Құрылымды мәліметтердің көрінісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Жұмысты автоматтандарудағы негізі мәліметтер қоры … . . . 5

1. 1. Мәліметтер қоры туралы түсінік . . . . . . …5

1. 2. Мәліметтер қорының жіктелуі (классификициясы) . . ………. …. 8

1. 2. 1. Мәліметтер қорының структуралық элементтері . . . 10

1. 3. Мәліметтер қоры жайында негізгі пікірдің дамуы . . . …. 13

1. 4. Мәліметтер қорының қасиеттері және оған қойылатын талаптар…. . …. 19

1. 5. Қолданбалы бағдарлама пакеттері. Access. . … . . . 25

ІІ тарау. Дәріханада бақылауды автоматтандырудың бағдарламалық орындалуы . . . …. . 44

2. 1. Бағдарламалық комплекстің сипаты және дәрілерді ендіру . . . 44

2. 2. Сұраныстарды дәрі және ауру түрлері бойынша жүзеге асыру…… . . . 49

2. 3. Жалпы есептерді көру . . . …. . 52

Қорытынды . . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер. …… . . . 54

Қосымша 56

Кіріспе

Ақпаратты өңдеу, тасымалдау мәселелері ең маңызды мәселелердің бірі. Ол адамзат тарихында оның даму кезеңдерімен қатар еселеп өсіп, мүмкіншіліктері артып келеді. Бұл мәселенің көп жылдардан бергі алғашқы шешімі - ол, адамның миы, тілі, санасы болып келді. Ең бірінші өзгеріс алғашқы жазулармен бірге келді, ал одан кейінгі дамулары кітап баспалары болды. Дегенмен сол кездердегі, кітап баспасы кезінде ақпарат тасушы болып қағаз есептелді. Сол кездердегі ақпаратты тасымалдаушы және жинақтаушыларды «қағаздық информатика» деп атады.

Осындай дамулардың барлығына өзгерісті электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ) алып келді. Алғашқы электронды есептеуіш машиналары үлкен автоматты арифмометрлер ретінде қолданды.

Ең алғашқы ЭЕМ - дарды қолдану кезінде жасалған әлемдік тәжірибелердегі административті жүйе деп аталатын мәліметтерді өңдеудің маңыздылары мыналар болды: банктік операцияларды автоматтандыру, бухгалтерлік есеп, билеттерді көріктендіру және сақтау т. с. с.

Автоматтандырылған басқару жүйесі - техникалық құрылғылардың көмегімен ақпаратты өңдеуді, жинақтауды жүзеге асыратын машиналы - адам жүйесі.

Қазіргі таңда денсаулыққа немқұрайлы қараушылар көп. Соның салдарынан олар денсаулықтарынан ерте айрылуда. «Басты байлық-денсаулық» деп бекер айтпаған. Денсаулығы жоқ адамның болашағы да жоқ деуге болады. Алайда «Ештен кеш жақсы» дегендей, адам денсаулығына аурудың алдын ала және дер кезінде назар аударса қалпына келтіруге мүмкіншілігі бар. Денсаулықты қалпына келтіру үшін тек қана аурухана ғана емес, сонымен қатар дәріхана да өте қажет. Өйткені, қазіргі кезде ауруханаларда жеңілдіктер деген жоқ десе де болады, яғни тегін дәрілер беріле бермейді. Сол себепті адамдар дәрілерді дәріханадан алмағанда қайдан алады? Егерде қажетті жерде дәріхана болмаса адамның денсаулығы қалпына келуі екі талай. Қазіргі таңда дәріхананың болуы ғана аздық етеді, өйткені техниканың дамуына байланысты барлық орындар автоматтандырылуда. Міне осылардың қатарына дәріхана да жатады. Дәріхананы автоматтандырудағы пайдасы-ол, сатушының да, сатып алушының да алтын уақыттарын үнемдеуінде. Себебі бұл алтын уақыттар дәрі іздеумен кетуі мүмкін. Ал, автоматтандырудың арқасында біз дәрінің дәріханада бар жоқтығын небәрі бірнеше секундтар ішінде ғана біле аламыз.

Компьютерлік техника кез-келген техникалық процесті жылдамдатуға мүмкіндік береді. Техниканың дамуы адамдардың компьютерлік техниканы және жаңа ақпараттық технологияларды игерумен тығыз байланысты.

Диплом жұмысының мақсаты. Жоғарыда айтылғандай автоматтандыру бірден бірнеше жыл бұрын жасалған екен. Ал қазіргі кезеңде ЭЕМ - дердің жеткілікті дамыған шағы, неге енді барлық жүйелерді автоматтандырмасқа. Қазіргі таңда компьютерсіз жұмыс жасау деген артта қалған, сол себепті өзіміздің осындай мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып мен «Дәріхана» ақпараттық жүйесін автоматтандыруды жөн санадым. «Дәріхананы» автоматтандырудың пайдасы өте мол әрі тиімді. Мұның тиімділіктерін атап өтер болсақ, оларды былайша тізіп айтуға болады:

  • Біріншіден, Дәріханадағы сұраныс түскен дәрілердің бар жоғын тез анықтап береді;
  • Екіншіден, Дәріханадағы дәрілер саны азайса немесе таусылса оны уақытылы толықтырып отыру;
  • Үшіншіден, ол сатып алушының сұранысына байланысты дәрінің сапалысын әрі пайдалысын тауып беру;
  • Мұның төртінші тиімділігі, ол сатып алушының да сатушының да уақыты үнемделеді.
  • Жәнеде бесінші бір мүмкіндігін айтар болсақ, ол Дәріхананың кіріс шығысын есептеп отырады.

Осы айтылып өткен тиімділіктер әр Дәріханада болса, онда олардың жұмысының алға басатынына күмәнім жоқ. Әсіресе мұндай Дәріхананы автоматтандырулар біздің Қазақстанға өте қажет, өйткені біздің Республикада автоматтандыру жете дамымаған.

І тарау. Жұмысты автоматтандарудың негізі мәліметтер қоры

  1. Мәліметтер қоры туралы түсінік

Мәліметтер қоры іс жүзінде қиын өңделетін көлемі жағынан үлкен қойма ретінде белгілі, бұл мәліметтер қорын кез келген қолданушы пайдалана алатындай етіп, ұйым өзіне керекті барлық мәліметті енгізеді. Барлық мәліметтер сақталатын жады құрылғысы бір немесе бірнеше жерде орналасуы мүмкін; соңғы жағдайда олар мәлімет жіберу мүмкіндігімен байланысу керек. Бағдарламалардың мәліметтерге рұқсаты бар болуы керек.

Шынында да, қазіргі таңдағы мәліметтер қоры шектелген бағдарламаларға ғана негізделген. Бір ЭЕМ-де бірнеше мәліметтер қорының құрылуы жиі кездеседі. Уақыт өте келе, бір-біріне ұқсайтын бөлек функцияларды өңдейтін мәліметтер қорын біріктіруге болады. Әрине, бұл біріктіру барлық жүйенің тез әрі тиімді жұмыс істеуіне септігін тигізсе.

Мәліметтер қоры бір немесе бірнеше бағдарламаларда оптималды қолданудануға мүмкіндік беретін, бір-бірімен байланыса сақталған мәліметтер жиыны; мәліметтер оларды пайдаланатын бағдарламаға тәуелсіз болатындай етіп сақталады; жаңа мәліметті қосу немесе бар мәліметті өзгерту үшін; мәліметтер қорынан іздеу жасауда жалпы басқарылатын әдіс қолданылады.

Егер мәліметтер қоры құрылысы жағынан бір-біріне тәуелсіз болса, онда жүйе мәліметтер қорының жиынынан тұрады делінеді. Мәліметтері қарапайым ұйымдастырылған жүйеде әр бағдарламаға өзінің жазбалар жиына құрылады. Мәліметтер қорының мәні бір мәліметтер жиынын бірнеше бағдарламада қолдану мүмкіндігі. Осыған байланысты, мәліметтер қорын жұмыс істеу барысында керек болған анық бір функциялардың қоймасы ретінде жиі жасайды. Мұндай мәліметтер қоры бізге керекті мәліметтерді алу үшін ғана емес сонымен қатар оны әрдайым өзгертуді қамтамасыз ету керек. Өзгерту осы ұймды басқару үшін яғни, мәселен сұрақтарға жауап жазуда не болмаса жоспарлау мақсатында іздеу жүргізіліп өзгерту енгізілуі мүмкін. Мәліметтер жиынын бірнеше келісімдер қолдана алады тіпті олардың арасында келісу бөгеті бар болса да. .

Мәліметтерді пакеттік өңдеу үшін, нақты уақытта немесе оперативті өңдеу үшін мәліметтер қоры жасалады (бұл жағдайда әр сұранысты өңдеу белгілі бір уақытта бітеді, бірақ нақты уақыт жүйесінде кездесетін шек сұранысты өңдегенде өңдеу уақытына қатаң шек қойылмайды. ) Көптеген мәліметтер қорында осы өңдеу әдістерінің жиыны қарастырылған, ал көптеген мәліметтер қорының жүйесінде терминалдарды нақты уақытта қарау мәліметтерді пакеттік өңдеумен бірге жүргізіледі.

Мәліметтер қорын басқару мүмкіндігі қолданғанға дейін дисктік немесе ленталық кітапханалардың көп бөлігінде қайталанатын мәліметтер көп болды. Көптеген мәлімет элементтерін сақтағанда артық мәліметтер жазылды. Түрлі мақсатқа пайдаланылатын мәлімет тасушы элементтерге бір мәлімет бірнеше рет қайталанып жазылды. Мәліметтер қоры осындай артық мәліметтерден арылу мүмкіндігін туғызады. Мәліметтер қорын кейде мәліметтер элементінің артық болмайтын жиыны деп те атайды. Бірақ шындығында мәліметке қол жеткізу уақытын кеміту немесе адрестеу әдісін жеңілдету мәліметтер қорында артық мәліметтердің бар екендігін көрсетеді. Кейбір жазбалар кездейсоқ жоғалған жағдайда қайта қалпына келтіру үшін қайталанады. Біздің қорда артық мәлімет жоқ болу үшін яғни, қор көлемі барынша аз болу үшін және біздің сұраныстырға төтеп беру үшін бір ымыраға келу керек.

Басқарылмайтын артық мәліметтің бірнеше кемшіліктері бар. Біріншіден, бір мәліметтің бірнеше көшірмесін сақтау қосымша шығындарға әкеліп соқтырады. Екіншіден, жаңа өзгеріс енгізген жағдайда барлық көшірмелерге де, згеріс енгізілуге тиіс. Артық мәліметтің көп болуы сол үшін қымбатқа түседі. Себебі, әр жаңалаған сайын немесе тіпті ескі мәліметтерді өшірген жағдайда барлық артық мәліметтерге де сол операцияларды орындау керек. Үшіншіден, әр жаңалау деңгейіне әр түрлі мәлімет көшірмесі сәйкес келгендіктен жүйе шығаратын мәлімепен қарама қарсы болуы мүмкін.

Егер мәліметтер қорын қолданбасақ, үлкен көлемді мәліметті өңдеу барысында тіпті көп артық мәліметтер пайда болады, оларды тіпті бір жаңалау деңгейінде сақтау мүмкін болмай қалады. Қолданушылар жиі кездесетін сәйкессіздікпен жолыққан соң, ЭЕМ-нен алынған мәліметке сене алмайды. Бір жаңалау деңгейінде артық мәліметті сақтай алмайтындығымыз ЭЕМ-де мәліметті өңдеудің басты кемшілігі болып табылады.

Көптеген мәліметтер қорының басты артықшылығы болып олардың әрқашан өзгеруі және кеңейтілуі болып табылады. Жаңа типті мәліметтер қосылғанда немесе жаңа бағдарлама қосылғанда мәліметтер қорының құрылымы тез өзгеруге бейім болу керек. Мәліметтер қорын қайта құру көп өзгерісті қажет етпеуі тиіс. Мәліметтер қорының оңай әрі тез өзгертілуі оның дамуына өндірісті басқаруда септігін тигізеді.

Мәліметтер қорының негізгі қасиеттерінің бірі мәліметтер тәуелсіздігі болып табылады. Мәліметтер тәуелсіздігі деп отырғанымыз мәліметтер қолданған бағдарламалардың тәуелсіздігі, бір мәлімет қорының өзгерісі екіншісіне әсерін тигізбейді. Қолданбалы бағдарламашы сақталған мәліметтерді ұйымдастыру мен оларды өзгертуден шеттетіледі. Шын мәнінде, толық тәуелсіз мәліметтер аратық мәлімет кездеспейтін мәлімет қоры сияқты өте аз болады. Төменде көретініміздей, мәліметтер тәуелсіздігі бірнеше жағдайларға байланысты. Бағдарламашы мәліметтерге рұқсаты бар болу үшін әр мәліметтер қорына бөлек мәліметтермен қамтамасыздандырылуы керек. Мәліметтер тәуелсіздігі - бұл мәліметтер қорын басқару жүйесінің қолданылуының басты себебі.

Бұл жағдайда, яғни бір элементтің терілуі бірнеше бағдарламаға қолданылса, онда олардың арасында бірнеше байланыс орнатылады. Мәліметтер қорының ұйымдастырылуы жазбалар және мәліметтер элементтерінің арасындағы байланыстан, сонымен қатар бұл мәліметтер қай жерде және қалай орналасқанына байланысты болады. Көптеген бағдарламаға қолданылатын мәліметтер қорында белгілі бір уақыт аралығында ғана іске асырылатын байланыстар көп орнатылуы мүмкін. Бұл жағдайда оларды сақтау, мәліметтердің дұрыстығын бақылау, оларды қорғау және құпиялығын сақтау бір-бірімен байланыспаған мәліметтерге осы әрекеттерді орындаудан қиынға соғады. Ал мәліметтер қорының құпиялығын және қателіктерден кейін қалпына келтіруін қамтамасыздандыру мәліметтер қорын құруда маңызды сұрақтардың бірі болып табылады.

Кейбір жүйелерде мәліметтер қорын басқаруды қолдану, қолданушылар мәліметті жүйені өндірушілердің назарында болмаған жолмен қолдануға болатындығына байланысты пайдаланады. Администраторлар және қызметкерлер есептеуіш жүйеге бұрын соңды өзінде өңделмеген сұрақтар қоя алады. Мұндай мүмкіндіктің болуы мәліметтерге рұқсатты алуды түрлі жолдармен жүзеге асыруға болатындығын жәнеде бір мәлімет бірнеше сұрақтың жауабы ретінде қолданылу мүмкіндігі жүйедегі мәліметтердің ұйымдастырылуына байланысты. Бүкіл объекттер жайлы бар мілімет, тек бір бағдарламаға қажет бөлігі ғана өңделмей, бір уақытта және толық сақталады.

Нақ қазіргі уақытта осы мүмкіндіктерді жергілікті мәліметтер қоры деңгейінде, бір дискіде орналасқан (Paradox, Dbase), дәл солай ауқымды мәліметтер қорында да (Access, Oracle, FoxPro) жүзеге асыратын МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) бар.

Кез - келген ақпараттық жүйенің мақсаты - ол, шынайы өмірдегі объектілердің мәліметті өңдеуі. Кең мағынада мәліметтер қоры деген сөз - бұл, қандай да болмасын облыстық тақырыптағы шынайы өмірдің белгілі бір объектісінің жиынтығы жайлы мағлұмат. Облыстық тақырып дегенде біз, оқып білуге жататын ұйымдар үшін басқарудағы шынайы өмірдің бір бөлігі және соңғы есептегі автоматизацияны, мысалы, мекеме, ЖОО және т. б. түсінеміз.

Мәліметтер қорын құру кезінде, қолданушы ақпаратты түрлі белгісі бойынша ретке келтіруге ұмтылады және белгілерді өз бетінше байланыстыру мен таңдауды тез шығарады. Бұладың барлығын біз жүзеге асыра аламыз, егер мәліметтер құрылымдық болса ғана.

Құрылымды деп - мәліметтеді ұсыну әдістері жайлы келісімді енгізуді айтамыз.

Құрылымды емес деп - мысалы тексттік файылдарда жазылған мәліметтерді айтамыз.

Құрылымды емес мәліметтерге былайша мысал келтіруге болады:

Құрылымды емес мәліметтер көрінісі.

Ал, құрылымды мәліметтердің көрінісі мынадай болады:

Жеке құжат №
Фамилиясы
Аты
Әкесінің аты
Туған жылы
Жеке құжат №: 16493
Фамилиясы: Сергеев
Аты: Петр
Әкесінің аты: Михайлович
Туған жылы: 01. 01. 76
Жеке құжат №: 16593
Фамилиясы: Петрова
Аты: Анна
Әкесінің аты: Владимировна
Туған жылы: 15. 03. 75
Жеке құжат №: 16693
Фамилиясы: Анохин
Аты: Андрей
Әкесінің аты: Борисович
Туған жылы: 14. 04. 76

1-кесте. Құрылымды мәліметтердің көрінісі

Мәліметтер қорының қолданушылары түрлі қолданбалы бағдарламалар, бағдарламалық комплекстер, сонымен қатар мәліметтер қорының көзі немесе қолданушылар ролінде шығатын облыстық тақырыптардың мамандары бола алады. Оларды соңғы қолданушылар деп атауға болады.

Мәліметер қорының қазіргі заманғы технологиясында мәліметтер қорын құру оның қолданушылардың өзіне рұқсатын қамтамасыз етуді арнайы бағдарламалық аспаптардың көмегімен орталықтандырылып, жүзеге асады, яғни мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) .

  1. Мәліметтер қорының жіктелуі (классификициясы)

Мәліметтерді өңдеу технологиясы бойынша мәліметтер қоры орталықтандырылған және бөліктенген болып екіге жіктеледі.

Орталықтандырылған (база) мәліметтер қоры есептеуіш жүйенің бір жадысында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе ЭЕМ - нің компоненті болып табылса, онда мұндай базаға бөліктенген рұқсат мүмкін болады. Мәліметтер қорының қолдануының мұндай әдісі дербес компьютерлердің (ДК) локальді желілерінде жиі қолданылады.

Бөліктенген міліметтер қоры есептеуіш желінің түрлі ЭЕМ - дерінде сақталатын, бір - біріне қиылысушы немесе қайталанушы бөліктерден тұрады. Мұндай базамен жұмыс жасауды бөліктенген мәліметтер қорын басқару жүйесі (БМҚБЖ) көмегімен жүзеге асыруға болады.

Мәліметтерге рұқсат алу әдісі бойынша мәліметтер қоры: локальді рұқсатты мәліметтер қоры алыстатылған (желілік) рұқсатты мәліметтер қоры болып бөлінеді.

Желілік рұқсатты орталықтандырылған мәліметтер қоры жүйесі сол сияқты жүйелердің түрлі архитектурасын ұсынады:

  • Файл - сервер;
  • Клиент - сервер.

Файл - сервер. Желілік рұқсатты МҚ жүйесінің архитектурасы желі машинасының біреуі орталық ретінде бөлінетінін болжайды. Мұндай машинада бірлесіп қолданылған орталықтандырылған МҚ сақталады. Барлық басқа желі машиналары жұмыс станцияларының функцияларын орындайды. Қолданушылар жұмыс станцияларында монопольді түрде қолданатын локальді МҚ - ларды құрады. Файл - сервердің концепциясы шартты түрде мына суретте көрсетілген (1-сурет) :

--- сақтау.

Мәліметтер қоры файлдарының

өңделу үшін жіберілуі

--- өңдеу.

Жұмыс станциялары

1-сурет: МҚ-ақпаратты файл - сервер принципі бойынша өңдеу схемасы.

Клиент - сервер. Бұл концепцияда орталық машина орталықтандырылған мәліметтер қорын сақтаудан басқа мәліметтерді өңдеудің негізгі көлемін орындауды қамтамасыз етуі қажет. Клиент арқылы мәліметтерге сұраныс, сервердегі мәліметтерді шығару және іздеуді тудырады. Шығарылған мәліметтер (бірақ файлдар емес) желі бойынша серверден клиентке транспортталады. Клиент - сервер концециясы шартты түрде мына суретте бейнеленген (2-сурет) .

Мәліметтер қорынан шығарылған

мәліметтердің транспортталуы

Жұмыс станциялары

2-сурет: МҚ-да ақпаратты клиент - сервер принципі бойынша өңдеу.

  1. Мәліметтер қорының структуралық элементтері

Мәліметтер қоры өріс, жазба, файл (кесте) сияқты структуралық элементтермен тығыз байланысты.

Өріс (алаң) - ақпараттың бөлінбейтін білігіне, яғни реквизитіне сәйкес келетін мәліметтердің логикалық ұйымының элементарлы бірлігі. Өрістерді (алаңдарды) суреттеу үшін келесі сипаттадалар қолданылады:

  • Аты (имя), мысалы: фамилиясы, аты, әке аты, туған жылы;
  • Типі (тип), мысалы: символды, сандық, календарлық;
  • Ұзындық (длина), мысалы: 15 байт сонымен бірге символдардың ең үлкен санымен анықталады;
  • Дәлдік (точность) сандық мәліметтер үшін, мысалы: санның бөлшек бөлігін бейнелеу үшін екі ондық санақ белгісі.
Өріс1 (аты)
Өріс2 (аты)
Өріс3 (аты)
Өріс4 (аты)
Өріс1 (аты):
Өріс2 (аты):
Өріс3 (аты):
Өріс4 (аты):

Өріс Жазба

2-кесте. МҚ-ның негізгі структуралық элементтері.

Жазба дегеніміз - логикалық байланысқан өрістердің жиынтығы. Жазба экземпляры - жазбаның өрістерінің тұрақты мағынасын ұстап тұратын бөлек реализация.

Файл (кесте) - бір структураның жазба экземплярларының жиынтығы.

Жазба файлдарының логикалық структураларының суреттелуі өріс жазбаларының тізбектей орналасуынан және олардың негізгі сипаттамаларынан тұрады. Мысалы, 3-кестеде көрсетілгендей:

Файл аты
Файл аты: Өріс

Кілт

белгісі

Өріс форматы
Файл аты: Аты (мағынасы)
Толық аталуы
Типі
Ұзындығы
Дәлдігі
Файл аты: Аты 1
Файл аты: . . .
Файл аты: Аты n

3-кесте. Файл жазбаларының логикалық структурасының суреттелуі.

Байланыс типтері. Барлық тақырыптық облыстағы ақпараттық объектілер өзара байланысқан.

Байланыстың бірнеше түрлері бар:

  • Бірден бірге (1:1) ;
  • Бірден көпке (1:К) ;
  • Көптен көпке (К:К) .

1- ге 1 байланысы. Бір кестенің бір жазбасы екінші кестенің бір жазбасына сәйкес келеді. Бірден бірге байланысын былайша бейнелеуге болады:

А1 В1

А2

А3 В2

3-сурет. Бірден бірге байланысы.

Бірден көпке байланысы - 1- ші кестенің бір жазбасына 2-ші кестенің бірнеше жазбасы сәйкес келеді. 1-ші кестенің жазбасы қайталанбауы керек. Бірден көпке байланысының көрінісі мынадай:

А1 В1

А2 В2

А3 В3

4-сурет. Бірден көпке байланысы.

Көптен көпке байланысы. Бірінші кестенің бірнеше жазбасына екінші кестенің бір жазбасы сәйкес келеді.

Көптен көпке байланысының көрінісі:

А1 В1

А2 В2

А3 В3

5-сурет. Көптен көпке байланысы.

Жұмыс технологиясының жалпы қорытындысы. Әрбір нақты МҚБЖ - ның өзінің ерекшелігі болады. Оны міндетті түрде есте сақтау қажет. Алайда кез - келген МҚБЖ - ның функциональдық мүмкіндігін көре отырып осы ортадағы қолданушының жұмыс технологиясының жалпы қорытындысын алдымызға келтіруге болады.

МҚБЖ - ның жұмыс технологиясының жалпы қорытындысын негізгі этап ретінде былайша бөлуге болады. (схемасы 5-суретте көрсетілген) .

  • Мәліметтер қоры кестенің структурасын құру;
  • Кестедегі мәліметтерді енгізу және өзгерту;
  • Кестедегі мәліметтерді өңдеу;
  • Ақпаратты мәліметтер қорынан шығару.

Бөлінген этаптарды тереңінен мына схемада қарастырамыз:

6-сурет. МҚБЖ - дағы жұмыс технологиясының жалпы қорытындысының

схемасы.

  1. Мәліметтер қоры жайында негізгі пікірдің дамуы

Мәліметтер қоры туралы түсінік 60 жылдардың соңында пайда болды. Бұдан алдын мәліметтерді өңдеу саласында мәліметтер файлы және мәліметтер жиыны жайлы айтылатын болған. ЭЕМ-нің үшінші ұрпағы пайда болғанға дейін (олардың алғашқылары 1965ж. орнатылды) мәліметтер өңдеудің бағдарламалақ қамтамасыздандыруы тек мәліметтерді енгізу-шығарумен ғана шектелген болатын. Мәліметтер қорын ұйымдастыруды қолданбалы бағдарламаларды жазғанда қарау керек болды, бұл қарапайым әдіспен жасалды, яғни мәліметтер тізбектелген файлдар ретінде магниттік лентаға сақталды. Мәліметтер тәуелсіздігі жоқ болатын. Егер мәліметтерді ұйымдастыру немесе еске сақтау құрылғылары өзгергенде, қолданбалы бағдарламашы сәкесінше бағдарламаларды өзгерту керек болды, оларды қайта компиляциялап, қою қажет болады. Файлды жаңалау үшін, қайтадан жаңа файл құру керек болатын. Бұрынғы файл бастапқы файл ретінде сақталып тұратын. Бұрынғы нұсқасы сақталатын, кейде одан бұрынғы нұсқалары да сақталатын. Бірнеше файл бір бағдарлама үшін пайдаланалатын. Басқа бағдарламалар үшін де сол мәліметтерді қолданды, бірақ басқа формада, басқа өрістермен сондықтан да, бір мәліметті пайдаланып, бірнеше файлдар құрылатын болған. Нәтижесінде жүйеде артық мәлімет пайда болды, бір мәліметі бар түрлі файлдар көп болды.

Кейде мәліметтерге өз бетінше рұқсаты бар файлдар қолданылды, ал ол файлды біртіндеп қарап шығудың орнына, қолданушыларға файлдың кез-келген жазбасына тікелей рұқсат берді. Жазбаларды адрестеу әдісін бағдарламаны жазу барысында қолданбалы бағдарламашы қамтамасыз етеді. Егер есте сақтау құрылғылары ауысқан жағдайда қолданбалы бағдарламаға көптеген өзгеріс енгізу қажет болды. Ал іс жүзінде есте сақтау құрылғыларын ауыстырмау мүмкін емес. Жаңа технология бір бит ақпаратты сақтау шығындарының барынша азаюына әкелді, ал қазіргі таңда файлдардың көлемі бұрынғы кезде қолданылған есте сақтау құрылғыларының көлемінен әлде қайда үлкен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық қамтама
Oracle мәліметтердің объектілі типтері
Мәліметтер базасын жобалау процесі
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Іс жүргізудегі ақпараттық жүйені қолдану
СИ бағдарламалау тілі және жобалануы
Деректермен жүргізілетін операциялар. мб құрылымын жоспарлау және құру
«Мектеп» ақпараттық жүйесі
МББЖ Access
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz