Тұлғаның әлеуметтік психологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

1 бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.

1 тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.

Жоспары:

  1. Жалпы психология және әлеуметтану - әлеуметтік психологияның негізі.
  2. Қазіргі психологиялық және әлеуметтану ғылымдарындағы әлеуметтік психологияның пәні туралы біртекті түсініктердің болмауы.
  3. Әлеуметтік психологияның пәні туралы түсініктердің эволюциясы.
  4. Әлеуметтік психологияның гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны мен өзге де психологиялық пәндермен өзара байланысы.
  5. Адам және қоғамның қазіргі мәселелерін шешудегі әлеуметтік психологияның мәні мен рөлі.

Дәріс тезистері.

3. Лекция мақсаты: Студенттерге әлеуметтік психология, оның мақсаты, міндеттері, қалыптасуы жайлы толық мағлұмат беру. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері, басқа ғылымдармен байланысы, даму тарихы туралы түсінігін дамыту.

4. Лекция мазмұны : 1. Әлеуметтік қарым-қатынас адам баласының өмірлік әрекетінің негізі болып табылады. Адамның әлеуметтік қарым-қатынасы жеке, топтық және қоғамдық қатынастардан тұрады. Бұл қажеттіліктер қарым-қатынастың негізгі формасы қоғамдық және өзара іс-әрекет жасау барысында қанағаттандырылады. Егер адамзат қоғамын толығымен алсақ, онда қарым-қатынас пен өзара іс-әрекет жасау барысында жеке адамның өмір сүру жағдайы қалыптасады және дамиды. Жеке іс-әрекеттерде өзара түсіністіктері мен келісімге келуін қамтамасыз етеді. Үлкен және кіші әлеуметтік топтар қалыптасады.

Қарым-қатынастың негізгі типіне қарама-қарсы әрекеттер, күрес, әлеуметтік қайшылықтар (конфликт) жатады.

Әлеуметтік қарым-қатынас барысында адам бір мезгілде қоғамдық өнім, әрі белсенді мүше және субъект болып табылады. Сондықтан адам өзін қоғам мүшесі ретінде тану процесі немесе қандай да бір топтың нақ әлеуметтік қарым-қатынас процеті болып табылады.

Адам өзін жазалауға немесе мадақтауға шебер. Түрлі жағдайларға байланысты өзінің көңіл-күйін, эмоциясын өзгертіп отырады.

Рефлекция - бұл адамның өз-өзімен болуы. Қоғаммен қарым-қатынас жасау барысында жеке адамның психикасы өзгереді деген пікір кең тараған. Түрлі жағдайларға байланысты адам бірде күшті, (агрессибті), қатал, ал бірде -қорқақ немесе тұйық болады. Мұндай психологиялық өзгерістер көпшілік ортада жағымсыз адамның болуынан туындауы мүмкін немесе олардың сол адамның іс-әрекетіне бақылау жасаудан туады. Қосымша қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық, пасықтық, надандық та басты себеп болуы мүмкін.

2. Әлеуметтік психологиялық таным -бұл жеке адамның белгілі жағдайдағы жай-күйін сипаттайды. Олар: батыл немесе қорқақ, басшылықтағы белсенділік немесе әлеуметтік немқурайдылық т. б.

Осы шеңберге кіретін және тұрақты, динамикалық ерекшеліктер: кіші әрі әлеуметтік топтар -адамгершілік психологиялық климат, жалпы деңгейі, толық көңіл-күй, салт-дәстүр т. б.

Әлеуметтік психология - психология ғылымының бір саласы. Ол әлеуметтік психологиялық заңдылықтар тұжырымдамасы туралы оқытады, яғни мінез-құлықтың психикалық тепе -теңдік ерекшеліктері, адамдардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы, олардың әлеуметтік қарым-қатынас жағдайлары, жеке адамның үлкен және кіші топтарға мүшелігі, ұжыммен, қоғаммен қарым-қатынасы туралы.

Әлеуметтік психология пәнінің өзі басқа ғылымдар жүйесінде өзіндік спецификалық орны бар.

Әлеуметтік психологияның қалыптасу тарихы біріккен екі ғылымның көмегімен өзін-өзі зерттейді. Әлеуметтік психоолгиялық практиканың даму барысында пәнге толықтырулар енгізілді.

ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ

ЖӘНЕ ӘДІСТЕР

Пән туралы көптеген пікірлер айтылды. Пән ғылыми білімдер жүйесі және практикалық тапсырмаларды шешуді қарастырды.

Әлеуметтік психология әлеуметтанудың (социалогия) бір бөлігі. Негізгі мақсат (массалық) жалпы оқытудың қажеттігі, яғни үлкен әлеуметтік қоғам, қоғамдық психологияның жеке қырлары - адамгершілік, салт-дәстүр, түрлі наным-сенімдер.

Әлеуметтік психология -жалпы психология мен әлеуметтанудың негізінде құралған, яғни әлеуметтік психологияның социалгоиямен шегаралық бірлігі болып табылатын проблемалар: массалық., коммуникация, қоғамдық пікірлер, жеке адамның әлеуметттенуі.

Қазіргі кездегі әлеуметтік психология - адамдардың және тұтас топтардың әлеуметтік мінез - құлығының заңдылықтары туралы жалпы ғылыми білім және осы мінез-құлықты тәжірибе жүзінде зерттеу әдістері, және де осындай мінез-құлыққа тиімді түрде әсер ететін құралдар мен әлеуметтік әсер ету технологиясының жиынтығы, - деп қарастыруға болады.

Ол өз бетімен дамып, жетіліп қалыптасады, өз іс-әрекетінде өзіндік мақсаты бар, өзіндік қайталанбас ерекше белгілері бар жүйе. Әрине топтар жекелеген адамдармен де, басқа топтармен де қарым-қатынасқа түсе алады. Мұндай қарым-қатынас әр уақытта қалыпты жағдайда өтпеуі мүмкін, кейбірде жай топаралық қатынастар бір-біріне деген қарсы тұру (агрессия), түсініспеушілік, басқаны қабылдамаумен ілесіп отырады. Әртүрлі әлеуметтік топтардың әсер етуінің психологиялық механизмдерін де, оларды тиімді түрде жоғарылату мәселелерін де әлеуметтік психология қарастырады. Сонымен, әлеуметтік психологияның негізгі қарастыратын мәселелерін жеке адам аралық қарым-қатынастар, топ аралық қатынастар, топтар және жеке адам деп белгілеуге болады.

Әлеуметтік психологияның пәні екі бөлек ғылымның - әлеуметтану және психологияның (жантану) жігінде пайда болып, XX ғасырдың басынан өз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.

Сондықтан да, бір жағынан, социология ғылымы әлеуметтік психологияны өзінің бір тармағы деп есептесе, екінші жағынан, ол - психология ғылымының бір саласы деп есептелінеді. Оның бірнеше себептері бар. Негізінде, қоғамдық өмірдегі көптеген құбылыстарды зерттеу, екі ғылымның да-психология мен социология ғылымдарының жетістіктерін пайдаланғанда жемісті болуы мүмкін. Қоғамдық зандылықтар, адамдар іс-әрекеті, адамдардың мінез-құлқы, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден адамдардың қарым-қатынасында, іс-әрекетінің барысында ерекше байланыс, өзара әсерлесу, ерекше қарым-қатынас типтері пайда болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін білмейінше мүмкін емес екені анық.

Әлеуметтік психологияның екіжақтылығы, бұл пәннің осы екі ғылымның - психология мен социологияның қойнауынан дамып, жеке пәнге айналуымен байланысты.

Әлеуметтік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар.

Екеуінің де негізгі қарастыратыны - индивид, жеке тұлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жекедаралық механизмдері мен олардың бір - бірінен ерекшеліктеріне көңіл аударса, әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды, біріне бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.

Өз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда көптеген қиындықтарға кез болды. Егер де XX ғасырдың бас кезінде зерттеушілер көбіне қоғамдық көпшіліктік психологияны зерттеуге көңіл бөлсе (топтар, көпшіліктік еліктеулер, ұлттар, психологиялық тұрпат, т. б. ), ал ғасырдың орта шеніне таман, негізінен, шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары, топтарға әсер ету тәсілдері мен әртурлі адам-аралық қатынастарға үңіле бастады. Қазіргі уақытта адамның әлеуметтік мінез-құлқының жалпы теориясын құру проблемасы өте өзекті. Адамның социумдағы мінез-құлқы зерттеуге де, болжауға да күрделі құбылыс болғандықтан, әлі де болса ондай теория жасалыну үстінде.

3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері

Әлеуметтік психология пәні

  • Әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестерді ойдан өткізу және үйрену
  • Әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестердің әр түрлі жағдайларда айқындалу заңдылықтарын анықтайды
  • Әлеуметтік-психологиялық заңдылықтар негізінде қоғамдық, мемлекеттік және басқа саяси, ұлттық процестерді болжайды

Әлеуметтік психологияның құрылымы, яғни оның категориялы жүйесі әлі күнге дейін белгілі емес. Дегенмен, әдебиеттерге талдау жасау әлеуметтік - психологиялық түсініктердің жиынтығын көрсетуге болады:

1. әлеуметтік психология пәні және әдістері;

2. тұлға және қоғам, тұлғаның әлеуметтенуі;

3. элеуметтің қауымдастық пен әлеуметтік топтардың жалпы түсініктері, әлеуметтік топтардың жіктелуі;

4. әлеуметтік топтардың құрылымы және әлеуметтік-психологиялық ұйымдар;

5. әлеуемттік топтағы қарым - қатынас және тұлғааралық қатынас (әлеуметтік байланыс), ұжым психологиясы әлеуметтік қауымдастықтың жоғары форпмасы ретінде;

6. үлкен әлеуметтік топтар психологиясы; бұқаралық әлеуметтік құбылыстар - қоғамдық және топтық қажеттіліктер, сезім, ерік, қоғамдық және топтық сана;

7. коммуникация және коммуникациялық бұқаралық құрал психологиясы;

8. әлеуметтік - психологиялық процестерді басқару;

Әлеуметгік психологияның салалары

Әлеуметтік психология ғылым ретінде түрлі әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен міндеттерді зерттейді және ортақ бірліктен пайда болатың оның генезисін және дамуын анықтайды.

Этностық психология - әлеуметтік психологияның саласы, ол түрлі этностық бірлік өкілдерінің психологиялық сипаттарын зерттейді.

Дін психологиясы - адамдардың діни іс-әрекетін және түрлі діндік бірліктерге мүшелікке кіргендердің психологиясын -зерттейтін әлеуметтік психологияның саласы.

Саяси психология - адамдардың саяси іс-әрекеттерін және қоғамдық-саяси өмірге қатысатын түрлі әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процестерді зерттейтін әлеуметтік психологияның саласы.

Басқару психологиясы - адамдардың негізгі зейінді топтарға және бүкіл қоғамға әсерін, сапалы ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі әлеуметтік-қоғамдық тәртіпке бағынуын қалыптастыратын, дамыту және жетілдіру мақсаты мен мәселелеріне көңіл бөлетін әлеуметтік психологияның саласы.

Әлеуметтік әсер психологиясы - әлеуметтік психологияның әлсіз дамыған саласы, адамдарға әсерлердің ерекшеліктерін, зандылықтарын және олардың түрлі өмір сүру жағдайларындағы іс-әрекетінің құбылыстарын зерттеумен шұғылданады

Қарым - қатынасс психологиясы әлеуметтік топтардың адамдар арасындағы ақпарат алмасуы мен өзара әрекеттестігін айқындайды.

Отбасы психологиясы қоғамда отбасы мүшелерінің арасындағы жан-жақты түрлі ерекшеліктерді зерттеуді мақсат ретінде қояды.

Дау-дамай (конфликт) психологиясы - түрлі дау-дамайлардың психологиялық ерекшеліктерін қарастыратын және оларды тиімді жолдармен шешуге бағьггталған әлеуметтік психологияның мьгқты прогрессивті саласы.

Әлеуметтік психологияның негізгі міндеттері:

Зерттеу құрылымы, механизмдері, әлеуметтік заңдылықтары мен ерекшеліктеріне жататын: адамның қарым-қатынасы өзара ықпал етуі, психологиялық мінездеме әлеуметтік топқа, ұжымға, жеке адам психологиясы. (әлеуметтік құрылымы, қайшылықтары(поблемалары) .

Әлеуметтік психологияның зерттейтін мәселелері:

  1. Әлеуметтік психологиялық мінездемелер немесе сипаттамалар,

заңдылықтар, байланысқан іс-әрекеттер процесінің механизмдері, жеке адамның қарым-қатынасы, ақпарат алмасудың ерекшелігі, өзара түсіністік пен қабылдау, қарым-қатынас барысында адамдардың өзара әрекеттесуі. Қарым-қатынас негізінде адамдар бір-біріне өзара ықпал етеді, ақпарат алмасады.

Әлеуметтік психология механизмінің әлеуметтенуі, яғни қоғамдағы адамдарды түсінуіне: еліктеу, сендіру, тарату, жұқтыру, сенімге кіру процестері енеді.

  1. Әлеуметтік психология заңдылықтары қоғамда ортақ анықталған әлеуметтік құрылымдық жүйе үлкен әлеуметтік топтардың құрылуы. Ол жалпы массалы, әлеуметтік психологиялық топтар.

Оларға: кластық (топтық) және этнопсихологиялық ерекшеліктер, этнопсихология, психология кластары, әлеуметтік психологиялық мамандандырылған топтар және саясат психологиясы жатады.

  1. Топтың әлеуметтік психологиясы . Осыған байланысты әлеуметтік

психологиялық зерттеулерде топ құрамы, топтың білім беру топтық динамикасы және құрылымы, өзара қарым-қатынасы, кіші топтағы рольдік билік және басқару процесі мәселелері қарастырылады.

  1. Жеке адамның әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері, механизмдері, индивидтің әлеуметтенуі.

  1. Әлеуметтік психология заңдылықтары қоғамда ортақ анықталған әлеуметтік құрылымдық жүйе үлкен әлеуметтік топтардың құрылуы. Ол жалпы массалы, әлеуметтік психологиялық топтар.

Оларға: кластық (топтық) және этнопсихологиялық ерекшеліктер, этнопсихология, психология кластары, әлеуметтік психологиялық мамандандырылған топтар және саясат психологиясы жатады.

  1. Топтың әлеуметтік психологиясы . Осыған байланысты әлеуметтік

психологиялық зерттеулерде топ құрамы, топтың білім беру топтық динамикасы және құрылымы, өзара қарым-қатынасы, кіші топтағы рольдік билік және басқару процесі мәселелері қарастырылады.

  1. Жеке адамның әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері, механизмдері, индивидтің әлеуметтенуі.
  2. Әлеуметтік психологиялық мінездемелер немесе сипаттамалар,

Сонымен әлеуметтік психология пәні психологиялық заңдылықтар мен

динамикалық құрылым ерекшеліктерінің қоғамдық өзара қатынас процесінде туындайтын және осы тұрғыда негізделген бағыттардың көрсеткіші. Бұл көрсеткіштер мынадай формаларға: әлеуметтік психологиялық процеске, үлкен және кіші топтар құрылымы, жеке адам негіздемесі, қоғамдық өзара әрекеттестік немесе ықпал етуге бағытталған.

2 тақырып. Әлеуметтік - психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы.

Жоспары:

1. Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуының алғы шарттары.

2. Алғашқы әлеуметтік - психологиялық теориялар («Халықтар психологиясы» М. Лацарус, Г. Штейнталь, В. Вунт;

3. «Көпшілік психологиясы» Г. Тард;

4. В. Мактугаллдың «Әлеуметтік жүріс - тұрыс инстинкт теориясы») .

5. Әлеуметтік психология тарихының кезеңдері (Г. М. Андреева және Е. С. Кузьмин бойынша) .

6. Қазіргі американдық, европалық әлеуметтік психологияның жалпы сипаттамасы.

7. Кеңестік әлеуметтік психологияның даму тарихы.

8. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік - психологиялық идеялардың дамуы мен әлеуметтік психология аймағындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің өңделуі мен жүргізілуі

Дәріс тезистары.

Әлеуметтік психология адам мен қоғамның өзара әрекеті туралы білімдердің ұзақ уақыт жинақталуынан пайда болды. Алғашқы әлеуметтік-психологиялық идеялар философия, әлеуметтану, антропология, этнография және тіл білімі саласында қалыптасқан. Алғашында «халықтар психологиясы», "бұқара инстинктері" және т. б. түсініктекр пайда болды. Жеке әлеуметтік-психологиялық идеялар Платон мен Аристотельдің, француз материалист-философтарының, утопист-әлеуметанушылардың еттанушьшардың еңбектеріңде, содан кейін Фейербах пен Гегельдің еңбектерінде кездеседі.

ХІХ ғ. екінші жартысында әлеуметтік психология ғылыми білімнің дербес саласы ретінде психология мен әлеуметтанудың түрі ретінде пайда болды, бірақ сипаттаушы ғылым ретінде ғана бөлінде. Оның пайда болуын 1859 ж. Германияда Штейнталь этностық психология мен тіл білім туралы" жорналын шығарумен байланыстырады.

Әлеуметтік психологияның дамуының алғышарттары негізінен басқа кез-келген ғылыми пәннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, алдымен философия ғылымының қойнауында қалыптаса бастаған, бірте-бірте дербес ғылымға айналды, бірақ ол процесс тікелей емес, басқа екі ғылым арқылы (социология мен психология) іске асырылды.

Американ зерттеушісі О. Клейнбергтің көрсетуінше, әлеуметтік психологияның көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда болған.

Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертеден грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның «Республика» еңбегінде, Аристотельдің «Саясат» және «Этика» еңбектерінде қаланған. Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққан Әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары» деген еңбегінде былай деп жазған.

Жаңа заман философиясында (ХУ-ХУ11г. г. ) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерд! атап кету қажет.

XIX г. орта тұсында, қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезенде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді бола түсті. Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың психологиялық, ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бұл проблемаларды шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.

Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтж психологияның көмегі қажет болды.

Қазіргі таңда толығымен мақұлданған әлеуметтік психологияның пәнінің анықтамасы жасалына қойған жоқ. Көбінесе, әлеуметтік психологияның пәні әртүрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілген адамдардың қарым-қатынасының заңдылықтарын, және де сол топтардың өзінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін ғылым деген көзқарас басым.

Американ психологы Д. Майерстің анықтауынша: «әлеуметтік психология - адамдар бір-бірі туралы қалай ойлайды, бір-біріне қалай әсер етеді және бір-біріне қалай қарайтынын зерттейтін ғылым.

. Әлеуметтік қарым-қатынас адам баласының өмірлік әрекетінің негізі болып табылады. Адамның әлеуметтік қарым-қатынасы жеке, топтық және қоғамдық қатынастардан тұрады. Бұл қажеттіліктер қарым-қатынастың негізгі формасы қоғамдық және өзара іс-әрекет жасау барысында қанағаттандырылады. Егер адамзат қоғамын толығымен алсақ, онда қарым-қатынас пен өзара іс-әрекет жасау барысында жеке адамның өмір сүру жағдайы қалыптасады эәне дамиды. Жеке іс-әрекеттерде өзара түсіністіктері мен келісімге келуін қамтамасыз етеді. Үлкен және кіші әлеуметтік топтар қалыптасады.

Қарым-қатынастың негізгі типіне қарама-қарсы әрекеттер, күрес, әлеуметтік қайшылықтар (конфликт) жатады.

Әлеуметтік қарым-қатынас барысында адам бір мезгілде қоғамдық өнім, әрі белсенді мүше және субъект болып табылады. Сондықтан адам өзін қоғам мүшесі ретінде тану процесі немесе қандай да бір топтың нақ әлеуметтік қарым-қатынас процеті болып табылады.

Адам өзін жазалауға немесе мадақтауға шебер. Түрлі жағдайларға байланысты өзінің көңіл-күйін, эмоциясын өзгертіп отырады.

Рефлекция - бұл адамның өз-өзімен болуы. Қоғаммен қарым-қатынас жасау барысында жеке адамның психикасы өзгереді деген пікір кең тараған. Түрлі жағдайларға байланысты адам бірде күшті, (агрессибті), қатал, ал бірде -қорқақ немесе тұйық болады. Мұндай психологиялық өзгерістер көпшілік ортада жағымсыз адамның болуынан туындауы мүмкін немесе олардың сол адамның іс-әрекетіне бақылау жасаудан туады. Қосымша қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық, пасықтық, надандық та басты себеп болуы мүмкін.

2. Әлеуметтік психологиялық таным -бұл жеке адамның белгілі жағдайдағы жай-күйін сипаттайды. Олар: батыл немесе қорқақ, басшылықтағы белсенділік немесе әлеуметтік немқурайдылық т. б.

Осы шеңберге кіретін және тұрақты, динамикалық ерекшеліктер: кіші әрі әлеуметтік топтар -адамгершілік психологиялық климат, жалпы деңгейі, толық көңіл-күй, салт-дәстүр т. б.

Әлеуметтік психология - психология ғылымының бір саласы. Ол әлеуметтік психологиялық заңдылықтар тұжырымдамасы туралы оқытады, яғни мінез-құлықтың психикалық тепе -теңдік ерекшеліктері, адамдардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы, олардың әлеуметтік қарым-қатынас жағдайлары, жеке адамның үлкен және кіші топтарға мүшелігі, ұжыммен, қоғаммен қарым-қатынасы туралы.

Әлеуметтік психология пәнінің өзі басқа ғылымдар жүйесінде өзіндік спецификалық орны бар.

Әлеуметтік психологияның қалыптасу тарихы біріккен екі ғылымның көмегімен өзін-өзі зерттейді. Әлеуметтік психоолгиялық практиканың даму барысында пәнге толықтырулар енгізілді. Пән туралы көптеген пікірлер айтылды. Пән ғылыми білімдер жүйесі және практикалық тапсырмаларды шешуді қарастырды.

Әлеуметтік психология әлеуметтанудың (социалогия) бір бөлігі. Негізгі мақсат (массалық) жалпы оқытудың қажеттігі, яғни үлкен әлеуметтік қоғам, қоғамдық қоғамдық психологияның жеке қырлары - адамгершілік, салт-дәстүр, түрлі наным-сенімдер.

Әлеуметтік психология -жалпы психология мен әлеуметтанудың негізінде құралған, яғни әлеуметтік психологияның социалогиямен шегаралық бірлігі болып табылатын проблемалар: массалық, коммуникация, қоғамдық пікірлер, жеке адамның әлеуметттенуі.

Батыстық эмпирикалық әлеуметтік психологияның көрнекті өкілдерінің бірі Француз заңгері және әлеуметтанушысы Ғабриэль Тард француз әлеуметтанушысы Гюстав Лебон және ағылшын-американ психологы Уильям Мак-Дуғалл (Вильям Макдауголл) болды. Бұл ғалымдар әткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басындағы қоғамның әлеуметтік дамуын адамның жеке психикалық қасиеттерімен байланыстыра кәрсетуге тырысты:

Тард - еліктеушілікті, Лебон - психикалық жұқтыруды, Мак-Дуғалл инстинкті қарастырды.

Г. Тардтың тұжырымдамасы бойынша, қоғамдық даму тұлғаралық әсер факторларымен, әсіресе еліктеушіліклен, әдет-ғұрыптармен, модамен (сән үлгілерімен) анықталады. Тард бойынша, еліктеу негізінде топтық және қоғамдық нормалар мен құндылықтар пайда болды. Индивид оларды меңгере отырып, қоғамдық өмір жағдайларына бейімделеді. Әсіресе, төменгі топтар жоғары топтарға қатты еліктейді. Дегенмен, идеалға жету мүмкін болмаған кезде - «әлеуметтік оппозиция", әлеуметтік өзара әрекетте конфликт пайда болады. Г. Тард бірінші рет тобыр психологиясын жекеліктің басымдық факторы ретінде терең зерттейді. Г. Тард идеясының әсерінен тұқымқуалаушылықтың екі түрін ажыратуға болады, олар -табиғи және әлеуметтік.

Француз әлеуметтанушысы және әлеуметтік психологы Гюстав Лебон психикалық жұқтыру түсінігін еңгізе отырып, әлеуметтік процестердің эмоциялы теориясын өңдеді.

Концепциялы әлеуметтік-психологиялық негіздер қатарынан француздың әлеуметтік мектебінің негізің салушы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) толықтырды. Ол "ұжымдық тусініктер" феноменін бөліп көрсетті (жекелік және ұжымдық түсініктер, 1898) оның пікірі бойынша, дүниені жеке индивид арқылы көруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология
Жеке тұлға психологиясы
Тұлға және даралық туралы
Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Заң психологиясының даму тарихы
Психология жүйесі
Жалпы психологиялық дайындық
Психология ғылымының мақсаты
Әлеуметтік психологияның орны мен қүрылымы
Психология ғылымы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz