Гобелен өнерінің даму ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Гобелен өнері және «Наурыз-жыл басы» гобелен композициясын орындауда түстік үйлесімділікті шешу жолдары . . . 6
1. 1 Гобелен өнерінің даму ерекшеліктері . . . 6
1. 2 Қазақстан және Орта Азиядағы гобеленшілер шығармашылықтарындағы «Наурыз» тақырыбы . . . 15
1. 3 «Наурыз-жыл басы» гобелен композициясын үйлесімділікте орындау шарттары . . . 27
2. «Наурыз-жыл басы» гобеленінің композициялық құрылымы және оны тоқу технологиялары . . . , . . . 32
2. 1 «Наурыз -жыл басы» композициясының түстік үйлесімділіктерін табудың әдіс тәсілдері . . . 32
2. 2 «Наурыз-жыл басы» тақырыбына түстік үйлесімділікте гобелен тоқу технологиясы мен әдістері . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54
ҚОСЫМШАЛАР . . . 61
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 12қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстан 2050 бағдарламасындағы ұсынынған стратегиялық бағыттарының бірі білім беруге арналған, онда сапалы мамандар даярлауға баса назар аударылған. Оның жүзеге асырылуы оқытушылардың сапалы даярлығында және олардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауын баса көрсеткен. Осындай жаңа талаптар негізіндегі дайындық ұстаздардың жоғары шығармашылық шеберлігі мен адамдық ресурстарды тиімді пайдалануы нәтижесінде ғана жүзеге асатындығы айқындалған [1] .
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы әдістемелік білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және мамандардың даярлығын білім стандарттарының мазмұнына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. [2]
Көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы бағдарлы оқытудың басты бағытын анықтауға ықпал етеді, жоғары сынып студенттерінің жеке қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін, өмірдің өзекті тұстарын пайымдауына, келешекте олардың өнер түрлерінен жоғары оқу орындарда білім алуға бағытталуына әсер ету.
Болашақ мұғалім тұлғасын дайындаудың сапалық жақтары М. Ж. Қозыбаков[3], Қ. Е. Ералин[4], Қ. Ж. Әмірғазин[5] және т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Көркемдік-эстетикалық тәрбие беруді барынша дамытуға, cтуденттердің өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың мәселесіне назар аударған ғалымдар Б. И. Ижанов[6], Д. А. Кемешов[7], Қ. Е. Ералин[8], еңбектерінде ұлттық өнер негізінде студенттердің көркемдік білім беру эстетикалық тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлаудың теориясы мен практикасы зерттеліп, маңызы ашылып көрсетілген.
Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау нәтижелері бүгінгі күнге дейін көркемдік білім беру үдерісінде картина композициясын түстік үйлесімділік тәсілдері арқылы орындау мәселесі бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен практикасында жеткілікті көрініс таппағандығын айқындайды. Картина композициясын түстік үйлесімділік тәсілдері арқылы орындау мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар кездесетіндігі көрінді. Олар, картина композициясын түстік үйлесімділік тәсілдері арқылы құрастыру оқыту тәжірибесінде кеңінен қолдану қажеттігі мен оның тәжірибеде қолданылмауы арасындағы қайшылықтар болып табылады. Осы аталған қайшылықтарды шешу бағыты зерттеу тақырыбын «Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері» -деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: «Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдерін өнертанымдық әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оның нұсқауларын жасау.
Зерттеу нысаны: « Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау үдерісі.
Зерттеу пәні: « Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері .
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, белгілі бір композицияны түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері анықталса, онда композицияны колориттік үйлесімділікте орындау ұтымдылығы артады; ал бұл болса, композицияны орындауды жаңа шығармашылық сапалық көрсеткіштерге көтерілетін болады.
Зерттеу міндеттері:
- «Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдерін айқындау;
- «Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау әдістерін табу;
- «Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау әдістемесін дайындау;
Зерттеудің жетекші идеясы: «Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері жүзеге асыру нәтижесінде композиция құрылымы мазмұнды болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға қатысты тұжырымдар, көркем-эстетикалық талғам қалыптастыруға, көркемдік білім мен дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және оның жүйеге келтірілген мәдениеттану, өнертану, көркемдік-эстетикалық педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының заңдары, Конституциясы, Ғылым мен білім министрлігінің тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, философтардың, психологтардың, педагогтардың тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың еңбектері, өнер шеберлерінің этнодизайн бұйымдары, суретшілер шығармалары, ұлттық мәдени мұралар, автордың жеке өзінің педагогикалық тәжірибесі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық мұражайларындағы қазақ қолөнер мұраларына, шет ел бейнелеу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік инновациялық құралдарға теориялық сараптау жасау, педагогикалық тәжірибе нәтижесіне математикалық, статистикалық талдаулар жасап, баға беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- «Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері айқындалды;
Зерттеудің практикалық мәні:
- « Наурыз-жыл басы» атты композицияны түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері көрсетілген картина жасалды.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы сәндік өнер мамандығы студенттеріне білім беру жүйелерінде, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру мекемелерінде, қосымша көркемдік білім беретін оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. «Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері білімділік, іскерлік мазмұнға негізделуі.
2. «Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері үйрету оқу үдерісін мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық қамтамасыз етуге негізделуі.
3. «Наурыз-жыл басы» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдерінің сипаттамасы.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері композиция пәні мен өндірістік тәжірибе кезінде сынақтан өткізілді.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік жұмыс А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университетінде жүргізілді.
Диплом жұмысының құрылымы, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалады. «Наурыз-жыл басы» гобелен композициясын орындауда түстік үйлеімділікті шешу жолдары» атты бірінші тарауда гобелен өнерінің даму ерекшеліктері, Қазақстан және Орта Азиядағы гобеленшілер шығармашылықтарындағы «Наурыз-жыл басы» гобелен композициясын үйлесімділікте орындау шарттары негізделді. «Наурыз-жыл басы» гобеленінің композициялық құрылымы және оны тоқу технологиялары» атты екінші тарауда тәжірибелік шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жан-жақты мазмұндалды. «Наурыз-жыл басы» композициясының түстік үйлесімділіктерін табудың әдіс тәсілдері, гобелен тоқу технологиясы берілді.
Қорытындыда зерттеудің нақты тұжырымдары мен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған ұсыныстар берілді.
Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты оқу әдістемелік материалдар ұсынылды.
- ГОБЕЛЕН ӨНЕРІ ЖӘНЕ НАУРЫЗ ЖЫЛ БАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ОРЫНДАУДА ТҮСТІК ҮЙЛЕСІМДІЛІКТІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
1. 1 Гобелен өнерінің даму ерекшеліктері
Қазіргі жаһандану үдерісі жүріп жатқан таңда, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын заманда, халықтың көркемдік дәстүрін жалғастырып келе жатқан гобеленді оқыту сапасын арттыру қажеттігі туындап отыр. Себебі халық пен халықтың мәдениеті мен дамуын көрсететін өлшемдердің бірі гобелен. Гобелен композициясын өнертану тұрғысынан танып білу, өте кенжелеп қалған зерттеу нысаны. Егер бұл айтқанымызға даңқты өнер мұражайынан алыстағы мекен жайларда тұратын мектеп оқушыларының ұлттық озық өнер туындыларының түпнұсқаларының композициясын өнер мұражайларынан бәрі бірдей көре алмайтындығын, гобелендегі композицияны тереңдете оқыту қажеттігін қосатын болсақ, мәселенің көкейкестілігі оданда арта түседі. Бірақ осы гобелендегі композицияны оқыту мәселелері де әлі күнге дейін зерттеуден тыс қалып келеді.
Кең байтақ қазақ даласында гобелен-кілем тоқу өнерінің маңызы ерекше. Адам жанының толғанысынан пайда болатын ой шығармашылық ізденіске әкелетіні сөзсіз. Менің бұл шығармашылығымдағы гобелен даланың аңызы, қазақ халқының өткені, бүгіні, ертеңі бұл шығармашылық сарыны бүгінгінің ақиқаты, ертеңнің алапат рухы.
Мұнда ішкі мазмұн мен сыртқы сипат етенелігі басым болғандықтан «Наурыз-жыл басы» деп аталды.
Гобелендегі кең даланың, ашық аспанның символындағы кең даланың тыныштық бейнесінде көрініп тұр. Бұл бейнені көруімізбен біздің ойымыз шектелмейді даланың анаға тән жомарттығы мен кең пейілін, тіршіліктің толассыздық тыныштығын көңілімізге ұялатады. Біз даланы жер ана тұрғысынан қарап, туған жерге, отанға деген сағыныш пен сүйіспеншілікті де көреміз.
Даланың сары, жасыл, қоңыр тағы басқа түстердің шұғыладай шашылған нұрдай сәулесін таңдардың бейнесінде де қабылдаймыз. Қазақ даласын ақындар шабыттана жырлап, кең дала төсіңді аш мен келемін - дегендей адам жанын тебірентіп, сары дала табиғаттың төрт мезгілінде ұштастырады.
Гобелендегі қанық бояулар дала мен тау тағдырының символикалық шежіресі. Мысалға алатын болсақ: дала әуенінің бізге берері мол, қарап отырып қазақтың кең байтақ сахарасының көшпелі мал шаруашылығы кезеңіндегі тарихын көрсетіп отыр. Күннің нұр шашуы тау мен өзен көлдердің сонымен қатар даланың географиялық сипатын беріп тұр.
Менің шығармамдағы гобелен қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі таңдағы жемісі көп орын алды. Мені дала әуені тереңдігімен қызықтырады. Гобеленде өткен тарихымызды тұспалдағанмен, біріншіден өмірге іңкәрлік, әсемдік ынтығу басым болса, екіншісі дала мен тау балладасында ел шежіресінен көрінісі байсалды, байыпты мәнермен тұжырымдалған.
Жоғарыда айтып өткендей табиғаттың төрт мерзімін «Наурыз жыл басы» шығармасынан байқауға болады. Бәрімізге белгілі қыс болады, қыстың да суретшілер, ақын-жазушылар үшін әнге, шығармаға, портретке салуға негіз болатын өзіндік сұлулығы шексіз. Ал, көктем адамға қыстан да күшті жадырап күннің нұр шашатын кезі қыраттардың қызыл-жасыл болып жер ана бусанып, лақ-қозы шуласып жамырасқан тамаша әуен тіршіліктің ояну кезеңі, олда өз алдына бір ғанибет. Жер әлемнің көк тартып, жасыл түстерге боянар кезі. Бұл жасыл қыраттардың шығармашылыққа арқау болған жері. Күз Абай атамыз жырлағандай, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Бұл шақ жасыл қыраттардың көркінен айырылып, даланың сары түске боянар шағы. Осынау дала әуенінің бізге берері мол табиғат әсемдігі көп ақын мен суретшілерді толғандырып келгені белгілі.
Дала әуеніндегі тау бейнесі дала әсемдігінің сәулелі ғимаратындай болып елестейді. Тау талай ақынның сырын шертіп, талай адамның сезімін бөліскен әсем де, әсерлі шабыт беретін адам жанын өзіне тартқандай даланың асқақ символы. Мұқағали Мақатаев : Таулар дедім тауларым байқамады, Таулар деп жақпар тастар қайталады. - деп айтуында таудан шыққан үн болатынын дәл сезініп дәлелдеп тұр. Сонымен дала әуенінің бізге берері мол екені даусыз шешімін тапқан тақырып.
Гобелен тек қана қанық бояумен дала мен тау бейнесінде ғана берілмегені анық. Бұл тоқылған гобеленнен сонау қазақ даласының басынан өткізген тарихын көрсетері анық. Сонау қиын-қыстау кезеңде қаншама бабаларымыз осынау кең сахара төсін өзге елге таптатпай «қара қазан, сары бала» қамы үшін деп болашақ ұрпаққа сақтап өз алдымызға қазақ деген халық болып қалыптасқаннан бері қарай ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған дала. Біздің кең байтақ Қазақстан деп мақтан етуіміздің өзі оңай қорғалып, оңай келмегенін бізге ұқтырып тұрғандай. «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғап келген қазақ даласы қазақпын деп мақтана алатын көкірегі ояу, жүрегі бар қазақ үшін тарихи маңызы зор.
Халықтық өнер дәстүрін жаңғырту, өрбіту оны өз ой елегінен сұрыптап өткізіп, шабыттандыра жеткізу процесі асқақ символика, дәстүр, өрнек пен ұлттық төл болу өңі арнайы талдауда көрсетіледі.
Бейнелеу өнеріндегі гобелен өзінің композициялық шешімімен ерекше көз тартады. «Гобелендегі композиция» ұғымын меңгерудің, гобелен композициясын бейнелеу тәжірибесінің, белгілі бір шебердің гобелен композициясын талдау іс әрекеттерінің әдістемесінің жеткіліксіздігін көрсетті. Сонымен қатар гобелен композициясын оқыту бағдарламасын жетілдіру мен оны оқыту әдістерін дамыту қажеттігі көрінуде.
«Гобелен» халықтың тұрмысында қолданылатын бұйымдарды тоқыма өнері арқылы безендіру өнері. Гобелен материалына қарай жүн, материалдарын өңдеу, безендіруіне байланысты ою, өрнек; тұрмыстағы қолданысына байланысты тақырыптық; тұрмыстық дәстүрлі қызметке қарай шаруашылық, ұсталық, аңшылық, жауынгерлік тақырыптар болып жіктеледі. [1]
«Композиция» ұғымы құрастыру, орналастыру, үйлестіру деген мағынаны білдіреді. Композиция негізгі және қосалқы элементтерге, композициялық орталыққа, жиектеме, бұрыштама өрнектер элементтеріне, бөлінеді.
«Гобелендегі композиция» өзіндік ерекшелігін тануды қажет ететін түсінік. Гобелен композициясын ағаш материалдарды өңдеу арқылы жасалған бұйымдар композициясы; ою өрнек, композициясы деп бөлуге болады. Сонымен қатар гобелен композициясын көлемді заттар композициясы, жазықтық немесе көлемсіз заттар композициясы, зат түстерінің, формасының, кеңістігінің композициялары болып танылады. [2]
«Гобелен композициясын бейнелеу немесе жасау» суретшінің көркемдік практикалық қызмет бағытын анықтайды. Суретшінің өзінің қандай шығармашылық композицияны орындай алатынын, қолынан не келетінін бағдарлайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz