БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Мәдени және рухани мұралар мен көркем өнер арқылы тәрбиелеуде интеллектуалдық мәдениетті дамыту философиялық ой-тұжырымдар арқылы іске асады. Осы себепті қазіргі жаһандану дәуірінде білімнің философиялық мазмұнын жас ұрпаққа проблемалық - қызметтік әдістемелер қолданып үйрету көзделуде. Барлық көркем білім салаларында рухани мәдениет, көркем өнер көздері мен олардың философиялық мәнін ашып көрсету арқылы оқыту ең сапалы біліммен қамтамасыз етеді. Мұнда рухани құндылықтар мен мәдени мұралардың, өнер түрлерінің саналы-сезімдік, философиялық үлгілік мәнімен таныстыру басты орынды иленеді. Мысалы, өнер туындыларының философиялық мән-мағынасын талдап, ашып көрсету, оны оқушылардың өз мүмкіндіктерінше интеллектуалдық тұрғыда жүйелі талдап тұжырымдаулары т. б. Философиялық ой-тұжырым мазмұны қоршаған орта әлемінен мән тауып, оны өз өмір салтында, қызметінде қолдануға талпыну т. б. болып табылады [1] .

Қазіргі жаңа дәуірдегі адам, қоғам болмысының техникалануына сай рухани және моральдық құндылықтарға философиялық ой-тұжырым тұрғысынан қарап, өмірлік мәнділікке жүгінуіне жол ашып, көркем педагогикалық білімдер жүйесінде оң шешім табуы тиіс. Жалпы тұтас педагогикалық процесте оқушымен мұғалім қызметі сана және сезім қатынасы өлшемімен өрнектелуі заңды. Сөйтіп оқушы - мұғалім қызметінде білім мазмұны мен тәрбие көзі ой бейнесі арқылы мағыналы мәндік үрдіске айналады. Сондықтан ой бейнесі шығармашыл асқақ сезіммен қиялды туындатып, білім мен тәрбие сапасын арттырады. Саналы ой бейнесі оқушы шығармашылық қызметі процесінде әсерлі сезіммен қиялды туындата отырып оның көңіл күйін шарықтатып, көркем образ сомдауға мүмкіндік береді.

Бейнелеу өнерін оқытуда оқушының шығармашылық жұмыс орындау творчестволық процесі мен оқытудағы оқушы мен мұғалім арасындағы педагогикалық процесс кезеңдерінің сәйкестігі ұтымды нәтижеге жеткізеді. Мысалы мұғалімнің тақырыпты әсерлі бейнелеп түсіндіруі мен оқушының осы тақырыпты әсерлі мазмұнда көркем қабылдау сәйкестігі. Немесе мұғалімнің орындау әдіс-тәсілдерін көрсетуі мен оқушының бейнені орындауға қажетті тәсілдерді бейне формасына сәйкес елестетіп қолдана отырып жұмыс орындауы т. б [2] .

Бейнелеу өнерінің дамытушы күші сананың бейнелеушілік қабілетіне, яғни адамның өмірді түр, түс, пішін, көлем, кеңістік, уақыт арқылы сезімді-бейнелік қабылдау мүмкіндігінде екендігін адамзат пайда болып даму эволюциясы көрсетіп отыр.

Мұғалімнің - оқушымен сыбайлас көркем шығармашылық қызметі, қызметтестік ізгілік әрекет қалыптастырып баланы еңбекке, өмірге, айналасындағы адамдармен жарасымды қатынасқа бейімдейді. Оқу-білім процесінде өмір шындығын танып, оны игеруде өнер туындысын сомдап, оны қабылдауда оқушы мен мұғалім шығармашылық бірлікте қызмет етуі оқыту әдістемесінің негізгі қағидасы. Мәселен, табиғат құбылыстарын - мұғалім мен оқушы оны бірге тамашалап, оның әсерін, мотивін әңгімелеп талдап сезіне отырып бейнелеу тәсілдерін бірлесе шешіп орындауы. Сабақ және көркем жұмыс мақсатына жетуге бірге тырысуы т. б.

Бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу ғылыми-әдістемелік негіздерін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты осылай таңдауымызға негіз болды.

Осының бәрі орта мектептерде бейнелеу өнері сабақтарында отансүйгіштік тәрбие әдістемесін жетілдіруге жеткілікті зейін аудару керек екендігін негіздейді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Орта мектепте бейнелеу өнерін оқытуда оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық мәселелерін анықтау және оның әдістерін көрсету.

Дипломдық жұмыстың нысаны: бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеуге үйрету үдерісі.

Дипломдық жұмыстың пәні: бейнелеу өнері сабағында оқушыларды кескіндемемен таныстырудың мазмұны.

Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: егер, бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеуге үйретудің ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалса; бейнелеу өнері сабағында кескіндеуді үйрету бағдарламасы және әдістемесі жасалса, онда бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеуге үйрету ұтымдылығы артады; сондықтан, бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеуге үйретудің нәтижелері жаңа сапалық көрсеткіштерге көтерілетін болады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеуге үйрету педагогикалық негіздерін айқындау;

- бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеуге үйрету жолдарын анықтау ;

Дипломдық жұмыстың жетекші идеясы: бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеуге үйрету құндылық құбылыс ретінде, әлемдік көркемдік мәдениет жүйемен салыстыра отырып оқыту, нақты белгіленген дидактикалық шарттарды жүзеге асыру нәтижесінде ұтымды болады.

Дипломдық жұмыстың негізгі кезеңдері:

Бірінші кезең (2013-2014жж. ) тәжірибелік-ізденіс жұмыстары; бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеуге үйрету әдістерінің практикасы сұрыпталды. Оларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың әдістемесі жасалды. Озық тәжірибелер қорытындыланды.

Е кінші кезеңде (2014-2015 жж. ) теориялық-әдістемелік тұрғыдағы жұмыстары; бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеуге үйретудің әдістемелік нұсқалары жасалынды. Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу істері жалғастырылды. Қорытынды, ұсыныстар берілді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, дипломдық жұмыс талапқа сай рәсімделді.

Дипломдық жұмыстың базасы. Тәжірибелік жұмыстар № 25 жалпы орта мектепте жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалды.

«Бейнелеу өнері сабағында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізі» атты бірінші тарауда бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға отансүйгіштік тәрбие жайында жалпы түсінік беру, бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және маңызы, бейнелеу өнері сабағында отан сүйгіштік сезімдерін қалыптастыру қарастырылады.

«Бейнелеу өнері сабағында оқушыларды отансүйгіштік тәрбие беру жолдары» атты екінші тарауда бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістері, бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеуге үйрету тәсілдері, бейнелеу өнері сабағында оқушыларды туған өлке көріністерін бейнелеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің нәтижелері мазмұндалады.

Қорытындыда зерттеудің нақты тұжырымдары мен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты оқу әдістемелік материалдар ұсынылды.

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ

1. 1 Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға отансүйгіштік тәрбие жайында жалпы түсінік беру

Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық, патриотизм, отаншылдық деген сөздер бір ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Отансүйгіштік грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке, елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне:

-Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімді түсіндіру;

-Қазақстанда қызмет етуді мойындату;

-Қазақстанды ішкі немесе сыртқы жаудан қорғауға дайындау.

Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда бейнелеу өнері пәнінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын- жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өнер туындылары оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек [3] .

Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан заманына өзгерістерінен келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау тіптіде мүмкін емес. Өйткені жер бетіндгі сан - алуан халықтардың өз ара ой олғаныстары мен қол созған үміттері осыны байқатады. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі халықтардың алдына мерейі өсіп адамзат қауымының жаңаша ойлау жүйесінің қалыптастыруда елеулі үлес қосуда. Осының бірден - бір айғағындай бүкіл елімізді сан алуан халықтарды да өзінің өткен тарихы мен ұлттық мәдениеттерін шындық таразысынан өткізіп қана қоймай шын мәніндегі ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа қалыптастыруға бет бұрып отыр. Қазіргі кезде егеменді алған еліміз

өздерінің өмір тіршіліктеріне үстемділік пен танылған құбылыстарды жойып жаңаша ойлаудың құдіреті мен ондаған жылдар бойы бұзылған ата-дәстүрлері мен халықтық педогикасын қалпына келтіруге бет бұрды. Кескіндеме бейнелеу өнерінің негізгі түріне жатады. Кескіндеме -көрерменнің ойы мен сезіміне жағымды әсер ететін, жазықтық бейне бояу арқылы жасалатын көркем шығарма. Ертедегі гректердің аңызы бойынша кескіндеме грек қызының өз сүйген жігітінің қырынан қараған бейнесін қабырғаға салуынан шыққан дейді. Кескіндеменің бірінші ерекшелігі ол үш өлшемді кеңістікті бояулар ерекшеліктері арқасында екі өлшемді көрсете білу[4] .

Француз ойшылы Дени Дидро: «Кескіндеме көз арқылы оймен берілетін өнер» дейді. Кескіндеме өнері адамға үлкен күшпен әсер етеді, тәрбиелікке, мәдениеттілікке, мейірімділікке тәрбиелеп, сұлулық әлеміне жетелейді. Суретті талантты адам сан алуан жақтарын көрсетеді, шығармашылық негізде адамзаттың жарқын болашағы, арманы жинақталған. Болмаса эстетикалық рухани байлық, мұралар жасалмаған болар еді. Кескіндеме қарапайым өмірге басқаша көзбен қарауға көмектеседі. Суретші өз шығармасын бейнелегеннен кейін біз оны өнердің сиқырлы арқылы қабылдаймыз. «Левитан күзі», «Шишкин орманы», Қастеевтің «Түрксибі», А. Ғалымбаеваның «Дастарханы» үйреншікті күнделікті болып қалды.

Бұл суретшінің өмірге тек қана қарап қана қоймай, құбылыстардың ішкі мағынасын түсініп көре алуында. Суретші жан дүниесінде шындық өмір тек қарапайым түрде ғана емес, өте бір керемет сұлулықты, өмір сұлулығымен байланысты бейнелейді [5] .

Орта мектептегі бейнелеу өнерін оқыту - балалардың жас ерекшеліктеріне қарай кез-келген затты ешқандай өзгеріссіз шынайы етіп бейнелеуге, орындайтын заттарға қарап, заттың формасы мен конструкциялық құрылымын анықтауға, талдау және есте сақтау қабілетін жүйелі түрде қалыптастырады. Сонымен, бейнелеу өнерін оқыту, жалпы жастарға көркемдік білім беруде зор маңызы бар пән екенін көрсетеді, көру арқылы елестетуді арттыруға, шығармашылық қабілетті жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Жастарды келешек өмірге даярлау ғылыми техникалық прогреспен тығыз байланысты. Осыған орай қазіргі заманда жалпы білім беретін мектептер бағдарламасы қайта қаралып, барлық пәндер бойынша өзгерістер енгізіледі. Жекелеген пәндерден өте ынталы оқушыларға арнайы экскурсиялық сабақтар ұйымдастыру көзделді. Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыратын жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылды. Олар мыналар:

1. Жан-жақты дамыған, білімді, қоғамдық жұмыстарға белсене
қатысатын қоғам мүшесін дайындау.

2. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың өнерге
деген сүйіспеншілігін арттыру.

  1. Жастарды қоршаған дүниені тани білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу олардың байқампаздығын арттыру.
  2. Сурет салудың практикалық негізін үйретіп оны өмірде, жұмыста, өнерде қолдана білуге үйрету.
  3. Оқушыларға реалистік суреттің негіздерін үйрету. Суретсалудың техникалық әдістері мен бейнелеу тәсілдерін меңгерту.
  4. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, эстетикалық көзқарасын дамыту және өнер туралы ұғымдарынқалыптастыру.
  5. Мектеп оқушыларын әлемдегі өнер шеберлерінің ұлышығармаларымен таныстыру. Бейнелеу өнерлерінің түрлеріментаныстыра отырып, оларды талдауға үйретіп талғампаздығын ояту.

Бейнелеу өнерін оқыту бәрінен де бұрын жалпы білім беру мақсатын көздейді. Басты мақсат адамның дүниетанымдық көзқарасын кеңейту. Кейбіреулер бейнелеу өнерін мектепте оқытуда суретшілерді дайындау деп түсінеді. Шын мәні олай емес. Бейнелеу өнерін үйрену, адамның жан- жақты дамуын көздейді. Бұл орайда сурет сала білудің маңызы зор. Өйткені, мүсін, кескіндеме, графика мен сәндік қолданбалы өнерді меңгеру сурет сала білуді талап етеді. Өйткені сурет бейнелеу өнерінің негізі. Ол ойлануды, кеңістікті ұғынуды, өте дәлдікпен есептей білуді қажет етеді. Бейнелеу өнері өзінің даму ерекшелігіне қарай көп салалы болып келеді, сонысымен бірге оқу тәрбие де түрліше болып келеді [6] .

Көркемдік өнер қоғамда эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы болып есептелінеді. Бейнелеу өнері туындыларының ғажайып әсемдігі адам баласын осы уақытқа дейін таңқалдырумен келеді. Қандай да болсын кез келген мекемелердің қабырғасынан, қазіргі парламент ғимаратындағы бөлмелерде әдемі табиғат көріністерімен тарихымыз бейнеленген өнер туындыларын көптеп көруге болады.

Қалада «Әзірет сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» кешенінің құрылып, жұмыс істеуі тәуелсіздік жағдайында үкіметтің кең қолдауына ие болып, мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұражай кешенінің әлеуметтік қызметі жаңа сипат алып, туристік бағыттарымен бірге оқу-тәрбиелік маңызы да артып келеді. Оқу орындарының мұражай кешенімен байланысы да жан-жақты өрістеп, жастар тәжірбиесіне тың серпін беруде. Осындай себептер оқу орындарының мұражай экспозициясындағы танымдық-тәрбиелік жұмыстарының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін арнайы қарастыруды қажет етеді. Түркістан қаласындағы оқу орындары мен мұражайлардың өзара байланысты педагогикалық қызметін талдау арқылы мәселеге біршама айқындық беретін тұжырымдар жасауға болады. Оқушылар 6-9 жасында мұражайларды аралау мен мұражай педагогикасының түрлеріне жүйелі де тұрақты түрде тартыла бастайды. Осы кезде оларға дамытушы, қалыптастырушы нақты педагогикалық мақсаттары мен міндеттері бар экскурсиялық циклдер ұсынуға болады. Әрине, ол шаралардың мазмұны мен тәсілдері оқушылардың жасына сай танымдық ерекшеліктерді ескеруді талап етеді. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық дамуы мен білімінің қалыптасуы мынадай өзара байланысты үрдістің негізінде іске асатындығына көз жеткіземіз. Олар:

1. Тікелей қабылдау;

2. Заттар мен кұбылыстар ауызша сипаттауды меңгеру.

Бастауыш сыныптагы мектеп оқушыларының танымдық үрдісі олардың мектепте алған түсініктері мен ұғымдары, мәліметтерінің артуына байланысты барынша тереңдей түседі. Сонымен бірге осы жастағы оқушылар әртүрлі құбылыстардың себебін, заңдылықтарын танып білумен қатар, олардың білімдері белгілі деңгейде тәртіпке түсе бастайды. Осы себептермен де бастауыш сынып оқушыларын мұражай материалдары негізінде оқытқанда, олардың жадына ғана сүйену жеткіліксіз, бұл жерде олардан алған ақпаратгы қорытып, алдына қойылған сауалға өзінің дербес жауап іздеуіне сүйену қажет.

Осы жастағы балалардың көбінде мектепке дейінгі балаларда болатын танымдық белгілер сақталып қалады. Атап айтқанда, оларға сырттай қызығушылық, қабылдаудың оқыс және тың болуы тән. Содан да, олар өзін қоршаған жаңалықтарға ерекше сезімталдықпен және асқан қызығушылықпен қарайды. Сонымен бірге, олардың ойлау жүйесі көрнекі-бейнелік сипатын сақтай отырып, біртіндеп сөздік-қисындық сипаты бел ала бастайды.

Оқу үрдісі барысында бастауыш сынып оқушыларында жаңғыртушы қиял жетілдіріліп, шығармашылық қабілеттер дамиды. Содан да оқушылар осы кезенде қиялдау мен ойдан құрастыруға, қиял-ғажайып әңгімелер мен ертегілер кұрастырып, өзіне таныс бейнелер мен ұғымдарды жаңа желілерге қосуға бейім тұрады. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні ырықсыз сипат алатындықтан ол біршама тұрақсыздығымен ерекшеленеді.

Оқушыларға патриоттық және эстетикалық тәрбие беру мақсатында балалар мен табиғат ортасында болып, өлкетану музейлері мен бейнелеу өнерінің көрмелерін көрсетудің, өндіріс, орындары мен зауыт, фабрикаларға экскурсия жасатып, онан соң көрген-білгендері бойынша композициялық белгілі тақырыпқа сурет салғызып үйреткен өте пайдалы екендігіне көз жеткіздік.

Экскурсия жүргізу барысында ырықты зейінді тұрақтандыратын дағдыларды меңгерту барынша маңызды. Әйтсе де экскурсияның түрлі ерекшеліктері мен қызғылықты мазмұны қатаң сақталуы керек, өйткені, ол тарихқа, өнерге деген қызығушылықтың, отансүйгіштікке тәрбиелеудің басты түрткісі болып қала бермек.

Педагог-экскурсияшының қабылдаудың әр жасқа тән ерекшелігі мен экспозициядағы тарих пен өнердің мазмұнын жақсы меңгеруі оқыту әдістемесін дұрыс таңдауына мүмкіндік береді. 6-8 жастағы балаларды экспозицияда бейнеленген оқиғаның желісіндегі кейіпкерлермен қиялда болса да «бірге болу» және оларға өздерінің бағасын беру өте қатты ұнайды. Осындай қабылдаудың басты ерекшелігі ретінде экспозиция кейіпкерлеріне жағымды және жағымсыз деп біржақты бағалау («жақсы», «жаман») екендігі ескерілуі керек. Содан да, оларда экспозиция мазмұнының желісін ғана емес сонымен бірге бейнеленген мазмұнның ішкі көңіл-күйін, табиғат көрінісінің жағдайы мен портреттік тұлғаның көңіл-күйін бастан өткеріп, өзінің оларға деген бағасын ауызша түрде жеткізуге деген қызығушылығы оянады. Ал 8-9 жастағы оқушыларда мұражай экспозицияларындағы нақтылық пен шарттылықтар туралы алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптасып, олардың өнер мен тарих мазмұнына қатысты қарапайым ұғымдарды меңгеруі экспонаттарды, солар арқылы экспозицияның мазмұнын салыстыру мен талдау жасауына мүмкіндік береді. Олардың мектептегі сабақ мазмұнын жүйелей алуы мұғалімнің музейде жүргізетін экскурсия тақырыбын кеңейтуіне жағдай жасайды. Сол жастағы балалармен музейде экскурсия жүргізгенде немесе мектепте экскурсия-сабақ өткенде мектеп жасына дейінгі балалар сияқты дидактикалық ойындар, дамытушы жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар, экскурсияны жүргізудің әңгімелесу түрлерін қолдану тиімді болмақ. Әрине, мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізуде бейнелік тәсілдерге шағын шығарма дайындау, экскурсия жүргізуші, музей қызметкері, коллекция жинаушының рөлін ойнау өзінің үйдегі коллекциясы туралы әңгімелеу жэне т. б. ойындық тәсілдерге баса мән берген болсақ, бұл жастағы оқушыларға экспозициядан немесе жеке экспонаттан алған әсерін ауызша түрде баяндау түрлеріне басымдық беру керек болады. Бастауыш сынып оқушыларының өзін қоршаған ортаға қатынасы саналы сипат ала бастағандықтан да экскурсия барысында музей ескерткіші арқылы оқушының мәдени құндылықтарды саналы түрде игеру дағдыларын қалыптастыруға мән берілуі қажет. Осы сипаттағы экскурсияның жалпы мақсаты музейді аралауға деген ішкі қажеттілікті, материалдық және мәдени құндылықтарын бір бөлігі ретінде музей заттарына ұқыпты көзқарас қалыптастыру, бір ауыз сөзбен айтқанда музейлік мәдениет қалыптастыру болмақ. Бұл мақсатты «Музеймен алғашқы танысу», «Музейдегі картина» деген жалпы, дерексіз тақырыптармен бірге тек Түркістан музейіне ғана тән «Кесенедегі құлпытастар», «Тайқазан», «Бегенбайдың қанжары», «Қола қазандар» тақырыбындағы экскурсиялық әңгіме, баяндаулар арқылы іске асыруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары
Отбасы - рухани тәрбиесі
Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Мeктeптe пaтриоттық тәрбиeлeудeгі музыкaның рөлі
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Туған өлкенің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz