КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты
Шығармашылық мамандықтар факультеті
Кәсіптік оқыту және дизайн кафедрасы
Дипломдық жұмысқа түсініктеме хат
Тақырыбы: “Қазіргі заманға сай теріден бұйым жасау технологиясы және оқыту әдістемесі ”
Сәндік қолданбалы өнер
Жұмыс мөлшері, өлшемі, құрылымы:
Графикалық бөлім:парақ
Түсініктеме хат:бет
Жұмыстың иесі:
Кеңесшілер:
Жетекшісі:
Рецензия беруші:
Жұмыс жетекшісі Қосбол С. М.
(қолы)
Дипломдық жұмыс қорғауға жіберілді.
Протокол № «» 2012
Кафедра меңгерушісі: А. Е. Жаскиленова.
(қолы)
Т А Р А З - 2 0 1 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ФАКУЛЬТЕТ
МАМАНДЫҚ
КАФЕДРА
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАЛУ ТАПСЫРМАСЫ
Білімгер
Жұмыс /проект/ тақырыбы
ЖОО бұйрығымен бекітілген № ___ «» 20 __ж.
Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі «» 20 __ ж.
Жұмыс /проект/ қажетті белгілер
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі немесе олардың қысқаша мазмұны:
Графикалық материалдар тізімі:
Ұсынылған негізгі әдебиеттер:
Жұмыс консультанттары:
Тапсырма берілген мерзім «» 20__ ж.
Кафедра меңгерушісі: А. Е. Жаскиленова.
Жұмыс жетекшісі: Қосбол С. М.
Тапсырма орындауға қабылданды
Білімгер М. Кемежанова
Күні «» 20__ ж.
Хаттама №
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны
1. 2 Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары
1. 3 Кәсіптік оқыту әдістері
2 ЖОБАЛАУ ОБЬЕКТІСІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ
2. 1 Шығармашылық негіздерін талдау
2. 2 Жобалау обьектісіне қойылатын талаптар
2. 3 Обьект моделі модивикацияларын құру
2. 4 Материалдарды негіздеу және таңдау
2. 4. 1 Материалдардың мінездемесі
2. 4. 2 Конфекциялық карта
3 ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІН ЖӘНЕ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ТАҢДАУ
3. 1 Өңдеу режимдері
3. 2 Қондырғы таңдау және сипаттамасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
АННОТАЦИЯ
Жұмыс тақырыбы "Қазіргі заманға сай теріден бұйым жасау технологиясы және оқыту әдістемесі" Дипломдық жұмыс сәндік қолданбалы өнер жанры бойынша орындалған. Дипломдық жұмыс негізгі "Тәуелсіздік толғауы" атты қолөнер туындысынан және теориялық түсініктемеден тұрады. Теориялық түсініктемеде сәндік қолданбалы өнер жанры арқылы оқушыларды еңбекке, көркем эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу жолдары, қолданылған әдістемелер және сәндік қолданбалы өнер туындыларының орындалу ерекшеліктері тұжырымдалып қарастырылған.
Түсініктеме хат кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
АННОТАЦИЯ
Тема дипломной работы "Технология изготовления современного изделия из кожи и методика обучения" Данная работа выполнена в жанре ДПИ. Дипломная работа состоит из произведения приладного искусства "Тәуелсіздік толғауы" и теоретической пояснительной записки. В теоретической части рассмотрены пути художественно-эстетического и трудового воспитания школьников посредством жанра ДПИ, а также показаны примененные методы и особенности выполнения произведений ДПИ.
Пояснительная записка состоит из введения, трех разделов, заключения, списка использованнной литературы.
ANNOTATION
The Subject of the degree work "Technology of producing modern leather and methods of teaching". Given work is executed in genre DPI. Degree work consists of making the aplied arts "Тәуелсіздік толғауы" and theoretical explanatory note. In theoretical part are considered way artistic-aesthetic and labor education schoolboy by means of genre DPI, as well as are shown aplying methods and particularities of the performing the product DPI.
The Explanatory note consists of introduction, three sections, conclusions, list of the used literature.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 07 желтоқсан 2010 жылғы
№ 1118 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес бастауыш кәсіптік білім мен орта кәсіптік білім берудің бір бөлігі техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша шоғырландырылып, орта білім жүйесіне көшіріліп, еңбек нарығы сұранып отырған жаңа технологиялық талаптар негізінде жоғары салалы мамандар даярлай бастайды.
Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайлар білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойып отыр.
Сондықтан нарықтық экономика жағдайында оқушыларды кәсіби
еңбекке үйретіп, ұлтымыздың бұрыннан мұра болып келе жатқан қол өнерін меңгертуге қызықтырып, соған сәйкес оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру қажет.
Осы мәселені шешу мақсатында орта және кәсіптік мектептің іс-тәжірибесінде кең таралған оқыту формалары және ондағы жаңа технологиялармен қатар теориялық, практикалық сабақтарды жүргізу әдістемесін кеңінен қолдануымыз керек. [5]
Кәсіби еңбекті оқыту әдістемесі келешек өмірге үлкен шеберлік, білімділік, келешекте мамандық, таңдауға маңызы зор екені белгілі. Сондықтан да орта немесе кәсіптік мектептің «Технология» пәні мұғалімі мен арнайы пән оқытушысы өзінің жұмыс орнында еңбегін дұрыс жоспарлауды, оқушылардың белсенділігін арттыруды, нұсқау карталарын дұрыс пайдалануды, еңбек қауіпсіздігі ережесін және тазалық сақтауды т. с. с жетік білуі тиіс.
Қазіргі еліміздегі қоғамдық өзгерістер жағдайында өндіріс пен
шаруашылықтың жаңа технологиялар негізінде дамуы шығармашылықпен жұмыс істейтін білікті маман адамдарды даярлауды талап етіп отыр. Бұл қоғам сұранысы, талабы. [62]
Қазіргі кезеңде «базалық технологияны қамтитын және мектептің оқу-материалдық базасы негізінде оқушылардың дамуын көздейтін «Технология» пәнінің бағдарламасы (кең тараған және перспективалық) жалпы еңбекке қатысты және арнайы (ішінара) білім мен дағдыларды жинақтауды, интеллектуалдық, физикалық, этикалық, эстетикалық дамуды, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуді қамтамасыз етеді.
Еңбектің политехникалық, экономикалық және экологиялық аспектілеріне, ақпараттық және жоғары технологиялармен танысуға, жұмыстардың сапалы орындалуына, өзіндік білім алуға дайындауға жеткілікті көңіл аударылғанда ғана көзделген мақсаттарға жетуге болады»
Жалпы орта мектептердің технология пәні бағдарламасында сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу бөлімі қарастырылған. [18]
Осы бөлімде, яғни сәндік-қолданбалы өнері бөлімінде біз осы өнер түрінің бір саласы теріден, ағаштан бұйым жасау өнерін үйретіп оқыту жолдарын, оқыту әдістемелерін қарастырамыз. «Технология» пәнін оқу барысында оқушылар сәндік-қолданбалы өнер түрінде түрлі бейнелер жасайды. Оның әр-түрлі әдіс-тәсілдерін меңгереді. Бұл сәндік-қолданбалы өнер түрінде сарамандық жұмыс істеу оқушылардың еңбекке деген, осы өнерге деген қызығушылығын, ынта-жігерін арттырады.
Бұл дипломдық жұмыста осы сәндік-қолданбалы өнер түрінде жұмыс орындау реті, оған қажет құрал-жабдықтар, материалдар, орындау әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылған. Осы біз жасаған, талдап көрсеткен сәндік-қолданбалы өнер әдістемесін жетік меңгеріп, оқушылар оны өз беттерінше орындауды үйренеді.
Технология пәнінің «Қолөнер» бөлімінде оқушылар ұлтымыздың салт-дәстүріне тән бұйымдарды жасау әдіс-тәсілдерімен қатар, олардың теориялық негіздерін де үйренеді. Сондай-ақ тері өңдеу өнерімен де танысып оның орындалу тәсілдерін меңгереді. [44]
Жалпы «сәндік - қолданбалы өнер сабақтары-жазықтықта бейнелеу түрлерін, ағашпен жұмыс, сәндік мүсінді, көркем конструкциялауды, табиғи заттармен, қатырма және түсті қағаз, маталармен, тері, фальга т. б. материалдармен жұмыс істеуді, қарапайым заттарды безендіруді, нобай жасау, оқушылардың ұлттық дәстүрлі өнер туралы білімін жүзеге асыру және шығармашылық қиялды дамыту мәселелерін қамтиды».
Ал декоративті бейненің негізгі принципі бейнеленетін заттың, бейненің неғұрлым нақышты, әсерлі болуын қамтамасыз ету. Сәндік көркем бұйымдарға біз теріге, ағаштарға орындалған росписьтерді, бейнелерді де жатқызамыз. Оның бір түрі бұл «теріден және ағаштан бұйым жасау» өнері.
Сәндік өнердің бұл түрі қазіргі кезде де өте жоғары бағаланады және жиі қолданыс тауып отыр, Мектеп оқушылары бұл өнер түрін аса қызығушылықпен және зор ынтамен орындайды. [6]
Осыған байланысты қоғам өзгерістерінің жаңа талаптарына сай білім бағдарламасы көркем - эстетикалық білім мен тәрбие мәселелерін дамытуды алға қойып отыр. [45]
Ал бұл мәселелер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін өнердің әр түрінде қалыптастырып дамытуды көздейді.
Мұғалім осы сәндік-қолданбалы өнер жанрын шеберлікпен меңгерумен қатар оны оқыта, үйрете алатындай және сол арқылы оқушыларды, көркем -тәрбиеге, еңбекке баурай алатындай, оның әдістемелік негіздерін жан - жақты меңгеруі қажет.
Жас өспірімдердің еңбекке баулу сабақтарында көркем тәрбиелеу ең негізгі мәселелердің бірі. Оны шешудің басты бір тармағы - эстетикалық тәрбиенің технология сабағында дұрыс қолға алынуы. [40]
Диплом жұмысының мақсаты: - сәндік қолданбалы өнер жанры негізінде бұйым жасауды үйрету, оқыту әдіс -тәсілдерін, мазмұнын талдау және оның орындалу жолдарын игеру арқылы оқушыларға көркем еңбек арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеу нысанасы: - сәндік қолданбалы өнерінің теріден бұйым жасау тәсілінде түп нұсқалық жұмыс орындау және сол арқылы оқушыларды көркем- эстетикалық тәрбиеге, көркем еңбекке баулу.
Зерттеу пәні: - «Қазіргі заманға сай теріден бұйым жасау технологиясы және оқыту әдістемесі» тақырыбында сәндік қолданбалы өнердің теріден бұйым жасау тәсілінде шығармашылық жұмыс орындау.
Зерттеудің ғылыми болжамы Оқу тәрбие процесінде оқушыларды сәндік қолданбалы өнердің барлық түріне баулу барысында олардың жас ерекшелігіне сәйкес жұмыс түрімен, жұмыс көлемімен қамтамасыз ету қажет. Әр оқушының жасаған жұмысы мазмұны тақырыбына сәйкес болуы керек. Орындалатын жұмыс барлық ережеге сай сауатты орындалуы тиіс.
Зерттеудің міндеттері: технология, еңбекке баулу пәнін және сәндік қолданбалы өнер жанрын оқыту мазмұны мен мақсаттарын анықтау;
- сәндік қолданбалы өнеріндегі теріден бұйым жасаудың әдіс -
тәсілдерін анықтау;
- «Қазіргі заманға сай теріден бұйым жасау технологиясы және оқыту әдістемесі» шығармашылық жұмыс орындау;
Диплом жұмысының әдіснамалық - теорияляық негіздері
- ғылыми педагогикалық, психологиялық, кәсіптік оқыту, технология,
еңбекке баулу әдістемесі эстетикалық, өнер танымдық әдебиеттерге
талдау;
- сәндік қолданбалы өнер тәсілінде жұмыс орындау және оны талдау;
- сәндік қолданбалы өнерде жұмыс орындау әдіс-тәсілдерін талдау;
- сәндік қолданбалы өнер техникасында жұмыс орындауға оқыту
әдістемесін талдау;
Диплом жұмысының практикалық базасы:
Технология пәні өтетін шеберханалар мен кабинеттер.
Олардың талапқа сай жабдықталуы, орындалатын жұмысқа қажетті құрал-саймандармен жабдықтау, жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру.
Жұмысты орындауда технологиялық еңбекті ұйымдастыру шеберханаларының жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мен политехникалық дайындықтарын қамтамасыз ету
Зерттеу әдістері
сәндік қолданбалы өнер бойынша теориялық педагогикалық әдебиеттерге талдау, қолөнер бұйымдарын орындау тәсілдерін, жолдарын талдап, талқылау.
Дипломдық жұмысының құрылымы және көлемі
Дипломдық жұмыс негізгі екі бөлімнен, түсініктеме хаттан және шығармашылық жұмыстан тұрады.
Шығармашылық жұмыс сәндік қолданбалы өнердің теріден бұйым жасау техникасында сиыр терісінен орындалды.
Теориялық түсініктеме хат кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны
Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік даму жолы, бабалар салған даңғыл жол арқылы өрбіп, өрістеуде және де жаңаша айшықтарға толы. Осындай даму жолында әр ұлт өзінің тарихын, тағылымын, өнер, білім мен әдебиетін бір сөзбен айтсақ мәдениеттің рухани және материалдық жетістіктерін зерделеп, дәстүрлеуде, бұл жерде өнердің алатын орны айрықша.
Себебі, біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың, өнер әлемінде ғасырлар бойы жинаған асыл қазыналарын жоғалтпай оны одан әрі заманға сай құндылықтармен толтыруға міндеттіміз. [10]
Еліміздің орта мектептерінде оқушыларға іргелі негізгі ғылымдарды оқытумен қатар, еңбек технологияларына, политехникалық дайындықтарын арттырып, еңбекке баулу арқылы тәрбиелеу жоспарланған.
Алғашқы кәсіптік даярлық пен кәсіпке бейімдеу арқылы олардың еңбекке көзқарастарын арттыру мен келешек жастарды кәсіптік мамандықтармен қамту қазіргі кездің алғы шарттарының бірі де бірыңғайы деуге болады.
Бүгінгі таңда мәдени, рухани қасиеттерді жеке тұлғаға ұғындыру мен бірге олардың бойына тәрбиелік бағыт беру басымды бағыттардың біріне айналып тұлғаны қалыптастырудың жетекші роліне жеткізуіміз керек. [19]
Осы мақсаттарды іске асыру арқылы біздегі білім берудің алғы шарттары жасалып әлем таныған білім аумағына енуге жол ашылады деуге болады.
Осы мақсаттарды шешу мен бірге біз ұрпағымызға білім алудың әлемдік мүмкіндіктерін тарту етіп кез-келген мамандықты қалаған елден барып алуларына жағдай жасаймыз.
Оқушылардың өздеріне қажетті білім мен біліктілікті қалай игергендігін олардың сол алған білімдерін тәжірибеде қолдана алуларынан білуге болады.
Жоғарыдағы мақсаттарға жету оқу процессінің барлық деңгейлеріне керек.
Берілген тапсырмалардың дұрыс орындалуы яғни нәтижелі болуы ол
белсенділіктің деңгейіне байланысты.
Белсенділік деңгейі оқушының ойлау әрекетінің қаншалықты нәтижелі болуымен анықталады. Адам өзіне қажетті дүниелерді табуға болған әрекеті сол қажеттіліктердің орнын толтыруға деген ұмтылысынан көруімізге болады.
Сондықтан берілетін тапсырмалар оқушылар мен қоғамға қажетті дүниелерден құрастырылып, олардың қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыру үшін негізделуге тиіс. [20]
Кәсіпке оқытудың әдіс-тәсілдері, техникалық бөлімі оқытылған барлық пәндер арқылы қалыптасып, кәсіптік біліктілігі жұмыстың әдіс-тәсілдері, машықтану практикалық, техникалық шығармашылық сабақтары кезінде меңгереді. Қазіргі кезде мектептерде ұлттық этнопедагогикалық тәрбие жүйе-
сінің негізі де осындай ата-баба дәстүрілері мен қолөнеріне негізделгенін, тәрбиенің негізгі көзіне көңіл бөлінуі, оқушылар мен жастарға ұлттық салт-сананы қалыптастырып, шеберлік пен біліктіліктің қайнар көзіне айналуда. [39]
Еңбекке баулу, кәсіптік оқыту мақсаттарына сай, технология пәнін оқытуда жаңа бағыттар қалыптасқан. Мысалы, еңбекке баулу, технология пәнін оқытудың геометриялық-заңдылық бағыты, натуралдық ғылымилық бағыты, эстетикалық эмоционалдық бағыты. Бұл оқыту бағыттары өзіндік ерекше оқыту тәрбиелеу әдістемелерін белгілеп көрсетеді. Жалпы барлығында да творчестводағы, өнердегі көркем образдық қарастырылады. [44]
Бұл жағдай әрине оқыту - тәрбиелеу процесіне кері әсер етеді. Сондықтан да қазіргі кезеңде, қоғамымыздың жаңа өрлеу кезеңінде технологияны оқытудың жаңа оқыту жолдары белгіленіп көрсетілуі қажет. Ол үшін біз бірнеше оқыту жолдарын ғылыми әдебиеттер негізінде талдап көрсеттік.
Негізінен біздің теориялық талдау жұмысымыз технология сабағын оқытудағы көркем образдылық пен көркем еңбек түрі теріні көркем өңдеу принципіне сүйенеді.
Осы негізде біз төмендегідей оқыту тәсілдерін белгілеп көрсеттік:
- Сәндік-қол өнеріне оқытудағы көркем эстетикалық талғам;
- Оқыту мен тәрбие процесінің бір тұтастығы.
- Оқушыларды көркем еңбекке, сәндік қолөнеріне оқыту процесінде оларды теріден бұйым жасау үлгілері арқылы тәрбиелеу. [48]
Осы негізгі әдістемелерге сәйкес, біз осы теориялық еңбегімізде технология сабақтарында сәндік қолданбалы өнер жанры тақырыбында сабақ өткізу жолдарының нұсқаларын мысал ретінде көрсеттік. Жұмысымыздың теориялық бөлімінде сәндік қолданбалы өнер жанры теориясымен оны еңбекке баулу, технология сабақтарында оқыту методикасы бойынша теориялық және педагогикалық әдебиеттер арқылы талдау жасадық. Осы ғылыми жұмыстарға талдау негізінде біз төмендегідей тұжырымдар жасаймыз:
1. Сәндік қолданбалы өнер жанры оқушыларды көркем эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеуде эмоциональдық сезімдік негіздері жағынан жоғарғы нәтижелер көрсетеді:
2. Сәндік қолданбалы өнер жанры оқушылар білім танымына, жан дүниесіне әсер етіп оны оқытуда өте жоғарғы ынталылық пен қызығушылық туғызады;
3. Сәндік қолданбалы өнер жанры қоршаған орта дүниесімен тікелей байланысты болғандықтан, оқушылардың білімдерімен суреткерлік әдет -дағдыларын қалыптастыруға сәндік - қол өнер қолайлы сабақ түрі;
4. Сәндік қолданбалы өнер техникасында бейнелеу процесінде түрі әдістемелер жүйесін қолдануға болады;
5. Сәндік қолданбалы өнер жанры оқушыларды қоршаған ортамен таныстыруда оқушылардың көркем еңбекке деген эстетикалық талғамдарын қалыптастырады.
Қорыта келгенде сәндік қолданбалы өнер жанрының технология сабақтарында оқушылар творчестволық қабілеттерімен эстетикалық талғамдарын қалыптастырып дамытудағы орны ерекше.
Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілуімізге ықпал етеді, жеке бастың және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей жағдайда өмірден өз орнын табуға көмектеседі. [52]
Бастауыш мектепте оқыту барасында кезек күттірмейтін мәселенің бірі -еңбекке баулу, көркем еңбек арқылы эстетикалық көркемдік тәрбие екені белгілі. Оқушылардың көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеуде әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі - сәндік қолданбалы өнер. Ол көркем еңбек процесінде эстетикалық сезімнің байқымпаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді. Көркем еңбек оқушылардың ойы мен қиялын дамытып өмірде шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін арттырады. Оқушылар табиғатты аялауға, оны қорғауға, атсалысатын болса, табиғаттың эстетикалық ықпалы да айтарлықтай артып олардың көркемдік, ізгіліктік қабілеттерін дамытады. [40]
Сәндік қолданбалы өнер жанрында сабақ өткізу үлкен тәжірибемен даярлықты қажет ететін күрделі процесс. Біз алдын ала сәндік қолданбалы өнер жанрының теориялық негіздерін, оның тарихын, қол өнерінің орындалу әдіс-тәсілдерін, техникалық ерекшеліктерін, мән-мазмұнын талдап көрсетеміз.
Технология, еңбекке баулудың практикалық және қабылдау сабақтарында осы өнер жанрын толық үйретуге тырысамыз. Әрине сәндік қолданбалы өнер жанрында қол өнер тәсілінде сабақ өткізу сабақ барысында, сабақтан тыс мезгілде, өткізілуі мүмкін. Біз осы сабақ өтудің үш түрін дәлелді мысалдармен көрсетуге тырыстық. Сабақ процесінде қол өнері көркемдікке, байқампаздыққа баулиды. Ол оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін өз әдіс-тәсілдері арқылы жан -жақты қалыптастырып дамытады.
Зерттеу жұмысымызда сәндік қолданбалы өнерін оқыту мәселелері мен сабақ түрлерінің байланысы көркем еңбек және- эстетикалық тәрбие негізі екендігі тәжірибе негізінде қарастырылып, педагогикалық практика барысында тәжірибе енгізілді. СҚӨ - нің қол өнерінде жанрын арнайы жүйе арқылы оқыту қажет. Ал, ол сәндік қолданбалы өнер түрлерін сабақ түрлерінде оқыту мәселелерін қарастыру арқылы жүзеге асады. [51]
Осы мәселелерге байланысты біздің жұмысымызда сабақ түрлері, оқыту мәселелері және сәндік қолданбалы өнер түрлері жүйелі бірлікте қарастырылған және ол көркем еңбекпен - эстетикалық тәрбие мақсаттарын қарастырады. Осыған байланысты біз сәндік қолданбалы өнер тақырыбында тәжірибе сабақтар мысалдарын көрсетіп оқушылар шығармашылық қызмет процесін анықтап аламыз.
Сабақ процесінде әрбір өнер туындыларын мұғалім оқушыларға таныстырғанда оны барлық жағынан талқыға салу оның құндылығын, әсемдігін және оны өз еңбектерінде көрсете алуға баулу керек. Мазмұндылығын жан жақты түсіндіріп көркем еңбекпен қызметте пішінімен мазмұны бөлуге болмайды, әйтпесе ол бейненің қалыптасуын түсіну қиындай түседі. [38]
Мектептік тәжірибе, мұғалімдер өнерді бір жақты жария ету, оны қате түсінуге алып келіп соғатынын көрсетеді. Мұғалім туындыларды сыртқы пішінінен талдап үйрететін болса, бейнені кең аша алмайды.
Бірақ онда өзіне тән шындыққа жанасатын барлық заңдылықтар бар екенін естен шығаруға болмайды. Ол оқушылардың қабілетін артырары сөзсіз.
Әрине әр сәндік қолданбалы өнер мазмұны біріне - бірі ұқсамайды, олар алуан түрлі болып келеді. Орындалу тәсілі әр түрлілігімен ғана ерекшеленбейді, оны қазіргі ғалымдарда анықтап жатыр. Бұл жайында біраз дәлелдер келтіруге болады. Сонымен қатар олар белгілі бір ақпарат иесі болып келеді. Міне сол қасиеттерімен адамның жан дүниесіне әсер етеді.
Қазіргі кезең сұраныстары жас буындарды қоғам дамуының жаңа сатыларына сай тәрбиелеп, оқыту жолдарын ғылыми негізде зерттеп белгілеуді мақсат етеді. [53]
Осы мақсаттарға сай технология пәнінде көркем еңбекке баулуға оқытуда жаңа бағыттар қалыптасқан. Мысалы сәндік қолданбалы өнерін оқытудың геометриялық - заңдылық бағыты, натуралдық ғылымилылық бағыты, эстетикалық эмоционалдық бағыты. Бұл оқыту бағыттары өзіндік ерекше оқыту тәрбиелеу әдістемелерін белгілеп көрсеткен. Жалпы барлығында да творчестводағы, өнердегі көркем образдылығы қарастырылады.
Бұл жағдай әрине оқыту - тәрбиелеу процесіне кері әсер етеді. Сондықтан да қазіргі кезде, қоғамымыздың жаңа өрлеу кезеңінде сәндік қол өнерін оқытудың жаңа оқыту жолдары белгіленіп көрсетілуі қажет. [19]
Педагогикалық үрдіс- тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдас-
тырудың тәсілі. Педагогикалық үрдісті ұйымдастыратын педагог. Педагоги-
калық үрдіс- бірнеше элементтерден құрылатын жүйе. Педагогикалық үрдістің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық үрдістің педагогикалық құрылымы: мақсат- принциптер - мазмұн - әдістер - құралдар - түрлер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz