Өлі табиғатты бақылау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Абдраманов Е. Н

Асанова Г. Б.

Дүниетануды оқыту әдістемесі

(оқу әдістемелік құрал)

Түркістан 2012

УДК 373. 3(072)

ББК 74. 262. 0

А14

Пікір жазған:

Қожагелдиева С. Халықаралық Қазақ Түрік университетінің доценті

Абдраманов Е. Н. Асанова Г. Б.

Дүниетануды оқыту әдістемесі

Оқу әдістемелік құрал - Түркістан 2012 107 бет

ISBN 978-601-243-430-9

Бұл оқу әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Оқу әдістемелік құралда дүниетануды оқытудың жалпы мәселелері, бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының міндеті мен мазмұны, оқыту әдістері мен тәсілдері, дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру және дамыту қамтылған. Сонымен қатар бірнеше сабақ үлгілері, табиғи жүйелердің тіршілігіндегі судың маңызы туралы, пайдалы кеңес материалдары берілген. Оқу әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларға теориялық білімін байытып, өз тәжірибесінде қолдануға көмегін көрсете алады.

ISBN 978-601-243-430-9 ББК 74. 262. 0

Абдраманов Е. Н.

Асанова Г. Б.

Алғы сөз

ХХІ ғасырдағы мемлекеттердің ғалымдану үрдісі кезіндегі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы табиғатқа кері әсерін тигізіп отыр. Осыған орай орта мектеп ұстаздарының алдындағы үлкен міндет, жас ұрпақтың бойына табиғатқа деген жанашырлықты, табиғат байлығын ұқыпты ұстай білуге, табиғат, анаға деген аялы алақан сезімін тудыру.

Ертедегі қазақ халқы ұлттық тағылымдарға әдет-ғұрыптарға ерекше көңіл бөлген. Және халықтың салт дәстүрлері ұлттық тәрбие кешені жан-жақты жылдан-жылға сараланып ғасырлар талқысынан өтіп отырған.

Сауаты жоқ болса да, «Экология», «Мониторинг» туралы қазіргі замандағыдай түсінігі болмаса да ертедегі қазақ халқының табиғат туралы, оның байлықтары және оларды қорғау туралы атадан балаға беріліп келе жатқан тізбекті ұлттық насихаты болды. Көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыз күндіз-түні, жыл бойы малының жағдайын ойлап, көшіп жүруінің өзі табиғатты қорғаудың көшпелілік үрдісі. Өзі тұрған жерінің құсын, шөбін үнемдеп пайдаланды. Төрт түліктің бабын ойлап табиғатпен үйлесімді экологиялық жүйе ұйымдастыра білді. Қазақ халқының тұрмысындағы көктеу, жайлау, , қыстау болуының өзі табиғатты қорғаудың үлгісі.

Табиғатты қорғау үлгісі қазақ жерінде өте ертеден бастау алды. Сонау заманнан бері ата-бабаларымыздың түсінігінде «Жер-қазына, су-алтын, мол-байлық» - деп есептей келе,

Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат … - деп, туған жерді қорғау әрбір азаматтың борышы екендігін жырлап өткен. Қазақ халқы ұғымында «Табиғат пен туған жер» деген сөздер мағыналас, мазмұндас. «Туған жердің топырағы да киелі», «Жері байдың елі бай», «Қара жер қарыз арқалайды», «Тозған жерде тоқшылық болмайды», «Күте білсең жер жомарт» - деген ұлағатты сөздер нақты өмір шындығынан алынған.

Тіршілік өзегі суды қорғау туралы «Суды сабалама», «Суға түкірме», «Бұлақ көрсең көзін аш» - деген нақыл сөздер тек тазалығы ғана емес, судағы тіршіліктің де қамын, құстар және су жиегіндегі өсімдіктердің де жағдайын ойлағандық болып табылады. Ғасырлар бойы табиғат құшағында көшіп қонып жүріп, оның сырын жақсы білуге дағдыланған. Осының арқасында халқымыз табиғатпен етене біртұтас болып кеткен. Біздің мақсатымыз осы ата-бабамыздың асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа өтіп дамуына көмектеседі. Табиғат қамқоршысы бола білген халқымыздың дәстүрін танып білу, олардың ісін әрі жалғастырушы бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету - біздің ұстаздардың басты борышы. Бұл оқу әдістемелік құралда дүниетануды оқытудың жалпы мәселелері, бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының міндеті мен мазмұны, оқыту әдістері мен тәсілдері, дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру және дамыту қамтылған. Сонымен қатар бірнеше сабақ үлгілері, табиғи жүйелердің тіршілігіндегі судың маңызы туралы, пайдалы кеңес материалдары берілген. Оқу әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылардың теориялық білімін байытып, өз тәжірибесінде қолдануға көмегін көрсете алады

Дүниетануды оқытудың жалпы мәселелері

  1. Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту

Жоспар

Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттері.

• Дүниетану әдістемесінің пәні және міндеттері.

• Бастауыш мектептегі дүниетанудың базалық білім мазмұны.

Ба с тауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттері

Дүниетану - оқу жоспарындағы жаңа пән, «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарын біріктіреді. Интерактивті пән болғандықтан, оны оқып үйренудің негізгі мақсаты - адам, қоғам, табиғат, яғни шынайы дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу.

Пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді:

• оқушылардың индивидтік қасиеттері, сапалары, мүмкіндіктері, қабілеттері және даму туралы ғылыми түсініктер қалыптастыруы; өзінің көңіл-күй ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу; іс-әрекетін дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуге үйрену;

• табиғат обьектілері мен облыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, күйі туралы ғылымдарды меңгерту; табиғи обьектілермен құбылыстар арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттық және кеңістіктік өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету; оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу;

• оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең алдымен, адамгершілігін, еңбекке құлшынысын және еңбекті білуін, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Оқушылармен бірге айналадағы табиғатты зерттеу арқылы олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны бақылауға ықыласын тудыра отырып, мұғалім оқушыларды Отанын, өз өлкесін сүюге тәрбиелейді. Оқушылар өздері тұрған жердің табиғат ерекшеліктерімен, әр түрлі аудандарындағы табиғат айырмашылықтарымен таныса отырып, бұл айырмашылықтардың себептерін анықтайды. Мұғалім осылай балалардың кеңістік жайлы түсініктерін қалыптастырады да, оларды сұлба, карта және глобуспен жұмыс істеу арқылы тиянақтайды. Адам мен табиғаттың қарым-қатынастарын, табиғатты халықтың шаруашылық әрекетіне пайдаланумен, ауыл халқы мен қала халқының маусымдық еңбегімен танысу оқушылардың еңбекті және адамдарын сыйлау рухында тәрбиелеуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке және болашақ іс-әрекетіне психологиялық дайындауға негіз болып табылады. Бастауыш сыныптарда табиғатты зерттеу мұғалімге, балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін мол мүмкіндік тудырады. Ол кез келген саяхат кезінде орманның, даланың, шалғынның, күн батуының әсемдігін, құстардың әніне, орманның шуылына, т. с. с. оқушылардың назарын аударып отыруы керек. Бастауыш сыныптарда осымен бірге термометрді, компасты пайдалану, қарапайым тәжірибелер жасау жөнінен практикалық дағдылар қалыптастырылады.

Дүниетануды оқып үйренуде табиғатты қорғау мәселелері және осы маңызды іске балалардың тікелей қатынасуы жөніндегі шаралар көрнекі орын алады. Басты міндет- оқушыларды табиғатты қорғау қажеттігін түсінуге жеткізу. Сонымен, бастауышта табиғат құбылыстарын түсінудің материалистік негіздерін қалап, балаларға айнала қоршаған әлемнгің ең қарапайым нақты заттары мен құбылыстары туралы нақты деректер беруі, жекелеген табиғат құбылыстарының арасынжағы қарапайым байланыстарды және табиғат құбылыстарының өзгерушілік себептерін қарапайым түрде түсіндіруі, адам табиғаттың күші мен байлығын мүддесіне қалай пайдаланатынын, табиғатты қорғау жөнінде қалай жұмыс жүргізетінін айқын мысалдармен көрсетуі тиіс.

Дүниетану әдістемесінің пәні мен міндеттері

Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұнын әр тарау бойынша талдау кіреді.

Әдістеменің міндеті-балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тәуір әдіспен жеткізу керек деген сұраққа жауап береді. Дүниетану әдістемесі дидактика принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің психологиялық заңдылықтарына дүниетану курсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенеді. Дүниетануды оқыту әдістемесі педагогика ғылымдар цикліне жатады. Болашақ мұғалім бастауыш сынаптардағы дүниетану курсының мазмұнын, балаларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін білуі қажет. Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің пән мақсатына, оқытылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетаным сабақтарында қалай пайдаланатынын білу қажет. Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы үшін, дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білуі тиіс.

Бастауыш мектептегі дүниетанудың базалық білім мазмұны

Адам. Адам ағзасы. Сыртқы түрі. Сезімдері, өсу және даму жағдайлары. Адамның әрекеті. Оқу біліктері. Өзін өзі бақылау және бағалау. Оқу кітабымен жұмыс. Коммуникативті біліктері. Қоғам. Адам және басқа адамдар. Этика. Адамның өзін ұстау мәдениеті. Адам еңбегі. Өндіріс. Өнер. Табиғат. Табиғат және жасанды денелер, заттар. Табиғи құбылыстар. Табиғатты зерттеу әдістері. Жер - ғаламшар. Күн-жұлдыз. Карта. өсімдік және жануар-тірі ағза. Қылқан жапырақты, жапырақты өсімдіктер. Шөл, дала, орман, тау өсімдіктері. Өсімдіктердің өсуі, көбеюі, дамуы. Бунақденелілер. Балықтар. Қосмекенділер. Жорғалаушылар. Қүстар.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқыту міндеттері.
  2. Дүниетанудан сабақ беру әдістемесінің алдына қандай міндеттер қойылады?
  3. Базалық білім мазмұны «Адам» блогы бойынша сипаттаңыз.
  4. Базалық білім мазмұнын «Табиғат» блогы бойынша сипаттаңыз
  5. Базалық білім мазмұнын «Қоғам» блогы бойынша сипаттаңыз.

Тест тапсырмалары

  1. Дүниетану әдістемесіне не енеді.

А) оқыту формалары, тәсілдері, әдістері

Б) дүниетану курсының мазмұны

В) табиғат, қоғам туралы жаңа түсініктер

Г) табиғат, адам еңбегі, қоғам туралы білім мазмұны

2. дүниетану әдістемесінің міндеттері

А) оқу материалының мазмұны, жүйесі формалары әдістері тәсілдерді сұрыптау

Б) табиғатты қорғау және сүю

В) Қазақстанның табиғаты мен оқушыларды таныстыру

Г) оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға көмек.

  1. Болашақ мұғалім нені білуі керек?

А) дидактика принципін

Б) теориялық материалды қолдануды

В) оқыту формаларын, әдістерін тәсілдерін

Г) сыныптар ерекшелігін

1. 2. Бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының міндеті мен мазмұны

Жоспар

  • Дүниетану стандартын талдау
  • Дүниетану оқулықтарын талдау
  • Дүниетанудан пәнаралық байланыс
  • Білім, білік дағдыларға қойылатын талаптар
  • Бастауыш сыныпты бітіруші оқушыларға дүниетанудан қойылатын талаптар

Дүниетану стандартын талдау

Дүниетану пәнінің мазмұны « Адам» «қоғам» «табиғат» деп аталатын үш блоктан құралады; пәнді оқытудың басты мақсаты айналадағы дүние туралы оқушыда біртұтас көзқарас қалыптастыру және ондағы адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу.

Өзінің мазмұны қисыны және құрылымы жағынан пән мынадай елеулі ерекшеліктемен н ситпатталады.

Біріншіден , «Адам» блогы жаңа. «Дүниетанудың» жалпы мектеп тарихындағы адамды оның айналадағы дүниемен қарым қатынасы мен «Адам-өлі табиғат» «адам-тірі табиғат», «адам-бақа адамдар», «адам-материалдық және рухани мәдениет», т. б) жан-жақты қарастырып, оқушыларға таныстыруды бастайтын алғашқы пән екндігін атап көрсеткен жөн. Мұнда бұл ұғымдардың мәні абстрактілігі түрде қалмай, оқушының өзін-өзі тануы деңгейінде щбъективті және субъективті тұрғыдан шынайы көрініс беріп нақтылануына баса қөңіл бөлінеді.

Екіншіден , әр блоктың мазмұны сыныптан сыныпка біртіндеп күрделеніп, 1-4 сыныптарда үздіксіз оқытылады.

Үшіншіден , әр блок мазмұнының өзара байланысы адамның табиғатпен, қоғаммен әрекеттестік қарым-қатынасы туралы білім мазмұны арқылы жүзеге асады.

Дүниетану пәнінің тағы бір ерекшелігі-бұл пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әр түрлі салаларынан (қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары, экономика, этика, эстетика, құқық, өнер, т. б) хабардан ету негізінде дүниені танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу, талдау, синтез, салыстыру, т. б) оқушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан жақты дамытып, тәрбиелеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Білім мазмұнын қамтитын ақпараттардың әр салалығы мен ауқымдылығы, мазмұн берілуінің жүйелілігі, білімнің теориялық деңгейінің жоғарылығы дүниетану пәнінің пропедевтикалық сипатын айқындайды және келесі сатыларда оқушылардың физика, химия, биология, тарих, қоғамтагу, т. б сияқты ғылм негіздерін нәтижелі зерделеуін қамтамасыз етеді, адамтану проблемарына арналған арнайы курс жасауға бастама болады.

Базалық білім мазмұнның сыныптар бойынша жіктелуі:

1-сынып-68 сағат;

Кіріспе-4 сағат;

Адам-6 сағат;

Табиғат-36 сағат;

Оған тірі, өлі табиғат, табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі, адам еңбегі, олрдың маусымдық өзгерістері деген сияқты тақырыптар кіреді.

Қоғам блогына 22 сағат берілген.

2-сынып-68 сағат

Адам блогы-8 сағат

Табиғат блогы 33 сағат

Қоғам-27 сағат

Әрбір блокта көрсетілімдер берілген:судың, ауаның қасиеттері, топырактың құрамы, өсімдіктер мен жануарлардың көбеюі, т. б

3сынып-68 сағат

Адам -8 сағат

Табиғат -34 сағат

Қоғам-26 сағат

Сарамдық жұмыстар: әр түрлі шамаларды өлшеу аспаптарымен жұмыс. Күнтізбемен, сағатпен жұмыс. Жапыракпен, балықпен өткізілетін тәжиребені жоспарлау, қою. Табиғи және қолдан жасалған денелермен танысу ; «дене», «зат» түсініктерін пысықтау. Денелерді затарды өзара салыстыру тәсілдерін үйрену. Бөлмедегі жылы ауа мен сырттағы уық ауаның алмасуын судың буға айналуын көрсету. Тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың үлгілерін зерделеп қасиеттерімен танысу мағлуматтарды кестеге түіру топырақ түрлерін және қарашірігі мол топырықтың касиетін зерделеу. Қазақстанның қызыл кітабымен танысу. Әлі өңделмеген жабайы және үй жануарлары өнімдерінің 2-3 түрін (мамық, тері, тарамыс, т. б) зерделеу. Отбасы табысын негізі шығындарға бөлу (ойын түрінде) ; конақ қабылдау, қонақ болу (ойын түрінде) ; өзін-өзі ұстау, әңгіме құру, дастарқанға ас қою, т. б. орындау.

4 сынып-68 сағат

1 блок Адам -6 сағат

2 блок Табиғат -38 сағат

3 блок Қоғам-24 сағат

«Адам» блогында-адам қоғам перзенті дегеннен оқушыларға ұғым беру; адамның өмірдегі пайда болуы туралы ғылыми, діни, көзқарастар туралы айту.

Адам өміріндегі еңбектің рөлі:қоршаған ортаны қорғау мәселелері.

Табиғат блогы табиғатты зерттеу әдістерінен басталады. Әр түрлі әдістерді қолданып тұстарды бағдарлау. Қазақстанның географиялық картасынан жер бедерін, пайдалы қазбаларды, өзен, көлдерді, табиғат зоналарды танып білу және кескін картаға түсіру. Туған өлке табиғатына тоқталу. Жердің жартышарлар картасы бойынша құрлыктармен мұхиттармен танысып кескін картаға түсіру.

Қазақстан және ТМД елдері. Еліміз халықтарының ынтымақтастығы.

Қазақстан Республикасының Ата заңы. Азаматтық - құқықтық қоғам құру - басты бағыт.

Дүниетану оқулықтарын талдау

Бастауыш сыныптарға арналған Дүниетану оқулықтарын стандартқа сай құрылған.

Оқулыктағы бүкіл стандарттык материальжеке сабақтар бойынша бөлінген.

I сынып оқулығына токталатын болсақ: оқулықтың материал жеткізу жөніндегі ерекшілігі онда балаларға негізгі оқу ақпаратын суреттер береді. Мәтіндер қысқа шымыр жазылған мақалалар шағын әңгімелер мен түсініктемелер сұрақтар тапсырмалардың айқын жүйесі түрінде берілген. Әрбір бетте суретер берілген сол суретке сұрақтар мен тапсырмалар сериясы берілген. Олардың біразы мұғалімге балалардың назарын табиғаттың әр түрлі ерекшіліктерін заттары мен құбылыстарының белгілерін анықтауға бағыттауына соның арқасында оқушыларға сабақтың тақырыбы бойынша қажетті фактілік материалды хабарлауына көмектеседі.

Оқулық стандарттағы блок мазмұнына сәйкес құрылған.

Адам блогында сынып оқушылары адамның сезім мүшелерімен таныды. Әрбір тақырыптан кейін есіңде болсын деген қысқаша қорытындылар берілген.

Табиғат блогында тақырыптар жыл мезгілдеріне қарай құрылған. Мұндағы материал топтастырып берілген. Қоғам блогына тақырыптар отбасы мектеп ауыл қала Отан туған ел деп топтастырып берілген. Сонымен қатар бала құқығы туралы конвенция деген тақырыпта бала мүддесін қорғау жөнінде айтылады.

Оқулық қоршаған дүниені қорғау тақырыбымен аяқталады. Айналадағы дүниені қорғау-қазіргі және болашақ ұрпак үшін керекті жағдай.

II cыныпқа арналған Дүниетану оқулығындағы материал стандартка сай құрылған. Оқулықтын құрылу принципі-өлкетану.

«Адам» блогы материалдары адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасымен баланысты берілген.

«Табиғат» блогы «Көкжиек», « Компастың құрылысы», « Сурет және сұлба» деген тақырыптан басталады. Өсімдіктер мүшелері мен олардың көбеюі туралы мәліметтер берілген.

Жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайлар және олардың бейімделуі туралы танысып отырады. Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабымен» танысады. «Қоғам» блогына танымыздың рәміздері адам шаруашылығының түрлерімен танысады. Оқулықтағы мәтіндер соңында сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Кейбір мәтіндерді диалогқа көп көңіл бөлінген.

III cыныпқа арналған «Дүниетану» оқулығы стандартка сай құрылған. Дүниетану оқулығы стандартқа сай құрылған. Дүниетану оқулығы 17 тараудан құралған. «Адам» блогында «Адам -табиғат перзенті» деген бағытта берілген. Адамның сезім мүшелерімен асқорыту қан айналым тыныс алу мүшелерімен және жарақат алғанда алғашқы жәрдем көрсетумен таныстыру мақсат етеледі.

Денелер, заттар, құбылыстар және географиялық карта жөнінде материалдар берілген. Өсімдіктер мен жануарлардың көп түрлілігі мен олардың мекен ортасына бейімділігі жөнінде кеңінен қарастырылған. «Қоғам» блогы Отан, ел рәміздері, елді басқару органдары, қазақ халқы, дәстүрлері туралы таныстырып өтеді.

Мәтіндер бойынша суреттер берілген. Мәтін соңында сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың білім деңгейіне сәйкес келеді. Сөздік жұмыстар да көрсетілген. Мақал-мәтелдер берілген. Мәтіннің соңында сарамандық жұмыстар бар.

IV cынып оқулығы стандартқа сай құрылған. Материалдар блоктар бойынша бөлініп қарастырылады. Әрбір тақырыптың немесе мақаланың алдында проблемалық сипаттағы тапсырмалар мен сұрақтар берілген.

Оқулық иллюстрациямен жақсы жабдықталған, бұл материалды тыңғылықты игеруге көмегін тигізеді.

Оқулықтарың ең басты мәселелері - отанымыздың табиғаты, табиғат байлықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, сұлба мен картаны қолдануға үйрету, кескін картаны толдыру.

Адам блогындағы берілген материал адамның шығу тегімен оқушылардың таныстырады. Табиғат блогында еліміздің ғарыш державасы екендігі және жердің өз кіндігінен айналуы және күнді айналып қозғалуы баян етіледі.

Қоғам блогында отбасы, мектеп, ауыл, қала, Отан, туған ел туралы таныстыра отырып, оқушының болашақ өз елінің еңбекші -қайраткері екндігіне түсінік беру. Оқулықта сарамандық жұмыстар да берілген.

Дүниетанудан пәнаралық байланыс.

Дүниетану пәнінің мазмұны әр блок бойынша басқа пәндердің мынадай материалдарымен байланысады.

Адам блoгы бойынша. Қазақ тілі:дыбыстардың рөлі.

Кітаппен, мәтінмен жұмыс істеу, тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу, сөйлеу мәдениеті, сипаттау, талдау, баянадау. Шығарманы мәнерлеп оқу. Монолог, диалог.

Ана тілі : Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер

Математика . Арифметикалық төрт амал.

Еңбек. Адам өміріндегі еңбектің маңызы.

Табиғат блогы бойынша

Ана тілі: табиғат обьектілерін, құбылыстарын, әсем көріністерін, өсімдіктер мен жануарларды, оларды қорғау қажеттігін бейнелейтін шығармалар. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер.

Математика. Арифметикалық төрт мал, баға, сан, масса, көлем, жылдамдық, уақыт туралы түсініктер. Геометриалық бейнелер, геометриялық шамаларды өлшеу.

Бейнелеу өнері. Табиғат бояулары (күз, қыс, көктем, жаз)

Қоғам блогы бойынша.

Ана тілі, мектеп, оқушы, мұғалім, туған ауыл, оның көркі, табиғаты, адамдары, ата-ана, бауыр, ата, әже, дос, туған ел, Отан тақырыптарына жазылған әңгімелер, ертегілер, аңыздар, өлеңдер, мақал-мәтелдер.

Математика. Арифметикалық сан, көлем, уақыт, туралы түсініктер. Геометриялық шамаларды өлшеу, геометриялық бейнелер.

Еңбек. Ауыл шаруашылығы еңбегі, техникалық еңбек, тігін.

Музыка. Еліміздің әнұраны, халқымыздың табиғаты, оған деген өз қатынасын, адамның әлеуметтік көңіл-күй сезімдерін, т. б. бейнелейтін күйлері, міндеттері.

Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар

Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар:

Адам туралы оқушы:

  • Сыртқа ортаның әр түрлі әсерін: темрепатураны, жарықты, дыбысты, уақытты, кеңістікті түсініп ажырата алуы мүмкін.
  • Адамның әр түрлі көңіл-күй, сезімдік ахуалына ( қуану, шаттану, таңдану, қорқу т. б)

мысалдар келтіре білуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбилеу маңызды міндет
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫМЫ
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сезімдік қабылдауы
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz