Текстік режимде жұмыс


ЖОСПАР

Текстік режимде жұмыс

1. CRT модулінің процедуралары мен функциялары

2. TEXTBACKGROUND және TEXTCOLOR процедураларымен орнатуға болатын түс кодтарының шкаласы

Пайдаланылған әдебиеттер

Текстік режимде жұмыс

Экранда символдардың шығуы мен түзілуі монитордың видеоадаптерінің жұмысына байланысты болады. Компьютерде орнатылған видеоадаптердің көмегімен символдарды текстік немесе графиктік режимде шығаруға болады.

Көптеген бағдарламаларда текстік мәліметтерді Read, Readln, Write, Writeln процедураларының көмегімен енгізу-шығару бағдарламаның көрнекі және ыңғайлы болып шығуына жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан Turbo Pascal-да текстік режимде жұмыс істеу үшін қолданылатын арнаулы функциялар мен процедуралар қарастырылған. Олар арнаулы CRT (Cathode Ray Tube display - электронды - сәулелі дисплей) кітапханалық модулі құрамында жазылған. Оларды текстік режимде жұмыс істеуге пайдалану үшін бағдарламаның басында CRT модулін USES қызметші сөзінде жазып кету керек. Сонда ғана бағдарламалауда CRT модулінің барлық процедуралары мен функцияларын пайдалануға болады.

Текстік режим кодтық кестенің барлық символдарын экранға шығару үшін қолданылады. Текстік режимнің ең кішкене өлшем бірлігі символ болып табылады. Символдар бірнеше пиксельдерден (нүкте) құралады. Экранда символдар мен терезелердің әртүрлі шығу режимдерін компьютерде орнатылған адаптерлердің типтері анықтайды. Қазіргі шығып жатқан видеоадаптерлердің барлығы да текстік режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

1. CRT модулінің процедуралары мен функциялары

Текстік режимді орнату үшін TEXTMODE процедурасы қолданылады. Бағдарламалау барысында соңғы орнатылған режим нөмірін LASTMODE функциясымен білуге болады, мысалы:

TEXTMODE(X) ; //X - режим нөмірі

WRITE(LASTMODE) ; //экранға режим нөмірін шығару

(Текстік режим нөмірлері мәндері монитор мен адаптерлер типтеріне байланысты қойылады (мысалы Х-ке 0, 1, 2, 3, 7 немесе Bw40, Co40, Bw80, Co80, Mono, Font8x8 тұрақтыларын беруге болады)

Экрандағы көріністі өшіріп тазалау үшін CLRSCR процедурасы қолданылады. Бұл процедура экранды немесе ағымдағы терезені тазалап, курсорды экранның сол жақ жоғарғы жағына апарып қояды.

Курсор тұрған жерден бастап қатардың аяғына дейінгі символдарды өшіру үшін CLREОL процедурасы қолданылады.

DELLINE процедурасы курсор тұрған қатардың барлығын өшіреді, нәтижесінде төменгі қатарлар жоғары бір позицияға жылжиды

INSLINE процедурасы курсор тұрған жерге бір бос қатар қояды, нәтижесінде кейінгі қатарлар бір позиция төмен жылжиды

Экранда курсорды керекті жерге апарып қою үшін GOTOXY процедурасы қолданылады. Бұл процедура курсорды координаттары өзінде көрсетілген X және Ү мәндері болатын орынға апарып қояды. Координаттарға тек бүтін сандар ғана беруге болады. Текстік режимде координаттардың басы ретінде экранның сол жақ жоғарғы бұрышын Х=1 және Ү=1 деп алады. Х-тің мәндері солдан оңға қарай, Ү-тің мәндері жоғарыдан төмен қарай өседі. X және Ү ең үлкен мәндері монитордың адаптерінің жұмыс режиміне байланысты болады. Мысалы 80x25/CGA, EGA, CO80 адаптерлері үшін текстік режимде Хmах=80; Үmах=25.

GOTOXY( 10, 15) ;

//курсорды Х=10, Ү= 15 позициясына апарып қояды.

Курсордың тұрған жерін анықтау үшін WHERE функциясы қолданылады, жазылуы:

Write(WHEREX, WHERY) ;

//экранға курсор тұрған жердің координаттарының мәндері шығады

Сондай-ақ текстік режимде пернетақтаның жұмысын басқаратын KEYPRESSED және READKEY логикалық функциялары қолданылады.

KEYPRESSED - Егер клавиатураның кез-келген клавишы басылса, онда функцияның мәні "ақиқат" болады мысалы төмендегі фрагментте цикл пернетақтадан кез-келген перне басылғанша орындалады:

USES Crt;

Begin Clrscr;

Repeat

Writeln('TEXT-) ;

Until Key pressed; END.

READKEY - Егер Пернетақтадан берілген символ клавишы басылса, онда функцияның мәні "ақиқат" болады мысалы төмендегі фрагментте цикл Пернетақтадан "д" символынан басқа символдар басылса қайталанып орындала береді, ал "д" символы басылған заматта тоқтайды:

USES Crt;

VARN:Char;

Begin Clrscr; N:='g';

Repeat

Writeln('TEXT') ;

Until N=Readkey; END.

TEXTBACKGROUND процедурасының көмегімен текстің, экранның немесе ағымдағы терезенің түстерін орнатуға болады, жазылуы:

TEXTBACKGROUND(M) ;

//экранды М нөмерлі түспен шығарады М - 0(қара) -ден 7(ақ сұр) -гедейін өзгереді.

TEXTCOLOR процедурасының көмегімен символдардың экранға шығатын түсі орнатылады, бағдарламада жазылуы:

TEXTCOLOR(M) ;

//тексті М нөмірлі түспен шығарады, М - 0(қара) -ден 15(ақ) -ке дейін өзгереді.

TEXTBACKGROUND және TEXTCOLOR

процедураларымен орнатуға болатын түс кодтарының

шкаласы

0 - Қара

1 - Көк

2 - Жасыл

3 - Көгілдір

4 - Қызыл

5 - Күлгін

6 - Қоңыр

7 - Ақсұр

8 - Қapacұp

9 - Ашық көк

10 - Ашық жасыл

11- Ашық көгілдір

12 - Ашық қызыл

13- Ашық күлгін

14 - Сары

15 - Ақ

128 - Символдарды жыпылықтату

LOWVIDEO процедурасы экранға символдардың жарығын азайтып шығару режимін орнату үшін қолданылады, жазылуы:

LOWVIDEO;

Writeln('TEXT') ;

//ТЕХТсөзі экранға ең төменгі жарық режимінде шығады

NORMVIDEO процедурасы символдардың қалыпты жағдайдағы жарық режимінде шығу режимін орнату үшін қолданылады, жазылуы:

NORMVIDEO;

Writeln('TEXT') ;

//TEXT сөзі экранға қалыпты жағдайдағы жарық режимінде шығады

HIGHVIDEO процедурасы экранға символдардың жарығын көбейтіп шығару режимін орнату үшін қолданылады, жазылуы:

HIGHVIDEO;

Writeln('TEXT') ;

//ТЕХТ сөзі экранға ең жоғарғы жарық режимінде шығады

Текстік режимде кей жағдайларда бүкіл экран қажет болмай, бір кішкене терезе шығарып алып, тек қана сол терезе аумағында жұмыс істеуге болады. Ол үшін экранға терезе шығаратын WINDOW процедурасы қолданылады. Бұл процедура орындалу нәтижесінде экранға өзінде берілген координаталар бойынша терезе шығарады, жазылу түрі:

WINDOW(X1, Ү1, Х2, Ү2) ;

Процедура орындалу нәтижесінде экранға диагоналының сол жақ жоғарғы төбесінің координаттары Х1, Ү1 болатын, ал оң жақ төменгі төбесінің координаттары Х2, Ү2 болатын тік төртбұрыш шығарады, мысалы:

USES Crt;

VARXString;

BEGIN Textbackground(6) ;

WINDOW(5, 8, 25, 21) ; Clrscr; Readln(X) ; END.

WINDOW процедурасы орындалысымен орнатылған терезе тазаланып, ол бүкіл экран секілді қарастырылып, курсор терезенің сол жақ жоғарғы позициясына барып орналасады. Әрі қарай енгізілген символдар оңға қарай шығарылады. Терезенің оң жақ шекарасына жеткеннен кейін курсор келесі қатарға өтеді. Ал курсор соңғы қатардың оң жақ шекарасына жеткенде текст мазмұны жоғарыға қарай бір орынға жылжиды да, курсор сол қатардың басына барып орналасады (текст айналып тұрады) . Кей жағдайларда бұл процедураның параметрлерінің мәндері ретінде төмендегі стандартты функцияларды қолдануға болады:

X:=Lo(WindMin) + 1;

X терезенің сол жақ ең жоғарғы нүктесіндегі мәнін меншіктейді.

Y:=Hi(WindMin) + 1;

Ү терезенің сол жақ ең жоғарғы нүктесіндегі мәнін меншіктейді.

X:=Lo(WindMin) + 1;

X терезенің оң жақ ең төменгі нүктесіндегі мәнін меншіктейді.

Y:=Lo(WindMax) +1;

Ү терезенің оң жақ ең төменгі нүктесіндегі мәнін меншіктейді.

Мысалы төмендегі процедураның орындалу нәтижесінде екінші шығатын терезе параметрлері Х1=15, Ү1=2, Х2=30, Ү2=12 мәндерін қабылдайды.

USES Crt;

VARXString;

BEGIN Clrscr; Textbackground(2) ;

WINDOW(15, 2, 60, 24) ;

Clrscr; Textbackground(5) ;

Wlndow(Lo(WindMin) +1, Hi(WindMin) +1,

(Lo(WindMax) +1) Div 2, (Hi(WindMax) +1) Div 2) ;

Clrscr;

Readln(X) ; END.

CRT модулінің құрамына дыбыс шығару үшін қолданылатын келесі процедуралар кіреді:

Белгілі бір жиілікпен дыбыс шығару үшін SOUND процедурасы қолданылады, жазылуы:

SOUND(X) ;

мұндағы: X - жиілікті анықтайтын бүтін шама.

Нота дыбыстарының жиіліктері

Октавалар :
Үлкен
Кіші
Бірінші
Екінші
Октавалар :: До
Үлкен: 131
Кіші: 262
Бірінші: 523
Екінші: 1047
Октавалар :: Ре
Үлкен: 147
Кіші: 294
Бірінші: 587
Екінші: 1174
Октавалар :: Ми
Үлкен: 165
Кіші: 330
Бірінші: 659
Екінші: 1318
Октавалар :: Фа
Үлкен: 175
Кіші: 349
Бірінші: 698
Екінші: 1396
Октавалар :: Соль
Үлкен: 196
Кіші: 392
Бірінші: 785
Екінші: 1568
Октавалар :: Ля
Үлкен: 220
Кіші: 440
Бірінші: 880
Екінші: 1760
Октавалар :: Си
Үлкен: 247
Кіші: 449
Бірінші: 988
Екінші: 1975
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal-дағы жолдық қатарлар
ТУРБО ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ ТҮСІНІКТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
Турбо Паскальда графикалық процесстерді қолдану
Компьютерлік графиканың даму тарихы
Турбо-паскальдағы графикамен жұмыс
Паскаль тілінің түсініктері
Ғылыми графика
Паскаль тілі - графиктік режимде жұмыс
Құрылымдық диаграмма бағдарламасы
Турбо Паскаль программасында есептер шығаруды үйрену, графикалық режимді нақты таладау және түсіну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz