Оқушыларға қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуді үйретуде еңбекті ұйымдастыру негіздері


НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:
- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;
- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;
Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
Тәрбиелеу деп біздер үш нәрсені түсінеміз, ол :
- ақыл-ой тәрбиесі;
- гимнастикалық мектептерде және әскери жаттығуда берілетін дене
тәрбиесі;
- техникалық оқыту, барлық өндірістік үдерістердің негізгі принциптерімен танысу және бір мезетте барлық өндірістік қарапайым құралдарымен жұмыс жасау дағдылары.
Нұсқау - бұл көрсетумен сүйемелденетін түсіндіру.
Өндіру мөлшері - бұл мынадай өлшем бірліктегі: данадағы, тоннадағы, метрдегі; уақыт бірлігіндегі өнім (сағат, жұмыс ауысымы және т. б. ішіндегі) бірліктері.
Қызмет ету мөлшері - жұмысшының белгілі бір бұйым дайындаудағы жұмысшыға қажетті қондырғылар бірлігі, жұмысшы аудан мөлшерлері жатады.
Уақыт мөлшері, өндіру мөлшері және қызмет ету мөлшері жеке немесе топтық болуы мүмкін.
Еңбектің техникалық мөлшері-бұл еңбек объектісін дайындауда ұйымдастыру техникалық жағдайда өндірістік жұмыстың квалификациясына сәйкес еңгізілген уақыт.
Дағды - меңгеруді ең жоғары өлшемімен сипатталатын әрекет. Жаттығу - іс-әрекеті меңгеру немесе оның сапасын арттыру мақсатында сол әрекеттің жоспарлы түрде ұйымдастырылып, қайталай орындалуы деген сөз.
Білімді меңгеру үдерісі - бұл күрделі психологиялық іс - әрекет.
Іскерлік қалыптастыру деп - оқушыны белгілі әрекетті тез, дәл және сапалы орындауға дайындау үдерісі түсіндіріледі.
Дағдыны қалыптастыру деп - оқушының белгілі әрекетті автоматты орындауға алып келетін іскерлікті бекіту мен жетілдірудің күрделі үдерісі түсіндіріледі.
Білімді игеру деп - ғылыми ұғымдарды, фактілерді және басқа да мағлұматтарды(өз бетінше және мұғалімнің көмегімен) алу, бекіту және қолдану үдерісі түсіндіріледі.
Еңбек үдерісі - бұл берілген кәсіп үшін типтік белгілі аяқталған жұмыс түрінің орындауымен байланысты жүйелі жұмысшы әрекетінің жиынтығы.
Еңбек үдерісі - өндірістік үдерістің басты бөлігі. Ол операцияларға, тәсілдерге және жұмысшы қозғалыстарға бөлінеді.
Білімнің мазмұнын анықтау - бұл өсіп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай-ақ оқыту мазмұнын анықтау туралы мәселелерді шешуді білдіреді.
Білімді меңгеру үдерісі - күрделі бүтіндей психикалық іс әрекет.
Еңбек операциясы - бұл бір типті құралдарды, бейімдеу құралдарын, еңбек әдістерін қолданумен сипатталатын еңбек үдерісінің бөлігі.
Еңбектік іс - әрекет деп, еңбек затына және қондырғыларды басқару кезіндегі жұмысшының еңбектік іс - әрекеттерінің (дене және ақыл - ой) жиынтығы түсініледі.
Еңбектік іс - әрекетке өндірістік үдерістерді жоспарлау, дайындау, жүзеге асыру, бақылау, қызмет ету қатысты болып табылады.
Еңбектік іс - әрекетінің негізгі элементі жоспарлау болып табылады.
Жоспарлау - бұл алдағы іс - әрекетінің схемасын ойша тұрғызудың интеллектуальдық - еріктік үдерісі, алдын - ала, оның нәтижесі мен осы нәтижеге жету тәсілдері жөніндегі идеал түсінігі.
Бұйымды дайындау кезіндегі өзіндік бақылау деп, жұмысшының орындап отырған әрекетін және олардың нәтижелерін, жоспарланған әрекеттер мен қажетті болжамды жұмыс нәтижелерін жүйелі салыстыру түсініледі.
Әдіс (методос деген грек сөзі) - зерттеу немесе таным жолы, тәсілдер жиынтығы.
Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Оқыту әдістері - мұғаліммен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды.
Әдіс (гректің - metodos деген сөзінен алынған) - ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.
Әдістемелік тәсілдер - оқу- тәрбие мақсатына жетуге бағытталған мұғаліммен оқушының жекелеген әрекеті немесе әдістің құраушы элементтері.
Логикалық тәсілдер - оқушының ойлау қызметін қалыптастыру тәсілдері (ойлау тәсілдері) .
Нұсқау деп іс - әрекет барысында оқушының практикалық қызметінің оқушының практикалық қызметінің дұрыс және қауіпсіз орындалуын қалыптастыру бағытында еңбек іс - әрекет тәсілдерін көрсетуді және түсіндіруді түсінеміз.
Нұсқаулар - көрсету арқылы жүзеге асырылатын түсіндірулер.
Нұсқау - бұл өндірістік оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдеріне сәйкес формасы, ерекшелігі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;
Университет - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
АКТ - Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
ЭЕМ - электр есептеу машиналары
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Елбасы Н. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айрықша атап өткен болатын. Бұл орайда, әрине білім беру саласына, әсіресе, кәсіптік мамандар даярлау саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық [1] .
Дегенмен, ұлттық өнер, ұлттық нақыш тек технология пән сабағында ғана емес, балғын жасқа тәрбие беруде және оқу барысында кез келген сабақта ұлттық педагогикамен үндестік тауып жатуы тиіс. Ол өскелең ұрпақты үлкен адамгершілікке, патриоттық сезімге, асқан ұстамшылдыққа тәрбиелейді. Міне, осы негізді басшылыққа ала отырып қолөнер сабағын әріден теріп, берімен жалғастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Технология пән сабақтарының сапалы ұйымдастырылуы оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту үдерісі үшін оқыту бағдарламаларының және оқулықтардың, оқу құралдарының сапалы қамтамасыз етілуі, мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы, мұғалімнің әдістемелік және кәсіби шеберлігі сабақтың нәтижелігін арттырады.
Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып - біліп, салт - дәстүріне, рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай қажеттіліктердің бірі - халық қолөнері. «Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді» деп М. Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру - педагогтердің қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі.
Оқушылардың жас кезінен еңбекке қатыстыру, сабақ үстінде белгілі бір мөлшердегі қажетті білім мен іскерліктерді үйретеді. Технология пән сабағы тәрбиелік өрісі өте кең сабақтардың бірі, ол оқушының ой-қиялын байытып, шығармашылық қабілетін, рухани байлығын арттырады. Сабақта қолданбалы өнерді пайдалану оқушыларға өнерде мағлұматтар беріп, жан дүниесін сезімдерге бөлейді.
Еңбек тәрбиесі өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал жасайды. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа салаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді.
Оқу пәніне деген тұрақты қызығушылық мамандық түрін таңдауға, сонымен қатар, қайсыбір кәсіп түріне деген ынта-ықпалын арттыруға әсерін тигізеді.
Қазақстанда ұлағатты мұра қалдырып кеткен орта ғасырдағы бірқатар философ ғұламалары мен демократ ағартушылары, оқу білім, өнер, тәлім-тәрбие туралы ғылыми еңбектері бар, оның ішінде Әл-Фараби: « . . . адамдардың танып білетін мөр таңбасы-табиғат», - деп, табиғатты танып білуді, игеруді ұсынған. Ю. Баласағұн жеке тұлғаның қоғаммен қарым-қатынасын ескере отырып, адамдардың табиғи ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-этикалық, адамгершілік-психологиялық деңгейін анықтауды көздеген [2; 3] .
Халқымыздың ұлттық мәдениетінің тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы халқымыздың саңлақтары Ы. Алтынсарин [4], А. Құнанбаев [5], т. б., көркем өнердің халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов [6], М. Жұмабаев [7], М. Дулатов [8], Ж. Аймауытов [9] т. б. жас ұрпақ тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан.
Этнографтар т. б. ғалымдардың еңбектерінде ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің даму тарихы, мәні, ою-өрнек жасалу технологиясы және мән мағынасы (Ә. Марғұлан [10], К. Ақышев [11], Т. Басенов [12], М. С. Мұқанов [13], Ә. Тәжімұратов [14], С. Касиманов [15], Х. Арғынбаев [16], Ө. Жәнібеков [17] және т. б. ) қарастырылған.
Қазіргі кезде Қазақстанда оқу-тәрбие үдерісін ұлттық негізде тәрбиелеуді педагог ғалымдар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. А. Ұзақбаева және т. б. зерттеген [18; 19; 20] .
Ә. Марғұлан «Казахское народное прикладное искусство» деген кітабында қазақ халқының ұлттық қолөнерінің шығу тарихын, экспедициялық материалдарды, тұрмыстық заттары мен жұмыстарына түсінік берген [21] .
X. Арғынбаев «Қазақ халқының қолөнері» деген еңбегінде қазақ халқының қолөнер үлгілерін этнографиялық тұрғыдан жан-жақты суреттермен түсіндіріліп, қолөнер салаларын: ағаш, металл, тас өндеу, тері өндеу, мүйіз ұқсату өнерін жанжақты кеңінен баяндайды [16] .
Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» деген кітабына өнердің тілі ортақ дегендей халқымыздың ұлттық қолөнер бұйымдарын баршаға таныстырып, оның қыры мен сырын оқырманға қолөнердің әсем де, көркем нұсқаларын өнер байлығы жайлы әсерлі әңгімелейді [14] .
С. Төленбаев «Қазақ халқының ою-өрнектері» деген кітабында ою-өрнектердің түрлерін, табақша, әр түрлі формаға, бітпес ою-өрнектердің түрлері мен салыну технологиясын реттілікпен көрсетеді [22] . Сонымен қатар технология сабағының теориялық және әдістемелік негізін зерттеу мақсатында Н. С. Беляева [23], Ю. К. Бабанский [24], Р. П. Веселев [25], П. Р. Атутов [26], Е. А. Климов [27], О. Сыздықов [28], М. Қозыбақов [29], Д. Пошаев [30], Ш. Әбдуәлиева [31], С. Жолдасбекова [32], Б. Ортаев [33] т. б. еңбектерінде қарастырып, ашып көрсеткен.
Бүгінгі таңда оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулудың орны ерекше. Себебі, кейбір ұмыт бола бастаған өнерді жаңғыртып, оны жаңаша үлгіге келтіріп кеңейтуге, олардың қызығушылығын арттыру, осы кезде де алар орны ерекше екенін дәлелдеп шығу үшін зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету» деп алдық.
Зерттеу мақсаты: жоғары сынып оқушыларын технология пән сабағында қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйретуді теориялық тұрғыдан анықтау және оқыту әдістемесін ұсыну.
Зерттеу объектісі : жоғары сынып оқушыларына технология пәнін оқыту үдерісі.
Зертеу пәні: жоғары сынып оқушыларына технология сабағында қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуді үйрету барысы.
Зерттеу міндеттері :
- жоғары сынып оқушыларын қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге баулудың теориялық негіздерін айқындау;
- жоғары сыныпта қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуді оқыту мазмұнын анықтау;
- қолөнер бұйымдарын оқушыларға көркем өңдеуді үйрету әдістері мен формаларын мазмұндау;
- қолөнер бұйымдарын көркем өңдеу техникасы мен технологиясын сипаттау.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, арнайы әдебиеттерді, қолөнер бұйымдарын зерделеу, мектеп оқулықтарын оқып үйрену және оларға теориялық талдау жасау; мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу, оқушылардың әзірлеген бұйымдарын талдау.
1 Жоғары сынып оқушыларын қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге баулудың теориялық негіздері
1. 1 Оқушыларды еңбекке баулу - көркем өңдеуге үйрету негізі
Жан-жақтылық ұғымы жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымының рухани әлемін, ызығушылығын, қажеттілігін, мотивациялық сферасын қамтиды. Осы ойда жан-жақтылық кең әлеуметтік орта жағдайының барлығымен қалыптасады. Адам қандай болмасын өзінің өмірлік мақсатын іс-әрекет арқылы жүзеге асырады.
Қоғамның тарихи дамуының қазіргі кезеңінде мектеп пен өндірістің жақындауы оқушылардың шамасы жететін өнімді еңбегіне тәрбиелеу мен жалпы білім беретін дайындықтың жоғары деңгейінің өзара органикалық байланысты болжайды.
Аздаған тарихи шолу жеке тұлғаның дамуы мен бұл үдерістегі еңбек тәрбиесінің орны қандай екендігі жөнінде түсінік береді.
Еңбек тәрбиесі идеясын алға тартушы ойшылдың бірі ағылшын гуманисті, утопияның социализмнің жақтаушысы Т. Мор болды (утопия-құрғақ қиял, іске аспайтын арман) . Т. Мордың ойынша (1516ж. “утопия еңбегі”) мектепте оқушылар жер ісі және онымен практикалық тұрғыда айналысуы қажет, зерделеуі керек. Осыдан басқа ол әрбір оқушы міндетті түрде бір кәсіпті игеруі керек деп санады.
Еңбек іс-әрекеті мен жеке тұлғаның дамуы арасындағы өзара байланысты орнатуға француздың философ-ағартушысы Ж. К. Руссо жұмыстар жасады. Міндетті сабақ үшін қолөнер кәсібінің түрін таңдауда күмәнді болды. Ол өзінің таңдауында ағаш өңдеу кәсібіне тоқталды. Ол бір кәсіпті бала кезінен терең меңгеру басқа кәсіптерді де терең танысуға мүмкіндік берді берді деп жорамалдады. XVIIIғ. ортасында Францияда кәсіп көп болмаған еді. Дегенмен оның тәрбиеленушісі еңбек операциясының элементар тәсілдері мен таныстыру прогрессивті ой болды.
Ж. Ж. Руссо баланы идеал тәрбиелеуді алға тартты. Тәрбиеленушінің қолы кәсіпкердің қолындай жұмыс жасауы керек, ал бұл уақытта оның басы, философтың басындай ойлау керек деді. Кәсіппен табиғи еңбек жағдайында танысуы қажет, ал кәсіп зиянды болмауы және кәсіп тәрбиеленушінің жынысына сәйкес ақыл-ой жұмысын талап ету керектігін көрсетті.
XIXғ. басында педагогикалық ойлар швейцардың педагог-демократ И. Г. Песталоццидың идеясына зейін аударды. И. Г. Песталоцци [34] . балаларды оқытуды кәсіптік еңбекпен ұштастыруға ұмтылды. Сабақтарда балалар “білім беру” әңгімелерін тыңдап, операцияларды ауызша есепте орындап және бір мезгілде еңбек етуге тырысты. Ол жетім балалармен бірге өмір сүріп, бірге еңбек етті.
Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Пестолоцци еңбектері көптеген педагогтар мен қоғамдық қызметкерлердің арасында педагогикалық және тәрбиелік мәні бағаланды. Бұл проблемаға Л. Н. Толстой мен К. Д. Ушинский ерекше зейін аударды [35] .
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ағылшын социолист-утописі Р. Оуэннің оқытуды индустриялды еңбекпен ұштастыру жөніндегі ұсынысы пайда болды.
К. Маркс бұл идеяны жоғары бағалады және осы кейінгі кезеңде қолдануды дамытты. К. Маркс әрбір бала 9-жастан бастап өнімді еңбекке қатысып, жұмыскер болуы қажет деп көрсетті, ол тек баспен емес қолмен де жұмыс жасауы керек деді. К. Маркс жұмыс жасаушы бала еңбегін қорғау жөніндегі мәселені алға тартып, балалардың еңбегін қолданудың тәрбиелеу мен оның үйлесімді болуын былай деп жазды «Тәрбиелеу деп біздер үш нәрсені түсінеміз, ол:
- ақыл-ой тәрбиесі;
- гимнастикалық мектептерде және әскери жаттығуда берілетін дене тәрбиесі;
- техникалық оқыту, барлық өндірістік үдерістердің негізгі принциптерімен танысу және бір мезетте барлық өндірістік қарапайым құралдарымен жұмыс жасау дағдылары.
Кез-келген еңбектің көрсеткіші уақыттың жұмсалуына байланысты. Дегенмен, уақыт еңбектің өлшем қызметін жеткілікті атқаруы мүмкін емес. К. Маркс [36] еңбек деп үш нәрсені түсінеміз деп көрсеткен: еңбек құралы, материал, еңбек үдерісі.
Бұл айтылған идеяларды И. Г. Песталоцци, И. К. Крупская, В. Н. Луначарский, П. П. Белинский дамытты және еңбектің жеке тұлғаны дамытудағы ролін, орнын көрсетіп берді.
Кезінде А. В. Луначарский «сынып жағдайында балада күрескерді тәрбиелемесек онда үйлесімділік қоғамның пайда болуына кедергі болу мүмкін» [37] деп орынды айтқан.
Кейіннен еңбектің жеке тұлғаны дамытуы жөнінде ой-пікірлерді С. Т. Шацкий [38], А. С. Макаренко [39], В. А. Сухомлинский [40] және т. б. дамытып, олар оқушылардың еңбектік іс-әрекетінің мазмұны мен мақсаты, өмірге, еңбекке дайындаудың формаларына, тәрбиелеуші ұжымның ықпал ету тәсілдерін және олардың мекеме ұжымымен байланысына зейін аударды.
Кез келген адамда дүние таным өзінен - өзі тез арада қалыптастырылмайды. Дүние таным халықтың тәжірибиесімен ұштасудың негізінде қалыптасуы мүмкін.
Мектеп ісін реформалауда негізгі зейін барлық оқу пәндерін оқыту барысында оқушыларда материалистік түсінік, қоғам мен табиғат құбылыстарын дұрыс түсіндіре алу іскерлігі, біздің дүние танымымызға сәйкес іс-әрекет жасауға үйрету болып табылған.
Жеке тұлғаның көзқарасының, сенімнің қалыптасуында ерекше роль ойнайды, еңбекке баулу сабақтары мен мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке баулуда олар тірі және өлі табиғатпен, материалдық мәдени объектілермен жанасады. Бұл оқушылардың дүниенің диалектілігі мен материалдығы жөніндегі дүние танымдық ойдың негіздеріне жетуіне көмектеседі.
Еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар материалдық игіліктерді пайда етеді, еңбектік ұжымның өндірістік қатынасымен әрекеттеседі, өнімді бала -бақшаға тағы басқа мекемелерге өткізеді немесе таратады, оқушылар мұнда еңбектің әлеуметтік функциясын түсінеді, сезінеді.
Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуына орай ұлттық өркениеттің кеңінен өркендеуіне жол ашатын, мемлекеттік білім беру мен тәрбиелеуді ұлттық сипатта ұйымдастыруға бағдарлайтын бірқатар өзгерістер енді. Мәселен, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында: "әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу" негізгі міндеттердің бірі ретінде көрсетілді [41], ал Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасында: Оқушыларды еңбекке дайындау ісінде тағы бір өзекті кемшілік қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қосалқы-көркем өнерін, халық зергерлерінің мұрасын, мал шаруашылық, аспаздық, шикізаттарды өңдеу жолдарын үйрету кеңінен әдіс алған жоқ" деп, келелі кемшіліктердің түзетілуі талап етілді. Оқушыларды еңбекке оқытудың мазмұнын анықтау кезінде ұлт дәстүрін, мәдениетін, халықтың қолданбалы өнерімен кәсіпшілігін тереңдете игеруіне жағдай туғызу керектігі көрсетілді.
Осыған байланысты "дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу" - тәрбиенің негізгі мақсаты болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасы Білім беру Министрлігі тарапынан: " . . . ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру; сұлулық, тазалыққа үйрету; адамзат қоғамында бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу; жастарға еңбектің адам өміріндегі мәні мен маңызын түсіндіру, шығармашылық еңбекті дамыту, еңбек жадысын баланың бойына жастайынан сіңіру, оны табиғи қажеттілікке айналдыру, жоғары білімділікке бейімдеу; тәрбие барысында өн бойында жастардың мамандықты еркін таңдауына негізделген кәсіби бағдар жүйесін құру" т. с. с міндеттері қойылған.
Мұндай міндеттерді шешуде Республикадағы бастауыш мектептерден бастап, жоғары сынып оқушыларын көркем еңбек мамандықтарына баулуды қамтамасыз ететін бағдарламалар түзіліп, оқу-тәрбие ісіне қолданылуда. Ондай бағдарламалардың бірі - бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу бағдарламасы (С. А. Жолдасбекова, 1994ж. ) . Орта буын оқушылары үшін "Қазақтың сәндік - қолданбалы өнері" (Қ. Әмірғазин. 1990ж. ), "Тұрмыста қызмет көрсету" (5-9 - сыныптардың қыз балдарына арналған. 1992ж. ) . Бұл бағдарламалар Оңтүстік Қазақстан облысының мектептерінде қолданылуда [42; 43; 44] .
«Технология» білім беру саласындағы оқу үдерісін жүзеге асырудың негізгі психологиялық-педагогикалық мақсаты - жастардың кәсіби өзін - өзі анықтауы, яғни, болашақ кәсіби іс-әрекет субьектісі ретінде өзінің тұлғалық қатынасын қалыптастыру, бұл өз ретінде адамды болашақта кәсіпті алмастыруға, өмірге бейімделуге кәсіби іс-әрекетке дайындауға мүмкіндік береді.
Біздің елімізде жаңа білім стандарттарының жасалуы мен оқыту технологияларын іске асыру мақсатында бұрынғы «Еңбекке баулу» пәні «Технология» пәні болып өзгертілуіне байланысты, технологиялық білім беру идеясы болашақтағы жаңа технологиялардың рөлі бойынша технологиялық даярлауға бағытталған, технологиялық білім беруді көздеген "Технология" атты жаңа курсында қаланып, білім беру тұжырымдамасы мынадай міндеттерді негізге алады: оқушылар ғылыми - технологиялық жетістіктерді меңгеріп қана қоймай, оларды шығармашылықпен пайдаланатын білімділік және кәсіптік деңгейін арттыру; жеткіншектердің қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып шығармашылық тәсілді оқыту үдерісінде қалыптастыру; оқушыны кәсіптік іс - әрекетте нақтылы нәтижеге жете алатын жан - жақты, қабілеті мол жеке тұлға ретінде тәрбиелеу [45] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz