Оқыту әдістер тобы әдістер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ
ҚАЛДЫБАЙ ЖАНАТ
ҚАЛЫҢДЫҚ КӨЙЛЕГІН ЗАМАНАУИ НАҚЫШТА КӨРКЕМ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы
Түркістан 2016

"Қорғауға жіберілді"
__________
Кафедра меңгерушісі
_________Ауелбеков Е.Б., доцент м.а.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЛЫҢДЫҚ КӨЙЛЕГІН ЗАМАНАУИ НАҚЫШТА КӨРКЕМ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы
Орындаған:
Қалдыбай Ж.
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор
Г.Ғ.Еркибаева
Түркістан 2016
Аннотация
Дипломная работа посвящена методам обучения учащихся старших классов
художественному украшению одежды невесты на уроках технологии.
В работе рассматриваются психолого-педагогические аспекты обучения
учащихся старших классов художественному украшению одежды невесты, дается
анализ типовой программы обучения учащихся старших классов художественному
украшению одежды невесты, и, в качестве примера, предлагается модель одежды
невесты.
Soyut
Tez lise öğrencilere teknoloji derslerine gelin elbise sanatsal
dekorasyon öğretim yöntemlerine ayrılmıştır.
Lise öğrencilere gelin elbise sanatsal dekorasyon öğretim psikolojik
ve pedagojik yönleri ile kağıt fırsatlar, bir örnek olarak, biz gelin
elbise modeli öneriyoruz, lise öğrencilerinin tipik müfredat gelin elbise
sanatsal dekorasyon analiz eder ve.
Аnnotation
Thesis is devoted to the methods of teaching high school students the
artistic decoration of the bride dress on technology lessons.
The paper deals with the psychological and pedagogical aspects of
teaching high school students the artistic decoration of the bride dress,
analyzes the typical curriculum of high school students the artistic
decoration of the bride dress, and, as an example, we propose a model of
the bride dress.
Мазмұны
НОРМАТИВТІК
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..3
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН
ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ОҚУШЫЛАРДЫ КИІМДІ КӨРКЕМ ЖОБАЛАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жоғары сынып оқушыларының белсенділіктерін технология
сабағында дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері ... ... ...
1.2 Белсенді әдістер ұғымына
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Жоғары сынып оқушыларына киім үлгілерін көркемдеп өңдеуге үйретуде
эстетикалық талғамын қалыптастырудың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .
2 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КИІМ ҮЛГІЛЕРІН КӨРКЕМДЕП СӘНДЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ
ӘДІСТЕРІ МЕН
ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Киімді көркем өңдеу үйретудегі қолданылатын белсенді әдістер туралы
2.2Киімді көркем өңдеу әдістері
2.3 Қалындық киімін көркем өңдеуді белсенді әдістер арқылы үйретудің
ерекшеліктері
3 ҚАЛЫНДЫҚ КИІМІН ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТ
3.1. Қалындық киім үлгісін тігуге қажетті материалдар және мата түрлеріне
сипаттама
3.2. Қалындық киімінің сызбасын сызу және
модельдеу ... ... ... ... ... ... .
3.3. Қалындық киімінің өзіндік құнын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
Қосымша
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы Өзгерістер мен
толықтыруларымен
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы
АНЫҚТАМАЛАР
1. Әдіс - гректің metodos - белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің
жолдары
2. Әдіс - білім беру, тәрбиелеу жэне дамыту барысында белгіленген мақсатка
жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін
тэсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған
адамдардың, ұжымдардың іс - әрекетінің бір жолы.
3.Окыту әдістері деп оқу - тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім
мен оқушылардың өзара байланысты іс - әрекеттерінің тәсілдері.
4.Әдістеме - әдістер жиынтығы
5.Оқытудың белсенді әдістері
1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту
әдістері;
2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да
болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін
диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар,
іс ойын, тренинг жатқызуға болады.
6.Технология –– іскерлік, шеберлік, білгірлік.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖОО –жоғары оқу орны
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
БҮМ - Белсенді үлестірмелі материалдар
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім
кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа
талаптар мен міндеттер қойып отыр. Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы
жылдарының негізгі проблемаларының бірі - Білім-бүкіл өміріңе қағидасынан
Білім бүкіл өмір бойына қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық
құрылымдарын іздеу болып табылады.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін
ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Қазақ халқы сонау
ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін
дамытып отырды. Қодданбалы өнерге тән ерекшеліктер: айналадағы ортамен,
өмірмен, еңбекпен тығыз байланысты болды. Ұлттық қолданбалы өнердің
әлеуметтік-тәрбиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік,
эстетикалық құндылығымен бағаланбайды, сонымен қатар адамның өз
заманына сай талғамын білдіруінен, өткеңдегі мәдениетпен,
ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді.
Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында" атты Қазақстан халқына жолдауында "XXI ғасыр деңгейінде
білім беру мен кәсіптік даярлауда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа
тірелері анық. Сондықтанда біз болашақта жоғары технологиялық және ғылыми
қамтымды өңдірістері үшін кадр қорын жақсартуымыз қажет деп атап өтіп,
барлық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті
шаралар қолдануымыз шарт" деп айтты [1].
Қазақстан Республикасының жалпы және кәсіптік білім беретін мектептерге
арналған тұжырымдамасында "мектептің мақсаты жас ұрпақгы, жастарды ұлттық
игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту,
тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның ой-өрістерінің жан-
жақгты дамуына жағдай жасау қажет" деп атап көрсетілген [2 ].
Бүгінде заман талабына сай жастарды киім тігуге, модельдеуге, пішуге
үйретіп, әрі эстетикалық талғамын, көркемдік білім деңгейін көтеру, халық
қолөнерінің мұрасын қайта жаңғыртып түрмыста сән құра білуге үйрету маңызды
мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан халықтары ассамблеясының республика азаматтары үндеуінде
жастарды ертеңгі күннің өлшемдеріне сай өмір сүруге дағдыландырып, халықгың
мәдениетін меңгерген, жаны да, тәні де сұлу адам тәрбиелеуге, жалпы ұлттық
сана-сезімі мен ұлтаралық қатынас мәдениетінің биік деңгейіне жете
алатындай білім беретін жүйесін қайта құруға бағытталған.
Қазіргі уақытта халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым жоғарылады.
Себебі, қоғамның даму барысында мәдени, экономикалық, саяси-жағдайлардың
бәрі де үлттық психология мен көзқарастар адамның сана-сезімінің,
талғамының дамуына әсер етеді. Ал, тұтынушылардың арта түсуіне байланысты,
мода ағымы да үнемі жаңарып отырады.
Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында "Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақгы эстетикалық
тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамында бұрын-соңды
жасалмаған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани игіліктерді
бағалай білуге тәрбиелеу" - жақтары қарастырылады [3].
Ал "Еңбекке оқыту және тәрбиелеу" тұжырымдамасында "Еңбек негіздерін
мектеп жасында қалыптастырмай олардан іскер мамандар шықпайды" — деп
окушыларды мектеп қабырғасында тігуге, токуға, бастырмалауға т.б., үйрету
жұмыстары бағдарламаларда қамтылған [4].
Оқушыларға киімді көркем жобалауға үйретудің мазмұндық, композициялық,
техникалық, конструкциялық, технологиялық ерекшеліктерін терең меңгерту
олардың танымдық түсініктерінің кеңеюіне, ұлттық киімдерге және оны
әзірлеуге ынталарының артуына, ұлттық мәдени мұраға, еңбекке оң қатынасын
дамытып, еңбекке бағыттылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында біздің анықтағанымыз: еңбек,
еңбек тәрбиесі, мамандық таңдау мен еңбекке дайындаудың теориялық
аспектілері де жан-жақты қарастырылған. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде
еңбекке оқыту мен тәрбиелеу (О.Сатқанов, С.Жолдасбекова, М.Х.Балтабаев,
Т.А.Қышқашбаев, Ф. Жұмабекова [2; 3; 4; 5; 6]; еңбекке оқытудың тарихи
педагогикалық аспектілері (Г.А.Уманов, А.К.Ақышев, В.В.Радлов , А.
Янушкеевич , А.Левшин және т.б.) мәселелерін зерттеген [7; 8; 9; 10; 11];
кәсіптік-техникалық білім берудегі еңбекке баулу, еңбек мәдениетін
қалыптастыру (Б.Момынбаев пен Қ.М.Арынғазин, Ж.Балкенов, Г.Т.Хайруллин,
Л.К.Керимов, Ш.Таубаева, Б.А.Әлмұхамбетов, М.А.Құдайқұлов, ) [12; 13; 14;
15; 16; 17; 18].
Қазақ халық педагогикасындағы еңбек дәстүрлеріне аса мән берген
С.А.Ұзақбаева [19], Ұ.М.Әбдіғапбарова сәндік-қолданбалы өнер арқылы
халықтың балалар мен жастарды еңбекке тәрбиелеу жүйесін негіздеп жасаған
[20].
Біздің ұлттық киімдеріміздің шығу, даму тарихын, әлеуметтік мәнін,
мазмұндық, технологиялық, стильдік ерекшеліктерін ғалымдар Ө.Жәнібеков,
С.Қасиманов, Ә.Марғұлан, М.С.Муканов және т.б.) [21; 22; 23;] ой елегінен
өткізсе, қазақ ұлттық киімдеріне бейнеленетін ою-өрнектердің тәлім-
тәрбиелік мүмкіндіктерін, ұлттық киім саласынан білімдерді жоғары оқу
орнының оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын педагогтар
(А.А.Бейсенбаева, С.Н.Илюсизова, Б.Т. Ортаев) жасап ұсынған [24; 25; 26].
Ұлттық киім модельдеу, тігу, жасау мәселелерін (А.И.Ұзақова, Р.А.
Наурызбаева, Н.А.Салыбекова; А.И. Ұзақова, Г.А.Байғабыл, Н.А.Салыбекова)
[27; 28]; технология пәнін өтіудің әідстемесін (Е.Асылханов, Қ.Әмірғазин,
А.Д.Райымқұлова, М.Мырзаханов, А.Ш.Манабаева, П.Г.Демочка,
Ұ.М.Әбдіғаппарова мен С.А. Ұзақбаева, В.П.Овечкин, В.С. Безрукова,
Б.Т.Ортаев, О.Сыздықов, Д.Пошаев, Б.Ортаев) [29; 30; 31; 32; 33; 34; 35;
36; 37; 38; 39]. Қазіргі кездегі киім әзірлеу технологиясын жүзеге асыруда
келесі арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды: киімге қолданылатын маталар
бойынша А.Байбатшаева [40], киімді көркемдеп сәндеу С.Жолдасбекова [41],
толығымен өңдеудің жалпы кезеңдерін қамтитын және оларға қолданылатын тігін
машиналарының түрлері туралы мағлұматтарға А.И.Зюзин [42], балалар және
әйелдер киімдерін сәндеу А.Бағжаева [43], сырт киімдерді әзірдеуде
В.Литвинова [45], киімді конструкциялау және модельдеу бойынша К.Махмутова
[46], ал стильдерді қазіргі талабына сай таңдауға А.Б. Гофман Мода и
люди [47].
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне
керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын
өзінің таңдай білуі есептеледі. Осы тұрғыдан алып қарасақ оқушыларға білім,
білік, дағдыны қалыптастыруда белсенді әдістердің маңызы зор.
Сондықтан оқушыларға белсенді әдістер арқылы жоғары сынып оқушыларына
киімді жобалау және модельдеуді үйрету барысында біз окушылардың бойындағы
әсемдікті түсіну және сезіну, эстетикалық көзқарасқа, ұқьптылыққа,
сұлулыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке т.б. баулимыз. Сонымен қатар жан-
жақты белсенді әдістер арқылы оқушылардың жобалау және модельдеу тұрғысынан
танымын кеңейтіп, дағдысын қалыптастырамыз.
Осыған орай біз диплом жұмысымызды Қалыңдық көйлегін заманауи нақышта
көркем өңдеу технологиясы деп таңдадық.
Зерттеудің мақсаты: әртүрлі (белсенді) әдістер арқылы оқушыларға киімді
көркем өңдеуді үйретуде олардың қызығушылығын қалыптастыруды теориялық
тұрғыда негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
Оқытудағы белсенді әдістерді зерделеу;
Киімді көркем өңдеу әдістерін анықтау;
Жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы қалындық киімін көркем
өңдеуді үйретудің ерекшеліктерін айқындау;
Белсенді әдістер арқылы жоғары сынып оқушыларына қалындық киімін көркем
өңдеуді оқыту барысын мазмұндау.
Зерттеудің нысаны:
Технология сабағында белсенді әдістер арқылы жоғары сынып оқушыларына
киімді көркем өңдеуді үйрету әдістемесі
Зерттеудің пәні: Белсенді әдістер арқылы технология сабағында киімді
көркем өңдеу тәсілдері барысында оқушылардың ептілігі мен дағдысын
қалыптастыру жолдары.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер (47) тізімінен, қосымшадан, жасалған бұйымнан тұрады.
1 Оқушыларды киімді көркем жобалауға үйретудің теориялық негіздері
1. 1 8-сынып оқушыларына киімді жобалау және модельдеуді үйретудің
мазмұны
Технология білім саласының басты мақсаты - оқушыларды еңбек
тіршілігіне өз бетінше әзірлеуге даярлау, кәсіпкерліктің мол түрін үйрету.
Ол мына негізде:
• қоғамның жаңа технологиялық жолмен дамудың перспекгивалары мен
энергиялықдаму, информация, экономикалық, экологиялық, кәсіпкерлік
білімді үйрету, коғам дамуына керекті еңбек дағдыларын меңгерту;
• оқушылардың өз бетінше іздемпаздылық, эстетикалық және шығармашылық
жағынан дамуын қалыптастыру;
• оқушыларды мұғалімнің берген білімі мен және жаңа технологиялық ғылым
жетістіктерін өз бетнше оқып білімін жетілдіруге дүние жүзіндегі ғылым
және білім саласына енген жаңа техникамен технологияларды оқып
кәсіпкерлікті игеруде кәсіпкерліктің сарамандық негіздерін үйрету;
• үй шаруасындағы және жанұядағы экономиканың алғашқы қарапайым түрлерін
игеріп, жүргізе білуді уйрету;
• қазіргі өндіріс пен өнім түрлерін игеру, оны күнделікті тұрмыста
пайдалана білу жолдарын игеру;
• оқушыларды өзі қалаған кәсіптің теориялық жане сарамандық білімм алу
жолдарын өз бетінше шығармашылық негізде бағдарлама талабына сай
меңгеру, үйрену жолдарын зерттеу, кәсіптің өзі қалаған түрін өз
бетінше дамыту жолдарын жоспарлау оны әрі қарай дамыту, жетілдіру;
• оқушылардың бағдарлама талабы негізінде кәсіптік білімін дамытуға,
дүние жүзіндегі кәсіп түрлерін оқып үйренуге, кәсіпкерлікті таңдай
білуге, сол кәсіп түрлерін өз республикамыз Қазақстанда ұлттық негізде
дамыту, оларды аймақтық негізде жүргізе берудің жаңа әдістерін
меңгерту;
• қоғам дамуындағы сауда экономикасы менеджменті, маркетингі жөнінде
терең түсінік беру, оны игерудегі түрлі әдістерді, оның жеке
өндірістік және шаруашылық негіздерін ұйымдастыру жолдары мен қызмет
түрлерін үйрету.
Білім стандарты бойынша технология пәнін оқыту төмендегі міндеттерге
негізделуі керек:
• тігін материалдарын өңдеу жайында кәсіби білімді және ақыл-ой,
сезімдік әрекеттер жүйесін қалыптастыру;
• үй шаруашылығы мен отбасы экономикасын жүргізуге қажетті білім мен
біліктіліктерін қалыптастыру;
• материалды өңдеуде қазіргі өндіріс негіздеріжәне қызмет көрсету
аясымен таныстыру;
• тігін материалдарын өңдеуде жобалау мен конструкциялау мәселелерін
шешу бойынша жас жеткіншектердің ізденімпаздығы мен қабілеттілігін
дамыту;
• еліміздің ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби
өзіндік айқындалуы мақсатында кәсіптік бағдарын анықтай алуын
қалыптастыру;
• оқушыларға нарықтык экономикалық, менеджмент, маркетинг туралы негізгі
түсініктерді білуіне және қызмет көрсету мен аз өнімдерді өндіру және
іске жарата алу біліктілігіне үйрету;
• тігін материалдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және
оларды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай әсемдей
алуға үйрету;
• компьютерлік технологияны меңгеру арқылы графикалық сызуды орындай
алуы, жоба құжаттарын құра білуге ықпал ету.
Осындай міндеттерді орындауда нақты білім беру үшін оқу бағдарламасы
ауыл және қала мектептерінде ұлдар мен қыздарға арналған бірнеше бөлімге
адам-табиғат, адам-белгілер жүйесі, адам-адам, адам-көркем бейне, адам-
белгілер жүйесі типі бойынша бағыттап оқытады.
Білім мазмұнын анықтайтын басты құжаттар стандарт пен типтік
бағдарламадағы сипатталған оқу материалдары мен іс-әрекеттердің ғылыми
негізінің ашылуы мен түсіндірулер, орындалу тәртібі оқулықтар мен оқу
кұралдарында беріледі.
Мемлекеттік құжат - оқу жоспарларында 1) оқытылуға тиісті оқу пәндерінін
тізімі белгіленеді, 2) әр оқу жылдары (сыныптар) бойынша осы оқу пәндерінің
өту тәртібі және реті анықталады, 3) әр жетіде әр пәнге бөлінетін
сағаттардың өлшері көрсетіледі.
Қазіргі білім беруде қолданыстағы "Технология" білім саласынын
міндеттері:
• оқушыларды өзіндік практикалық іс-әрекетпен жаңаны жасау, өзіндік
жүзеге асыру ұмтылысын қаруландыру;
• қазіргі заман өндірісінің технология, экономика, ұйымдастыру және
экология саласындағы технологиялық мәдениетті және жалпыенбектік білім
мен ептілікті игеруін, оның даму перспективалары жөнінде түсінікті
қалыптастыруды қамтамасыз ету;
• адамгершілік-еңбектік сапаны, кәсіпті тандау және еңбек сүйгіштік
қоғамдық-құнды мотивтерді тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді шешу, жүзеге асыру оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың
технологиялық дайындығын ұйымдастыруда оқытудың казіргі заманғы
педагогикалық технологиясын және дамыта оқыту әдістерін тиімді пайдалануда
болып табылады. Оның ішінде білім мазмұны бағдарламадағы оку
материалдарының толық мәнді көрсетілуіне байланысты болады.
Технология оқу пәні бағдарлама мазмұны төмендегідей оқу
материалдарынан тұрады және олар теориялық мағлұматтар құрамын көрсетеді:
• графикалық және бейнелеу сауаттылығы;
• еңбекті ұйымдастыру мен жоспарлау;
• техника (құрал-жабдықтар және т.б.);
• технологиялық үдерістер;
• технологиялық үдерістер мен іс-әрекет барысында болатын
экологиялық қасиет мағлұматтары (жұмысты орындаудағы әдістер мен
тәсілдер; көркем өңдеу түрлері - әшекейлеу, әрлеу);
• материалдар-жөніндегі негізгі мағлұматтар;
• экономикалық білім элементтері;
• бақылау және өзіндік бақылау.
Мұндай оқу материалдарының құрамы бағдарламаның базалық бөлігін кұрайды.
Бағдарламаға сәйкес практикалық іс-әрекеттерді төмендегідей етіп
елестетуге болады:
• графикалық, бейнелеу жұмыстарын орындау;
• өлшемдерді анықтау;
• еңбек объектісін таңдау мен іс-әрекетті жоспарлау;
• технологиялық үдерістерді еңбекті қорғау талаптарына және
үнемділік қағидасына сәйкес орындау;
• өзіндік және бұйым сапасын бақылау.
Технология пәні бағдарламасы мазмұнындағы теориялық мағлұматтар мен
практикалық іс-әрекеттер бағдарлама мазмұнында ғана қамтылып коймай, сондай-
ақ, оқу үдерісінде оқыту технологиясына, әдістемесіне байланысты ашады.
Технология пәнінің мазмұны адамның кәсіби іс-әрекет түрлерін оқытатын
болғандықтан міндетті түрде кәсіп саласы, мамандық түрі жөнінде
мағлүматтарды қамтиды.
Сондай-ак аталған пән жоғарыда айтылған міндетіне сәйкес материалдык
өндіріске тән технологиялык мәдениетті қалыптастыруды қарастырады. Адамның
технологиялык мәдениеті - бұл мәдениет материалдық және рухани
күндылыктарды әзірлеу бойынша түрлендіруші, шығармашылығы, экологиялық
расталған, табиғи сәйкестіктегі іс-әрекеттер (Ю.Л.Хотунцев):
Технология оқу пәнінің бағдарламалары мына төмендегі жағдайлар
барысында жүзеге асырылады. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің
оқу жоспарының инвариантты бөлімінде Технология білім саласын оқытуға
барлық сыныптарға 2 сағаттан бөлінген. Жоғары сыныпта оқушыларға белгілі
бір кәсіп саласы бойынша оқытуды терең қолға алуға сәйкес қолөнер
бұйымдарындағы атқарылатын жұмыстарды іріктеудің нәтижесінде көпшілік
орында жұмыс жасауға қажетті іс - әрекеттерге баулу қарастырылады.
Оқушылардың табиғи бейімділіктеріне қарай оқыта тәрбиелеу келешекте
мамандығын таңдай білуіне бағыт-бағдар беру Білім Министрлігінің 2015 жылға
дейінгі білім беру тұжырымдамасында көрсетілген кәсіптік бағдар беруінің
негізі болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі
көркемдік қолөнер технологиясы. Тігін бұйымдарын модельдеу тарауы қыздарды
оқыту мақсатында 5-9 сыныптар үшін өтіледі. Сабақта қыздар қолөнер
бұйымдарын әзірлеуде қолданылатын еңбек операцияларын меңгереді. Мысалы,
кестелеу, бастырмалау, тоқу, кесу, қию, пішу, көктеу, үтіктеу, желімдеу
т.б. Көркем еңбек бұйымдарын дайындағанда оқушылар шығармашылық талғамын
арттырады, заттың экологиялық және экономикалық қасиеті туралы білімдерін
де қалыптастырады, сәндік – қолданбалы өнердің элементтерін қолдану арқылы
бұйымды өрнектеп сәндейді.
Бағдарламада Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркемдік
қолөнер технологиясы. Тігін бұйымдарын модельдеу тарауында қолөнердің
даму кезеңдері, және қолөнер бұйымдарының әзірлену барысы қарастырылады.
6-сыныпта Маталармен танысу. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді
жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу үшін 16 сағат бөлінген
Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеуі принципі. Қол және
машина тігістерінің түрлері. Инелерді орналастыру.
Белді бұйымдар (юбка, алжапқыш, қысқа шалбар). Юбка тігу үшін материал
тандау, қажетті өлшемдерді алу. Үлгі дайындау, пішу. Қол және машина
тігістерін қолданып бұйымдар тігу. Юбка дайындаудың нұсқаулық-технологиялық
картасын жасау.
Белді бұйымдар дайындау үшін сәндік-қолданбалы өнер элементтерін
қолдану: кестелеу, түрлі қиқымдардан құрастырылған өрнектер жасау, інжу-
маржанмен кестелеу, таспалар, шырмауық тігу. Сәнді жастықтар дайындау.
7-сыныпта Киімді жобалау және дайындау -12 сағат)
Иықтың жасамдары. Оның түрлері: түнгі көйлек, бешпет, қамзол, желет.
Мата тандау. Адам ағзасына матаның экологиялық әсері. Моделді таңдау.
Бұйымның сыртқы түріне сипаттама.
Түнгі көйлекке қажетті өлшемдерді түсіру, оның сызбасын дайыңдау. Түнгі
көйлекке мата таңдау. Лекало, пішін дайындау. Матаны үнемді пайдалану.
Түнгі көйлек дайындаудың нұсқау картасын жасау. Түнгі көйлек сызбасы
негізінде қамзол сызбасын құру. Қиықтарды жиектеу тігістері арқылы өңдеу:
қалта, иініш, мойын ойындысы.
Киімдердің стилі туралы түсінік.
Сапасыз тігістердің тігілу себептері. Машинамен жұмыс барысында
ақауларды болдырмау. Ине мүкістігі, иненің дұрыс орналасуы. Машинаны
дайындау. Машина тігістерінің түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерін
сақтау.
Әр ұлттың бас киімдерінің түрлері.
Қазақ халқының ою-өрнектерін жилет, камзол және бас киімдер дайындауға
пайдалану. Қағаздан ою дайындау (симметрияны сақтау) технологиясы. Өрнекті
қатырмамен өңдеу. Өрнекті жапсыру, тігу.
8 сынып Машинатану элементтері. Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау
(белдемше) -10 сағат.
Киім түрлері. Сән үлгілері туралы түсінік. Жең пішу. Көйлекті сәндеу
(кестелеу, аппликациялар жапсыру, тоқымаман өрлеу). Ілгек түрлері. Ілгекті
өңдеу. Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін киімді және бөлмені әрлеуде
пайдалану. Кілем (тықыр, түкті), ши (ақ ши, шын ши) туралы түсінік. Тоқуға
қажет жүн түрлері. Кілем тоқу туралы ұғым.
Жоғарыда көрсетілген Технология пәнінң типтік бағдарлама негізінде
8-сынып оқушыларына киімді жобалау және модельдеуді белсенді әідстер арқылы
үйретеміз.
1.2 Белсенді әдістер ұғымына сипаттама
Әдіс (грек. methodos - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс-
әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді.
Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара
байланысты іс-әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және
дамыту міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекет түрі.
Оқыту әдістері – оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші,
ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау-түзетушілік қызметтерді
атқарады.
Педагогикалық практикада оқыту әдістерінің жинақталған мол қорын
байқауға болады. Оқыту әдістерінің бірнеше топтарын ақпаратты қабылдау мен
дидактикалық міндеттерді шешуге байланысты жіктеуге болады. Кеңінен тараған
оқыту әдістері ретінде оқу-танымдық іс-әрекет құрылымына негізделген
оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін арттыра түсетін мынандай әдістерді
атауға болады: сөздік, көрнекілік, практикалық, репродуктивті және
ізденістік, индуктивті және дедуктивті әдістер, өзіндік жұмыс әдістері,
сонымен қатар педагогиканы оқытудағы бақылау мен өзін-өзі бақылау әдістері.
Ұсынылып отырған оқыту әдістерінің жіктемесін тұтас деп атауға болады,
себебі олар оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттырудың барлық
құрылымдық элементтерін есепке алады (оның ұйымдастырылуы, ынталандыруы,
бақылауы). Бұлардың жиынтығында қабылдау, ұғыну, практикада қолдану секілді
танымдық іс-әрекеттің түрлері тұтасымен көрініс тапқан. Әдістердің әрбір
негізгі тобы өз ішінде бірнеше топтарға жіктелуі мүмкін. Оқушылардың оқу-
танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен аталған үдерістің өзі оқу материалын,
жаңа ақпаратты беру, қабылдау, ұғу, есте сақтау және алынған білім мен
ақпаратты практика жүзінде қолдана білуге негізделгендіктен, оқыту
әдістерінің бірінші тобына ақпаратты есту, сөзбен жеткізетін сөздік
әдістерін (әңгіме, дәріс, сұхбат және т.б.); оқу материалын көру арқылы
беретін көрнекілік әдістерін (иллюстрация, демонстрация және т.б.); оқу
ақпаратын тактильді, кинестетикалық түрде жеткізетін практикалық әдістерін
(жаттығу, зертханалық тәжірибе, еңбек әрекеті және т.б.) жатқызуға болады.
Оқыту әдістерінің ішінде оқу материалын ұғу мен қисындық тұрғыдан меңгеруді
ұйымдастыруды міндетті ететін әдістер де бар. Сондықтан оқушылардың іс-
әрекетін ұйымдастырушы әдістер ретінде индуктивті және дедуктивті,
репродуктивті және проблемалық-ізденістік әдістерін ерекше атап өткен жөн.
Білімді қабылдау, ұғу, қолдана білу оқытушының тікелей басқаруымен және де
студенттің өзіндік жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан келіп өзіндік
жұмыс әдістерін ажыратуға болады, өйткені қалған оқыту әдістері оқытушының
жетекшілігімен жүзеге асады. Білім нәтижесі бақылау мен өзін-өзі бақылау
әдістері дұрыс таңдалынып алынғанда неғұрлым нәтижелі болмақ. Белгілі бір
жағдайға байланысты бір-біріне сай келетін, бір-бірін толықтыра түсетін
әдістерді үйлесімді етіп таңдап, қолданған жөн.
Әдістер тобыны мына кестеде беріп отырмыз.
Кесте 1. Әдістер тобы.
Р№ Оқыту әдістер тобы әдістер
1. Сөздік Дәріс, әңгіме, сұхбат, түсіндіру,
пікірталас, кітаппен жұмыс
2. Көрнекілік Иллюстрация және демонстрация
3. Практикалық Жаттығу, педагогикалық есептерді шешу,
дидактикалық және іскерлік ойындар,
тренингтер, зертханалық жұмыс
4. Индуктивті және Талдау, салыстыру, салғастыру,
дедуктивті абстрактілеу, жинақтау, қорыту, модельдеу
(үлгілеу), педагогикалық есептерді шешу,
педагогикалық жағдаяттарды талдау
5. Репродуктивті Түсіндіру, дәріс, әңгіме, нұсқау беру,
кітаппен жұмыс, жаттығу
6. Проблемалық-ізденістікЭвристикалы қ әңгіме, проблемалық сұрақ,
жағдаятты талдау, салыстыру, жинақтау,
жүйелеу, модельдеу (үлгілеу), зертханалық
зерттеу жұмысы
7. Өзіндік жұмыс әдістеріКітаппен жұмыс, жаттығу, педагогикалық
есептерді шешу, тест шешу, зертханалық
зерттеу жұмысы, жоба құру
8. Оқу-танымдық Оқу пікірсайыстары, иллюстрация және
іс-әрекетті демонстрация, дидактикалық және іскерлік
ынталандыру әдістері ойындар, тренингтер, жеке (топтық)
жобалау, зертханалық жұмыс
9. Оқытудағы бақылау жәнеАуызша бақылау: жеке, фронтальды (жаппай)
өзін-өзі бақылау тексеру.
әдістері Жазбаша бақылау: жазбаша бақылау
жұмыстары, тестілеу, түсіндірмелі және
графикалық диктанттар.
Машиналы бақылау: тестілеу, виртуалды
зертханалық жұмыс
Оқытудың заңдылықтары мен принциптеріне сүйене отырып, оқытушы оқыту
әдістерін үйлесімді қолданудың жолдарын, яғни олардың әлеуетін анық танып
білуі тиіс. Оқыту әдістерін таңдау кезінде төмендегідей критерилерді
басшылыққа алу керек:
1)әдістердің оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай келуі;
2)әдістердің оқыту принциптеріне сай келуі;
3)әдістердің оқылатын тақырыптың мазмұнына сай келуі;
4) әдістердің студенттердің оқу мүмкіндіктеріне сай келуі: жас ерекшелігі,
физикалық дамуы, психикалық дамуы, дайындық деңгейі (білімділігі,
тәрбиелілігі және дамуы); студент топтарының ерекшеліктері;
5) әдістердің техникалық жағдайлар мен оқу үшін бөлінген уақытқа
сәйкестігі;
6) әдістердің оқытушының мүмкіндіктеріне сай келуі, оның ішінде теориялық
және практикалық жағынан даярлығы, оқытушының жеке бас қасиеттері және т.б.
Оқыту әдісі деген ұғым оқыту тәсілдері деген ұғыммен тығыз
байланысты. Анықтамалық әдебиетте тәсіл ұғымы еңбек тәсілі деген
мағынада жиі қолданады. Еңбек тәсілі – талап етілген операцияны жүзеге
асыру ерекшелігі.
Әдістемеде оқытудың дидактикалық тәсілі деп әдістің құрамдас бөлігін
атайды. Әдістерге қарағанда тәсілдер жекелей бағынушылық сипатқа ие. Олар
әдіс жүзеге асыратын дидактикалық міндетке бағынады. Бір әдістемелік
тәсілдер бірнеше әдістер құрамында болуы мүмкін. Немесе керісінше, бір әдіс
әр оқытушыда әр түрлі тәсілдерден құралуы мүмкін. Мысалы, студенттердің
назарын аудартып, ойлау іс-әрекетін белсендендіру үшін мынандай
дидактикалық тәсілдерді қолдануға болады: бірлескен мақсат құру,
жоспарлауды және қарастыратын сұрақтар тізімін хабарлау және т.б. Білім
алушылардың оқу іс-әрекетінде белсенді үлестірмелі материалдар (БҮМ) тәсілі
маңызды рөл атқарады. Белсенді үлестірмелі материалдар – көрнекілікті-
иллюстрациялы материалдар, олар білім алушылардың жаңа материалды ойдағыдай
меңгерулері үшін сабақ барысында таратылады. БҮМ-дар түсініктерді өзара
байланыста қарастыратын құрылымдық-қисындық сызбалардан, глоссарий, оқу
мәтіндерінен және т.б. тұрады.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің сапасы мен тиімділігін жетілдіру
міндеттерін шешудің көзі студенттердің оқу белсенділіктерін арттыру болып
отыр. Оның мәні тек оқушылардың оқу материалын меңгеріп қоюында ғана емес,
олардың танымдық іс-әрекетке деген қатынасын қалыптастыруда болып табылады.
Сол үшін практикада оқытудың белсенді әдістері кеңінен қолданылады.
Профессор Г.Ғ.Еркебаеваның еңбектерінде белсенді әдістер қарастырылған
[50; 51; 52; 53 ].
Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі
студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту
тәсілдері.
Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:
-жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны
қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік
ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;
- білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер:
проблемалық есептер, жағдаяттар, дөңгелек үстел, эвристикалық әңгіме,
миға шабуыл, оқу пікірталасы, кейс-стади, өзіндік жұмыс.
Енді жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің кейбіріне тоқталып
өтейік.
Жұптасқан дәріс әдісі – бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік,
проблемалық, интеграциялық және диалогтік баяндау элементтерін жинақтаған
оқыту тәсілі. Репродуктивтік элементі ғылыми тұрғыдан дәлелденген, қосымша
түсіндіруді қажет етпейтін оқу материалын баяндаудан тұрады. Проблемалық
элемент проблемалық жағдаятты қою, талдау, болжаулар жасау, оны растау не
теріске шығару, проблеманы шешу жолдарын іздестіруден құралады.
Интеграциялық элемент бір проблема төңірегінде әр түрлі ғылыми амалдарды
қарастырады. Диалогтік элемент оқытушы мен студент арасындағы пікір алмасу
арқылы көрініс табады.
Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен
іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс
ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б.
арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты.
Оқытушы өз ассистентімен (бұл оның әріптесі, оқытушы-тәлімгер, жақсы
даярланған оқушы да болуы мүмкін) бірлесіп дәріс оқиды.
Оқушылар аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын
практика жүзінен көруге болады. Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде
берілмей, проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру
нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады,
тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі.
Екіншіден, оқушылардың аяқ астынан дәрістік сабаққа екінші оқытушы
араласқан сәтте еріксіз түрде өз назарын бір субьектіден екінші субьектіге
аудару сияқты психологиялық аспектілері өте құнды. Олар назары бақылау,
салыстыру, оның іс-әрекетін талдауға ауады. Осылайша назарын басқаға
аударудың психологиялық механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей
бастайды.
Енді Жұптасқан дәріс әдісін қолдану арқылы өткізілетін оқу сабағына
даярлықты қарастырайық:
-бір проблемаға ғалымдардың әр түрлі пікірлері қалыптасқан, мазмұнында
қарама-қайшылықтары бар тақырыпты таңдап алу;
-дәрісті оқу сценарийін құру (негізгі сұрақтар, көрнекі құралдарды
дайындау, оқу материалын уақытқа бөлу және т.б.);
-оқу тобының сабаққа даярлық деңгейін есепке алу.
Оқытушылардың міндеті оқытылып жатқан тақырып төңірегінде пікірталас
тудыру, сонымен қатар айтылған пікірлер, ұсыныстар шындыққа сай келмеуі де
мүмкін, ал студенттер міндеті шындыққа жетудің тиімді жолдарын табу.
Әдістің өз артықшылығы мен кемшілігі бар, соларды қарастырайық.
Әдістің артықшылығы:
-оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттырады;
- оқушылардың эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;
-оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына
себепкер болады.
Әдістің кемшілігі:
-алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді.
Пікірталас әдісі – оқу материалының дау тудыратын тақырыбын қарастыруға,
талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір
арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі. Бұл әдіс проблемалық жағдаятқа
негізделген және практикалық сабақтарында кеңінен қолданылады.
Пікірталастың туындауына теорияны қорытулар мен ережелер, қағидалар,
теорияны практикамен алмастыру, ғылым мәселелерін талқыға салу, проблеманың
бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады.
Пікірталас түрлері:
-топ оқушыларының жалпылама түрде бір проблеманы шешу барысына аяқ астынан
пайда болатын пікірталас;
-әр түрлі педагогикалық құбылыстарға өзіндік ұстанымын білдіру үшін сенімін
қалыптастыруға бағытталған пікірталас;
-арнайы педагог туындатқан нақтылы ақпарат пен дәлелді дәйектерге сүйенген
оқу пікірталас.
Пікірталас әдісін қолданып өткізген семинар сабағынан үзінді келтірейік.
1) Оқытушы сабақ тақырыбын хабарлап, өзі пікірталасты жүргізуі немесе
көшбасшы-студентті тағайындауы мүмкін.
2) Студенттер проблеманы шешудің жолдарын, ойларын беделді дереккөздерге
(теориялар, концепциялар, ілімдер) сүйене отырып білдіреді.
3) Оқытушы немесе көшбасшы-студент барлық ойларды тақтаға жазады әр нұсқаны
талқыға салады, оларды маңыздылығына, мәніне қарай орналастырады.
4) Пікірталас соңында талқылау нәтижесінде соңғы шешімдер қабылданады.
Шағын топтар әдісі – оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік
сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп
берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама
әзірлейтін оқыту тәсілі. Аталған әдісті қолдану топтың ішінде жұмыс істей
алу іскерліктерін дамытады, студенттердің шығармашылық қасиеттерімен қоса
бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдіре
түседі. Бұл әдісті практикалық сабақтарында қолданған орынды. Шағын
топтар әдісін қолданып өткізген сабақ үзіндісін келтіріп көрейік:
1) Оқушылар 3-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді (тілегі бойынша немесе
олардың дайындық деңгейі, күшті-әлсіз оқушылар позициясынан оқытушы өзі
топтарға бөлуіне болады).
2) Әр топтың басшысы тағайындалады.
3) Әр топ өздерінің рөлдерін бөліп алады: Баяндамашылар тобы, Оппонент-
сыншы тобы, Қорғаушы тобы. Баяндамашылар тобы аудитория алдында
негізгі ережелер, қағидалар мен концепцияларды нақтылы мысалдармен,
көрнекіліктерімен баяндап береді. Оппонент-сыншы тобы Баяндамашы тобына
сұрақтар қояды, баяндамаларын, оның мазмұнын, дәлелдемелерін сынға алады.
Қорғаушы тобы жаңа фактілер келтіріп, ойларды толықтырады, мысалдар
келтіреді.
4) Жұмыстың тиімді болуына Баяндамашы тобының өз баяндамаларымен
аудиторияны алдын-ала таныстырулары да ықпал етеді. Топтың әрбір мүшесі кем
дегенде бір тапсырманы орындаулары керек: иллюстрация дайындау, мысалдарды
таңдап алу, баяндама жасау, қосымша әдебиетті іріктеу.
Тірек конспектілер әдісі – оқу материалын меңгеру мен бекіту ақпарат
көздеріне (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалықтар, дәріс конспектілері және
т.б.) қарай бірнеше рет қайталау нәтижесінде жүзеге асатын оқыту тәсілі.
Бұл әдісті семинар және практикалық сабақтарда қолдануға болады. Төменде
аталған әдісті қолданып өткізілетін сабақ үзіндісі берілген:
1) Оқу тобы семинар сабақтың сұрақтарына байланысты 3-4 шағын топтарға
бөлінеді.
2) Әр топ мынандай тапсырмаларды алады: нақтылы бір сұрақ бойынша тірек
конспектісін жасайды, оған оқулықты, конспект дәрісті және т.б. қолдануға
болады. Тапсырманы орындауға 20 минут уақыт бөлінеді.
3) Үздік тірек сызбасы атты сайыс ұйымдастырылады. Сайысқа қойылатын
талап – тірек сызба бойынша сұраққа қысқа да түсінікті жауап беру
іскерлігін таныту. Эксперт ретінде оқытушы өзі шығады.
4) Тірек сызба бойынша жауап берген үздік студент байқауы өткізіледі. Топ
мүшелері басқа топ мүшелерінің сызбасы бойынша сөйлейді. Эксперт ретінде
оқушылар өздері шығады.
Оқытудың жекеленген жүйе әдісі – білім алушылар өздігінен, жекелей
оқу материалын оқу әдебиеттері, бейнефильмдер, юниталар, слайд-дәрістер,
курстық кейстер арқылы меңгеретін оқыту тәсілі.
Бұл әдіс дәріс өткізу барысында, сонымен қоса сырттай оқу түрі
студенттерімен жұмыс істегенде, қашықтықтан оқыту формасында жақсы қолданыс
тапты. Бұл әдістің ерекшелігі оқу курсының мазмұнын модульдерге бөлу болып
табылады. Әрбір модульге әдістемелік тапсырмалар мен нұсқаулықтар
әзірленеді, оқушылар өздігінен даярланады, әдебиетті өңдейді, электронды
оқу қорларын (слайд-дәрістер, юниталар, электронды оқулықтар және т.б.)
қарап шығады. Материалды игерулеріне байланысты студенттер бақылау жұмысын
(реферат, тест және т.б.) орындайды. Егер ол оқу модульге байланысты
тапсырмаларды сәтті орындап шықса, келесі модульге көшеді.
Миға шабуыл әдісі – оқушылардың ғылыми және практикалық
проблемаларды шешудегі дәстүрлі емес жолдарын іздестіретін ақыл-ой іс-
әрекетін ұйымдастыруға бағытталған оқыту тәсілі. Ол бірнеше кезеңдерден
тұрады:
1. Проблеманы анықтай алу немесе проблемалық жағдаят туғызу.
2. Талдаусыз және дәлелсіз әр түрлі ойларды алға шығару.
3. Ойларды, ұсыныстарды теориялық, эмпирикалық жағынан тексеру, талдау.
4. Үздік ойларды таңдау және бағалау.
Әдістің құрылымы екі бөліктен тұрады: біріншісі – ойларды шығару, екіншісі
– ойларды дамыту және қорғау. Бұл әдісті көбінесе семинар сабақтарында
кейде дидактикалық мақсатты ескере отырып дәріс сабақтарында да қолдануға
болады.
Миға шабуыл әдісін қолдануға даярлық келесі кезеңдерден тұрады:
І кезең – Сабақтың мақсат пен міндеттерін анықтау.
ІІ кезең – Сабақтың жалпы өту барысын жоспарлау, сабақтың әр кезеңінің
уақыт көлемін анықтау.
ІІІ кезең – Жаттығу үшін 3-4 сұрақ құрастыру, психологиялық қысымды азайту
мақсатында қызықты жағдаяттарды таңдап алу.
ІV кезең – Ортаға түскен ойларды бағалау үшін бағалау нормаларын әзірлеу
(өзектілігі, теориялық негіздеме, практикалық мәні және т.б.).
Төменде миға шабуыл әдісін қолданып өтетін сабақ үлгісі келтірілген:
І кезең – ұйымдастырушылық: дәрісхананы даярлау, жиһаздарды орналастыру,
қажет құралдарды әзірлеу.
ІІ кезең – мақсатты қою: тақырыпты, сабақтың мақсаты мен формасымен,
қатысушыларды ұжымдық жұмыс тәртібімен, шарттарымен таныстыру (уақыты 5
минут). Сонымен қатар, Миға шабуылды бастамас бұрын оқушыларды
төмендегідей ережелермен таныстырып өткен жөн:
-барлық қатысушылар – тең дәрежелі серіктестер;
-сыни тұрғыдағы ескертулер мен бағалауға тыйым салу;
-кез келген ой-нақтылы, шынайы, ғажайып және ақылға сыйымсыз болса да
қабылдана береді;
-өзін-өзі ынталандыру: Мен миға шабуылдаушымын, мүмкін, менің ғана ойым
бүкіл проблеманы шешуге негіз болады.
ІІІ кезең – жұмысшы топтарды құру: олардың бірі – эксперт, қалғандары –
ойлар генераторы. Топ құру студенттердің өз қалаулары бойынша жүзеге
асады (уақыты 10 минут).
ІV кезең – жалпы жаттығу. Сабақ тақырыбына және де бұрын өткен сабақ
тақырыптары бойынша сұрақтарға өте жылдам жауап беру (уақыты 10 минут).
V кезең – өзіндік шабуыл. Барлық топтарда ойлар баяндалады, эксперттер
жазып отырады (уақыты 10 минут).
VI кезең – жинақталған ойларға талдау өткізу: үздік ойлармен танысу, оның
авторлары өз ойларын қорғайды, дәлелдейді. Үздік ойларды барлық топтар
бағалайды. Талқыға салу қорытындысы бойынша ұжымдық шешім қабылданады
(уақыты 20-30 минут).
VII кезең – финалдық: оқытушы жалпы қорытынды жасайды, топтардың жұмысына
баға береді, сәтті шыққан ойлар, кезеңдер аталып өтіледі, келесі
шабуылдарға ұсыныстар мен пікірлер білдіріледі (уақыты 5-7 минут)
VIII кезең – рефлексия: сәттіліктер мен сәтсіздіктерді талдау.
Іскерлік ойындар әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын
формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің
үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет
түрлерін орындайды.
Іскерлік ойынның міндетті бөліктері бар, олар:
-дидактикалық мақсаттың болуы: білімді жүйелеу мен нақтылау, іскерлік
жүйесін қалыптастыруға ұмтылу, тұлғаның кәсіби деңгейдегі қасиеттерін
қалыптастыру;
-оқу-кәсіптік ойын міндеттерінің болуы: ойынға қатысушы өзінің қандай
міндетті шешу керектігін нақтылы білген дұрыс;
-ойын жағдаятының болуы: ойында қарама-қайшылық, тараптар шекісуі, әр
түрлі көзқарастар мен ойлар элементі болуы керек;
-ойынның бірлескен сипаты: ойынға қатысушылардың барлығы өздеріне бөлініп
берілген рөлдері бойынша өзара қарым-қатынасқа түсулері керек;
-іскерлік ойынның бағытталушы жоспарының болуы: ойын барысын,
қатысушылардың негізгі сөздері мен әрекеттерін оқытушы құрастыруы керек,
алайда ойын барысында оған қатысушылардың суырып салма өнерлеріне шек
қойылмайды;
-бірыңғай нәтижеге қол жеткізу: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік
жетістіктерге жету.
Ойынның негізгі шарттарына тоқталайық:
-ойынға қатысушылардың өзіне тиесілі рөлдерін өз еріктерімен таңдауы;
-ойынға қатысушылардың ортақ шешім қабылдаулары үшін диалогтік қарым-
қатынасқа түсулері;
-ойынға мүмкін болар жағдайларға байланысты суырып салмалық өнер, модельдеу
түрлерін енгізу;
-ойын ережесінің бар болуы (жазалау жолдары, шектеулер);
-ойынға сайыс, ынталандыру (мақтау, құп алу және т.б.) элементтерін
енгізу;
-ойын іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау жүйесін қолдану;
-іскерлік ойынның жоғары серпінділігі, сабақтастығы, зор мәнге ие болуы
маңызды.
Іскерлік ойын әдісін қолданып өткізілген семинар сабағының өткізу
нұсқасын ұсынамыз. Сабақ алдын ала дайындықты қажет етеді және 5 түрлі
кезеңді қамтиды. Алдын-ала даярлық: ойынға қатысушылар дәрістің мазмұнын
қайталайды, өз беттерімен әдебиеттерді қарастырып, мүмкін болар сұрақтарға
жауаптар дайындайды.
I кезең – ұйымдастырушылық: ойын тақырыбы мен мақсатын түсіндіру, шағын
топтар (4-5 адам) мен эксперттер тобын құру (2-3 адам), қатысушыларды ойын
шарттарымен таныстыру (уақыты 10 минут).
II кезең – ойынға қатысушылар білімін өзектендіру: әр топ өздеріне қойылған
екі сұраққа жауап береді, қалған шағын топтар оны толықтырады. Жауаптар мен
толықтыруларды эксперттер үш деңгей бойынша бағалайды: іскерлік, шешендік
және этикалық. Осының барлығы ойыншыларды өз рөліне енуіне, теориялық
білімдерін еске түсірулеріне ынталандырады, жарыс рухын көтереді (уақыты 20-
30 минут).
III кезең – топтардың өзіндік жұмыстары: кәсіби жағдаяттарды оқып, танысу,
рөлдерді бөліп алу, сызбаларды құрастыру және т.б. (уақыты 20-30 минут).
IV кезең – ойындық: топтар әзірлеген тапсырмаларын ойнап көрсетеді. Басқа
топтың мүшелері олардың іс-әрекеттерін мақұлдап, толықтырады немесе қарсы
пікір білдіреді. Эксперттер жарыссөзге шығады, топтардың қойылымдарын
бағалайды, тіркейді және осының барлығы аз уақыт ішінде жүзеге асуы керек.
V кезең – аналитикалық кезең. Эксперттер ойын барысын талдайды, сараптама
жасайды, ойынға қатысушылар белсенділіктеріне баға береді, қателіктерін,
кемшіліктерін айтады.
Іскерлік ойындардың бір нұсқасы Мәселелендіру деген блиц-ойыны.
Блиц-ойының мақсаты – аналитикалық, жобалау, жоспарлау, құрылымдау,
ұйымдастырушылық, коммуникативтік, рефлексивтік іскерлік, дағдыларын және
құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Блиц-ойынды ұйымдастырудың үлгісін қарастырайық:
I кезең – блиц-ойынға ену кезеңі: тақырыпты, мақсатты жариялау, ойын
ережелерімен, бағалау көрсеткіштерімен таныстыру (5 минут).
II кезең – тақырып бойынша ұғымдармен жұмыс өткізу (5 минут):
-мәселе – белгілі бір жағдайдағы адамдардың қажеттілігі туралы білімдері
мен оны шешу жолдарын анықтай алмау арасындағы қарама-қайшылықтар;
-мәселені шешу – қажетті альтернативалар ішінен нақтылы іс-әрекет түрін
таңдау немесе пікірлерді өндіру үдерісі.
III кезең – білім алушылардың жеке немесе топтық жұмысы: тақырып бойынша
мәселелерді белгілеп, оларды шешу жолдарын анықтау (40 минут).
IV кезең – көшбасшылар сөзі (10 минут)
V кезең – блиц-ойынды эксперттеу (10 минут)
VI кезең – блиц-ойынның қорытындысын шығару (5 минут).
Блиц-ойынға қатысушыларды төмендегі ережелермен таныстыру керек:
1) оқу регламентін сақтау (жеке жұмыс – 10 минут; топтық жұмыс – 30
минут);
2) ойынға қатысушылар тобы ойын кезінде бір-бірімен сұхбаттаспауы керек;
3) рөлдерде ойнау:
-көшбасшы – топ іс-әрекетін ұйымдастырады;
-баяндамашы – мәселелерді жүйелейді, ойын білдіреді және өз қорытындысын
қорғап шығады;
-дизайнер – баяндаманың негізгі ойларын визуалдайды, баяндамашыға баяндама
жасауға көмектеседі;
-оппоненттер – баяндамашы пікірімен келіспейді;
-эксперт – көтерілген мәселенің мазмұны мен іскерлік іс-әрекетке шынайы
түрде санақ жүргізіп отырады.
Дөңгелек үстел әдісі – пән бойынша бұрын өтілген білімдерін бекітуге,
оқу материалының жеткіліксіз тұстарын толықтыруға мүмкіндік беретін,
педагогика бойынша проблемаларды өздігінен шешіп, талдау жасай алу
қабілеттерін дамыта түсетін әрі пікірталас жүргізе білу мәдениетін
қалыптастыратын оқыту тәсілі. Бұл әдісті өзекті деп саналатын және әр түрлі
көзқарас тудыратын тақырыптар бойынша семинар сабақтарында қолдануға
болады. Әдістің ерекшелігі тақырыптық пікірталас пен топтық кеңес
арасындағы үйлесімділік туғызып, дөңгелек үстел ұйымдастыру, яғни, көзбе-
көз пікір алмасу. Қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап отырады, ал
оқытушы да осы топтың тең дәрежелі мүшесіндей үстелден орын алады. Осы
әдісті қолданып өткізілетін сабақ үлгісі беріліп отыр. Сабақ төрт кезеңнен
тұрады:
I кезең – дайындық: білім алушылар өз бетінше әдебиетпен танысады, қысқаша
тезис құрастырады (сабаққа дейін 1-2 апта бұрын).
II кезең – мақсатты-ұйымдастырушылық: оқытушы тақырыпты, мақсатты,
талқылауға шығарылған сұрақтарды хабарлайды, негізгі баяндамашылар,
оппоненттер, эксперттер ретіндегі топтарды анықтайды, дөңгелек үстелге
қатысушылардың ережелерімен таныстырады (уақыт 10-15 минут).
III кезең – дөңгелек үстел: сұрақтарды талқыға салу, өз шешімдерін,
дәлелдерін келтіру; оппоненттердің ортаға салынған пікірлерді теріске
шығаруы; эксперттердің айтылған пікірлерін тіркеп отыруы және дөңгелек
үстелге қатысушылардың белсенділік деңгейін анықтау (уақыт 30-40 минут).
IV кезең – қорытынды: оқытушы талдау жасап, жалпы қорытындысын шығарады,
топтардың жұмысына жалпы баға береді, алдағы уақытта талқыға салынатын
сұрақтарды, мәселелерді айтып өтеді, ортақ келісімге келерлік шешімдер мен
ұсыныстарды шығарады (уақыт 20 минут).
Кейс-стади әдісі отандық жоғары оқу орындарында АҚШ, Канада бизнес-
мектептерінің тәжірибесінен алынып, қолданысқа еніп отыр. Бұл әдіс
аналитикалық іскерліктерді, проблемалық міндеттерді шешудегі практикалық іс-
әрекеттерді, ауызша және жазбаша дағдыларды қалыптастырады.
Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде оқытудың белсенді
әдістерінің дамуын қиындатты, себебі кәсіби және техникалық білім беруде
дидактикалық жағынан дәріптелуін қажет етті.
1.3 Жоғары сынып оқушыларына киім үлгілерін көркемдеп сәндеуге үйретуде
эстетикалық талғамын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Біздің еліміздің эстетикалық білім берудің негізгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz