Бастауыш математиканың білім мазмұны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-3
I. Бастауыш сыныптардағы математика пәндеріне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 2-3
1.1 Бастауыш сыныптардағы математика пәні, оқытылу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..4-6
1.2 3-сынып математика оқу пәнінің базалық мазмұнының тарауларына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ...7-8

II. 3-сынып математика пәні мазмұнының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 9-11
2.1 1999-2000 оқу жылында шыққан төл бағдарлама бойынша оқулықты
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .12-16
2.2 2010 жылы жарық көрген оқулық мазмұнының ерекшелігі және оның
оқытылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-19.
2.3. Екі оқулық мазмұнына талдау жасау ... ... ... ... ... .. 20-25

IІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...27

Кіріспе

Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік алысымен қызу қолға алынған ауқымды
іс-шаралардың бірі – жеткіншек ұрпақты мүмкін болған жаңа қағидалар
негізінде тәрбиелеу мәселесі. Тәуелсіздікке ие бола салысымен, тәуелсіз
елге тән қағидалар негізінде, ұлттық және патриоттық сана-сезімі жоғары,
әлем өркениетінің қазіргі даму деңгейімен үндесе алатын ұрпақ тәрбиелеу
қолға алынды. Соның арқасында, бұл күнге дейін тарихи тұрғыдан қарағанда
өте аз уақыт - 10 шақты жыл ішінде еліміздегі ұрпақ тәрбиесі
мәселесінің бүгінгі және және ертеңгі саясатын айқындайтын Білім
заңы, Білім стандарттары, Білім тұжырымдары сияқты құжаттар жарық
көрді және олар заман ағымына орай жетілдірілді. 1998 жылы жарық
көрген және 2002 жылы жетілдірілген Қазақстан Республикасы жалпы орта
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде орта
білім берудің әр сатысының мақсат-міндеттері, формаларының айқындалуы,
2002-2003 оқу жылында еліміздің 1-4 сыныптарына өз ғалымдарымыз,
әдіскерлеріміз, мұғалімдеріміз даярлаған төл оқу құралдарына толық
көшірілуі, осы құжаттардың нақты іс жүзіне асуының айғақтары десек,
қателеспейміз. Әрине, мұндай ауқымды іс-шаралар мүлдем кемшіліксіз іске
асып жатыр десек, артық айтқандық болар еді. Алайда, қателесу, кемшілік
жіберу тіршілік иесінің бәріне тән жағдай. Сол себепті, мұндай жағдайда
атамыз қазақ айтқандай көш жүре түзеледі деген қағиданы өмірдің өзі
дәлелдеп отыр.
Мектеп реформасы бастауыш мектептен басталатыны белгілі. Қазіргі таңда
бастауыш мектептегі білім беру мен тәрбиелеу мәселесі толық болмағанмен
белгілі бір жүйеге түсті деп тұжырымдауға болады. Қазақстан республикасы
мектептерінің бастауыш сыныптарында өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін
математика пәні Ресей оқулықтарының аударма нұсқасымен оқытылып
келген болатын. Атап айтқанда, 1979 жылдан бері М.И Моро бастаған
авторлар тобы дайындаған (алдымен үш жылдық, кейін төрт жылдық бастауыш
мектептер үшін) математика оқулықтарын пайдаланып келді. Сондықтан
оқулық дайындау мәселесімен қазақстандық әдіскер-ғалымдар мен
мұғалімдердің айналысуына қажеттілік туындамады, мүмкіндік болмады,
рұқсат берілмеді. Алайда, алты жасарларды оқытуға көшудің жоспарлануына
байланысты қазақстанның жағдайына лайықталған 1-сыныпқа арналған
математика оқулығын дайындау 1986 жылы қолға алынды және 1986-1987
оқу жылында тәжірибеге енгізілді. Содан кейін математикадан егемен
және тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз Қазақстанның төлтума
оқулықтарының жаңа нұсқасы 1991-1992 оқу жылында дүниеге келді. Осы
оқулықтарының негізінде дайындалған жаңа буын төлтума оқулықтарымен
бастауыш сыныптарда математика пәні 1997-1998 оқу жылынан бастап
оқытылып келе жатыр.
Мектеп партасындағы бүгінгі бала – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі,
басшысы. Сондықтан балаға болашақ деп қарап, оның біліміне ерекше мән
берілу керек. ҚР Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеттерінің
бірі - азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны – Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін
қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге
төзбеуге тәрбиелеу деп атап көрсетілген.
Демек, Ел болам десең, бесігіңді түзе (М. Әуезов) демекші,
мемлекеттің ертеңі, қауіпсіздігі бүгінгі мектеп парталарында отырған
оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында олардың санасына қандай
дәннің себілуіне байланысты. Ал, дәл бүгінгі күн үшін дән дегеніміз -
оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер. Олар арқылы біз жеткіншек ұрпақты
ұлша тәрбиелесек, ұл болады, ал құлша тәрбиелесек құл болады (А.
Байтұрсынұлы). Сондықтан, Жаңа сипатты мазмұндағы мектепті оқулықтар мен
оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету – ол мемлекеттік деңгейдегі
саяси іс.

І. 1.1 Бастауыш сыныптардағы математика оқулықтары, мазмұны,
оқытылу ерекшеліктері.
Республикамыздың қазақ тіліндегі бастауыш мектептері 1992-93 оқу
жылынан бастап төл оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге көшті.
Алғашқы кезде дайындалған оқу құралдарының сапасы ойдағыдай болды
деуге болмайды. Оның себебі, алғаш оқу құралдарын жазған авторлардың бәрі
демесекте көбінің автор ретінде тәжірибесі жеткілікті болды деп айта
алмаймыз. Дегенмен, бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға байланысты
ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі және де соның негізінде
салыстрмалы түрде тез арада оқу-әдістемелік комплектінің жарық көруі
республикада аталған сала бойынша мамандардың бар екендігін және
олардың қандай жүкті болса да мойнына ала алтындығын көрсетті.

Тек қана Республика азаматтарынан құралған, бастауыш мектеп
мұғалімдері ( Ерешова К, Қазгелдина Қ. , Мұхамбетқызы С., Абраева Б.),
арнаулы педагогикалық оқу орнының оқытушысы (Құрманалина Ш.)
педагогикалық жоғары оқу орнының оқытушысы Оспанов.Т, ғылыми зерттеу
институтының қызметкерлері Өтеева Қ., Қайыңбаев Ж., Наурызбаева Ә.,
Сәтімбекова М. Бар екі авторлар тобы республика мектептері үшін
дайындалған базалық оқу жоспарына сәйкес, бастауыш сыныптарда
математиканы оқыту барысын жетілдіру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Соның арқасында қысқа мерзімде бастауыш матемтика курсының
мақсаты мазмұны т.б айқындалып, бастауыш мектептері үшін математикадан оқу-
әдістемелік комплект дайындалды.
Алайда, сол кезде Т. Оспанов бастаған авторлар тобы дайындаған оқу-
әдістемелік комплектімен қатар Өтеева бастаған авторлар тобы әзірлеген
және сол кезде Білім министрлігі байқау мектебіне ұсынған комплектінің
көп таралыммен шығуы бастауыш мектеп мұғалімдерін шатыстрды.
Кейін екі авторлар тобы біріге отырып, төлтума оқу-әдістемелік
комплектіні пайдаланған мектептердің тәжірибесін зерттей келе, тәуелсіз
мемлекетіміздің білім беру құжаттарын негізге ала отырып, ғылыми зерттеу
жұмыстаын жетілдіре түсті.
Соның нәтижесінде 1997-1998 оқу жылынан бастап бастауыш
сыныптарда математиканы оқыту жаңа буын оқу құралдарымен қамтамасыз
етіле бастады.
Ал, үшінші сынып 1999-2000 оқу жылынан бастап жаңа буын оқулығына
көшті.
Яғни, 1999 жылдан бастап, Т.Қ. Оспанов, Ш.Х. Құрманалина,
Ж. Т. Қайыңбаев, Б.М. Қосанов, К.Ә. Ерешова авторлары дайындаған
Атамұра баспасынан шыққан жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына
арналған оқулық осы қазіргі күнге дейін оқытылып келеді. Аталған
оқулық 2003 жылы өңделіп, қайта басылып шығарылды. Қазір сонымен қатар,
2010 жылы Т.П. Кучер, А.С. Акрамова, Г.И. Кукарина, А.Қ. Әділбекова
авторлар тобы жазған жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқу-
әдістемелік кешен жарық көрді. Оқулық қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының жалпы білім беретін орта мектептерінің бастауыш
сыныптарында байқау ретінде оқытылуда.
Бастауыш математиканың білім мазмұны ... дүние жүзіндегі аса
дамыған және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес.
Дамыған елдердің орта білім беру саласы әр түрлі оқу құралдарымен,
техникалық құралдармен жақсы жабдықталғанмен оның жалпы жүйесі бұрынғы
КСРО-ның білім беру жүйесінен артық емес, тіпті көптеген көрсеткіштері
бойынша кем. Яғни, оларда мектеп барлық жағынан жақсы жабдықталғанымен
мұғалім мен оқушының арасы, оқушы мен оқушы арасы тек қана практикалық
қажеттілікке негізделген. Ал біздің мектеппен, әсіресе ауыл мектебі
ондағы адамдар арасындағы қатынаста, әрине, практикалық қажеттілік бар,
бірақ негізінен, адамгершілікке, инабаттылыққа парасаттылыққа
бағытталған. Қазіргі қоғамның даму деңгейі кез келген қоғам мүшесіне
деген бұрынғы көзқарасты өзгертіп отыр. Бұл күнде әр адам сан-салалы
өзгерістерге тез бейімделгіш, керек кезде дұрыс шешімдер қабылдауға
қабілетті болуы қажет. Бұл жағдай өз кезегінде мектепке дамыта оқыту
мәселесін алып келді. Дамыта оқыту идеялары жүзеге асуының бір
бағытына математиканың білім мазмұнын құрайтын блоктардың бірі арналып
отыр. Онда Мазмұндық логикалық есептер мен тапсырмалардың жүйесі ...
қарастырылған және олар оқушы зейінін, қабылдауын, ...қиялын, есте
сақтауын, логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағытталады.
Басты мақсат – оқушылардың интеллектісін дамыту. Мұнда интеллект
деп мәлімет (информация) аз жағдайдың өзінде адамның әрі тез, әрі қатесіз
қорытынды жасауын логикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдау қабілетін
түсінеміз. Ал, бұл жағдай іске асады, егер оқушының танымдық қабілеті
(түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиялдау) даралық психологиялық ерекшеліктері
(темперамент, мінез, қабілет) және ерік-жігер, зейіні дамыған қалыптасқан
болса.
Ал, математика – аталған қасиеттерді дамытуға ыңғайлы, тіпті тиіс деп
есептелініп келді және есептеліне береді де. Математика –ақыл ой
гигиенасы. (Гаус). Сондықтан, бастауыш мектеп математикасының білім
мазмұнын құру, оны оқытудың әдістемесін жасау және басқа жағдайларда бұл
мәселе басшылыққа алынды. Сол сияқты оқушының жеке бас тұлғасын
тәрбиелеу мәселесінің бір қыры ретінде, әсіресе патриоттық тәрбие беру
жағы да қарастырылған. Осы жағдайларға байланысты қазіргі бастауыш
математиканың білім мазмұны және ол нақты көрініс табатын
тапсырмалардың мазмұны, игерілу тәсілі оқушылардың психологилық тұрғыдан
дамытатындай патриоттық тұрғыдан тәрбиелейтіндей (есептердің мазмұны,
суреттер, т.б.) етіп құрылуна авторлар тобы күш салды. Бастауыш
сыныптарда математиканы оқытуда білімдік, дамытушылық және тәрбиелік
мақсаттар сақталғанымен, дамытушылық мақсатқа ерекше ден қойылып отыр.
Математика пәнiн оқытудың мақсаты: математикалық бiлiм, бiлiк және
дағдыларды игерту; математика курсының мазмұны арқылы баланы тұлға ретiнде
қалыптастыру; танымдық iс-әрекетке, сондай-ақ өздiгiнен бiлiм алуға
дайындығын қалыптастыру.
Математика пәнi бойынша оқу жүктемесiнiң көлемi 1-2 сыныптарда аптасына
4 сағатты (оқу жылында 136 сағат), 3-4 сыныптарда аптасына 5 сағатты (оқу
жылында 170 сағат) құрайды.
Мектептiң бастауыш сатысында Математика пәнi бойынша базалық бiлiм
мазмұны: 1) терiс емес бүтiн сандардың арифметикасы; 2) алгебра
элементтерi; 3) геометрия элементтерi блоктарынан тұрады.

1.2 3-сынып математика пәні мазұнының базалық мазмұнының
тарауларына сипаттама.

Қайталау (Тірек білімді белсендіру)
Бір, екі, үш таңбалы сандар. Сандар және біртекті шамалардың мәнін қосу
мен азайту. Екі және үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың алгоритмі
(жазбаша тәсілдері). Екі және үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың
әлдеқайда қиын жағдайлары. Есептер және оны шешу тәсілдері. Теңдеулер,
теңсіздіктер. Геометриялық фигуралар.

Көбейту, бөлу
Бірдей сандардың қосындысын табу және санды бірдей сандардың
қосындысына жіктеу.
Көбейту және бөлу (амалдардың мән-мағынасы мен атаулары, х, ∙, :
таңбалары). Көбейтінді және бөлінді. Көбейткіштер. Бөлінгіш. Бөлгіш.
Көбейтіндінің мәні. Бөліндінің мәні.
Көбейту – бөлуге кері амал. Көбейтуді тексеру.
Бөлу – көбейтуге кері амал. Бөлуді тексеру.
Қалдықпен бөлу және оны тексеру.
Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері.
Көбейту мен бөлудегі 0 мен 1-дің қасиеттері.
Кестелік көбейту мен бөлудің сәйкес жағдайлары. Ондықты, жүздікті бір
таңбалы санға көбейту мен бөлу. Сандарды 10-ға, 100-ге көбейту мен бөлу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға, екі таңбалы санды екі таңбалы
санға, үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің ауызша
тәсілдері. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің
алгоритмдері (жазбаша тәсілдері).
Екі бірдей көбейткіштердің көбейтінділері. Санның квадраты. Бір таңбалы
сандар мен 10 санының квадраты.
Көбейту және бөлумен байланысты санды және әріпті (бір әрпі бар)
өрнектер.
Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға; теңдей және тиісінше бөлуге;
белгісіз көбейткіштерді, бөлінгіш және бөлгішті табуға; еселік салыстыруға;
есе артық және есе кем қатынастарының (тура және жанама түрде
тұжырымдалған) мән-мағынасын ашуға арналған; шамалар арасындағы
тәуелділікке негізделген (бағасы, саны және құны; бір заттың массасы,
заттардың саны және барлық заттың массасы; тік төртбұрыштың ұзындығы, ені
мен ауданы); санның және шаманың үлесін табуға арналған бір амалмен
шығарылатын есептер.
Көбейту мен бөлуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерді салыстыру
және түрлендіру. Берiлгенге керi бiр амалмен шығарылатын есептер. Барлық
арифметикалық амалдармен шығарылатын 2-3 амалды есептер. 2-3 амалды
есептерді салыстыру және түрлендіру. өзара кері есептер. Есептерді әр түрлі
тәсілмен шешу.

Шамалар және оларды өлшеу
Шамалар, оларды өлшеу және салыстыру. Ұзындықтың өлшем бірлігі
миллиметр (мм). Ұсағырақ бірліктен әлдеқайда ірі бірлікке, және керісінше,
ірірек бірліктен әлдеқайда ұсағырақ бірлікке көшу. Шаманың мәнін санға
көбейту және бөлу. Сандар мен шамалардың үлестері. Үлестерді салыстыру,
сандар мен шамалардың үлестерін табу. Үлесі бойынша санды (шаманы) табу.

Геометриялық фигуралар. Геометриялық шамаларды өлшеу Аудан. Ауданның
өлшем бірлігі: см2, дм2, м2. Фигураның ауданын палетканың көмегімен табу.
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы. Көпбұрыштың периметрін табу. Сызығы жоқ
қағазда тік төртбұрышты (шаршыны) салу. Тік төртбұрыштың (шаршының)
периметрін және ауданын табу.

Теңдеулер мен теңсіздіктер Көбейту және бөлумен байланысты қарапайым
теңдеулерді құрастыру және сынап көру, тура теңдіктің және өзара кері
амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу. Ақиқат және жалған теңдіктер мен
теңсіздіктер.
1-2 амалды өрнектерді (санды және әріпті) салыстыру.

Стандартты емес тапсырмалар
Комбинация және оқиғалармен байланысты стандартты емес, қызықты
тапсырмалар, оларды орындаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістері. Таңдау
діңгегін салу. Кестелер мен диаграммалар.
Әдістемедегі үлкен өзгерістің бірі – ол оқушылардың өзіндік
жұмысына ерекше ден қою Бұл дамыта оқытудың талабы. Яғни, оқушы
психологилық тұрғыдан дамиды, егер ол білім алу жолында негізінен
ізденсе. Сондықтан мұғалімнің функциясы да бұрынғыдай оқушыларға дайын
материал беру емес, соеы оқушылардың өз бетімен алуына ықпал жасау,
ұйымдастыру болмақ.

Қорытынды қайталау 1000 көлеміндегі қосу мен азайтудың ауызша және
жазбаша тәсілдері. Көбейту кестесі және бөлудің сәйкес жағдайлары. 1000
көлеміндегі кестеден тыс көбейту мен бөлудің сәйкес жағдайлары. Үш таңбалы
сандарды жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері. 2-3 амалды есептерді
салыстыру және түрлендіру. 4 арифметикалық амалды және жақшалы өрнектердегі
амалдарды орындаудың рет тәртібі. Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері.
Геометриялық шамалар және оларды өлшеу.

ІІІ. 3-сыныпта математиканы оқытудың мазмұны

2-сынып курсын қайталауға арналған жаттығулар 2-ші және 3сыныптар
арасындағы математиканы оқыту сабақтастығын қамтамасыз етуге, оның
ішінде есептеу, мың көлеміндегі натурал сандарды оқи, жаза және
салыстыра білу, ұзындық, масса және уақыт сияқты шамаларды салыстыра
білу дағдыларын пысықтауға бағытталған. Шамалар мен амалдарды орындау.
Мың көлеміндегі натурал сандарды қосу және азайту. Қосу мен азайтудың
өзара байланысы туралы білімін пайдалану. Теңдеулерді құру және шешу.
Санды және әріпті өрнектерді құру, олардың мәнін табу. Бірдей
қосылғыштардың қосындысын табуға арналған қарапайым есептерді құрастыру
және шығару. Қосу мен азайту амалдарын орындау тәртібіэнің ережелерін
қолдану. Көпбұрыштың периметрін есептеу. Қоснды мен қалдықты табу
есептерін 1-2 амалмен шығару. Кері есептерді құрастыру және шығару.
Геометриялық фигураларды ажырата бі
лу: кесінділер, түзлуер, сәулелер, тік төртбұрыштар (шаршылар).
Көбейту және бөлу тарауында оқушылар мынадай
тақырыпты оқып үйренеді: Көбейту. Көбейткіштер. Көбейтінді.
Көбейтіндінің мәні. Көбейтуге берілген бір амаалмен шығарылатын есептер.
Аудан. Фигуралардың ауданын салыстыру. Натурал сандарды көбейтудің
аыстырымдылық қасиеті. Натурал сандарды 0-ге және 1-ге көбейту. Бөлу.
Бөлінгіш. Бөлгіш. Бөліндінің мәні. Бір амалмен бөлу есептері. Бір амлдан
тұратын санды өрнек. (Көбейту немесе бөлу). Бір амалдан тұратын әріпті
өрнек. (Көбейту немесе бөлу). Көбейтудің белгісіз компоненттерін табу
ережесі. Белгісіз бөлгішті табу ережесі. Белгісіз бөлінгішті табу ережесі.
Бөлу амалы бар етңдеуді шешу. Көбейту және бөлу - өзара кері амалдар. 2
амалдан тұратын қосу, азайту, көбейту, бөлу есептері. Көбейту мен бөлудің
байланысы. Нөлді натуърал санға бөлу. Санды 0-ге бөлудің мүмкін еместігі.
Натурал санды 1-ге бөлу. Натурал санды өз-өзіне бөлу.
Бұл тарауды оқып үйрену кезінде үшінші сыныптықтар мынадай сөз
тіркестері мен терминдерді бірінші рет пайдаланады: көбейту,
көбейткіштер, көбейтіндінің мәщні, аудан, фигураның ауданы, бөлу,
бөлінгіш, бөлінді, бөліндінің мәні.
Кестелік көбейту және бөлу тарауныда мынадай тақырыптар
өтіледі: 2-ге көбейту кестесі. 2-ге бөлу кестесі. Мазмұны бойынша бөлуге
қарапайым есептері. Жарты. Шамалар: бір заттың массасы, заттардың саны,
жалпы массасы. 3-ке көбейту және бөлу кстесі. Үштен бір бөлік. Белгісіз
көбейткішті табудың қарапайым есептері. Белгісіз бөлінгішті, бөлгішті
табудың қарапайым есептері. Шамалар арасындағы тәуелділік есептері: бір
заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса. 4-ке көбейту және бөлу
кестесі. Төрттен бір бөлік. Көбейтуді тексеру. Бөлуді тексеру. Ондықтар
мен жүздіктерді бір таңбалы санға және сәкес шамаларға көбейту және бөлу.
Қалдықпен бөлу және оны тексеру. 2 амалдан тратын жақшасыз өрнектердегі
арифметикалық амалдарды орындау реті. 2-3 амалдан тұратын, жақшалы
және жақшасыз өрнектердегі арифдметикалық амалдарды орындау реті. Тік
төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу
дың әр түрлі тәсілдері. Баға, сан, құн шамалары. Шамалар арасындағы
тәуелділік есептері: баға, сан, құн. 5-ке көбей
ту және бөлу кестесі. Құрылымы неғұрлым күрделі санды және әріпті
өрнектердің мәнін табу. 1-2 амалдан тұратын көбейту, бөлу есептері.
Аудан бірлігі – квадрат сантиметр. Тік төртбұрыштың (шаршының)
ауданы, ж
әне оны квадрат сантиметрмен өлшеу. Палетканы пайдалаънып фигураның
ауданын есептеу. 6-ға көбейту және бөлу кестесі. Санның бөлігін табуға
арналған есептер. 7-ге көбейту және бөлу кестесі. Бөлігі бойынша
санды табуға арналған есептер. Санды бірнеше есе арттыру немесе кеміту.
Бірнеше есе арттыру және кеміту есептері. 8-ге көбейту және бөлу
кестесі. 2-3 амалдан тұратын көбейту, бөлу есептері. Оларды салыстыру
және түрлендіру. 9-ға көбейту және бөлу кестесі.
Үшінші сыныптықтар бұл тарауды оқып үйрену барысында мынадай сөз
тіркестері мен терминдерді бірінші рет пайдаланады: жарты, бір заттың
массасы, заттардың саны, жалпы масса, үштен бір бөлік, төрттен бір
бөлік, баға, сан, құн, санның бөлігі, аудан, шаршы сантиметр, палетка.
Ауызша көбейту және бөлу тарауында мынадай тақырыптар
өтіледі: геометриялық фигураларды латын әріптермен белгілеу. Натурал
сандарды еселік салыстыр. Бір сан екіншісінен неше есе үлкен немесе кіші
екенін табудың қарапайым есептері. Кері есептер. Санды көбейтіндіге
көбейту - натурал сандарды көбейтудің тещрімділік қасиеттері. Нөлмен
аяқталатын сандарды көбейту. Фигуралардың көлемін салыстыру. Белгілі бір
текшелер санынан тұратын көлем бойынша сыйымдылықтарды салыстыру.
Көбейтудің қасиеттерін есептеуге пайдалану. Қайталау. Қосындыны санға
көбейту – көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Екі таңбалы сандарды
разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы бір таңбалы санға көбейту. Тура
теңдіктердің қасиеттеріне сүйеніп, қарапайым, теңдеулерді құру. Санның
кубы. Көлем бірлігі - куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі – литр. Қосындыны
санға бөлу. Екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғаштарға жіктеу арқылы
бір таңбалы санға бөлу. Екі таңбалы сандарды қолайлы қосылғыштарға
жіктеу арқылы бір таңбалы санға бөлу. 2-3 амалдан тұратын қосу, азайту,
көбейту, бөлу есептер. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға ауызша бөлу.
Жүздіктерді жүздіктерзге ауызша бөлу. Үш таңбалы санды бір таңбалы
санға көбейту.
Үшінші сыныптықтар бұл тарауды оқып үйрену барысында мынадай сөз
тіркестері мен терминдерді бірінші рет пайдаланады: фигураның көлемі,
көбейтудің үлестірімділік қасиеті, санның кубы, көлем бірлігі – куб
сантиметр, қолайлы қосылғыштарға жіктеу.
Жазбаша көбейту және бөлу тарауында мынадай
тақырыптар өтіледі: екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан
аттамай жазбаша көбейту. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы
санға жазбаша көбейту. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санға жазбазша
көбейту ( 130 .2 түрінде көбейту). Үш таңбалы санды бір таңбалы санға
разрядтан аттап жазбахша көбейту. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды
бір таңбалы санға жазбаша көбейту. (260 . 2түріндегі көбейту) Үш таңбалы
снды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту. Әрбір
разрядының бірліктері сол санға бөлінетін екі таңбалы санды бір таңбалы
санғак жазбаша бөлу. (42:2 түріндегі бөлу). Нөлмен аяқталатын үш таңбалы
санды бір таңбалы санға жа
збаша бөлу (260:2 түріндегі бөлу). Әрбір разрядының бірліктері сол санға
бөлінетін үш таңбалы санды бір таңбалыға жазбаша бөлу. (426 : 2 түріндегі
бөлу). Жоғарғы разрядтың бірліктерін осы санға бөлінбейтін үш таңбалы
санхды бір таңбалыға жазбаша бөлу. (126:2 түріндегі бөлу). Бөліндінің
мәнінде нөлі бар үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
(216:2 түріндегі блу). Үш таңбалы санды бір атңбалы санға жазбаша бөлу
(72:2 түріндегі бөлу).
Үшінші сыныптықтар бұл тарауды оқып үйрену барысында мынадай сөз
тіркестері мен терминді бірінші рет пайдаланады: бұрышпен бөлу.

2.1 1999-2000 оқу жылында шыққан төл бағдарлама бойынша оқулықты
талдау.

1999-2000 оқу жылындағы республиканың қазақ, орыс және ұйғыр
мектептерінің 3-сыныптары жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенге
көшті. Бұл сынып бойынша математиканың жаңа буын оқулықтары мен оқу-
әдістемелік кешендерінің мынандай ерекшеліктері бар.
3-сыныпқа арналған математика оқулығы байқау мәртебесімен, яғни,
республиканың әр аймағында орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім
академиясының тәжірибе, сынақ жұмыстарын жүргізуге арналған мектептері үшін
шектеулі таралыммен баспадан шықты. Осы мектептерде оқулықты сынақтан
өткізген мұғалімдерден және оқулықтар таратылған облыстық, қалалық
мұғалімдер білімін жетілдіру институттары қызметкерлерінен келіп түскен
пікірлер оқулық авторларымен бірге Білім академиясы жанындағы оқу-
әдістемелік кеңесте талқыланды.
Соның негізінде оқулықтың мазмұнына, құрылымына кейбір түзетулер
енгізілді. Осындай жұмыстардан соң ғана оқулық қажетті таралыммен шығарылу
үшін қайтадан баспаға өткізілді.
Бұл сынып математика оқулығының тағы бір ерекшелігі, мұнда 1 және 2-
сыныптардағыдай оқулықтың қазақша нұсқасы орысшаға тікелей, тура
аударылған жоқ. Яғни, 3 – сынып математика оқулығының орыс тіліндегі
нұсқасы мүмкіндігінше орыс халқының тарихынан, мәдениетінен мәлімет
беретіндей және де осы мақсатта басқа да жағдайлармен бірге көптеген орыс
халқының ескі есептері де пайдаланылған, яғни, лайықталған
(адаптацияланған) оқулық. Бұл жағдайдың іс жүзіне асуына төл оқулық
авторларымен бірге, Алматы қалалаық білім беру жүйесі мамандарының білімін
көтеру және қайта даярлау институтының қызметкері Валентина Яковлена
Анисимова да ат салысты.
Демек, 3-сынып математика оқулығы, біріншіден, күрделі сынақтан өтіп
барып жарық көрсе, екіншіден, қазақ тіліндегі нұсқа мен орыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың жалпы мәселелері
Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларына сандарды оқытудың тиімді әдістері
Математиканың бастауыш курсындығы алгебралық материалдардың мазмұны
Математикалық білім беру
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Математиканың бастауыш курсының негіздері
Математиканы бастауыш оқыту әдістері
Бастауыш мектепте математикада оқыту мазмұнының құрылымы пен принциптері
Бастауыш мектептегі математика
Пәндер