетiнiң басқа түрлерiнiң дамуына, қалыптасуына оң ықпал етедi. Мектептерде шетел тiлдерiн оқыту барысында дамыту көзделедi. Олар: ұғынып, өз бетінше ізденіп оқу, шығармашылық таныту.

Мектептің жоғары сыныптарында оқыту базалық бiлiм негiзiне сүйенедi. Бұл бағытта бiлiм беру оқушылардың болашақ мамандығына бағдар беру мен iс жүзiндегi әрекетiн нысана ете отырып, белгiлi бiр нәтиженi көздейдi. Ол оқытудың мақсаты мен мiндетiне, талаптарына байланысты болады. Оның негізігі мақсаты жан-жақты бiлiм берудi көздейдi, себебi мектептерде адамзат тарихымен, мәдинетiмен ғана емес, адамның табиғатынан, болмысынан да бiлiм, біліктер берiледi. Осы бағытта тіл үйрету, сөздік әрекетiнің тиiмдi жақтарына ерекше көңiл бөлу (ауызша сөйлеуге баса көңiл бөлу, оқуға, жазуға және тыңдап түсiнуге маңызды жағдай жасау т. б. ) немесе әлеуметтiк мәдени, лингвистикалық, грамматика т. с. с. ерекше назар аудару қажеттігі қарастырылады.

Тілді меңгеруді үйрету мен оқытуда сөйлеу, тыңдап түсiну, оқу талаптарымен қатар аударма және жазу техникасы бойынша арнайы бiлiктер жоспарланып мiндеттi түрде берiледi. Тілді терең меңгерту бағытындағы мектептерде оқу мен сөйлеу басты әрекет бола отырып, оқытудың тәрбиелiк, бiлiмдік, дамытушылық мақсаттары төмендегiдей бөлімдерде нақтылана түседi:

  • жаттығулардың негiзгi компоненттерiн меңгерту (жалпы дамытатын және арнайы жаттығулардың кейбiр түрлерiн қоса) ;
  • тілді қабілдауда оқушының саналы түрде қатынасы, өзiнiң болашақ өмірінде шетел тiлдерiн күнделікті қажеттілікпен қолдана бiлу икемділігін сезiнуге бағыттау;
  • оқушының өз біліміне деген қажеттi жалпы мәдени ой-өрiсiн кеңейту;
  • таным процесiнде оқушының ойлауы, есте сақтауы, тiл мәдениетi, сөйлеу мәдениетiн дамыту;
  • оқушыларды ауызша және жазбаша түрде тұрмыс тіршілігіне байланысты өзара мәдени қарым-қатынас жасай бiлуге дайындау.

Білім беру жүйесін ұйымдастыру, оқушылардың өздігінен білімді меңгеру әрекетіне жағдай жасау деп қарастыру керек. Оқу сабақтастығы, психологиялық ахуал, педагог пен оқушы арасынд орнатылған ерекше карым-қатынас. Оқытушы тілід үйретуде тек дайын білімді түсіндіріп коюшы, бақылаушы немесе бағалаушы емес, танымдык іс-әрекетті ұйымдастыратын топтық жұмыстың ұйтқысы. Тек осындай білім беру мен оқыту ғана оқушы интеллектісін дамытып, оның творчествалық қабілетін қалптастыру.

Белгілі психолог В. Н. Мясищев пікірінше оқушы мен педагогтің бірлескен іс-әрекеті, оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнды, мәнерлі және әрекет элементтері тек қана тіл немесе ым-ишара мен дене қозғалыстарында ғана емес, қарым-қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының көптеген ассоциялистік байланыстарды көрсетумен де байланыстылығында [3] . Сондықтан білім беру жүйесіндегі жаңа талаптар педагогтар «бәсекеге қабілетті» мамандарды тәрбиелеу мен қалыптастыруды талап етсе, ең бірінші педагог осы міндетті жүзеге асыруы үшін оның жеке басының дайындығы, сенімділік пен ұстамдылық, жоғары қарым-қатынас мәдениеті, түрлі ситуацияларды басқара білуі т. б. сияқты қасиеттер мен педагогикалық шешеберліктерді әсіресе шетел тілі мұғалімдерінің меңгеруі тиіс.

Тіл және сөйлеу қарым-қатынасқа түсудің ең басты құралы. Сондықтан ол педагогикалық үдерісте субъектілердің сөйлеу ерекшеліктерін сақтау өзара байланыста мәнді де мазмұнды қарым-қатынасқа қол жеткізеді. Осы мәселе төңірегінде белгілі ғалым Г. М. Андрееваның пікірінше, сөйлеу - бұл коммуникацияның ең әмбебап құралы. Ал, коммуникативті ықпал ақпарат алмасудың нәтижесі ретінде оны бағыттаушы адам, яғни коммуникатор мен оны қабылдаушы адам, яғни реципиент кодификация және декодификацияның бірдей немесе ұқсас жүйесіне ие болғанда ғана мүмкін болады [4] . Ал тілді үйренудегі осындай өзара байланыс шетел тілін оқытуда тиімді әдістерді қолдануды мақсат етеді.

Білім беру орындарында шетел тілі - ерекше пән. Басқа елдің тілін игеруде оқушылар ұзақ үйрену жолынан өтеді. Ал мұғалім оқушылардың сол әрекетті қиындықсыз меңгеруіне тікелей ықпал етеді. Күнделікті жаңа сөздермен танысу және оны жаттау, аудармен сөздіктермен жұмыс, грамматикалық конструкцияларды талдау т. б.

Баланың оқудағы негізгі психологиялық түрткісінің бірі - тілді үйренуге деген қызығушылығы. Әрине пәнге деген қызығушылық болмаса, шет тілін меңгеру оқушыға қиынға соғады. Ал оқушының қызығуы бір нәрсеге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады. Оқушы бойына осындай пәнге деген қызығушылықты ұялату, әрине ең алдымен мұғалімнің кәсіби педагогикалық шеберлігі мен психологиялық сауаттылығына байланысты [5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тренингтік жұмыстар технологиясы
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері жайлы
Инновациялық оқыту туралы
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негіз
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері
«Сөйлеуді жетілдіру жолдары»
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Бастауыш мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz