Өзіндік жұмыстарды жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны


МАЗМҰНЫ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ (ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ)
Кіріспе3-13
I. Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми - теориялық негізі.
І. І. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық негізі
(аспектісі) 14-39
1. 1. Өзіндік жұмыстар арқылы жаратылыстану пәндері негізінде
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы (көрсеткіштері, өлшемдері, деңгейлері) 40-49
1. 2. Өзіндік жұмыстарды жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны50-57
II. Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелері.
2. 1. Өзіндік жұмыстарда жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың бағдарламасы58-65
2. 2. Өзіндік жұмыстарда жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелері66-71
2. 3 Оқушылардың өзіндік жұмыстар арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруда теориялық-эксперименттік қорытындылары Ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру72-75
Жалпы қорытынды76-77
Пайдаланылған әдебиеттер78-79
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, Отанның, туған жерінің табиғатын қорғау, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасында (2003), экологиялық білім беру жүйесінің мақсатында «ұзақ мерзімдік орнықты даму мүмкіншілігі қамтамасыз ететін қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының үйлесімділігі, мекемелердің ғылыми негізгі әрекет жүйесіне бағытталған жаңаша ойлау мен дүниеге жаңа көзқарасты қалыптастыру» - деп көрсеткен.
Тұжырымдаманы негізге алсақ, экологиялық сауатсыздық, табиғат заңдарын білмеу, біле тұра олармен санаспау, бүгінгі экологиялық дағдарыстың негізгі себебі болып отырғаны бәрімізге аян.
Адамдардың ақыл-ойы, сана-сезімі, қайрат-жігері, табиғатпен арақатынасты дұрыс жолға қоюға, қоршаған ортаны сақтап, келешек ұрпақтың игілігіне қалдыру, азаматтық борыш, жауапты міндет екенін қазіргі жағдай мойындатады.
Экологиялық білім беру жүйесіндегі Халықаралық өзара байланыс Найроби (1982), Беч (1983), Москва (1987), Рио-де-Жанейро (1992), Орхус (1999), Кейптаун (2003) және басқада конференцияларда жалғасын тапты. Осы жоғарыда аталған халықаралық ғылыми конференцияларда халыққа экологиялық білімді үздіксіз беру арқылы жүзеге асатыны баса айтылды. Олар:
- биосфера тұрақтылығын сақтау үшін жұмыстарын ұйымдастыру арқылы;
- Адам баласының туылғаннан бастап, өмір бойы экологиялық білім беру;
- Халық арасында экологиялық пікір талас өткізу. Жоғарыдағы аталған өзекті бағдарламаны жүзеге асыруда Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» бағдарламасымен «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясы» және ҚР Білім мен Ғылым министрлігі бекіткен «Экологиялық білім бағдарламасы» құжаттарының міндеттері бойынша экологияны жеке пән ретінде мектептерге енгізу көзделген.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуымен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде: «Мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған, бірінші - жеріміздің қойнауындағы байлық; екіншісі жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі - өндірістік байлығы; төртінші - тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа симайтын, бүкіл әлемдік деңгейдегі жасалымдары» дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес, ой -пікірінің нәтижелі мағынасын береді.
Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевскийдің есімдерімен тыгыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов т. б., ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.
Келешек ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процесс болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Қазақтың біртуар данышпандары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б., еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекі ғалымдардың Қ. Ж. Ағанина, Б. Р. Айтмамбетова, Қ. М. Арынғазин, Б. Әбдікәрімұлы, Ш. Ә. Әбдіраман, Ғ. З. Әбілғазинов, А. А. Бейсенбаев, Қ. Қ. Жанпейсова, Ж. А. Қараев, С. Т. Каргин, Қ. М. Кертаева, Р. М. Қоянбаев, К. Қ. Құнантаева, Н. Ә. Мыңжанов, Ж. Ы. Намазбаев, Г. Қ. Нұрғалиева, И. Н. Нұғыманов, Т. С. Сабыров, Ш. Т. Таубаева, Е. К. Төлемісов, Б. Қ. Игенбаева, Г. А. Уманов, Э. И. Шыныбекова, Н. Д. Хмель т. б., еңбектеріне арқау болды.
Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ. Бөлеев, Р. Қ. Дүйсембінова, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Әбілова 3[19], К. Ж. Қожахметова, Ә. Табылдиев, С. А. ұзақбаева, қолданбалы салалары Р. М. Айтжанова, С. Қ. Әбілдина, Ш. М. Мұхтарова, Қ. А. Сарбасова, Л. С. Сырымбетова т. б., ғылыми зерттеу жұмыстарында қарастырылды.
Ал экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін шешуде Ә. С. Бейсенова[34, 35, 36], Белевич И. В[37], Бертонас В. А [38], Қ. Жарықбаев [68], С. Жортанов[72], Ж. Ж. Жатқанбаев[69], Г. К. Ділімбетова[61], А. Кушенов, М. А. Лигай, Г. Мұқышова, Ө. Өмірәлиев, . Ә. Есназарова[64], К. А. Сарманова[153], Н. Сарыбеков[151], М. Сарыбеков[153], Г. М. Смирнова, Н. М. Стукаленко, С. Т. Шалғынбаев, Ж. Б. Шілдебаев[176] Ш. Ш. Хамзина, В. Фурсов А. В. Чигарин және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінің құндылығы зор.
Табиғатты қорғау мен экологиялық түсініктерді қалыптастыру жайындағы сұрақтарға және оқушылардың биоэкологиялық білімдерін игертуге Я. И. Габев, С. Д. Дерябо, Т. В. Кучер, В. Г. Иоганзен, Э. А. Тұрдықұловтың жұмыстар бағытталды.
Адамның қоршаған ортамен байланысын А. Н. Захлебный[78], И. Д. Зверев[77], И. Т. Суравегина, табиғатты тәрбие ретінде М. Верзилин, және т. б., еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.
Қазіргі кезде шығармашылық пен өзіндік жұмыстың жаратылыстану пәндері курсында экологиялық мазмұнда болып отыруы, қоғам талабынан туындап отырғандығы, тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.
Дәл қазіргі кезеңде мемлекетіміздің де алға қойып отырған мақсаты- бәсекеге қабілетті, кез келген ортада икемделе отырып оң шешім қабылдай алатын креативті жеке тұлға қалыптастыру. Жалпыға бірдей білім беру саласындағы стандартқа сай оқу пәндерімен бірге жаратылыстану пәндерінің ішінде Қазақстан Республикасы географиясы жас ұрпақтың ұлтжанды, өз Отанын егжей-тегжей білуге үйретіп қана қоймай, оған экологиялық тәрбие беретін, бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлауда өз үлесін қосатын пәндердің бірі және бірегейі болып табылады.
Жалпы орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде бүгінгі өмір талабына сай оқушыларға экологиялық мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері мен өзіндік жұмыстарды оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады.
Міне, осындай өзекті мәселелрді, жоғарыда айтылған бағытты ескере отырып, «Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру (жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту үдерісі материалдары негізінде) » атты зерттеу тақырыбымды таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысанасы: Орта мектептердегі жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: Жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан және ғылыми-әдістемелік жағынан негіздеу.
Зерттеудің болжамы: Егер,
- жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалса;
- жаратылыстану пәндері негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық -мазмұндық нобайы жасалып көрсеткіштері, өлшемдері, деңгейлері анықталса;
- жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту үдерісінде оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны, бағдарламасы құрылып, ұйымдастырып өткізудің әдістемелері нақтыланса;
- оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыруда жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту үдерісін тәжірибелік-экспериментте тексеріп жүргізілсе, онда оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру нәтижелі болған болар еді.
Зерттеудің міндеттері:
- оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негізін анықтау;
- жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту үдерісінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайын құру;
- оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінің мүмкіндіктерін ашып, мазмұны мен бағдарламасын жасау;
- оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми негізделген әдістемесін тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу әдістері:
- Ғылыми-педагогикалық зерттеу тақырыптар бойынша философиялық психологиялық, педагогикалық, экологиялық - әдістемелік, ғылыми ізденістердегі әдебиеттерді теориялық талдау жасау,
- Жоғары оқу орындары мен орта мектептердің оқу - әдістемелік құжаттарын талдау, мектеп мұғалімдері мен оқушылардың экологиялық іс-әрекеттері мен материалдарын зерделеу,
- Зерттеу мәселесі бойынша озық педагогикалық іс - тәжірибелермен танысып үйрену талдау және қорыту;
- Бақылау, сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық модельдеу;
- Сараптамалық бағалау, педагогикалық тәжірибелік -эксперимент жұмысы, оның нәтижелерін сандық және сапалық талдау, диагностикалық әдістер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
өзіндік жұмыстар жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі, мәні және қажеттілігі айқындалады;
-жаратылыстану пәндері негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық нобайы, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;
- оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық жүйесі, мазмұндары, бағдарламалары жасалынып, оларды ұйымдастырудың әдістемелері тәжірибелік -экспериментте тексеріліп дәлелденді;
тәжірибелік -эксперименттің нәтижесі қорытындысы шығарылып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
• ғылыми негізделген ұсыныстар бойынша зерттеу нәтижелерін оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда жаратылыстану пәндер циклін оқыту үдерісінде қосымша мазмұндары мен бағдарламаларын модификациялау іске асырылады;
• базалық мектептерде өзіндік жұмыстар арқылы жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы іс-шараларды ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары дайындалды.
• Зерттеу нәтижелерін жалпы білім беру орта мектептерде, жоғары оқу орындарында, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мекемелерінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
-Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырдың педагогикалық негізі, мәні және маңыздылығы:
- жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері;
- өзіндік жұмыстары арқылы жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны қосымша бағдарламалары, олардың әдістемелік жүйесін, тәжірибелік -экспериментте тексерілген ғылыми -әдістемелік және нұсқаулары.
Жетекші идея: Жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту үдерісінде экологиялық өзіндік жұмыстар ғылыми-әдістемелік тұрғыда ұйымдастырылған сабақта оқушылардың экологиялық білім деңгейі мен мәдениетінің жоғарылауы артып, қоғамның қажеттілігін өтейтін, бәсекеге қабілетті, жеке тұлға болып қалыптасуына игі ықпал етеді.
Зерттеудің ғылыми - әдіснамалық негіздері: -философияның адам болымысы, адам әрекеті туралы және теория мен практиканың бірлігі, сана мен әрекеттің бірлігі, таным теориясы; жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру туралы психология, педагогика ғылымындағы жетекші ұстанымдар, дамыта оқыту идеясы - зерттеудің педагогикалық-психологиялық сапалық негіздеріне Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьевтің, С. Л. Рубенштейн[143], Б. Ы. Мұқанованың, Ж. Б. Қоянбаев, Ә. С. Бейсенова[33], Ә. Есназарова[64], МШ. Ярмуханбетов [184], Қ. Қайым[79], Р. Сәтімбековтің, Ә. Әметов, Ж. Шілдебаевтың[181], Ж. Қожантаева, Б. Р. Айтм6амбетова[3, 4], Л. Аманжолова және Е. Ахметов[13], танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі бойынша ғалымдар А. Әбілқасымова, Р. Омарова, С. Смаилов, Ж. Қараев, С. Бегалиева, Н. Хмель, М. Құдайқұлов, Т. Сабыров[148], т. б., ғалым мамандардың еңбектеріне жеке тұлғаның психологиялық дамуын қоғамдық тарихи қалыптасуы, психологиялық біркелкілігі мен әрекеттердің түрі қарастырылған.
Зерттеудің дидактикалық негіздеріне оқушылардың оқу әрекетінің жобасы, теориялық маңызды жақтары, психологиялық жаңа жеке тұлғаның қалыптасу тұжырымдамасына себепкер болған Д. Б. Элькониннің, В. В. Давыдованың, В-В. Репкиннің, В. П. Максоковский, М. К. Ковалевская, М. Жанпейісованың, Ж. Қ. Қараевтың, Ә. С. Бейсенованың еңбектері.
Зерттеу барысында төмендегі жәйттерді ескере отырып «Қазақстан республикасының физикалық және экономикалық географиясы »және «Биология» курстары материалдары негізінде жүргізілді. Бұл курстардағы басты орында жалпыға бірдей орта мектептегі жаратылыстану білім беру жүйесі.
Оқу ізденіс іс-әрекеті кезінде қалыптасқан 11-16 жастағы жасөспірімдердің психологиялық - педагогикалық даму ерекшеліктері. Зерттеу көздері:
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы қарарлары, тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, мемлекеттік білім стандарты, оқу жоспарлары және бағдарламалары.
- Жаратылыстану пәні мазмұндағы экологиялық өзіндік жұмыстардың ұйымдастырылуына деген әр кезеңдегі философия, педагог, психологтардың ғылыми-әдістемелік еңбектері мен іргелі зерттеулері, озат тәжірибелі мұғалімдердің сабақтары.
Зерттеу кезеңдері. Ғылыми-зерттеу жұмысы 3 кезеңге бөлініп жүргізіледі.
1-ші кезең (2004-2005) -зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық -психологиялық еңбектермен танысу, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. Ізденіс бағыттары бойынша нақты міндеттер белгіленді. Жалпы орта мектептерде экологиялық жұмыстардың ерекшеліктері, қазіргі жағдайы, экологиялық жұмыстардың білім және тәрбие берерлік мүмкіндіктері анықталды.
2-ші кезең (2006-2007жж. ) -жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде тәжірибелік-эксперимент жүргізе отырып, әр сыныптардағы жаратылыстану пәндерінің экологиялық мазмұндағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі мен дамыта оқытудың құрылымы мен мазмұнын айқындау;
3-ші кезең (2007-2008) - эксперименттік материалды қорытындылай отырып, нәтижелері шығарылып, бір жүйеге келтірілді, экологиялық мәдениет қалыптастырудың әдістемелік нүсқаулар әзірленіп, мектеп практикасына ендірілді. Алынған нәтижелер математикалық-статистикалық өңдеуден өткізіліп, диссертациялық жұмыс рәсімделді.
Зерттеу базасы. Шымкент қаласы №59 орта мектебі, Астана қаласының № 26 қазақ орта мектебі, Арыс орта мектебі, Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Абылайхан атындағы орта мектебі. Зерттеу нәтежиесінде жасалған тұжырымдамалар мен қорытындылардың әдіснамалық және теориялық негізде дәлелденуі мен, тақырыпты зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдердің оңтайлылығы және тиімділігімен, эксперименттік жұмыстың жүйелі және бірізді жоспарлануымен сипатталады.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс - тәжірибеге енгізу.
Зерттеу жұмысының негізігі қағидалары мен нәтижелері ғылыми баяндама түрінде Шымкент қаласында ҚАЗГУА - да өткен «Қазақстан қоғамын модернизациялау кезіндегі саяси-құқықтық және қоғамдық -гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты халықаралық жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясында (2007), Көкшетау қаласында Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Шоқан тағылымы-12» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (2007 ), Жаңа технологияны жаратылыс тану пәндерінде ендіру және оқыту сапасын арттыруға арналған қалалық семинарларда (2003-2004) Шымкент, «География, биология және химия», «География және табиғат», «12 жылдық білім», «География және экология жоғары оқу орындарына арналған» (2006-2007) сияқты республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарда, Д. А. Қонаевтың 95 жылдығына арналған «Орта Азия және Қазақстан Халықтары рухани құндылықтарының жаһандануы мен өркениеті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (2008) мақалалар жарық көрді.
Жаратылыстану пәні (5-сынып) бойынша оқу-әдістеме (технологиялық карта) жарыққа шықты. (Астана қаласы 2006)
Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде: Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, дәйектілігі, мақсаты, нысанасы, пәні, болжамы, зерттеудің міндеттері мен әдістері тұжырымдалып, оларды шешудің теориялық және практикалық маңыздылығы айқындалады.
Еңбектің ғылыми жаңалығы мен зерттеу нәтижелері көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
«Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негізі» деп аталатын бірінші бөлімде бүгінгі таңда мектеп оқушыларына сапалы білім беруді халықтың ұлағатты ойлары, ақын -жазушылардың өлең жырларымен сабақтастырудың мүмкіндіктері қарастырылып, жаратылыстану пәндерінің оқыту үдерісіндегі өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негізі, құрылымдық мазмұндық нобайы, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды, мазмұны құрылды.
«Өзіндік жұмыстарды оқушылардың жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелері» атты екінші бөлімде зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыстың бағдарламасы мен мақсаты талданып, алынған нәтижесі баяндалады. Эксперимент кезінде қолданылған халық педагогикасы, ақын жазушылардың ойшыл, ақылгөй даналардың ұлағатты сөздерін қолдану, сонымен бірге экологиялық мазмұндағы есептер де өзіндік жеке жұмыстар білім берудің сапасын арттырумен қатар, оқушылардың бойында «экологиялық сана» мен «экологиялық мәдениет», «обал» сияқты сезімдер қалыптасып пәнге деген қызығушылығы артты. Мұнымен қоса сыныптан тыс жұмыстарда да қолдану әдістері зерделенеді.
Қорытындыда: Жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалып, жаратылыстану пәндерінде оқушыларға экологиялық мазмұндағы өзіндік жұмыстарды жүргізуде экологиялық мәдениеттің қалыптасуына қатысты ұсыныстар берілген.
Бірінші бөлім
І. ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ экологиялық МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
І. І. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық негізі (аспектісі)
Қазіргі кезде балалардың санасына қоғамдық байлығы мен даму негізіндегі сезімдерін тәрбиелеп, оларға экологиялық білім беру мұғалімдердің міндеті.
Ел Президенті «Қазақстан - 2030» бағдарламасында табиғат жайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: « . . . экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында ұлттық нәрмен сусындаған ұрпақты адамгершілік, патриоттық, эстетикалық бағытта тәрбиелеумен қатар экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы тәрбиелеуде айқындалуда. Сондықтан өскелең ұрпақтың өз бетінше пайымдап еңбек етуге деген құлшынысын оятып, қоршаған ортаға деген адами ізгілікті көзқарасын қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің біріне айналып отыр. Демек, жаңа білім игеру мақсатында оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмыстарына үнемі көңіл бөлініп, ұйымдастырылып отырған жөн.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында « . . . білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық - саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтар мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын, жаны ашитын сезімі қалыптасқан мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.
Сондықтан, қазіргі таңда мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін халқымыздың озық дәстүрлерімен байланыстырып, ұлттық негізде заман талабына сай экологиялық және экономикалық тәрбиелеуге баса назар аударылып келеді. Ұлттық нәрмен сусындаған ұрпақты адамгершілік, патриоттық, эстетикалық бағытта тәрбиелеумен қатар экономикалық экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы тәрбиелеуде айқындалуда. Сондықтан, өскелең ұрпақтың өз бетінше пайымдап еңбек етуге деген құлшынысын оятып, қоршаған ортаға деген адами ізгілікті көзқарасын қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің біріне айналып отыр. Демек, жаңа білім игеру мақсатында оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмыстарына үнемі көңіл бөлініп, ұйымдастырылып отырған жөн.
Бұл зерттеу жұмысымызда «өзіндік жұмыс» пен «экологиялық мәдениет» ұғымдары басты мәселе болғандықтан олардың мағынасы анықталынып алынғаны дұрыс. Сондықтан да, осы мақсатта психологиялық әдебиеттермен ғылыми-педагогикалық әдебиеттердегі әр түрлі ұғымдарға талдау жасалынып тұжырымдалды.
Сөйте келіп, «өзіндік жұмыс» ұғымының түрліше белгілерін төмендегідей ажыратып көрсетуге мүмкіндік туып отыр:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz