Өндіріс қалдықтарының түзілуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 207 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Дәрібаев Ж. Е., Құтжанова А. Н.,

Шалабаева Г. С., Турметова Г. Ж., Дәрібаева Н. Г.

ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН АГЛОМЕРАЦИЯЛЫҚ ӨҢДЕУДІҢ

ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Түркістан - 2009

ӘОЖ 577. 4:66. 046. 44. 59

ББК 35+30. 606

Ө 46 Дәрібаев Ж. Е., Құтжанова А. Н., Шалабаева Г. С.,

Турметова Г. Ж., Дәрібаева Н. Г.

Ө 46 Өндіріс қалдықтарын агломерациялық өңдеудің физика-химиялық ерекшеліктері. - Түркістан: 2009. - 212 б.

ISBN 978-601-243-124-7

Монографияда жоғары температурада жүретін үрдістерді химиялық кинетика теориясы тұрғысынан негіздеу арқылы қалдықтарды өңдеу барысында алынатын пайдалы өнімге технологиялық параметрлер мен қалдықтар құрамына енгізілетін компоненттердің әсерлерін зерттеу нәтижелері ғылымға елеулі жаңалықтар әкелген. Қазақстандағы қорғасын кен байыту және фосфогипс қалдықтарының қоршаған ортаға, адам денсаулығына әсер етуі мен олардан агломерациялық технология арқылы құрылыс материалдары - жеңіл бетон толтырғышын және гипс байланыстырғышы материалын алудың экологиялық, физика-химиялық ғылыми негіздері анықталған.

Монографияның қарапайым және түсінікті тілде жазылуы, бұл еңбектің тек химиялық технология және экология саласының мамандарына ғана емес, университеттің студенттері, магистранттары мен докторанттарына оқулық ретінде пайдалы бола алады.

ӘОЖ 577. 4:66. 046. 44. 59 ББК 35+30. 606

Рецензенттер:

Тұртабаев С. Қ. техника ғылымдарының докторы, профессор (ХҚТУ)

Тлебаев М. техника ғылымдарының докторы (ҚазҰТУ)

Тілегенов И. С. техника ғылымдарының докторы, профессор (ТарМУ)

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми кеңесі баспаға ұсынған (Хаттама № 2 22. 12. 2009 ж) .

Ө

ISBN 978-601-243-124-7 © Дәрібаев Ж. Е., Құтжанова А. Н.,

Шалабаева Г. С., Турметова Г. Ж., Дәрібаева Н. Г., 2009

МАЗМҰНЫ

:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .
5: 5
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: КІРІСПЕ . . .
5: 6
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .:
5:
: 1
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ТҮЗІЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ТАБИҒИ ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . . … . . .
5: 9
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 1. 1
5: Өндіріс қалдықтарының түзілуі ……. . … . . .
9
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 1. 1. 1
5: Түсті металлургия қалдықтарының түзілу жағдайы . . .
9
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 1. 1. 2
5: Фосфор өндірісінің қалдығы - фосфогипстің түзілуі . . .
12
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 1. 2
5: Өндіріс қалдықтарының құрамындағы зиянды заттардың қоршаған табиғи орта компоненттеріне және адам денсаулығына әсері . . .
19
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 1. 2. 1
5: Түсті металлургия қалдықтарының құрамындағы зиянды заттардың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері . . .
19
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 1. 2. 2
5: Фосфор өндірісі қалдықтарының қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерлері . . .
31
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 1. 3
5: Өндіріс қалдықтарын агломерациялық күйдіру арқылы өңдеу . . .
38
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 1. 3. 1
5: Түсті металлургия қалдықтарын өңдеудің агломерациялық әдісі . . .
38
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 1. 3. 2
5: Фосфор өндірісі қалдықтарын агломерациялық күйдіру арқылы қайта өңдеу . . .
43
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .:
5:
: 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫН ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ . . .
5: 47
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 2. 1
5: Түсті металлургия өндірісі дамыған Шығыс Қазақстан өңірінің экологиялық және климаттық жағдайы . . .
47
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 2. 2
5: Фосфогипс сақтау қоймасы орналасқан аудан атмосферасының ластану шамасын және адам денсаулығына кері әсерлерін анықтау
66
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .:
5:
: 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН ТҮЙІРШІКТЕРДІ ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАДА КҮЙДІРУ ӘДІСТЕРІ МЕН ӨҢДЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . .
5: 85
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 3. 1
5: Өндіріс қалдықтарының құрамы мен қасиеттері . . .
85
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 3. 2.
5: Өндіріс қалдықтарынан дайындалған түйіршіктерді термиялық пеште және агломерациялық қондырғыда күйдіру нәтижелері . . .
90
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .:
5:
: 4
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН ТҮЙІРШІКТЕРДІ КҮЙДІРУДІҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ . . .
5: 100
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 4. 1
5: Өндіріс қалдықтарынан дайындалған түйіршіктер құрамындағы қатты отынның жану кинетикасын зерттеу . . .
100
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 4. 2
5: Фосфогипсті қабатты күйдіру кинетикасы . . .
113
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .:
5:
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 4. 3
5: Агломерациялық пеште күйдірілген аглопоритті талдау . . .
128
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 4. 4
5: Фосфогипсті талдау . . .
147
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 4. 3
5: Аглопорит қиыршықтарының физика-техникалық қасиеттерін зерттеу . . .
154
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .:
5:
: 5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН КҮЙДІРУДІҢ ӨНДІРІСТІК СЫНАМАЛАРЫ . . .
5: 168
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 5. 1
5: Қалдықтардан аглопорит қиыршағын алудың өндірістік сынамалары . . .
168
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 5. 2
5: Ұсынылған технологияның экологиялық қауіпсіздігі . . .
173
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 5. 3
5: Фосфогипсті өндірісте алу . . .
181
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .:
5:
: 6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ . . .
5: 186
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 6. 1
5: Зырян кен байыту кешенінің қалдықтарын залалсыздандырудың экономикалық тиімділігі . . .
187
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: 6. 2
5: Фосфор өндірісі қалдықтарын өңдеудің экономикалық тиімділігі . . .
191
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .:
5:
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
5: 195
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……. . ……… . . . … . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
5: 198

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

τ: τ
-: -
уақыт, мин;: уақыт, мин;
τ: Т
-: -
уақыт, мин;: температура, К (ºС) ;
τ: К
-: -
уақыт, мин;: химиялық реакция константасы;
τ: Е акт
-: -
уақыт, мин;: активтендіру энергиясы, кДж/моль;
τ: V
-: -
уақыт, мин;: көлем, м 3 /с;
τ: G
-: -
уақыт, мин;: Гиббс энергиясы;
τ: МПа
-: -
уақыт, мин;: қысымның өлшем бірлігі;
τ: АЛИ
-: -
уақыт, мин;: атмосфераның ластау индексі;
τ: ВНИИСтром
-: -
уақыт, мин;: бүкілодақтың құрылыс материалдары институты;
τ:

НИИстром

проектілері

-:
уақыт, мин;: құрылыс материалдары ғылыми зерттеу институтының проектілері;
τ: ШРК
-:
уақыт, мин;: шектік рауалы концентрация;
τ: «ҮМЗ»АҚ
-:
уақыт, мин;: «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы
τ: ҚТҚ
-: _
уақыт, мин;: қатты тұрмыстық қалдықтар
τ: «ӨТМК» АҚ
-: _
уақыт, мин;: «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамы
τ: ШҚО
-: _
уақыт, мин;: Шығыс Қазақстан облысы
τ: ҚМЖ
-: _
уақыт, мин;: қолайсыз метео жағдай
τ: «ТМК» ААҚ
-: _
уақыт, мин;: «Титан-магний комбинаты» ашық акционерлік қоғамы
τ: ЗКБК
-: _
уақыт, мин;: Зырян кен байыту кешені
τ: «Казцинк» АҚ
-: _
уақыт, мин;: «Казцинк» акционерлік қоғамы
τ: «ӨМК» АҚ
-:
уақыт, мин;: Өскемен металлургиялық комбинаты акционерлік қоғамы
τ: ШҚГМО
-: _
уақыт, мин;: Шығыс Қазақстан Гидрометеорологиялық орталығы
τ: ЖШС
-: _
уақыт, мин;: жауапкершілігі шектеулі серіктестік
τ: ГЭК
-: _
уақыт, мин;: Гидроэнергокомбинат
τ: ГЭС
-: _
уақыт, мин;: Гидроэлектростанция
τ: «НДФЗ» АҚ-ы
-:
уақыт, мин;: «Жаңа фосфор зауыты» акционерлік қоғамы
τ: ЭФҚ
-:
уақыт, мин;: Экстракциялық фосфор қышқылы
τ: АҚШ
-:
уақыт, мин;: Америка Құрама Штаттары
τ: ТМД
-:
уақыт, мин;: Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
τ: ХМИ
-:
уақыт, мин;: Химия металлургия институты
τ: КазХТИ
-:
уақыт, мин;: Қазақ химия және технология институты
τ: МШКӨ ҰО
-:
уақыт, мин;: Минералды шикізаттарды кешенді өңдеу ұлттық орталығы

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыстың қауіпті көріністерінің біріне аймақтың техногенді ластануы жатады. Еліміздегі экологиялық жағдайдың нашарлауы себептерінен, ауа, су және жер қорлары қоршаған орта сапасына қойылатын экологиялық нормативтерді қанағаттандырмай, табиғат бұрын-соңды болмаған күйзелістерге ұшырап отыр[1] . Болжам бойынша экологиялық жағдайдың нашарлауы халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік қиындықтар туғыза отырып, халық шаруашылығындағы тұрақты дамудың бірнеше бағыттарының тежелуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

ҚР Конституциясының 38-бабында «ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - делініп көрсетілгенімен, оның іс жүзінде орындалу деңгейi әлі де төмен [2] . Себебі, Қазақстанның көптеген аудандарындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғат байлықтарын үнемдеу мәселелеріне деген немқұрайлылық - адамзат баласының экологиялық білімінің кем соғып тұрғандығын байқатады.

Қоршаған ортаны негізгі ластаушы көздерге түсті металлургия, химия өнеркәсіптері, жылу энергетикасы, машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіптері жатса, соның ішінде түсті металлургия қалдықтары сандық мөлшері жөнінен алдыңғы қатардан орын алады. Қазіргі таңда Қазақстандағы тау-кен өндірісі қалдықтарының мөлшері 20 млрд. т. шаманы құрайды. Шектен тыс мөлшерде жер бетінде сақталынып тұрған мұндай қалдықтар жерді рекреациялық мүмкіндігінен айырады. Егер экологиялық және экономикалық тұрғыдан тау-кен шикізаттарын рационалды түрде пайдаланып, оларды өңдеуді қалдықсыз технология арқылы жүзеге асырса, нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның ластануы әлдеқайда азайған болар еді.

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің 288-бабы 1-тармағында шаруашылықпен айналысу үрдісінде қалдықтар түзетін жеке және заңды тұлғалар олармен жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және қалдықтарды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті екендігіне баса назар аударған [3] .

ҚР «Жер кодексінің» 140-бабының 1-пунктінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақ-танудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтары мен химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, бүліну процестерінен қорғауға міндетті делінсе, ал сол құжаттың 2-пунктінде жердің тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтіру мақсатында, ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттардың рұқсат етілген мөлшердегі және олардың әсер деңгейінің белгіленген нормативтерінен артық ластанған, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, қалдық сулармен ластанған жердің, карантиндік зиянкестер мен өсімдік аурулары тараған жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайларда ҚР Үкіметі белгілейтін тәртіппен жерді сақтап қалу көзделеді [4] .

Осы жағдайларға терең үңіле отырып, табиғи қорларды тиімді пайдалану, қалдықтарды қалдықсыз технологиямен кешенді түрде өңдеу, ең бастысы экологиялық білімді дамыту маңызды шешім болып табылады [5, 6] .

Өкінішке орай, қалдықсыз технологияға біртіндеп көшудің маңыздылығы, әрі тиімді екендігін біле тұра, күні бүгінге дейін мұндай технологияны біртіндеп өндіріске енгізу бағдарламалары іске аспай, бұл проблеманы қоршаған ортаны залалсыздандыру мақсатымен ұштастырып жүзеге асыру жолында үлкен қиындықтар туып отыр. Себебі бұл сала, қазіргі кездегі экономикалық қиыншылықтарға байланысты кешеуілдеп жатыр.

Ғылыми-зерттеу жұмысы А. Ясауи атындағы ХҚТУ «Экология және химия» кафедрасының «Өндірiстiк экология» ғылыми-зерттеу лабораториясында жүргізілді. Ғылыми жұмыстың мақсаты -республика-мыздың едәуір жер көлемін алып жатқан, Қазақстанда экологиялық тұрғыдан көрсеткiшi ең төменгi деңгейдегі Өскемен қаласында орналасқан «Казцинк» АҚ, өнеркәсібінiң және Жамбыл қаласындағы «Минералды тыңайтқыштар» зауытының бірнеше млн тоннаны құрайтын қалдықтарын агломерациялық технологиямен залалсыздандыра отырып, олардан жылу сақтағыш материал мен жеңіл бетон жасауға жарамды құрылыс материалы - аглопорит қиыршағын және гипс байланыстырғышы материалын алу болып табылады. Ғылыми жұмыстың зерттеу нысаны ретінде бастапқы мақсатта Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы кен байыту комбинатының қалдығы пайдаланылды. Себебі кен байыту қалдығының құрамында түсті металдармен және күкірттің көп мөлшерде болуына байланысты, оны агломерациялық әдіспен өңдеуге қатысты зерттеу жұмыстарына ешқандай көңіл бөлінбегендігі әдеби шолу жұмыстарының қорытындысынан байқауға болады.

Қазақстан республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу, тұрғын үй қорының сақталуы мен тиімді пайдаланылуын және іске қосылуын арттыру, қазіргі заман талабына сай тұрғын үй-коммуналдық сала құру көзделген. Сонымен бірге, тиімді және экологиялық таза құрылыс материалдарын шығаруды одан әрі дамытуды және олардың өндірісіне жаңа технологиялар енгізуді ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау мәселелері қарастырылған да, онда халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін коммуналдық тұрғын үйді пайдалануға беруді өмірге енгізу және республикалық бюджеттің кредиттік қаражаты есебінен қол жеткізуге болатын тұрғын үй салу көзделген [7] .

Өскемен қаласы бойынша бұрын қабылданған - «Экологиялық жағдайдың жақсаруы» бөлімі мен 1998-2000 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы дамуының стратегиялық жоспары; «2002-2005 жылдар аралығында ШҚО табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау» бағдарламасы; «2001-2005 жылдарға арналған Өскемен қаласындағы қоршаған ортаны сауықтыру бағдарламасы» сияқты табиғат қорғау шараларының орындалуы Өскемен қаласындағы өндірістік өнім көлемінің өсу талабындағы экологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беруді көздейді [8] .

Зерттеу жұмысының келесі бөлігінде гипс байланыстырғышы материалын алу үшін, Тараз қаласындағы фосфор өндірісінің қалдығы фосфогипс пайдаланылып, оны агломерациялық әдіспен күйдірудің физика-техникалық параметрлері анықталды.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған аглопорит қиыршағы мен гипс байланыстырғышы материалы Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығына токсикологиялық және радиологиялық зерттеулерге беріліп, токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштерге сәйкес материалдардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсерінің жоқтығы дәлелденді.

Сондықтан, қоршаған ортаның зиянды заттар мен өндірістік қалдықтармен ластануына бекітілген жыл сайынғы лимиттерді таратудың және тұтынудың рұқсаттық жүйесі мен мекемелердегі экологиялық бағдарламалардың орындалуын үздіксіз қадағалауды іске асыруды жетілдіре отырып, Қазақстандағы өндірістің ұзақ жылдар бойы қарқынды жұмыстары нәтижесінде түзіліп, жинақталған өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру мен оларды қәдеге жаратуды тиімді, әрі қарапайым агломерациялық технологияны қолдана отырып, қайта өңдеудің физика-химиялық ерекшеліктері монографияда жан-жақты қарастырылуы - ғылыми, экологиялық және экономикалық тұрғыдан аса өзекті мәселе болып табылады.

1 ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ТҮЗІЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ТАБИҒИ ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1. 1 Өндіріс қалдықтарының түзілуі

1. 1. 1 Түсті металлургия қалдықтарының түзілу жағдайы

Қазіргі күнгі өте өзекті экологиялық басты мәселелердің көпшілігі өндірісте түзілетін қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтардың атмосфералық ауаға экологиялық норматив талаптарын сақтамай шығарылуы себептерімен тікелей қатысты болып отыр. Мұның салдары тірі ағзалардың табиғи бейімделуіне және келешек ұрпақтың денсаулығына аса қауіпті болып табылады [9] . Сондықтан, мұндай қалдықтар өсімдіктер мен тірі ағзалар үшін өте улы токсикологиялық зат болып есептелінеді. Ал, оларды экологиялық тұрғыдан зерттеу - қоғамның ғылыми-техникалық дамуын одан әрі жетілдіруі жолындағы басты мақсаттардың бірі.

Атмосфераны ластаушы заттардың ағзаларға әсерін байқау үшін жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша, атмосфералық ауадағы аз мөлшердегі улы қоспалардың концентрациясы адам денесін әлсіретіп, ағзаны бірден тітіркендіруі себепті, адамдар арасындағы аурушаңдықты ұлғайтатындығын көрсетеді [10, 11] .

Өндіріс қалдықтары арнайы қалдық сақтау қоймасында сақталынып тұрғанына қарамастан, олар желдің әсерінен атмосфералық ауаға көтеріліп, қоршаған табиғи ортаға кері әсерін тигізуде. Қалдық сақтау қоймаларындағы қалдықтар ұзақ сақталған сайын, абиотикалық факторлар: қар және жаңбыр сулары арқылы қоршаған орта компоненттерін ластайды.

Республикамыздағы кен өндіру, металлургиялық өндірістердің дамуы қоршаған табиғи ортаның ауыр металдармен және уытты химиялық зиянды заттармен ластану деңгейін арттырып отыр. Қазіргі кезде ұзақ жылдар бойы геологиялық зерттеу жұмыстарымен, кендерді өңдеу жұмыстарымен айналысқан, сондай-ақ, құрылыс саласы мен химиялық-металлургиялық өндіріс орындарының іс-әрекетінің нәтижесінде техногенді бүлініп келген жерлердің ауданы 172, 0 мың га-ды құрап отыр [12] .

Қазақстан территориясында Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырауда орналасқан көмір, қара металл, фосфориттер мен бораттар өндіру өндірістерінен шығарылып жинақталған қалдықтардың көлемі 21, 8 млрд м 3 -қа жетіп, 25 мың га жерді алып жатыр. Кен өндіру өнеркәсіптерінің қарқынды іс-әрекетінің нәтижесінде техногенді ландшафттардың пайда болуы мен биосфераның бір бөлігі болып табылатын топырақ-өсімдік жамылғысының жойылуы күннен-күнге болса да артып барады [13] .

Тау-кен шығару және өндіру жұмыстары барысында түзілген қалдықтар әсер ету аумағында жағымсыз гидрогеологиялық және геохимиялық өзгерістер туғызады, топырақтың, су қоймаларының және ауа бассейнінің қарқынды ластануын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қалдықтар ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығын баланстан шығаратындай жердің едәуір үлкен ауданын алып жатады (қазірдің өзінде шамамен 24 мың га) [14] .

Қазірдің өзінде, шикізаттың тек ¼ бөлігі соңғы өнімге айналып, қалған мөлшері қалдықтарға, көбінесе, улы қалдықтарға айналуда. Өйткені, минералды шикізаттарды қазып шығару, байыту және технологиялық өңдеу үрдістерінде металдардың 65-75 %-ы қалдықтармен бірге жинақталады. Демек, қалдықтардың құрамындағы компоненттердің мөлшері табиғи шикізат құрамымен салыстырғанда техногенді қалдықтардың құрамында өте жоғары болады [15] .

Қазақстан Республикасының түсті металлургиясының кәсіпорындары орналасқан аймақтарда атмосфераға 502, 9 мың т шамасында зиянды заттар шығарылады, оның 97 %-ы газдар (газдардың 98 %-ы күкірт тотықтары), қалғаны мыс, мырыш, қорғасын, мышьяк, сынап, күкірт қышқылы, фторлы сутек және т. б., ал ашық су көздерін негізгі ластаушылар - мыс және мырыш болатын 71, 21 млн. м 3 ақаба сулар болып келеді. Бір ғана Шығыс Қазақстанда қатты, сұйық және қоймалжың түрде 18517, 9 мың т уытты қалдықтар жинақталған [16] . Мұндай көрсеткіштер жыл сайын өспесе, төмендемейді. Өйткені, қалдықтар қоймасына қойылатын тиісті экологиялық іс-шараларды жасауға мүмкіндік жоқ. Бұл экономикалық мәселелерге байланысты, яғни қаржы мәселесіне орай кейінге қалдырылып келеді.

Шығыс Қазақстан облысы өндіріс орындарына қаныққан аймаққа жатады. Мұнда салыстырмалы түрде аз территорияда түсті металлургия, атом-өнеркәсіптік және сирек металды кешендер, жылу энергетикасы, транспорт, тамақ өнеркәсіптері мен тұрмыстық шаруашылықтар орналасқан. Ұзақ жылдар бойы антропогендік әсерлердің салдарынан Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы елеулі өзгеріске ұшыраған аймаққа жатады. Әсіресе, қоршаған табиғи ортаның негізгі ластаушы - техногенді көздер болып табылады [17] .

Қазақстанның 2004-2015 жыл аралығындағы "Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында" Қазақстанның жаңа мемлекеттік экологиялық саясаты жөніндегі ережелер қарастырылып, онда бүгінгі қоғам мен экономиканы экологиялық қауіпсіздік тұрғыдан дамыту жолдарын көздеп, өмір сүруді экологизацияландыру заңдылықтарына бағындыру қажеттігі туралы айтылған [18] . Себебі тек қана Қазақстан ғана емес, барлық мемлекеттер әлеуметтік-экономикалық дамудың салалық және аймақтық бағдарламаларын жетілдіру үшін, алдымен, экологиялық қауіпсіздікті қарастыруды көздейді.

Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысы қуысты толтырғыштарды қолдану арқылы жасалынған жеңіл бетондарды көптеп пайдаланады. Өзіндік қасиеттеріне байланысты қуысты толтырғыштарды пайдаланудың төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетуге болады: конструкциялық монтаж бен транспортқа кететін шығынды азайтады, бетон конструкциясының жылу сақтағыш қабылетін арттырады, тұрғын үй салуға кететін уақыт мерзімін азайтады [19] .

Қазақстанда жеңіл бетон жасауға қажетті қуысты толтырғыштар негізінен жақын маңда орналасқан шетелдерден тасымалданады. Құрылыс материалдарын алыстан тасымалдау тұрғын үй салуға қажетті қаржылай шығынды арттырады. Ал, бүгінгі күні Қазақстанның өзінде аракідік шығарылып жатқан жасанды қуысты толтырғыштардың басым бөлігі керамзит шағалын алуға бағытталған. Оның басты кемшілігінің бірі - айналмалы пеште жоғары температурада ісінетін қасиеті бар топырақты шихтаға қосу арқылы күйдіру барысында, табиғи шикізат пен отынның көп жұмсалатындығында.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында тау-кен байыту және металлургиялық қатты қалдықтардың мөлшері 5, 5 млрд. тоннаға дейін жеткен. Сол кездердегі ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша, тау-кен байыту және энергетикалық өндірістері қалдықтарынан байланыстырғыш материал - цемент алуға және жеңіл бетон толтырғышы - аглопорит алуға болатындығы анықталған [20] .

Республика өндірісінің базалық профильді салаларының біріне түсті металлургия, оның ішінде қорғасын, мырыш, мыс, глинозем, барит және т. б. өндірістер жатады. Тауар өнімі ретінде Менделеев кестесінің 52 элементі және олардың негізіндегі 70-тен аса қосылыстары алынады.

Қазақстанда өндірілетін түсті металдар шет елдерде кең сұранысқа ие және әлемнің 30-дан астам елдеріне экспортқа шығарылады.

Қазақстанның жер қойнауын жоспарлы түрде зерттеуге Қ. И. Сәтбаев, М. П. Русаков, А. П. Буров және ауыр металл өндірісін Г. К. Орджонкидзе зерттеу негізінде елімізді түсті металлургия қорларына бай елдердің қатарына кіргізуге атсалысты [21] .

Қазақстан металлургиялық өндірісінің номенклатурасында отандық әскери техниканы дамытуда өте маңызды жоғары маркалы металдардың үлесі арта түсті. Молибден және вольфрам өнімінің, металдық сурьма, висмут, таллийдің өндірісі іске қосылды. Соғыс жылдарында республикада 25 шахталар мен карьерлер, 11 байыту фабрикалары, соның ішінде шығыс-Қоңырат, Мырғалымсай кен орындары, Текелі қорғасын-мырыш комбинаты, Белоусова, Березовск байыту фабрикалары пайдалануға берілді және 1941-45 жылдары Қазақстан молибден концентратының 50 %-ын, қорғасынның 80 %-ын, вольфрам және қалайы концентраты, мыс, алтын, сондай-ақ, басқа да түсті металдардың басым бөлігін соғысқа жіберіп отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белоктардың құрамы және құрылысы
Жылу электр станцияларының атмосфераға тасталатын ластағыш заттарын есепке алу
Белоктардың жіктелуі
ТОПЫРАҚТЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР ЖƏНЕ ОНЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Қалдықтарды қайтадан колдану
Онтогенез және аурулар кезіндегі ақуыз құрылысының өзгерісі
Мұнай өндеуді тереңдету әдістері
Атмосфералық ауаның ластану көздері
Экологиялық нормалау
Қалдықтарды өңдеу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz