Технология пәнін оқытуда оқытудың белсенді әдістерін қолдану жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Хайдар Зарифжан

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (Көшпенділер)

5В010700- «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша

Түркістан 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

«Бейнелеу өнері»

кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а Е. Ауелбеков

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫН

ОҚЫТУДЫ МЕҢГЕРТУДІҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ

5В012000- «Кәсіптік оқыту»

Орындаған:

ӨКО-111 оқу тобы студенті Шадияров Қ.

Ғылыми жетекшісі

п. ғ. к., доцент м. а : Күнпейіс Ж. Қ.

Түркістан 2015

Аннотация . . . 4

Нормативтік сітемелер . . . 5

Анықтамалар . . . 6

Белігілеулер мен қысқартулар . . . 7

Мазмұны

Кіріспе . . . 8

І. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Педагогикалық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді пайдаланудың мазмұндық сипаты . . . 11

1. 2 Технология пәнінде оқытудың белсенді әдістерін қолдану жолдары . . . 17

1. 3 Ауылшаруашылық техника түрлерінің атқаратын қызметін оқыту

мазмұны . . . 29

ІІ. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛЫП ОҚЫТУДЫҢ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

2. 1 Ауылшаруашылық дақылдарын егу және жинау жұмыстарын технология пәнінде оқыту мүмкіндіктері . . . 35

2. 2 Мектеп оқушыларына картоп өсірудің интенсивті технологиясын оқыту мүмкіндіктері . . . 39

2. 3 Картоп егетін және жинайтын машиналар қызметі және құрлысы мен таныстыру жолдары . . . 42

ІІІ. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ «АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНИКАСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ» БӨЛІМІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

3. 1 Ауылшаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы бөлімін оқыту ерекшеліктері . . . 52

3. 2 10-сыныпта авто ісі пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері . . . 55

3. 3 Сабақ жоспарының үлгісі . . . 61

Қорытынды . . . 64

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65

Қосымшалар . . . 67

АННОТАЦИЯ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

Университеттің ішкі нормативтік ережемі:

  • УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
  • УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

Технология - деген ұғым грек тілінен аударғанда - іскерлік, шеберлік, білгірлік деген мағына береді;

Жалпы технология темині-грек тілінен аударғанда techne (өнер, қолөнер, ғылым) және logos (ұғым, ілім) дегенді білдіреді.

Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу. Ал жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде инновация - әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым жаңаша білім беру деп түсіндіріледі.

Педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі;

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті

ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;

Кіріспе

Зерттеу көкейкестілігі: Бүгінгі кезде Қазақстан Республикасының барлық білім беру мекемелерінде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру моделі әлемдік білім беру кеңістігіне ену бағытында жұмыстар атқарылуда. Білім берудің парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сондықтан мемлекеттік білім беру жүйесі әлемдік стандарт деңгейінде оқыту үдерісін педагогикалық технологиялар арқылы жандандыруды талаптайды. Осы орайда, барлық білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырылған басты міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдері мен оқыту формаларын үнемі жетілдіріп отыру арқылы қазіргі заманғы педагогикалық жаңа технологияларды күнделікті сабақтар барысында тиімді қолдана білу.

Соңғы жылдары мектеп оқушыларын заман талабына сай оқытуда озық технологияларды және оқытудың жаңа әдістерін қолдану өте тиімді екендігі туралы көптеп жазылып жүр. Ол - инновациялық бағыттар, яғни, жаңалықтар арқылы оқыту, жаңалықты енгізу. Жаңа нәрсе қашанда оң нәтиже беретіні дәйекті. Олай болса, әрбір жаңашыл мұғалім сабақтың әр тақырыбын өзінің тың жаңалығымен қызықтыра білсе, кез-келген оқушы бар ынта-ықыласымен дәрісті зейін сала отырып тыңдауын қамтамасыз етеді деп білеміз.

Қазіргі таңда кез-келген елдің экономикасының өсіп өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орын алуы, ең әуелі, оның ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында», “Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту жөніндегі шараларды тиімді қолданудың нәтижесінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамның қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау жақтары”-тереңінен қарастырылған[1] .

Тұжырымдама талаптарына орай мектепте өтілетін технология (еңбекке баулу) сабақтарында оқушыларды іскерлікке, шеберлікке, білімділікке тәрбиелеу мен қоса олардың дүние танымын, еңбек дағдысын арттыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Баланың жеке басының дамуы, әлеуметтік әрекеттіліктің яғни ойлау, еңбектік қарым - қатынастың барлық негізгі түрлері кезінде табысты жүзеге асырылатыны баршамызға мәлім. Кез-келген сабақта мектеп оқушыларын адамгершілікке, іскерлікке, шеберлікке, білімділікке тәрбиелеу бүгінгі таңда әрбір ұстаздың борышы. Өйткені, бүгінгі қоғам талаптарына орай олардың дүние танымын, еңбек дағдысын арттыру қазіргі күннің басты талаптары.

Бүгінгі таңда жастарға ғылым мен техникалық прогрестің даму деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру өзекті мәселеріміздің бірі екені белгілі. Ол деген әр адамның кәсіби біліктілігі мен бейімділігін, ептілігін арттыру бүгінгі қоғамның басты міндеті болып отырғанын көрсетеді. Сондықтан, қазіргі заман талабына сай жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде оқытудың тиімді әдістерін қарастыру, әрі жастардың сауаттылығын арттырып, техника-технологиялық білім деңгейін көтеру қажеттейді. Осы талаптарды орындау үшін жалпы орта білім беретін орта мектептерде оқытылатын технология пәнінің оқу материалдары негізінде ауылшаруашылық техникалары мен бірге автомобильдердің құрылысы мен кеңінен танысуға бағытталған. Ауылшаруашылық техникалар қызметімен және оған техникалық қызмет көрсете білу жолдарын оқып үйрену. Әсіресе өндірістің соңғы шығып отырған автомобиль түрлеріне терең талдау жасай білуде, кез-келген техника түрі мен автомобиль түрлерін басқару икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға оқушыларды баулу мәселесі де бүгінгі таңда басты назарға алынуда.

Білім берудің мақсат міндеттерін жүзеге асыруда кез-келген жаңашыл мектеп ұжымдары, әрбір мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл қарым-қатынас жасаулары керек. Бүгінгі таңдағы оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестіре алулары қажет. Оның өзі білім беру жүйесінің бүгінгі уақыт талабынан туындауда.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда көптеген педагог ғалымдарымыз ғылыми тұрғыда кеңінен зерттеулер жүргізіп, сабақ барысында оқыту әдістерінің тиімді түрлерін қолдану жақтарын Т. И. Щукина, Н. Бабанский, В. Ф. Шаталов, Т. А. Ильина т. б. өз еңбектерінде атап көрсеткен[2] .

Мектеп оқушыларының жас кезінен игерілген ойдың орамдылығы, олардың еңбекке икемділігі, дүниенің қыр-сырын шексіз меңгеруге болатынына мүмкіндік беретін психологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеген Я. А. Пономарев, Л. С. Выготский, Н. А. Лук сияқты ғалымдардың еңбектерінен белгілі.

Дегенмен біз зерттеп отырған тақырыбымызға орай мектептің технология пәнінің оқу материалдарында мектеп оқушыларын ауылшаруашылық жұмыстарына баулып оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мәселелерін тереңінен қарастырылмаған. Сондықтан да зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Технология пәнін оқытуда ауылшаруашылық машиналар құрлысын оқытуды меңгертуде белсенді әдістерді қолдану» деп алып отырмыз.

Зерттеу мақсат ы: жоғарғы сынып оқушыларын технология пәнінде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытуды қалыптастыру.

Зерттеу нысанасы - жалпы білім беретін орта мектептердің оқу- тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні - Жоғары сынып оқушыларының еңбек қабілеттерін технология пәнінде дамыту.

Зерттеу міндеттері:

  • Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау.
  • Технология пәнінде инновациялық оқыту технологияларын пайдалану мүмкіндіктерін негіздеу;
  • Жоғары сынып оқушыларының технология сабақтарында оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдеріне талдау жасау;

Зерттеу әдістері -талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушылар еңбегін бақылау, сауалнама жүргізу, т. б.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Педагогикалық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді пайдаланудың мазмұндық сипаты

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін жалпы орта мектеп мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан мектеп реформасының талаптарына орай оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасы мен білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістердің өзара байланысын карастыруды талап етеді.

Осы мақсаттарды орындауда мектеп ұстаздарының білім-біліктілігін жаңаша бағыттарда даярлаудың сапасын арттыру, мұғалім тұлғасының жан-жақты дамуына жол ашу, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды қалыптастыруда. Оларды жүзеге асыруда оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды ұстаздар қауымы кеңінен пайдаланып, қолдау көрсетуде.

Өйткені, дәстүрлі оқыту технологиясының білімді әлемдік деңгейдегі стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруде қазіргі педтехнологияларды қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыттар берілуде. Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.

Сондықтан, әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда әрбір оқушының әрекетінде технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көптеп көңіл бөлінуі тиіс.

Біріншіден оқушының дайындық деңгейін саралауда оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Педагогикалық технологияларды саралай отырып, кез келген сабақта қолдана білу, әр мұғалімнің өзінің ізденімпаздығы мен атқарылатын іс-әрекет деп білеміз. Сондай пәннің біріне технология пәнінде дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыруда ұжымдық тапсырмалар беріп орындатуға болады.

Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. Әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы тапсырманың дұрыстығына көз жеткізулеріне болады.

Дамыта оқыту технологиясының негізгі идеясы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Элькокин, В. В. Давыдов) жеке тұлғаны жеделдете дамытуға бағытталған[3] .

Республика өңіріндегі ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж. Д. Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г. Г. Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ. А. Әбдіғәлиев., Н. Н. Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М. Н. Жанпеисова) қолдау табуда.

Қазіргі ғаламдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісінде ізгілендіру мәселесі де өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.

Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру - жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.

Мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті де тиімді пайдалануға болады. Бұл технологияның ерекшелігі - оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалык, түрде дәлелдейді. Оқушылар өз пікірін бір-біріне топта, сынып алдыңда айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.

Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық біліктілігіне, ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді.

Өндірістік білім негіздерімен толықтырылатын мектептің технология сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.

Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарды компонентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын кеңінен пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажеттейді. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білімді ұрпақты дайындауды қажет етеді. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматын дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі ақпараттық даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін ақпараттық технологияландыру мәселесі өзекті ретінде қойылып отыр.

Бүгінгі күні оқытудың әртүрлі технологиялары, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерделеніліп, мектеп өміріне кеңінен енуде. Республика өңірінде орналасқан барлық мектептердің ұстаздары білімін жетілдіру мақсатында Астана қаласындағы Республикалық Ұлттық «Өрлеу орталығы» арқылы және облыстық білім жетілдіру институттарында қайта даярлау курстарынан жеделдетіп өткізілуде.

Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің өзінің іс-әрекетіндегі жан-жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III сьезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа фармацияның педагогі қажет" деп атап өткен болатын[4] .

Соңғы жылдары мектеп өміріне еніп отырған жаңа педтехнологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Білім беру саласындағы инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.

Еліміз егемендік алған кездерден бастап ғылым саласында жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде, білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу. Ал жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз делінген[5] .

Энциклопедиялық сөздіктерде инновация - әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым жаңаша білім беру деп түсіндіріледі[6] .

Ал, А. И. Кочетов инновация ұғымына төмендегідей анықтама береді. Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің бір тұтас бағдарламасы.

Тәжірибелер көрсетіп жүргендей кез келген инновация - мөлшерлі іс әрекеттің шегіне ұмтылу және одан шығуы. Педагогика ғылымының тарихын саралап, талдау көптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі, К. Д. Ушинский мен Л. Н. Толстойдың ғылыми идеялары және т. б.

Дегенмен инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.

Жаңару дегенімізді былай деп түсіндіреді: жаңару -белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданылған уақытымен анықталатын жаңа идея. /Масырова, Линчевская. Инновационные школы в Казахстане. РВК, Алматы/.

Осы тақырып төңірегінде жүргізілген зерттеулерді талдасақ, бұл терминнің шығу тегі жөнінен бір пікір қалыптаспағандығын көреміз. Көптеген зерттеулердің айтуынша, бұл термин қоғамдық ғылымға пайдаланылады.

Педагогикалық категория ретінде инновация салыстырмалы түрде жасалынады. Сондықтан бұл ұғымға анықтама беруге әр түрлі пікір таластың болғанымен керемет бір кереғар пікір немесе түсініспеушілік жоқ. Демек инновация терминін анықтауда барлық авторлардың пікірлерін салыстырсақ, аса алшақтық жоқ десек болғандай. Олардың ойынша инновация - педагогикалық категорияға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

В. Кларин инновациялық білім берудің екі негізгі типін бөліп көрсетеді[7] .

Инновациялар - жаңалықтар, оқу процесін жаңартады. Олар кепілдік берілген нақты нәтижелерге жетуге бағытталған.

Жалпы технология темині-грек тілінен аударғанда techne (өнер, қолөнер, ғылым) және logos (ұғым, ілім) дегенді білдіреді. Шетел сөздіктерінде: «технология» - өндірістік процестерді жүргізу құралдары мен әдістері туралы білімдердің жиынтығы. Технологиялардың көмегімен ақыл-ой ақпараты, практикалық шешімдердің тіліне аударылады[8] .

Технология - бұл білім беру әдістері сонымен қатар жеке түрінде білім беруге қатысады. Кез-келген білім беру ісінде технология, болмаса өнер болуы мүмкін. Өнер интуицияға негізделген, ал технология ғылымға негізделеді. Бүкіл процесс қайтадан басталуы үшін өнерден басталады, технологиямен аяқталады.

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. «Білім беру технологиялары” термині ''оқыту технологияларына” қарағанда көлемді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.

Технология - жалпы түрінде бұл мақсат қалай және қандай өнімнің нақты түріне енеді немесе оның бөлімін құрайды деген сияқты ойдан шығарылған жүйе. Мысалы: ғылыми және әдістемелік әдебиеттерден технологиялар анықтамасының бірнеше варианттарын айтып өтелік:

- практикалық мақсаттарға жетудің техникалық әдістері;

- адамның өмір сүруі үшін қажетті заттарды алу үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы;

- адамның білім беруін ұйымдастыру әдістері мен процедураларының жиынтығы;

- адамның тәртібін модельдеу үшін қолданылатын құралдар;

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипатты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен тауып отыр.

Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп отыр.

Жаңа педагогикалық технологияларды сабақтарда кеңінен қолдануда оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.

I кезең-оқып үйрену

II кезең- меңгеру

III кезең-өмірге ендіру

IV кезең-дамыту

Жаңа технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

- оқу үрдісін интенсивтенттіруді жаппай қолға алу;

- оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

- жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу;

- деңгейлеп оқыту тенологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;

- оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу;

Оқыту-тәрбиенің негізі. Сондықтан оқытуда қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі-мектепте және жоғары оқу орындарында белгілі бір пәнді оқыту. Екінші- өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту егіз ұғым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Орта мектепте технология пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану
Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану мүмкіндіктері
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
Молекулалык физика пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz