СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Прманова Сандуғаш Ілесқызы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жеті қазына» композициясын гобелен тоқу техникасында орындау жолдары
5В041700 - Сәндік өнер мамандығы бойынша
Түркістан-2016
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Өнер факультеті
«Қорғауға жіберілді»
«Бейнелеу өнері» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а.
Е. Ауелбеков
«» 2016 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жеті қазына» композициясын гобелен тоқу техникасында орындау жолдары
5В041700 - Сәндік өнер мамандығы бойынша
Орындаған:
ӨКМ-211 тобының студенті Прманова С. І.
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. к., доцент м. а. Жолдасова Б. Б.
Түркістан-2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері және олардың дамуы . . . 6
1. 2 Сәндік-қолданбалы өнер ішіндегі гобелен тоқу өнері және оның жасалу ерекшеліктері . . . 15
2 ГОБЕЛЕН ТОҚУ ӨНЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Тоқымалық сәндік қолөнер бұйымдарын жасау түрлері мен технологиялары . . . 33
2. 2 «Жеті қазына» композициясын гобелен тоқу техникасында орындау әдістері . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60
ҚОСЫМШАЛАР . . . 62
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы өнер болып табылады. Сонымен бірге, өнер өмірде болған оқиғаларды түрлендіріп, көркем образдарды жасайтын эстетикалық күрделі құбылыс деп танылады. Ал адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де болып табылады. Бұл жерде, өнердің мақсаты қоршаған ортаны, дүниені, адам өмірін көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру болып саналады. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Болашақ ұрпақты өнерге оқытудың, сәндік-қолөнерге баулудың қазіргі технологияларын шығармашылыққа оқыту, үйрету үдерісіне қолдану, оған қызығушылық таныту, ынта қою, оның мақсатын, мазмұнын, болашағын түсініп, іс жүзінде асыра білу белгілі бір мақсатты, жүйелі дайындықтың нәтижесі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық, білім мекемелердегі тәрбие беруді жандандыру міндеттері нақты қойылды[1] .
Білім беру және ғылым саласында елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі кезеңде жас ұрпақтың жеке басын дамыту, білім мен тәрбие беру мазмұнын жаңарту, болашақ ұрпақ тәрбиесін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып келе жатқан игілікті іс-шаралар келер ұрпаққа қазақ халқының ұлттық мәдениетінің баға жетпес құнды дүниелерін мұра етіп қалдыруды көздеп, адамзат қоғамын жаңа әлемдегі оң өзгерістерге жетелейді.
Тәуелсіз елімізде қазіргі кезеңде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Елбасымыздың Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отырғандығы туралы нұсқаулары осыларға дәлел бола алады [2] .
Адамдар өздерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрлерінде қолданылатын көркем дүниелерді бейнелеу тілімен әрлеп, безендіріп, көрікті етіп пайдалана білген. Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқының өзгеруіне, оның сымбаты, келбетінің жақсаруына әсер етіп келеді. Қазіргі сәндік өнер бұйымдарында ұлттық ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдануды заман талабынан туындап отырған мәселелердің бірі деп анықтауымызға болады. Сол талаптардың ішінде қазақтың тарихи даму кезеңдерінде пайда болған сәндік-қолданбалы өнерді қолданудың жолдарын қарастыру талабы негізгі болып саналады. Бұл талаптар жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, сапалы да, сәнді туындылар жасайтын келекшек сәндік өнер мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін сапалы қалыптастыруға және оларды арттыруға бағытталады. Бұл тарихи кезеңдердегі туындыларды танып білу және оны шығармашылықпен қолдану қажеттілігінен туындап отыр.
Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің тарихын, оның ерекшеліктерін Ә. Марғұлан [3], А. Ақышев [4], Т. К. Басенов [5], С. Қасиманов [6], Х. Арғынбаев [7], М. С. Мұқанов [8], Ә. Тәжімұратов [9], Ө. Жәнібеков [10], Қ. Амирғазин [11] т. б. ашып көрсетті.
Қазіргі кезде сәндік-қолөнер бұйымдарын жасау, орындау технологиялары жақсарып, заман талаптарына қарай икемделіп отыр. Қазіргі шеберлер бұйым жасауда өте көп қолөнер материалдарын, атап айтқанда, киіз, тері, тас, ағаш, темір, сүйек, т. б. пайдаланады. Бұл материалдарды көркемдеп өңдеуде, оған әсерлі бейнелер жасауда алуан түрлі техникалық және түрлі көркемдік тәсілдер қолданылып келеді. Олар қажетті қолдану деңгейінен бөлек саналуан көрмелерге қатысуға мүмкіндіктер беретін қолөнер бұйымдарын жасауға септігін тигізіп отыр. Жүннен және жіптердер тоқылып жасалатын сәндік қолөнер бұйымдары ежелден қазақ қолданбалы сәндік өнерінде маңызды орын алған. Солардың ішінде кілем тоқу, алашалар мен басқұрлар, баулар тоқу өнері кең етек алған. Кілем тоқудың қазіргі кезеңдегі ауқымды таралған түрі гобелен тоқу болып табылады. Гобелен қазақтың түкті және тықыр кілеміне ұқсас келеді. Кілем әрі жайсаң төсеніш, әрі ілсең үйдің сәнін келтіретін сәндік бұйым болып табылады. Кілемнің құндылығы оған салынған еңбек пен идеяның көптігімен есептеледі. Ол үйдің жылылығын сақтауға және дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланатын түрлі-түсті, ою-өрнек салып тоқылған бұйым ретінде өте кең пайдаланылған. Шығыс елдерінде кілемді қолданбайтын елдер жоқ десек те болады. Кілем халық өмірінің шежіресін көрсететін құнды да, әсем қолөнер, сән бұйымы болып табылады. Кілем бетінде халықтың тұрмысы, қуанышы мен мұңы, көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігі сұлу бейнеленіп отырған.
Гобелен тоқу мәнерінде терме алаша түкті кілемге ұқсағанмен жалпы ою-өрнектер сирек қолданылады. Гобеленнің негізгі тақырыптары көпшілігі адамдар, хайуанаттар, табиғат көріністері, дала, құрылыс, білім, мәдениет, спорт жайында суреттер жиі кездеседі. Гобеленде геометриялық шығармалар, геральдикалық белгілер, өсімдіктер бейнелері суреттеледі. Ұлттық нақышта гобелен жасау өнерінің қоғамда кең етек алуы мен оның технологиялық ерекшеліктерінің өсе түсуі, бұл өнер түріне жас ұрпақты үйрету қажеттілігінің арта түсуі біздің зерттеу мәселемізді айқындап тақырыпты «Жеті қазына» композициясын гобелен тоқу техникасында орындау жолдары» деп алуымызға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: ата-бабаларымыздан мұра болып қалған сәндік-қолданбалы өнерін талқылап, ұлттық нақышта гобелен тоқу өнерінің жаңа заман талабына сай орындалу жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері :
- ұлттық сәндік қолөнерінің даму жолдарын зерделеу;
- тоқымалық сәндік қолөнер бұйымдарының түрлері мен ерекшеліктерін қарастыру;
- заманауи ұлттық гобелен тоқу жолдарын сипаттау;
- «Жеті қазына» қомпозициясын гобелен техникасында орындау жолдарын көрсету.
Зерттеу нысаны : Сәндік-қолданбалы өнер ішіндегі гобелен тоқу үдерісі.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық мұражайларындағы қазақ қолөнер мұраларына, бейнелеу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік инновациялық құралдарға теориялық сараптау жасау, өндірістік іс-тәжірибе нәтижесіне талдаулар жасау, сауалнама.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері және олардың дамуы
Халықтың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының құндылығы өте ерте замандардан бастау алады. Қазақстан жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезіндегі табылған ерте дәуірлерде адамдар қолданған тұрмыстық заттар мен бұйымдардың бойында ең бірінші сәндік-қолданбалы өнердің белгілері жатыр. Неолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың күнделікті өмірде қолданған еңбек құралдарында кездесетін қолданбалы өнердің түрлері көптеп кездеседі. Осындай табылған дүниелерге қарап, ғалымдар сол дәуірде өмір кешкен адамдардың, халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайлары туралы көптеген деректер береді.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы, осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Атап айтқанда: білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде; ақпараттық дәстүрлі әдістер-ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде; баланың және жасөспірімнің жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістерді тарихи обьективті үдеріс ретінде тануымыз керек. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат - білім беру жүйесін қайта қарап, жас ұрпақтың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда білім сапасын бұрыңғыдай білім білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы алған білімін, жеке басын әрі қарай дамытуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалы болуымен тұжырымдалады. Еліміздегі білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын, әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылатындығы көрсетілген [12] .
Жас ұрпақты қазақтың сәндік қолданбалы өнеріне баулуда инновациялық технологияларды қолданудың әдістемелік мәселелері туралы тұжырымдар жасауға педагог ғалымдардың ой пікірлері мен қорытындылары негіз болады. Атап айтқанда, Ж. Балкеновтың «Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең:» ғылыми әдістемелік монографиясында атты еңбегінде ою өрнек шығармашылығының тәрбиелік іс шараларды ұйымдастырудағы орны мен мүмкіндіктері айқындалған[13] . К. Ж. Амиргазиннің зерттеулерінде мектеп үйірмесінде теріні көркем өңдеу әдіс тәсілдерін айқындауға арналған[14] .
Е. С. Асылхановтың еңбектерінде жоғары оқу орындары мен мектепте сәндік қолданбалы өнерін оқып үйрену мәселелері қарастырылған [15] .
Ұ. Әбдіғапбарованың еңбектерінде оқушыларды тәрбиелеуде қазақтың ою-өрнек өнерін пайдалану мәселелері зерттелінген [16] .
А. О. Камаковтың еңбектерінде сәндік өнер арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырылған. [17]
Қ. Е. Ералиннің «Қазақстан бейелеу өнерін болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлау жүйесінде қолданудың кәсіби педагогикалық проблемалары» атты еңбегінде болашақ мұғалімдерді ұлттық өнер арқылы педагогикалық қызметке даярлау мәселелері айқындалады. [18]
С. Жолдасбекованың зерттеулерінде сәндік қол өнер арқылы бастауыш сынып оқушыларларының қызығушылығын қалыптастыру мәселелері айқындалған [19] . Б. Алмухамбетовтың «Ұлттық бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру» атты зерттеуінде қазақ бейнелеу өнері шығармалары арқылы оқушыларға әсемдік тәрбиесін берудің мұмкіндіктері ашып көрсетілген[20] .
Б. Е. Оспановтың еңбектерінде көркемсурет факультетінің бастауыш курс студенттерінің композициялық сауаттылығын академиялық сурет сабақтарында арттыру мәселелері қарастырылған [21] .
Г. А. Поровскаяның еңбектерінде халықтық сәндік қолданбалы өнерінің педагогикалық институттарда бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүйесінде қолдану мәселелері қарастырылған. Бірақ әлі осы кезге дейін инновациялық технологияларды сәндік сурет салу сабақтарында қолдану жеке дара зерттеу нысаны болған емес [22] .
Л. В. Ершованың зерттеулерінде бастауыш сынып мұғалімдерін сәндік қолдабалы өнер арқылы тәрбие жұмысына даярлаудың теориялық және әдістемелік мәселелері айқындалған [23] .
Сәндік өнер сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың педагогикалық қырларын дұрыс шешу үшін бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастырудың әдістемелік проблемаларын зерттеген ғалымдар В. С. Кузин [24], Н. Н. Ростовцев [25], Е. В. Шорохов [26] еңбектері негізге алынады.
Сәндік-қолданбалы өнер туралы Қазақтар мен басқа ұлттардың сәндік-қолданбалы өнер туралы түсініктеріндегі өзара айырмашылықты ажырата білген дұрыс. Сөздіктерде «сәндік-қолданбалы өнер» туралы ұғымның терминологиялық екі маңызы көрсетіледі.
1) Халықтық өнер еңбекшіл халықтың көркем шығармашылық қызметін білдіреді.
2) Сәндік-қолданбалы өнер өзіндік ерекше ой түйіні. Мұнда өнер туындысының сапалық ерекшелігі, композициялық құрылымы мен колориттік шешімі, форманың әдемілігі қарастырылады. Сонымен қатар ол адамдардың күнделікті тұрмыста қажетті жұмыстарды жасау керекті құралдар мен жабдықтар түрінде де анықталады [27] .
Сәндік-қолданбалы өнер адамдардың рухани байлығы болуымен қатар, материалдық өндіріске де өз ықпалын тигізді. Оған көркем өнер ошақтарындағы мәдени еңбек дағдылары және түрлі материалдарды көркем өңдеу (жүн, киіз, маталар мен тері, түбіт, ағаш, металл, сүйектер және түрлі аңдардың мүйіздері, тістері мен тұяқтары т. б. ) кіреді. Көркем бұйымдарды жасаушы тәжірибелі шеберлер халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде өзіндік талғампаздық қасиеттерінің оянуына зор ықпал етеді.
Сәндік-қолданбалы өнердің бай мұраларындағы сомдалған түрлі образдар мен формалар және декорларындағы әсем дүниелер халықтың мәдени эстетикалық идеалдарын жетілдіре түсті.
З. Айдарова бейнелеу өнеріне оқытудың дидактикалық материалдарында: «Сәндік қолданбалы өнердің ерекшелігі сонша, оның мазмұн-мәні, сәндеу мақсаты мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланыста болып, жасалынған зат немесе бұйымның атымен, материал ерекшеліктерімен және олардың дайындалу техникасымен астасып жатады» - деп көрсеткен [28] . Кез-келген халықтың шығармашылық өмірінде материалдық және рухани өндірістер біте қайнасқан және олар ешқашан бөлінбеген. Сондықтан да адамдар жасаған барлық еңбек - шығармашылық тұрғысындағы еңбек болып табылады. Сәндік-қолданбалы өнер бастауының тамыры өткен ғасырлардың тереңінде жатыр. Ежелгі дәуірден бастап-ақ адамдар өздерінің тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, эстетикалық талғампаздыққа да баса назар аударған. Демек, сәндік-қолданбалы өнерде халық өзінің эстетикалық талғамындағы (әдемілік пен тиімділігі) образдық ойлауына, бұйымдарды жасаудың техникалық функцияларына көңіл бөлгендігі анық. Осы жасалған сәндік-қолданбалы өнердегі бұйымдарға қарап, көрермендер сол халықтың өміріндегі еңбегін бағалап, салт-дәстүрлеріндегі мәдени дамуын пайымдай алады.
Жас ұрпақты сәндік қолөнерге баулуда инновациялық технологияларды қолдану мазмұнын анықтауда Т. К. Басенов[29], С. Жолдасбекова[30], А. И. Тереженин[31], В. Н. Чепелов[32], В. Мошкова[33], еңбектері негізге алынды.
Сонымен қатар сәндік өнерге байланысты Ә. Марғұлан [34], К. Ақышев [35], Х. Арғынбаев [36], Ә. Тәжімұратов[37], С. Қасиманов [38], Ө. Жәнібеков [39], М. Мұханов [40], Б. Байжігітов[41], Г. Абдірахманова [42], Қ. Ыбыраева [43] сынды өнертанушылар, тарихшылар мен этномәдениет зерттеушілері еңбектері тірек етіп алынды.
Қазақ халқы қашан да табиғатпен үйлесімділікте, жарасымдылықта күн кешкен. Қазақтың «жандыда жайын үлкен, жансызда қамыс үлкен» деген аталы сөзінің төркіні де жаратылыстағы табиғи үйлесімділікті мадақтау мен қастерлеуден туған. Расында, көшпенді қазақ бүкіл ғұмырын табиғатпен етене байланыста өткізген. Соның ішінде ағашты адамзат баласының бөлінбес жан серігі деп түсінген.
Зерттеу мәселеміз сәндік қолөнердің мазмұнына кіретін мәселелерді ашып көрсетуді қажет етеді. Қазақ сәндік өнер мәдениеті мазмұнын ашып көрсетуге Б. Каракөзова[44], К. Нұрланова[45], Б. Қазыханова[46], М. Өмірбекова[47], С. Асанова[48], Қ. Мұқанов[49], Д. Шоқпаров[50] т. б. зерттеушілер еңбектері негіз болды.
Халық өнеріндегі ең ежелгі элементтердің бірі-бұл ою-өрнек. Осы ою-өрнекті халық өздерінің тұрмыс-тіршілігінде өте көп қолданған. Осы ою-өрнектердің ырғақтары жасалған бұйымның негізгі құрылымы болып табылады. Бұл, әрине, сәндік-қолданбалы өнерде өздігінен пайда болған емес, өйткені ою-өрнекті орындау үшін, сол кездегі адамдардың бейнелеу өнерінен хабардар болғаны анық.
Халық жасаған әрбір бұйым шығармашылық тұрғыдан орындалған. Сәндік-қолданбалы өнердегі әдемілік пен сұлулық осы жасалған бұйым мен заттың безендірілуімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан адамдар өздерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрлерінде қолданылатын көркем дүниелерді бейнелеу тілімен әрлеп, безендіріп, көрікті етіп пайдалана білген. Сәндік-қолданбалы өнерде көркемдік стильдердің ауысуы деген болған емес. Ол өнердің эволюциялық даму жолындағы ескі мотивтегі стилизациялар жаңара түсіп, олардың көркемдік жағына қойылатын талаптар күшейе түсті.
Сәндік-қолданбалы өнер ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Оның тәжірибелері халық шеберлерінің шығармашылық жұмыстары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келді. Сәндік-қолданбалы өнердің ұзақ жылғы дамуында кейбір салттар мен дәстүрлерде, халықтың дүниетанымында шамалы ғана өзгерістер болды.
Қазақ қолөнері - қолданбалы-безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған бұл өнер дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан - қару-жарақ, құрал-сайман, үй жиhазы, т. б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстететикалық талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған. Қарағанды облысында Беғазы бейітінен табылған қыш сауыттар (б. з. д. 10-8 ғ. ), атақты Қарғалы алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б. з. д. 2 ғ. -б. з. 2 ғ. ), т. б. көне дүниелер - шебер мүсінделген өнер туындылары. Ағаш ұсталары сан алуан сүйектен ою-өрнек салынған үй жиhазын, ыдыс-аяқ әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс геом. өрнек түрлерін пайдаланған. Айша-Бибі, Ахмет Иасауи кесенелерінен, Бабажы қатын күмбезінен қазақ халқының атадан балаға мұра боп келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратуға болады. Ер адамдардың жорыққа, аңшылыққа, әйелдердің салтанатқа киетін киімдері аң-құстың бейнелері өрнектелген (күміс, алтын, металл құймалар) оюлармен безендірілген. Әшекейлер салу, кесте тігу, қалың мата (барқыт, шұға) жапсыру арқылы да жасалады. Алматы обл-ның Есік обасынан табылған (б. з. д. 6 - 5 ғ. ) сақ жауынгері киімі (Алтын адам) алтын қаптырмалармен және хайуандардың құйма бейнесімен безендірілді. Қазақ қолөнері өзінің ғасырлар бойғы мұраларын жан-жақты игеріп, көршілес халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып, үздіксіз дамытылып отырды. Сауда-саттықтың дамуына, қалалардың өркендеуіне, қала мен ауылдың айырмашылығының азаюына байланысты қолөнердің кейбір дәстүрлі түрлері (теріні, сүйекті, ағашты, кейбір металдың түрлерін көркем өңдеу) қолданудан шығып қалды. Алайда матадан, киізден жасалған тұс кілемдер, басқұрлар, тұскиіздер, т. б. киіз үйдің сәндік жасаулары бұрынғыша дами берді. XX ғ. басында ұлттық қолөнерге деген сұраныстың артуы оның дамуына зор ықпал етті. Бұл өнер түрінен талантты ісмерлер Л. Қ. Қожықова, З. Ахметжанова, Г. Зәуірбекова, К. Ыстыбаева, Н. Тайманова, М. Есілбаева, т. б. жасаған бұйымдар ерекше көзге түседі. Сүлгі, перде, төсек жапқыштарды кестелеуде қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерімен бірге сюжетті суреттерді пайдалану қатар қолданылды. Сондай-ақ, ою өнерінің дәстүрлі түрі де (Л. Қожықова, Ж. Арыстанова, А. Бәсенова, М. Керейбаев, К. Қодаров, Р. Сәрсенбин, Ғ. Иляев, т. б. ) одан әрі жетілдірілді. Тоқыма, киіз басу істерімен қатар бірқатар облыстарда (Алматы, Көкшетау, Шымкент, т. б. ) зергерлік бұйымдар жасау кеңінен дами бастады. 1970-жылдары қолөнер саласының кәсіби деңгейі артты. 1973 жылы Алматы көркемсурет учулищесінен қолөнер бөлімі ашылды, 1978 жылы Алматы театр-көркемсурет институтынан сән және қолданбалы өнер кафедрасы құрылды. Кәсіптік қолданбалы өнер саласында ұлттық дәстүр мен соңғы техехникалық және стильдік жаңалықтар бірдей тоғысатын гобелен жетекші рөл атқарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz