Компьютерлік ойындардың түрлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторларының бірі - оны ақпараттандыру үдерісі болып табылады.
Алайда, оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық технологияға (АТ) көшпей білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес.
Ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып дамып, ғылымның барлық саласына кеңінен ену кезеңінде бастапқы компьютерлік сауаттылықты меңгермеген және компьютерлік техниканы қолдануға қажетті психологиялық дайындығы қалыптастырылмаған жас жеткіншектің болашақта өз білімін көтеріп, алдына қойған мақсат-міндеттерін шешуі мүмкін болмай отыр.
Аталған міндеттерді шешу үшін оқушыларда ЭЕМ-ын (компьютерді) қолдануға қажетті машық-дағдыларды қалыптастыру және информатика, программалау жөнінен керекті біліммен қаруландыру ғана емес, сондай-ақ дер кәзінде әрбір оқушының компьютерлік техниканы өз мақсатында пайдалана алуларын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да мектепте инфортика пәнін оқып үйренудің басты мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінен алғашқы түпкілікті білім бере отырып, олардың осы алған білімдерін мектепте оқытылатын басқа пәндерді меңгеруге пайдалана білуге үйрету болып табылады.
Ал практикалық мақсаты - оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, яғни олардың мектеп бітіргеннен кейін еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен дағдылармен және іскерлікпен қаруландыру.
Оқытудың ақпараттық технологиясы шеңберінде компьютерлер негізгі үш бағытта пайдаланылуда:
-адамды мезі ететін есептеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін дербес құрал ретінде;
-проблемалы салаларда зерттеулер мен жооқушыуға арналған құралдармен толықтырылған, автоматтандылған жұмыс орны ретінде;
-білімдерін бекітуге арналған автоматтандырылған оқыту комплексі немесе жаттырушы ретінде.
Компьютерлік технологияны оқыту үдерісінде қолданудың психологиялық негіздері Б. Г. Болтянский, С. Пейперт, Е. Е. Давыдов, Е. А. Ляудис, И. И. Машбиц, Е. Е. Рубцов, Н. Ф. Талывина, О. К. Тихомиров еңбектерінде талқынады. Ал компьютерді қолданудың жалпы педагогикалық негізі Е. С. Гершунский, А. П. Ершов, Е. М. Монахов, А. А. Кузнецов, Т. А. Сергееваның еңбектерінде қамтылады.
Қазақстанда аталған мәселелер Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев, Г. Е. Рах, К. З. Халықова, С. Т. Мұхамбетжанова, Ж. С. Сардарова, Г. А. Абдулкаримова, Д. Байғожанова, Д. Н. Исабаева сияқты ғалым-педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында, еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Үздіксіз білім беру саласын компьютерлендірудің алғашқы баспалдағы мектеп кезенінең мүмкін болса мектепке дейінгі кезеңнен басталу қажет, өйткені бұл жастағы оқушылардың кабылдау, ойлау, шығармашылық қабілеттерінің бастауыш, жоғарғы мектеп оқушыларымен салыстырғанда анағұрлым басым болатыны ғылыми түрде дәлелденген.
Л. В. Занковтын, Н. И. Лейтестің. А. А. Люблинская, Д. Е. Элькониннің зерттеулері бойынша адам қабілеттерінің бүкіл өмір бойы калыптасатынын, бірақ оның дамуына қолайлы кезеңнін болатынын атап өткен болатын.
Көптеген шетел ғалымдарының, педагог-практиктиктердің пікірінше, ннформатикаға оқытудың негізгі жолы - компьютерлік дидактикалық ойындар.
Л. Г. Клементстің пікірінше, компьютерлік ойындар оқушылардың есептерді шығару барысында олардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуына, көмектеседі, оқуға, деген кызығушылығын арттырады және ғылымның түрлі салаларының жағымды, жағымсыз жақтарын ашады.
Соңдай-ақ Дж. Джонсонның көзқарасы бойынша, компьютерлік ойындар мектеп оқушыларының жалпы психологиялық қасиеттерінің дамуының және қалыптасуының зор құралы болып табылады.
Жаппай компьютерлендіру кезеңінде ойын арқылы оқушыларды оқыту, тәрбиелеуді көптеген ғалымдар ең тиімді әдіске жатқызып жүр. Арнайы жүргізілген зерттеулер компьютердің тек мектеп оқушыларының ғана емес, сонымен қатар жоғарғы мектеп оқушыларының оқыту үдерісінде дидактикалық ойындарды кең түрде қолдану оның тиімділігін арттыратынын көрсетіп отыр. Мектептерде пайдаланылып жүрген компьютерлік ойын - программалардын ішінде дамытушы компьютерлік ойындардың оқу-тәрбиелік, дидактикалық лық ролі зор екендігі практика жүзінде дәлелденіп жүр.
Оқыту үдерісінде компьютерлік ойындардың ең басты тиімділігі - оқушы ойын арқылы берілген білімді аса қызығушылықпен белсенділікпен, ягни түпкілікті меңгеруінде жатыр.
Білім беру ісін реформалау кезеңінде мектеп оқушыларының акыл-ойы мен шығармашылық кабілеттерін дамыту ерекше мәнге ие болуда.
Аталған міндеттерді шешуде дамытушы компьютерлік ойындардың орны ерекше. Оқушыларды жас ерекшеліктерін ескере отырып ойын арқылы олардың шығармашылық кабілеттерін қалыптастырудың тиімділігі К. Л. Ушинский, А. О. Макаренко, Н. К. Крупская және т. б. белгілі педагогтардың еңбектерінде-қарастырылады. Сонымен бірге аталған мәселе Д. Б. Блонский, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Д. Е. Эльконин сияқты психологтардың және Е. М. Гельфман, С. В. Глазер, О. А. Дьячкова, О. С. Кель, Е. М. Минскин, Е. П. Никитин, Ш. А. Амоношвивли және т. б. педагог-практиктердің еңбектерінде дәлелденген.
Мектеп оқушыларының ақыл-ойын, ойлау қабілеттерін дамыту мәселесіне А. З. Зактің, А. А. Люблинскаяның, Кабанова-Меллердің, Д. Н. Богоявленскаяның, Г. С. Костюктің, Н. С. Лейтестің, Б. А. Крутецкийлердің және т. б. Көптеген психологтардың еңбектектері арналған. Тиімді, психилогиялық негізделген компьютерлік оқыту түрін ұйымдастыру (В. В. Рубцов және т. б), оқытушы компьютерлік программаларын жолаудың негізгі принциптері мен әдістерін табу (Е. И. Машбиц, Е. Д. Маргулис), компьютерлік ойындарды жүйелеу (А. Г. Шмелев, Е. Г. Кочетков және т. б. ) компьютерлік ойынның логикалық құрылымын құру (А. А. Пажитов) программалары да біршама зерттелген.
Соңғы уақытта компьютерлік ойындардың дидактикалық, оқытушы және т. б. тәрбиелік бағыттарын зерттеуге арналған (Э. Петрова, Г. М. Клейман, Б. С. Гершунский) еңбектерімен қатар мектепте информатиканы оқытудың практикалық тәжірибесі баяндалған зерттеулер де баршылық (Г. А. Звенигородский, Ю. А. Первин) . Соның ішінде компьютерлік технологияны білім беру мекемелерінің оку-тәрбие үдерісінде қолдану мәселелері (С. Н. Новоселова, Г. П. Петкударчук) компьютерлік ойындарды мектепте психологиялық тұрғыдан тиімді қолдану (Е. И. Бондарчук, Е. Маргулис) ғылымы зерттеулерінде дәлелденген. Психологиялық, педагогикалық, ғылыми-техникалық әдибиеттерді талдау қорытындысы дамытушы компьютерлік ойындардың психологиялық-педагогикалық негізі, оларды информатиканы оқытуда тиімді қолданудың әдістемесі зерттеудің арнайы пәні болмағандығын көрсетті.
Компьютерлік технологияның білім беру жүйесіне ену кезеңінде оқушылардың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту қажеттігі мен информатиканы оқыту үдерісінде дамытушы компьютерлік ойындарды өз деңгейінде пайдаланылу арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі анықталды.
Соңдықтан да осы айтылған қарама-қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу оның педагогикалық әдістімелік мүмкіндігін ашу дамытушы компьютерлік ойындардың таным үдерісіндегі оқушыны дамыту құралы есебіндегі орны мен ролін анықтау біздің зерттеуіміздің көкейтестілігі болып табылады.
Зерттеу мақсаты - дамытушы компьютерлік ойындарды теориялық тұрғыдан негіздеу және оларды информатиканы оқыту үдерісінде қолданудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін орта мектептегі информатика пәнін оқыту үдерісі (8 сынып негізінде) .
Зерттеу пәні - оқыту үдерісінде дамытушы компьютерлік ойындарды қолдану әсері.
Зерттеу міндеттері:
- дамытушы компьютерлік ойындардың психологиялық, педагогикалық негіздерін зерттеу;
-дамытушы компьютерлік ойындардың жүйесін құру және оларды информатиканы оқытуда қолдану әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің ғылыми болжамы : егер дамытушы компьютерлік ойындарды оқушының танымдық белсенділігін дамыту бағытында қолданылса, онда информатиканы оқытудың жаңа әдiстемелiк принциптерi жүзеге асырылады.
Зерттеу әдістері - зерттеліп отырған мәселеге байланысты зерттеулерді, психологиялық-педагогикалық және ғылыми-техникалық еңбектерді талдау, білім беру жүйесін ақпараттандыруға байланысты құжаттармен, материалдар мен танысу, практик-мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, оқушылармен, мұғалімдермен, әңгімелер өткізу, тәжірибелік эксперимент жұмысын ұйымдастыру және алынған қорытынды нәтижелерді салыстыру.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы : дамытушы компьютерлік ойындарды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру негізінде оқыту бірте-бірте жаңа заман талаптарына сай айналатындығы анықталуын мен оқушылардың алгоритмдік мәдениеттілігі, компьютерлік сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті, білім беруді ақпараттандыруға байланысты бұрынғыдан гөрі жоғарғы сатыда қалыптасуыyн, одан әрі дамытуға болатындығының теориялық негізі анықталуында.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы :
- 8 сыныптарда информатика пәнін оқыту үшін жаңа оқу үдерістегі бағдарламаларын дайындауда басшылыққа алуға болады.
- зерттеу жұмысының нәтижесінде сыннан өткен нәтижелерді информатика мұғалімдері арасында кең пайдалануға болады.
Диплом құрылымы : Диплом жұмысы кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ДАМЫТУШЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқу үдерісінде компьютерлік технологияны қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарына сәйкес орта білім беруді қайта құрудың негізгі шарттарының бірі - білім беруді ақпараттандыру.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың бірнеше негізгі бағытын көрсетуге болады :
1) компьютерді оқытудың тиімділігін арттырудың құралы ретінде қолдану, яғни компьютер мектептегі басқа пәндерді оқыту құралы болып табылады;
2) компьютерді іс-қимыл міндеттерін шешу құралы ретінде қолдану. Осыған сәйкес оқытуды ақпараттандырудың міндеттері қандай және ол қалай жүзеге аспақ деген сұрақ өзінен-өзі туындайды.
Оқытуды ақпараттандырудың негізгі міндеттері [1] :
1. Ғылымның негіздерін терең меңгеруді қамтамасыз ету және келешектен практикалық іскерлікке дайындау мақсатында барлық жастардың ақпараттық құзыреттілік деңгейін көтеру.
2. Ақпараттық технологияларды мектептегі барлық пәндерде және сыныптан тыс жұмыстарда кеңінен қолдану негізінде білім беру жене тәрбиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру.
3. Халыққа білім беруді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында компьютерлік техниканы кеңінен енгізу. Ел ағарту жүйесін қоғамдағы жалпы ақпараттық жүйеге қосуға мүмкіндік береді.
Білім беруді модернизациялау кезеңінде компьютерлік техниканы оқу-тәрбие үдерісінде қолдану арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын практика дәлелдеп отыр.
Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде қолдану "оқытудың педагогикалық технологиясы", "оқытудың компьютерлік технологиясы", "оқытудың ақпараттық технологиясы" деген ұғымдардың туындауына себеп болды. Сондықтанда біз осы ұғымдарға анықтама беріп кетуді жөн көрдік.
В. П. Беспальконың пікірі бойынша, педагогикалық технология бұрыннан кез-келген оқыту жене тәрбие үдерісінде қолданылып келді, ал оны басқару үшін оқыту мен тәрбиелеудің тиімді технологиясын таңдап алу қазіргі педагогика ғылымы мен мектеп практикасының өзекті мәселесі болып отыр. Педагогикалық технология ұғымын ол практикада жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы ретінде түсінеді. Ал педагогикалық жүйе деп жеке адамды қалыптастыруда ұйымдастырылған, қойылған мақсатқа жетуге бағытталған және педагогикалық ықпал етуге қажетті өзара байланысты құралдардың, әдеттер меи үдерістердің белгілі бір жиынтығын айтады. Қазіргі кезде өте жиі қолданылып жүрген "оқытудың ақпараттық технологиясы" терминіне төмендегіше түсінік беріледі: "Есептеуіш техникасы мен байланыс құралдары базасында ұйымдастырылған ақпараттық қамсыздандыру пайда-ланушыға, ақпараттық технология арқылы жеткізіледі және ол информатика курсының негізгі әдеттері мен құралына айналады". Мұндағы ақпараттық технологияның құралы ретінде компьютьрмен қатар теледидар, космостық байланыс, телефон желісі, интернет және т. б. қарастырылады. Ал енді оқытудың компьютерлік технологиясына түрлі тұрғыда анықтама беріліп жүр [2] .
Соның ішінде біздіңше, И. Мархельдің берген анықтамасы толықтай ашатын тәрізді: оқытудың компьютерлік технологиясы деп ол оқушының өз бетіндік танымдық іс-әрекетін (оқу) дамытуға, оқыту мен оқуын басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналық, тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, программалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады [3] .
Мектептегі білім мазмұнын жаңарту кезеңінде өзекті мәселе - мектептің оқу-тәрбие үдерісінде компьютерлік технологияны кеңінен пайдалана отырып, оқушылардың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып дамыту. Оқу үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану арқылы оқушылардың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерінің дамытудың қолайлығын біз ең алдымен, компьютердің орасан зор мүмкіндіктерімен және оқушылардың мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады.
Б. Ф. Гершунский компьютердің зор мүмкіндіктерін айта келіп, оның басқа техникалық құралдармен салыстырғанда төмендегі басымдылығымен түсіндіреді [1] :
- біріншіден, компьютер оқу материалының берілу түрлерінің мүмкіндігі кеңейтеді; түрлі-түсті бояуды, графикалық, мультипликацияны, дауысты қолдану шындық жағдайды құруға көмектеседі.
- екіншіден, компьютер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын дамытады (компьютермен жұмыс істеу жаңалығы) ;
- үшіншіден, компьютер оқушыларды белсенді түрде оқу үдерісіне итермелейді.
Программалап оқытудан ерекшелігі компьютер тек оқушылардың іс-қимылын бағыттап қана қоймайды, сонымен бірге өзі де олардың көмегімен басқарылады.
Төртіншіден, компьютердің көмегімен оқушылар бұрын игеруге қиындық келтірген аумағы үлкен ақпараттармен жұмыс істей алады.
Бесіншіден, компьютер оқушылардың іс-қимылын бақылауын сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді. Компьютер өзі оқушылардың қатесін түзейді., педагогтың қатынасыз-ақ өзі бағыт беріп отырады. Бұл мұғалімдерді "қара жұмыстан" (тексеру жұмысынан) босатып, олардың тәрбие мәселесіне, оқушылармен істелетін жеке дара жұмыстарға көп көңіл бөлулеріне кемектеседі.
Алтыншыдан, компьютер шектен тыс төзімді репетитор. Оқушылардың, жіберген қатесіне ұрыспайды, оны түзетуіне мүмкіндік береді.
Жетіншіден, компьютердің көмегімен әрбір оқушы жеке жұмыс істеуге мүмкіндік алады, бұл оқу материалын тез меңгере алмайтын, оқушыға жағдай жасайды.
Мектептегі негізгі кезең оқу, осы кезеңдегі оқушы іс-әрекетін ойын арқылы ұйымдастыру қолайлы атмосфера туғызады. Психологтардың, педагогтардың зерттеулерінше, ойын оқушының танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ең тиімді және қолайлы әсер етеді. Себебі осы кезде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасады және елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру және т. б жете дамиды. Сонымен қатар іс-әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне бастайды.
С. Лейтестің айтуынша, ойын әдісін қолдану арқылы оқушыларда ойдың күрделі қасиеттері қалыптасады және даму деңгейлері басқа кезеңге жетуге болмайтын жылдамдықпен дамиды. Психологтардың зерттеулерінше, ойын әдісін қолдану барысында оқушылар логикалық ойлауға, "ойша" әрекеттенуге қабілетті және ойлауға тән әрекеттерді жеңуге, өзбетімен шешімін тауып әрекеттенуге қабілетті, сондай-ақ белсенділікке, шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бейім. Педагогтардың бақылауынша, мектеп оқушыларына өзін көрсете білу қасиеттер тән. Ал оның өзі олардың даралық ерекшеліктерінің көрініп, қабілеттерінің іске асуларына көмектесіп, қуаныш сезімін тудырады [4] . Д. Б. Эльконин, Б. В. Давыдовтың зерттеулерінше, оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің жоғарылығымен және теориялық ойлаудың элементтерін қалыптастыруға болатындығымен сипатталады [5] .
А. В. Скрипченконың пікірінше, ойын әдісін қолдану арқылы оқушыларының жалпылау, дерексіздендіру, талдау сияқты қабілеттерінің дамуында жоғары деңгейге жетуге болады. Бұл ең алдымен, жоғары нерв жүйелерінің 1-сигналды жүйешелерінің басымдылығымен сипатталады және қабылдау, практикалық қимыл іс-әрекетімен байланысты жоғарыда айтылған психологтардың, педагогтардың мектеп кезеңіне қатысты айтқан пікірлерін, тұжырымдарын қорытындылай отырып, мектеп кезеңінің оқушылардың ақыл-ойының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына тиімді екенін дәлелдеп отыр. Біздіңше, оқушылардың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін біз компьютер және соған сәйкес компьютерлік ойындар арқылы тиімді түрде дамыта аламыз. Бұған біріншіден, оқушыларға тән: қызығушылық, өз қабілеттерін көрсете білу, іздену, өз бетімен жұмыс істеу сияқты қабілеттермен түсіндіруге болады; екіншіден, компьютердің (түрлі-түсті бояуымен, графиктік, текстік редакторлардың және мультимедиалық элементтерінің басымдылығымен) мүмкіндіктерімен түсіндіруе аламыз [6] .
Енді оқушылардың ақыл-ойының дамуы дегеніміз не, оның даму керсеткіші қандай және оны қалайша тиімді түрде дамыта аламыз? деген мәселелер тобына тоқталып өтелік. Жалпы ақыл-ойдың дамуы ұғымына берілген түпкілікті анықтама жоқ.
Алайда психология ғылымында оқушылардың ақыл-ойының дамуы деп олардың ақыл-ой іс-әрекетінде сапалық жағынан ілгері жылжуы мен соған байланысты жаңалықтың пайда болуын айту қалыптасқан. Ал осы көрінетін жаңалықты көптеген авторлар әр түрлі сипаттайды. Мәселен, ақыл-ойдың дамуына бір жағынан, ұғымдар мен олардың жүйелері ықпал етсе, ал екінші жағынан, ойлау операцияларын меңгерудің мәні зор деген пікірлер айтылады.
Ақыл-ойдың дамуы - күрделі құбылыс және ол көптеген қасиеттер жиынтығымен сипаттала отырып, көптеген себептерге, мысалы, білім мазмұнына, әдет-тәсілдерге тәуелді болады.
Қазіргі кезде ақыл-ой дамуы мәселелерін зерттеуде анық көрсетілген үш негізгі бағыт бар. Ақыл-ойдың дамуының төмендеп көрсеткіштерге тәуелді болатындығы зерттелуде:
- оқушыларды рациональды әдістер мен ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдеріне үйрете отырып оқыту Е. Н. Кабанова-Меллер, Н. А. Менчинская, Л. Б. Ительсон және т. б. )
- ақыл-ой әрекетін қалыптастыру әдістемесін сұрыптау (А. П. Гальперин, А. П. Леонтьев, Н. Ф. Талызина және т. б. ) ;
- оқушыларда жалпыланған түсінікті жүйелерді қалыптастыруға дағдыландыру (В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин т. б. ) .
Ойлау кез-келген таным үдерісінің негізгі бөлімдеріне: қабылдау, есте сақтау, елестету енеді. Сондай-ақ ол өз алдына жүйе бола отырып танымдылық ынта-ықылас, өздігінен орындау белсенділігінің құрылымындағы жүйелелері ретінде көріне алады. Бұдан туындайтын пікір, ақыл-ой үдерісін дамытуға, басқаруға болады деген сөз. Ақыл-ой әрекетін басқару әсіресе, мектеп оқушылары үшін өте маңызды, себебі ақыл-ой іс-әрекетін мақсатқа бағытталған мазмұнды құрылымының қалыптасуы оқушыларды болашақта оқуға дайындайды.
Л. С. Выготский ойын арқылы оқушылардың қабылдауы мен есте сақтау қабілеттері белгілі дәрежеде даму деңгейінен өткен болса, ал интеллектісінің дамуының, осы мектеп жасында ерекше көрінетіндігін айтады [6] .
Педагогика ғылымының тәжірибелік эксперименттік зерттеулері оқушылардың ақыл-ой ерекетінің дамуы, оларға қойылған талаптардың, тапсырмалардың, анық, дәйекті болып қызықтыра түсуіне байланысты екенін көрсетеді.
Оқушының ақыл-ойының, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы, дамуы көбінесе осы оқу үдерісінде жүзеге асады. Оқытудың дидактикалық лық мақсатының өзі оқушылардың білімдерді өз бетімен қабылдау, оны практика жүзінде қолдана білуді көздейді. Ал оқушылардың өз бетіндік жұмыс істеуін қалыптастыру оларды ақыл-ой іс-әрекетіне жаттықтыруға, оларды тиімді қолдана білуге және ақыл-ой іс-әрекетіне қажетті машық-дағдылармен қаруландыруды талап етеді. Ақыл-ойды дамыту меселесіне қатысты теориялық материалдарды талдау негізінде біз ақыл-ой дамуына білімдер жүйесін енгізу мәселесінің талас туғызып отырғандығын және соған сәйкес екі түрлі қалыптасқан көзқарас бар екендігін көре аламыз:
1) бірінші бағыттың өкілдері білімдер жүйесін (Крутецский В. А., Кабанова-Меллер Е. Н., Менчинская Н. А., Богоявленская Д. Б. ) білімдер жүйесін ақыл-ойдың даму шарттарына жатқызады;
2) екінші бағыттық өкілдері оны (Калмыкова 3. И., Люблинская А. А. ) ақыл-ойдың дамуының маңызды компоненті ретінде қарастырады. Бұл айтылған екі көзқарастың біреуін құптау даулы мәселе. Алайда біздің ойымызша, оқушылардың ақыл-ойының дамуының белгілі дәрежеде жинақталмаған білімдер жүйесін дидактикалық ойындарсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Сонымен бірге ойлау операцияларының: талдау, жинақтау, жалпылау, дерексіздендіру, нақтылау т. б. орны ерекше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz