Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

Жалпы психология кафедрасы

Абдраймова Айдана

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Балабақшада сәндік сурет салғызу арқылы балалардың
эмоционалдық қабылдауын арттыру

050103– Педагогика және психология мамандығы бойынша

Түркістан 2012

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

Жалпы психология кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Жалпы психология кафедрасының

меңгерушісі п.ғ.д., профессор

____________Ж.З.Торыбаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Балабақшада сәндік сурет салғызу арқылы балалардың
эмоционалдық қабылдауын арттыру

050103– Педагогика және психология мамандығы бойынша

Орындаған: ППП-811
тобының студенті __________ Абдраймова А.

Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.к., доцент м.а. __________ Ауелбеков Е.Б.

Түркістан 2012

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

I Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу арқылы балалардың
эмоционалдық қабылдауын арттырудың теориялық негіздері

1. Сәндік-қолданбалы өнер құралдары негізінде балалардың эмоционалдық
қабылдауын, сұлулық тәрбиесін қалыптастыру мәселелері ...7

1.2 Балабақша балаларына сәндік сурет арқылы эмоционалдық қадылдауын
арттыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 18

2 Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы
балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі

2.1 Балабақшада сәндік өнерге үйретуде балалардың эмоционалдық
қабылдауын арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...41

2.2 Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік суреттер салғызу
арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттырудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .74

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...76

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі күнде біздің елімізде мектеп жасына
дейін балаларға тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді.
Мектепке дейінгі мекеме - білім беру жүйесіндегі алғашқы буын ғана емес,
сонымен бірге басқа да оқу-тәрбие мекемелерімен қатар деңгейде біздің
қоғамдық құрылысымызға сай келетін баланың жеке тұлғасын, оның әлеуметтік
бағдарларын қалыптастыру бағытында жауапкершілігі де жүктелген. Тәуелсіз
Қазақстан мемлекетінің жаңаша даму үрдісінің ішінде жас ұрпаққа берілетін
білім мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесі қазіргі таңда ерекше
орын алады.
Еліміздің Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасында[1],
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 және 2012 жылғы халыққа Жолдауларында[2],
[3], Білім туралы Заңда[4] балаларды шығармашылықпен қалыптасқан жеке
тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Баланың құқықтары туралы
Конвенцияға сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасында 5-6 жас аралығындағы балаларды
мектепалды дайындыққа тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне ерекше көңіл
бөлінген[5]. Балапан бағдарламасына сәйкес балабақшалардағы балалардың
жан-жақты тәрбиелеп, оқыту – еліміздің алдағы онжылдықтардағы алдыға қойған
күрделі міндеттердің бірі болып саналады [6].
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті
қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаты мен
міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын
айқындайтын ғылыми теориялық әдіснамалық құжат болып табылады. Бұл
құжатта мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған
бағдарламаларына толықтырулар енгізіліп, балалардың мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға деген құқығын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім
беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту
жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз
ету мақсатына сай, барлық балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен ертерек
қамту, 5 жастағы балаларды мектепалды даярлығының мазмұнын қайта қарау,
мектепке дейінгі және бастауыш білімінің оқыту бағдарламаларының
үйлесімділігін қадағалау және балалардың бойында оқу қызметін меңгеруге
қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу мен дамыту міндеттері жүктелген.
Жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беру оларды заман талабына сай, жан-
жақты дамып жетілген, жаңашыл көзқарастағы азамат етіп қалыптастыру, кең
көлемді және сан тармақты іс дейтін болсақ, осыған жету баспалдағының
алғашқы қадамы оның отбасындағы алатын тәрбиесіне байланысты болады. Жас
ұрпақты әрі қарай мектеп табалдырығына жетектеп әкелетін екінші қадам -
мектепке дейінгі мекеме мен ұйымдарда алатын тәрбие мен білім. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев бәсекенің басы білімде екендігін әрбір білім туралы
кеңестерде көрсетіп отырады. Яғни, қазіргі басты талап - әрбір балаға
өнегелі тәрбие, сапалы да терең білім беру. Соның ішінде балабақша
санатынан бастап баланы әдемілікке, көркем іс-әрекеттерге үйрету
қажеттілігі де арта түсуде. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды
тәрбиелеу – тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсуді талап
ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек,
қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік
жақтары ықпал етеді. Себебі, эстетикалық көзқарастар келешек ұрпақтың
шындыққа қатынасын анықтайды.
Келешек ұрпақты эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі, балаларды
сұлулыққа тәрбиелеудің мәні мен маңыздылығы туралы ғұлама ойшылымыз Әл-
Фараби[7], демократ-ағартушымыз Ш.Уәлиханов[8], кемеңгер ақынымыз
А.Құнанбаев[9], ағартушы-педагогтар Ы.Алтынсарин[10] мен М.Жұмабаев[11],
С.Торайғыров[12], Ж.Аймауытов[13], А.Байтұрсынов[14] т.б. жазып, өзіндік
іздерін қалдырды. Олар халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отыра,
эстетикалық тәлім–тәрбиенің маңызына ерекше мән беріп, эстетикалық
тәрбиенің бала дамуындағы ерекше орнын анықтап берді.
Балабақшада тәрбие жұмысының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы
орайда В.А.Сухомлинский: Балалар әсемдік, ойын, ертегі, сурет, фантазия,
шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті - деген болатын [15; 181 б].
К.Д.Ушинский барлық балалардың бірі қалмастан әуесқой суретші екендігін
көрсеткен[16]. Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға
көрнекті кеңестік дәуірдің ағартушы-қайраткерлері А.В.Луначарский[17],
Н.К.Крупская[18], А.С.Макаренко[19], П.П.Блонский[20], Б.М.Неменский[21]
т.с.с. өкілдері де қатысты.
Ал енді балалардың қабылдауы туралы, олардың түйсіну арқылы қоршаған
ортаны тануының ерекшеліктері жөнінде И.М.Сеченев[22], А.Р.Лурия[23],
Б.Г.Ананьев[24], Д.С.Брунер[25], Л.С.Выготский[26], Л.А.Венгер[27],
А.Д.Логвиненко[28] т.б. психолог ғалымдар зерттеулер жүргізді. Әсіресе
эстетикалық тәрбиелеудегі бейнелеу өнерінің балалардың қабылдау ауқымын
арттыруға тигізер әсері, оның психологиялық мәні туралы В.С.Кузин құнды
еңбектер жазды[29].
Эстетикалық тәрбие берудің мазұмұны көркемдік талғамды жетілдірумен,
балаларды өнерге тартып таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатқа
эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс сезінуді, табиғатты
эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады. Соған сәйкес, қазіргі таңда
балалардың эмоционалды қабылдауы негізінде олардың білімге деген
құштарлығын, оқу-танымдық іс-әрекетін дамытудың қажеттілігі мен бұл
үдерістің балабақшадағы оқу-тәрбие барысында өз дәрежесінде пайдаланылмауы
арасында, сонымен бірге, мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу
кезіндегі эмоционалды көңіл-күйінің олардың бүкіл дамуына ықпал ету
пәрменділігінң күштілігі мен сол жағдайдың толыққанды ескерілмеуі арасында
анықталған қарама-қайшылықтар зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Балабақшада
сәндік сурет салғызу арқылы балалардың эмоционалды қабылдауын арттыру деп
таңдауымызға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: мектепалды жасындағы балаларды бейнелеу өнері
сабақтарында сәндік сурет арқылы сұлулыққа тәрбиелеу барысында олардың
эмоционалды қабылдауын арттырудың теориялық негізін ашу және әдістерін
көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- сәндік-қолданбалы өнер құралдары негізінде балалардың
эмоционалдық қабылдауын, сұлулық тәрбиесін қалыптастыру
мәселелері туралы ой-пікірлерді талдау;
- мектеп жасына дейінгі балаларға сәндік сурет салғызу арқылы
эмоционалды қабылдауын арттырудың ерекшеліктерін анықтау;
- балабақшада сәндік сурет салуға үйретуде балалардың
эмоционалдық қабылдауын арттыру жолдары мен мазмұнын анықтау;
- балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет салғызу
арқылы балалардың эмоционалды қабылдауын арттырудың әдіс-
тәсілдерін көрсету, қорытындылау.
Зерттеудің нысаны: балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: балабақша балаларының сәндік сурет арқылы эмоционалдық
қабылдауын арттыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
төрт параграфтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу арқылы балалардың
эмоционалдық қабылдауын арттырудың теориялық негіздері

1.1 Сәндік-қолданбалы өнер құралдары негізінде балалардың
эмоционалдық қабылдауын, сұлулық тәрбиесін қалыптастыру мәселелері
Адамдардың эстетикалық тәрбиесі мен сұлулық сезімдері олардың өмірінде
зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін
байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззәттануға мүмкіндік
береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға
ұмтыламыз. Сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені
сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты,
сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне
байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп
адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраты болуы керек екені шығады.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде
көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу заңдылық
болып саналады. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар
құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді
және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылу толысып, тамаша, сұлу нәрсені
қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар, жасампаздықтың да
әсемдігі ашылады.
Табиғат әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне
сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім немесе тәрбиеші балалардың оқу, еңбек
белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің
экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл
біздің қазіргі қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және
материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды.
Өндірілген тауарлар сапасының әсемдігі тұтынуы жағына үлкен әсер етеді.
Мұның өзі әр баланың тәрбиеленуінде белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас
мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы
қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға
өте күшті әсер етуі жүзеге асады. Өнер синтезінің ерекше қолдану
кезіндегі бейнелеу немесе музыкалық сананың қалыптасуы мен дамуы – баланың
келешек тұлға ретінде қалыптасуының маңызды педагогикалық жолы болып
табылады. Кезінде Гегель өнер түрлерін қарастырғанда абсолюттік идеяның
қырын, көркем бейнені байқаған. Сондықтан көркем бейне сияқты, өзіне бояу,
дыбыс, қимыл, силуэтті жинап бейнелеу өнері, поэзия, драмалық театр,
архитектура, сәндік қолөнер балаларға ерекше ықпал жасайды.
Қазіргі таңдағы эстетикалық көзқарас ерте және орта ғасырдың алғашқы
кездерінде–ақ қазақ халқының рухани саладағы жетістіктері сол замандағы
мәдениетпен сабақтас және байланысты болды. Көне түркі мәдениетінің Диуани
хикмет, Хибатұлы Хаконик сияқты үздік үлгілері қазақ халқының құралуы
кезінде оның эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Сол
заманның ойшылдарының ішінде Әл–Фараби ерекше орын алады. Ол Платон мен
Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып эстетиканың кейбір мәселелерін
талдап, эстетикалық және өнер мен поэзияның мәселелерін қарастырды[7, 86].
Қазақ халқының эстетикалық ой–пікірінің тарихи деректері ақын жыраулардың
шығармашылық мұраларында да жиі кездеседі.
Тұңғыш рет эстетика ұғымын ғылыми термин ретінде неміс философы
Баумгартен 1750 жылы осы аттас кітабында қолданған болатын. Эстетика
гректің эстезис сөзінен алынған, ол сезімдік, сезіммен қабылдайтын
дарындылық деген ұғымды білдіреді. Жалпы эстетика жайлы неміс, ағылшын,
француз, орыс тілінде жазылған көптеген еңбектер бар. Осы орайда ғылыми
еңбектерін эстетикалық қызығушылық, тәрбие жалпы эстетикалық мәдениет
саласына арнаған ғалым Б.М.Неменский: Эстетикалық тәрбие – сұлулық пен
эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу
қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе,- деп анықтама берді[30;
26 ].
Қазақтың біртуар ақыны, педагогі М.Жұмабаев өзінің Педагогика
еңбегінде: әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады.
Біреудікі – музыкадан, біреудікі – сұлу суреттен, ал біреудікі – поэзиядан.
Искусствоның әртеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын
адам болмайды, ал тәрбиенің міндеті – балада искусствоның қандай түріне
ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, қызығушылығын, сол түр туғызатын
қызығушылық сезімдерін оятып, өркендету,- деп эстетикалық қызығушылықтың,
яғни, тәрбиенің бала дамуындағы маңызына ерекше тоқталған[31; 26].
Эстетикалық қызығушылық – адамның әдебиет, өнер, кино, музыка салаларында
қоршаған орта, табиғатқа көңіл аударуы, оны сезім арқылы бағалап,
қанаттанып, толғанысқа ұшырауы. Қызығушылық латын тілінен аударғанда –
маңызды мәні бар деген мағынаны білдірді.
Атақты эстет ғалым В.Г.Белинский сұлулықты барлық уақытта моральмен
қабылдап келген қоғамдық тәжірибеге сүйене отырып: Сұлулық шындықпен және
моральмен бірге туысқан. Егер шығарманы көркемдік құндылыққа ие десек, онда
ол сөз жоқ, әдеп, инабаттылық жағынан да құнды болады, - дейді. Орыстың
белгілі әдебиет сыншысы, демократ-жазушысы В.Г.Белинский: Әсемдікті
сезіну, адамгершілік қасиетті шарты, мұңсыз, бұл сезімсіз даналық жоқ, ақыл-
парасат жоқ деп адамның өмірінің, қандайда болсын іс-әрекетіндегідей
әсемдіктің жоғары маңыздылығына айрықша тоқталады [32].
Батыстың белгілі философы И.Кант: Прекрасное есть символ
нравственного, доброго и только принимая это во внимание, оно нравится, -
деген еді[33, 75]. Ол бұл жерде эстетикалық тәрбие адамның эстетикалық,
адамгершілік тыныс тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді.
Балалардың эстетикалық тәрбиесін, қызығушылығын қалыптастыруда,
эмоционалды қабылдауын арттыруда сәндік-қолданбалы өнердің өзегі болып
табылатын бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнеріне оқытудың
балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде де ықпалы мол. Онда
кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір,
табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік
үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне
үлкен ықпал жасайды. Демек сезім адамның моралдық және адамгершілік
бейнесіне асыл қасиет беріп тұрады, сондықтан да балалардың эстетикалық
сұлу сезімдерін, эмоционалды қабылдауын, мәдениетінің негіздерін, талғамы
мен қызығуын қалыптастырудың, оны әрдайым дамытып отырудың қажеттілігі
осында. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу
өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру,
жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті,
олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса
бастайды.
Өнер - өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнерді, оның қоғамдық
тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы
түсінуі шарт.
Жалпы білім мазмұның жаңартудың ғылыми негізіне балабақша баласын
белгілі бір кажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оку әрекетінің
субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа
түсетін автор және жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш
жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды
білім-тәрбие мазмұнын анықтап, кұруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта
оқыту идеясы арқау болған. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің білім мазмұны
мен құрылымын анықтауда дамыта оқыту идеясынан басқа білім мазмұнының
интегративті сипатын қамтамасыз ету, баланың адамгершілігін, эстетикалық
талғамын, эмоционалды қабылдауын, мәдени-көркем білімін халықтың озық салт-
дәстүрі, рухани-мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу сияқты ұстанымдар
басшылыққа алынды.
Бейнелеу өнері — көру, шолу арқылы қабылданған шындықты көрсететін
көркем шығармала түрлерінің тобы. Бейнелеу өнерінің шығармалары — уақытта
да кеңістікте де өзгермейтін заттық форма. Бейнелеу өнеріне кескіндеме,
мүсін, графика, сәндік-қолданбалы өнері жатады. Бейнелеу өнері өмірдегі
шындық түрінде, соңдай-ақ заттың материалдық формасы ретіндегі объективті
қасиетіне және заттың көлемі, түсі, жарықтығы, фактурасы және кеңістіктік
ортаға байланысты шығарылады. Сөйтіп, бейнелеу өнерінің мазмұны осы
міндетті жүзеге асыратын ұғымдар мен түсініктер жүйесін біріктіретін
кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін өнері және сәулет өнері сияқты
блоктардан тұрады. Әр блок мазмұнында, іс-әрекеттің екі түрі, яғни өнерді
қабылдау және практикалық көркем іс-әрекеттер қамтылады. Өнерді қабылдау
бөлімінде өнер шығармалары мазмұнын, суретшілер, мүсіншілер, қолөнершілер
шығармалары мен олардың өнердегі шығармашылық өмір жолдары туралы
мәліметтерді балалар өзара пікір алысуға, әр түрлі түрлерімен ойша мәдени
диалог құру және т.б. әдіс-тәсілдермен меңгереді. Ал практикалық бөлімінде
балалар жазықтықта бейнелеу, мүсіндеу, сәндеу және құрастыру жолдарының
технологиясын іс жүзінде орындап игереді.
Көркем-эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызды да тиімді әдісі -
эстетикалық көркем сипаттағы бейнелеу әрекеті түріндегі ойын болып
табылады. Ф.Фребель өз еңбегінде баланы эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуде
өнер түрінің барлығының маңызды екендігін атап көрсетті. Сонын ішінде
балалардың түрлі өнер шығармаларын қабылдауға деген қызығушылығын арттыруға
баса назар аударған. Мәселен, бейнелеу өнерінде заттар мен құбылыстарды
қабылдау олардың түсі, түрі, көлемі, фактурасы (заттық тегі), сызықтық және
кеңістіктік өлшемдері арқылы жүзеге асырылады. Соған сәйкес, педагог ғалым
Б.А.Әлмұхамбетов балалардың ең басты қабылдау көрсеткіші түстану туралы
былай дейді: Түстану - түс туралы ғылым. Түстер хроматикалық және
ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге, түрлі-түсті түстер
жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық
хроматикалық түс үш параметрмен - ашықтылықпен, түстік өңмен және
қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі
бойынша - ашықтығы (ашық сұрғылт немесе қара сұрғылт) бойынша ерекшеленеді.
Түстік өң бұл қызыл, сары және т.б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл,
таза қызыл немесе сарғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сарғылт қоспа түстің
өңін өзгертпейді, қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан,
хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс
неғұрлым аз болған сайын оның қанықтығы арта түседі. Хроматикалық түстер
шартты түрде жалпы түстер суық түстер болып бөлінеді,- деп көрсеткен[34].
Педагог ғалым Ж.Балкенов: Жылы түске түс спектірінің сары-қызыл
бөлігі, ал суық түске көк - көгілдір бөлігі жатады. Жылы түстерді күн мен
оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мұздың түсімен сипаттауға
болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады,- дейді[35].
Осыған сәйкес, балалардың бейнелеу өнеріндегі сәндік-қолданбалы өнер
материалдарын қабылдауда ең басты орын алатын негізгі бояу түстерін және
олардың қосылысу заңдылығын көрсетуге болады (сурет-1).
Бұл жерде көрсетілген алты түстің өзіне сәйкес негізгі 22 ренктері бар
екендігі белгілі. Олардың өзіндік реті мен заңдылықтары болатындығы
анықталған. Осы түстер негізінде заттар мен құбылыстарды тануда балаларда
табиғат құбылыстарын әсем әрі эмоционалды қабылдауы, сұлулықты сезіну
қасиеттері, эстетикалық талғамдары дамиды.

Сурет-1. Балалардың эмоционалды қабылдауына қажетті ең негізгі және
қосымша түстер

Балалардың эмоционалды қабылдауында эстетикалық таным, эстетикалық
талғам, эстетикалық сезім ұғымдары кеңінен қолданылады. Эстетикалық талғам
– адамның түрлі өнер салаларынан алған түсініктерінің жиынтығы. Қазақтың
эстетикалық көзқарасы да ерекше. Ол бойынша біздің халқымыз ашық түсті
қызыл – жасыл, ақ, қара, сары, көк сияқты бояуларды ұнатқан. Оны жастардың
киген киімінен, үй жасауларынан, кілем–басқұрлардан, қоржын–дорбалардан
көруге болады. Қызыл–жасыл киінбей, қыздың сәні келмейді дейді. Қазақ
жерінде он екі айдың біреуі мамыр айында дала қызыл–жасыл болып құлпырады.
Кілем түсін де соған еліктеп жасады. Сол мамыр айы маусым келісімен
өзгеріп, сарғайып, қыста әппақ, реңсіз дала болып жататын болған соң, қазақ
мамыр айын кілеміне, киген киіміне көшіріп, ұзақ сақтауға тырысқан бұл да
қазақ халқы тәлімінің бір көрінісі. Жапондар елі жасыл желекке мол
болғандықтан, олар неше түрлі түстерді жақсы білумен қатар, жұмсақ түстерді
ұнатқан. Ал қазақ болса, қарама–қарсы, яғни контраст түстерді әлгі айтылған
себептерге байланысты жиі қолданғандығы баршамызға мәлім. Бұл эстетикалық
түсінік пен қабылдау өмір, тіршілік талабынан туындаған.
Адамның қылығы, мінез–құлығы мен іс-әрекеті, қимылының жөні әрі
этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие, сондықтан олар, бір жағынан, әсемдік не
сұрықсыздық ретінде, екінші жағынан жақсы не жаман деп бағалануы мүмкін.
Бұл екеуі, яғни сұлулық пен адамгершілік жеке адам санасы мен қоғамдық
санада ежелден бері–ақ бір бүтін нәрсе ретінде түсініліп келеді. Адамның
айналадағы дүниеге қатынасына табиғи тән эстетикалық қабылдау мен сезімнің
айқын межеленген өзіндік сипаттары бар. Ол сипаттар туралы да белгілі бір
шарттылық шеңберінде айтуға болады. Өйткені жекелеген адамдар мен
халықтардың тарихи даму деңгейіне, тұрмыс–тіршілігі мен ата кәсібіне,
наным–сенімі мен ескі салт–санасына байланысты сұлулық туралы
ұғым–түсініктері де біршама өзгеріп отырады.
Балалардың қабылдауы туралы, олардың түйсіну арқылы қоршаған ортаны
тануының ерекшеліктері жөнінде И.М.Сеченев[22], А.Р.Лурия[23],
Б.Г.Ананьев[24], Д.С.Брунер[25], Л.С.Выготский[26], Л.А.Венгер[27],
А.Д.Логвиненко[28] т.б. психолог ғалымдар зерттеулер жүргізді. Әсіресе
эстетикалық тәрбиелеудегі бейнелеу өнерінің балалардың қабылдау ауқымын
арттыруға тигізер әсері, оның психологиялық мәні туралы В.С.Кузин құнды
еңбектер жазды[29].
Балалардың қабылдауының заттық тектілігіне байланысты И.М.Сеченев
қоршаған дүниені заттай тану, қабылдау сол затпен жанасу барысындағы
қозғалыс процестерінің негізінде орнығатындығын жазады[22, 96]. Ал,
А.Р.Лурия адамдағы қабылдау барысындағы талдағыштардың өзара ықпалды
әсерінен сезгіштіктің артуын психологиялық себептерге байланысты екендігін
дәлелдейді[23, 214]. В.С.Выготский балалардың шығармашылық қиялы олардың
өзін қоршаған ортаны қабылдауына тікелей ықпал жасайтындығын анықтаған[26,
58]. Сол сияқты мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың қабылдауы,
түйсінуі олардың сенсорлық тәрбиесіне тәуелділігін аша келе, Л.А.Венгер
сенсорлық, яғни, заттың түсі, көлемі, шамасы, түрін көру арқылы, дәм, иіс
сезу, есту арқылы қалыптасатын тәрбиесі барлық басқа тәрбиелердің алдында
жүретіндігін мойындайды[27, 109]. Яғни, баланың эмоционалды қабылдауы да
сенсорлық тәрбиенің дұрыс әрі дер кезінде ұйымдастырылуына байланысты
болады. Себебі, қабылданатын заттың немесе құбылыстың қасиеттерін тану,
оларды эмоционалды қабылдау бірінші жүруі тиіс. Сондықтан бейнелеу өнері
балалардың пішін, өлшем және түс туралы қабылдауының негізін
қамтитындығынан да оның маңыздылығы ешқашан төмендемейді.
Ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің Жаз, Өзен деген өлеңдері -
табиғат көрінісі, сұлулығы, көркемдігі туралы көркем қабылдауға арналған
белгілі шығармалар. Бұл екі өлеңде де табиғаттың ең бір сұлу кезеңін алып,
оны халық өмірімен байланыстыра көрсетеді, сол арқылы қандай нәрсенің де,
оның ішінде табиғаттың да әдемілігін халыққа тигізетін әсері арқылы
бағалайтындығы эмоционалды түрде қабылданады[10, 87].
Балабақшада эстетикалық тәрбие жұмысының дәстүрлі қалыптасқан түрлері
өте көп. Осыған сәйкес балалардың эмоционалды қабылдау ерекшеліктеріне
байланысты В.А.Сухомлинский: Балалар әсемдік, ойын, ертегі, сурет,
фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті, әрбір бала – ақын
деп жазған[36; 60 б].
Қазақтың Шоқан, Ыбырай, Абай және тағы басқа сынды ойшылдары
халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отыра, эстетикалық
тәлім–тәрбиенің маңызына, балалардың эстетикалық және эмоционалды
қабылдауына ерекше мән берген.
В.Н.Щацская Эстетикалық тәрбиенің негізі, мақсаты мен мәні атты
мақаласында эстетикалық тәрбие дегеніміз – айналадығы болмыста, табиғатта,
қоғамдық өмірде, еңбекте көркемөнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп,
мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу... Көркемөнерде, өмірде әсемдікті
жасауға шамасынша қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін тәрбиелеу, - деп
сипаттама берді [37; 61].
Эстетикалық тәрбие берудің мазұмұны көркемдік талғамды жетілдірумен,
балаларды өнерге тартып таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатқа
эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты
эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.
Әсемдікке тәрбиелеудің баланы жан жақты және үйлесімді дамытудың жалпы
жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның
іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Бала
өнегелілігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа
адамдарға тартымды етеді. Балалар алдында ашық көрініс берген еңбек
әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және іс әрекетінің процесін
жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп
және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Эстетикалық тәрбие және білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен
қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру және бағалау дайындығын
дамыту;көркем өнер, рухани және денешынықтыру мәдениеті саласындағы
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие тұлғаны әсемдікті тануға орайласқан санасын
(сезімі, талғамдары ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары),
оның қасиеттерін, бағалау эстетикалық қатынастарын және олардың әрекет –
қылық пен мінезде, өз қалаулары мен іс әрекеттерінде (қабылдауында,
бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне
жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.
Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эстетикалық
тәрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз
дамыту: балалардың ән күй мәдениетін қалыптастыру, театрға байланысты
тәрбие мен білім беру, көркем әдебиеттік қабілеттер дарыту және дамыту.
Әсемдікке тәрбиелеудің нәтижелік көрсеткіштері: тәрбиеленушілердің
эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттары,
құбылыстар көркем шығармалар әлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен
қатысуы болып табылады.
Эстетикалық тәрбие бойынша қызметтер мазмұны; мұражайлар мен
көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем әдебиет туындылары бойынша
конференциялар өткізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер ұйымдастыру;
әйгілі орындаушылар (жеке әншілер, хор, оркестрлер) күй табақтарын
жинақтау; тірі табиғат бұрышын және т.б. жасау.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән мәселелері бар. Олардың бірі
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
1. Эстетикалық сезімді тәрбиелеу.
2. Өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын,
бейімділігін дамыту.
3. Балаларды эстетикаға, өнерге сезімдерін талғамдарын қалыптастыру.
4. Эстетикалық құралдарды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
5. Балалардың әсемдікке өз тарапынан үлесін қоса білуге тәрбиелеу.
Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру жеке тұлғаларда әр түрлі
болады. Біреулер онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте
шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін, ең алдымен бейнелеу өнері,
музыка және ән саласынан әрбір жеке тұлғада білім болуы қажет. Білім жеке
тұлғада әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді тұлға
сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық,
эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық
дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру эстетикалық
тәрбиенің тағыда бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға
негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы
ырғақ, үндестік музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы
білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге
тырысады, пайымдай және бағалай біледі.
Эстетикалық тәрбиенің келесі бір мәселесі – жас ұрпақты өмірдің
барлық салаларындағы; жеке тұлғаның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі
көркемөнердегі және табиғаттағы сұлулық пен әсемділікті көре білетін, ұға
білетін, бақылай алатын және оларды өзі жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбиеші ол үшін сауатты, терең білімді болу керек. Әдебиетті, музыканы,
сәулет өнерін, кескіндеме, кино мен театрды түсініп, олардан жанға рухани
азық, ләззат ала білу үшін де сезім түйсігі ұшқыр, ақыл ойы алғыр, білімді
адам болуы тиіс.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы
өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі еңбектегі және табиғаттағы
сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер
шығармаларына жоғары талап қою
Ы.Алтынсарин "Маған жақсы тәрбиеші бәрінен де қымбат, өйткені тәрбиеші
- мектептің жүрегі" деп бекер айтпаған[10, 65], А.Байтұрсынов өзінің
"Мектеп керектері" еңбегінде былай деп жазды: ... тәрбиеші қандай болса,
мектеп Һәм сондай болмақшы. Яғни, тәрбиеші білімді болса, ол мектептен
балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке
керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін
тәрбиеші деп жазса, ал балабақшада - тәрбиеші[14, 112].
Тәрбиеші - арнайы дайындығы бар және педагогикалық іс-әрекетпен кәсіби
айналысатын адам. Оның негізгі функциясы - оқыту, тәрбиелеу, дамыту,
қалыптастыру процестерін басқару. Жалпы тәрбиешінің (тәрбиешілердің) кәсіби
даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін зерттеулер баршылық
(Ш.А.Амонашвили,В.С.Мухина, Д.А.Люблинская, Б.Баймұратова, Қ.Меңдаяқова,
М.С.Сәтімбекова, Р.Оралбаева, Д.К.Меңжанова, Ф.Жұмабекова, Р.М.Жұмағожина
және т.б.), болашақ тәрбиешідерді (тәрбиешілерді) даярлау мәселесі
қарастырылып, онда кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүйеленген.
Осыған сәйкес, қазіргі кезде жалпы ұстаздардың педагогикалық
қабілеттеріне төмендегі талаптар қойылады:
- ұйымдастырушылық;
- дидактикалық;
- перцептивтік;
- комммуникативтік;
- ізденушілік;
- ғылыми – танымдық.
Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тәрбиешілеріне келесі бірыңғай
әдістемелік талаптар қойылады: педагогикалық және психологиялық деңгейін
көтеру; оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологияларьін
зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу; өз білімін
көтеруге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға ынталандыру; балалар табыстары
мониторингін жасау және диагностика қоюда қазіргі тәсілдерін меңгеріп,
қолдана білу; авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, ғылыми ізденістер
жасауға ұмтылдыру; тәрбиешінің педагогикалық-кәсіптік оң көзқарастарының
және құндылықтарының қалыптасуына жағдай туғызу.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие негізінен өткен жылдарда
жинақталған тәжірибөгө арқа сүйейді. Бүгінгі күннің талабы - баланы жан-
жақты тәрбиелеу. Жаңа типті балабақшаларда оқыту мен тәрбиелеудің соңғы
тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай
алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада
арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік
қолтаңбасы бар шығармашыл педагог-тәрбиеші қажет.
1994 жылдан 1998 жылдар аралығында біздің еліміздегі балабақшалар саны
және ондағы балалар саны қысқару тенденциясына ұшырады. Оның себептері
баршаға белгілі: коммерциялық құрылымдарға балабақшалардың ғимараттарының
берілуі; республикада нарықтық экономикаға көшумен (1991-1998)
балабақшалардың қаржыландырылмауы мен қысқаруы; балаларға төленетін ақының
жоғарылылығы; өндірістердің жабылуына байланысты ата-аналардың жұмыс
орнынан қысқаруы, еріксіз үйде отыруы, және т.б.
"Мектепалды дайындыққа - 5 жыл: түйінді мәселелер және болашағы"
Халықаралық конференциясында мектепалды қызметін талдау бірқатар
мәселелердің бетін ашты:
- мектепке дейінгі дамыту бағдарламаларын жан-жақты қаржыландырудың
болмауы, тек бюджеттен ғана қаржыландыру;
- балабақшаға дайындықтарын ақпараттандыру процесінің баяу дамуы;
- вариативтік білім беру бағдарламасына бірқатар педагогикалық
кадрлардың дайындығының болмауынан тәрбиешілерді ауыстыру жағдайлары көптеп
кездесіп қалады;
- мектепке дейінгі балалардың даму ерекшеліктерінде кемшіліктер және
артта қалушылықтары бар балалар арнайы мекемелердің аздығынан қажетті көмек
ала алмай отыр[38].
Осыған байланысты баланың мектепке психологиялық дайындығы адамның
барлық негізгі құрылымдарына сәйкес бір уақытта қалыптасады. Оның
іс-әрекетінде жеке тұлғасы және субъектісі болып қалыптасу
үрдісінде балабақшадағы оқу-тәрбие жағдайында қатысушыларға қажетті
қасиеттер көрініп анықтала түседі. Оқу әрекетіне бағдарлауы
психикалық дамуының тұтастай жеке құрылымдардың бөлімдері ретіндегі
гетерохронияның ерекшеліктерін анықтайды. Жеке психофизиологиялық
функциялардың деңгейіндегі жалпы дайындықтың ерекшелігі олардың
әлеуметтенуінің қарқынды үрдісінде, ес пен зейін сияқты жаңа ерікті және
вербальді формалардың, психомоторика, перцепция, елестердің жаңа ерікті
формалардың қалыптасуына және эмоционалдық, сенсорлық аймақтардың ерікті
реттелу мүмкіндігіне, темперамент ерекшеліктері мен т.б. психофизиологиялық
қалыптасуына әкелетін жаңа сапалардың пайда болуында айқын көрінеді.
Мектепке қабылдау кезінде балабақшада сөйлеу арқылы қалыптасатын еріктілік
ерекше психофизиологиялық ұйымдасуының анықтаушы бағыты болып табылады.
Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды
әрі белсенді психикалық әрекет. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім
мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы
мүшелерден миға жетуі. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады.
Психикалық қабылдау процесі - субъекттің затты тануға бағытталған тікелей
іс-әрекеті.
Қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай
субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады,
мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам
жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызады.
Қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің
аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде
қалыптасады. Заттың санада қабылдануы психикалық іс-әрекеттің ең жоғары
сатысы - тілмен тікелей байланысты. Адам зат қасиеттерін енжар танып
қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және
біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, белгілі
категориялар тобына қосады.
Сонымен, қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және
бөлшектерімен біріге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде
тұтас түрде бейнеленуі.
Балабақша балаларының қабылдауын дұрыс қалыптастыруға тікелей ықпал
жасаушы балабақша тәрбиешісінің оқыту-тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық іс-
әрекеттері болып табылады.
Балабақшада тәрбиеші - бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға.
Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне тәрбиешіге
тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл тәрбиешіні даярлауға қойылатын
талаптар ертеңгі тәрбиешілерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып,
қазіргі уақыттағы балабақша талабына сай кәсіптік дағдыларды игеруге
бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде,
балабақша тәрбиешілерін кәсіби әрекетке даярлаудың көкейкесті, кезек
күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды.
Шындықты көркемдік бейне арқылы көрсететін, әлемді эстетикалық тұрғыдан
қабылдаудың, игерудің маңызды тәсілінің бірі болып саналатын қоғамдық
сананың арнайы формасы мен адамның шығармашылық әрекеті – бұл өнер. Өнер
сұлулық заңы бойынша қоршаған орта мен өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан
өзгерту қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту мақсаты болып табылады.
Өнердің өзіне тән ерекшелігі - өмір шындығына байланысты адамның
эстетикалық қарым-қатынасын анықтау. Өнер үшін ең басты мақсат - дүниені
көркемдік тұрғыдан қадылдау және бейнелеу болып табылады. Өмір шындығын
бейнелеген әр алуан өнеріміз адамдардың әсемдік сезімдерін оятып, көркемдік
заңдылықтар арқылы өнер туындыларын жасайды. Мәселен, бейнелеу өнері
дегеніміз – (ағылш. Figurative art, фран. art figurative, нем bildendr
Kunst) – дүниені көзьбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық
өнердің бір саласы. Айналамыздағаы өмір көріністерін, жазықта әрі
кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.
Бейнелеу өнеріне кескіндеме, мүсін, графика, сәндік өнері жататындығын
айтып өттік, соған сәйкес, бейнелеу өнері пәнінің мазмұны эстетикалық
қабылдау, эмоционалды түйсіну сияқты міндетті жүзеге асыратын ұғымдар мен
түсініктер жүйесін біріктіретін мынадай блоктардан тұрады: кескіндеме
сәндік-қолданбалы өнер, мүсін өнері және сәулет өнері. Әр блок мазмұнында,
іс-әрекеттің екі түрі қамтылады өнерді қабылдау және практикалық көркем іс-
әрекеттер. Өнерді қабылдау бөлімінде өнер шығармалары мазмұнын, суретшілер
шығармалары мен олардың өнердегі шығармашылық өмір жолдары туралы
мәліметтерді оқушылар өзара пікір алысуға, әр түрлі түрлерімен ойша мәдени
диалог құру және т.б. әдіс-тәсілдермен меңгереді. Ал практикалық бөлімін де
балалар жазықтықта бейнелеу, мүсіндеу, сәндеу және сәулет өнеріндегі
құрастыру жолдарының технологиясын іс жүзінде орындап игереді.
Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы
өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу
өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ театр, кино, теледидардағы безендіруді,
көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде
адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр.
Бейнелеу өнері – дүниені бояу түстері арқылы байқау өнері. Бақылау, көру
нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Сондықтан бейнелеу өнеріндегі
жарық, түс, көлем, рең т.с.с. оның әсерленгіш құралдары ретінде танылады,
яғни, олардың барында ғана бейнелеу өнері өнер болып табылады. Әр ғасыр,
дәуір, кезеңде пайда болған бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу
жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық,
құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму
процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда
бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен
ерекшеленеді.
Суретті өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен
көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның
тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің
көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түстер, пластика, жарық пен көлеңке,
композиция, ырғақ жатады. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің
бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі-
түсті сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін
пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады.
Сөйтіп, бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрларында бояу түстері
басты әрі негізгі роль ойнайтындығы және олардың келешек ұрпақтың
эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруға, сұлулық сезімдерін ұялатып,
тәрбиелеуге маңызды қызмет атқаратындығы анықталады.
Ал балабақшадағы балалардың эмоционалды қабылдауына, эстетикалық
сезімдеріне ықпал жасайтын бейнелеу өнерінің сәндік сурет салу бөлімі
материалдарының маңызы жоғары екендігі расталады. Себебі, сәндік сурет салу
өзінің тартымдылығымен, ауқымдылығымен, психологиялық тұрғыдан бала жанына
жақындылығымен, еркін сурет салу сипатымен, өзінің бояу түстері арқылы әсер
ету деңгейінің жоғары болуымен, баланың тіршілік ойларына сәйкестігімен,
көңіл-күйіне қажетті эмоционалды эффекттердің, сезінулер мен түйсінулердің
көптігімен анықталып ерекшеленеді. Балабақша балаларының көңіліне жақын
дүние – бұл олардың сурет салу іс-әрекеті. Ал сәндік суреттер салу
балаларды ерекше қызықтырады. Сондықтан балалардың осындай психологиялық
жағынан көңіл-күйлерін, эмоционалды қабылдауын арттыруға тигізетін
ықпалдарын ұтымды әрі тиімді пайдаланудың маңызы зор деп білеміз.

1.2 Балабақша балаларына сәндік сурет арқылы сұлулық сезімдері мен
эмоционалдық қадылдауын қалыптастыру ерекшеліктері
Эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуге бейнелеу іс-әрекетінің маңызы
үлкен, өйткені өзінің сипаты жағынан ол көркемдік әрі эмоционалды іс-әрекет
болып табылады.
Балалардың бойында айналадағыларына эстетикалық қатынасты, әсемдікті
көріп, сезініп қабылдай білуді, көркемдік талғам мен шығармашылық қабілетін
дамытуды тәрбиелеу маңызды.
Балабақша балаларының ішінде 2–3 жастағы баланың қоршаған болмысқа
қатынасы туатын сезімдердің жеткілікті дәрежеде жіктелмеуімен сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі баланың қадылдауында ашық түсті, дыбыс шығаратын,
қозғалмалы нәрселер елітеді. Бұл елітуде танымдық қызығу да, объектіге
эстетикалық қатынаста үйлесіп жатады, бұлар қабылдаған құбылыстарға баға
берген пікірлерден де, сондай-ақ балалардың іс-әрекетінен де көрінеді.
Көбіне мектеп жасына дейінгі кішкентай балалар заттардың эстетикалық
сапаларын басқа сапаларға қарағанда анағғұрлым сапалы түрде бөліп
көрсетеді. Оның Мынау неліктен әдемі? сұраққа берген жауабында
объектілердің эстетикалық және эмоционалды ерекшеліктерін көрсететін
дәлелдер басым болады.
Сурет салу – балалардың өздерінің шығармашылық белсенділігін көрсету
үшін үлкен мүмкіндік беретін сүйікті сабақтарының бірі.
Суреттің тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Балалар өздерін
қызықтырған нәрселердің бәрін салады: жекелеген заттарды және айналадағы
өмірден алған көріністерді, әдеби кейіпкерлер мен сәндік ою - өрнектерді
және тағы басқаларды бейнелейді. Сурет салудың әсерлі құралдарын пайдалану
олардың қолынан келеді. Мысалы, нақты затпен ұқсастықты беру үшін, сурет
салушының бейнеленуші объектіге қатынасын білдіру үшін және сәндік планда
түс пайдаланылады. Композиция тәсілдерін пайдалана отырып, балалар сюжетті
жұмыстарда өз ойларын толығырақ әрі байрақ бейнелей бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында эмоционалды қабылдауын,
эстетикалық сезімдерді ойдағыдай дамыту үшін педагог сабаққа даярлану
кезінде тапсырма балалардың мүдделеріне, олардың бейіміне, қандай дәрежеде
жауап беретінін, олардың эмоциялық жағынан қаншалықты баурап алатынын
ескетуі тиіс.
Алайда сурет салуды жете түсініп, оның тәсілдерін техникалық жағынан
меңгеру кішкентай бала үшін айтарлықтай күрделі, сондықтан тәрбиеші
жұмыстардың тақырыптарында баса назар аударуға тиіс.
Тапсырманы түсіндірген кезде бейнелеп отырған объектінің эстетикалық
әрі эмоционалды мазмұнын нақты ашудың маңызы өте зор. Мәселен, балық пен
торғайдың қарапайым бейнесін бояу түстерінің спектрлі құбылуы арқылы балаға
эмоционалды қабылдатудың тиімділігі мен маңыздылығы өте күшті болып келеді.
(сурет-2)

Сурет-2. Түстер спектрі арқылы қабылдау.

Бейнелеу іс-әрекеті мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық
сезімін тәрбиелеуде үлкен роль алады. Сурет салу, мүсін жасау, аппликация,
конструкциялау сабақтарының спецификалары әсемдікті танып білу үшін,
балалардың бойында болмысқа эмоциялық–эстетикалық қатынастарды дамыту үшін
кең мүмкіндіктер берелді. Бейнелеу өнері нақты бар әсемдікті адамға
көрсетеді, оның нанымын қалыптастырып, мінез–құлқына ықпал жасайды.
Балабақшаның бағдарламасымен әрбір жас тобы үшін графикалық
материалдардың түрлері белгіленген. Ересек және мектепке даярлық топтары
үшін қосымша көмір қарындашын, түрлі – түсті борларды, пастельді,сангинаны
пайдалану ұсынылады. Бұл материалдар балалардың бейнелеу мүмкіндігін
кеңейтеді.
Балалардың бейнелеу өнері іс-әрекеттерінде бояу түстерін игеруге
көмектесетін бірден-бір әсемдеуші құрал – бұл акварель бояуы. Оның баланың
сұлулық сезімдерін қалыптастыруға тигізер ықпалы зор. Енді осы акварель
бояуы туралы тоқталып өтсек.
Акварель деген атау латынның aqua (су) дейтін сөзінен шыққан.
Бұл сөз суға езілетін бояуды да, сол бояумен салынатын шығармаларды да
білдіреді.
Акварель бояу қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель
туындыларының ең басты құнды қасиеті болып табылады. Суреттің бояу мөлдір
жағылған жерлерінде қағаздың өз түсі көрініп жатады.
Бояуды қалың жағу керек тұстарға, әлденеше бояу қабаты түсіріледі,
бірақ суретші сонда да мөлдірлікті жоғалтпауға тырысады.
Көптеген суретшілер бір түс пен екінші түстің арасында кереғар
айырмашылық болмауы үшін де акварель бояуларын пайдаланады: олар бір-біріне
жігін білдірмей жалғасып, өте бір биязы жұмсақ реңк танытады.
Әр түсті бояулардың мұндай жымдаса астасуы акварельге өте-мөте тән.
Орыс суретшілері М.Врубель, В.Серов және көптеген суретшілер
акварельді сүйсіне қолданған. Міне, шыны стаканға салынған райхан гүлі.
Шыны да, су да, фон да күміс түстес, меруерт сынды мөлдір бояулармен
салынған. Райхан гүлдерден стол бетіне күңгірт қызыл сәуле шашырапты.
М.Врубельдің осынау акварелінің тұла бойы тұнып тұрған поэзия. Біздің
елімізде халық суретшісі Ә.Қастеев акварель бояулары арқылы туған жер
табиғатының бірнеше серия сурет-альбомдарын жасап, кейінгі ұрпаққа құны
шексіз мұра қалдырды. Акварель бояуының қазіргі майталман шеберлерінің бірі
Үкі Әжиевтің де шығармалары балаларды нәзік сезімдерге және сұлулыққа
бөлеуде.
Өнер туындыларының қандайы болмасын үлкен-үлкен көрмелеріне арнайы
каталогтар шығарылады. Онда шығармалары көрмеге қойылатын суретшілердің
атақ-жөндері мен туындыларының аты жазылады. Ал, шығарманың атынан кейін
әдетте акварель, майлы бояу, гуашь деп, оның қандай бояумен салынғаны
көрсетіледі.
Күн спектрі қанша түстен тұратын болса, онда да сонша түс бар.
Түстердің саны белгілі: бар болғаны жетеу-ақ. Ал, бірақ әр түсте қанша реңк
бар, оны санап шығу еш мүмкін емес. Табиғаттың бояу байлығын жақсылап ұғыну
үшін дүниеге дұрыстап зер сала білуге үйренуіміз керек.
Түстер жылы, суық боп екіге бөлінеді. Сары, қызыл, қызғылт сары жылы
түстерге жатады. Ол күзгі жапырақтың, кешкі шапақтың, піскен нарт алманың
түстері. Көк, күлгін, көгілдір түстер суық түске жатады. Олар аспанның,
қарлы даладағы кешкі ымырттың түсі. Жылы түске де, суық түске де жататын
түстер бар. Мәселен жасыл түс. Ол жасылға не сары, не көк түстің қосылуына
байланысты. Бояуларды бір-біріне қосу арқылы суретші жаңа түс табады. Көк
пен қызылды қосып не күлгін көк, не солғын қызыл түс алуға болады. Ол әлгі
екі бояудың қайсысының көп жағылуына байланысты. Көк пен сарыдан жасыл, ал
сары мен қызылдан алқызыл түс шығады.
Имперессионист суретшілер бояуларды шоғырландырып қатар жазу арқылы
құбылтқан. Имперссионистердің шығармаларына алыстан тұрып қараған жөн.
Олардағы бояулардың бір-бірімен астасып жаңаша құбылатын сипатын тек сонда
ғана байқауға болады. Суретшінің қылқаламмен бояу жағып емес, қарындаш,
көмір, сангина, қаламұш арқылы сызып салған шығармасын сурет деп атаймыз.
Суретшінің кез келген жұмысы суреттен басталады. Ол болашақ картинасын
бастамас бұрын әуелі кенепке оның нобайын салып шығады. Сондықтан да ұлы
шеберлердің қай-қайсысы да суретке үлкен мән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері сабағы арқылы қиялын дамыту
Балауыз бояуымен бояу өнері
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Ересектер тобындағы сурет салу
Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі
Естиярлар тобында сурет салу
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер