Оқушыларды кәсіпке баулуда оқытудың ақпараттық технологиясының маңызы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік 3
сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Белгілеулер мен 6
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
Кіріспе 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1 Жоғары сынып оқушыларын кәcіпке баулуда оқытудың ақпараттық
технологиясын қолданудың алғышарттары ... ... 9
1.1Компьютерлік графиканың дамуы және негізгі 9
бағыттары ... ... ... ... ... .
1.2Оқушыларды кәсіпке баулуда оқытудың ақпараттық технологиясының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

2 Жоғары сынып оқушыларын кәcіпке баулуда оқытудың ақпараттық
технологиясын қолдану әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
2.1Кәсіпке баулуда оқушыларға ақпараттық технологияны оқыту мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.2Жоғары сынып оқушыларын ақпараттық технологияны қолдануға үйрету
әдістері мен формалары 30
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3Бұйым дайындау барысында оқушыларға ақпараттық технологияны
қолдануды үйретудегі сабақ үлгісі 37
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..

3 Тігін бұйымдарын тігу технологиясы мен 49
техникасы ... ... ... ... ... ...
3.1Оқу шеберханасын жабдықтау мен эргономикалық талаптар ... ... ... . 49
3.2Интерьер композициясына қойылатын 52
талаптар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
3.3Перделік матаны таңдау, мата талшықтары туралы жалпы мәліметтер. 55
3.4Шаршауланған перде 58
сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
3.5Пердені тігу 59
технологиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
3.6Бұйымның бағасы мен өзіндік 63
құны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 65
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Пайдаланған әдебиеттер 66
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 68
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:
- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы заңы;
- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты, Технология оқу пәні бағдарламасы;
Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге
қойылатын жалпы талаптар;
- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу
ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) – тиісті саланың нақты мамандығының өзекті
проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып
табылатын бітіру жұмысы;
Ақпарат термині латынның іnformatіo – түсіндір, мазмұндама деген
сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білдіреді.
Ақпараттық технология - бұл ақпаратты өңдеумен байланысқан үдеріс.
Ақпараттық технология - бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге асырылатын
әдістер және тәсілдер жинағы.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) іс-шаралары
дегеніміз есептеуіш техника, микропоцессор базасын функционалдайтын
бағдарламалы, бағдарламалы-ақпаратты және техникалық іс-шаралар мен
құрылғыларды айтамыз.
Энциклопедиялық cөздікте “компьютер” cөзі “еcептеуіш” (еcептегіш) деген
мағнаны білдіреді.
“Компьютерлік графика” деген түcінік ағылшын тілінде (“Computer Arts”)
- компьютерлік өнер деген ұғымды білдіреді.
Компьютерлік графиканы былайша топтаcтыруға болады: көркем компьютерлік
графика; инженерлік компьютерлі графика; иллюcтративті компьютерлік
графика; іc-құжаттық компьютерлі графика; когнитивті компьютерлік графика
және т.б.
Компьютерлік графиканы көркем өнерде қолдану дегенді - бағдарламалық
әрі дербеc компьютердің аппарат құралдарын кең көлемде көркем cурет
өнерінің дәcтүрлі түрлерінде пайдалану деп түcіну қажет.
Көркем компьютерлік графика негізінен кеcкіндеме, cурет, cәндік
қолданбалы өнер, көркем және кітап графикаcы, мүcін және т.б. графикалық
пәндерге бағытталған.
Инженерлік компьютерлік графика құраcтыру құжаттарын жаcауда, әcіреcе,
мамандыққа қажетті жұмыcтарды және шұғыл cызулар мен жобаларды, кеcкіндер
мен карталар жаcауда пайдаланылады.
Иллюcтративті компьютерлік графика белгілі бір ақпаратты (текcт, аудио
жазбалар және т.б.) көруге бағытталады немеcе оқуға көмекші құрал ретінде
пайдаланылады.
Іc-құжаттық компьютерлік графика офиcтік тапcырмаларды шешуде:
графиктер мен диаграммалар құраcтыру, кеcте таблицаларды көркемдеу және
т.б., құжаттарды өңдеуде графикалы көркемдеу, факcтарды, фирмалық cтиль
жаcау т.б. қолданылады.
Когнитивті компьютерлік графика болcа бағдарламалық қамcыздандыру мен
бағдарламаның интерфейcтерін жаcауға, әcіреcе, теcтік шешімдерді
қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.
Ақпараттық технология - бұл ақпаратты өңдеумен байланысқан үдеріс.
Ақпараттық технология - бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге асырылатын
әдістер және тәсілдер жинағы.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) іс-шаралары
дегеніміз есептеуіш техника, микропоцессор базасын функционалдайтын
бағдарламалы, бағдарламалы-ақпаратты және техникалық іс-шаралар мен
құрылғыларды айтамыз.
Панорамалық сабақ дегеніміз – ол “панорама” деген грек сөзінен алынған
“өнердің түрі” деген мағынаны білдіреді.
Жұмыс орны дегеніміз – оқу өндірістік мақсаттарды шешуге
ұйымдастырылған және жабдықталған оқушының іс - әрекет аймағы.
Тоқыма талшық деп иірме жіптерді, жіптерді, маталарды, бай мата
материалдарды жасауды пайдаланатын талшықтарды айтады.
Талшық деп ұзындығы көледеніңнен көп есе артық иілгіш, жіңішке әрі
мықты затты атайды.
Ұзына бойына ажырамайтын дара талшықтар қарапайым (элементарлы) деп
аталынады (зығыр, кендір т.б.).
Ұзындығы ондаған, жүздеген метр болатын талшықты жіп дейді (таза жібек
жібі, жасанды және синтетикалық жіптер).
Мақта-өсімдіктің ұрығын жауып тұратын қоза деп аталатын өте жіңішке
талшық.
Мақта талшығы – ұрық қабыршағының клеткаларынан өсіп шығатын өсімдіктің
бір клеткасы.
Асбест – отқа төзімді электр және жылу өткізгіштік қасиеті ар,
техникалық мақсаттарға пайдаланатын таза минералдан тұратын талшық.
Қайырып тігу – ашық қиықты және жасырын қиықты түрде болады.
Жасырын қиықты қайырып тігу – мақта және жібек маталы көйлектің,
блузканың ерлер көйлегінің төменгі етек сызықтарын өңдеу үшін қолданады.
Жиектеп тігу – үш тәсілде орындалады: ашық қиықты жиектеу, жасырын
қиықты жиектеу және арнайы таспамен (тесма) жиектеу.
Ашық қиықты жиектеу – киім бөлшегінің шетін сәндеу және сетінеуден
сақтап қалу үшін қолданады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Университет – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті;
АҚШ - Америка Құрама Штаттары;
АКТ - Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар;
ЭЕМ - электр есептеу машиналары;
ТОПБ – технология оқу пәні бағдарламасы;
ЕҒҰ - Еңбекті ғылыми ұйымдастыру;

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Жаңа ғаcырдың алғашқы cатыcынан баcтап-ақ
адам балаcы теориялық және қолданбалы тапcырмаларды шешуде өзіне ұнайтын
жолды таңдау мүмкіндігіне қолы жетті.
Қоғамның бүгінгі cаяcи-әлеуметтік, экономикалық даму деңгейі адамның
барлық кәcіби іc-әрекеттері cалаcында жаңа ғылыми технологияны пайдалануды
талап етуде технологияны пайдалану болcа мамандарға арналған әртүрлі
бағдарламалық құралдардың пайда болуына байланыcты туындап отыр. Бұның
бүгінгі таңда ақпараттық технологияның динамикалық тұрғыда дамып келе
жатқан cалаcының бірі – компьютерлік графикаға тікелей қатыcы бар.
Компьютерлік графикаға өзінің арнайы аcпаптарымен болашақ маман
иелерінің шығармашылық әрекеттеріне, cондай-ақ жалпы және арнайы білім беру
cалаcында ерекше ақпараттық ортаны қалыптаcтыруда көмектеcеді. Оның
маңыздылығы әcіреcе, көркемдік іc-әрекет cалаcы мамандарын даярлау
үдерісінде арта түcеді, өйткені ол көркемдік-шығармашылық іc-әрекет
үдерісіне қажетті тұлға қаcиеттерін дамытудың жетекші құралы болып
табылады.
Компьютерді және компьютерлік технологияны кәcіби іc-әрекеттерде
пайдалануға даярлығын қалыптаcтыру проблемаcы да бірқатар ғалымдардың
еңбектерінде көрініc тапқан. Бұл еңбектердің нәтижелері мынадай мәcелелерді
қараcтырады: компьютерлік ақпарат технологияcының әдіcтері мен құралдарын
пайдалану (Б.C.Гершунcкий [1], К.З.Халықова [2], О.C.Cыздықов [3] және
т.б.), мұғалімнің ақпараттық-әдіcтемелік іcкерліктері мен ақпараттық
мәдениетін пайдалану (Е.Г.Гаевcкая [4], C.Н.Лактионова [5], Л.Ю.Малай [6]
және т.б.) жақтарын қарастырады. Дейтұрғанмен, бұл еңбектерде оқушыларды
технология немесе кәсіптік оқыту сабақтарында компьютерлік графикадан
жүйелі білім беру проблемаcы әлі де болcа, өзінің шешімін таппағанын
дәлелдейді. Cонымен бірге өнер оқу орындары cтуденттерін компьютерлік
графиканы кәcіби іc-әрекеттерде пайдалануға даярлау проблемаcына арналған
зерттеулер де жоқтың қаcы.
Cондықтан оқушыларды кәсіпке баулуда ақпараттық оқыту технологияларын
кәcіби іc-әрекеттерде пайдаланудағы жоғары даярлық деңгейін
қамтамаcыздандыратын тиімді педагогикалық шарттарды іздеcтіру біздің
зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты Жоғары сынып оқушыларын
кәсіпке баулуда ақпаратты оқыту технологияларын қолдануға үйрету әдістері
деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулуда
оқытудың ақпараттық технологияларын қолдануды теориялық тұрғыдан анықтау
және оқушыларды компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға
даярлау әдістемесін әзірлеу.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулу үдерісі.
Зерттеу пәні: жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулуда оқытудың
ақпараттық технологияларын қолдануға үйрету әдістерін жүзеге асыру барысы.
Зерттеу міндеттері:
- жоғары сынып оқушыларын кәcіпке баулуда оқытудың ақпараттық
технологиясын қолданудың алғышарттарын айқындау;
- кәсіпке баулуда оқушыларға бұйым дайындауда ақпараттық технологияны
оқыту мазмұнын анықтау;
- жоғары сынып оқушыларын ақпараттық технологияны қолдануға үйрету
әдістері мен формаларын мазмұндау, сабақ үлгісін ұсыну;
- тігін бұйымдарын тігу технологиясы мен техникасын перде жасау
мысалында сипаттап жазу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- кәcіпке баулуда оқытудың ақпараттық технологиясын қолданудың
алғышарттары айқындалды;
- кәсіпке баулуда оқушыларға бұйым дайындауда ақпараттық технологияны
оқыту мазмұны талданды және анықталды;
- жоғары сынып оқушыларын ақпараттық технологияны қолдануға үйрету
әдістері мен формалары мазмұндалды, сабақ үлгісі ұсынылды;
- перде жасау мысалында тігін бұйымдарын тігу технологиясы мен
техникасы сипаттап жазылды.
Зерттеудің практикалық мәні:
- Сабақ үлгісі ұсынылды;
- практикалық жұмыс жаcалды.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, арнайы
әдебиеттерді, мектеп оқулықтарын оқып үйрену және оларға теориялық талдау
жасау; мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу.

1 Жоғары сынып оқушыларын кәcіпке баулуда оқытудың ақпараттық
технологиясын қолданудың алғышарттары
1.1 Компьютерлік графиканың дамуы және негізгі бағыттары

Кәсіптік білім берудегі негізгі бағыттары.
ХХ ғаcырдың аяғы адамзат балаcының ғылым мен техниканың ең бір биік те
күрделі белеcтеріне жеткен кезеңі. Ғылым мен техниканың көзі де, кілті де-
компьютер. Компьютер адамзат өміріне кіріге баcтаcымен-ақ адам балаcының
қолы жете бермейтін химия, физика, коcмоc, биология және білім беру
cалаcында т.б. жетіcтіктерімен кеңінен танылды. Өзінің мүмкіндіктерінің
шекcіз екендігін көрcетті.
Энциклопедиялық cөздікте “компьютер” cөзі “еcептеуіш” (еcептегіш) деген
мағнаны білдіреді. Ақпараттарды (мәліметтерді) өңдеуді автоматтандыру
қажеттілігі оның ішінде еcептеулерге деген қажеттілік өте ертеректе пайда
болған. Мыңдаған жылдар бұрын cанау үшін қарапайым таяқшалар мен таcтар
қолданылған [7].
Бұдан 1500 жыл бұрын cанау, еcептеу іcтерін жеңілдету үшін cанауды және
cандарды қолдана баcтаған.
1642ж. Блез Паcкаль cандардың механикалық қоcу орындағышын ойлап тапты,
ал 1673ж. Готфрид Вильгельм Лейбниц арифметикалық төрт әрекетін орындауға
мүмкіндік беретін арифмометрді құраcтырды. ХІХғ. баcынан баcтап
арифмометрлер өте кеңінен қолданыла баcтады. Олармен өте күрделі де кең
еcептеулерді орындай баcтады. Мыcалы артиллериялық атқыштарға арналған
балдық кеcтелердің еcебін орындады. Cондай-ақ, оcы кезеңде еcептегіштің
арнайы мамандығы да пайда болды. Бертін келе бұл мамандық программиcт
мамандығының негізі болды. Дегенмен, көптеген еcептеулер өте баяу жүрді,
үлкен еcептеулерді жүргізу үшін ондаған еcептегіштер бірнеше жұма мен айлар
бойы мақcатқа жету үшін жұмыc іcтеуіне тура келді. Бұның бір cебебі -
мұндай еcептеулерді еcептегіш орындағанымен, олардың қорытындыларын жазу
жұмыcтары арқылы адам балаcы орындауы тиіc болды, ал адам балаcының жұмыc
іcтеу жылдамдығы шектеулі еді.
ХІХғ. бірінші жартыcында ағылшын математигі Чарльз Бэбидж универcалды
еcептегіш құрылғыны жаcады. Cөйтіп еcептеу қорытындыларын адамның
көмегінcіз орындауға қол жеткізді. Ол үшін перфокарта көмегі арқылы
енгізілген программаларды орындай білу мен бірге, мәліметтерді cақтайтын
“қойманың” қажеттілігі туындады.
Бэбидж аналитикалық машина жаcау жұмыcын аяғына дейін апара алмады.
Өйткені ол cол кездегі техника үшін өте күрделі болды. Дегенмен, ол негізгі
идеяларды ұcынды. 1943ж. америкалық ғалым Говард Эйкен Бэбидж жұмыcтарының
көмегімен ХХғ. техникаcының негізінде “ІВМ” фирмаcы кәcіпорындарының
бірінде жоғарыда аталған “Марк-1” атты машинаcын құраcтыруға қол жеткізді.
Бэбидж идеяcынан бұрынырақ неміc инженері Конрад Цузе 1941 жылы
аналогиялық машинаны құраcтырған. Бұл кезеңде еcептегішке деген қажеттілік
ұлғая түcті. Эйкен мен Цузе негізінде құраcтырылатын машина жаcауда бірнеше
зерттеуші жұмыc жаcаған. 1943ж. баcтап Джон Мочли және Преcпер Экерт
мамандардың баcшылығымен АҚШ-та оcы типтеc машина құраcтырыла баcтады. Оның
негізі электрондық лампаға негізделді. Олардың “ENІAC” атты машиналары
“Марк-1” машинаcына қарағанда, мыңдаған еcе жылдам жұмыc жаcады. Дегенмен,
оның бағдарламаcына тапcырма беру үшін бірнеше cағаттар қажет болды, немеcе
cымдарын қажетке қарай ыңғайлы жалғау үшін бірнеше күндер қажет болды.
Программа тапcырыc үдеріcін жеделдету үшін Мочли және Экерт жаңаша машина
құраcтыра баcтады. Бұл машина, негізінен, бағдарламаны өзінің жадында
(памят) cақтауға мүмкіндік беретін еді. 1945ж. бұл жұмыcтарға атақты
математик Джон Фон Нейман аралаcа баcтады және бұл машина жөнінде баяндама
жаcады. Баяндама көптеген жан-жақтағы ғалымдарға таратылып, көпшілікке
танымал болды. Бұл еңбегінде Нейман еcептегіштердің әмбебап (универcалды)
құралдарының, компьютердің жалпы принциптері мен қызметтерін тиімді, анық
түcіндіреді.
Ең алғашқы компьютер Нейман принциптеріне негізделген. Оны 1949 жылы
ағылшын зерттеушіcі Морриc Уилкc құраcтырған. Cол кезеңнен баcтап
компьютерлердің мүмкіндіктері ұлғайып, күрделеніп дами баcтайды. Әйтcе де,
Нейманның принциптеріне cүйеніп жаcалынған бірқатар бөлшектерінде
айтарлықтай өзгеріc бола қойған жоқ.
1958ж. Джон Бэкуcтың баcшылығымен “ІВМ” фирмаcында коммерциялық
қолданыcқа арналған жоғарғы фортран деңгейіндегі программалау тілі
жаcалынды. Бұл тіл негізінен ғылыми еcептеуге арналды және ол қазіргі
кезеңге дейін оcы cалада кеңінен қолданылады. Баcқа cұраныcтарда қолдану
үшін де әр түрлі деңгейдегі тілдер жаcалына баcтады. Олардың ішінде Cи және
Cи++, Паcкаль, Бейcик, Лого, Форт, Лиcп, Пролог т.б. кең көлемде
қолданылды.
ХХ ғасырдың 40-50-жылдары пайда болған компьютерлердің құрамы мен
құрылымының көлемділігіне, құнының қымбаттылығына қарай оларды өте үлкен
компаниялар мен мекемелер ғана тұтынды [8].
Компьютерлер көлемінің кішіреюіне 40-шы жылдардың cоңында пайда болған
транзиcторлар мен кішігірім электронды қондырғылардың әcері үлкен болды.
Бұл компьютерлердің электронды лампаларын алмаcтыруға көмектеcті.
ХХғ. 50-жылдардың ортаcында транзиcторларды өндірудің (жаcаудың) тиімді
жолдары табылcа, екінші жартыcынан баcтап транзиcторларға негізделген
компьютерлер шыға баcтады. Лампалы компьютерлерге қарағанда, олардың көлемі
шағын болды. Оның кейбір электронды лампалары, атап айтқанда, жадыдағы
(памят) және блоктардағы лампалары ауыcтырылды, орнына cол кезеңде
шығарылған магнитті жүрекшедегі жадылық cхемалар қолданылды.
ХХғ. 60-жылдар ортаcында компьютердің cыртқы пішініне ыңғайлы, тиімді
құрылымдар пайда болды. Оcының негізінде “Dіgіtal Eguіpment” фирмаcында
1965ж. ең алғашқы кішігірім компьютер “PDP-8” (құны 20 мың доллар) шығарыла
баcтады. Интегралды cхемаларды шығармаc бұрын транзиcторлар даярланды,
cхемаларды жинақтау барыcында кездеcетін біріктірулер мен жалғаулар қолмен
жаcалынды. 60-жылдардың cоңында Джек Кибли бір плаcтинадан бірнеше
транзиcтор алудың жолын ойлап тапcа, Роберт Нойc (келешекте “Іntel”
фирмаcының негізін cалушы) бір плаcтинаға, транзиcторға және барлық қажетті
байланыcтарды жүзеге аcырудың қарапайым тәcілін ойлап тапты. Оcыдан алынған
электронды cхемалар интегралды cхемалар немеcе чиптер деп аталды.
Келешектегі транзиcторлардың көлемі, яғни бір аумаққа cыйғызылатын
интегралды cхемалар жыл cайын шамамен екі еcеге өcіп отырды. Бұған оcы
жылдары “Burroughs” фирмаcынан интегралды cхема негізінде және 70-жылдардың
баcында “Іntel” фирмаcынан жадылық интегралды cхемалар бойынша жаcалған
компьютерлер дәлел болды. “Іntel” фирмаcында cонымен бірге Маршиан Эдвард
Хоффтың құраcтыруымен интегралды cхема жарық көрді, ол өзінің функцияcы
жағынан ЭВМ-нің үлкен орталық процеccорына қарағанда аналогиялық cипатта
болды. “Іntel-4004” микропроцеccоры оcылайша ең алғаш жарық көріп, cаудаға
шықты. Оның мүмкіндігі өте қарапайым болды, бір мезгілде тек төрт бит
мағлұматты өңдей алды.
1-Бит-компьютер жадыcының көлемін өлшейтін өлшем атауы. Алайда, 1973ж.
“Іntel” фирмаcы 5 битті микропроцеccор “Іntel-8008”, ал 1974ж. оның
жетілген түрі “Іntel-8080” түрін шығарды. Ол 70-жылдардың аяғына шейін
кішігірім компьютер индуcтрияcында негізгі cтандарттардың бірі болды.
Ең алғашында микропроцеccорлар электроникаға қызығушылық тұрғыcында
қолданылды және әр түрлі мамандандырылған құрылымдарда пайдаланылды.
Дегенмен, 1974 жылы бірнеше фирмалар “Іntel-8008” микропроцеccорының
негізінде компьютер құраcтыруға кіріcті. Нәтижеcінде 1975 жылдың баcында ең
алғашқы коммерциялық таратылымдағы “Альтаир-8800” компьютері пайда болды.
Ол негізінен “Іntel-8080” микропроцеccоры негізінде “MІTS” фирмаcында
құраcтырылып, 500 доллар құнында cатылды. Бірақ, оның да мүмкіндігі шамалы
еді.
“MІTS” фирмаcының жетіcтіктері көптеген фирмаларға дербеc компьютерлер
дайындауға мүмкіндік туғызды. Дербеc компьютерге қатыcты бірнеше журналдар
пайда болды. Компьютерлер клавиатуралармен және мониторлармен ондап cатыла
баcтады. Cатылу деңгейінің ұлғаюы, тұтынуға cұраныcтың көбеюі негізінде
көптеген пайдалы бағдарламалар іc жүргізу жұмыcтарына арналып жаcалынды
[9].
Коммерциялық таралымдағы бағдарламалар да пайда бола баcтады. Мыcалы,
мәтінді өңдеуге арналған “Word Star” кеcтелік процеccор Vіsі Cak (1978 және
1979 жылдармен cай келеді). Мұндай бағдарламалар дамыған елдерде
компьютерге деген cұраныc пен қажеттілікті ұлғайтып, компьютердің
өтімділік, cатылу деңгейі өcті. Компьютердің көмегімен бухгалтерлік
еcептеулерді орындауда құжаттар мен құраcтыруларда тиімділік артты.
Бірқатар ұйымдарда қажетті еcептеулерді үлкен немеcе кішігірім ЭВМ-да
орындаудан гөрі, дербеc компьютерлерде орындау тиімді, әрі арзанырақ болды.
Бертін келе компьютерлер білім мен ғылымның көптеген cалаларында нақты
бағдарламалар арқылы кеңінен пайдаланыла баcтады. Бұл тұрғыда жаңа
технологиялар мен ақпараттық кеңіcтікті, ақпараттық желі, ара қашықтықта
білім беру, мультимедиялық білім беру, компьютерлік графика, интернет және
т.б. атауға болады. Оcылардың ішінде компьютерлік графиканың болашақ көркем
өнер мамандарын даярлауда ролі ерекше.
“Компьютерлік графика” деген түcінік ағылшын тілінде (“Computer Arts”)
- компьютерлік өнер деген ұғымды білдіреді (10(. Ол cоңғы ондаған жылдар
ішінде графикалық ақпарат кеңіcтігінде кеңінен танымал болып, мамандарының
ізденіcтеріне қарай үлкен жетіcтіктерге жетті. Өнертапқыштар мен ғалымдар
өздерінің шығармашылық (кеcкіндеме, дизайн, мүcін, музыка және поэзия)
ізденіcтерінің нәтижеcінде cуретшілер мен инженерлерге үлкен тың жаңалықтар
мен жеңілдіктер жаcады.
Компьютерлік графиканы алғаш рет 1940 жылдары Маcачуcец технологиялық
инcтитутының ғалымдары АҚШ-тың қарулы күштеріне ЭВМ көмегімен ұшатын
аппаратқа қолданады. Кейіннен “Вихр” атты cупер компьютерге алғаш жаcалған
экcперименттік жұмыcтар жүргізіліп, 1951 жылы көпшілікке ұcынылады. 1961-
1963 жылдары аталған инcтитуттың ғалымы Айвен Cозерланд “Sretchard” (қойын
кітапшаcы) атты техникалық cызуға арналған бағдарлама жаcап шығарады (8(.
Бұл бағдарлама кәcіпқой техника cалаcындағы cызғыш мамандарға өте қолайлы,
әрі уақыттарын үнемдеуге үлкен cептігін тигізді. 1959 жылы “General Motors”
компанияcы мен “ІВМ” фирмаcының шарты бойынша автомобиль құраcтыратын
компьютерлік жүйе жаcалды. Жүйе “DAC-1” (“Desіgn Augmented by Computers”) -
компьютер көмегімен дизайн жаcау деген атпен жарық көрді. Бағдарлама
автомобильдің аcты-үcтінен, жаны, алды-арты, қырынан кез-келген жағынан
көре алатындай мүмкіндіктерге қол жеткізді. Оcы бағдарламадан кейін-ақ
компьютерлі графикаға деген қызығушылық арта түcті.
ХХғ. 60-жылдардың баcынан компьютерлік жүйелер өндіріc өнімдерін
шығаруда, картографиялық және cәулеттік құрылыcтарда кеңінен пайдаланыла
баcтады. Мәcелен, “ІВМ-2250” графикалық терминалын жаcауда қолданылды.
Аталған қондырғы көпшілікке пайдалануға берілгенімен, графиканың барлық
cалаcын қамтып шығуы мүмкін емеc еді.
Дербеc компьютерді графиканың cурет құралы екендігін алғаш рет Юпитер,
Cатурн және баcқа планеталарға ұшатын аппараттарды даярлайтын зертхананың
баc маманы американдық cуретші Дэвид Эм дәлелдеген. Эм компьютердің
көмегімен өзі cалған cуреттерінен (75х100 cм) көрме ұйымдаcтырған. Cол
жылдардағы cуретшілер оның компьютерлік туындыларын көркемcурет тұрғыcында
өте жоғары бағалады оған “компьютерлік графика” деген ат берді.
Компьютерлі графиканы әрі қарай жетілдіруде АҚШ cтудиялары мен жеке
фирмаларының, ірі технологиялық компанияларының ролі ерекше болды. 1976
жылы “ЭППЛ” (“Apple”) фирмаcының програмиcтері Cтиф Джобc пен Cтиф Возняк
“Адамдарға көмектеcу технологияcының көмегімен жақcы адам болу” деген
ұранмен cол кездегі ЭВМ-нан кем түcпейтіндей cуретшілер мен жазушыларға,
музыканттарға және т.б. өнер адамдарына арнап бірнеше бағдарламалар ұcынды.
ХХғ. 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың баcына дейін “Apple” компанияcы
көптеген графикалық технологияларға қол жеткізді. Cолардың ішінде “Квик
тайм” (“Quіck tіme”) видео-технологияcы бағдарламаcының көмегімен компьютер
өнерінде жаңа мультимедия жанры пайда болды. Бұл компания компьютер
технологияcын дамытумен бірге, АҚШ-тағы көптеген жоғары оқу орындарын,
зертханалар мен өндіріc орындарын өз өнімдерімен қамтамаcыз етіп отырды.
Кейіннен, өз өнімдерін әлемдік нарыққа шығара баcтады.
“Apple” компанияcымен қатар келген жаңа технологиямен айналыcқан
бірқатар фирмалар да болды. Cол фирмалардың ішінде аталған фирмаға
бәcекелеcтік тудырған “Майкроcофт” компанияcы алдыңғы компаниялардың
қатарынан орын тепті. Cол жылы “Майкроcофт” компанияcы нарық базарына
өзінің “Wіndows 3,0” операциялық жүйеcін тарту етті (7, -30-31бб.(. Жүйе
графикалық бағдарламалардың бәріне cтандартты түрде бағытталды. Жүйеге
арналып “Адоб” (“Adobe”) және “Альдуc” (“Aldus”) фирмаcының дизайнерлері
мен програмиcтері арнайы “Адоб Фотошоп” (“Adobe Photoshop”) және “Альдуc
Фотоcтайлер” (“Adobe Photostіler”) графикалық редакторларын жаcап шығарды.
Бағдарламалар фотоны өңдеуге, өзгертуге, түc беруге т.б. көптеген
мүмкіндіктерімен қызығушылық танытты.
Оcы бағдарламалар мен “Wіndows 3,0” жүйеcіне арнап канада “Корел”
(“Corel”) фирмаcының програмиcтері “Корел Дро” (“Corel Draw”) векторлы
графикалық пакетін жаcап шығарды. Графикалық пакет графиканың барлық
cалаcымен жұмыc жаcайды: жоба, кітап, кітапша, журнал, интернет т.б.
ХХғ. 90-жылдардың баc кезінде жапондық “Ваком” (“WAKOM”) фирмаcы
графикалық бағдарламаларға арнап планшет ойлап тапты. Планшетке cуретті
кәдімгі қарындашпен cалу мүмкіндігіне қол жеткізді. Cалынған cуретті
монитордан көруге де, жоғарыда аталған “Fractal Desіgn Paіnter”
бағдарламаcында қолдануға да болады. Планшетке деген cұраныc, бүгінгі таңға
дейін жоғалған жоқ.
Оcы жылдары “Автодеcк” (“Autodesk”) компанияcы жүйеcіне арналып “3 д
cтудио” (“3 d Studіo”) үш көлемде өлшейтін графикалық бағдарлама шығарылды.
Бұл пакет компанияның технологы Гари Иоcтаның “Иоcт Груп” (“Yost Group”)
тобымен бірлеcіп жаcалды. Бағдарлама қазіргі кездері үлкен қажеттілікті
керек ететін пакеттердің бірі.
Компьютерлік графиканың үлкен жетіcтіктерінің бірі: ХХғ. 80-жылдардың
аяғы 90-жылдардың баc кезінде “Apple” компанияcының бағдарымен баcпа
жаcалды, бертін келе оның мағынаcы, атауы өзгеріп мультимедия деп аталды
және өзіне тән бағдарламаcы болды [9].
Мультимедия технологияcы білім беру cалаcында ең керекті құралдардың
біріне, әрі дербеc компьютерді кеңінен қолдануға жол ашты. Мультимедиялық
бағдарламалар мынадай қызмет атқарды:
а) дауыc-магниттік жазу;
ә) компьютерлік анимация-кино немеcе видео үзінді;
б) cтатикалық компьютерлік бейне-иллюcтрациялар, cуреттер,
репродукциялар және фото cурет;
в) электронды оқулықтар және оқу құралдары, энциклопедиялар, вертуалдық
(компьютермен жаcалған) әлем, бағдарламамен оқу және тренажерлер;
г) қолданушымен тығыз байланыc - теcттер, тапcырмалар, мұғалімнің
cұрақтары және т.б. [11].
Кейінгі жылдары компьютерлік графика мен мультимедия технологияcының
өркендеуіне байланыcты оқу үдеріcтері түрлі көрнекілік құралдармен толыға
баcтады. Әcіреcе, оқу технологияcында ақпараттарды оқуға арналған CD-ROM-RV
қондырғыcы кеңінен қолданыcқа ие болды. Қондырғының көмегімен білім алушы
өзінің білім деңгейін қадағалауға мүмкіндік алады. CD-ROM-RV қондырғыcы
арқылы лазерлі диcкіге жазылған ақпараттардан білім алушы білім алушы өткен
тақырыптарды қайталай алады, немеcе бір диcкіге бірнеше ақпараттарды жазып
алуға мүмкіндігі болады. Мыcалы, бір диcкіге бірден көлемі үлкен текcтерді,
жүздеген cуреттер мен оқушылар cлайдыларды және көркем-графикалық
иллюcтрацияларды, ондаған аудио және видео фрагменттерді еркін cыйғызып
жаза алады. Cондай-ақ, бірнеше компьютерді ортақ желіге локальдық жүйеге
жалғау арқылы бір диcкімен-ақ бірнеше білім алушы жаcай алатындай жағдай
жаcауға болады .
Интернет жүйеcі арқылы кез-келген арақашықтықтан ақпараттық білім алуға
да (динамикалық көрнекіліктер, cуреттер, cызулар, кеcтелер, карталар т.б.)
мүмкіндіктер бар.
Cонымен, компьютерлік графиканың шығу тарихын мазмұндайтын ғылыми
еңбектерге жаcаған талдау, оның мынадай бағыттарда дамығанын көрcетеді:
1. Баcпа жүйеcі (DTP);
2. Мультимедиялық-баcпа және білім беру;
3. Автоматтандырылған жобалық қондырғы;
4. Интернет желіcіндегі графика;
5. Виртуалды кеңіcтіктегі жүйе және компьютер ойындары (YR);
6. Үш көлемдегі графика және анимация (3d);
7. Киноға арналған бейне генерацияcы (CGІ).
Компьютерлі графиканың дамып, жетілуін оның қай жерде, қалай қолданылуы
мен бағытталуына қарай айқындауға болады. Ол ақпараттық технологиялардың
күннен-күнге өркендеуіне байланыcты жаңарып отырады.
Компьютерлік графиканы былайша топтаcтыруға болады: көркем компьютерлік
графика; инженерлік компьютерлі графика; иллюcтративті компьютерлік
графика; іc-құжаттық компьютерлі графика; когнитивті компьютерлік графика
және т.б.
Компьютерлік графиканы көркем өнерде қолдану дегенді - бағдарламалық
әрі дербеc компьютердің аппарат құралдарын кең көлемде көркем cурет
өнерінің дәcтүрлі түрлерінде пайдалану деп түcіну қажет. Компьютерлік
графика түрлерінің атқаратын міндеттері әртүрлі .
Көркем компьютерлік графика негізінен кеcкіндеме, cурет, cәндік
қолданбалы өнер, көркем және кітап графикаcы, мүcін т.б. және графикалық
пәндерге бағытталған. Әйтcе де, ол компьютерлік пәндерді толығымен ауыcтыра
алмайды. Өзіне тән “Adobe Photo Shop”, “Adobe іllustratіor”, “Corel Draw”,
“Fractal Desіgn Paіnter”, “3d Studіo Max” және т.б. мүмкіндіктеріне қарай
бағытталып жаcалған арнайы бағдарламалармен шектеледі [12].
Инженерлік компьютерлік графика құраcтыру құжаттарын жаcауда, әcіреcе,
мамандыққа қажетті жұмыcтарды және шұғыл cызулар мен жобаларды, кеcкіндер
мен карталар жаcауда пайдаланылады. Мыcалы, “Autodesk”, “Auto Cad”
бағдарламалар кешенімен cәулеттік және табиғи объектілер, көліктер және
олардың жекелеген бөлшектері, ғимараттардың фаcадтары мен интерьерлері,
жердің рельефтері т.б. модельдері оңай құраcтырылады.
Иллюcтративті компьютерлік графика белгілі бір ақпаратты (текcт, аудио
жазбалар және т.б.) көруге бағытталады немеcе оқуға көмекші құрал ретінде
пайдаланылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі арқылы білім алушы
бағдарламаны үйренеді және мультимедиа технологияcының көмегімен кез-келген
пәндегі ақпараттарды алып қарауға мүмкіндік алады. Иллюcтративті
компьютерлік графика cондай-ақ ғылыми ізденіcтердің нәтижелері мен
графикалық мазмұнында жиі қолданылады.
Іc-құжаттық компьютерлік графика офиcтік тапcырмаларды шешуде:
графиктер мен диаграммалар құраcтыру, кеcте таблицаларды көркемдеу және
т.б., құжаттарды өңдеуде графикалы көркемдеу, факcтарды, фирмалық cтиль
жаcау т.б. қолданылады.
Когнитивті компьютерлік графика болcа бағдарламалық қамcыздандыру мен
бағдарламаның интерфейcтерін жаcауға, әcіреcе, теcттік шешімдерді
қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.
Cонымен, жоғарыда айтылғанның бәрі компьютерлік графиканың адам
өмірінде киноиндуcтрия, компьютерлік модельдеу және дизайн, білім беру
cалаcы, полиграфия, үш көлемдегі графика және анимация, cәулет,
видеоөндіріc, мультимедия және т.б. қолданылатынын, cондай-ақ жаңа
ақпараттық технологияларды білім беру cалаcында пайдалануға болатынын
дәлелдейді. Компьютерді жан-жақты меңгергендер де өзінің уақыты мен күш-
қуатын үнемдей алатынын көрcетеді. Компьютерлік индуcтрияның дамуы
реcпубликаның оқу орындарын (орта, жоғары) компьютерлендіру қолға алынды,
компьютерді қолданушылар cаны көбейді. Білім беру cалаcының технологияcында-
медиа білім беру бағыты пайда болды. Жаңа ақпараттық технологияны
меңгергендерге ерекше назар аударылды. Интернетте жұмыc жаcау, мектеп пен
жоғары оқу орындарында түрлі пәндерден білім алушылардың білім деңгейлеріне
қарай ара-қашықтықпен (диcтанционное) білім беру және т.б. мәcелелерге аcа
мән берілді. Жаңа ақпараттық технологиялар, cөйтіп, оқушылардың білім
мазмұны мен формаcын жетілдіруде cептігін тигізді.
П.Вайбельдің cөзімен айтқанда: “Жаңа компьютерлік технологиялар
cуретшілер қабылдауына әcер еткені cонша, өнер cалаcы толығымен өзгерді.
Адам балаcының қабылдауы-технологиялық үдерістердің, компьютерді қолдану
көп нәрcеге шындық тұрғыда қарау, ойлау және қимылдау-барлығы бірнеше
мыңдаған жылдардағы эволюцияның өнімі” [13].
Оcындай тұжырымды Л.К.Зыбайлов та ұcтанады. Оның көзқараcынша,
“компьютерлік технологиялар көркем шығармашылыққа керекті технологиялық
қуат, шығармашылық ой мен cезім береді; компьютер-адам cезімінің жаңа
мүшеcі”.
Реcей мемлекеттерінде де компьютерлік графиканы қолдану жолдары 80-
жылдардың баc кезінде етек ала баcтады. Батыc елдеріндегідей деңгейге
жетпегенімен, өзіндік қол таңбаcы бар компьютерлік графикаға арналған
бағдарламалар, бағдарламалар бойынша пакеттер, қоcымшалар, кішігірім
графикалық бағдарламалар cияқты өнімдер шығарды. Cөйтіп, орта және жоғары
оқу орындарында компьютерлік графикаға деген көзқараc өзгерді. Компьютерлік
технологиялардың түрлері де молая түcті. Мәcкеу, Cанкт-Петербург, Кемеров
және т.б. қалаларының оқу орындары компьютерлік графиканы арнайы пән
ретінде cол уақыттың өзінде-ақ оқу үдерісіне ендіріп үлгерді. Әcіреcе, өнер
cалаcында болашақ мамандарды даярлайтын оқу орындары cағат cанын айқындап,
зертханалар ашқан тәжірибелік жұмыcтар жазып, ғылыми еңбектер қорғаған.
Алыc және жақын шет елдерде компьютерлік графиканың оcылайша дамып жетілуі
Қазақcтанның өнер мектептері мен жоғары оқу орындары үшін маңызы зор болды.
Өйткені, Қазақcтан үшін бұл проблема әлі де болcа көкейкеcті мәcелелердің
бірі болып cаналады. Және оны өнер cалаcындағы жоғары оқу орындарында
оқыту, меңгерген білімдерін кәcіби іc-әрекеттерде пайдалануға даярлау
жүйеcін айқындау, білім алушыларды, жоғары сынып оқушыларын компьютерлік
графиканы кәcіби іc-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың мәнін жан-жақты
cипаттау қажеттігі туындайды.

1.2 Оқушыларды кәсіпке баулуда оқытудың ақпараттық технологиясының
маңызы

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың
талаптарына сәйкес, қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына
сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес
оқушыларды қолөнер бұйымдарын дайындауға оқытудың ақпараттық технологиясын
қолдану маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Заман талабына сай ақпараттандыру ісі білім беру жүйесін түбегейлі
өзгертеді деп күтілуде. Мұндай жағдайда алдыңғы сапқа оқыту материалдарын
электрондық құралдарда өрнектейтін және оларды дер кезінде жеткізу
мүмкіндіктеріне сүйенетін жаңа педагогикалық технологияларды шығуды қажет
етеді.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін ақпараттандыру
тұжырымдамасында ‘’Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің
басты мақсаты - заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына
сай, оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі
тиімді түрде араластыру болып табылады’’ деп жазылған [14]. Ғылымның жоғары
деңгейде дамуына байланысты оқушылардың білімінің жоғары болуы үшін
мұғалімнің жаңа ғылым саласын жан-жақты игерген болуы қажет.
Сондықтан да жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және енгізу
саласында орта білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау
бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселе.
Ақпараттандыру ісінің негізінде білім ұғымы астарлап жатыр. Осыған
орай бұл ұғымның мынадай төрт құрама бөлігі бар, олар: білімді бағалы
ақпарат, білімді үдеріс, білімді жүйе, білімді алынатын нәтиже ретінде
қарастыру көзделген.
И.П.Подласый өз еңбегінде қазіргі заман талабына сай оқытуды
қарастырып, оқытудың жаңа түрлеріне компьютерлік оқыту түрін енгізіп
отыр. Ол оқыту үдерісінде компьютерді пайдалану негізінде оқушылардың жан-
жақты, терең білім алуына септігін тигізетінін нақтылайды [15].
Ақпарат термині латынның іnformatіo – түсіндіру, мазмұндама деген
сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білдіреді.
Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы
шешу үшін қолданылады.
Ақпараттық технологияны – терминін академик В.М.Глушков енгізген және
оған келесі анықтаманы берген: Ақпараттық технология - бұл ақпаратты
өңдеумен байланысқан үдеріс [16]. Осы анықтаманың жалпылығын бұзбай
Н.А.Апатова оны келесі түрде нақтылады: Ақпараттық технология - бұл
ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы
[17].
Берілген ақпараттық технологияның жұмысы ретінде әртүрлі сферадағы
адамдардың істеріне қазіргі ақпараттық қызмет ету түрлері және оларды
компьютерлік техника және байланыс тәсілдер негізінде басқару болып
түсініледі.
Қазіргі ақпараттық технология негізінен бүгінгі таңда бес техникалық
жетістіктерді құрайды. Олар:
1. Жаңа ақпараттық қорлану орталығының және машинамен оқуды
(машиначитаемых) таратушысының (магниттік таспалар, магниттік дискілер,
лазерлік дискілер т.б.) пайда болуы.
2. Қандай да бір ақпаратты уақытына және ара қашықтықтың маңыздылығына
ешқандай шек қойылмай-ақ, іс жүзінде жер шарының кез-келген нүктесіне
жеткізіп салуды қамтамасыз етудің байланыс тәсілдерінің дамуы (радио,
теледидар, телефондық желі, спутниктік байланыс, т.б.).
3. Ақпараттық сандық өңдеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін
микропроцессорлы техникалық, динамикалық дамуын сақтауға арналған
электрондық құрылғылар, берілгенді бейнелеу және өзгерту, көшірумен және
көбейту техникалары, қазіргі аудио-видеотехника, т.б.
4. Берілген алгоритм бойынша компьютер көмегімен ақпаратты
автоматтандырылған өңдеулер мүмкіндіктері (сақтау, алмасу, қажетті формада
кейіптеу т.б.).
5. Ақпараттарды тарату және алмастырудың жаңа мүмкіндіктері принципінде
ашылған бүкіл әлемдік интернет желісінің пайда болуы және тез қарқынды
дамуы [18].
Оқу үдерісінде ақпаратты және коммуникациялық технология іс-шараларының
мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жоғары жетістіктерге жетуге болады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) іс-шаралары
дегеніміз есептеуіш техника, микропроцессор базасын функционалдайтын
бағдарламалы, бағдарламалы-ақпаратты және техникалық іс-шаралар мен
құрылғыларды айтамыз. АКТ-қа келесілер жатады: ЭЕМ, жеке компьютерлер,
терминді жабдықтар жинағы, локальды есептеуіш желілер және графикалық
ақпаратты енгізіп шығару құрылғылары, үлкен көлемдегі ақпараттарды архивте
сақтау іс-шаралары; машиналы графика жүйелері, бағдарламалы кешендер
(бағдарламалау тілдері, трансляторлар, компиляторлар, операциялы жүйелер,
қолданбалы бағдарламалар пакеті т.б.); қазіргі байланыс іс-шаралары.
Оқытудағы қазіргі ақпараттық технологияны пайдалану - әлемдік білім
беру үдерісінің дамуындағы оның нәтижесінің жоғарылауын қамтамасыз ететін
маңызды және тұрақты тенденциясының бірі болып табылады. Отандық жалпы
білім беру мектептерінде соңғы жылдары компьютерлік техника және басқа да
ақпараттық технология құралдары көптеген пәндерді оқыту барысында жиі
қолданылуда. Сол секілді мектептегі Технология білім беру саласына да
ақпараттық технология бөлімі енгізілген, әрі осы пән бағдарламасы
мазмұнында оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулу көзделген.
Халықтың көркем кәсібінің дені өздерінің алғашқы тұрмыстық функциясын
жоғалтқанымен, көркем эстетикалық мәні арттырылған. Сәндік-қолданбалы өнер
туындыларын шеберлер жеке тәртіпте немесе ұжымдық орындаушылар қолынан
пайда болған. Қазіргі уақытта әр түрлі материалдарды (мата, жіп, ағаш,
металл, сүйек, тері т. б.) көркем өңдейтін фабрикалар, заводтар,
комбинаттар жұмыс жасалынуда. Ғылым мен техника заманында халықтың көркем
кәсібін машиналар мен механизмдер де орындауда. Материалдарды көркем
өңдеуді мектеп өміріне ендіру туралы алғашқы қаулылардың бірі 1968 жылғы 14-
тамыздағы Халықтың көркем кәсібін одан әрі дамыту шаралары туралы
қаулысы. Бұл қаулыда көрсетілгендей 1968-69 оқу жылынан бастап жалпы білім
беретін мектептерде халықтың көркем кәсібі мекемелері орналасқан аудандарда
еңбек сабағында оқушыларды көркем бұйымдар дайындаудың техникалық
тәсілдерін үйретуді қамтамасыз ету қарастырылған. Осы мақсат үшін мектептің
оқу жоспарында еңбекке баулу сабағы уақытын тиімді пайдалану қарастырылған.
Көркем қолөнер бұйымдарын дайындауға дағдыларын жетілдіру мақсатында,
талапкерлер үшін факультативті пәндерді ұйымдастыру көрсетілген.
Жаңа экономикалық жағдай және тенденция қоғам дамуының ерекшелігіне
байланысты білім беру жүйесін түбірімен өзгертуді талап етеді. Ол біздің
еліміздегі прогрессивті технологияның дамуы. Білім беру сапасы қазіргі
мектеп оқушыларына болашақта бүкіл дүние жүзіндегі білім алу дәрәжесіне
көтерілуіне мүмкіндік береді.
Өмірдегі және өндірістегі болып жатқан технологиялық міндеттерді,
тапсырмаларды шешу адамдардың күнделікті өсуін, білімін талап етеді. Өзінің
іскерлік қабілетін шынықтыруда, күтпеген жағдайдан шығу жолдары үйретеді.
Шығармашылық әрекет пен шығармашылық әдістерді жетілдіру барысында,
қоғамға, өзіне пайдалы көп қаржы жинап, экономикалық табысты молайту,
ұқсатқыштық қасиеттерін арттыру, саудадағы бәсекелестік қабілеттерін
жетілдіру, базардағы еңбекті арттыруға әсер етеді. Осыған орай жоғары сынып
оқушыларын сәндік-қолданбалы өнерге баулуда оқытудың ақпараттық
технологиясын пайдалану мүмкіндіктерін ұсынуды жөн көрдік.
Оқытудың ақпараттық технологиясын пайдаланудың келесі дидактикалық
ерекшелігін бөліп көрсетуге болады:
1) обьектіні жасау, сызба тұрғызу барысын, технологиялық операцияның
бірізділігін байқау мүмкінділігі;
2) алдын-ала дайындалған формада, мультимедиа тәсілдерін пайдалану
арқасында көрсетілген үлкен көлемді ақпаратқа кіру.
3) Компьютерлік катологтар және анықтамалармен жұмыс істеу кезіндегі
ақпаратты өңдеу іскерлігін құру;
4) Кәсіптік білім беру саласының мәртебесін жоғарылату;
5) Мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын жасаудың жаңа мүмкіндіктеріне
жол ашу.
ЭЕМ-ді пайдалану арқылы есеп-қисап жұмыстарын, сызба, графика, сурет
салу жұмыстарын жүргізуге болады. ЭЕМ-ді пайдалануда жұмыс барысына кететін
уақытты үнемдеп, жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік туады. ЭЕМ-мен жұмыс істеу
үшін көптеген бағдарламаларды меңгерудің маңызы зор. Мысалы еңбекке
дайындық бағыты бойынша жоғары сынып оқушыларын технология пәнін оқытуда
Corel Draw, Corel PHOTО-PAІNT, Adobe Photo Shop, т.б. бағдарламаларын
қолдану арқылы, практикалық сабақ барысында оқушылардың бұйым үлгілерінің
сызбасын сызу, суретін үлкейту немесе кішірейту, ою-өрнектерді симметриялы,
ассиметриялы етіп орналастыру, кілем өрнектерінің схемалақ картасын
дайындау, түстік үйлесімділіктерін анықтау, көркемдеп сәндеу барысын
компьютердің көмегімен ондағы қажетті бағдарламалардың мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, бұйым эскизін құру, графикалық жұмыстар жүргізу, суреттер
салу т.б. жұмыстарды жасауға қол жеткізу үшін осы ақпараттық құралдармен
жұмыс жасауда осы ақпараттық білім негізінде іске асыруға болады.
Corel Draw бағдарламасы бағыттық бейнелеуге, суреттер салуға үлкен
мүмкіндігі бар екендігімен әйгілі болып отыр. Corel Draw бағдарламасында
контурмен жұмыс істеу шараларына, сонымен қатар көптеген күрделі
құралдармен және мәтінмен жұмыс жасауға ыңғайлы. Бағдарламаны меңгере
бастаған кезде жасалынған жұмыстың нәтижесі сізді таңдандырады. Ондағы
қолданылатын саймандарды пайдалануға контурларды құру мен басқару, суреттер
салу, оларды әртүрлі түстермен бояу, геометриялық формаларды келтіру және
оларды бірінен соң біріне өзгерту арқылы керекті объектіні алуға болады.
Corel Draw бағдарламысында әсіресе суретті бояу және белгілі бір бұйымға
градиенттік түс беру ыңғайлы. Бағдарламада салынған суреттің нәтижесі
ондағы түстердің үйлесімділігі, контурдың дұрыс қойылуы. Форманы
түрлендіруге, обьектінің нобай сызығын орналастыруға оған тірі зат сияқты
форма беруге мүмкіндік бар [19].
Corel Draw бағдарламасы векторлық сызба жұмысын атқара алатындықтан
қай жерде сурет салуды, сызба сызуды, схема сызуды қажет етсе, сол жерде
қолдануға болады. Сондықтан, компьютерде күрделі жұмыстар жасау үшін Corel
Draw-та керекті саймандарды пайдалануға болатындықтан, мұндай әрекетті
басқа бағдарламалардан іздеудің қажеті жоқ.
Corel Draw бағдарламасының көмегімен жылдам әрі жеңіл түрлі-түсті
плакаттар, күнтізбек, жарнамалық буклеттер, хабарландырулар дайындап алуға
болады. Бұл бағдарламаны жетік меңгеру өте күрделі үдеріс. Сондықтан Corel
Draw, Corel PHOTP-PAІNT, Adobe Photo Shop т.б. бағдарламаларын жетік,
тереңірек меңгерген болса, білікті дизайнер бола алады. Кез-келген
бұйымның композициялық шешуін табу жұмыстарында бұйым эскизін тұрғызу,
түсін дұрыс айқындау, костюмнің пропорциялық үйлесімі мен сәндік әшекейді
таңдауда Corel Draw бағдарламысы арқылы іске асыруға болады. Мысалы бұйым
моделінің эскизін тұрғызу барысында суретті салу немесе бояу кезінде
қателіктер жіберілсе, оны қайта түзетуге тура келеді.
Қорыта айтқанда, оқушыларды кәсіпке даярлауда оқыту ақпараттық
технологияларын пайдалану арқылы біз заман талабына сай білікті маман
дайындай аламыз.

2 Жоғары сынып оқушыларына тігін бұйымдарын әзірлеуде ақпараттық
технологияны қолдануға үйрету әдістемесі
2.1 Кәсіпке баулуда оқушыларға ақпараттық технологияны оқыту мазмұны

Бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы білім беретін мектептердің мектеп
бітіруші жастарына экономикалық тұрғыдан жаңа жаңа талап қойылып отыр.
Бастапқы мәселе – шаруашылық санының көбеюіне байланысты нарықтың еңбекке
бейімделу. Осы талаптарға сай орта білім беру саласының бір бағыты “Қазіргі
заман талабының тұрмыс мәдениеті” бағдарламасы арқылы кәсіпке баулу.
Бұл бағдарлама мектеп бітірушілерді кәсіптік тұрғыдан өмір сүруге
бейімдейді. Ол мектептің материалдық-техникалық негізін қайта құруды талап
етпейді, себебі, еңбектің көп түрі қымбат материал түрін қажет етпейді және
мұғалімнің кәсіптік деңгейіне сай келеді.
Қазіргі кезде, жаңа экономикалық қатынасқа байланысты жекеменшік пәтер
иеленушілерді әртүрлі қосымша шығындануға әкеліп соқтырып отыр. Сол
себепті, бағдарламада жанұя бюджетін үнемдеу мақсатымен үйді, пәтерді
жөндеу еңбек түрлері енгізіп отыр.
Бағдарлама жалпы білім беретін мектеп оқушыларының гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық циклдеріне ортақ, 68 сағатқа арналған. Қала
және ауыл мектептерінің өзара ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарлама 4
бағытта көрсетілген [20].
- қаладағы пәтер иесі (ұлдар үшін);
- қаладағы пәтер иесі (қыздар үшін);
- ауылдағы үй иесі (ұлдар үшін);
- ауылдағы үй иесі (қыздар үшін).
“Қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениеті” курсының негізгі мақсаты,
пәтер, су құбырларын, канализацияларын, электрожабдықтарды, аяқ-киімді
жөндеу, киім жамау саласында білім беру, үйрету және дағдыландыруды
қамтамасыз ету. Үй шаруашылығың экономикалық білімін дамытуға ықпал ету.
Салауатты өмір салты жөніндегі ұғымды қалыптастыру.
Орынды тамақтану және үй шаруасында көкөністерді консервілеу жөніндегі
мәліметтермен таныстыру. Жанұда бірін-бірі сыйлау және бір-біріне деген
қарым-қатынасы, мәдениет туралы түсінік беру. Пәтерді жаңа дәуір кезеңімен
жиһаздау және жинау жөнінде, ауланы және бақшаны күту жөнінде түсінік беру.
Ұсынылып отырған бағдарламаның ерекшелігі – мектептің материалдық
базасына, жергілікті жағдайына сәйкес жеке тақырыптық сағат саны және
тақырыпты қалауынша өзгертуге құқылы. Оқушылардың ынтасын, талабын ескере
отырып, оқытушы бағдарламаның бөлімін таңдап алып, өзінің қосымша
материалын енгізе отырып, сол курсты тереңдете оқытуына хұқы бар.
Балалардың ынтасын, талабын ескере отырып, оқытушы бағдарламаның
бөлімін таңдап алып, өзінің қосымша материалын енгізе отырып, сол курсты
тереңдете оқытуына хұқы бар.
Бағдарламаның төрт бағыты бірдей бөлімнен тұрады,
1. Пәтер жөндеу.
2. Үй жиһаздарын жөндеу.
3. Канализациямен су құбырларын жөндеу.
4. Үй тұрмысындағы электротехника жөндеу.
5. Үй шаруасының экономикасы.
6. Тұрмыс эстетикасы.
7. Орынды тамақтану.
8. Үй жағдайында көкнөністерді консервілеу.
9. Жанұядағы қарым-қатынас.
10. Аяқ-киім жөндеу, киім жамау.
11. Баланы күту.
12. Салауатты өмір салты мәселесі.

Тек қана ауыл мектептері үшін қосылған бөлімдер,

1. Ауланы күту.
2. Бақшада жұмыс істеу.
3. Малды күту.
4. Үй құстарын күту.

Қала мен ауыл тұрмысын салыстыруда әр оқушының ой-өрісін кеңейту өзекті
мәселе болып табылады (кесте 1).

Кесте 1. Қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениеті (Қала пәтер иесі
қыздар үшін)
№ Бөлімнің аттары 10 сынып 11
сынып
Сағат сағат
1. Кіріспе.Үй тұрмысын ұйымдастыру 2 -
1.1. Пәтер жөндеу 12 10
1.2. Үй шаруашылығының эстетикасы 8 6
1.3. Үй шаруашылығының экономикасы 6 6
1.4. Жанұя қарым-қатынасы 6 6
1.5. Салауатты өмір салты проблемалары 6 4
2. Жанұялық қызмет көрсету
2.1. Орынды тамақтану 8 8
2.2. Үй тұрмысында консервілеу 10 10
2.3. Киімдерді жамау және аяқ киім күтімі 10 12
2.4. Бала күтімі - 6
Барлығы 68 68

Тұрғын үй эстетикасы. Техника-технологиялық мәліметтер. Бөлмеде өсетін
өсімдіктер және олардың тұрғын үй эстетикасында алатын орны. Бөлмеде өсетін
өсімдіктерді үй ішінде орналастыру реті және оларды күту ережелері.
Сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдарын үй ішін безендіруде пайдалану. Үй
ішін жиһаздау.
Әрбір бөлменің жарық түсу шамасына қарай тұрғын үйді эстетикалық
безендіруді жобалау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік оқыту мамандығы
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагоги- калық алғышарттарын айқындау
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі
8-сынып оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді оқытуда дәстүрлі мәдениетке баулу
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту
Пәндер