Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру


Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, Отанның, туған жерінің табиғатын қорғау, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасында (2003), экологиялық білім беру жүйесінің мақсатында «ұзақ мерзімдік орнықты даму мүмкіншілігі қамтамасыз ететін қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының үйлесімділігі, мекемелердің ғылыми негізгі әрекет жүйесіне бағытталған жаңаша ойлау мен дүниеге жаңа көзқарасты қалыптастыру» - деп көрсеткен[1] .
Тұжырымдаманы негізге алсақ, экологиялық сауатсыздық, табиғат заңдарын білмеу, біле тұра олармен санаспау, бүгінгі экологиялық дағдарыстың негізгі себебі болып отырғаны бәрімізге аян.
Адамдардың ақыл-ойы, сана-сезімі, қайрат-жігері, табиғатпен арақатынасты дұрыс жолға қоюға, қоршаған ортаны сақтап, келешек ұрпақтың игілігіне қалдыру, азаматтық борыш, жауапты міндет екенін қазіргі жағдай мойындатады.
Экологиялық білім беру жүйесіндегі Халықаралық өзара байланыс Найроби (1982), Беч (1983), Москва (1987), Рио-де-Жанейро (1992), Орхус (1999), Кейптаун (2003) және басқада конференцияларда жалғасын тапты. Осы жоғарыда аталған халықаралық ғылыми конференцияларда халыққа экологиялық білімді үздіксіз беру арқылы жүзеге асатыны баса айтылды. Олар:
- биосфера тұрақтылығын сақтау үшін жұмыстарын ұйымдастыру арқылы;
- Адам баласының туылғаннан бастап, өмір бойы экологиялық білім беру;
- Халық арасында экологиялық пікір талас өткізу. Жоғарыдағы аталған өзекті бағдарламаны жүзеге асыруда Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» бағдарламасымен «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясы» және ҚР Білім мен Ғылым министрлігі бекіткен «Экологиялық білім бағдарламасы» құжаттарының міндеттері бойынша экологияны жеке пән ретінде мектептерге енгізу көзделген.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуымен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде: «Мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған, бірінші - жеріміздің қойнауындағы байлық; екіншісі жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі - өндірістік байлығы; төртінші - тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа симайтын, бүкіл әлемдік деңгейдегі жасалымдары» дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес, ой -пікірінің нәтижелі мағынасын береді[2] .
Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский[3], А. Герцен[4], Н. Чернышевскийдің[5] есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов[6], К. Тимирязев[6], Д. Кайгородов[7] т. б., ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.
Келешек ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процесс болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекі ғалымдардың Б. Әбдікәрімұлы[8], Қ. Қ. Жанпейсова[9], Ж. А. Қараев[10], Ш. Т. Таубаева[11] т. б., еңбектеріне арқау болды.
Ал экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін шешуде Н. Сарыбеков[12], Ж. Б. Шілдебаев[13] және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінің құндылығы зор.
Қазіргі кезде шығармашылық пен өзіндік жұмыстың жаратылыстану пәндері курсында экологиялық мазмұнда болып отыруы, қоғам талабынан туындап отырғандығы, тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.
Дәл қазіргі кезеңде мемлекетіміздің де алға қойып отырған мақсаты- бәсекеге қабілетті, кез келген ортада икемделе отырып оң шешім қабылдай алатын креативті жеке тұлға қалыптастыру. Жалпыға бірдей білім беру саласындағы стандартқа сай оқу пәндерімен бірге жаратылыстану пәндерінің ішінде Қазақстан Республикасы географиясы жас ұрпақтың ұлтжанды, өз Отанын егжей-тегжей білуге үйретіп қана қоймай, оған экологиялық тәрбие беретін, бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлауда өз үлесін қосатын пәндердің бірі және бірегейі болып табылады.
Жалпы орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде бүгінгі өмір талабына сай оқушыларға экологиялық мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері мен өзіндік жұмыстарды оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады.
Міне, осындай өзекті мәселелрді, жоғарыда айтылған бағытты ескере отырып, «Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру атты зерттеу тақырыбымды таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысанасы: Орта мектептердегі жаратылыстану пәндерді оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: жаратылыстану пәндерді оқыту үдерісінде өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: жаратылыстану пәндерді оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан және ғылыми-әдістемелік жағынан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негізін анықтау;
- жаратылыстану пәндерді оқыту үдерісінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайын құру;
- оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда пәндердің мүмкіндіктерін ашып, мазмұны мен бағдарламасын жасау;
- оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми негізделген әдістемесін тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу әдістері:
- Ғылыми-педагогикалық зерттеу тақырыптар бойынша философиялық психологиялық, педагогикалық, экологиялық - әдістемелік, ғылыми ізденістердегі әдебиеттерді теориялық талдау жасау,
- Жоғары оқу орындары мен орта мектептердің оқу - әдістемелік құжаттарын талдау, мектеп мұғалімдері мен оқушылардың экологиялық іс-әрекеттері мен материалдарын зерделеу,
- Зерттеу мәселесі бойынша озық педагогикалық іс - тәжірибелермен танысып үйрену талдау және қорыту;
- Бақылау, сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық модельдеу;
- Сараптамалық бағалау, педагогикалық тәжірибелік -эксперимент жұмысы, оның нәтижелерін сандық және сапалық талдау, диагностикалық әдістер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- өзіндік жұмыстар арқылы пәндерді оқыту негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі, мәні және қажеттілігі айқындалады;
- жаратылыстану пәндері негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық нобайы, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;
- оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы пәндерді оқыту үдерісінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық жүйесі, мазмұндары, бағдарламалары жасалынып, оларды ұйымдастырудың әдістемелері тәжірибелік -экспериментте тексеріліп дәлелденді;
- тәжірибелік -эксперименттің нәтижесі қорытындысы шығарылып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
• ғылыми негізделген ұсыныстар бойынша зерттеу нәтижелерін оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда пәндер циклін оқыту үдерісінде қосымша мазмұндары мен бағдарламаларын модификациялау іске асырылады;
• базалық мектептерде өзіндік жұмыстар арқылы пәндерді оқытуда оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы іс-шараларды ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары дайындалды.
• Зерттеу нәтижелерін жалпы білім беру орта мектептерде, жоғары оқу орындарында, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мекемелерінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырдың педагогикалық негізі, мәні және маңыздылығы:
- жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері;
- өзіндік жұмыстары арқылы пәндерді оқытуда оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны қосымша бағдарламалары, олардың әдістемелік жүйесін, тәжірибелік -экспериментте тексерілген ғылыми -әдістемелік және нұсқаулары.
Зерттеу базасы. Түркістан қаласы №1 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебі. Зерттеу нәтежиесінде жасалған тұжырымдамалар мен қорытындылардың әдіснамалық және теориялық негізде дәлелденуі мен, тақырыпты зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдердің оңтайлылығы және тиімділігімен, эксперименттік жұмыстың жүйелі және бірізді жоспарлануымен сипатталады.
Диплом құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
І. І. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық негіздері
Қазіргі кезде балалардың санасына қоғамдық байлығы мен даму негізіндегі сезімдерін тәрбиелеп, оларға экологиялық білім беру мұғалімдердің міндеті.
Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында ұлттық нәрмен сусындаған ұрпақты адамгершілік, патриоттық, эстетикалық бағытта тәрбиелеумен қатар экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы тәрбиелеуде айқындалуда. Сондықтан өскелең ұрпақтың өз бетінше пайымдап еңбек етуге деген құлшынысын оятып, қоршаған ортаға деген адами ізгілікті көзқарасын қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің біріне айналып отыр. Демек, жаңа білім игеру мақсатында оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмыстарына үнемі көңіл бөлініп, ұйымдастырылып отырған жөн.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында « . . . білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық - саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтар мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру»[14] атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын, жаны ашитын сезімі қалыптасқан мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.
Сондықтан, қазіргі таңда мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін халқымыздың озық дәстүрлерімен байланыстырып, ұлттық негізде заман талабына сай экологиялық және экономикалық тәрбиелеуге баса назар аударылып келеді. Ұлттық нәрмен сусындаған ұрпақты адамгершілік, патриоттық, эстетикалық бағытта тәрбиелеумен қатар экономикалық экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы тәрбиелеуде айқындалуда. Сондықтан, өскелең ұрпақтың өз бетінше пайымдап еңбек етуге деген құлшынысын оятып, қоршаған ортаға деген адами ізгілікті көзқарасын қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің біріне айналып отыр. Демек, жаңа білім игеру мақсатында оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмыстарына үнемі көңіл бөлініп, ұйымдастырылып отырған жөн.
Бұл зерттеу жұмысымызда «өзіндік жұмыс» пен «экологиялық мәдениет» ұғымдары басты мәселе болғандықтан олардың мағынасы анықталынып алынғаны дұрыс. Сондықтан да, осы мақсатта психологиялық әдебиеттермен ғылыми-педагогикалық әдебиеттердегі әр түрлі ұғымдарға талдау жасалынып тұжырымдалды.
Сөйте келіп, «өзіндік жұмыс» ұғымының түрліше белгілерін төмендегідей ажыратып көрсетуге мүмкіндік туып отыр:
- көптеген тапсырма түрлерінің мұғалімнің басшылығымен орындалуы
-оқушылардың оқу барысын қамтамасыз ету бағытында педагогикалық жұмыстардың мұғалімсіз, мұғалімнің көмегінсіз жүруі.
- жекелеген, топтасқан танымдық іс-әрекетін дамыту мақсатында әр түрлі жұмыстардың сыныпта, сыныптан тыс кездерде жүргізілуі.
- жеке оқушының жоспарына, қызығушылығына, икемділігіне қарай оқу үрдісіндегі міндетті түрде жүргізілетін қосымша дайындық жұмыстары[15] .
Зерттеу барысымызда психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде педагогика саласындағы өзіндік жұмысқа нақты дәл анықтама берілмегеніне көз жеткіздік. Бір ғалымдар өзіндік жұмысты оқу процесін ұйымдастыру формасы деп есептесе, екінші біреулері оқыту әдісі деп есептейді.
Ал, педагогикалық сөздікте «Оқушының өзіндік жұмысы-оқушының оқу үрдісінде мұғалімнің берген тапсырмасын оның қатысуымен емес, айтқан нұсқауы бойынша орындауы» - деп беріледі[16] .
Педагогикалық энциклопедияда «оқушылардың өздік жұмысы -оқушылардың сыныптағы, сыныптан тыс, үйде, мұғалімнің көмегінсіз орындайтын жеке, коллективті түрдегі жұмысы» - деген анықтама берілген.
Барлық пәндерден жүргізілетін өзіндік жұмыстар іскерлік шеберліктерімен ой ұшқырлығына байланысты болады. Сол себепті барлық пәндерден өзіндік жұмыстарды тиянақты да, нақты етіп беріп және өз дәрежесінде жүргізген дұрыс.
Барлық пәндердің бағдарламаларында көрсетілген практикалық жұмыстар оқулық, әртүрлі есептер мен тапсырмалар есептеліп берілсе оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін бұларға қосымша көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, техникалық құралдар, пәндік ерекшелікке байланысты техникалық құралдар, қосымша әдебиеттер анықтамалар мен сөздіктер болуы қажет. Берілетін білімнің ең алғашқысы теория жүзінде берілсе, кейін ол өзіндік жүргізілетін жұмыстары арқылы кеңейіп, толықтырылып, нақтылана түседі. Әрқашан теория жүзінде түсіндірілетін материал оқушыдан үнемі қосымша ізденуді талап етеді.
Бұл жөнінде оқушыларға барлық пәндерге байланысты қызықты кітаптарды, анықтама сөздіктерді, хрестоматия мен методикалық нұсқауларды оқыта отырып, өздігінен жоспар құру, реферат жазу, баяндама жасау тәрізді түрлі жұмыстарды орындауға үйретудің мәні зор.
Ғалымдар оқушының өз бетімен ойланып, белгілі бір шешімге келуі, танымдық іс-әрекеттің дамуы тек қана ғылыми жұмыстар жасағанда қалыптаспайтындығын дәлелдеген.
Мысалы, «оқушының танымдық іс-әрекеті-олар ойланып шешетіндей мәселенің үнемі және бірқалыпты жүргізіліп отырғанында ғана жоғары сатыда болуы мүмкін».
Оқушының таным әрекетін қалыптастыруда оқу жұмысын ұйымдастыру әдістері, сабақ берудің әдіс-тәсілдері және білімді үйретудің түрлі жолдары маңызды орын алады деп есептейді. Ғалым педагогтар жүргізілген әлеуметтік зерттеулерде танымдық әрекет пен өз бетімен жұмыс істеушілік көбінесе проблемалық оқыту барысында іске асырылатынын көрсетеді.
Проблемалық оқыту дегеніміз-бұл әдіс немесе система емес, бұл оқушының ойлау қабілетін дамытатындай дәрежеде кең түрде қолданылып отыруға тиісті бағыт. Проблемалық оқыту барысындағы материалды ұғыну мен игеру біршама жоғары дәрежеде болады. Көп ғалымдар проблемалық оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылыгын арттыруға, сабақта көп шаршамауға, ойлау қабілетінің артуына көмектеседі деп есептейді.
Мұғалімнің оқу материалын, тапсырманы дайындауы оқушының білім деңгейі мен мүмкіндіктеріне сай болуы керек.
П. И. Пидкасистый[17] проблемалық оқытуда екі аспектіні бөледі: ойлау гноссологиялық және психо-дидактикалық етіп. Бұл автордың ойынша проблемалық ситуация тудырудың бірден-бір жолы түсіндірілетін материал толығымен берілмей, ойлау, болжау, ізденістер жасау арқылы толықтырылуы тиіс.
Жалпы проблемалық оқытудың сапасы түсіндіру-иллюстрациялық жолмен оқытуға қарағанда жоғарырақ болады. Проблемалық оқытуда кездесетін мақсат-оқушыға білім даяр түрінде берілмей, мұғалімнің өзі баяндай бермей, олардың алдына белгілі проблемалы міндетті қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау[18] .
Алайда, барлық білімді проблемалық оқыту арқылы іске асыруға болмайды.
Сондықтан, мектептегі білім беруде түгелдей проблемалық оқытуға негізделмей, оқытудың әртұлі амал-тәсілдерін үйлестіріп қолдану қажет. Барлық пәндер арқылы орындалатын экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары балалардың таным белсенділігін арттырады және оқу мен ойлау әрекетінің амал-тәсілдерін қалыптастырады. Нақтырақ айтқанда, оқу материалдары негізінде белсенді түрде жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы жаратылыстану пәндеріндегі экологиялық бағыттағы материалдың негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын айыру, жаңа материалды өткенмен салыстыру, бірізділік жүйені түсіну, топтастыру, қорытынды жасай алу т. б. , амалдар қолдана білетін оқушы бойында экологиялық мәдениет қалыптасатынын аңғаруға болады.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі-оқушылардың өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу және пайымдап қорытынды шығара білу әрекеті.
Оқушылардың өздік жұмысының маңызы туралы былай деген: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Балалар қиналмай, керек білімін кешікпей кезінде алып отыруы үшін, балаға жұмысты шағындап беріп, бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек» [19] .
Біздің ойымызша, барлық әпндерді оқыту үдерісінде экологиялық өзіндік жұмысқа қалыптастыру, оларды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеумен білім беру мәселесін арнайы зерттеулерде жеке бағыт етіп бөліп қарастыруға болады өйткені, өзіндік мақсаты мен өзіне тән міндеттері бар. Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы ерекше.
Оқушылардың таным белсенділігі -оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті. Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл, қозғалыстары, тәжірибелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т. б. с. с. ) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне -оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып табылады. Бұл қасиетсіз адамның қаңдайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес. Оқушы белсенділігі қандайда болсада ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген) белсенділік және күрделі творчестволық, т. б. белсенділік түрлері болады. Соңғысы оқушының жоғары саналылығы мен дербестігін керек етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу, (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т. б. белсенділіктер. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың шарттары мыналар: -мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар ) беруі;
-жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу, - мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, - олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі, -оған әсер ететін мотивтері.
Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығымен сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласы мен жасайтын әрекеті де керек. Осыған байланысты оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі -олардың ықыласы мен және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өзіндігіне істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қос көрнекі құралдарын карточкалар, схемалар, чертеждар, оқу карталары т. б. пайдалана отырып өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор.
Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін алдымен, олардың өзіндік әрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін білгені жөн.
Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар: -оқушының алдын-ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау:
-жоспарға сәйкес амал тәсілдері қолдана білу; -өз әрекетінің барысын бақылап отыру[20] :
Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.
Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруына шарттарға байланысты болмақ; -оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі - жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы -жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауы мен орындауы. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
- жұмыстың көлемін шамадан көп асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
- оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
- оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алатын қабілетін жүйелі түрде дамыту;
- өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды хабарларды енгізу;
- оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілермен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
- оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, -
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz